Жоспар. Pisa Есептер жинағы (1). Инструкция по выполнению заданий и приведены образцы выполнениии заданий по естественнонаучной, математической грамотности и грамотности чтения. Сборник задач содержит более 130 заданий
Скачать 1.05 Mb.
|
2.3 Математикалық сауаттылығы1-есеп. Жанармай. 2016 жылы 1 литр бензин 125 тг тұрады. Ал 2007 жылы ол 23,2%-ға қымбат болған. 1-сұрақ: Бензиннің 2007 жылғы бағасы қандай? Жауабы: __________ 2-сұрақ: Бензиннің бағасы 2007 жылмен салыстырғанда 2016 жылы қанша теңгеге қымбат? Жауабы: __________ 2-есеп. Киім тігу. Тігін шеберханасында көйлек тігуге 600 м матаның 420 м мата кеткен және одан 84 көйлек тігілген. 1-сұрақ: Барлық матаның қанша пайызы көйлек тігуге жұмсалды? Жауабы: __________ 2-сұрақ: Үш көйлек тігуге қанша метр мата жұмсалған? Жауабы: __________ 3-сұрақ: 600 м матадан осындай қанша көйлек тігуге болады? Жауабы: __________ 3-есеп. Қозғалыс. Астана және Павлодар қалаларының арақашықтығы шамамен 450 км. Осы арақашықтықты картада бейнелеу қажет. 1-сұрақ. Астана және Павлодар қалаларының арақашықтығы картада 8 см болу үшін картаны қандай масштабта алу қажет? Жауабы: _______. 2-сұрақ. Егер картаның масштабы 1: 1000 болса, онда 450 км қанша сантиметрге тең болады? Жауабы: ________. 4-есеп. Қозғалыс. Масштабы 1:190 картада Алматы қаласы мен Қостанай қаласының арақашықтығы 10 см-ге тең. 1-сұрақ. Алматы мен Қостанай қалаларының арақашықтығы қанша километрді құрайды? Жауабы: ________. 2-сұрақ. Егер 100 км-ге 8 л бензин қажет болса, онда осы қалалардың аралығына қандай мөлшерде бензин жұмсалады? Жауабы: ________. 5-есеп. Билет бағасы. Астана стансасынан Бурабай курорты стансасына дейін ересектер билетінің бағасы 1300 тг, ал балалар билетінің бағасы 600 тг тұрады. 1-сұрақ: Астана стансасынан Бурабай курорты стансасына дейін бір ересек және бір балалар билетінің бағасы қандай? Жауабы: ________. 2-сұрақ: Астана стансасынан Бурабай курорты стансасына дейін баруға және кері қайтуға үш ересек және бес балалар билетін алу үшін 13000 тг жеткілікті ме? Жауабы: ________. 3-сұрақ: Астана стансасынан Бурабай курорты стансасына дейін баруға және кері қайтуға екі ересек және төрт балалар билетін алу үшін қанша теңге қажет? Жауабы: ________. 6-есеп. Билет бағасы. Үш ересек және төрт баладан тұратын отбасы Астана қаласынан Алматы қаласына баруға жиналды. Барлығына баруға және кері қайтуға билеттер сатып алу қажет. 10-кестеде Астана – Алматы қатынасындағы пойыздардың плацкарт вагонының билет бағасы көрсетілген. 10-кесте – Плацкарт вагонға билеттің бағасы
