Главная страница
Навигация по странице:

  • Қарсы көрсеткіштер

  • Іс-әрекет а лгоритм і

  • Әс-әрекет алгоритмі

  • акушер ісінен стандарттар. ынапты жне жатыр мойнын айна кмегімен арау тжірибелік дадыны жргізу тртібі


    Скачать 45.25 Kb.
    Названиеынапты жне жатыр мойнын айна кмегімен арау тжірибелік дадыны жргізу тртібі
    Дата20.06.2020
    Размер45.25 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаакушер ісінен стандарттар.docx
    ТипДокументы
    #131539
    страница1 из 4
      1   2   3   4

    Стандарт : Қынапты және жатыр мойнын айна көмегімен қарау



    «Қынапты және жатыр мойнын айна көмегімен қарау» тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі.

    Жауап

    1

    Мақсаты: қынап қабырғасында, жатыр мойнында патологиялық өзгерістерді анықтау




    2

    Көрсеткіштер: іштің төмен жағындағы ауырсыну, жыныс жолдарынан бөліністер




    3

    Қарсы көрсеткіштер: жоқ




    4

    Жабдықталуы: Гинекологиялық кресло , жаялық , стерилді қолғаптар , гинекологиялық қасық тәрізді айна жіне көтергіш




    5

    Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа жүргізілетін зерттеудің қажеттілігін түсіндіру.




    6

    Науқасты гинекологиялық креслоға жатқызу




    7

    Қолды жуу,стерилді қолғап кию




    8

    Сол қолдың I және II саусақтарымен жыныс еріндерін ашу. Оң қолымызбен қасық тәрізді айнаны тік өлшемде кіші жамбас қуысының шыға берісіне енгізу, көлденең өлшемге ауыстыра отырып, шатаралыққа басу




    9

    Параллельді түрде көтергішті енгізіп,қынаптың алдыңғы қабырғасын көтеру. Жатыр мойнының қынаптық бөлігін жалаңаштау.




    10

    Жатыр мойнын қарап, шырышты қабат түсін, сыртқы аран жағдайын, патологиялық өзгерістерді анықтау(қабыну, эрозия, полип,жыртылыстар т.б.)




    11

    Қынаптан алдымен көтергішті,сосын айнаны шығара отырып қынап қабырғаларын қарау




    12

    Қынаптық бөліндінің болуын және түрін анықтау.




    13

    Алынған мәліметтер негізінде қорытынды жасау.




    14

    Қолғапты шешіп, утилизацияға арналған контейнерге тастап,қолды жуу.





    Стандарт : Онкоцитологиялық зерттеуге жағынды алу.



    «Онкоцитологиялық зерттеуге жағынды алу» тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі.

    Жауап

    1

    Мақсаты: Цитологиялық зерттеуге биоматериал жинау




    2

    Көрсеткіштер: скрининг




    3

    Қарсы көрсеткіштер: жоқ




    4

    Жабдықталуы: Гинекологиялық кресло , жаялық , стерилді қолғаптар , гинекологиялық қасық тәрізді айна жіне көтергіш, цитологиялық щетка , заттық шыны




    5

    Әс-әрекет алгоритмі : Науқасқа жүргізілетін зерттеудің қажеттілігін түсіндіру.




    6

    Науқасты гинекологиялық креслоға жатқызу




    7

    Қолды жуу,стерилді қолғап кию




    8

    Сол қолдың I және II саусақтарымен жыныс еріндерін ашу,айна мен көтергішті тәртіп бойынша енгізу




    9

    Жатыр мойнының қынаптық бөлігін ашу және мақта тампонымен құрғату.




    10

    Эйр шпателімен эктоцервикстен жағынды алып, заттық шыныға жағу.




    11

    Эйр шпателінің екінші соңымен эндоцервикстен жағынды алып, заттық шыныға жағу.




    12

    Алынған материалды арнайы ерітіндіге бекіту.




    13

    Қолғапты шешіп, утилизацияға арналған контейнерге тастап,қолды жуу.




    14

    Бланкты толтыру- жодамада ТАЖ,жасы, соңғы етеккір күні, материал алынған орын (эктоцервикс, эндоцервикс)




    Стандарт : Босанудың үшінші кезеңін белсенді жүргізу



    «Босанудың үшінші кезеңін белсенді жүргізу» тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі.

    Ответ

    1

    Мақсаты: Босанғаннан кейінгі қан кетулердің алдын алу




    2

    Көрсеткіштер: Плацента мен ұрық қабының бүтіндігін бағалау




    3

    Қарсы көрсеткіштер: жоқ




    4

    Жабдықталуы: Алжапқыш, стерилді бірреттік қолғаптар, окситоцин 10 МЕ, қайшы, 2 қысқыш, лоток.




    5

    Іс-әрекет алгоритмі:Қолды жуу, бірреттік орамалмен сүрті,бірреттік қолғап кию.




    6

    Әйелге жүргізілетін зерттеудің мәнін түсіндіру және келісімін алу




    7

    Ұрықтың алдыңғы иығы шыққан соң сан бұлшықетінің жоғары үштен бір бөлігіне я 10 МЕ окситоцин б/е енгізіледі.




