Главная страница
Навигация по странице:

  • " Қазақ тілі пәніне қалыптастырушы бағаны қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра аламын ба"деген ой туындады.

  • :"Сабақ үдерісінде оқыту үшін бағалауды қолдану арқылы оқу сапасын арттыру"

  • Дияра(А деңгейлі)

  • Д (А деңгейлі)

  • Сұрақ:---Тілдің қатысына қарай дыбыстар нешеге бөлінедіДауысты дыбыстарды ата

  • Сұрақ:- Буын үндестігі дегеніміз не Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды ата

  • «Адасқан әріптер»

  • «Екі жұлдыз , бір тілек»

  • Д(А деңгейлі),Ж(В деңгейлі)

  • Сыныптан алынған мониторинг көрсеткіштері

  • Соңғы сабақтан соң алынған сауалнама нәтижесі төмендегідей болды.

  • зщхшэзгщжншдегл кноуерцкпвауыв. _Іс-әрекетті зерттеу жайындағы рефлексивті есеп_. Ісрекетті зерттеу жайындаы рефлексивті есеп


    Скачать 0.66 Mb.
    НазваниеІсрекетті зерттеу жайындаы рефлексивті есеп
    Анкорзщхшэзгщжншдегл кноуерцкпвауыв
    Дата28.02.2023
    Размер0.66 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла_Іс-әрекетті зерттеу жайындағы рефлексивті есеп_.docx
    ТипДокументы
    #960050

    Іс-әрекетті зерттеу жайындағы рефлексивті есеп

    Мен қыркүйек айында Шымкент қаласында кәсіби біліктілігімді жетілдіру үшін Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші бетпе – бет кезеңінен өттім.Бұл курстың менің педагогикалық білімімде маңыздылығын ұғындым, себебі сабақты жоспарлау барысында қалай және қандай әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушыларды сабағыма қалай қызықтырсам деген ой мазалайтын.Мен онда балаларды қалай оқыту керектігін, неге оқыту керектігін, сындарлы оқыту теориясын үйреніп, 7 модульдің мәнмәтінімен таныстым. Осы курста алған білімімді басшылыққа ала отырып, іс әрекеттегі зерттеу жұмысымды Шымкент қаласындағы №42Хамза атындағы жалпы орта мектебінде өткіздім.Іс-тәжірибие кезіңінде зерттеу тақырыбымды анықтап алу үшін,өзім сабақ беретін 6 "г"сыныбының білім сапасының төмендігін ескере отырып, зерттеу жүргізу керек екенін түсіндім.6"г" сынып оқушыларынан сауалнама алғанымда "сабақта өзіңді әділ бағаландым деп ойлайсың ба?", "Мұғалімдердің қойған бағаларына қанағаттанасың ба?"-деген сұрағыма кейбір оқушылар "ия"деген оқушылардың басым бөлігі "жоқ" деп жауап берген. Сауалнамадан анықтағаным, мұғалімдердің қойған бағаларына көңілдері толмайтыны, әділ бағаланбайтынын байқадым.Осыдан" Қазақ тілі пәніне қалыптастырушы бағаны қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра аламын ба?"деген ой туындады. Менің ендігі мақсатым- өзімдегі бар білімімді, үйренген әдіс-тәсілдерді,зерттеу жұмысына таңдап алынған 6 «г» сынып оқушыларының оқуға деген қызығушылығын арттыру болды. Оқушылардың ойын ескере отырып, іс-әрекеттегі зерттеу жұмысын жеті модульдің "ішінен оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауды" таңдадым. Тізбектелген төрт сабағымның зерттеу тақырыбын:"Сабақ үдерісінде оқыту үшін бағалауды қолдану арқылы оқу сапасын арттыру"-деп алдым.

    Зерттеу жұмысының мақсаты: Сабақта оқыту үшін бағалау, критерийалды бағалау арқылы қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығын, ынтасын,белсенділігін арттыру, алған білімін болашақта пайдалана алуға бағыттау,жаңа сабақты өздеріне меңгерту арқылы білімдерін дамыту.

    Күтілетін нәтиже: Сабақта оқыту үшін бағалау ,критерийалды бағалау арқылы қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығы оятып, ынтасы мен белсендігі артады, алған білімін болашақта пайдалана алады, жаңа сабақты өздеріне меңгерту арқылы білімдерін дамытады.

    Бағалау-оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін оқу куәліктері жоспарлы жүйелі жинақталған кез келген қызмет түрлеріне қатысты ұғым.Бұл ұғым бағалаудың екі аспектісін көздейді:Оқуды бағалау (жиынтық бағалау)және оқыту үшін бағалау (қалыптастырушы бағалау).(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 104-бет). Мұғалімдер оқуды бағалаумен қатар,оқыту үшін бағалауды пайдаланғанда , бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айналады.Оқыту үшін бағалау-оқушылар уақыт кезеңінің ішінде өз білімдерінің деңгейін өздері бағалайтын, кейін мұғалімдермен бірге өзін-өзі жетілдіру жолындағы келесі қадамдарын айқындайтын үдеріс. .(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 75-бет) .

    Бағалау-бірінші кезекте білімнің сапасын айқындау үшін қажет.Қалыптастырушы баға оқушылардың білімінің сапасына, оқу дағдыларының қалыптасуына сабаққа деген ынтасының оянуына, дамуына көмектеседі. Оның негізгі мақсаты- оқушыларды білім алуға, оқуға деген белсенділігін арттыруға бағытталған. Қалыптастырушы баға оқушының ниетіне, ынтасына, ұмтылысына соларды өшірмей қайта дамыту үшін қойылатын баға. Сондықтан бағалаудың маңыздысы қалыптастырушы баға деп есептеймін. Оқу үдерісінде оқыту үшін бағалау стратегияларын дұрыс қолдану оқу дағдыларын жақсартады.Сол себепті оқушылар өзінің білімінің қай деңгейде екенін біледі, олар өзін-өзі және бір-бірін бағалай алады.