1-сұрақ. Пойыздардың жолына кететін уақыттарын және билеттерінің бағаларын салыстырыңыздар. Қорытынды жасаңдар. Жауабы: ____ . 2-сұрақ. Дұрысы қай пойызға билет сатып алу керек? Жауабын түсіндіріңіздер. Жауабы: ____ . 3-сұрақ. Пойызбен баруға және кері қайтуға жұмсалатын ақшаның ең аз сомасы қандай? Жауабы: ____ . 4-сұрақ. Баруға және кері қайтуға жұмсалатын ақшаның ең арзан және ең қымбат бағаның арасындағы айырмашылығы қандай? Жауабы: ____ . 7-есеп. Астана қаласы тұрғындарының саны. Қазақстанның астанасы Астана қаласы бүгінгі күнде тез өркендеуде. Халқының саны да жылдан жылға өсуде. 11-кестеде Астана қаласының 1989 ж., 2000 ж., 2005 ж., 2010 ж., 2014 ж., 2015 ж. тұрғындарының саны берілген. 11-кесте – Астана қаласы тұрғындарының саны
1-сұрақ. 1989 жылмен салыстырғанда 2015 жылы тұрғындардың саны қанша пайызға артты? Жауабы: _______. 2-сұрақ. Пайызбен есептегендегі тұрғындардың орташа өсуі қандай? Жауабы: _______. 3-сұрақ. Астана халқы өсуінің осындай пайызы сақталатын болса, онда Астана тұрғындары неше жылдан кейін миллионнан асады? Жауабы: _______. 8-есеп. Көлдер. Әлемдегі аса ірі көлдер қатарында бірінші орында Каспий теңізі, оның бетінің ауданы 371 мың км2 құрайды, жетінші орында Байкал көлі, оның ауданы Каспий теңізінің ауданынан 339278 км2-ге кем, ал Қазақстанның шығыс бөлігінде орналасқан Балқаш көлінің ауданы Каспий теңізінің ауданынан 356400 км²-ге кем және ол он үшінші орында тұр. 1-сұрақ. Байкал көлінің және Балхаш көлінің ауданы қанша шаршы километрді алып жатыр? 2-сұрақ. Әрбір көлдің ауданы қанша гектарды алып жатыр? (1 га = 10000 м2, 1км 2 = 1 000 000 м2). Жауабы: _______. 3-сұрақ. Жуық шамамен Каспий теңізінің ауданы Байкал көлі мен Балқаш көлінің ауданынан қанша есе артық (жеке алғанда)? Жауабы: _______. 4-сұрақ. Барлық көлдердің ауданы неге тең? Жауабын гектармен жазыңдар. Жауабы: _______. 9-есеп. Омыртқалы жануарлар. 12-кестеде біздің республикамыздың аумағында мекендейтін омыртқалы жануарлар саны туралы кейбір деректер көрсетілген. 12-кесте – Қазақстандағы омыртқалы жануарлар саны
1-сұрақ: Елімізде мекендейтін бауырымен жорғалаушылар саны қанша? Жауабы: _______ 2-сұрақ: Елімізде мекендейтін қос мекенділер саны қанша? Жауабы: _______ 3-сұрақ: Елімізде мекендейтін құстардың түрлері қанша? Жауабы: _______ 4-сұрақ. Еліміздің аумағында балықтың қанша түрі мекендейді? Жауабы: _______ 5-сұрақ: Елімізде мекендейтін сүт қоректілер саны қанша? Жауабы: _______ 6-сұрақ: Еліміздің аумағында омыртқалы жануарлардың қанша түрі бар? Жауабы: _______ 10-есеп. Киіз үй. Киіз үй – киізбен жабылған қаңқалы көшпелі үй. Киіз үйдің негізгі бөлігі – ағаш қаңқа мен киіз жапқышы. Киіз үйдің сүйегін: жылжымалы керегекөз негізі – кереге, күмбез сырғауыл – уық, жартылай сфералы төбесі – шаңырақ, есік құрайды. Киіз үйдің керегесі бірнеше бөлек бөліктерден – қанаттардан құралады. Қанаттар санына байланысты киіз үйлер төрт қанатты, алты қанатты және т.б. болып бөлінеді. 13-кестеде алты қанатты киіз үйдің өлшемдері дұрыс көрсетілген, ал төрт және он қанатты киіз үйлердің өлшемдері ауыстырып берілген. 13-кесте – Киіз үйдің мөлшерлері
