Главная страница
Навигация по странице:

  • 2-тапсырма.

  • 3-тапсырма.

  • 17-тапсырма. Ультрадыбыс

  • Жоспар. Pisa Есептер жинағы (1). Инструкция по выполнению заданий и приведены образцы выполнениии заданий по естественнонаучной, математической грамотности и грамотности чтения. Сборник задач содержит более 130 заданий


    Скачать 1.05 Mb.
    НазваниеИнструкция по выполнению заданий и приведены образцы выполнениии заданий по естественнонаучной, математической грамотности и грамотности чтения. Сборник задач содержит более 130 заданий
    АнкорЖоспар
    Дата07.02.2022
    Размер1.05 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаPisa Есептер жинағы (1).docx
    ТипИнструкция
    #353934
    страница2 из 5
    1   2   3   4   5

    2 PISA халықаралық зерттеулерiне дайындайтын есептер жинағы


    2.1. Тапсырмаларды орындауға нұсқау




    Оқушылардың білім алу жетістіктерін бағалау бойынша (Programme for International Student Assessment, PISA) Халықаралық бағдарламасы – әлемдегі әр түрлі елдердің оқушыларының сауаттылығын және білімдерін тәжірибеде қолдана білулерін бағалайтын тест. Бұл есептер жинағы PISA халықаралық зерттеуі материалдары негізінде құрастырылған. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу үш негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі: «оқу сауаттылығы», «математикалық сауаттылық» және «ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы». Оқушылардың жалпы оқу және зияткерлік біліктерін меңгерулерін бағалауға ерекше көңіл аударылады, өйткені PISA есептері:

    – қойылған сұраққа жан-жақты жауап беру, жауапты еркін формада беру біліктерін;

    – мәтіннің бір түрінен екінші түріне ауысу біліктерін;

    – қосымша ақпарат жинау біліктерін;

    – ғылыми-тәжірибелік білімдерін күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарды шешу үшін қолдана білу біліктерін қалыптастыруға жағдай жасайды.

    PISA халықаралық зерттеуіндеғі барлық сұрақтар мен тапсырмалар жалпы үш топқа бөлінеді:

    • «Қалай білуге болады?» – бұл тапсырмалар тану әдістерін қолдануға арналған.

    • «Түсіндіріп көр» – құбылыстар мен фактілерді түсіндіруге арналған.

    • Пайымдау – берілген деректердің көмегімен қорытынды құрастыруға арналған тапсырмалар.

    PISA тапсырмаларының әр тобы тұлғалық, әлеуметтік немесе жаһандық контексте қарастырылады, сонымен бірге оқушылардың ғылыми-жаратылыстану, математикалық және оқу сауаттылығы деңгейіне түрлі талдау жасауды қарастырады.

    Білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын анықтауға арналған тапсырмалар әр түрлі құрылымда болуы мүмкін.

    Тапсырма. Қазіргі кезде жылқылардың денесі сүйір пішінде болып келеді және олар тез шаба алады (28-сурет).

    Жылқылардың қалай дамығаны туралы қандай зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады?

    28-сурет
    Оқушылар өздерінің ойын бір-екі сөйлеммен жаза алады.
    Тапсырмаларды орындауда келесі ұсыныстарды басшылыққа алу ұсынылады:

    1. Ұсынылған тапсырмаларды бар ықыласыңызбен оқыңыз және негізгі ақпаратты тауып алыңыз.

    2. Есептердің суреттері, сызбалары, графиктеріне және физикалық үдерісті түсінуді жеңілдететін кестелерге көңіл аударыңыз.

    3. Қандай ықшамдалған сөйлемдер, есептің шығарылуын жеңілдететінін ойлап алыңыз.

    4. Схемалық сызба немесе сурет салуға тырысыңыз, ол әрқашан ойлануды жеңілдетеді. Дұрыс құрастырылған схема – есепті шығарудағы жетістіктің жартысы екені есіңізде болсын.

    5. Көпшілік жағдайда есептің барлық шамаларын тиісті әріптермен белгілеп және оларға қажетті есептеулер жасап, жалпы түрде шығарған пайдалы. Егер есептің шартында шамалардың бөліктері жоқ болса абыржымаңыз, олар бәрінен де дұрысы қысқартылады.