    8

    Кіндік бауы қысқышпен шатаралығына жақын қысылады. Бір қолымызда қысқышты кіндік бауымен ұстай отыра,екінші қолымызды қасаға үстіне жатырды бақылау үшін орналастырамыз




    9

    Жатырдың қатты жиырылуын немесе кіндік бауының ұзаруын тосып, ақырындап, 30-40 сек ішінде жатырға бақылау қысым жасай отырып, кіндік бауынан өзімізге қарай және төмен тракция жасаймыз.




    10

    Егер ұрық жолдасы алғашқы толғақта туылмаса,қысымды баяулатамыз. Кіндікті созылған күйде ұстап, келесі толғақты күтеміз.Келесі жатыр жиырылуы кезінде жатырға бақылау қысым жасай отырып кіндіктен бақыланған тартуды қайталаймыз




    11

    Ұрық жолдасы туылған соң екі қолымызбен ұстап, ұрық қаптары туғанға дейін сағат тілі бойынша айналдыра отырамыз. Ұрық жолдасы туғаннан соң жатырға алдыңғы құрсақ қабырғасы арқылы бір қолымызбен айналмалы қимылдармен жатыр жиырылғанға дейін жұмсақ массаж жасаймыз.




    12

    Плацентаны қараймыз, барлық бөліктерінің бар-жоқтығын және бүтіндігін бағалау.




    13

    Босану жолдарын қарау: жатыр мойнын, қынап қабырғаларын, шатаралық және сыртқы жыныс органдарының жағдайын.




    14

    Қолғапты шешіп, утилизацияға арналған контейнерге тастап,қолды жуу,бірретік орамалмен сүрту.




    Стандарт : Сыртқы жыныс мүшелерін қарау



    «Сыртқы жыныс мүшелерін қарау» тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі.

    Жауап

    1

    Мақсаты: сыртқы жыныс мүшелері жағдайын бағалау.




    2

    Көрсеткіштер: дамуын бағалау,патологияны анықтау




    3

    Қарсы көрсеткіштер: жоқ




    4

    Жабдықталуы: Гинекологиялық кресло, жаялық, стерилді қолғаптар




    5

    Іс-әрекет алгоритмі: Әйелге жүргізілетін зерттеудің мәнін түсіндіру .




    6

    Әйелді гинекологиялық креслоға жатқызу




    7

    Қолды жуу, стерилді қолғаптар кию




    8

    Сыртқы жыныс мүшелерін қарау,жағдайы мен түктену дәрежесін бағалау.




    9

    Шатаралықтың жағдайын, үлкен және кіші жыныс еріндері дамуын, жыныс саңылауы жағдайын қарау




    10

    Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен жыныс еріндерін ашу, қынаптың шығаберісінің шырышты қабатын,уретраның сыртқы тесігін қарау




    11

    Қыздық перде жағдайын бағалау




    12

    Үлкен вестибулалық безді зерттеу: оң қолдың бас бармағы және сұқ бармағымен үлкен жыныс еріндерінің төменгі бөлігін екі жағынан да пальпациялау.




    13

    Қолғапты шешіп, утилизацияға арналған контейнерге тастап,қолды жуып,сүрту.




    14

    Алынған мәліметтер негізінде қорытында жасау.





    Стандарт :Сүт бездерін қарау



    «Сүт бездерін қарау» тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі.

    Жауап

    1

    Мақсаты: Сүт бездері патологиясын анықтау




    2

    Көрсеткіштер: Сүт бездері аумағындағы тығыздалу




    3

    Қарсы көрсеткіштер: жоқ




    4

    Жабдықталуы: Жарықтық лампа , стерильді бірреттік қолғап




    5

    Іс-әрекет алгоритмі : Әйелге жүргізілетін зерттеудің мәнін түсіндіру . Сүт бездерін қарау үшін жарықтың қырынан және алдынан болуына қамтамасыз ету.




    6

    Қолды жуу, бірреттік орамалмен сүрту,бірреттік қолғап кию.




    7

    Әйелге беліне дейін шешінуін сұраймыз, қол саусақтарын шүйдесіне кояды. Әр сүт безін 4 квадрантқа бөлеміз(жоғары-ішкі,жоғарғы-сыртқы,төменгі-ішкі,төменгі-сыртқы)




    8

    Сүт бездерінің тері жабындыларының түсін,көлемін және формасын квадрант бойынша бағалау




    9

    Сүт безі ұшының және ареоланың жағдайы мен формасын бағалау




    10

    Әйелге қолын беліне қойып,бір уақытта кеуде қуысының бұлшықеттерін қатайтуын сұрау.




    11

    Бір қолымызбен сүт безін көтере отырып, екінші қолымыздың алақандық бетімен квадрант бойынша бездік денені мұқият сипалау.




    12

    Әйелге дәрігерге қарап қолын иығымызға салуын сұрау. Кеуде бұлшықеттерінің шеттерін(Сергиев лимфатикалық түйін) және бұлшықеттік алаңды пальпациялау




    13

    Бұғанаасты лимфатикалық түйіндерді пальпациялау. Жүктіні,босанушыны дәрігерге арқасымен тұруын сұрау. Жүктінің артында тұрып қолдың алақандық бетімен пальпация жасау.




    14

    Қолғапты шешіп, утилизацияға арналған контейнерге тастап,қолды жуу,бірретік орамалмен сүрту.Алынған мәліметтер негізінде қорытында жасау.



      1   2   3   4


    написать администратору сайта