Аурулардың алдын алу бойынша клиникалық интервью құрамында
қолданылатын коммуникативтік дағдылар:
Пациентпен амандасу және танысу.
Жағдайға орай, пациенттің жасына, әлеуметтік жағдайына орай түрліше амандасуға болады. Сөзбен амандасумен қатар қол алысу, науқасқа қарай кішкене алға ұмсынып отыру, басты изеу және күлімсіреу сияқты сөздік емес ара-қатынас ережелерін қолдану керек. Алғашқы кездесуде медицина қызметкері өзін таныстырғаны жөн. Бұл психологиялық тұрғыдан медицина қызметкерінің аты-жөні кабинеттің есігінде жазулы тұрғанның өзінде маңызды.
Пациентке өзінің аты-жөнін толық және қызметін айтып таныстыру қажет. Адам өзінің аты-жөнін, қызметін түсініксіз, қысқа айту, оның өзін-өзі бағалаудың төмендігін және сұхбаттасушының көз алдында оның статусының жоғарылауына ықпал етпейді. Сізге бұрын таныс емес пациенттермен ресми түрде, олардың аты және әкесінің атымен атау жөн. Сізге жақсы таныс пациенттермен, жас пациенттермен немесе балалармен қарым-қатынаста олардың атын атағаныңыз жөн.
| Ыңғайлы тұлға аралық ара-қатынасты таңдау және ұстану. Ең оңтайлы тұлға аралық ара қатынас 45-120 см. құрайды. Үйге қатынасудың мақсаты туралы пациентті хабардар ету. Қысқаша кездесудің мақсатын, оның барысында шешілуге тиіс сұрақтарды айту керек. Мысалы: артериялық гипертонияға қатысты профилактикалық тексеру, АҚ мен пульсті өлшеу, негізгі аурудың болуы мүмкін асқынулары туралы сұхбат жүргізу. Науқасты сұрастыру: негізгі және қосымша шағымдарынжинау. Науқасты қарау: техникасын сақтай отырып артериялық қысымды өлшеу және пульсты анықтау.
Науқасқа процедураның мақсатын түсіндіру керек. Пациентке өлшеу жүргізу кезінде сөйлеуге болмайтындығын ескертіледі, себебі ол артериялық қысымға әсер етуі мүмкін.
- АҚ науқасты арқасына жатқызып немесе ыңғайлы қалпыда отырғызып, екі қолда өлшейді.
- Манжета жалаңашталған иыққа, жүрек деңгейінің тұсында, шынтақ бүгілісінен 2 см. жоғары, арасына 1 саусақ өтетіндей етіп кигізіледі.
- Пальпация арқылы шынтақ шұңқырының үстінде орналасқан иық артериясының максималды пульсация нүктесі анықталады. Осы жерге стетоскоп тығыз артерияны қатты баспайтындай орналастырылады. Стетоскоптың басы манжетаға және трубкаларға тимеуі керек, өйткені жанасқаннан пайда болған дыбыстар Коротков тонының естілуін бұзуы мүмкін.
- Баллонмен манжетаға систолалық қысымның күтілетін деңгейінен жоғары көтерілгенше қысым жіберіледі.
- Содан кейін қысым біртіндеп азайтылады (2 мм с.б./сек жылдамдығымен), фонендоскоп көмегімен иық артериясының үстінен жүрек тондарын тыңдайды.
- Жүректің бірінші тоны естілген кездегі қысым систолалық қысымға сәйкес.
- Тондар жоқ болып кеткен кездегі қысым диастолалық деп аталады.
Артериялық пульс екі қолда өлшенеді.
1) Артериялық пульсты ірі артерияларда (көбінесе бұл білектің төменгі 3/1 бөлігінде, білезік буынының тұсында үлкен саусақ жағынан орналасқан білек артериясы) пациенттің отырған немесе жатқан күйінде анықтайды.
2) Пациенттің қолы сырт жағынан білезік буынының тұсында қолға алынады.
3) Бас бармақ ауру қолының шынтақ жағында, басқа бармақтар ауру қолының білек жағына орналастырылады.
4) Артерияны орташа күшпен білек сүйегінің ішкі жағына қысады.
