Главная страница
Навигация по странице:

  • 2-тапсырма. Қазақстанда энергияның балама салаларын дамытуға қолайлы аймақтар бар ма Осы аймақтарды атаңыз және негіздеме келтіріңіз. 3-тапсырма.

  • 7-тапсырма. Аласа таулы өлкелер

  • 14-тапсырма. Зат алмасуы

  • 15-тапсырма. Иммунитет

  • 20-тапсырма. Жалғыз аяқ (соқпақ) жол бойындағы өсімдіктер неліктен өліп қалады Жауапты бірнеше нұсқада беруге болады. 21-тапсырма.

  • 24-тапсырма. Бөтелке ішіндегі жұмыртқа

  • 25-тапсырма. Күн жүйесі

  • 28 -тапсырма. Құмырсқалар

  • 29-тапсырма. Суланбайтын (ылғалданбайтын) қағаз

  • 31-тапсырма. Микроорганизмдер

  • 1.3 М атематикалық сауаттылығы 1-есеп .


  • 23-есеп . Б

  • Пиза тапсырма жинағы NAO. Инструкция по выполнению заданий и приведены образцы выполнениии заданий по естественнонаучной, математической грамотности и грамотности чтения. Сборник задач содержит более 130 заданий


    Скачать 7.99 Mb.
    НазваниеИнструкция по выполнению заданий и приведены образцы выполнениии заданий по естественнонаучной, математической грамотности и грамотности чтения. Сборник задач содержит более 130 заданий
    Дата01.03.2022
    Размер7.99 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаПиза тапсырма жинағы NAO.doc
    ТипИнструкция
    #378019
    страница2 из 12
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

    1.2 Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы



    1-тапсырма

    Энергияның балама көздері дегеніміз – болашақта энергия алудың, берудің және пайдаланудың жиынтығы. Олар дәстүрлі энергия көздері тәрізді кеңінен таралмаған, алайда пайдаланудың тиімді, қоршаған ортаға зиян келтіру қаупінің төмен болуына байланысты қызығушылықты тудырып отырған сала болып табылады.

    Сіздің ойыңызша энергияның балама көздеріне нелер жатады? Өз ойыңызды жазыңыз және дәлел келтіріңіз.
    2-тапсырма.

    Қазақстанда энергияның балама салаларын дамытуға қолайлы аймақтар бар ма? Осы аймақтарды атаңыз және негіздеме келтіріңіз.
    3-тапсырма.

    Энергияның балама салаларын дамыту не үшін қажет деп ойлайсыз?
    4-тапсырма.

    К

    ейбір жанартаулық тау жыныстарында көптеген бос қуыстар болады (1-сурет).



    1-сурет – Жанартаулық тау жыныстары
    Бұл бос қуыстар қалай пайда болған?

    А. Тау жынысы жұмсақ болған кезде, жәндіктер оның ішінен шұңқырлар қазған.

    В. Тау жынысы суыған кезде, оның ішінде газ көпіршіктері бөлініп шыққан.

    С. Тау жынысы жұмсақ болған кезде, оған жаңбыр тамшылары тамған.

    D. Тау жынысы суыған кезде, оның ішінен кішкентай тастар түскен.
    5-тапсырма.

    Дүние жүзінің ең ірі гейзерінің бірі – Эксельсиор гейзері АҚШ Йеллоустон паркінің кереметі болып саналады. Оның су бұрқағы жағасы шың құзды және/немесе жартасты болып келетін көлдің ортасынан жоғары қарай атқылайды.

    Гейзердің атқылауы барысында болатын құбылыстарды суреттеңіздер.

    6-тапсырма.

    Америка Құрама Штаттарында жылына 640 ретке дейін болатын құбылыс бар. Ол құбылыс жазықтықтық Техас, Оклахома, Канзас, Небраско штаттарында жиі байқалады. Аталған штаттарда өмір сүретін адамдар табиғаттың бұл апатты құбылысынан жасырыну үшін өз үйлерінде қорғаныс баспаналар салады.

    Бұл құбылыс қалай аталады?
    7-тапсырма. Аласа таулы өлкелер

    Гүлжан еліміздегі аласа таулар туралы деректер жинап, аласа таулардың биіктіктерін кестеге енгізді (4-кесте).
    4-кесте – Таулардың биіктіктері


    Таудың атауы

    Биіктігі

    Қызылтас

    1283 м

    Қызыларай

    1565 м

    Кент

    1415 м

    Қарқаралы

    1403 м

    Баянауыл

    1026 м


    Гүлжан жинақтаған деректерін диаграмма түрінде көрсетпекші болды. Диаграмма салуды аяқтаңыздар (2-сурет).




    2-сурет – Диаграмма
    8-тапсырма. Жануарлар

    Жануарлардың көпшілігі аяқтары болғандықтан еркін қозғала алады. Қозғалып жүретін мүшелері жоқ жәндіктер де, жануарлар да бар. Мысалы, жыландар, құрттар. Теңіз түбін мекен ететін маржан бекінген орнынан қозғалып жүрмей-ақ өмір сүре алады. Медузалар мен теңіз құрты реактивті қозғалыс жасап, аяқсыз-ақ шапшаң жүзе алады.

    Сұрақ: Жануарлардың қозғалысын күнделікті өмірде кездесетін қандай көліктердің қозғалысымен салыстыруға болады? Мысалдар келтіріңіздер.
    9-тапсырма. Топырақ

    Топырақ дегеніміз – ерекше табиғи дене. 3-суретте бейнеленгендей топырақ түрлі организмдердің, жылудың және атмосфералық жауын-шашынның әсерінен пайда болған.