1-сұрақ: Алты қанатты киіз үйдің өлшемдерін пайдаланып, төрт қанатты киіз үйдің өлшемдерін анықтаңдар. Жауабы: _______ 2-сұрақ: Алты қанатты киіз үйдің өлшемдерін пайдаланып, он қанатты киіз үйдің өлшемдерін анықтаңдар. Жауабы: _______ Одан әрі қарай түрлер мен деңгейлерге бөлінбеген тапсырмалар келтірілген. 11-есеп. Бояу. Бөлменің төбесі 35-суретте бейнеленгендей ортасы ақ эмульсиямен, шеттері жасыл эмульсиямен боялған. 1-сұрақ. Шеттерінің ені қандай болады? Жауабы: _______. 2-сұрақ. Ақ эмульсиямен боялған бетінің ауданы қанша? Жауабы: _______. 3-сұрақ. Жасыл эмульсиямен боялған бетінің ауданы қанша? Жауабы: _______. 35-сурет 12-есеп. Өнімділік. Ені 0,45 км, ал ұзындығы енінен 0,5 есе артық болатын тіктөртбұрышты жер теліміне күріш өсірілді. 1-сұрақ. Егістік ені қанша километр? Жауабы: ___________ . 2-сұрақ. Егістік ауданы қанша гектар? (1 км2 = 100 га) Жауабы: ___________ . 3-сұрақ. Әр гектардан х ц күріш жиналған болса, онда егістіктен барлығы қанша центнер күріш жиналды? Жауабы: ___________ . 13-есеп. Шаруа қожалығы. Шаруа қожалығында 300 бас қой бар. Әрбір қойдан 5,1 кг жүн қырқылды. Жүнді жуғаннан кейін ол 1,2 кг-ға жеңілдеді. 1 кг таза жүннен 0,7 м мата тоқуға болады. 1-сұрақ. Шаруа қожалығының барлық қойларының жүнінен қанша метр мата тоқуға болады? Жауабы: ___________ . 2-сұрақ. Жүннен тоқылған матадан көйлек тігу үшін орташа есеппен ересек адамға 2,5 м, ал жасөспірім қыз балаға 0,9 м мата кетеді. Ересек адамның көйлегі 10500 тг, ал жасөспірімнің көлегі 6700 тг тұрады. Егер фабрика шаруа қожалығынан жуылмаған жүнді 1 кг-на 170 тг-ден сатып алса, өңдеуге кететін шығын сатып алған бағаның 30%-ын құраса әрбір бұйымды тігудегі экономикалық пайданы есетеңдер. Жауабы: ___________ . 14-есеп. Ойыншықтар дүкенінде. Ойыншықтар дүкеніндегі әр түрлі үстел үстіндегі ойын түрлерінің бағалары келесі 14-кестесінде көрсетілген. 14-кесте
1-сұрақ. Бағасы 1500 теңгеден аспайтын ойыншық түрлері санын табыңдар. Жауабы: ___________ . 2-сұрақ. Әкесі кішкентай қызына екі әр түрлі ойындар сатып алды, оған ол 2500 теңгеден кем ақша жұмсады. Мұнда сауданың нұсқалары санын табыңдар. Жауабы: ___________ . 3-сұрақ. Егер үш ойыншық сатып алса, дүкенде барлық саудаға 20% жеңілдік беріледі. Әкесі қызына қандай үш ойыншықты сатып алуына болатынын жазыңдар. Жауабы: ___________ . 15-есеп. Бөлмені жөндеу. Офис бөлмесін жөндеу қажет. Айдос бұл жұмысты үш күнде, Ербол осы жұмысты төрт күнде, ал Мейрам бес күнде орындайды. Келесі сұрақтарға жауап беріңдер. 1-сұрақ. Олар бұл жұмысты бірге қанша уақытта орындайды? Жауабы: ___________ . 