Главная страница
Навигация по странице:

  • Көк тамырға иньекцияны орындау

  • -Шприцте ауаның жоқтығын тексеріңіз.

  • Алгоритмы каз.яз-1. Интервью рамында олданылатын коммуникативтік дадылар


    Скачать 81.96 Kb.
    НазваниеИнтервью рамында олданылатын коммуникативтік дадылар
    Дата21.06.2020
    Размер81.96 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАлгоритмы каз.яз-1.docx
    ТипИнтервью
    #131838
    страница4 из 4
    1   2   3   4
    Тері астына инъекцияны орындау


    -Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті хабарлаңыз.

    1. -Қолыңызды антисептикті қолданып жуып, қолғапты киіңіз.

    - Дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындаған парағындағы жазбамен салыстырыңыз.Дәрілік препараттын атын, оның қоюлығын және дозасын көңіл қойып оқыңыз, ерітіндінің сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз.

    - Қолыңызға ораудағы бір рет қолданылатын шприцті алып, оның жасалған күнін және саңылаусыздығын тексеріңіз.

    -Сол қолыңызға ораудағы шприцті поршені мен жоғары қаратып алыңыз.

    -Поршень жағынан орауды ашыңыз.

    -Ораудағы шприцті шығарып, иненің канюлясын шприцтің ине астындағы конусына жалғастырыңыз.

    -Инеден қорғаныс қалпағын алмай тұрып, поршенді өзіңізге қарай тартып шприцке ауаны сорып алып, шприцтен ауаны шығарыңыз, иненің өткізгіштігін тексеріңіз.

    -Құрастырылған шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.

    -Сол қолға ампуланы алыңыз, оны сәл сілкіңіз. Ампуланың мойнын тері антисептигімен суландырылған мақта шаригімен жоғарыдан төмен қарай қозғалыспен тазартыңыз.

    -Ампуланың тар жіңішке бөлігін егеуішпен кесіңіз. Мақта шаригімен ампуланың мойнын орап алып, кесетін жерді сүртіп, ампуланы ашыңыз.

    -Ампуланың сынығын және пайдаланған мақта шариктерін кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    -Сол қолдың II және III саусақтары арасына ашылған ампуланы алыңыз, оң қолға құрастырылған шприцті алыңыз. II саусақпен-иненің канюласын, I, III, IV – цилиндрді, V – поршенді ұстаңыз, инені абайлап ампулаға енгізіңіз.

    -Оң қолмен поршенді төмен қарай тартып, шприцке қажет мөлшердегі ерітіндіні сорып алыңыз.

    -Ерітіндіні сорып алған соң инені ауыстырып, иньекцияға арналған инені кигізіңіз.

    - Сол қолмен шприцті қатаң тіке қалыпта, көз деңгейінде, инесін жоғары қаратып ұстаңыз, ауасын шығарыңыз. (V саусақ – поршенде, ІІ – иненің канюлясында, I, III, IV саусақтар – цилиндрде).

    -Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, II және III саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстап, иненің өткізгіштігін тексеріңіз ауаны және 1-2 тамшы дәрілік ерітіндіні ығыстырып шығарыңыз. Қорғаныш қалпағын инеден алмаймыз.

    -Қорғаныш қалпағын инеден алмаймыз.

    -Шприцті дәрілік ерітіндісімен, тері антисептигімен суландырылған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.

    -Науқасты отырғыңыз немесе жатқызыңыз. Дәрі егетін жерді дайындаңыз.

    -Қолғапты тері антисептигіменөңдеңіз

    - Тері антисептиктермен суландырған екі мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз: ең алғаш үлкен көлемді, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді (мақта шариктерін контейнерге салыңыз).

    -Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың І және ІІ саусақтармен үшкілдің негізі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинаңыз.

    -Тері қыртысының негізіне инені 450С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 2/3 тереңдікке енгізіңіз, қолдың сұқ саусағымен иненің канюлясынан ұстаңыз.

    -Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцті ауыстырмаңыз), І және ІІ саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстап, саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

    -Тері антисептигіне суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.

    -Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алыңыз.

    -Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл ұқалауды жасаңыз. Науқастың хал-жағдайын сұраңыз.

    - Қолданылған шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.


    Көк тамырға иньекцияны орындау

    -Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті хабарлаңыз.

    1. -Қолыңызды антисептикті қолданып жуып, қолғапты киіңіз

    - Дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындаған парағындағы жазбамен салыстырыңыз.Дәрілік препараттын атын, оның қоюлығын және дозасын көңіл қойып оқыңыз, ерітіндінің сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз.