    6. Жалпы түрде шығарып алып, біркелкілігін талдап немесе бұрын шығарылған ұқсас есеппен салыстырып, оның дұрыстығына көз жеткізуге тырысыңыз.

    7. Егер еспте шамалардың сандық мәндері берілсе, онда жауабы санға дейін жеткізілген болуы керек.

    8. Барлық мәліметтерді бір өлшем бірлігінде өрнектеу керек.

    9. Егер сізге есепті бірден шығару мүмкін болмаса, бүге-шегесіне дейін көңіл аударып, тиісті теориялық материалды тағы да зерттеп көріңіз.

    2.2 Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы



    1-тапсырма. Жануарлар.

    Жануарлар (латынша animalia) – тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер), жүруге және сезінуге бейім, органикалық дайын қосылыстармен қоректенетін тіршілік иесі. Жануарлар құрылысына қарай бір жасушалы және көп жасушалы болып екі топқа бөлінеді. Олардың дамуы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер жануарлардың сыртқы ортаның өзгерісіне бейімделуіне байланысты болады.

    1-сұрақ. Неліктен құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады?

    2-сұрақ. Балықтар су жануарлары, неліктен олар құрлықта тіршілік етпейді?

    3-сұрақ. Неліктен жануарларды үй жануарлары және жабайы (дала) аңдары деп екі топқа бөледі?
    2-тапсырма. Жануарлар.

    Жануарларда ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім және жыныс органдары, тыныс алу, зәр шығару жүйесі жақсы жетілген. Дүние жүзінде жануарлардың 1,6 миллиондай түрі және 17 типі бар.

    Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор, олардың көпшілігі пайдалы болып табылады.

    1-сұрақ. Жануарлардың адам өміріндегі маңызы қандай?

    А. Азық-түлік, әр түрлі өнеркәсіп шикізатын береді.

    В. Жануарлардың адам өміріне келтіретін ешқандай пайдасы жоқ.

    С. Ауыл шаруашылық дақылдарын тозаңдатады.

    D. Басқа жануарларға азық қоры.
    3-тапсырма. Жер сілкіну.

    Деректі фильмде жер сілкіну және олардың қалай болатыны туралы айтылған. Сонымен қатар фильмде жел сілкінуді алдын ала болжауға болатындығы туралы пікірталас жүргізілді. Геология саласының маманы: «Алдағы 20 жылды Х қаласында жер сілкіну болу ықтималдығы үш жағдайдың екеуін құрайды» деген пікір айтты.

    1-сұрақ. Келесі пайымдаулардың қайсысы геологтың пікірін дұрыс сипаттайды?

    А. Үстіміздегі жылды есептегенде 12 жыл өткеннен кейін немесе 13-ші жылы Х қаласында жел сілкіну болады.

    В. 23 саны 12 санына қарағанда үлкен, сондықтан алдағы 20 жыл ішінде Х қаласында жер сілкіну болатынына сенімді болуға болады.

    С. Жер сілкіну болмауы ықтималдығына қарағанда, алдағы 20 жыл ішінде Х қаласында жер сілкіну болу ықтималдығы басымырақ.

    D. Жер сілкінудің қашан болатынын ешкім білмегендіктен, оның болатынын айту мүмкін емес.

    2-сұрақ. Жер сілкінуді болжауға бола ма? Ия/жоқ.

    3-сұрақ. Жауабыңыз «ия» болған жағдайда мысалдар келтіріңіз және өз жауабыңызды дәлелдеңіз.

    4-сұрақ. Жауабыңыз «жоқ» болған жағдайда өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
    4-тапсырма. Вокансонның үйрегі және Гёте

    Ағылшын мәтелі: «Егер бір нәрсе үйрекке ұқсаса, үйрек сияқты барылдаса және үйрек тәрізді жүзсе, онда ол – үйрек» - дейді.




    29-сурет – И.В. Гёте және робот-үйрек
    Оң жақтағы суретте француз механигі және өнертапқышы Жак де Вокансонның 1739 жылы құрастырған механикалық робот-үйрегі бейнеленген. Бұл үйрек барылдайтын, қарапайым құстың жүрісіне ұқсастырып жүретін және ең қызығы балық жейтін және дәретке отыратын болған. Өз көзімен көрген адамдар роботтың шындығында тағамды қорытпайтынын байқаған. Бәлкім, механикалық үйректің артқы жағынан дәрет салып қойып отырған шығар, ал аузы арқылы түскен тағам оның ішінде қала берген (29-сурет).