    Сұрақ: Топырақтың пайда болуына қандай факторлар әсер етеді?

    2-кестеге ия/жоқ жауабын жазыңыздар.

    жәндіктер

    өсімдіктер

    құрттар

    саңырауқұлақтар

    микробтар

    кішкентай аңдар

    3-сурет – Топырақтың пайда болуы
    5-кесте – Топырақ түзуші факторлар





    Ия

    Жоқ

    Адамның іс-әрекеті







    Климат және ішкі сулар







    Өсімдіктер







    Жануарлар дүниесі







    Бунақ денелілер







    Микробтар







    Саңырауқұлақтар








    10-тапсырма.
    Жер бетінде ғажайып материк бар. Оның ғажайып болу себебі келесіде: егер саяхатшы кемемен осы материктің жағалауымен батыстан шығысқа қарай жүзсе, үш мұхитты кесіп өтеді. Бұл материкте солтүстік пен оңтүстік орындарын «ауыстырады». Сонымен бірге бұл жерде адам теңіз бен құрылықты айыра алмайтын күйге түседі.

    Сұрақ: бұл қай материк?

    Қандай үш мұхитты жүзіп өту керек?

    Неліктен оңтүстік пен солтүстік бір уақытта орындарын ауыстырады?

    Неліктен бұл жерде теңіз бен құрылықты айырып алу қиындық туғызады?
    11-тапсырма.

    Бұл бұғаз бір уақытта бірнеше қызмет атқарады: екі мұхитты және екі теңізді жалғастырады, екі материкті, дүниенің екі бөлігін, екі түбекті, екі мемлекетті бөледі.

    Сұрақ: бұл қай бұғаз?

    Бұл бұғаз жалғастыратын (қосатын) және бөлетін нысандарды жұп-жұбымен жазыңыздар.

    Екі мұхит –

    Екі теңіз –

    Екі материк –

    Дүниенің екі бөлігі –

    Екі түбек –

    Екі мемлекет –
    12-тапсырма.

    Гималай тауларының бөктеріндегі Черрапунджи елді мекенін құрлықтың «ең ылғалды жері» деп атайды. Бұл жерде жылына 12000 мм жауын-шашын түседі.

    Сұрақ: бұл құбылыстың себебін қалай түсіндіруге болады?

    Астана қаласына осынша жауын-шашын мөлшері қанша уақытта түсетінін есептеңіздер.

    Дүние жүзінде жауын-шашын мөлшері көп түсетін тағы қандай жерлерді білесіздер, атап шығыңыздар.
    13-тапсырма.

    Солтүстік Америкада радиодан және теледидардан мысалда келтірілгендей ұсыныс-хабарлама жиі болады. Мысал: егер сіз үйде болмасаңыз және жақын жерде ешқандай баспана болмаса – жақын жердегі арыққа немесе ойпаң жерге етпетіңізден жатыңыз, басыңызды қолыңызбен немесе қалқан бола алатын затпен жабыңыз. Егер сіз машинада болсаңыз – жүріп кетуге тырыспаңыз, машинадан түсіңіз және жақын жердегі орға жатыңыз. Егер сіз үйде болсаңыз терезеден, есіктен және үйдің ішкі қабырғаларынан алшақ тұрыңыз, үйдегі жертөлеге тығылыңыз. Жылжымалы үйде, шатырда болсаңыз, одан шығып неғұрлым сенімді баспана табуға тырысыңыз.

    Аталған ұсыныстарды сақтаған жағдайда, адам өзінің өміріне төніп тұрған қауіпті және жарақат алу қаупін азайтуына болады.

    Сұрақтар:

    1. Бұл ұсыныстар қандай табиғи құбылыс барысында маңызды болып табылады?

    2. Бұл құбылыстың нәтижесінде болатын зардаптар немен байланысты?

    3. Бұл құбылыс туралы не білесіздер?

    4. Жер шарының қай аймақтарында жиі байқалады?

    5. Қазақстанның жекелеген аймақтарының халқы үшін бұл ұсыныстардың маңызы бар ма? Маңызы бар болса, онда қандай аймақтар үшін? Себебін атаңыздар.
    14-тапсырма. Зат алмасуы

    Заттың және энергияның алмасуы – өзара байланысты үдерістер, бұл үдерістің бір де біреуі өз алдына жеке болмайды. Нәрлі заттардың құрамындағы химиялық байланыстар энергиясының қышқылдануы барысында, организмнен бөлініп шығады және қолданылады. Ағзаның өмір сүру қызметтерінің бәрі энергияның бір түрінің екінші түрге өтуі есебінен қамтамасыз етіледі. Алайда энергияның жалпы саны өзгермейді.

    1-сұрақ. Зат алмасуы

    Әр түрлі мамандық иелерінің мамандығына байланысты іс-әрекеттерінде жұмсайтын энергия мөлшері де әр түрлі болады. Мысалы, интеллектуалдық еңбекпен айналысатын адам, күніне 3000 килокалория жұмсайды. Ауыр дене еңбегімен айналысатын адам, күніне 2 есе кем энергия жұмсайды.

