Главная страница
Навигация по странице:

  • «Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы қызықты деректер

  • Жоспар. Pisa Есептер жинағы (1). Инструкция по выполнению заданий и приведены образцы выполнениии заданий по естественнонаучной, математической грамотности и грамотности чтения. Сборник задач содержит более 130 заданий


    Скачать 1.05 Mb.
    НазваниеИнструкция по выполнению заданий и приведены образцы выполнениии заданий по естественнонаучной, математической грамотности и грамотности чтения. Сборник задач содержит более 130 заданий
    АнкорЖоспар
    Дата07.02.2022
    Размер1.05 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаPisa Есептер жинағы (1).docx
    ТипИнструкция
    #353934
    страница5 из 5
    1   2   3   4   5

    2-мәтін.
    1. Кең қанаттары (созған кезде 2 метрге дейін жетеді) мен қысқа құйрығы (30-35 см) ұшқан кезде «ұшып бара жатқан қанатқа» ұқсайды. Ұябасарының денесі шәулісіне қарағанда ірілеу болады. Латынша «алтын қыран» деген аты күштілік пен айбындылықтың белгісі ретінде 200 жыл бұрын берілген. Бүркіттің салмағы 3 кг-нан 6 кг-ға дейін. Үлкен құстары қара-күрең түсті, төменгі жақтары ақшылдау болады. Ұясын ағаштарға, құзжартастардың басына, ал далалы жерде – жерге салады. Өте жақсы ұшырады, жерде жақсы жүреді, жүгіре алады. Жемтігін ұстаған кезде, жартылай ашылған қанатымен ұстайды. Ұсақ және орташа сүтқоректілерді және құстарды ұстайды.

    2. Қазақстанда ормансыз және шөл далалардан басқа барлық жерлерде кездеседі, бірақ сирек. Қыста көбіне оңтүстікке ұшып кетеді.Саны азайып бара жатқан, сиреккездесетін құс. Қазақстанда кең таралған, бірақ біркелкі емес, кездейсоқ. Жалаңаш және құз-жартасты тауларды, қыраттарды, қарағайлы және басқа да тоғайларды, өзендердің жайылмасын, сексеуілді шөлдерді мекендейді.

    3. Қазақстандағы жалпы саны белгісіз, шамасы бірнеше жүз болуы керек. Санының азаюының негізгі себептері: заңсыз аулау, қолда өсіру үшін ұядан балапандарын алу, ересек құстардың электр сымдарында, қақпан моңыңдағы уланған жемдерді жеп өлуі және қақпанға түсуі. Бүркітті қорғауды кеңінен насихаттап, заңды түрде қорғау тәртібін белгілеп, аңшы құс ретінде қолда бағу жағдайын жасау керек.

    4. Бүркіт – қырандар ішіндегі ең ірі әрі күшті, дене бітімі мығым, жылдам ұшатын құс. Саусақтары салалы, ірі әрі бедерлі (мүйіз қабыршақты). Қауырсындары бір түсті қара қоңыр. Желкесі мен мойнының сырты сарғыш-жирен түсті. Жас бүркіттің құйрығы ақ, оның ұшында жалпақ қара жолағы, қанатының астында ірі ақ қауырсындары болады. Бүркіттің қанатының шеткі қауырсындарын шалғысы деп, ал құйрығының ортасындағы екі қабат әлді қауырсынын көбесі, қалғандарын жебесі деп атайды. Ұябасарының бір қанатының ұзындығы (топшысынан шалғысының ұшына дейінгі аралығы) 65 – 74 см, шәулісінікі – 59 – 66 см. Ұябасарының салмағы 3,8 – 6,3 кг, шәулісінікі 2,8 – 4,1 кг. Бүркіттің құйрық қанатының ұзындығы 33 – 36 см. Тұмсығының үстіңгі жағы төмен қарай иіліп келген, ұшы үшкір болады

    5. Табиғи жағдайда бүркіт жүз жылдай тіршілік етеді. Қазақ құсбегілері бүркітті жасына қарай ажыратып, атай білген. Мысалы: бір жастағысын – балапан, екідегісін – қантүбіт, үштегісін – тірнек, төрттегісін – тас түлек, бестегісін – мұзбалақ, алтыдағысын – көк түбіт, жетідегісін – қана, сегіздегісін – жаңа, тоғыздағысын – майтүбіт, ондағысын – барқын, он бірдегісін – баршын, ал он екі жастағысын – шөгел деп атаған.

    6. Халық ұғымында бүркіт – текті әрі киелі құс. Мысалы, балалардың бас киіміне, бесікке бүркіттің бармағын тағып қойған.

    7. Қыран бүркіт мықтылықтың, қайсарлықтың, еркіндіктің белгісі. Қазақстан Республикасының Туындағы бүркіт бейнесі азаттық айбыны ретінде бейнеленген.

    Дереккөзі:

    kk.wikipedia.org/wiki/

    Тапсырмалар:

    1-сұрақ.

    Бүркіттің азаю себептері неде?

    Жауабыңызды бір сөйлеммен жазыңыз.

    2-сұрақ.

    Бүркіттің дене бітімі қандай?

    Жауабыңызды 1-2 сөйлеммен жазыңыз.

    3-сұрақ.

    ІІ азбац не туралы?

    A. Бүркіттің азаю себептері.

    B. Бүркіттің дене бітімі.

    C. Бүркіттің мекендейтін орны.

    D. Бүркіттің мінез-құлқы.
    Тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар:
    1-тапсырма

    1. Мәтінді зейін қойып оқып шығыңыз.

    2. Мәтіннен «негізгі себептері» деген кілт сөзін табыңыз.

    3. Мәтіннің тақырыбына зейін аударыңыз.

    4. Мәтінге сүйеніп,бір сөйлеммен жауап беріңіз.
    2-тапсырма

    1. Мәтінді көз жүгіртіп қарап шығыңыз.

    2. Мәтіннен«денесі» немесе«кең қанаттары» кілт сөздерін табыңыз.

    3. Машинадан басқа қандай көліктерді қолдануға болатыны туралы айтылған кеңесті табыңыз.

    4. Мәтіндегі «алтын қыран» деген аты күштілік пен айбындылықтың белгісі деген сөйлемге мән беру.

    5. Жауабыңызды бір, екі сөйлеммен өз сөзіңізбен жазыңыз
    3-тапсырма

    1. Тапсырманы мұқият оқыңыз.

    2. Мәтіннен ІІІ абзацты тауып, тағы бір рет оқып шығыңыз.

    3. Дұрыс жауапты тауып белгілеңіз.
    4-тапсырма

    1. Мәтіннен асты сызылған сөзді тауып алыңыз.

    2. Сол сөздің синонимдерін еске түсіріңіз.

    3. Алмастырып қолдануға болатын сөзді белгілеңіз.
    5-тапсырма

    1. Мәтіннен асты сызылған сөзді тауып алыңыз.

    2. Сол сөздің беретін мағынасын ойланыңыз.

    3. Алмастырып қолдануға болмайтын сөзді белгілеңіз.
    Бағалау кестесі

    Ең жоғары балл-3

    1. Жауапта, кем дегенде, келесілердің біреуі ескерілген:

    - табиғатты қорғауға (өз)үлесін қосу 1

    2. Қоршаған ортаны қорғау мүмкіндігі 1

    3. Дұрыс жауапта айтылатын мағына:

    Жауапта сөзді дұрыс тауып қолдануы ескеріледі:1
    «Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы қызықты деректер

    3-мәтін сұрақтарының сипаттамасы

    Сұрақтардың

    нөмірі

    Сұрақтар типтері

    Мәнмәтін

    Құзыреттілік

    Көп таңдауды қажетететін сұрақтар

    Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

    Өзіндік

    Өзіндік

    Көпшілік

    Мектеп

    Кәсіби

    Ақпаратты іздеу және табу

    Өзіндік

    Тұжырымдау

    1







    +

    +













    +




    2




    +







    +







    +







    3




    +







    +













    +

    4







    +

    +
















    +

    3-мәтін
    «Байқоңыр» – әлемдегі тұңғыш әрі ең ірі ғарыш айлағы. Халықаралық маңызы бар нысан туралы келесі қызықты деректерді көп адам біле бермейді.

    1. 1995 жылдан бері Байқоңыр – Ресей Федерациясының құрамындағы федералдық маңызы бар қала.

    2. Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті кеңестік ракеталардың құпиясын сақтау үшін ғарыш айлағы орналасу жерінің екі сызбасын құрастырды.

    3. Жасалған келісімшарт бойынша Байқоңырды жалға беру мерзімі 2050 жылы аяқталады.

    4. 1950 жылы Қазақ даласында ғарыш айлағын салу құрылысы басталғанда ықтимал қарсыластарды алдау үшін Қарағанды облысының Байқоңыр кентінде ағаштан тағы да бір ғарыш алаңы салынған. «Восток-1» («Шығыс-1») кемесін ұшырғаннан кейін (кеменің бортында атақты Гагарин болған) осы кенттен 300 шақырым жерде орналасқан басқа ғарыш айлағына «Байқоңыр» атауы берілді.