    1805 жылы ең қызық оқиға болған, себебі үйректі көруге неміс ақыны Иоганн Вольфганг Гёте (сол жақтағы сурет) келген. Кездесу оншалықты табысты болмады, ақынның айтуынша: «үйрек қаңқа тәрізді болып көренеді және оның ас қорытуында күрделі проблема бар».

    Сіздердің ойларыңызша, Вокансонның өнертабысын үйрек деп санауға бола ма? Өз ойларыңызды логика және биология тұрғысынан дәлелдеңіздер.
    5-тапсырма.

    Қайрат кітаптағы суреттерді қарап отырды. Бұл суреттерде Ресейдің орталық-еуропалық бөлігінде кездесетін барпылдауық үйректердің (ата үйрек (кежек) және ана үйрек) суреттері бейнеленген. Ол «ғажап, мен барпылдауық үйректерді күзде, қыста және көктемде жиі көретінмін, ал жаздың аяғында кездестірген емеспін. Неліктен?» деп ойлады. Алайда бала тез арада (қисынды және мүмкін болып көрінетін) бірнеше ықтимал болатын түсіндірмелер ойлап тапты.

    Ол қандай түсініктемелер ойлап табуы мүмкін екенін болжап көріңіздер. Сіздің ойыңызша олардың қайсысы дұрыс?
    6-тапсырма. Қасқырлар.

    Сіздердің алдарыңызда суретші А.Н. Комаровтың «Қасқырлардың үйлену тойы» атты суреті (1936 ж.) бейнеленген (30-сурет).

    Бұл суреттен қасқырлардың арасындағы қарым-қатынастың қандай ерекшеліктерін байқауға болады? Өз ойларыңызды жазыңыздар.




    30-сурет – Қасқырлар
    7-тапсырма. Птеродактиль

    «Жоғалған әлем» фантастикалық фильмінің кейіпкері профессор Челленджер Жоғалған әлемнен птеродактильдің (31-сурет) екі жынысының бірнешеуін алып шықты.




    31-сурет – Птеродактиль
    1-сұрақ. Оған негізгі мекенінен тысқары жерде птеродактильдердің популяциясын сақтап қалу үшін қорықты қалай ұйымдастыру қажет?

    2-сұрақ. Ол қандай проблемаларға тап болуы мүмкін?
    8-тапсырма. Птеродактильдер

    Птеродактиль – бұл плацентарлық сүтқоректілер отрядына жататын ұшатын динозавр. Птеродактильдер үшін бас сүйегі тым ұзын әрі жеңіл болуы тән. Сонымен қатар олардың мойын омыртқасы созылыңқы және мойын қабырғаларынсыз болған.

    Қанаттары жалпақ әрі мықты, ал ұшуға қажет саусақтары ашылмалы-жиылмалы болған. Ірі түрлерінің қанаттарының құлашы 8 метрден 12 метрге дейін жеткен.

    Егер қазіргі кезде птеродактильдер болған болса және оларды қолға үйретсе... Оларды қандай мақсатқа қолдануға болады?

    Өз жобаларыңызды ұсыныңыздар.

    9-тапсырма. Жанартау.

    Жанартау (лат. vulcanus – от, жалын деген мағынаны білдіреді) – Жер қабатының тереңдегі жарылымдары мен жарықтарынан оның бетіне шығатын балқыған тау жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық құрамалары (32-сурет).

    Жанартау атқылаған кезде оның терең магмалық ошақтарынан жер бетіне ыстық қоймалжың лава, газ және бу атқылайды.


    32-сурет – Жанартау
    1-сұрақ. Жанартаудың атқылауынан болатын зардаптарды атаңыздар.

    2-сұрақ. Жанартаудың әрекетін шаруашылықта пайдалану жолдарын ұсыныңыздар.
    10-тапсырма. Лимон шырыны

    Лимон – ірі, салмағы 200-400 г., сопақша, сары түсті қалың қабықпен қапталған жеміс. Шырынының дәмі қышқыл.

    Көптеген адамдар лимон шырынын тұрмыста кездесетін жағымсыз иістерді немесе лас болып көрінетін заттарды тазалауға қолданады. Лимонның құрамында адам денсаулығына пайдалы С дәрумені бар, темірге бай, эфир майы, кальций, калий т.б. болады.