    Дене күшін талап ететін еңбекпен айналысу барысында жұмсалатын энергия мөлшері пайдалы әрекет коэффициенті (ПӘК) деп анықталады. Оның орташа мөлшері – 20-25%, спортшыларда ПӘК жоғары болады. Қышқылдану барысында 1 г ақуыз – 4,1 ккал, 1 г май – 9,3 ккал, 1 г көмірсу – 4,1 ккал бөлетіні анықталған. Тағамдық азық-түліктердегі ақуыздардың, майлардың және көмірсулардың мөлшерін білген жағдайда, олардың құнарлылығын немесе энергиялық құнын анықтауға болады.

    Тәулігіне 3000 ккал жұмсайтын адам, өз ағзасының энергиялық қажеттілігін толығымен қанағаттандыруы үшін тәулігіне қайсы мөлшерді қабылдауы керек?

    А. 732 грамм көмірсу.

    В. 732 грамм май.

    С. 150 грамм ақуыз.

    D. 732 грамм ақуыз және 732 грамм көмірсу.

    2-сұрақ. Зат алмасуы

    Бұлшық ет қызметі, белсенді қозғалыс, дене шынықтыру жаттығулары және спорт энергияны көп жұмсауды талап етеді. Нәрлі заттардың құндылығын ескере отырып, оларды ауыстыруға болады.

    6-кестедегі пайымдаулар дұрыс па?
    6-кесте – Зат алмасуы


    Р/с

    Пайымдаулар

    Ия/жоқ

    1

    Энергиялық құндылық тұрғысынан 1 г көмірсу 1 г ақуызға тең




    2

    Егер тағамға ақуызды көп пайдаланатын болса, онда артық салмақ болмайды




    3

    Ағза үшін тағамның жалпы құндылығы ғана маңызды




    4

    Тағам мөлшерін құрастыру барысында қарқынды және ауқымды жаттығу күндері спортшылардың энергия жұмсауының ұлғаюын есепке алу қажет




    Жүйке жүйесі, жүрек, тыныс алу бұлшықеттері, бүйрек, бауыр және басқа да ағзалар үздіксіз қызмет жасайды және энергияның белгілі мөлшерін тұтынады. Мысалы, жүрек үлкен жұмыс атқарады. Ол әр сағат сайын қолқаға 300 л шамасында қан лақтырып отырады. Бұл жұмыс қышқылдану үдерісі қарқынды жүріп жатқан жүрек бұлшықеттерінің жиырылуы есебінен жүзеге асырылады. Босаған энергияның нәтижесінде бұлшықеттердің механикалық жиырылуы қамтамасыз етіледі де соңында барлық энергия жылу энергиясына ауысады, ол ағзаға тарайды және қоршаған кеңістікке беріледі. Ұқсас үдерістер адам денесінің әр органда жүреді. Әр жағдайда ең соңында химиялық, электрлік, механикалық және басқа да энергия түрлері жылу энергиясына ауысады және сыртқы ортаға шашырайды.

    3-сұрақ. Зат алмасуы

    Энергия сыйымды, яғни жұмыс істеуіне көп энергия жұмсалатын органдарға жүрек пен бүйрек жатады. Сонымен бірге бұл органдардың салмағы онша үлкен емес.

    А. Энергияны көп жұмсайтын органдардың тізімін жазыңыздар.

    В. Энергия жұмсамайтын орган деп санауға болатын органдарды көрсетіңіздер. Неліктен?
    15-тапсырма. Иммунитет

    Жақсы иммунитет адамның көтеріңкі көңіл-күйін білдіреді, вирусты немесе бактериялы инфекциялық аурулар жұқтыру ықтималдығын азайтады. Егер адамды өз организмінің қорғаныс күштерінің жағдайы мазалайтын болса, иммунолог дәрігерге баруы және иммунограмма тапсыруы тиіс, ішектерінің микрофлорасының құрамын зерттеуі қажет. Иммунитеттің әлсіреген жағын анықтап, оны қалыпқа келтіруі тиіс.

    Тез шаршағыштық, әлсіздік, ұйқысыздық, сонымен қатар ерінде ұшықтың, көзде теріскеннің, арқа терісінде шиқанның шығуы – адам организмі қорғаныс күштерінің әлсіреуін көрсетеді. Ангина, тонзиллит, құлақтың қабынуы, гайморит тәрізді инфекциялық аурулармен ауруға бейімділігі артады. Сонымен бірге организмнің жасалып жатқан емді қабылдауы бәсеңдейді, сауығу үдерісі созылып кетеді.
    1-сұрақ.

    Иммунитетті қалпына келтіру – адамның өз организміне қамқорлықпен қарауды талап ететін кешенді үдеріс. Иммунитетті нығайтудың тәсілдері (өз ойларыңызды жазыңыздар):

    1. Ұйқы –

    2. Дұрыс тамақтану –

    3. Белсенді дене шынықтыру әрекеті –

    4. Күйзеліс әсеріне шектеу қою –

    2-сұрақ. 7-кестеде келтірілген мысалдардың қайсысы иммунитетті қалпына келтіруге көмектеседі? (Ия/жоқ).
    7-кесте – Иммунитетті қалпына келтіру жолдары




    Мысалдар

    Ия/жоқ

    1

    Көкөністер және жеміс-жидектері бар тағамдар




    2

    Адамдар көп жиналатын жерлерге бару




    3

    Энергетикалық сусындар ішу




    4

    Мекен жайды ауыстыру




    5

    Таза ауада көп жүру, серуендеу




    6

    Тағамға жартылай дайындалған өнімдерді қолданбау




    7

    Бассейнге бару, салқын сумен құйыну, қарама-қарсы душ қабылдау





    16-тапсырма.

