|
акушер ісінен стандарттар. ынапты жне жатыр мойнын айна кмегімен арау тжірибелік дадыны жргізу тртібі
Стандарт: Жүктіні сыртқы акушерлік зерттеу
№
| «Жүктіні сыртқы акушерлік зерттеу» тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі.
| Жауап
| 1
| Көрсеткіштер: Ұрықтың орналасуын анықтау
|
| 2
| Қарсы көрсеткіштер: жоқ
|
| 3
| Мақсаты: ұрықтың жатырда орналасуын анықтау
|
| 4
| Жабдықталуы: кушетка, манекен (фантом), қуыршақ
|
| 5
| Іс-әрекет алгоритмі: жүктіге(босанушыға) зерттеудің мақсатын түсіндіру
|
| 6
| Жүкті әйелді кушеткаға арқасымен аяғы созылған күйінде жатқызу
|
| 7
| Кушеткаға жүктінің(манекеннің) оң жағына бетімен қарап отыру
|
| 8
| Жатыр түбі биіктігін және жатыр түбінде орналасқан ұрық бөліктерін анықтау үшін бірінші әдісті жасау. Ол үшін екі қол алақанын жатыр түбіне орналастырамыз, саусақ ұштары бір-біріне бағытталған, бірақ бір-біріне тимеуі қажет. Семсер тәрізді өсіндіге немесе кіндікке қатынаспен жатыр түбі биіктігін және жатыр түбіндегі ұрық бөліктерін анықтау.
|
| 9
| Жатыр қуысындағы ұрықтың орналасуын,позициясын және түрін анықтау үшін екінші әдісті жасау. Ол үшін қол білезіктерін жатырдың бүйір жақтарына орналастырып, алақанмен жатырдың бүйір бөліктеріне пальпация жасаймыз. Ұрықтың арқасының (жұмсақ, тегіс, бұдыр емес),ұсақ бөліктерін (қолы,аяғы) орналасуын анықтау және қорытынды жасау.Арқасы сол жақта-І позиция,арқасы оң жақта- ІІ позиция,арқасы алда-алдыңғы түр,арқасы артта-артқы түр.
|
| 10
| Ұрықтың келген бөлігін анықтау үшін үшінші әдісті жасау. Ол үшін оң қолымызды алдыңғы бөлікке орналастырамыз, бас бармақты қалған төрт саусақтан барынша шалқайтып ұстаймыз. Бас бармақ пен ортаңғы бармақпен кіші жамбас кіреберісіне қоямыз,келген бөлігі басы немесе жамбастық(басы тығыз,домалақ,баллотирленеді) бөлігі екенін анықтау
|
| 11
| Келген бөліктің жамбас қуысының кіреберісіне қатынасын анықтау үшін төртінші әдісті жасау.Бұл манипуляцияны жасау үшін жүкті аяғына қарсы бұрыламыз. Қол білезіктерін жатырдың төменгі бөлігінің екі жағынан,саусақтарымыз жамбас кіреберісінде бір-біріне жанасатындай орналастырып,келген бөлікті пальпациялаймыз және жамбас кіреберісіне қатынасын анықтаймыз.
|
| 12
| Нәтижелер медициналық картаға тіркеледі.
|
| 13
| Ерекшелігі: келген бөліктің орналасу деңгейлерін ажыратады:
|
| 14
| А) басы жамбас кіреберісіне тірелген
|
| 15
| Б) басы төменгі сегментпен
|
| 16
| В) басы үлкен сегментпен жамбас кіреберісінде
|
| 17
| Г) басы жамбас қуысында
|
| Стандарт: Акушерлік стетоскоп көмегімен ұрықтың жүрек соғысын тыңдау
№
| «Акушерлік стетоскоп көмегімен ұрықтың жүрек соғысын тыңдау» тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі.
| Жауап
| 1
| Көрсеткіштер: Ұрық қозғалысының азаюы
|
| 2
| Қарсы көрсеткіштер: жоқ
|
| 3
| Мақсаты: ұрықтың жүрек соғу жиілігін анықтау
|
| 4
| Жабдықталуы: акушерлік стетоскоп, секундомер, кушетка
|
| 5
| Іс-әрекет алгоритмі: жүкті әйелге жүргізілетін зерттеу туралы жеткізу
|
| 6
| Жүктіні кушеткаға арқасымен аяғы созылған күйінде жатқызу
|
| 7
| Леопольд-Левицкий әдісі арқылы ұрықтың келген бөлігін, позициясын және түрін анықтау(сыртқы акушерлік зерттеу стандартын қара)
|
| 8
| Акушерлік стетоскоп көмегімен ұрық басына жақын жағынан анық жүрек соғысы естілетін нүктені анықтағаннан соң жүрек соғысын тыңдау
|
| 9
| Жүрек соғысы жиілігін бір минутта санаймыз
|
| 10
| Бір уақытта жүкті әйелдің пульсін санаймыз ( ұрық жүрек соғысы деп қабылдамас үшін)
|
| 11
| Алынған мәліметтерді тіркеу
|
| 12
| Жүкті әйелге кушеткадан тұруына көмектесу ( бір қырына бұрылу арқылы)
|
| 13
| Қолды жуу
|
| 14
| Өлшеу нәтижелерін медициналық құжатқа жазу
|
| 15
| Ерекшелігі: егіз болғанда ұрықтың жүрек соғысы екі орында анық,бір-бірінен тәуелсіз естіледі.(араларынан « тыныштық алаңы»сезіледі). Қалыпты жағдайда жүрек соғысы 140-160 рет/минутына, ырғақты, анық.Жиілікте, ырғағында және анықтығында ауытқу -ұрықтың құрсақішілік асфиксиясының қаупі белгісі.