    1-сұрақ. Тұрмыста лимон қышқылын қолдану жолдарын ұсыныңыздар.

    2-сұрақ. Аталған қасиеттерін ескере отырып, лимонды адамның денсаулығын жақсарту мақсатында қалай пайдалануға болады?

    3-сұрақ. Өз ұсыныстарыңызды жазыңыздар.


    11-тапсырма. Электромагниттік толқындар.

    Егер 1990 ж. Қазақстанда республикалық екі телеарна және 4 радиохабар бағдарламасы болса, қазіргі кезде 50-ден 900 МГц-ке дейінгі аса жоғары радиожиілік аймағын қамтитын телеарналар саны үздіксіз көбейіп келеді. Байланыс құралдарына қойылып отырған заманауи талаптар олардың одан әрі жетілуін талап етеді, ақпаратты, бейнені, дыбысты жеткізудің сандық жүйесі енгізілуде, олар аналогтық теледидарды толығымен алмастыратын болады.

    «KazSat-1», «KazSat-2», «KazSat-3» қазақстандық серіктер республикадағы серіктік байланысты, сандық теледидар және радиохабар байланыстарын қамтамасыз етуде (33-сурет).






    33-сурет – Серіктік байланыс
    Техниканың дами түсу арқасында байланыс құралдарының аппаратуралары да жетілдірілуде.

    Мысалы, қарапайым телефондық байланыстың орнын функциялық мүмкіндіктері аса жоғары сандық телекоммуникациялық жүйелер алмастыруда.

    Байланыс құралдарының дамуындағы басты өзгеріске көпшіліктің қолы жетімді Интернет деп аталатын әлемдік электрондық жүйенің пайда болуын жатқызуға болады.

    Сұрақ. Байланыс құралдарының дамуы адамдардың қызметі мен күнделікті тіршілігіне қандай қолайлы жағдайлар туғызады?
    12-тапсырма. Электромагниттік толқындар.

    Адамзат дүниесі гравитациялық өріс, радиоактивті сәулелер және электромагниттік сәулелер мұхитында өмір сүріп келеді. Әлемдік өркениеттің дамуы әр түрлі электр құралдарын, электрондық жабдықтарды кеңінен дүниеге әкелуде. Жоғары және аса жоғары кернеудегі электр жеткізу ауа желілері, радиохабар, теледидар, радиорелелік және серіктік байланыстар, радиолокациялық және навигациялық жүйелер, лазерлік маяктар, Wi-Fi, тұрмыстық микротолқындық пештер, мониторлар және т.б. жасанды электромагниттік өріс көздері табиғи электромагниттік фонға елеулі ықпал етуде. Бұл адамдардың қызметі мен күнделікті тіршілігіне қолайлы жағдайлар туғызады, алайда олардың денсаулығына байқатпай зиян келтірмек.

    Сұрақ. Ауа желілері арқылы электрді тасымалдағанда электромагниттік өрістер адамдар мен басқа тіршілік иелеріне қалай әсер етеді?
    13-тапсырма. Электромагниттік толқындар. Жоғары және аса жоғары кернеудегі электр жеткізу ауа желілері, радио- және телеорталықтар, радиолокациялық қондырғылар өтетін ауқымды аумақта электромагниттік өріс кернеулігі екіден бес есеге дейін артты, ал бұл адамдар мен басқа тіршілік иелері үшін нақты қауіп төндіреді. Электр өрісi кернеулігінің адамдар үшін санитарлық шекті нормасы 1 кВ/м-ге тең. Жоғары кернеулі электр жеткізу жүйелерінде бұл шекті деңгей ондаған, тіпті жүздеген метр аралығына дейін ауытқиды. Арнайы жүргізілген зерттеулер алты күн бойы электр желісінің астында күніне 3 рет 15 мин-тан тұрғанның өзінде невралгиялық сипаттағы өзгерістерді, мидың жұмыс істеу қабілеттіліктерінің төмендеуін тудыратынын көрсетті.

    Жоғары кернеулі электр желісі бар аумақтардағы электр өрісiнің кернеулігі 1 метрге шаққанда бірнеше мың вольтқа жетуі мүмкін. Радио мен теледидардағы жоғары жиіліктегі (3 кГц-тен 300 ГГц-ке дейінгі) электромагниттік толкындардың адам ағзасына ықпалы оның тербеліс жиілігіне байланысты. Жиілік жоғары болғанда, яғни толқын ұзындығы қысқарақ болса, зиянды ықпалы күшейе түседі.