    Зерттелінетін сыныбымда қалыптастырушы бағаны сабақ үдерісінде қолдану арқылы өз білімінің қай деңгейде екенін, оқушылардың өзара бағалау мен өзін-өзі бағалай алуы арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, оқу сапасын арттыру мақсатында зерттеу жұмысын жүргізуді жоспарладым.Мектеп ұлттық мектеп болғандықтан, қазақ тілі мен әдебиет пәндері екі топқа бөлініп оқытылады. Сыныпта 12 оқушы бар. Мені « Осы оқушылардың оқуға қызығушылығын қалай арттырамын? осы мақсатыма жету үшін қандай әдіс – тәсілдерді, стратегияларды қолдансам болады ?» деген сұрақтар мазалады. Зерттеу жұмысын бастамас бұрын мен өзімнің сабағыма "Lesson study" тәсілін жүргізу мақсатында ағылшын пәнінің мұғалімі М.Г-ға (А) деңгейлі оқушыны яғни ,Рахманкулова Дияраны бақылауға,математика пәнінің мүғалімі (М.Ж)-ға В деңгейлі оқушы Еркинова Жасминаны бақылауға, қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі (Ш.Б)-ға С деңгейлі оқушы Орманов Шахрухты бақылауды тапсырдым.Осы әріптестерімен бірлесе отырып, 7модульді ықпалдастыра отырып тізбектелген төрт сабаққа арналған орта мерзімді жоспарды , күнтізбелік – тақырыптық жоспар бойынша бірінші сабағымның қысқа мерзімді жоспарын жасадық. Осы оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында топтық жұмысты қолданып көрейін деп ұйғардым.Осы топтық жұмыстың қаншалықты тиімді болғанын бақылау мақсатында үлгерімі жоғары оқушылардан Д есімді(А), үлгерімі орта оқушылардан Ж есімді(В),үлгерімі төмен оқушылардан Ш есімді(С)оқушыларды таңдап алдым.

    6– сынып оқушыларының арасынан ынтасы мен қабілетіне қарай үш деңгейге бөліп алдым. Зерттеуге үш оқушыны алып,

    алдыма қойған мақсатым бойынша қарастырдым:





    А деңгейдегі оқушы - Р. Д.

    В деңгейдегі оқушы -Е.Ж.

    С деңгейдегі оқушы- О.Ш.

    Оқушыға сипаттама

    Үздік оқушы, тәртібі үлгілі, басқа оқушыларға қарағанда ойы зерек, тапқыр, дұрыс шешім қабылдай білетін, сыныптастарымен ынтымақтаста болатын және әр дайым ізденісте болатын оқушы.

    сабақ үлгерімі жағынан қанағаттанарлық, бірақ өзгелерден ерекшеленетін дара қасиеті жоқ. Өзін көпшілік ортада көрсете бергісі келмейді, жауапкершілігі бар, өз –өзіне сенімсіз.

    Өте ширақ, бірақ сабақта ойын еркін жеткізе алмайды. Тәртіпсіздігімен сабақта басқа оқушылардың көңілін өзіне аударады. Берілген тапсырмаларды орындауға тырысады,бірақ тиянақты орындамайды.



    Зерттеу себебі

    Зерттеуге алған себебі басқа оқушыларға қарағанда оқушының танымдық қабілетін анықтау.

    Зерттеуге алған себебім де осы сенімсіздігін жойып, оқушының өз –өзіне деген сенімін және айтылым дағдысын қалыптастыру еді.

    Бұл оқушыны зерттеуге алған себебім- оқушының қызығушылығын ояту, өзін ортада еркін ұстап, өз ойын еркін жеткізуге үйрету, өз – өзіне деген сенімділігін қалыптастыру.




    Осы зертелетін үш оқушының сабаққа деген белсенділігін, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасын, өзара бағалау мен өзін-өзі бағалай алуын, оқушының сөйлеу мәдениетін, сабақта берілген ақпараттарды білу, түсіну, қолдану деңгейлерін анықтау мақсатында сабақтар өттім.Тізбектелген сабақтарымның тақырыптары:


    1. "Менің мектебім".Сөйлем,сөз тіркесі

    2. "Спортшы Бейбіт" ,

    3. "Қазақ тілі кабинеті",

    4. "Мектеп кітапханасы".


    Тізбектелген сабақтарымда оқушыларға бағыт – бағдар беріп отыру арқылы, сабағымды жүргізуге тырыстым.Өз сабақтарымда сұрақтарға жауап алу мақсатында «қарлы кесек» әдісін, «телехабар»,шағын перфокарталық тест,қыз қуу ,веер, ыстық орындық сияқты әдіс-тәсілдерді қолдандым. Әр сабағымда топ ішінен топ басшысы сайланды.Ондағы мақсатым- оқушылардың бойында көшбасшылық қасиеттерін дамыту еді, сонымен қатар дарындылығы мен таланттылығын байқау мақсатында рөлдік ойындар өткіздім, сабаққа деген ынтасын ояту мақсатында қалыптастырушы бағалар беріп, әр сабақта оқушылармен бірлесе отырып критерий қойып отырдым, айтылым дағдыларын қалыптастыру мақсатында диалогқа түсіріп отырдым, сын тұрғысынан ойлату мақсатында миға шабуыл әдісі арқылы адасқан әріптер (жаңа тақырыпты ашу үшін) постер қорғаттым, жас ерекшелігіне байланысты оқулықтағы деңгейлік тапсырмаларды орындаттым.Оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдерді қолдандым.Сабақ беруде, ғылыми теориялық ұғымдарды түсіндіруде маңызды құрал болатын АКТ-мен жұмыс жүргіздім.Мен бұрын «дәстүрлі» оқыту кезінде көбіне сабақты өзім түсіндіріп, оқушылардан өзімнің айтқанымды қайта сұрайтын едім. Оқушыларды тапсырмаларды орындау барысында жеке жұмысты істейтін.Көбінде жақсы оқитын оқушылырмен жұмыс жасап, білім деңгейі төмен оқушымен жұмысты өте аз жүргізетін едім. Бағалауда оқушының жауап беруіне байланысты бағалайтынмын. Сабақ бір сыдырғы өтетін, оқушының ойымен санаспайтынмын.Оқушының даму мүмкіндіктері есепке алынғанмен, мұғалім тарапынан берілген дайын білімге оқушылар іздену, ойласу, атсалысу, салыстыру, пікір алмасу, пікір таластыру т.б. жайлар қолға алынбады. Мұндай білімнің аясы тар, көбіне жаттанды есте сақтауға алып келді. Алынған білім ойлаудың төменгі деңгейінде ғана жүзеге асырылды. Оқушылардың сабаққа деген белсенділігі артпады, яғни оларды мұғалім өзі бағалады, осындай сәттерде дәстүрлі бағалаудың кемшілігі байқалып, оқушы үшін формативтік бағалаудың ауадай қажеттілігі сезіліп тұрды. Жаңа әдіс-тәсілдермен өтілетін сабағымда берілетін тапсырмаларымды оқушыларымның зерігіп кетпейтіндей, дайын біліммен шектеліп қалмайтындай етіп беруге тырыстым.Топтық жұмыстағы оқушылардың көшбасшылық қабілеті арқылы мақсатына сай жоспарланған сабақтарымның кейбір түйінді сәттері:

    Сабақты бастамас бұрын оқушыларға бағалау критерий бойынша түсінік бердім.Олар қалыптастырушы баға, жиынтық баға туралы хабарсыз еді. Сабақта критерий бойынша бағаланатынын айтып, оқушылармен бірлесе отырып,критерий қойдық.

    Сабаққа деген ынта, ықыластарын арттыру мақсатында қолыма бірнеше түрлі-түсті стикерлер яғни оның ішінде жасыл - бес,сары -төрт, қызыл -үш деген бағаның белгілерін алдым.Осы тізбектелген төрт сабақ барысында сабақта барлық тапсырмаларға белсендік танытып ,отырған оқушыларға мына жалауды тапсырамын,сол оқушы осы топтың көшбасшысы болады деп сабаққа деген құлшыныстарын оятып отырдым.

    Алғашқы сабағымда оқулықтағы «Менің мектебім» тақырыбында диалогқа құру тапсырмасы берілген болатын. Бұл тапсырманы орындауда оқуды ұйымдастыруда бірден бірлесіп кете алмады. «С» деңгейіндегі Шахрух топ мүшелерінің кез-келгенімен диалог құра аламайтындығын. (В) деңгейлі Жасмина диалог кезінде бір-бірінің ойына келіспеушіліктерін, «А» деңгейіндегі Дияра үнемі өз пікірін ұсынып, өзгелердің пікірін ескермеуге тырысып отырды. Тапсырманы жеке дара орындап, маған көрсетуге асыққанын байқадым.Топқа бірін-бірі қалдырмай барлығы бірлесіп жұмыс істеу керектерін ұсындым. Осы ұсыныстан соң, постерлерін қорғауға топ мүшелері бірлесіп шығып, өз ойларын оқулықтағы мәтінмен байланыстырып жеткізді.

    Әр сабақтың соңында оқушыларды стикерлерінің санына қарай жиынтық бағамен бағаладым.Түрлі-түсті стикерлер баланың көңілін көтеріп, сабаққа деген ынта-жігерлерін артқанын байқадым.Оқушылар бұл өтілген сабақтардың бұрынғы сабақтардан өзгешелігі бар екендігін айтып, ендігі сабақтарды да осылай өткізсек екен деп бір – бірімен шуласып жатты.

    Сонымен қатар оқушы пікірін білу мақсатында сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алып отырдым. Оқушылар бірлесе отырып, жұмыс жасағандықтан ешқандай қиындық болмағанын, топта еркіндік орнағанын,Дияра(А деңгейлі) өзім жауапкершілікті сезіндім,Жасмина(В деңгейлі)сабақ барысында орындаған тапсырмалардың қайсысы қиын не жеңіл екендігін топпен бірлесе отырып жасағандықтан байқамадым, барлық орындалған тапсырмалар ұнады, Шахрух(С деңгейлі)Сөйлемнен сөз тіркестерін табуда достарымның көмегімен оңай түсіндім"-деп жазыпты. Оқушылар жетістіктерін сабақ барысында орындаған тапсырмалар кезінде алған стикер сандарын мақтанышпен және қуаныш сезімдерін де жазуды ұмытпапты.Оқушылардың осы кері байланыс жұмыстарымен танысқаннан соң, олардың топтық жұмыста белсенділігін байқадым.Ш(С деңгейлі) оқушыммен әлі де жұмыс жүргізу керектігін ұғындым. Осы кедергілерді жою мақсатында сабақтан соң сыншы достарыммен және оқушы кері байланыстарын қарап отырып, талқылау жүргіздік.

    Келесі қысқа мерзімді жоспарлағанда күрделі тапсырмаларды ауызша орындауға, бірлесе отырып жұмыс жасағанда берілген тапсырмаларды орындауда уақытты шектеуге, критерийлерді алдыңғы сабақта беру керек екеніне көңіл бөлуді ескердім.