5) Пульстың жиілігі, ырғақтығы, қатаңдығы, шамасы және толықтығы анықталады. Пульсты ритм дұрыс болғанда 30 секунд аралығында санап екіге көбейтеді. Аритмияда пульс 1 минут аралығында саналады.
Тағайындалған емнің толық көлемде орындалуын анықтау, ем-шаралар режимін қатаң сақтауға көзін жеткізу. Артериялық гипертонияның емі ұзақ, үздіксіз болуы керек, курстармен емдеу қолданылмайды. АГ тиімді емдеу үшін дәрілік заттарды үздіксіз қабылдаумен қатар, келесі шараларды қатаң орындау маңызды:
Эмоционалдық стресстерді болдырмау, ұйқыны қалпына келтіру. Дене қимылын арттыру: аэробикамен, жылдам жаяу жүрумен, жүзумен шұғылдану. Тиімді диетотерапия: жүректің қалыпты жұмыс атқаруына қажетті микроэлементермен (калий, кальций, магний) бай тағамдарды пайдалану: ірімшік, кептірілген өрік, балық және т.б. Қаныққан майлары, холестерины бар тағамдарды қатаң шектеу: малдың майлары, ет өнімдері, сары май, жұмыртқа. Ас тұзын 4-5 г., сұйықтықты 1,2-1,5 литрге дейін шектеу.
Дене салмағын қалпына келтіру. Шылым шегу мен ішімдікті доғару.
Науқасқа негізгі аурудың болуы мүмкін асқынулары туралы мәлімет беру. Пациентке артериялық гипертонияның жиі болатын келесідей асқынулары туралы ақпарат беру керек: гипертониялық криз, өткір коронарлық синдром, ми қан айналымының жедел бұзылуы. Аталған асқынулардың басты белгілерімен таныстыру. Асқынулардың симптомдары пайда болған кезде не істеу керектігі туралы кеңестер беру.
Өткір коронарлық синдром – миокард инфарктының немесе стабильді емес стенокардияның даму мүмкіндігінен күдіктендіретін, клиникалық, электрокардиографиялық және лабораториялық көріністерімен жүретін жүректің ишемиялық ауруының айқын өрістеу кезеңі. Бұл жағдайда науқасты кеуде қуысында, көбінесе төс астында, кеуде қуысының сол жағында басып, қысып, күйдіріп ауырсыну болады. Ауырсыну көбіне сол қолға, иыққа, сол жауырынға беріледі, физикалық күш түскенде, стрессте пайда болады.
Ми қан айналымының жедел бұзылуы – бұл бас миының қанмен қамтамасыз етуінің жедел бұзылуы себебінен дамитын клиникалық симптомдар тобы. Белгілері: аяқ-қолдардың қимылының әлсіреуі, жансыздануы, ұюы, тілдің күрмелуі.
Гипертониялық криз – артериялық қан қысымының қатты көтерілуі. Клиникалық көріністері: қатты бас ауруы, бас айналу, жүрек айну, құсу, көз алдында қос көріну, көз алдының тұмандануы, жүрек тұсының ауырсынуы, жүрек тарсылдау, ентігу, дененің қалтырауы.
Жоғарыдағы көрсетілген белгілер пайда болған жағдайда жедел жәрдем бригадасын шақырып, төсекке бас жағын көтеріңкіреп жатып және артериялық қысымды өлшеу керек.
8.Ілтипатты психологиялық контакт құру. Әңгімелесудің барысында табиғи іс-әрекеттерді, ыңғайлы дауыс интонациясын қолдану, ілтипатты және жайдары мінез көрсету. Сөйлесу барысында көзбен контакт ұстау. Көбіне ашық сұрақтар қою, пациенттің проблемалын анықтау. Пациентті мұқият, сөзін бөлмей тыңдау. Пациентте үрей, күдік болған жағдайда оны жұбату, сенімділігін арттыру.
9.Оңтайлы сөздік емес ара-қатынас белгілерін қолдану. Сөздік емес ара-қатынас белгілеріне денелік контакт, кеңістіктіктегі ара қашықтық, дененің қалпы, сыртқы келбет, мимика, жестикуляция, көзбен контакт және т.б. жатады. Өзіңіздің коммуникативтік репертуарыңызға мынадай сөздік емес компоненттерді: байыпты дауыс тембрын, дұрыс дене қалпын, жатықты қимылдарды, қолдау көрсету және аяушылық белгілерін қолданыңыз.