    Назгүл алма және лимон шырынымен эксперимент жасамақ болды. Ол алманы екіге бөліп, кесілген жағымен жайпақ ыдысқа салды. Алманың бір бөлігіне лимон шырынын сығып тамызды. Біраз уақыттан кейін лимон шырынымен «қорғалған» бөлігінің ақ қалпында қалғанын, ал алманың «таза» бөлігі қарайғанын байқады.

    Алманың «таза» бөлігі неліктен қарайды?
    17-тапсырма.

    Оқушылар тауықтың жұмыртқасымен келесі тәжірибелерді жасап, қорытынды жазды.

    Тауықтың шикі жұмыртқасын суы бар жарты литрлік шыны ыдысқа салды. Жұмыртқа шыны ыдыстың түбіне түсті. Жұмыртқаны алып шығып, сол суға 2 ас қасық тұз салып жақсылап араластырды және жұмыртқаны тұз араласқан суға қайтадан салды. Жұмыртқа батпайды, судың бетінде қалықтап жүреді.

    Себебін түсіндіріңіздер.
    18-тапсырма.

    Биология сабағында мұғалім: адам орманға барғанда тынысы кеңіп, жеңіл демалатынын айтты. Оның себебі өсімдіктер адамның тыныс алуына қажетті оттегін бөледі. Өсімдіктердің оттегін бөлетінін дәлелдеу мақсатында келесі тәжірибені ұсынды. Ауа кіргізбейтін қақпағы бар биік, мөлдір шыны ыдыстың ішіне арнайы ыдыста өсіп тұрған өсімдікті (немесе өсімдіктің бір бұтағын) салып қойды (суреттегідей). Оны жылы, жарық жерге қойды (егер өсімдік оттегін шығаратын болса, шыны ыдыстың ішінде ол көп болуы тиіс) (6-сурет).

    frame9

    1-2 тәулік өткеннен кейін мұғалім оқушыларға «шыны ыдыстың ішінде оттегі жиналды ма?» деген сұрақ қойды.

    Сұрақ: оттегінің бар екенін дәлелдеңіздер.
    19-тапсырма.
    Кремний хлориді (ІV) SiCI4 – түссіз, ұшқыш сұйықтық. Ақ түтін пайда болуы үшін, бұл сұйықтық бар ыдысты ашу жеткілікті. Булану барысында кремний хлориді (ІV) ауадағы ылғалмен әрекеттеседі:

    SiCI4 + 4H2O = H4SiO4 + 4HCI.

    Бұл реакцияның нәтижесінде кремний қышқылының (H4SiO4) қатты бөлшектерінен тұратын түтін пайда болады.

    Сұрақ: бұл түтінді қайда пайдалануға болады?
    Келесі (20-23) тапсырмаларға өз ойларыңызды жазыңыздар және дәлелдеңіздер.
    20-тапсырма.
    Жалғыз аяқ (соқпақ) жол бойындағы өсімдіктер неліктен өліп қалады?

    Жауапты бірнеше нұсқада беруге болады.
    21-тапсырма.
    Құм, балшық, қарашірік, минералды тұздардың әрқайсысынан бірдей мөлшерде алынған. Олардың бәрі араластырылып, онда аз мөлшерде су құйылған. Дайын болған қоспаны топырақ деп айтуға бола ма? Неліктен?
    22-тапсырма.
    Ауа райының ыстық болуы және жаңбырдың ұзақ уақыт болмауы жағдайында бау-бақша өсімдіктерін суарады. Құйылған су буланып кеткеннен кейін өсімдіктің түбіндегі топырақта жарықтары бар «қабыршықтар» пайда болады.

    Қандай жағдайда өсімдіктер жақсы өседі:

    1. Келесі суарғанға дейін «қабыршықтарға» тиіспеген жағдайда. Ия/жоқ.

    2. «Қабыршықтарды» күн сайын қопсыту арқылы топырақты бұзып отырған жағдайда. Ия/жоқ.
    23-тапсырма.
    Батпақты жерлерде өсімдіктердің дамуы үшін су жеткілікті, алайда өсімдіктердің өсуі мен дамуы нашар және баяу. Неліктен?
    24-тапсырма. Бөтелке ішіндегі жұмыртқа

    frame10

    7-сурет – Бөтелкедегі жұмыртқа
    Бұл көпшілікке жақсы белгілі, классикалық тәжірибе. Бұл тәжірибенің жасалып жүргеніне жүз жылдан астам уақыт өтсе де, әлі күнге дейін өзінің құндылығын жоймаған.

    Тәжірибені өткізу жолы:

    • кең ауызды бөтелкенің аузына сұйық май жағамыз;

    • қағазды жағып, бөтелкенің ішіне жылдам саламыз (бұл әрекетті жасау барысында саусақтарыңызды күйдіріп алмас үшін, абайлау қажет);

    • қабығынан аршылған тауықтың піскен жұмыртқасын бөтелкенің аузына қоямыз (жұмыртқа бөтелкенің аузынан әлдеқайда үлкен болуы тиіс);

    • жанып жатқан қағаз бір секундтан кейін сөніп қалады, ал жұмыртқа белгісіз ғажайып тәсілмен бөтелкенің ішіне түседі.

    Тәжірибенің нәтижесін түсіндіріңіздер.
    25-тапсырма. Күн жүйесі

    Күн жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай, Уран және Нептун), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі.