    Оқушылармен бірге бұрын өткен сабақтарды еске түсіре отырып, жаңа әдіс – тәсілмен өтілген сабақтың оқушыларға берері көп екенін түсіндім.Кейін,бейнежазбадан бақылаған кезде зерттеуге алған «А» деңгейіндегі Дияра оқулықтағы тақырыпты түсіндіруде топ мүшелеріне өз ойларын айтуға мүмкіндік бергенмен, өзі толықтырып тұрғандығын байқадым. Ал «В» деңгейіндегі Жасмина өз ойын еркін жеткізе алмағандығын, оның кітапқа үнемі қарап, ойын шашыраңқы жеткізуінен көруге болады. Ал «С»деңгейіндегі Шахрух мүлдем ойын ашып айта алмады, кітаптағы мәтінді оқып берді.Зерттеуімнің мақсатына сай құрылған сабағымның алғашқысында өзгеріс болмады, себебі «А» деңгейіндегі дарынды оқушы көшбасшы болды.Бейне жазбадан байқасам, сабақтың басым бөлігінде өзім белсенді болыппын, яғни түзетулер мен толықтыруларды, жаңа сабақты түсіндіру мен бекітуді өз құзырлығыма алып, өзім көшбасшы болғанмын. Өздігінен жұмыс жасауына, өз ойын айтуына, көшбасшы болуына мүмкіндік бермегендігімді түсіндім. Сондықтан да оқушылардың сабаққа деген белсенділігі төмен екендігін ұқтым. Осындай әрекеттерді зерделей отырып, келесі сабақ жоспарымда топтағы оқушыларды рөлдерге бөлуді, өзіндік пікірін айта алатындай, ойлау деңгейін анықтап білетіндей жаттығуларды беру қажеттігін назарға алдым.Мен оқушыларды формативті бағалау арқылы әр тапсырадан соң, кері байланыстың болуының, ынталандырып отырудың керектігін сездім.Оқушыларға бағыт- бағдар бере отырып, тапсырманың нәтижелі орындалуын қадағаладым. Әр топ ішінен топ мүшелерін анықтап болған соң, топ ережесін сақтау керектігін ескерттім. Сабақта белсенділік танытып отырған топ мүшелерін бағалау үшін «Бағалау парағын» ұсындым, оны топ басшылары оқушылармен бірлесе отырып, қойған критерийіне қарай бағалап отырды. Ондағы мақсатым- оқушылардың бойында көшбасшылық қасиеттерін дамыту еді.(Оқуға бағытталған көшбасшылық жоғары сапалы білімберілуіне қол жеткізу мақсатында оқу үдерісіне және оқушылардың, мұғалімдердің, нәтижелеріне бағдарланған((МАН ІІдеңгей)Үй тапсырмасын жас ерекшеліктерін ескере отырып,"Ғажайып қоржын"деңгейлік тапсырманы орындау арқылы пысықтадым.

    Деңгейлік тапсырмалар орындау барысында 10, 20, 30сандары жазылған ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беретіндерін және ұяшықтағы сандардың көлемі жоғарылаған сайын қиын сұрақтар болатынын ескерттім. Үлгерімі жоғары Д (А деңгейлі) оқушым ортадағы отыз ұяшығын таңдады.
    Сұрақ:---Сөз тіркесі дегеніміз не?Сөйлемнен сөз тіркесін тап?

    Толық мағыналы сөздердің өзара бірі бағындыра ,екіншісі оған бағына байланысу сөз тіркесі деп аталады.Ол сұраққа сенімді жауап берді.

    Үлгерімі орта Ж (В деңгейлі) оқушым оң жақтағы жиырма ұяшығын таңдады. Ол сұраққа жаңылысып барып,жауабын айтты.

    Сұрақ:---Тілдің қатысына қарай дыбыстар нешеге бөлінеді?Дауысты дыбыстарды ата?

    ---Тілдің қатысына қарай дыбыстар:дауысты және дауыссыз болып бөлінеді.Дауысты дыбыстар:а,ә,ы,і,о,ө,ұ,ү,у,һ,э,ю,я Үлгерімі төмен Ш(Сдеңгейлі) оқушым жоғарыда ескерткен жағдайға қарамастан оң жақтағы отыз яғни жоғары балды ұяшықты таңдады.

    Сұрақ:- Буын үндестігі дегеніміз не? Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды ата??

    Бұл оқушы сұраққа жауап бере алмай, достарына жүгініп, олардың дұрыс жауабын тыңдай отырып, мен оның келесі сабаққа дайындалып келетінін ескерттім. Барлық оқушылар деңгейіне қарай таңдаған ұяшықтағы сұрақтарға жауап берді. Мағынаны тану барысында «Адасқан әріптер» көмегімен Д(А деңгейлі)оқушым сыныптастарынан оза шауып, шапшаңдық танытып, жаңа сабақтың тақырыбы «Сөз тіркесі» екенін бірінші болып айтты.Ж(Вдеңгейлі) оқушым кішкене әріптерді реттеу барысында уақытты үнемдей алмады, бірақ жауабы дұрыс болды.Ал Ш(С деңгейлі) оқушым әріптерді ретсіз орналастырып, достарының көмегіне жүгініп, жауап беруге жылдамдық жасамады.Әлеуметтік –мәдени теориядағы маңызды ұғым-жақын арадағы даму аймағы.Выготскийдің айтуы бойынша,жақын арадағы даму аймағы(ЖАДА)-оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық.Негізінде,бұл түсінік адам өз бетімен игере немесе көрсете алмайтын,бірақ біреудің көмегімен үйренуге болатын барлық білімдермен дағдыларды қамтиды. (М.а.нұсқаулық.37-бет)Жаңа тақырыпқа қатысты оқушыларға жұп арасында,топ арасында орындалатын түрлі тапсырмалар берілді. Оқушыларды жауап бергеніне байланысты түрлі -түсті жұлдызшалар беріп отырдым. Оқушыларға І топқа "Қандай спорт түрлерін білесіңдер?ІІ топқа "Қазақстанда қандай атақты спортшылар бар?" ІІІ топқа "Спорттың адам денсаулығына қаншалықты әсері бар?"Осы сұрақтар бойынша оқушыларға флипчартпен жұмыс бердім.