Түрегеп тұрсаңыз немесе отырсаңыз ашық, достық кейіпте болуға тырысыңыз; Иығыңызды, бет-жүзіңізді бен мойыныңызды бос ұстаңыз; Қолыңызды төсіңіздің тұсында айқастырып алмаңыз, себебі мұндай дененің қалпы, қорғанып тұрған кейіп танытуы мүмкін; Тыңдап тұрғаныңызды байқату үшін, кішкене алға ұмсыныңыз; Әңгімені жалғастыру үшін науқасқа жылы кейіп танытып, басыңызды изеп құптап қойыңыз; Арқаңыз бен иығыңызды аса тік, шалқақ ұстамаңыз, себебі бұл сізді агрессивті етіп көрсетуі мүмкін; Иығыңызды түсіріп, бүкіреймеңіз, бұл қызығушылығыңыздың жоғалып, сізді зерігіп кеткендей етіп көрсетуі мүмкін; Қаламсабыңызды, көзәйнегіңізді немесе қандай да бір затыңызды әрі-бері айналдырып ойнаудан аулақ болыңыз, себебі ол сіздің зерігіп немесе тіпті ашу қысып, шыдай алмай отырғаныңызды танытуы мүмкін.
10.Ақпаратты түсінікті анық етіп жеткізу. Ақпаратты науқас үшін түсінікті тілде, білімді, тиянақты жеткізу. Екімәнділікті, екіұштылықты, медициналық, ғылыми терминдерді қолданбау. Пациенттер медициналық терминологияны түсінбей, оны дұрыс қолданбауы мүмкін. Ақпаратты тиімді, нақты, ойланып, пациентке ойлануға мүмкіндік беру үшін байыппен, асықпай жеткізу керек.
11.Әңгімені аяқтау. Жеткізген ақпараттың науқастың қаншалықты түсінгенін тексеріп, кейбір кеңестерді қайталауын сұрау қажет. Пациент тарапынан сұрақ туындаса, оған жауап беру керек. Соңында науқасқа ризашылығыңызды білдіріп, сауығуын тілеу және қоштасу.
|
|
Медициналық манипуляцияны түсіндіру бойынша клиникалық интервью құрамында қолданылатын коммуникативтік дағдылар:
Пациентпен амандасу және танысу.
Жағдайға орай, пациенттің жасына, әлеуметтік жағдайына орай түрліше амандасуға болады. Сөзбен амандасумен қатар қол алысу, науқасқа қарай кішкене алға ұмсынып отыру, басты изеу және күлімсіреу сияқты сөздік емес ара-қатынас ережелерін қолдану керек. Алғашқы кездесуде медицина қызметкері өзін таныстырғаны жөн. Бұл психологиялық тұрғыдан медицина қызметкерінің аты-жөні кабинеттің есігінде жазулы тұрғанның өзінде маңызды.
Пациентке өзінің аты-жөнін толық және қызметін айтып таныстыру қажет. Адам өзінің аты-жөнін, қызметін түсініксіз, қысқа айту, оның өзін-өзі бағалаудың төмендігін көрсетеді және сұхбаттасушының көз алдында оның статусының жоғарылауына ықпал етпейді. Сізге бұрын таныс емес пациенттермен ресми түрде, олардың аты және әкесінің атымен атау жөн. Сізге жақсы таныс пациенттермен, жас пациенттермен немесе балалармен қарым-қатынаста олардың атын атағаныңыз жөн. Амандасу мен танысудан кейін пациентке кездесудің мақсатын, кездесу барысында шешілу керек сұрақтарды қысқаша айту керек.
| Ыңғайлы тұлға аралық ара-қатынасты таңдау және ұстану. Ең оңтайлы тұлға аралық ара-қатынас 45-120 см құрайды. Алда жасалатын медициналық манипуляция туралы пациентті хабардар ету.
Манипуляцияны кім тағайындады (дәрігердің толық аты-жөнін, қызметін айту). Медициналық манипуляцияның мақсаты (Мысалы: Тазарту клизмасын қоюдың мақсаты: тоқ ішектің төменгі бөлігін нәжіс пен газдан тазарту). Манипуляция қашан, қай жерде және кіммен жүргізіледі.