    1-сұрақ. Күн жүйесі қозғалысы ілімін кім ашты?

    2-сұрақ. Планеталар қандай топқа бөлінеді?

    3-сұрақ. Қандай планеталар Күнге жақын орналасқан?
    26-тапсырма.






    Темір жол

    Саңылау


    8-сурет – Темір жол

    Темір жолдарға металл рельстерді салғанда олардың қосылатын жерлеріне саңылаулар қалдырылады (8-сурет). Неліктен?

    Төменде берілген жауаптардың қайсысы дұрыс?

    А. Металл рельстер ыстық күндері ұлғаяды.

    В. Металл рельстер суық күндері ұлғаяды.

    С. Металл рельстер саңылауларының арасындағы ауаның көмегімен суық күйге ауысады.

    D. Пойыздар жүрген кезде металл рельстер тербеліске ұшырайды.
    27-тапсырма.

    9-суретте ішіне салынған электр қоңырауы бар шыны ыдыс бейнеленген. Электр қоңырауын қосқан кезде оның шырылдаған дауысын естуге болады.

    Вакуум сорғыштың көмегімен шыны ыдыстың ішіндегі ауа сорылады.

    Сұрақ: шыны ыдыстың ішіндегі ауаны сорып алғаннан кейін, электр қоңырауының дыбысы естіле ме? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.



    Вакуумды сорғышқа баратын түтік

    Электр сымы

    Шыны ыдыс

    Электр қоңырауы


    9-сурет – Ыдыс ішіндегі ауаны сору

    28 -тапсырма. Құмырсқалар

    Құмырсқалар Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстік пен Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның он мыңдай түрі бар. 10-суретте құмырсқалардың бірнеше түрлері көрсетілген.




    10-сурет – Құмырсқалардың түрлері
    Адам іс-әрекетінде құмырсқалардың өзіндік орны бар. Мысалы Оңтүстік Қытайда цитрустық жемістер өсіру барысында зиянкестермен күрес жүргізу үшін тоқымашы-құмырсқаларды пайдаланады.

    Құмырсқалардың пайдасы туралы мысалдар келтіріңіздер.
    29-тапсырма. Суланбайтын (ылғалданбайтын) қағаз

    Түрлі сиқырлы тәжірибелер жасауда ауаны қолдануға болады.

    Азамат таза, құрғақ стақанның түбіне қағаз сүлгіні умаждап салды. Стақанды төмен аударғанда қағаз сүлгінің түспейтініне көзін жеткізді. Стақанды су құйылған шұңғыл ыдысқа баяу қимылмен салды. Су стақанды түгелдей жапқанға дейін түзу ұстауға тырысты (11-сурет)




    11-сурет – Суланбайтын (ылғалданбайтын) қағаз
    Бірнеше секунд ұстап тұрып, стақанды судан алып шығып, сілкіп жіберді. Стақанды үстелдің үстіне қойып, ішіндегі қағаз сүлгіні алып шықты. Қағаз сүлгінің құрғақ қалпында қалғанын байқады.

    Қағаз сүлгі неліктен суланбады?

    Қағаз сүлгі сулануы үшін не істеу қажет?
    30-тапсырма.

    12 (а, ә)-суретінде көрсетілгендей А және В заттарының массасын таразыға қойып өлшеді. В затын А заты тұрған сауытқа салғанда, нәтижесінде С заты пайда болды. В заты ішінде болған бос сауытты қайтып таразыға қойды.





    12а-суреті

    12ә-суреті

    12-сурет – Заттардың массасын өлшеу
    12,а-суретінде таразы 110 г массаны көрсетті. 12,ә-суретіндегі таразы қандай массаны көрсетеді?

    А. 110 г-нан артық.

    В. 110 г.

    С. 110 г-нан кем.

    Өз таңдауыңызды түсіндіріңіз.
    31-тапсырма. Микроорганизмдер

    Цианобактериялардың қалдықтары жер бетінде табылған (жасы 3,5 млрд жылдан астам) ежелгі микроорганизмдерге жақын. Оларды кейде көкжасыл балдырлар деп те атайды. Осы ядросыз ағзалардың жалғыз жасушасы екі немесе бірнеше бөліктерге бөлінеді (13-сурет). Әр бөлігі толық қызметті ағза болып табылады.

    13-сурет – Ядросыз ағза жасушаларының бөлінуі
    1-сұрақ

    Егер екіге бөліну жолымен көбейген болса, 15 көбеюден кейін көкжасыл балдырлар қанша болады?

    A. 32768.

    B. 16587.

    C. 12.554.

    D. 14548.

    2-сұрақ

    Қандай көбею өзге ағзалармен тұқымқуалаушылық ақпарат алмаспай өз бетімен жүзеге асырылады?

    A. Жыныссыз түрде.

    B. Вегетативті түрде.

    C. Фрагментациялану арқылы.

    D. Прогенез түрінде.

    3-сұрақ

    Адамның терісі үнемі жаңарып отырады. Қайсыбір ағзалар бүтіндей органдарды да қалпына келтіре алады. Зақым келген жабындар мен органдарды тірі ағзалардың қалпына келтіре алу қабілеттері регенерация деп аталады. Төменде келтірілген жыныссыз көбею тәсілдерінің қайсысы регенерацияға негізделген?