|
|
Стандарт: Босанушыны тазалап өңдеу
№
| «Босанушыны тазалап өңдеу» тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі.
| Жауап
| 1
| Көрсеткіштер: қынаптық зерттеу алдында, амниоскопия алдында ,босану залына ауысуы алдында, зәр шығару және дефекациядан соң, босану алды палатасында 5сағат ішінде 1 рет.
|
| 2
| Қарсы көрсеткіштер: жоқ
|
| 3
| Мақсаты: іріңді-септикалық асқынулардың алдын алу
|
| 4
|
|
| 5
| Жабдықтануы: акушерлік кресло, жеке жаялық, дәрет ыдысы, кувшин немесе антисептикалық заттармен Эсмарх шынысы,стерильді корцангтер, стерильді мақта тампондары, былғары антисептик, стерильді қолғаптар
|
| 6
| Іс-әрекет алгоритмі:босанушыны жүргізілетін манипуляцияның орындалу мақсатын түсіндіру
|
| 7
| Босанушыны акушерлік креслоға жеке жаялыққа жатқызу (арқасымен жатқызу, аяғы жамбас-сан және тізе буынында бүгілген,екі жаққа ашылған)
|
| 8
| Кресло астына дәрет ыдысын қоямыз, алжапқыш киіп, қолымызды өңдеу,стерилді қолғапты киеміз.
|
| 9
| Эсмарх шынысына стерилді антисептикалық ерітінді құя отырып, стерилді мақта тампоны бар корнцангпен әйелді келесі тәртіпте жуамыз: қасаға, кіші сосын үлкен жыныс еріндері,мықынның ішкі беті,шатаралық және анальды аймақ.
|
| 10
| Барлығын осы кезекпен мақта тампоны бар корнцангпен құрғату.
|
| 11
| Дәрет ыдысын алып тастау.
|
| 12
| Босанушының құйымшағына стерилді жаялық салу
|
| 13
| Қолғапты шешу, жұқпалардың алдын алу ережелеріне сәйкес тастау.
|
| 14
| Қолды сабынмен сумен жуу,антисептикпен өңдеу
|
|
Стандарт: Толғақтарды санау және бағалау.
№
| «Толғақтарды санау және бағалау» тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі.
| Жауап
| 1
| Көрсеткіштер: Босану қызметінің басталуы
|
| 2
| Қарсы көрсеткіштер: жоқ
|
| 3
| Мақсаты:босану қызметінің сипатын анықтау
|
| 4
| Жабдықталуы: секундомер, босану тарихы.
|
| 5
| Іс-әрекет алгоритмі: босанушыға жүргізілетін зерттеу қажеттілігін түсіндіру
|
| 6
| Босанушының оң жағынан бетіне қарап орындыққа отыру
|
| 7
| Жылы қолымызды босанушы ішіне орналастыру
|
| 8
| Секундтық бағытпен толғақтың ұзақтығын анықтау(жатырдың тонуста болу уақыты),жатыр бұлшықеттерінің қатаю күшін және босанушының реакциясын бағалау, толғақтың аяқталуын тіркеу
|
| 9
| Толғақтар арасы уақытын анықтау
|
| 10
| 10 мин ішінде жатырдың жиырылу жиілігін жазып алу
|
| 11
| Нәтижелерді босану тарихында графикалық түрде партограммаға тіркеу
|
| 12
| Ерекшелігі: толғақтардың ұзақтығы, жиілігі, күші, ауырсынулығы бойынша сипаттау үшін бір-бірінен соң жалғасатын 3-4 толғақ қа баға беру қажет
|
| 13
| Жабдықталуы: секундомер, босану тарихы.
|
| Стандарт: Сүт бездеріне күтім жасау
№
| «Сүт бездеріне күтім жасау» тәжірибелік дағдыны жүргізу тәртібі.
| Жауап
| 1
| Көрсеткіштер: емшекпен емізу
|
| 2
| Қарсы көрсеткіштер: жоқ
|
| 3
| Мақсаты: босанушының сүт бездерінің тазалап өңдеуін жасау
|
| 4
| Жабдықталуы:жылы су,стерилді қолғап,стерилді корнцанг,стерилді шариктер, стерилді салфетка, төстартқыш
|
| 5
| Іс-әрекет алгоритмі: босанушыға жүргізілетін зерттеудің қажеттілігін түсіндіру
|
| 6
| Қолды өңдеуді жүргізу
|
| 7
| Стерилді қолғаптар кию
|
| 8
| Жылы суға малынған стерилді шаригі бар корнцанг көмегімен сүт бездерін келесі тәртіпте жуамыз: ұшы,сосын сүт без барлық бөлігі
|
| 9
| Стерилді салфеткамен немесе орамалмен құрғату
|
| 10
| Босанушыға стерилді төстартқыш кигізу
|
| 11
| Ерекшелігі: өздігінен жүретін босанушылар сүт бездерін кран астындағы жылы суға сабынмен өздері жуады, төсектік режимдегі босанушыларға манипуляцияны медбике немесе акушерка жасайды
|
| |
|
|