    5. Жер шарын алғаш рет айналып шыққан «Восток-1» кемесінің ұшу мерзімі – 108 минут.

    6. «Байқоңыр» ғарыш айлағының астанасы – Байқоңыр қаласы. Қала 1955 жылдан бері салына бастаған. Құрылыс ғарыш айлағының маңызды нысандарын салумен бірге жүргізілген.

    7. 130-дан астам отандық және шетелдік ғарыш «Байқоңыр» ғарыш айлағынан орбитаға ұшып шықты.

    8. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған «Восток-1» кемесі белгіленген орбита бойынша 28 000 км/сағ жылдамдықпен қозғалды.

    9. 50 жылдың ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 1500-ден астам әртүрлі мақсаттағы ғарыш аппараты, 100-ден астам континентаралық баллистикалық ракета, негізгі ракеталардың 38 түрі, сондай-ақ, 80-нен астам ғарыш аппараты және оның модификациялары ғарышқа ұшырылды.

    10. 2000 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров «Жыл адамы» деп танылды.

    11. Көптеген адамдар біле бермейді, бірақ 1998 жылы ғарышқа екінші рет ұшқан Талғат Мұсабаев «Мир» орбиталық станциясын құтқарды.

    12. 2001 жылы Талғат Мұсабаев америкалық турист Денис Титомен бірге (әлемдік біріншілік) ғарышқа ұшты.

    13. Юрий Гагаринді «ғарышкер» емес, «астронавт» деп атаған. Мұны Франция, Ұлыбритания, АҚШ басшылығы Мәскеуге жолдаған құттықтаулар дәлелдейді.

    14. Байқоңыр қаласы бұрын «Ленинск» атауына ие болған.

    Дереккөзі http://e-history.kz/kz/publications/view/1183

    Тапсырмалар:
    1-сұрақ.

    Өзің үшін қандай ерекше қызықты мәлімет алдың? Жауабыңызды бір сөйлеммен жазыңыз.

    2-сұрақ.

    Қай мәліметте әлемдік біріншілік туралы айтылған? Мәліметтің нөмірін жазыңыз.

    3-сұрақ.

    Екінші және төртінші мәліметтерге сәйкес неге ғарыш айлағы орналасу жерінің екі нұсқасы болған? Жауабыңызды бір сөйлеммен жазыңыз.

    4-сұрақ.

    Мына сурет (38-сурет) қай мәліметке сәйкес келеді? Мәліметтің нөмірін жазыңыз.




    38-сурет – Ғарышкер Т. Әубәкіров
    Тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар:

    1-тапсырма

    1. Мәтінді зейін қойып оқып шығыңыз.

    2. Мәтіннің тақырыбына зейін аударыңыз.

    3. Кіріспедегі «тұңғыш әрі ең ірі» деген сөздер тіркесіне назар аударыңыз.

    4. Бір сөйлеммен жауап беріңіз.


    2-тапсырма

    1. Мәтінді көз жүгіртіп қарап шығыңыз.

    2. Мәтіннен санға қатысты мәліметтерге назар аударыңыз.

    3. Әлемдік біріншілік туралы мәліметке мән беріңіз?

    4. Реттік нөмірін жазыңыз.


    3-тапсырма

    1. Тапсырманы мұқият оқыңыз.

    2. Мәтіннен 2 және 5-мәліметтерді тағы бір оқып шығыңыз.

    3. 2 және 4-мәліметтердегі микротақырыптарды белгілеңіз.

    4. Жауабыңызды бір сөйлеммен өз сөзіңізбен жазыңыз.


    4-тапсырма

    1. Суретті мұқият қараңыз.

    2. Оның детальдарына назар аударыңыз.

    3. Оқылған мәтін мен суреттің қандай байланысы бар екенін ойланыңыз.

    4. Мәліметтің нөмірін жазыңыз.


    Бағалау кестесі.

    Ең жоғары балл – 4

    1. Жауапта кем дегенде келесілердің біреуі ескерілген:

    • әлемдегі тұңғыш ғарыш айлағы;

    • халықаралық маңызы бар нысан.

    1. 12-мәлімет.

    2. Дұрыс жауапта айтылатын мағына: құпиясын сақтау үшін.

    3. Оныншы мәлімет.