Медициналық манипуляцияның қажеттілігі мен зиянсыздығы туралы сендіру. Пациентке медициналық манипуляцияның қажеттілігі мен зиянсыздығы туралы түсінікті тілмен, көзін жеткізе түсіндіру керек. Медициналық манипуляцияны жүргізу процедурасын түсіндіру. Пациентке қысқаша медициналық манипуляцияға қалай дайындалу керектігі жайлы, оны жүргізудің әдісі, ұзақтығы, пайда болуы мүмкін жағымсыз сезімдер туралы және ондай жағдайда не істеу керек екендігін түсіндіру қажет. Алдағы медициналық манипуляция туралы науқастың қаншалықты ақпарат білетіндігін анықтау (бұрынғы тәжірибесі). Науқастың осы манипуляция туралы қаншалықты ақпарат білетіндігін, оған бұдан бұрын жүргізілген немесе жүргізілмегендігін анықтау керек. Ілтипатты психологиялық контакт құру. Әңгімелесудің барысында табиғи іс-әрекеттерді, ыңғайлы дауыс интонациясын қолдану, ілтипатты және жайдары мінез көрсету. Сөйлесу барысында көзбен контакт ұстау. Көбіне ашық сұрақтар қою, пациенттің проблемалын анықтау. Пациентті мұқият, сөзін бөлмей тыңдау. Пациентте үрей, күдік болған жағдайда оны жұбату, сенімділігін арттыру. Оңтайлы сөздік емес ара-қатынас белгілерін қолдану. Сөздік емес ара-қатынас белгілеріне денелік контакт, кеңістіктіктегі ара қашықтық, дененің қалпы, сыртқы келбет, мимика, жестикуляция, көзбен контакт және т.б. жатады. Өзіңіздің коммуникативтік репертуарыңызға мынадай сөздік емес компоненттерді: байыпты дауыс тембрын, дұрыс дене қалпын, жатықты қимылдарды, қолдау көрсету және аяушылық белгілерін қолданыңыз.
Түрегеп тұрсаңыз немесе отырсаңыз ашық, достық кейіпте болуға тырысыңыз; Иығыңызды, бет-жүзіңізді бен мойыныңызды бос ұстаңыз; Қолыңызды төсіңіздің тұсында айқастырып алмаңыз, себебі мұндай дененің қалпы, қорғанып тұрған кейіп танытуы мүмкін; Тыңдап тұрғаныңызды байқату үшін, кішкене алға ұмсыныңыз; Әңгімені жалғастыру үшін науқасқа жылы кейіп танытып, басыңызды изеп құптап қойыңыз; Арқаңыз бен иығыңызды аса тік, шалқақ ұстамаңыз, себебі бұл сізді агрессивті етіп көрсетуі мүмкін; Иығыңызды түсіріп, бүкіреймеңіз, бұл қызығушылығыңыздың жоғалып, сізді зерігіп кеткендей етіп көрсетуі мүмкін; Қаламсабыңызды, көзәйнегіңізді немесе қандай да бір затыңызды әрі-бері айналдырып ойнаудан аулақ болыңыз, себебі ол сіздің зерігіп немесе тіпті ашу қысып, шыдай алмай отырғаныңызды танытуы мүмкін.
Ақпаратты түсінікті анық етіп жеткізу. Ақпаратты науқас үшін түсінікті тілде, білімді, тиянақты жеткізу. Екімәнділікті, екіұштылықты, медициналық, ғылыми терминдерді қолданбау. Пациенттер медициналық терминологияны түсінбей, оны дұрыс қолданбауы мүмкін. Ақпаратты тиімді, нақты, ойланып, пациентке ойлануға мүмкіндік беру үшін байыппен, асықпай жеткізу керек. Әңгімені аяқтау. Жеткізген ақпараттың науқастың қаншалықты түсінгенін тексеріп, кейбір кеңестерді қайталауын сұрау қажет. Пациент тарапынан сұрақ туындаса, оған жауап беру керек. Соңында науқасқа ризашылығыңызды білдіріп, сауығуын тілеу және қоштасу.
|
Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізудің алгоритмі
Пациенттің жағдайын бағалау
| 1.
| Естің жағдайын бағалау үшін зардап шегушінің иығынан шапалақтап және/немесе дауыстап жағдайын сұрауға болады.