    Оқушылар менің бұл тапсырманы беретінімді күтіп отырғандай бірдесінен жұмысқа кірісіп кетті. Алғашқы сабағымда оқушылар постермен жұмыс істеу барысында уақытты үнемдей білмеді, ал енді барлығы бірдей жұмылып, кірісіп кетті.Сабақ барысында оқушыларға ұялы телефонды пайдалануға болатынын айттым.Олар бірден интернет желісінен іздеуге кірісе кетті. Постерді қорғау барысында Д (А деңгейлі)оқушым Қазақстан спортшылары туралы мәліметті кең түрде айтты, сонымен қоса ол да Қазақстанға белгілі тенисші болғысы келетінін айтып кетті.Үлгерімі орта Ж(Вдеңгейлі)оқушым ұялы телефоннан өзіне керекті мәліметті, өз білгендерін флипчартқа түсіргені болмаса, постер қорғауға шықпады. Ойын еркін жеткізе алмайтын, грамматикалық қателерге көп жол беретін Ш(Сдеңгейлі) оқушым өз тобының постерін қорғауда өз ойын жеткізе алды. Қандай спорт түрлерін білесіңдер?деген сұрақ бойынша беріле, белсене қатысып отырғанын байқадым.Ол постер қорғауға шыққанда спорттың бірнеше түрін айтып шықты.Сонымен қатар өзінің де тайквандоға қатысатынын және спорттың адам денсаулығына зор әсер ететінін айтты.Мен жасыл стикерді бергенімде, оның көзінен қуаныш сезімі байқалғанын көрдім.Топтық жұмыста оқушылар бір-бірімен диалогқа түсу арқылы ақпарат алды.Шығармашылық жұмыс орындау барысында оқушылар өз білім деңгейлерін қолдана білді. Бұл тапсырмадан кейін оқушылар ынталанып, сабаққа деген қызығушылығы арта түсті.Бағалау барысында бір-бірін басбармақ әдісімен қалыптастырушы бағалармен бағалап отырдым.
    Сабақ соңында оқушыларды стикерлерінің санына қарай жиынтық бағамен бағаладым.Түрлі-түсті стикерлер баланың көңілін көтеріп, сабаққа деген ынта-жігерлерін арттырғанына көзім жетті.Екінші сабағымда оқушыларды жұлдызшалармен қызыл жұлдызша "3",сары жұлдызша "4",жасыл жұлдызша "5"деген бағалармен бағалағанымда бағаның әділ бомағанын түсіндім.Келесі сабағымда осы баға жөнінде жұмыс жасау керек екенін білдім.Сабақ соңында оқушыларға стикер таратып беріп, сабақтан алған әсерлері туралы жазуын өтіндім. Балалардың кері байланыс жасаған жұмыстарымен таныстым. Оқушылар бірлесе отырып жұмыс жасағандықтан ешқандай қиындық болмағанын ,топта еркіндік орнағанын жазыпты. Кері байланыс кезінде балалардың сабақты толық түсінгендерін,тағы да топтық жұмысты қалайтындары жайлы жазыпты.

    Сыншы достарыммен бірлесе отырып,келесі сабақты жоспарлауда оқушыларды баллдық жүйемен бағалағым келетінін айттым. Оқушыларға өзін – өзі бағалау парағын таратып беріп, осы тапсырманы бағалау критерийіне назар аударттым. Тапсырмаларды орындағаны үшін,қызыл -1 балл,сары -2 балл,жасыл -3балл деп бағаның орнына балмен есептелетінін әр дискрипторға мұқият қарауларын ескерттім.Үй жұмысын "веер"әдісімен сұрадым. Үлгерімі жоғары Д(А деңгейлі)оқушы сұрақтарға жауап беру барысында белсендігін ,өзінің көшбасшылық қасиеті бар екенін көрсетті, үлгерімі орта Ж(Вдеңгейлі) оқушым да сұрақтарға толық мысалмен жауап берді.Үлгерімі төмен Ш(С деңгейлі) оқушы сұрақтарға дұрыс шамасы келгенше жауап берді.Мен С деңгейлі оқушымның сабаққа деген ынтасының артқанын көріп,қуанып қалдым.

    Келесі жұптық жұмысты ойын түрінде бердім. Себебі оқушы ойын кезінде ынталанып, пәнге деген қызығушылығы арта түседі. Бұл тапсырмада оқушылар «қазақ тілі жанашырлары » тақырыбында тілші оқушылардан сұхбат алуға және талқылауға шақырдым.Оқушылар ойын басында ойынның шартын түсінбей , тапсырмадан ауытқып отырды. Қазақ тілінде ойын еркін жеткізе алмады, бірақ жағдаяттан шығуға үйренді. Бұл ойын арқылы қандай нәтижеге қол жеткіздім: оқушылар тапсырма төңірегінде әңгімелесуге, сұрақтарды нақты және сауатты қоя білуге үйренді.Үлгерімі жоғары Д(А деңгейлі)оқушы мен Ж(Вдеңгейлі)оқушы ойынға қатысып, өз бақтарын сынап көруге бел байлады.Ал Ш(С деңгейлі)оқушым тартыншақтап қатысуға қарсылығын білдірді.Бірақ қызыға қарап ,былай деп жауап берсей деп,өз ойын айтып отырды. Сабақ соңында оқушыларға стикерлерінің санына қарай жиынтық баға қойып, «Бағдаршам» әдісімен кері байланыс жасалынды. Кері байланыс кезінде балалардың сабақты толық түсінгендерін «Бағдаршамның жасыл түсін» бірыңғай көтеру арқылы анықтадым.

    1) Сабақта қандай тапсырма ұнады? 2) Бүгінгі сабақта кім белсенділік танытты? 3) Бүгінгі сабаққа айтар тілектерің? деген сұрақтарға «Екі жұлдыз , бір тілек» әдісімен кері байланыс жасадым.