2 сұрақ. Егер алдымен Айдос бір өзі үштен бір бөлігін, сосын қалған бөліктің жартысын – Ербол, ал ендігі қалғанын – Мейрам орындаса, барлық жұмыс қанша уақытта орындалады? Жауабы: ___________ . 3-сұрақ. Барлық жұмысты кім тезірек орындыйды: Айдос бір өзі ме, әлде Ербол мен Мейрам бірге жұмыс істесе ме? Жауабы: ___________ . 16-есеп. Таулар. 15-кестеде әр континент бойынша ең биік таулар туралы мәліметтер көрсетілген. Осы мәліметтерді қолданып, таулардың биіктіктерін табыңыздар. 15-кесте – Таулардың биіктігі
17-есеп. Әшекейлеу. Ұзындық өлшемдері 4м және 2,5м қабырғаны 36-суретте көрсетілгендей плиткамен әшекейлеу қажет. 36-сурет 1-сұрақ. Берілген қабырғаның ауданы қанша? Жауабы: ___________ . 2-сұрақ. Бір плитка қанша жерге жетеді? Жауабы: ___________ . 3-сұрақ. Берілген қабырғаны әшекейлеу үшін шамамен қанша осындай плитка керек? Жауабы: ___________ . 4-сұрақ. Берілген қабырғаны әшекейлеу кезінде сурет симметриялы болу үшін кем дегенде қанша осындай бүтін плитка керек? Жауабы: ___________ . 18-есеп. Әшекейлеу . Қабырғасының ұзындығы 45 см ромб пішінді фигураны 37-суретте көрсетілгендей ромб пішінді плиткамен әшекейлеу қажет. 37-сурет 1-сұрақ. Берілген фигураның ауданы қандай? Жауабы: ___________ . 2-сұрақ. Берілген фигураны плиткамен толық толтыру үшін плитканың қабырғасы қанша сантиметр болуы керек? 19-есеп. Қозғалыс. Велосипедші 4 сағат бойы 18 км/с жылдамдықпен жүрді. 1-сұрақ. Жолды 0,5 сағатқа тезірек жүріп өту үшін, ол қозғалыс жылдамдығын қаншаға арттыруы керек? Жауабы: ___________. 2-сұрақ. Жолды 20 км/с жылдамдықпен жүрсе, онда уақыт қалай өзгереді? Жауабы: ___________. 20-есеп. Жас. Әкесі және баласының жасын бірге қосқанда – 30 жас, баласы мен атасының жасын бірге қосқанда – 60 жас, ал әкесі мен атасын бірге қосқанда – 84 жас. Сұрақ. Сонда әкесі, баласы және атасының әрқайсысы неше жаста болғаны? Жауабы: ___________. 21-есеп. Санау. Егер газеттің ашылған парағының сол жақ беті он сегізінші деп, ал оң жағы – отыз алтыншы деп нөмірленсе, онда осы газетте неше бет болғаны? Жауабы: ___________. 22-есеп. Спортшылар саны. Шаңғы жарыс жолында Айнұрдың алдында 25 спортшы тұрды. Айнұрдың артында 19 спортшыдан кейін Елдос кезекте тұр. Елдостан кейін 7 спортшы бар. 1-сұрақ. Айнұрдың нөмірі нешінші? Жауабы: ___________ . 2-сұрақ. Елдостың нөмірі нешінші? Жауабы: ___________ . 3-сұрақ. Жарысқа барлығы қанша спортшы қатысуда? Жауабы: ___________ . 23-есеп. Қашықтық. Оқушыларға 60 тал отырғызу тапсырылды. 1-сұрақ. Талдарды 6 қатарға отырғызу керек болса, онда әрқатарда қанша талдан болады? Жауабы: ___________. 2-сұрақ. Талдарды әрқатарда 12 талдан болатындай етіп отырғызса, онда қанша қатар болады? Жауабы: ___________. 3-сұрақ. Талдарды 4 қатарға әрқатарда 5 талдан болатындай етіп отырғызуға болады ма? Жауабы: ___________. |