| 2.
| Пациенттің ес-түссіз жағдайында жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырады.
| 3.
| Ұйқы артериясының тамыр соғуын анықтау:
біріктірілген 2, 3 және 4 саусақтармен трахеяның шығыңқырап тұрған бөлігін анықтайды; саусақтарды тереңге және сыртқа қарай шеміршек пен төс-бұғана-емізік тәрізді бұлшық еттің аралығына жылжытады; ұйқы артериясын сипап оның тамыр соғуы анықталады.
| 4.
| Пациенттің тыныс алуын «Көремін, естимін, сеземін» тәсілі арқылы анықтау:
көзбен көкірек қуысының қимылын бақылау; құлақпен ауыздан шыққан дем алу шуылын тыңдау; - бетпен деммен шыққан ауаның қозғалысын сезіну.
| Тікелей емес жүрек массажы
| 5.
| Пациентті шалқасынан қатты тегіс жерге жатқызып, мойыны мен кеудесін киімінен босатады.
| 6.
| Қол төс сүйегінің төменгі үштен бір бөлігіне перпендикулярлы, семсер тәрізді өскіннен 2 саусаққа (2см) жоғары қойылады. Сүйеу нүктесі жұмысшы қолдың тенары мен гипотенары болады. Саусақтар кеудеге тимеуі керек. Екінші қолдың алақаны жұмысшы қолдың сыртына қойылады.
| 7.
| Кеуде қуысының компрессиясын минутына 100-ден кем емес (120-дан көп емес) жылдамдықпен, яғни 18 секундта 30 компрессия (дауыстап санау)және компрессия тереңдігі ересектер үшін 5 см-ден кем емес, алақанды қөкіректен алмай, минималды үзіліспен, кеуде қуысының әр компрессиядан соң бастапқы қалпына келуіне мүмкіншілік жасай отырып жүргізіледі. Жігерлі, жылдам, тек бүкіл дененің салмағымен тіке басу керек. Қол шынтақта бүгілмейді.
| 8.
| Тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін басын бір жағына бұрады, ауыз қуысы қаралып, тазартылады, алмалы-салмалы протез болса алып тасталынады.
| Сафардың үш құрамды әдісін жүргізу
| 9.
| Бір қолмен мойынды астынан көтеріңкіреп, маңдай-төбе аймағына қойылған қолмен басын артқа шалқайту.
| 10.
| Екі қолмен төменгі жақ сүйегін алға қарай (жоғары), астыңғы тістер үстіңгі тістердің алдына шығатындай етіп жылжыту.
| 11.
| Пациенттің ауызын ашу.
| Өкпенің жасанды вентиляциясын жасау
| 12.
| Бір қолмен пациенттің мойынын астынан көтеріңкіреп, маңдайға қойылған екінші қолмен басын артқа қарай шалқайтады. Маңдайға қойылған қолдың саусақтарымен мұрынды ауа шықпайтындай етіп жабады.
| 13.
| Өкпенің жасанды вентиляциясы «ауыздан-ауызға» әдісімен ылғалды салфетка немесе бинт кесігі арқылы жасалынады. Терең дем алып, ерінмен зардап шегушінің еріндерін тығыз қамтып, өкпедегі ауаны тыныс жолдарына кеуде қуысы көтерілетіндей жігерлі үрлеу керек. Келесі демді кеуде қуысы алғашқы қалпына келгенде жасайды. Өкпенің жасанды вентиляциясының жылдамдығы минутына 8-10-нан жиі болмауы керек (1 цикл - 4-5 санағанда). Үрлеп берілетін ауаның көлемі әдеттегі көлемнен 50% көп болуы керек.
| 14.
| Компрессия мен өкпенің жасанды вентиляциясының арақатынасы 30:2 болуы керек.
| 15.
| Жүрек-өкпе реанимациясының 1 периоды (5 цикл) 2 минуттың ішінде жүргізіледі.
| 16.
| Жүрек-өкпе реанимациясының тиімділігін тексеру (стоп-анализ) үшін ұйқы артериясында тамыр соғуы анықталады.
| 17.
| Пациентті ары қарай реанимациялық бөлімге жіберіп және оларға клиникалық өлімнен кейінгі жағдайдағы науқас жеткізілетіндігін ескерту керек.
| |