Главная страница
Навигация по странице:

  • TIMSS ЖӘНЕ PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ЕСЕПТЕР ЖИНАҒЫН ӘЗІРЛЕУ Есептер жинағы

  • Жаратылыстану

  • Химия

  • Түрлері Танымдық аймақтар

  • Математика

  • Жоспар. Pisa Есептер жинағы (1). Инструкция по выполнению заданий и приведены образцы выполнениии заданий по естественнонаучной, математической грамотности и грамотности чтения. Сборник задач содержит более 130 заданий


    Скачать 1.05 Mb.
    НазваниеИнструкция по выполнению заданий и приведены образцы выполнениии заданий по естественнонаучной, математической грамотности и грамотности чтения. Сборник задач содержит более 130 заданий
    АнкорЖоспар
    Дата07.02.2022
    Размер1.05 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаPisa Есептер жинағы (1).docx
    ТипИнструкция
    #353934
    страница1 из 5
      1   2   3   4   5

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

    Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
    Министерство образования и науки Республики Казахстан

    Национальная академия образования имени И. Алтынсарина




    TIMSS ЖӘНЕ PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ЕСЕПТЕР ЖИНАҒЫН ӘЗІРЛЕУ


    Есептер жинағы

    РАЗРАБОТКА СБОРНИКА ЗАДАЧ ПО ПОДГОТОВКЕ УЧАЩИХСЯ К МЕЖДУНАРОДНЫМ ИССЛЕДОВАНИЯМ TIMSS И PISA
    Сборник задач


    Астана

    2016

    Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2016 жылғы 17 наурыз № 3 хаттамасы)
    Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии образования им. И. Алтынсарина (протокол № 3 от 17 марта 2016 года)

    TIMSS және PISA халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағын әзірлеу. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2016. - 59 б.
    Разработка сборника задач по подготовке учащихся к международным исследованиям TIMSS. – Астана: НАО имени И. Алтынсарина, 2016. - 67 с.

    Есептер жинағы оқушыларды TIMSS және PISA халықаралық зерттеулеріне дайындау мақсатында әзірленген. Жинақта тапсырмаларды орындау бойынша нұсқаулық пен математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бойынша тапсырмалардың шығару жолдарының үлгілері келтірілген. Есептер жинағында математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бойынша 130-дан астам тапсырма берілген.

    Бұл басылым жалпы білім беретін мектептің оқушыларына және математика, жаратылыстану, тіл мен әдебиет білім саласы пәндерінің мұғалімдеріне, білім беру мекемелерінің басшыларына, білім беру басқармалары өкілдеріне, біліктілікті арттыру институттары оқытушыларына, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен авторларына арналған.
    Сборник задач составлен в целях подготовки учащихся к международным исследованиям TIMSS и PISA. В сборнике дана инструкция по выполнению заданий и приведены образцы выполнениии заданий по естественнонаучной, математической грамотности и грамотности чтения. Сборник задач содержит более 130 заданий.

    Данное издание адресовано учителям предметов образовательных областей «Естествознание», «Математика», «Язык и литература», учащимся общеобразовательных школ, руководителям организаций образования, методистам управлений образования, преподавателям институтов повышения квалификации, авторам учебников и учебно-методических комплексов.

    © Ы.Алтынсарин атындағы

    Ұлттық білім академиясы, 2016.

    © Национальная академия образования

    им. И. Алтынсарина, 2016.

    1 TIMSS халықаралық зерттеулерiне 8-сынып оқушыларын дайындайтын есептер жинағы


    1.1 Тапсырмаларды орындауға нұсқау



    TIMSS математика және жаратылыстану ғылымының білім сапасын халықаралық салыстырмалы мониторингтік зерттеу жалпы балім саласындағы негізгі мониторингтік зерттеулер болып табылады. Ол математика және жаратылыстану ғылымының білім саласындағы білім тенденциясын бақылауға көмектеседі. Зерттеу барысында бастауыш мектептердегі 4 сынып және 8 сынып оқушыларының жетістіктері бағаланады.

    8-сынып оқушыларын TIMSS халықаралық зерттеулерiне дайындауға арналған жинақ екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде «География», «Биология», «Химия», «Физика» пәндерінен және екінші бөлімде «Математика» пәнінен тапсырмалар берілген.
    Жаратылыстану

    Ғылыми-жаратылыстану циклі бойынша тапсырмалар TIMSS халықаралық зерттеулері тапсырмаларының жасалуы құрылымына сәйкес әзірленген.
    1-кесте – Жаратылыстану бойынша тапсырмалар

    Мазмұндық бөлімдер

    Биология: ағзадағы сипаттамалар мен тіршілік процестері; жасуша және оның функциялары; ағзадағы тіршілік циклдары, көбею және тұқым қуалаушылық; әртүрлілік, бейімділік және табиғи сұрыптау; адам және оның денсаулығы; экожүйелер.