    Жоғары жиілікті ультрадыбыстар, интенсивтілігі жоғары лазерлік сәулелер адам миына көп әсер етеді. Бейбіт мақсаттарға пайдаланбаған жағдайларда мұндай психотропты карулардың әсерінен мидың қызметі өзгереді, ойлау, есте сақтау, өзін өзі ұстай алу қабілеттілігі төмендейді. Осындай әсердің нәтижесінде адам ерік-жігерін жоғалтады.

    Сұрақ. Өз денсаулығына зиян келтірмеу үшін әрбір адам нені білуі тиіс?
    14-тапсырма. Электромагниттік толқындар. Электромагниттік өрістің адам денсаулығына әсері – ғылымның зерттеуге жататын міндеті. Технология мен электрондық құралдардың қарқынды даму жағдайындағы заманауи әлемде электромагниттік өрістің ықпалынан құтылу мүмкін емес. Адамдардың денсаулығына келтірілетін зиян мөлшерін шектеу үшін көптеген халықаралық стандарттар мен талаптар дайындалған және тұрмыстық техниканың барлығы дерлік осы талаптарды қанағаттандырады. Алайда шығарылатын сәуле тұрғысынан олар әлі де қауіп көзі болып табылады, сондықтан әр түрді бейнедисплейлік терминалдармен жұмыс жасау кезінде қарапайым ережелерді ескерген абзал.

    Сұрақ. Электромагниттік өріс адамға қалай әсер етеді?
    15-тапсырма. Табиғат және қоғам

    Қарапайымнан күрделіге қарай дейінгі принципті қолданып, деңгейлерді негізгі үш сфераға бөліңіздер (8-кесте):
    8-кесте – Қарапайымнан күрделіге қарай


    Бейорганикалық табиғат

    Тірі табиғат

    Қоғам

    Атомды

    Жасушалы

    Жанұя


    Микроэлементарлық

    Биологиялық макромолекулярлық

    Индивид

    Ядролық

    Микроорганикалық

    Ұжымдар

    Субмикроэлементарлық

    Популяциялық

    Тұтастай адамзат

    Макродеңгей

    Биосфералық

    Мемлекет (азаматтық қоғам)

    Молекулярлық

    Тұтастай ағза

    Мемлекет жүйесі

    Метадеңгей

    (метагалактикалар)

    Биоценоз

    Үлкен әлеуметтік топтар (класстар, ұлттар)

    Мегадеңгей (ғаламшарлар, жұлдыздығаламшар жүйесі, галактикалар)

    Мүшелер мен ұлпалар

    Ноосфера


    17-тапсырма. Ультрадыбыс

    Көпшілік елдерде іштегі ұрықтың (дамып келе жатқан баланың) суреттемесін ультрадыбыс (эхография) арқылы алуға болады. Ультрадыбыс ана мен балаға қауіпсіз деп есептеледі. Дәрігер хабар бергіш тетікті ананың ішінің үстінен жүргізіп отырады. Ультрадыбыс толқындары ішкі қабатқа өтеді. Ішкі құрылыстан толқындар ұрықтың сыртына келеді. Жеткен толқындар кейін қарай тетікке беріледі, тетік арқылы қондырғыға жетеді де, ұрықтың суреті шығады (34-сурет).


    34-сурет – Ультрадыбыс
    Сұрақ. Ұрықтың суреті сонымен қатар рентген сәулелерінің көмегімен алуға болады. Алайда әйелдерге жүкті кезінде рентген сәулелерімен ішкі құрылысты зерттеуге кеңес берілмейді. Қандай себептен әйелдерге жүкті кезінде рентген сәулелерімен ішкі құрылысты зерттеуге кеңес берілмейді?

    Сұрақ: Болашақ анаға ультрадыбыс зерттеуі келесі сұрақтарға жауап бере ала ма? «Иә» немесе «Жоқ» (9-кесте).
    9-кесте




    Иә / Жоқ

    Бір бала ма немесе бірнеше ме?




    Баланың көзінің түсі қандай?




    Бала көлем жағынан дұрыс па?



    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта