Алгоритмы каз.яз-1. Интервью рамында олданылатын коммуникативтік дадылар
Скачать 81.96 Kb.
|
«Дезо таңғышын қою техникасы». Мақсаты: Бұғана мен білек сынықтарын бекітіп тасымалдау. Көрсетілім: Бұғана мен білек сынықтары. Қоры: ені 20 см бинт,қайшы,түйрегіш. Әрекет алгоритімі: 1.Науқасты өзінізге қарама-қарсы отырғызып,жарақаттанған қолын ыңғайлап үстел үстіне қойыныз,білегі еркін төмен түсіп тұруы керек. 2.Иық үстіне марлімен оралған мақта үйіндісін қойыныз. 3.Шынтақ буынындағы жараланған қолды бүгініз.Шынтақты көкірекке тақаныз. 4.Дәкенің айналымын сау жақтан сырқат жаққа қарай жүргізіңіз. 5.Дәкені сау жақтың қолтық астынан жаралы жақтың иығының артқы жағымен шынтаққа дейін түсірініз. 6. Дәкені білек пен иық үстінен сау жаққа қарай жүргізініз. 7. Арқа арқылы ауру иық үстіне жүргізіңіз. 8.Жақсы бекіту үшін 4 рет қайталаңыз. «Білекке Крамер шинасын қою техникасы» Мақсаты: транспорттық тасымалдау. Көрсетілім: Білек сүйектерінің сынығы. Қоры: Крамер баспалдақты шинасы- 80х8 см, дәке, мақта, қайшы, 2 мл кетонал, бинт, бекітпе бау, мақта- дәке төсеме, шприц, мақта- дәке төсемелер, бинт, стерильді қолғап, КБУ. Әрекет алгоритімі: Науқасты өзіңізге қаратып отырғызыңыз, тынышталдырыңыз. Тексеру мақсатын түсіндірініз. Қолынызды жуып, өңдеп, стерильді қолғап киіңіз. Ауырсыздандыружүргізіңіз -кетонал еңгізіңіз (егер алдында жасалмаса). Жарақат орның қараңыз. Сынық, не шығу бар-жоғын анықтаңыз. Қолды орта физиологиялық жағдайғакелтіріңіз. Қолды бүгіп кеудеге қарай әкеліңіз. 80см х 8см баспалдақты Крамер шинасын таңыңыз. Шинаны сау қолға қойып, саусақ ұшынан шынтақ буынына дейінгі аралықты белгілеңіз. Айқындалған буында тік бұрышта бүгіңіз. Шинаны сау қолға қойып, білек пен иықты теңденіз. Шинаны қолдың артқы, сыртқы бетіне қойыңыз–саусақ ұшынан иықтың жоғарғы үштен бір бөлігіне дейін. Шинаны саусақ ұшынан иық буынына дейін бекітіңіз. Шина жақсы бекуі үшін бекітпе бау қойыныз. Қолғапты шешіп КБУ ға тастаныз. Науқастың әрі- қарай баратын бағытын анықтау ( науқастын ауырлығы жағдайына қарай стационарлық еміне жіберу. Анафилактикалық шок Анафилактикалық шок (АШ) – ағзаға аллергендер қайталап енгенде жедел түрде аллергиялық реакцияны тудыратын қан айналым, тыныс алу, орталық жүйке жүйесінің бұзылыстарымен сипатталатын, өмірге қауіпті патологиялық үрдіс. Анафилактикалық шок – І типті аллергиялық реакциялардың ең ауыр көрінісі болып табылады. Көп жағдайларда анафилактикалық шоктың себебі дәрі-дәрмектер болады. Реакция дәріні енгізудің барлық түрлерінде бола береді, бірақ тамырға енгізу ең қауіптісі болып табылады. Шоктың тағы бір жиі себебі болып ағзаға шаққанда енетін насекомдардың уы саналады. Әсіресе бастан, мойыннан шаққан жағдайлар қауыпты болады. Анафилактикалық шоктың клиникалық классификациясы: Клиникалық түріне қарай: • типтік; • гемодинамикалық (коллаптоидты); • асфиксиялық; • церебралдық; • абдоминалдық. Ағымына қарай: • жедел қатерлі емес; • жедел қатерлі; • созылыңқы; • рецидивтеуші; • абортивті. Ауырлық дәрежесіне қарай: • I дәрежелі; • II дәрежелі; • III дәрежелі; • IV дәрежелі. Анафилактикалық шоктың клиникасы: Типтік вариант: Науқастың жағдайы жедел түрде нашарлайды. Науқасты қорқыныш сезімі, өлім үрейі билейді, мазасыздану, қозу пайда болады. Қатты әлсіздік, бас айналу, естің бұзылуы, басқа, тілге, бетке қан шапшығандай сезім, бет, қол, бас терісінің қышуы, бас ауруы, демалудың қиындауы, қатты жөтел, жүрек тұсының ауры мен жүрек тарсылдауы, төс атында басып ауырсынунемесе қысып ауыруы, жүрек айну, құсу, іштің ауруы мазалайды. Объективті: пульс жиілеген, жіңішке (шеткері тамырларда), тахикардия (кейде брадикардия, аритмия), жүрек тондары нашар естіледі. Артериялық қан қысымы тез төмендейді (ауыр жағдайларда диастолалық қан қысымы анықталмайды), тыныс алу бұзылыстары (ентігу, аузынан көбік шығып қырылдап дем алу), көз қарашықтары үлкейген, жарыққа реакция бермейді. Гемодинамикалық (коллаптоидтық) вариант (ауыр гипотониямен және вегетативті тамырлық өзгерістердің дамуымен болатын гемодинамикалық өзгерістердің басымдылығымен): Жүрек тұсының қатты ауырсынуы. Объективті: АҚ күрт төмендеуі, пульс әлсіз немесе анықталмайды, жүрек соғуының ритмының бұзылуы, перифириялық тамырлардың спазмы (терінің бозаруы) немесе олардың кеңеюі (тері жалпы «алаулаған қызыл») және микроциркуляция бұзылыстары (мрамор тәріздес тері, цианоз). Асфиксиялық вариант: Жөтел, дауыстың шықпай қалуы, тұншығу. Объективті: ларинго-және/немесебронхорспазм дамуы, жедел ауыр тыныс жетіспеушілігінің белгілерімен қоса көмейдің ісінуі, ауыр гипоксиямен сипатталатын респираторлы дистресс-синдромы. Церебралды вариант: Науқаста қорқу/қозу болады. Объективті: құрысу синдромы, психомоторолық қозу, науқастың есінің бұзылуы, тыныс аритмиясы, вегетативті тамырлық бұзылыстар. Менингиалды және мезенцефалды синдромдар. Абдоминалды вариант («жалған іш теспе» симптоматикасының дамуымен): Эпигастрий аймағының ауырсынуы. Объективті: іш пердесінің тітіркену белгілері. Ағымына қарай: • жедел қатерлі емес:клиникалық симптоматика тез арада дамиды, тиесілі интенсивті терапияның әсерінен басылады. • жедел қатерлі:АҚ тез арада төмендеп, жедел басталуымен (диастолалық - 0 мм рт. ст. дейін), естің бұзылуымен, тыныс жетіспеушілігінің симптомдары мен бронхоспазм белгілерінің тез дамуымен сипатталады. АШ бұл түрі интенсивті терапияға резистентті болып табылады және ауыр өкпе ісінуінің дамуымен, АҚ төмендеуімен, терең коматозды жағдаймен өршиді. АШ неғұрлым тез басталса, соғұрлым өліммен аяқталуы мүмкін АШ ауыр түрі дамиды. АШ аталған түріне дұрыс терапия жүргізілгеннің өзінде жағымсыз өліммен аяқталу тән. • ұзаққа созылған ағымы:алғашқы клиникалық белгілері жедел дамиды, белсенді шокқа қарсы терапия уақытша және толық емес нәттиже береді. Ары қарай клиникалық симптоматика соншалықты өткір емес, бірақ терапевтік шараларға резистенттігімен ерекшеленеді. • қайталамалы ағымы:симптомдарын бастапқыда басқаннан кейін, қайтадан қайталануы тән, кейде екіншілік соматикалық бұзылыстар болады. • абортивті ағымы:шок тез өтеді және еш-бір дәрмексіз оңай басылады. Аурлылық дәрежесіне қарай: I дәрежелі: • гемодинамиканың аздап бұзылуы (САҚжәне ДАҚнормадан 20-40 мм с.б. төмен); • басында ауру алды белгілер пайда болады (тері бөртпелері, тамақтың жыбырлауы және т.б.); • есі сақталған; • жүрек қызметі сақталған; • шокқа қарсы терапияға жақсы беріледі; • АШ ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылады. II дәрежелі: • САҚ 90-60 мм с.сб. аралығында, ДАҚ 40 мм с.б. дейін; • есінің жоғалуы болмайды; • ентігу; • асфиксия (көмейдің ісінуі әсерінен); • тахикардия, тахиаритмия; • шокқа қарсы терапияға жақсы беріледі. III дәрежелі: • САҚ 60-40 мм с.б. аралығында, ДАҚ 0 мм с.б. шамасында; • цианоз; • естің біртіндеп жоғалуы; • сіресу синдромы; • пульс дұрыс емес, жіп тәрізді; • шокқа қарсы ем аз нәтижелі. IV дәрежелері: • клиникасы жедел дамиды; • бірден естен тану; • АҚ анықталмайды; • шокқа қарсы ем нәтижесіз; • 5-40 минут аралығында өліммен аяқталады. Анафилактикалық шокта медициналық көмек көрсету алгоритмі
Бұлшық етке инъекцияны орындау
|