    Кері байланыс кезінде балалардың жазған жұмыстарымен таныстым.Сабақта барлық тапсырмалар ұнағанын оның ішінде рөлдік ойынның қызық өткендігін және сабақта өте жоғары белсенділік танытқан Д(А), Ж,(В), С, Д, Р есімді оқушылар екенін өздері бағалап көрсетіпті және барлық пәндер осылай өтсе деген ниеттерін де жазыпты.Мен бұл сабақта балдық жүйе бойынша бағаланғанда әділ бағаланатынын білдім.Сыншы достарым ВС деңейлі оқушылардың күнен күнге сабаққа деген белсенділіктерінің артып келе жатқанын жасырмады.Бірлесе отырып, келесі сабаққа жоспар жасауда Д(А деңгейлі) оқушыға қосымша тапсырма беру керек екенін айтты.Себебі оның оқулықтағы тапсырмалар оңай болып жатқанын ескертті.Соңғы сабақты бастамас бұрын, бірлесе критерийлер қойып алдық.Үй жұмысын «Ою-өрнек» перфокартасы арқылы пысықтадым. Перфокарта 9 ұяшықтан жасалған тест. Әр ұяшықта бір сұрақ ,үш жауабымен оқылды.Жауаптар дұрыс белгіленсе, тақтадағы ою-өрнекпен бірдей болуы керек. Сыныпта Д(А деңгейлі),Ж(В деңгейлі) оқушылардың жұмыстары тақтадағы ою-өрнекпен тең келді.Ою-өрнектері сәйкес келмеген Ш(Сдеңгейлі) оқушыларға достарының көмегімен толықтырулар ендірілді. Топта орындалған тапсырмаларға қызығушылық танытып,достарының көмегенің арқасында сабаққа ынтасы артқаны байқалды. Сабағымда дарынды және талантты оқушыларды анықтау мақсатында тапсырмаларды орындатқыздым. Алдыңғы тақырыптардан алған білімдерін қорытындылау мақсатында оқушыларға тапсырмалар бердім. Оқулықтағы тапсырма бойынша рөлдік ойын ұйымдастыру керек еді.Д(А деңгейлі),Ж(В деңгейлі) оқушылар өзара рөлдерге бөліп берді.Ш (Сдеңгейлі) оқушым рөлдік ойында өзін керемет көрсете білді. Бұл тапсырмадан кейін оқушылар ынталанып, сабаққа деген қызығушылығы арта түсті. Сабақты «Телехабар"ойыны арқылы пысықтадым. Өтілген сабақты түсінген түсінбегенін байқау мақсатында смаликтерді қолдандым, оқушыларға түсінікті болғандарын байқадым.Барлықтарын стикермен бағалап, жиынтық баға қойдым.

    Жоғары деңгейді көрсеткен Д оқушыма жалауды беріп, көшбасшы оқушы екенін айтып марапаттадым.Орта және төмен деңгейді көрсеткенЖ(В),Ш(С) оқушыларға алдағы уақытта белсенді оқушы болатынына сенім артып,кейінгі сабақтарда жалауды алуларына болатынын айтып өттім. Х есімді оқушымның анасы алғыс сөздермен жазылған хат жіберіпті.

    Алғыс сөздерін оқып,іштей қуанып қалдым. Сыныптың оқушылары өздерін еркін ұстап, және бір-бірімен еркін ой бөлісіп, бірлесіп түсіндіріп, мұғалімге және өзінің сыныптастарына сұрақ қоя білді. Ш(Сдеңгейіндегі) секілді сыныптағы қалған оқушылардың да өз білімдерін жетілдеруіне ықпалы болғандығын түсіндім.

    Бұрын оқушыларға жаңа сабақты өтер алдында сабақтың тақырыбы мен мақсатын өзім түсіндіріп келетінмін, бірақ оқушылар түсінгенсіп тыңдайтын еді.Осы курсқа барып келген соң, мен оқушыларымның өздеріне жаңа сабақтың тақырыбын да, мақсатын да шығаруды табыстадым. Ол үшін баланың ойын қозғайтын, тақырыпты ойланып табатындай тапсырма жасау керек немесе түрткі сұрақтар беру қажет екенін ұғындым. Бір ай бойы алған теорияны мектептегі іс-тәжірбиеде пайдаланып, жеті модульді тізбектелген сабақтар топтамасында қолдану арқылы , зерттеу арқылы нәтижесін көре білдім .Сабақта жеті модульдерді қолданғанда байқағаным, оқушының ойлауын дамыту, мұғалімнен, түрлі дереккөздерден, достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асатынын білдім. Менің бұл сабақтардан байқағаным, әр сабақ сайын баланың белсендігі, бір-бірімен жарысып оқуы, сабаққа қызығушылығын байқадым. Сабақтарымды өту барысында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, соның ішінде диалогтік оқыту кеңінен көріне білді. Әр сабағымда оқушыларды топтастыру арқылы олардың қарым-қатынасы жақсарғанын, диалог құрғанын байқадым. Оқушыға тақырыпты түсінікті болу үшін топтық жұмыстар, өзіндік жұмыс,сергіту сәтін, рольдік ойындар,кесте бойынша тапсырмалар беріп отырдым. Оқушылардың белсендігін арттыру үшін топты және оқушыны формативті бағалап отырдым. Өзін-өзі бағалату арқылы өзін реттеуге қалыптастырдым. Бұдан байқағаным, оқушы бір-біріне кеңес беріп, тапсырмаларды орындау үшін олар өздерінің болжамдарын, сұрақтарын айтып, алдына мақсат қойып, пікірлерін қорғап, баға қоя біледі. Төмендегі кестеде Блум таксономиясының бастапқы төрт деңгейіне сәйкес берілген жаттығуды орындаудағы байқалған іс-әрекеттері келтірілген. Осыдан «А» деңгейіндегі Дияраның өзгелермен өз білімін бөліскендігін, тобын алға жылжытуға ықпал еткендігін, «В» деңгейіндегі Жасмина тапсырманы орындаудағы белсенділігінен оның «А» деңгейіне көтерілуге мүмкіндігінің бар екендігін ұққандығын, «С» деңгейіндегі Шахрухтың бұрынғыдай үндемей отыра бермей, ашылып достарынан көмек сұрап, қарым -қатынасқа түскендігін,сабаққа белсендігі арттқанын байқадым.

    Оқушының

    аты-жөні
    Табыс критерийі

    «А» деңгейіндегі Дияра

    «В» деңгейіндегі Жасмина

    «С» деңгейіндегі Шахрух

    Тұрақ ем құрау Сөйлем құрау



    Өте тез жауап берді

    Тез жауап берді

    Ойланды

    Ережесін айту

    Ережені іркіліссіз толық айта білді.