    Ақбөкендер
    4-мәтін сұрақтарының сипаттамасы


    Сұрақтардың

    нөмірі

    Сұрақтар типтері

    Мәнмәтін

    Құзыреттілік

    Көп таңдауды

    қажетететін сұрақтар

    Қысқа жауапты

    қажет ететін сұрақтар

    Өзіндік

    Өзіндік

    Көпшілік

    Мектеп

    Кәсіби

    Ақпаратты іздеу

    және табу

    Өзіндік

    Тұжырымдау

    1

    +










    +







    +







    2




    +







    +










    +




    3




    +







    +













    +

    4







    +




    +













    +



    4-мәтін

    16-кестеде Қазақстандағы ақбөкендер санының өсу динамикасы көрсетілген. Қазақстанды мекендейтін ақбөкендер саны бұл жануардың әлемдік популяциясының 90 пайызын құрайды. Сарапшылардың айтуынша, 2016 жылы ақбөкендер қазақ даласынан мүлде жойылып кету қауіпі бар.

    Дереккөзі http://abai.kz/post/view?id=5550

    16-кесте – Ақбөкендер саны


    Популяциялар саны (мың бас)

    85,5

    мың бас

    102,0

    мың бас

    137,5

    мың бас

    187

    мың бас

    256,7

    мың бас

    225,7

    мыңға азайған

    2010 жыл

    2011 жыл

    2012 жыл

    2013 жыл

    2014 жыл

    2015 жыл

    Дереккөзі http://el.kz/blogs/entry/content-1175
    Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген.

    Ақбөкендер Ұлы Отан соғысы кезінде еркін өмір сүрді. Бұл Қазақстандағы ақбөкендердің ең көбейген кезі болды. Содан бергі уақытта дала еркесі – ақбөкен адамдардың жауыздығынан бірнеше рет жаппай қырғынға ұшырады. Сарыарқада қазіргі жүрген ақбөкендер саны – 31-32 мың ғана(39-сурет).Ал осыдан жиырма жыл бұрын түзде жосыған ақбөкендердің саны 1 миллион 400 мың болған екен.Үкімет ақбөкендерді 2006 жылы «Қызыл кітапқа» енгізген.

    Дереккөзі https://kk.wikipedia.org/wiki


    Дереккөзі http://go.mail.ru/search_images
    39-сурет – Ақбөкендер тіршілігі
    Тапсырмалар:

    1-сұрақ.

    2015 жылы ақбөкендер саны қанша бас болған?
    А. 15 мыңға жуық.

    В. 20 мыңға жуық.

    С. 50 мыңға жуық.

    Д. 31 мыңға жуық.

    Е. Ондай ақпарат жоқ.

    2-сұрақ.

    Ақбөкендердің саны шамамен қай жылы 1 миллион 400 мың болған екенін анықтаңыз.

    3-сұрақ.

    Автор не себепті 2-сұрақтағы жылдарды ерекше көрсетіп отыр?

    4-сұрақ.

    Ақбөкендер болашағы туралы ойыңызды бір сөйлеммен қорытындылаңыз

    5-сұрақ.

    Ақбөкендердің саны 2013 жылдан кейін қанша пайызға азайды?

    А. 10-12%.

    В. 57-60%.

    С. 15-20%.

    Д.25-30%.

    Е. 50-52%.

    Тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар:

    1. 1-суретке мұқият қараңыз.

    2. 1-суреттен қажетті ақпаратты алыңыз.

    3. Екінші сұрақтың жауабына мұқият назар аударыңыз.

    4. 2-суреттің қандай жағдайда бейнеленіп тұрғаны туралы ойланыңыз.

    5. Мәтінді мұқият оқыңыз.

    Бағалау кестесі.

    Ең жоғары балл – 5

    1. 31 мыңға жуық.

    2. Шамамен 1995-1996 жылдары.

    3. Осыдан жиырма жыл бұрын түзде жосыған ақбөкендердің саны 1 миллион 400 мың болған екен.

    4. Барлық мәліметтер ақбөкендер саны қырыла берсе, олардың құрып кетеуі мүмкін екенін көрсетеді.

    5. Ақбөкендердің саны 2013 жылдан кейін қанша 57-60 пайызға азайды.


    Мазмұны


    1

    TIMSS халықаралық зерттеулерiне 8-сынып оқушыларын дайындайтын есептер жинағы...........................................................


    3

    1.1

    Тапсырмаларды орындауға нұсқау...................................................

    3

    1.2

    Ғылыми жаратылыстану сауаттылық...............................................

    5

    1.3

    Математикалық сауаттылық...............................................................

    20

    2

    PISA халықаралық зерттеулерiне дайындайтын

    есептер жинағы ....................................................................................


    28

    2.1.

    Тапсырмаларды орындауға нұсқау ...................................................

    28

    2.2

    Ғылыми жаратылыстану сауаттылық ...............................................

    30

    2.3

    Математикалық сауаттылық...............................................................

    37

    2.4

    Оқу сауаттылығы.................................................................................

    46


    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта