Главная страница
Навигация по странице:

  • Туыстық атауларға байланысты сөздер.

  • Ыдыс-аяқ атауларына байланысты сөздер.

  • Құрал-сайман атаулары.

  • диалект сөздік. й рылысына, й шаруашылыына, бйымдара байла


    Скачать 74.04 Kb.
    Названией рылысына, й шаруашылыына, бйымдара байла
    Дата09.02.2022
    Размер74.04 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файладиалект сөздік.docx
    ТипДокументы
    #356505
    страница1 из 4
      1   2   3   4

    Үй құрылысына, үй шаруашылығына, бұйымдарға байла- нысты атаулар. Жеркепе//жертөле.Жер үй, жерді қазып жасаған үй. Бұрын əр шопан жеркепедеотырушы еді (Қ. орда, Жаңақорғ.). Жер қазылып, үстіне ағаш, чырпы, топырақ салынады (Шымк., Арыс). Дəліз.Ауыз үй, сенек. Аяғыңдағы галошыңды дəлізгеқой (Қ.Орда, Сыр.). Екінші бөлмеде ауылдық советтің кеңсесі. Оның дəлізінде500 семьяны сауаттандыратын 5000 əдеби кітап жатыр («Мəд. жəне тұрмыс», 1964, №4). Семей облысы Мақаншы ауданының тұрғын- дары ауыз үйді бодамдейді. Мысалы: Көркемөнерпаздар концерті колхоз конторында өтті. Колхозшылар көп жиналып, төргі үйінен бо-дамүйіне дейін толып отырды («Қызыл жұлдыз», 24. 06. 56). Үйдің бодамыкішкене екен (Сем., Үрж.). Күн батар алдында Ефросинья Ни-

    ловна пешке от жақпақ болып, ауыздағы бодамғашықты (К.Оразалин).

    Əулі. Есік алдындағы қоршалған алаң, ашық қора. Əулінің ішінде мал да тұрады (Шымк., Арыс). Жетісуда аула.

    Шошала.Ас пісіретін үй. Бұл шошаладанкелген түтін ғой (Көкш., Щуч.). Ауыл үйлер шошалада, күн суық. Жел де азынап, аш қасқырдай ұлып тұр (С.Мұқанов). Шымкент облысы (Сарыағаш т. б. ауд.) қазақтарының тілінде мұны асхана,шығыс қазақтарының тілінде мұны тошала дейді: Тошалаға сойған малдың етін қойып, кептіреді. Анау тошала іргесінде жатқан дөңбекті жаңқала, самауырын жылдам қайнайды («Қаз. əдеб.», 28.11.58).

    Жозы//жуазы. Аласа дөңгелек стол. Қонақтар жозының айнала- сында отырды (Алм., Нар.). Ертеңгі шайға бəріміз бір қора болып, жозыны айнала келіп отырамыз (Б.Соқпақбаев). Кейде жуазы деп те атайды.

    Отырғыш.Орындық. Ана үйден отырғышалып келші (Орал, Чап.). Еңбекшілердің өскен талабына сай стол, отырғыш т. б. мебель- дер шығарылды («Коммунист», 1. 01. 1959).

    Жар. Үйдің қабырғасы. Бұл сөз шамамен алғанда Ақтөбе, Орал, Атырау облыстарын мекендеген қазақтардың тілінде кездеседі. Су- рет жарда ілулі тұр (Ақт., Қараб.). Қазір сағат не, жардағы сағатқа қарап жіберші (Ə.Нұрпейісов). «Большевик» колхозында екі сиыр қо- расының жарытұрғызылып, бұзау үйі салынып болды («Колх. жолы», 21.08.1954). Қыз білегіне маңдайын сүйеп, еңкейіп қалған. Басы жар-ға тіреліп, жүзі көрінбейді (X.Есенжанов). Жар газеті мен жауын- герлік листок оқта-текте бір шығады («Колх. жолы», 25.11.1953).

    Ашық-машық. Есіктің топсасы. Есіктің ашық-машығының шегесі босап тұр (Шымк., Арыс).

    Сақа.Үйдегі тіреу, бағана. Ана сақанысүртші (Орал, Жəн.). Қартаң надзирательге қараңғыда сарт еткізіп маңдайын сақаға соғып алған- дай əсер етті (Х.Есенжанов). Солтүстікте бұны ашадейді: Біздің үйдің ашасы ескіріп қалыпты (Көкш., Еңб.). Сасқан Асқар жүгіріп келе жатыр еді, маңдайы ашағатарс ете түсті, есі ауып қала жазда- ды, көзінің оты жарқ ете түсті (С.Мұқанов). Семей, Шығыс Қазақстан- ның кейбір аудандарында ашадеп айырды айтады.

    Забел.Үйдің сырт қабырғасына тақай өрілген кірпіш орындық.

    Балалар забелгешығып, терезеден қарап тұр (Орал, Чап.).

    Сəндіре.Лапас, бастырма. Күн ыссы болса, сəндірежасап ала- мыз (Орын., Ад.).

    Кеңдік. Қамбаның ішіне балшықтан қорап сияқты қуыс жасап, би- дай төгетін жер. Кеңдіктің аузын біз кейде сылап тастаймыз (Шымк., Сарыағ.).

    Шырыш.Арқалықтың, мəткенің үстіне салатын жіңішке ағаш. Алматыда шанжа//чанжа,Шу бойында шабақ,Семей облысында сырғауылдейді.

    Қақыра. Уақытша салынған баспана. Қақыраны қамыстан істеп, жаз отырады (Қ. орда, Тер.).

    Дуал//дауал. 1. Үйдің қабырғасы, 2. Қораның қоршауы. Дуалдағысуретіміз түсіп кетіп, сынып қалды (Шымк., Арыс). Дуал газеті қабырға газеті. Қызылша қазатын жерде қызыл, қара тақта, дуалгазеттерінұйымдастырады (Жамб., Мер.).

    Туыстық атауларға байланысты сөздер. Сой. Тұқым, тек. Бұл сөз Батыс Қазақстан өлкелерінде кездеседі. Ақсақты алсаң сау қуар, соқырды алсаң сой қуар (Орал, Чап.). Біздің бой-сойымыз шамалас екен (Орал, Қазт.). Баласы ана сойынане ата сойынатартпауы мүмкін («Ауыл шаруашылығы», Москва, 1929, 29-бет). Бұл сөз батыс аймақтарында туып-өскен жазушылардың тілінде де кездеседі. Мы- салы:

    Сұрасаң арғы түбі аға сойдан,

    Негізі беріш ұлы ағатайдан (X.Ерғалиев).

    Кемпес.Кемпір. Кемпес,бері келіп кетші (Орал, Орда). Кемпес,ə,

    кемпес, деп, Зағипа жеңгейге қарады (Ғ.Сланов).

    Құдағай. Құдағи. Көршілердің құдағайы келіп жатыр (Орал, Чап.). Бар барын айтады, жоқ – зарын айтады. Құда базына айтады, Құдағайназын айтады (Мақал).

    Тума. Туысқан, жекжат. Кеше біздің көптен бері күтіп жүрген ту-маларымызкелді (Орал, Чап.).

    Халық қызық көрген күн,

    Тумағатумасенгенкүн(Н.Байғанин).

    Таға.Нағашы. Оның тағасыкеліп, мейман болып жатыр (Шымк.,

    Сарыағ.).

    Қоңсы. Көрші. Бұл кісі біздің қоңсымыз (Шымк., Сарыағ.). Жаман туыстан жақсы қоңсыартық (Қарақалпақ қаз.). Жаман адамға мал бітсе, жанына қоңсықондырмас (Қарақалпақ қаз.).

    Ақа. Аға. Бұл сөз Орал облысының батыс аудандарында айтыла- ды. Ақа,қалаға барасыңыз ғой, мен де барсам қайтеді (Орал, Орда).

    Жам. Ру, ата. Жағалбайлы бірнеше жамға бөлінеді. Неше жам-сыңдар?(Орын., Ад.).

    Үріптес.Ағайындас, туыстас. Иманғали менің үріптесім(Гур.,

    Маңғ.). Біз манағы келіп жеткен жігітпен үріптеспіз(Орын., Ад.).

    Қабыз.Нəсіл, ұрпақ. Олардың арғы қабзыбір (Гур., Маңғ.).

    Аданас. Туысқан, тума. Қалада менің екі аданасым жұмыс жасай- ды (Орал, Қазт.). Аданастар, келіңіз, дем алайық (И.Бейсин. Дұрыс жазу қағидалары, 1914).

    Əпше//əпке//əкпе.Апа.Əпшесіқалада оқуда (Шымк., Сарыағ.).

    Ыдыс-аяқ атауларына байланысты сөздер. Жаулау. Бақыраш, қол бақыр. Жаулау бұрын болушы еді (Қарағ., Шет).

    Қылдыбақыр.Шелек. Қылдыбақырдытолтырып су алып кел

    (Қарағ., Шет).

    Төймөңке. Кесенің ең кішкене түрі. Тəймөңке кесемен балаларға құйып бер (Қарағ., Шет).

    Қасқарша.Мойны ұзын жез құман. Қасқаршаосы күні сирек ұшырайды (Қ. орда, Сыр.).

    Сапалкесе.Үлкен кесе. Ол бір сапалкесеайран ішті (Қ. орда, Тер.).

    Чөлеңке.Кесе. Сусын ішетін чөлеңкеалдың ба? (Моңғ. қаз.).

    Шəугім//чəугім.Шəйнек. Мейманға чəугімбер, беті-қолын жусын

    (Шымк., Арыс).

    Құм. Құмыраның үлкен түрі. Құмға ашытқан ағарған кəстрөл-мəс- трөлге ашытқаннан əлдеқайда пайдалы (Түрікм., Таш.).

    Шайдос.Мойны ұзын құман. Бұрын шайдоскөп еді. Кəзір оны

    жезқұмандеп кетті ғой (Шымк., Сарыағ.).

    Бөрдек.(Орал, Қара.). Құдықтан су алу үшін кенеп, не теріден істелген шелек сияқты ыдыс.

    Құрал-сайман атаулары. Мыштар//ныштар. Бəкі. Менің мыш-тырым қалтамда қалып қойыпты (Шымк., Ленг.). Батыс қазақтары бұны шаппа//шаппапышақдейді.

    Забиял.Қазан революциясынан бұрын Завиялов зауыты шыға- рып тұрған бəкі. Бұрын забиялбəкілер көп болатын (Көкш., Щуч.).

    Кемпірауыз. Шеге суыратын құрал. Орталық-солтүстік облыстарда тістеуік, батыс аймақтарында атауыз дейді. Кемпірауыз шегені дем- де суырып алады («Қаз. əдеб.», 16. 08. 62).

    Аша. Айыр. Айырды бұтағының санына қарай үшаша, төрташадеп атайды. Сахнада тарелке айналдырғанша, қолыңа ашаалып, қырман басындағы веялкаға барғаның жөн болар («Қызыл жұлд.», 9.11.56). Солтүстік облыстарда аша деп үйдің тіреуін, бағанасын ай- тады. Оңтүстік аймақтарда (Шымк., т. б. обл.) айырды бесақадейді.

    Шеккі. Таразы. Ана тұрған бидайды шеккіге өлшет (Орал, Жəн.). Сиқов жолдас астық өлшеп алуға тұрақты адам тағайындамай жəне шеккіменқамтамасыз етпей отыр («Коммунист», 2. 07. 54).

    Нəрбі.(Қарағ., Шет). Темір тесетін құрал.

    Жөмке.Қысқаш. Шоқты жөмкемен қысып алып тастаймыз

    (Орын., Бөр.).

    Жұтпа.(Қарағ., Шет). Маядан шөп суырып алатын құрал. Бұл құрал Қостанайда сүңгуір, Көкшетауда шотағаш, Маңғыстауда қар-мақдеп аталады.

    Созан.Түйенің ауытын тігетін ағаштан не темірден жасалған үлкен ине. Созаныңдыберші, мен тігейін (Түрікм., Таш.).

    Бұлардан басқа төмендегі сөздерді де атауға болады: мəстүрік// нəстүрік (ағаш жонатын құрал), əтешкір//шаттауық (от қысқыш), алқа(құлып), кергі(қайла), қадаубас(темір кесетін құрал) т. б.
      1   2   3   4


    написать администратору сайта