    Толық жауап беруге тырысты

    Берілген сұраққа жауапты достарының көмегінен алды

    Жаттығуларды орындауы

    Қатесіз толық қорытып жазды

    Үлгі бойынша жаза алды

    Жазуда досының көмегіне сүйенді

    Тапсырмаларды орындауы

    Өз белсендігін таныта алды, жолдастарына көмек көрсете алды

    Өз ынтасын көрсете білді, менімен кеңесті

    Достарымен қарым-қатынасқа түсті,қызығушылығы артты



    Сапалық қорытындылар (деректер) көбіне сандық қорытындыларды көрсету мақсатында қолданылатындықтан мен сабақтарымды бейнежазбаларға, фотосуреттерге түсірудің үлкен көмегін тигізді.

    Алғашқы сабақтан кейін алған сауалнамада оқушылар бойында сенімсіздік бар екендігі байқалды.

    Сыныптан алынған мониторинг көрсеткіштері:
    Алғашқы сабақтан соң алынған сауалнама:



    Сұрақтар

    Ия

    Жоқ




    1

    Маған өтілген жаңа сабақ ұнады

    9

    3

    2

    Сабақ барысында топпен жұмыс жасау тиімді ма?

    8

    4

    3

    Мен сабақта белсенді ат салыстым

    10

    2

    4

    Сабақ барысында өзіңді әділ бағаландым деп ойлайсың ба?

    5

    7

    5

    Өзін-өзі бағалау мен үшін тиімді

    9

    3

    6

    Сабақ барысында қолданылатын сұрақтар маңызды ма?

    8

    4

    7

    Сабақта өзіңді еркін сезіне аласың ба?

    7

    5

    8

    Сабақта кері байланыс жасау ұнады ма?

    11

    1

    Алғашқы сабағымда оқушылардан сауалнама алу барысында нәтиже төмендегідей болды.


    Жаңа әдіс – тәсілдерді, критерий бойынша бағалауды қолдана отырып, тағы да үш сабағымды өткіздім. Төртінші сабақтан соң жоғарыдағы сұрақтарды қайталап, тағы да сауалнама алдым. Сауалнамадағы жауаптар бойынша өзгерістер байқалды, сабақта топтық жұмыспен өткен сабақтар, әділ бағаланғанын жаңа әдіс – тәсілдерді қалайтындардың саны артты.

    Соңғы сабақтан соң алынған сауалнама нәтижесі төмендегідей болды.

    Сауалнама нәтижесінде жаңа технологиямен өтілген сабақтың оқушыларға ұнағанын, қалыптастырушы бағалар арқылы әділ бағаланғанын, өзін еркін сезінгенін білдірді.Жүргізілген жазбаларды қайта қарап шығып, бұрынғы болған сабақтарымдағы іс-әрекет пен кейінгі әрекеттің айырмашылығын байқадым.Оқушылардың сыни ойлауының Блум таксономиясының ең төменгі үдерістерден жоғарыға қарай, яғни қолдану мен талдау деңгейіне дейін қозғалуды көздейтін жаттығуларды беру арқылы сабағымда балалардың пәнге деген қызығушылығымен қатар сын көзбен қарай білгенін білдім. Жаттығуларын орындау негізінде баланың ойының ұшқырлығын, ойын ашық айта алуын, болжам жасай алатындығын анық көре алдым. Мeн oқушылapдың caбaққa дeгeн қызығушылығының күннeн күнгe apтып кeлe жaтқaнын бaйқaдым жәнe тoппeн жұмыc жacaғaн кeздe oлapдың бipлiгiн, ұйымшылдық ic-әpeкeтiн, ceнiмiн, пәнгe дeгeн қызығушылығын, бeлceндiлiгiн көpдiм .Тұйық, үлгepiмi төмeн oқушының өзi тoппeн жұмыc жacaғaнын, бeлceндiлiгiнiң apтқaнын көpдiм. Oқушылapдың caбaққa oң көзқapacпeн қapaй бacтaғaнын, ынтaлapын көpiп қуaндым. Ocы әдіс-тәсілдерді қолдану apқылы бiз oқушылapдың бiлiм caпacын apттыpa aлaтыныма ceнімді болдым. Нәтижесінде балалардың бір-біріне деген ықыласы артып, достығы нығая түсті.Оқушылармен алдағы уақытта қалай жұмыс жасауға болатынын білдім. А деңгейдегі оқушы менің зерттеуім бойынша анықтағаным: қиындыққа мойымайтын, кез-келген ситуациядан шыға білетін, ынталы, зерек оқушы. Алдағы уақытта бұл оқушымен стандарттық білімнен бөлек шығармашылық жұмыспен айналастыруға болатынын білдім. В деңгейдегі оқушы сабақта ынталануы арқасында ойын ашық айтуға, өз бетінше қорытынды жасай білуге үйренді. С деңгейдегі оқушы қалыпты сабақтарда тәртіпсіздігімен танылатын, ал бұл төрт тізбектелген сабақтарда белсенділік танытып, сыныптастарымен бірлесіп жұмыс істеуге үйренді. Менің сабақтарымның ұтымды болған жері-оқушылар жаңа сөз тіркесімен танысты, топта ынтымақтастықта жұмыс істеді, бір-біріне қолдау көрсетті, диалогқа түсіп тілін ширатты, өз ойын флипчартқа түсіре білді.Қазақ тілінде қатесіз сөйлеуге тырысты, қызығушылықтары артқаны байқалды.Оқушылардың мәтінді аударғанда жаңа сөздерді меңгергенін, оқушылардың бірлесе отырып жұмыс атқарғаны, тапсырмаларды дұрыс және тез орындағаны, үлгерімі төмен оқушылардың қалыптастырушы бағаны алу барысында сабаққа деген қызығушылығы мен белсендігі артқандары, Сабағымның ұтымсыз жақтары – Акт-ны қолданар алдында қаламының істен шығуы, тілдік кедергілердің болуы,бағалау кезінде өздерін жоғары бағалауы. Зерттеу кезінде менде мынандай кедергілер болды

    1. Оқушылардың дәстүрлі сабаққа үйренуі.

