Алгоритмы каз.яз-1. Интервью рамында олданылатын коммуникативтік дадылар
Скачать 81.96 Kb.
|
Артериялық қан кетуде қан тоқтататын жгутты қою техникасы Мақсаты: Артериялық қан кетуді тоқтату. Көрсеткіштері:Артериялық қан кету. Құралдар: Эсмарха қан тоқтататың жгуты,стерильденген перчатка ,үлкен салфетка немесе сүлгі,таңғыш материал,қағаз қарандаш. Әрекеттер алгоритмі: 1.Ең алдымен жедел жәрдем көмекті шақыртамыз. 2.Зардап шегушінің жағдайын анықтаңыз, жарасын қараңыз, сабырға шақырыңыз, жатқызыңыз, әрекеттің мақсатымен жүрісін түсіндіріңіз. эж 3. Аяқ қолды жоғары қалыпта қоямыз. Жгут қою орнына қан кету аймағынан жоғары салфетка немесе сүлгімен ораңыз. Қан кетуді тоқтату үшін жгутты қатты байлаңыз. Келесі айналымдарды алдыңғысын жаба отырып айналдырыңыз. 4.Жгут дұрыс салынғандығын тексеріңіз: шеткерлік пульсацияның тоқтатылуы, аяқтарының суық болуы және бозаруы керек. Жгуттың қойылған уақытын, күнінқағазға жазып, жгуттың астына салып қоямыз . 5. Хирургиялық әдіспен қолыңызды жуып өңдеңіз 6.Залалсызданған қолғаптарды кию - қаптамадағы қолғапты алып, қаптаманы ашу; сол қолмен саусақтар қолғаптың ішкі жағына тимейтіндей етіп оң қолға арналған қолғаптың қайырма жағынан ұстау; оң қолдың саусақтарын біріктіру және қолғапқа енгізу; оң қолдың саусақтарын ашып, қолғапты қайырма жағын бұзбай кию; сол қолға арналған қолғаптың қайырма жағынан саусақтар қолғаптың ішкі жағына тимейтіндей етіп оң қолдың екінші, үшінші және төртінші саусақтарымен (қолғаппен) ұстау; сол қолдың саусақтарын біріктіру және қолғапқа енгізу; алдымен сол қолдың, одан кейін оң қолдың қолғаптарының қайырма жақтарын түзетіп ашу. 7.Қажетті құрал-жабдықтарды дайындаңыз:1% йодонат, мақта дәкешаригі, асептикалық салфетка, бинт, пинцет, лоток,қайшы, қолданған құрал - жабдықтарды тастау контейнері, орамал. 8. Жара айналасын1% йодонатпен өңдеңіз. Асептикалық таңғышты салыңыз. 9.Таңғыштың үстіне мақта – марлілі тампон(пелот) қойыңыз. Тампонды бинтпен тығыз бекітіңіз. 9. Жарақатталған қолын физиологиялық қалпына келтіріп, қозғалтпау үшін орамалды байлаңыз. 10.Қолданған құрал - жабдықтарды, қолғапты шешіп «Класс Б» сары контейнерге тастаңыз. 11. Зардап шегушіні стационарға тасымалдаңыз, тасымалдау уақытында тамыр соғысын, қан қысымын есін, байлам күйін қадағалау. Ескерту:Салынған жгутты 1,5-2сағаттан артық ұстауға болмайды. Науқастың ұзақ транспортировкасында жгутты мүмкіншілігінше әр30 минут сайын 10-15 мин.босатып тұрады. Уақытша тоқтатудың әдісі -(саусақпен қысу). Жгутты киім немесе таңғыш астына жасыруға болмайды. Баспа байлам қою техникасы Мақсаты: қан тамырдан – капиллярдан, венадан қан кетуді тоқтату, бас жұмсақ тіндерінің гемостазы. Әрекет алгоритмі: 1.Ең алдымен жедел жәрдем көмекті шақыртамыз 2.Зардап шегушінің жағдайын анықтаңыз,жарасын қараңыз, сабырға шақырыңыз, жатқызыңыз, мақсатымен әрекеттің жүрісін түсіндіріңіз. 