    Химия: заттардың құрамы және жіктелуі; заттардың қасиеті; химиялық процестер.

    География және астрономия: Жер құрылысы және оның физикалық сипаттамасы; жергілікті процестер; тарих және циклдар; жер ресурстары және қоршаған ортаны қорғау; Күн жүйесіндегі жер.

    Физика: зат алмасудағы өзгерістер және физикалық жағдайы; энергия көздері; жылу құбылыстары; жарықтық және магниттік құбылыстар; күш және қозғалыс.


    Тестке қатысушылардың нәтижелілігі оқу танымдық іс-әрекеттің түрлері білу, қолдану және ойлау бойынша бағаланады.
    2-кесте – Оқу танымдық іс-әрекеттер

    Түрлері

    Танымдық аймақтар

    Білу

    Ғылыми жаратылыстану дәлелдерін жады бойынша жаңғырту; терминдер мен түсініктерін анықтау; ағзаларды, процестерді, байланыстарды сипаттау; білімдерін дәлелдеу, мысал келтіру; мәліметтер мен жабдықтарды қолдануда білім арқылы көрсету.

    Қолдану

    Ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын салыстыру, берілген нысандарды жіктеу; суреттеу; модельдерді, диаграммаларды қолдану, байланысын табу, мәліметті және түрлі құбылыстарды түсіндіру.

    Ойлау

    Мәселелерді шешу, талдау, жинақтау, жаратылыстанудың әртүрлі бөлімдері бойынша білімдерін ықпалдау, шешімдері мен болжамдарын тұжырымдау, берілген тапсырмаларға сәйкес эксперимент жоспарлау; процестер мен құбылыстардың басымдығы мен кемшіліктерін бағалау.

    Математика

    Математика пәні бойынша тапсырмалар TIMSS тапсырмаларының жасалуы құрылымына сәйкес әзірленген.
    3-кесте – Математика пәнінен тапсырмалар


    Мазмұны

    Сандар: натурал сандар; жай және ондық бөлшектер; бүтін сандар; нақты сандар; қатынас, пайыз және пропорция

    Алгебра: тәуелділік; алгебралық өрнектер; өрнектер/теңдеулер және функциялар

    Геометрия: геометриялық өлшеулер; геометриялық фигуралар; фигуралардың орналасуы мен қозғалысы

    Мәліметтер және ықтималдық:

    Мәліметтермен жұмыс; мәліметтерді беру; ықтималдық


    Сандар бөлімі натурал сандар; жай және ондық бөлшектер; бүтін сандар; нақты сандар; қатынас, пайыз және пропорция ұғымдарын түсінумен қатар оларды түрлі есептерді шығаруда қолдану біліктігін қамтиды.

    Алгебра бөлімінің сұрақтары математикалық ситуациялық есептерді шығару кезінде заңдылықтарды анықтау мен алгебралық символдарды қолдануға бағытталған.

    Геометрия бөлімінің тапсырмаларын орындау барысында оқушылар жазықтықтағы және кеңістіктегі фигуралардың, қабырғалардың ұзындықтарының, бұрыш өлшемдерінің қасиеттеріне талдау жүргізе білуі керек.

    Дереккөз: http://text.ru/rd/aHR0cDovL3d3dy4xMDAtZWR1LnJ1L21 hdGVtYX Rpa2Ev MjU0ODQvaW5kZXguaHRtbD9wYWdlPTk%3D

    Мәліметтер және ықтималдық бөлімі график және кесте түрінде берілген мәліметтері бар тапсырмалардан тұрады.

    Тапсырманы орындағанда төмендегі нұсқаулықты басшылыққа алу ұсынылады:

    1. Тапсырмаларды бар ықыласыңызбен оқыңыз және негізгі ақпаратты тауып алыңыз.

    2. Есептердің суреттері, сызбалары, графиктеріне және физикалық үдерісті түсінуді жеңілдететін кестелерге көңіл аударыңыз.

    3. Есептің шығарылуын жеңілдететін ықшамдалған сөйлемдерді құрастыру қажет.

    4. Қажеттілігіне қарай схемалық сызба немесе сурет салуға тырысыңыз.

    5. Көпшілік жағдайда есептің барлық шамаларын тиісті әріптермен белгілеп және оларға қажетті есептеулер жасап, жалпы түрде шығарған пайдалы.

    6. Жалпы түрде шығарып алып, біркелкілігін талдап немесе бұрын шығарылған ұқсас есеппен салыстырып, оның дұрыстығына көз жеткізуге тырысыңыз.
      1   2   3   4   5


    написать администратору сайта