    2. Тапсырманы орындау барысында уақыттың жетпеуі.

    3. Тапсырманы түсінбей, жүйелікке келе алмаулары.

    4. Бағалау кезінде өздеріне жоғары баға берулері.

    5. Грамматикалық қателерге жол берулері.

    6. Қазақ тілінде ойын жан – жақты жеткізе алмауы.

    7. Рөлдік ойындар жүргізуде ұялшақтық танытулары

    Мұндай кедергілерді болдырмау үшін алдағы уақытта сабақтарымнан осыдан шығу жолдарын табамын. Сабақ барысында кедергілерді жойып, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,критерий бойынша бағалауды, қалыптастырушы бағаны өзімнің іс – тәжірибемде енгізуді мақсат етіп отырмын.

    Нені үйрендім?Оқушыларды топқа бөлудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін, топпен жұмыс жасауды, оқушының пікірін тыңдай білуді, оқушыға мүмкіндік беруді үйрендік. Екінші кезекте кездескен қиындықтарды (оқушының өзінің құрбысының қасында отыруы, ұлдар бір бөлек, қыздар бір бөлек отырғысы келді, топқа бөлгенде шулауы) шешу. Оқушылармен бірлесе отырып критерий қоюды, қалыптастырушы бағалармен бағалауды,бір-бірін ,өздерін бағалатуды, жаңа әдіс-тәсілдерді қолданғанда ғана жүйелі қызықты сабақ болатынын үйрендім.Келешекте ескеретін мәселелер - оқушы пікірімен санасу, тапсырмаларды топ ішінде талқылау,критерийлер жасау,қалыптастырушы бағалар арқылы қызығушылығын арттыру, ашық сұрақтарды жүйелі қоя білу, оқушылардың көшбасшылығын қалыптастыру,сыни тұрғыдан ойлата білу, әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану болды.

    Бұл екінші деңгей бағдарламасының басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған.Оқытудың сындарлы теориясы оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен,мұғалімнен,оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімдерін сыныптан тыс жерде,кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.(М.а.нұсқаулық9-бет).Мектептегі іс-тәжірибедегі зерттеу нәтижесін қорытындылай келе, Мен оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау,өз-өзін ,өзара бағалауды, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді сабақ үдерісінде қолданудың тиімді жақтарын анықтадым.Менің 1-ші,2-ші сабақтарымда қалыптастырушы баға арқылы бағаласам да, оқушылармен бірлесе отырып қойған критерийлері арқылы қойған баға, әділ болмағанын байқадым. 3-ші 4-ші сабақтаәр дискрипторға балл қойғанда әділ,нақты болатынына көзім жетті.

    4 сабақтан соң, менің зерттеу объектісі етіп алған сыныбымның белсенді емес сыныптан белсенді сыныпқа өзгергендігін байқадым. Оқыту үшін бағалауды қолданғанда жаттығулар орындау кезінде, бір-бірін, өзін-өзі бағалауда ойын ашық айта алуын анық көре алдым. Егер өз білімінің олқы тұстарын оқушы өзі ұқса, ол қатарынан қалмаймын деп ұмтылады, қателігін түзетуге тырысады. Сабақ нәтижесінде сол алған бағаға қалай жеткенін оқушы сезінеді. Нәтижесінде табыс критерийін құру,оқыту үшін бағалауды қолдану арқылы оқушының дамуына, алға жылжуына ықпал ететіндігін ұқтым. Оқушылардың білім сапасын сәл болса да арттыруда қалыптастырушы бағаның үнемі болу қажет екендігін білдім.Бағадан гөрі балдық жүйемен бағаланғанда ғана оқушы әділ бағаланатынын, оқушы өзінің білімі қай деңгейде екенін біледі, сабақта оқушылармен бірлесе отырып критерий қою керек екенін сонда оқушының ынтасының, белсендігінің артатынын, бағаның нақты, әділ болатынын білдім.

    Қазіргі қоғамда заманауи әдіс-тәсілдерді меңгерген мұғалім ғана сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелей алады деген қорытындыға келдім.Оқушылардың өзін-өзі реттеуіне,бір-біріне шынайылылығының қалыптасуына,өз-өзіне сенімді болуына ықпал ететініне көз жеткіздім.Іс-әрекеттегі зерттеу жобасынан алған тәжірибем менің болашақтағы іс-әрекетіме оң әсер етеді деп айта аламын.Болашақта менің білім берудегі мақсатым-қазіргі қоғам талабына сай ,құзырлы,өз бетінше дұрыс әрі тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті оқушы қалыптастыру болып табылады. Болашақта әр сабағымда жеті модуль идеяларын пайдаланып өткізсем, сапалы біліммен, сан қырлы әдістер негізінде жоғары нәтижеге жетемін деп айта аламын.

    Келешекке жоспарым:

    1. Топтық, жұптық жұмысты әлі де үздіксіз жүргізе беремін;

    2. Оқушылардың ынтасын арттыруда оқыту үшін бағалауды, бағалау түрлерін кең көлемде қолданамын;критерий бойынша ,баллдық жүйемен бағалаймын;

    3. Оқушыларды кері байланыс жасауға дағдыландыруда басқа әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануға тырысамын;

    4. Әріптестеріме осы әдіс-тәсілдерді үздіксіз үйретуде «жаттықтырушы, тәлімгер» болуды жоспарлаймын.

    5. Сабақты жоспарлауда 7 модульді ықпалдастырамын.

    6 Сабақ барысында үш деңгейдегі оқушыларды зерттеу жұмысын жалғастырамын.

    7.Әріпестеріммен оқу қоғамдастығын құрамын.

    Пайдаланған әдебиеттер:

    1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі )деңгей.

    2. Асхат Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» Оқу құралы. Алматы – 2013 жыл.

    3. Үлестірмелі материалдар жинағы. Екінші (негізгі )деңгей


    написать администратору сайта