    - Қолыңызға ораудағы бір рет қолданылатын шприцті алып, оның жасалған күнін және саңылаусыздығын тексеріңіз.

    -Сол қолыңызға ораудағы шприцті поршені мен жоғары қаратып алыңыз.

    -Поршень жағынан орауды ашыңыз.

    -Ораудағы шприцті шығарып, иненің канюлясын шприцтің ине астындағы конусына жалғастырыңыз.

    -Инеден қорғаныс қалпағын алмай тұрып, поршенді өзіңізге қарай тартып шприцке ауаны сорып алып, шприцтен ауаны шығарыңыз, иненің өткізгіштігін тексеріңіз.

    -Құрастырылған шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.

    -Сол қолға ампуланы алыңыз, оны сәл сілкіңіз. Ампуланың мойнын тері антисептигімен суландырылған мақта шаригімен жоғарыдан төмен қарай қозғалыспен тазартыңыз.

    -Ампуланың тар жіңішке бөлігін егеуішпен кесіңіз. Мақта шаригімен ампуланың мойнын орап алып, кесетін жерді сүртіп, ампуланы ашыңыз.

    -Ампуланың сынығын және пайдаланған мақта шариктерін кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    -Сол қолдың II және III саусақтары арасына ашылған ампуланы алыңыз, оң қолға құрастырылған шприцті алыңыз. II саусақпен-иненің канюласын, I, III, IV – цилиндрді, V – поршенді ұстаңыз, инені абайлап ампулаға енгізіңіз.

    -Оң қолмен поршенді төмен қарай тартып, шприцке қажет мөлшердегі ерітіндіні сорып алыңыз.

    -Ерітіндіні сорып алған соң инені ауыстырып, иньекцияға арналған инені кигізіңіз.

    - Сол қолмен шприцті қатаң тіке қалыпта, көз деңгейінде, инесін жоғары қаратып ұстаңыз, ауасын шығарыңыз. (V саусақ – поршенде, ІІ – иненің канюлясында, I, III, IV саусақтар – цилиндрде).

    -Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, II және III саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстап, иненің өткізгіштігін тексеріңіз ауаны және 1-2 тамшы дәрілік ерітіндіні ығыстырып шығарыңыз. Қорғаныш қалпағын инеден алмаймыз.

    -Қорғаныш қалпағын инеден алмаймыз.

    -Шприцті дәрілік ерітіндісімен, тері антисептигімен суландырылған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.

    1. - Науқасты отырғызыңыз немесе кушеткаға жатқызыңыз.

    -Науқастың шынтақ астына клеенкалы валикті (жастықшаны) орналастырыңыз (шынтақ буынында қолды максимальды жазу үшін).

    -Резеңке бұрауды (венозды манжетаны) иықтың ортаңғы бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімінің үстінен байлаңыз.

    -Науқастың жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оның қысуын сұраңыз.

    -Көк тамырды зерттеңіз. Қолмен сипалап, ең көп толған көк тамырды табыңыз.

    -Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз

    - Тері антисептиктермен суландырған екі мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз: ең алғаш үлкен көлемді, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді (мақта шариктерін контейнерге салыңыз).

    1. - Оң қолға шприцті алып: II саусақпен – иненің канюлясын, V саусақпен – шприцтің поршенін, III, IV, І – саусақтармен цилиндрді ұстаңыз.

    -Шприцте ауаның жоқтығын тексеріңіз.

    -Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген аймағының терісін біраз қозғалтып, шетіне қарай тартыңыз, көк тамырды бекітуге және қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып ұстап, көк тамырға қатарластыра ұстап, көк тамырды тесіңіз, сосын абайлап иненің үштен бір ұзындығын «қуысқа» түскенін сезгенше көк тамырға енгізіңіз.

    -Поршенді өзіңізге қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

    -Сол қолмен бұраудың бір бос шетін тартып шешіңіз, науқастан жұдырықты ашуын сұраңыз.

    -Ине көк тамырда екеніне қайтадан көзіңізді жеткізіңіз.

    -Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, сол қолдың бірінші саусағымен поршенді басып, шприцтің поршенін тірелгенге дейін жібермей, жайымен дәрілік ерітіндіні көк тамырға енгізіңіз.

    - Залалсыздандырылған, спирттелген 3-ші мақта шаригін тесілген жерге басып, инені шығарыңыз.

    -Тесілген жерді тері антисептигімен суландырған мақта шаригімен 3-5 минуттай басып, науқастан қан толық тоқтағанға дейін шынтақ бүгілісінен қолын бүгуін сұраңыз. Науқастың хал-жағдайын сұраңыз.

    - Қолданылған шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. -Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.
    1   2   3   4


    написать администратору сайта