    A. Споралармен көбею.

    B. Тамырланып көбею.

    C. Фрагментацияланып көбею.

    D. Вегетативті көбею.
    32-тапсырма.

    Ұлулар барша әлемге кең таралған тіршілік иелері (14-сурет). Олардың түрлерінің басым бөлігі тропикалық және субтропикалық теңіздерге таяу жерлерде өмір сүреді. Ұлудың түрі баршамызға таныс: жалпақ тегіс «аяғы», қос жұпты мұртшалары мен екі көзі бар.




    14-сурет – Ұлу

    1-сұрақ

    Ұлу раковинасының түсі сары-қоңыр түстен ақшыл-қоңыр түске дейін кездеседі. Раковина түсі қандай жағдайға тәуелді?

    A. Қабылданатын азыққа.

    B. Жасына.

    C. Раковина формасына.

    D. Раковина иіріміне.

    2-сұрақ

    Ұлудың жасын қалай ажыратады?

    A. Раковина жиегінің қалыңдығынан.

    B. Бұлшықет жиырылуынан.

    C. Раковина түсінен.

    D. Раковина формасынан
    33-тапсырма.

    Жүгіріп келе жатқан адам сүрініп кетсе, өзінің қозғалыс бағытында, ал аяғы тайғанап кетсе, өзінің қозғалыс бағытына қарама-қарсы бағытта құлайтынын қалай түсіндіруге болады?

    А. Жүгіріп келе жатқан адам сүрініп кеткенде, етпетінен құлайды, өйткені мұнда адамның аяқтары қоғалысын кенет тежейді де, денесі оның алдындағы қозғалыстағы күйін сақтайды.

    В. Жүгіріп келе жатқан адам сүрініп кеткенде, шалқасынан құлайды, өйткені мұнда адамның аяқтары қоғалысын кенет тежейді де, денесі оның алдындағы қозғалыстағы күйін сақтайды.

    С. Жүгіріп келе жатқан адам сүрініп кеткенде, жанына құлайды, өйткені мұнда адамның аяқтары қоғалысын кенет тежейді де, денесі оның алдындағы қозғалыстағы күйін сақтайды.
    34-тапсырма.

    Арқан тартқан кезде шамалары бойынша бірдей, бірақ бағыттары бойынша қарама-қарсы күштер пайда болады. Неліктен онда арқанды көбінесе бір жағына тартып алуға болады?

    А. Арқан тартқан кезде адамның Жермен өзара әрекеттесу күшін (табанның Жер бетімен үйкеліс күшін) ескеру керек. Сондықтан жерді күштірек қысып басатын, ал бұдан үйкеліс күшін арттыратын адам арқанды өзіне тартып алады.

    В. Арқан тартқан кезде адамның салмағын ескеру керек. Сондықтан жерді көп салмағымен қысып басатын жақ арқанды өзіне тартып алады.

    С. Арқан тартқан кезде адам санын ескеру керек. Адам саны көп болса сол жақтың күші басым болғандықтан арқанды өзіне тартып алады.
    35-тапсырма.

    Түзусызықты қозғалып келе жатқан дене жылдамдығының модулі уақыт бойынша 15-суреттегі график түрінде берілген заң бойынша өзгереді.



    15-сурет – Дене жылдамдығының модулі
    16-суретте көрсетілген графиктердің қайсысы денеге әрекет ететін барлық күштердің теңәрекетті күші модулінің уақытқа тәуелділігін сипаттайды?



    16-сурет – Күштердің теңәрекетті күші модулі


    1.3 Математикалық сауаттылығы
    1-есеп. Арифметикалық амалдар.

    (89,989+27,719): 120 өрнегінің мәнін есептеңіздер.

    А. 0,0989.

    В. 0,00989.

    С. 0,9809.

    D. 9,809.
    2-есеп.   өрнегі берілген.

    1-сұрақ: Өрнегінің мәні неге тең?

    Жауабы: .

    2-сұрақ: Берілген өрнектің мәнін 120 есе арттырса, қандай сан шығады?

    Жауабы: .

    3-сұрақ: Берілген өрнектің мәнінің 50%-ын қаншаға тең?
    3-есеп. Есептеу.

     өрнегінің мәнін есептеңіздер.

    А. 115.

    В. 65.

    С. -115.

    D. -65.
    4-есеп. Есептеу

    өрнегін ықшамдаңыздар.

    А. -2.

    В. 2 .

    С. 2.

    D. -2 .
    5-есеп. Пайыз.

    20 саны 2000 санының қанша пайызын құрайды?

    А. 1%.

    В. 2%.

    С. 4%.

    D. 5%.
    6-есеп. Пайыз.

    Егер 49 саны берілген санның 7% құрайтын болса, онда берілген сан нешеге тең?

    А. 490.

    В. 700.

    С. 70.

    D. 4900.
    7-есеп. Кітаптар саны.

    Екі сөреде барлығы 94 кітап бар. Бірінші сөреден екінші сөреге 5 кітапты ауыстырып қойғанда, екі сөредегі кітаптар саны бірдей болады.

    Сұрақ. Бастапқыда әр сөреде қанша кітаптан болған?

    Жауабы: ___________.
    8-есеп. Бұрыштың биссектрисасы.

    Бұрыш салыңдар. Бұрыштың биссектрисасын жүргізіңіздер.

    1-сұрақ. Биссектриса және бұрыштың қабырғасы арасындағы бұрыш берілген бұрыштқа тең болуы мүмкін бе?

    Жауабы: ____ .

    2-сұрақ. Биссектриса және бұрыштың қабырғасы арасындағы бұрыш берілген бұрыштан артық болуы мүмкін бе?

    Жауабы: ____ .

    3-сұрақ. Биссектриса және бұрыштың қабырғасы арасындағы бұрыш берілген бұрыштан 4 есе артық болуы мүмкін бе?

    Жауабы: ____ .

    4-сұрақ. Биссектриса және бұрыштың қабырғасы арасындағы бұрыш берілген бұрыштан 3 есе кем болуы мүмкін бе?

    Жауабы: ______ .
    9-есеп. Үшбұрыштың бұрыштары.

    АВС үшбұрышының В төбесіндегі бұрыш 48°-қа тең, ал С бұрышымен сыбайлас бұрыш – 102°.

    1-сұрақ. АСВ бұрышының шамасы қанша?

    Жауабы: ______ .

    2-сұрақ. ВАС бұрышының шамасы қанша?

    Жауабы: ______ .

    3-сұрақ. Үшбұрыштың А төбесіне қатысты сыртқы бұрышының градустық өлшемі қанша?

    Жауабы: ______ .

    4-сұрақ. Үшбұрыштың В төбесіне қатысты сыртқы бұрышының градустық өлшемі қанша?

    Жауабы: ______ .
    10-есеп. Теңбүйірлі үшбұрыш.

    Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы сыртқы бұрыштарының қосындысының мәні 318°.

    1-сұрақ. Үшбұрыштың төбесіндегі ішкі бұрышы доғал бұрыш болуы мүмкін бе?

    Жауабы: _______ .

    2-сұрақ. Берілген үшбұрыштың бұрыштарының шамалары неге тең?

    Жауабы: ________ .
    11-есеп. Үшбұрыштың бұрыштары

    АВС үшбұрышының С төбесіндегі бұрыш 57°-қа тең, ал А бұрышымен сыбайлас бұрыш – 163°.

    1-сұрақ. ВАС бұрышының шамасы қанша?

    Жауабы: ______ .

    2-сұрақ. АВС бұрышының шамасы қанша?

    Жауабы: ______ .

    3-сұрақ. Үшбұрыштың В төбесіне қатысты сыртқы бұрышының градустық өлшемі қанша?

    Жауабы: ______ .

    3-сұрақ. Үшбұрыштың С төбесіне қатысты сыртқы бұрышының градустық өлшемі қанша?

    Жауабы: ______ .
    12-есеп. Фигураның ауданы

    17-суретте фигура берілген.



    17-сурет
    1-сұрақ. Егер кіші дөңгелектің радиусы 2 см, үлкен дөңгелектің ауданы кішісінен 5π-ге артық, ал тіктөртбұрыштың ұзындығы 40см және ені ұзындығынан 8 см-ге кем болса, онда боялған фигураның ауданы қанша?

    Жауабы: ______ .

    2-сұрақ. Егер кіші дөңгелектің ауданы π см2, үлкен дөңгелектің радиусы кішісінің радиусынан 3-ке артық, ал тіктөртбұрыштың ені 55см және ұзындығы енінен 5 см-ге артық болса, онда боялған фигураның ауданы қанша?

    Жауабы: ______ .
    13-есеп. Фигураның ауданы

    18-суретте фигура берілген.




    18-сурет

    1-сұрақ. Егер дөңгелектің радиусы 2,5 см, ал тіктөртбұрыштың ұзындығы дөңгелектің радиусынан 0,5см және ені ұзындығынан 0,7 см-ге кем болса, онда боялған фигураның ауданы қанша?

    Жауабы: ______ .

    2-сұрақ. Егер тіктөртбұрыштың ені 1,4см, ұзындығы енінен 3,8 см-ге артық, ал дөңгелектің радиусы тіктөртбұрыштың ұзындығынан 0,8 есе артық болса, онда боялған фигураның ауданы қанша?

    Жауабы: ______ .
    14-есеп. Жер телімінің ауданы.

    Периметрі 48 м-ге тең шаршы пішінді жер телімі тіктөртбұрыш пішінді сегіз бірдей бөлікке бөлінген.

    1-сұрақ. Шаршы пішінді жер телімінің өлшемдері қандай?

    Жауабы: ____ .

    2-сұрақ. Берілген жер телімінің ауданы қанша?

    Жауабы: ____ .

    3-сұрақ. Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің өлшемдері қандай?

    Жауабы: ____ .

    4-сұрақ. Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің ауданы қанша?

    Жауабы: ____ .

    5-сұрақ. Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің ауданы берілген жер телімінің ауданына қарағанда қанша кем?

    Жауабы: ______ .
    15-есеп. Фигураның ауданы

    19-суретте жарты дөгелектен, шаршыдан және тең бүйірлі тікбұрышты үшбұрыштан тұратын фигура берілген.





    19-сурет
    1-сұрақ. Егер дөңгелектің радиусы 7,5 см болса, онда берілген фигураның ауданы қанша?

    Жауабы: ______ .

    2-сұрақ. Егер шаршының диагоналі   см болса, онда берілген фигураның ауданы қанша?

    Жауабы: ______ .

    3-сұрақ. Егер тең бүйірлі тікбұрышты үшбұрыштың ауданы 20,25 см2 болса, онда берілген фигураның ауданы қанша?

    Жауабы: ______ .

    16-есеп. Жер телімінің ауданы.

    Периметрі 20 м және ұзындығы енінен 1,5 есе артық тіктөртбұрыш пішінді жер телімін бірдей жер телімдеріне бөлу қажет.