3.Хирургиялық әдісімен қолыңызды жуып өңдеңіз. Залалсызданған қолғаптарды киіңіз - қаптамадағы қолғапты алып, қаптаманы ашу; - сол қолмен саусақтар қолғаптың ішкі жағына тимейтіндей етіп оң қолға арналған қолғаптың қайырма жағынан ұстау; - оң қолдың саусақтарын біріктіру және қолғапқа енгізу; - оң қолдың саусақтарын ашып, қолғапты қайырма жағын бұзбай кию; - сол қолға арналған қолғаптың қайырма жағынан саусақтар қолғаптың ішкі жағына тимейтіндей етіп оң қолдың екінші, үшінші және төртінші саусақтарымен (қолғаппен) ұстау; - сол қолдың саусақтарын біріктіру және қолғапқа енгізу; - алдымен сол қолдың, одан кейін оң қолдың қолғаптарының қайырма жақтарын түзетіп ашу 4.Қажетті қурал-жабдықтарды дайындаңыз: 1% йодонат, мақта марлілі тампон, асептикалық салфетка, бинт, пинцет, лоток,қайшы, қолданған құрал жабдықтарды тастау контейнер, орамал. 5. Жара айналасын1% йодонатпен өңдеңіз. Асептикалық таңгышты салыңыз. 6. Таңғыштың үстіне мақта – марлілі тампон(пелот) қойыңыз. Тампонды бинтпен тығыз бекітіңіз. 7. Жарақатталған қолын физиологиялық қалпына келтіріп, қозғалтпау үшін орамалды байлаңыз. 8. Қолданған қүрал жабдықтарды, қолғапты шешіп «Класс Б» сары контейнерге тастаңыз. 9. Науқасты стационарға тасымалдаңыз, тасымалдау уақытында тамыр соғысын, қан қысымын, есін, байлам күйін қадағалаңыз. «Жарақатты алғашқы өңдеуді жүргізу және таңғыш салу»
«Ортан жілік сынғанда алғашқы көрсетілетін көмек» 1.Ең алдымен жедел жәрдем көмекті шақыртамыз. 2. Зардап шегушіні көлденең жатқызап, тынышталдырыңыз. Тексеру мақсатын түсіндірініз Жарақат орның қараныз, сынық, не шығу бар-жоғын анықтаңыз. Сезімсіздендіруші тәсіл жасаңыз -кетонал еңгізіңіз (егер алдында жасалмаса). 3. Стерильденген қолғапты киіңіз- заласызданған қаптамадан қолғаптарды алып ашамыз; Сол қолдың саусақтарымен қайырма жағынан қолғапты алып, ішіндегі бетін ұстамайтындай етіп, оң қолдың саусақтарын біріктіріп, қолғапқа еңгіземіз; қайырма жағын бұзбай қолғапты киіп, саусақтарды ашамыз;-Екінші, үшінші, төртінші оң қолдың саусақтарымен қайырма жағынан қолғапты алып, ішіндегі бетін ұстамайтындай етіп, сол қолдың саусақтарын біріктіріп, қолғапқа еңгіземіз; қайырма жағын бұзбай қолғапты киіп, саусақтарды ашамыз; - алдымен сол қолындағы, содан кейін оң қолдын қайырма жақтарды түзетеміз. 4. Қажетті құралдарды дайындаңыз- баспалдақты Крамердің үш шинасы (үш шина 80см х8 см, бір шина 120см х 11см). Мақта-дәкеден жасалынған төсеме, қайшы, қалдық материалдарды жинайтын пластикалық қап, орташа және үлкен бинт, медициналық мақта, дәкелер, орамал. 5. Зақымдалған аяғына, ең алдымен сау аяғына сәйкестендіріп, шинаны орнатқызу қажет. Сол үшін зардап шегушінің жамбасы сынса- жіліншік табаніна, тізеге және жамбас санынің буындарына салынады. Шина түбін науқастың сау аяғынасаусақтан өкшеге дейін қойыныз,. Өкше аймағында тік бұрышта бүгіңіз. Зақымдалған аяғының астына орнатқызамыз- өкшеден беліне дейін. Аяғын физиологиялық қалпына келтіреміз. 80 см шинаны аяғының ішкі жағынан моделдейді, үзындығы -шатынан бастап табанынан 10-12 см ұзын болу керек . Екі 80 см шинаны жалғап, аяғының сыртқы жағынан моделдейді. ұзындығы –қолтығы астынан бастап табанынан 10-12 см ұзын болу керек.Бұл мүмкін болмаса, аяғын ауырмайтындай ынғайлы қалпында орнатамыз. 6. Шығып түрған сүйектердің қасына мақта-дәкелік төсеме саламыз: жарақатталған жағынан қолтық астына және шатының астына мақта- дәке валиктерді салу қажет. Қысылып некроз болмау үшін шығып түрған сүйектердің қасына: (тобық, тізе буыны, үлкен бұдырмақ -мықын сүйегінің қанаты). 7. Шина жақсы бекуі үшін аяғына екі жерінен бинтпен бекітіп қойыңыз. Кеудесіне орамал байлаңыз. Бинттің әр келесі турыалдыңғы турды жартылай үстінен жауып тұратындай етіп бинтпен шиналарды бекітеміз. 8. Қолғапты шешіп КБУ ға тастаныз. 9. Науқастың әрі- қарай баратын бағытын анықтау ( науқастың ауырлығы жағдайына қарай стационарлық немесе амбулаторлық еміне жіберу) «Сирақ сүйегіне Крамер шинасын қою техникасы» Мақсаты: 3 шина көмегімен транспорттық тасымалдау. Көрсетілім: сирақ сүйектерінің сынығы, тізе буынының шығуы. 1.Ең алдымен жедел жәрдем көмекті шақыртамыз. 2. Зардап шегушіні көлденең жатқызып, тынышталдырыңыз. Тексеру мақсатын түсіндірініз Жарақат орның қараныз, сынық не шығу бар-жоғын анықтаңыз. Ауырсыздандыружүргізіңіз -кетонал еңгізіңіз (егер алдында жасалмаса). 3. Стерильденген қолғапты киіңіз- залалсызданған қаптамадан қолғаптарды алып ашамыз; сол қолдың саусақтарымен қайырма жағынан қолғапты алып, ішіндегі бетін ұстамайтындай етіп, оң қолдың саусақтарын біріктіріп, қолғапқа еңгіземіз; қайырма жағын бұзбай қолғапты киіп, саусақтарды ашамыз; -екінші, үшінші, төртінші оң қолдың саусақтарымен қайырма жағынан қолғапты алып, ішіндегі бетін ұстамайтындай етіп, сол қолдың саусақтарын біріктіріп, қолғапқа еңгіземіз; қайырма жағын бұзбай қолғапты киіп, саусақтарды ашамыз; - алдымен сол қолындағы, содан кейін оң қолдың қайырмасын түзетеміз. 4. Қажетті құралдарды дайындаңыз-баспалдақты Крамердің үш шинасы 80см х8 см (сирақтың астынғы жағы сынғанда). (Сирақтың үстінгі жағы сынғанда- екі шинасы 80см х8 см, бір шина 120х10см) Мақта-дәкеден жасалынған төсеме, қайшы, қалдық материалдарды жинайтын пластикалық қап, бинт. 5. Дайындалған шинаға аяқты қойыныз: аяғына орта физиологиялық жағдай жасаңыз. 1- шина өкшеден өтіп, сирақ пен жамбастың үшінші бөлігіне дейін. 2- шина сирақтың сырт жағынан өтіп, жамбастың ортаңғы үшінші бөлігінен бастап өкшеден 10-12 см ұзын болу керек. 3-шина сирақтың ішкі бөлігінен өтіп, жамбас орта үшінші бөлігінен бастап өкшеден 10-12 см ұзын болу керек. 6.Қысылып некроз болмау үшін шығып түрған сүйектердің қасына: (тобық, тізе буыны)мақта- дәке валиктерді саламыз. 7.Шина жақсы бекуі үшін аяғына екі жерінен бинтпен бекітіп қойыныз. Бинттің әр келесі туры алдыңғы турды жартылай үстінен жауып тұратындай етіп бинтпен шиналарды бекітеміз. 8.Қолғапты шешіп КБУ ға тастаныз. 9.Науқастың әрі- қарай баратын бағытын анықтау ( науқастын ауырлығы жағдайына қарай стационарлық еміне жіберу ) Ескерту: Шина қойғанда 2 буынды бектіңіз; сынықтан жоғары және төмен буындар. Сирақтың жоғарғы үшінші бөлігінің сынығында, тізе буынының зақымдануында шинаның жоғарғы түбі жамбас буынына жетуі керек. 3 шина жоқ болған жағдайда, шеткі беттеріне 2 шина немесе аяқтыңартқы бөлігіне 1 шина қойылады. Өкше сынығы кезінде шинаны саусақ ұшынан сирақ ортасына дейін қояды. Шинаны 2 жағынан мақтамен орап, дәкелеп қойыныз. «Иық сынығында Крамер шинасын қою техникасы» Мақсаты: Иық сынығында транспорттық тасымалдау. Көрсетілім: Иық шығуы, сынуы. Әрекет алгоритімі: 1.Жедел жәрдем шақыру. 2.Зардап шегушіні өзінізге қаратып отырғызыныз, тынышталдырыныз,жағдайын анықтаңыз. Жарақат орның қараныз, сынық не шығу бар-жоғын анықтаңыз. Ауырсыздандыружүргізіңіз -кетонал еңгізіңіз (егер алдында жасалмаса). сабырға шақырыңыз, мақсатымен әрекеттің жүрісін түсіндіріңіз. 3.Залалсызданған қолғаптарды кию - қаптамадағы қолғапты алып, қаптаманы ашу; сол қолмен саусақтар қолғаптың ішкі жағына тимейтіндей етіп оң қолға арналған қолғаптың қайырма жағынан ұстау; оң қолдың саусақтарын біріктіру және қолғапқа енгізу; оң қолдың саусақтарын ашып, қолғапты қайырма жағын бұзбай кию; сол қолға арналған қолғаптың қайырма жағынан саусақтар қолғаптың ішкі жағына тимейтіндей етіп оң қолдың екінші, үшінші және төртінші саусақтарымен (қолғаппен) ұстау; сол қолдың саусақтарын біріктіру және қолғапқа енгізу; алдымен сол қолдың, одан кейін оң қолдың қолғаптарының қайырма жақтарын түзетіп ашу. 4.Қажетті құрал-жабдықтарды дайындаймыз:мақта-дәкеден жасалынған төсеме, қайшы, қалдық материалдарды жинайтын пластикалық қап, бинт, 120см х11см баспалдақты Крамер шинасы. 5. Шинаны сау қолға қойып, саусақ басынан шынтақ буынына дейінгі аралықты белгілеңіз. Шинаны алып, айқындалған буын орнын тік бұрышта 90 градусқа бүгіңіз. Шинаны сау қолға қойып, шынтақ буынынан иық буынына дейінгі аралықты белгіленіз. Шинаны алып айқындалған буын орнын бүгініз. Шина түбі 115 град. сау күрекшеге өтетіндей етіп қойыныз. Шинаны зақымдалған қолға қойыныз, 6. Физиологиялық қалпына келтіру үшін қолтық астына және алақанына мақта дәке төсемені салыңыз 7. Дәке көмегімен сау күрекшеге дейін бекітіңіз. Шиналардың екі шетін бинтпен байлап қойыңыз. 8. Шет жағынан бастаптығыздап, бинттің әр келесі туры алдыңғы турды жартылай үстінен жауып тұратындай етіп бинтпен шиналарды бекітеміз. 9. Қолғапты шешіп КБУ ға тастаныз 10.Шина жақсы бекуі үшін Дезо таңғышын қойыңыз. 11.Науқастың әрі- қарай баратын бағытын анықтау ( науқастын ауырлығы жағдайына қарай стационарлық немесе амбулаторлық еміне жіберу ) |