    1-сұрақ. Берілген жер телімінің өлшемдері қандай?

    Жауабы: ____ .

    2-сұрақ. Егер шыққан жер телімі шаршы пішінді болса, оның өлшемдері қандай болуы мүмкін?

    Жауабы: ____ .

    3-сұрақ. Егер шыққан жер телімі тіктөртбұрыш пішінді болса, оның өлшемдері қандай болуы мүмкін?

    Жауабы: ____ .

    4-сұрақ. Берілген жер телімін бірдей жер телімдеріне бөлудің ең кіші және ең үлкен саны қандай?

    Жауабы: _______ .
    17-есеп. Фигураның ауданы.

    Қабырғалары 25 см болатын шаршыға, бір төбесі осы тіктөртбұрыштың төбесімен сәйкес келетін, ал үш төбесі оның үш қабырғасының ортасы болып табылатын төртбұрыш іштей сызылған (20-сурет).




    20-сурет
    1-сұрақ. Боялған фигураның ауданы неге тең?

    Жауабы: ________ .

    2-сұрақ. Боялған фигураның өлшемдері қандай?

    Жауабы: ________ .

    3-сұрақ. Боялған фигураның периметрі неге тең?

    Жауабы: ________ .

    4-сұрақ. Боялған фигураның ауданы берілген тіктөртбұрыштың ауданынан қанша пайыз кем?

    Жауабы: ________ .
    18-есеп. Фигураның биіктігі.

    Биіктігі 30 см конус пішінді мыс тетік цилиндр етіп қайта балқытып құйылды, оның табанының радиусы осы конус пішінді тетіктің шеңбері радиусына тең.

    Сұрақ. Цилиндр қандай биіктікте болады?

    Жауабы: _______ .

    19-есеп. Қозғалыс.

    Екі пойыз 60 км/сағ және 65 км/сағ жылдамдықпен бір-біріне қарсы жүріп келеді. Үш сағаттан кейін олардың арасы 250 км болды. .

    1-сұрақ. 3 сағ-та әр пойыз қанша километр жүріп өтті?

    Жауабы: _______ .

    2-сұрақ. Пойыздар қанша сағаттан кейін кездеседі?

    Жауабы: ________ .
    20-есеп. Шаршы.

    Қабырғасы 8 см болатын шаршы пішінді қағазды 21-суретте көрсетілгендей сызықтар бойымен бүгіп үшбұрышты пирамида жасалды.

    Сұрақ. Шыққан дененің көлемін неге тең?





    21-сурет

    21-есеп. Көпбұрыштар.

    Геометриялық фигуралардан кескінделген мозаика берілген (22-сурет). Суретті қолданып, келесі сұрақтарға жауап беріңдер.


    22-сурет
    1-сұрақ. Суретте қанша тіктөртбұрыш кескінделген?

    Жауабы: ___________.

    2-сұрақ. Суретте ауданы ең кіші болатын қанша тікбұрыш үшбұрыш кескінделген?

    Жауабы: ___________.

    3-сұрақ. Суретте қанша тең бүйірлі үшбұрыш кескінделген?

    Жауабы: ___________.

    4-сұрақ. Суретте қанша ромб кескінделген?

    Жауабы: ___________.
    22-есеп. Қозғалыс.

    Бірінші пойыздың жылдамдығы 70км/сағ, ал екінші пойыздың жылдамдығы біріншінің жылдамдығынан 5км/сағ-қа кем.

    1-сұрақ. 5 сағ-та әр пойыз қанша километр жол жүреді?

    Жауабы: _______ .

    2-сұрақ. Егер ұзындығы 270 км жолда пойыздар бір-біріне қарама-қарсы бағытта бір мезетте қозғалатын болса, онда қанша сағаттан кейін кездеседі?

    Жауабы: ________ .
    23-есеп. Бұрыштар.

    Егер РОК = 230 бұрыш болса, онда АВС бұрышы неге тең (23-сурет)?



    23-сурет


    24-есеп. Бұрыштар.


    Егер КВР үшбұрышы тең қабырғалы үшбұрыш болса, онда АВС бұрышы неге тең (24-сурет)?



    24-сурет


    25-есеп. Бұрыштар.


    Егер ВО сәулесі СВР бұрышының биссектрисасы, ВР сәулесі СВК бұрышының биссектрисасы, бұрыш АВС = 220 және АВК бұрышы тік болса, онда СВО бұрышы неге тең (25-сурет)?

    25-сурет


    26-есеп. Функция және оның графигі.

    26-суретте функциясының графигі берілген.


    26-сурет
    Функция графигін қолданып, келесі сұрақтарға жауап беріңіздер.

    1-сұрақ. Парабола төбесінің координаталарын жазыңыздар.

    2-сұрақ. Функция графигінің симметрия осінің теңдеуін жазыңыздар.

    3-сұрақ. Функцияның минимум нүктесін табыңыздар.
    27-есеп. Функция және оның графигі.

    27-суретте функциясының графигі берілген.

    27-сурет
    Функция графигін қолданып, келесі сұрақтарға жауап беріңіздер.

    1-сұрақ. Парабола төбесінің координаталарын жазыңыздар.

    2-сұрақ. Функция графигінің симметрия осінің теңдеуін жазыңыздар.

    3-сұрақ. Функцияның максимум нүктесін табыңыздар.

    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


    написать администратору сайта