диалект сөздік. й рылысына, й шаруашылыына, бйымдара байла
Скачать 74.04 Kb.
|
Балықтан жасалған ас, тағам атаулары.Бөкпен. Балықтың майлы сорпасына пияз, бұрыш қосып, нан ту- рап, бөктіріп істейтін тағам. Бөрек. Қайнатып пісірілген балықты қылтанынан тазартып, оның үстіне ұсақтап нан турап, бұрыш, пияз қосып істелетін тағам. Бітеу. Балықтың сыртқы қабыршағын аршып, ішіндегі торсылдақ, уылдырығын, ішек-қарнын алып тастап, оның орнына нан, пияз, кар- топ салып, табаға тұтасымен пісірген тағам. Қалқы.Балық еті бір қайнағаннан кейін оның сүйектерін алып тас- тап, үстіне нан салып, пісірген тамақ. Оны ет сияқты тұздықтап жейді. Қарма.Балықтан істелген тағамның бір түрі, зерттеу еңбектерде қарманы даярлаудың екі əдісі көрсетілген: біріншісі, балықтың ішіндегісін алып, сыртын қырып тазалайды да, оған май қосып, қарып пісіреді. Екіншісі, балықтың қабыршағын қырып, тазартып, ішіндегі торсылдақ, ішек, қарын, уылдырығын алып тастап, қазанға қуырып, келіге түйіп жасайды. Бұл əдісті Ырғыз, Торғай балықшылары қол- данады. Егіншілікпен, балық шаруашылығымен шұғылданатын Қы- зылорда, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кейбір аудандарында (Торғай, Ырғыз, Қарабұтақ, Арал, Қазалы т. б.) тұратын тұрғын қазақ- тардың тілінде «Балықшының баласы қарма жейді, егіншінің баласы жарма жейді» деген мақал да бар. Кейбір жерлерде қарма деп қазанға пісірілген нанды айтады. Жер суландыруға байланысты сөздер. Бұл атауларға əсіресе оңтүстік-шығыс өлкелер бай. Ирригацияға байланысты сөздердің ба- сым көпшілігі, басқа кəсіби сөздер сияқты, əдеби тіл лексикасының баюына аса қажетті. Əнер.Үлкен, бас арық. Егінге əнерденсу жібердік (Шымк. обл.). Жанарық.Егістік жердегі оқ арықтан тарайтын арық. Жанарық деген егіске жақын жүреді (Шығ. Қаз.). Қарық (Қ. орда, Қарм.) Ұсақ арық, бақша ішіне жіберілетін кіші- леу арық. Қолшық.Кішкене арықшалар. Бұл қарықтан да кіші болады (Жамб. обл.). Қол арық. Ең кішкене арық. Суды оман арықтан қол арыққа бұр- дық (Қарағ., Шет). Оман арық. Үлкен, бас арық. Оман арықтың суын егінге байла- дық (Қарағ., Шет). Құлақарық//құлақ.Егінге су жіберетін арықтың аузы, жолы. Егінге құлақты кең ашпаса, су жақсы тарамайды (Шығ. Қаз. обл.). Кейбір атыздардың су жүретін құлағынақазық қағып, талдырғылап тас- тапты. Ескі суы қашыртқылануда («Ленин жолы», 26. 08. 59). Ата жап. Егіс басына үлкен арықтан су жеткізетін кіші арық. Атажаптан қауын аралығына арық арқылы су тарайды (Қ. орда. Тер.). Бұдан басқа да толып жатқан бау арық, оқ арық, жанама арық, атызарық,қазынаарық,көларық,желкеарықсияқты түрлері бар. Енді бір топ сөздер егінге су жіберу əдісі, мерзімімен байланысты қолда- нылады. Олардың көпшілігі сусөзімен тіркесіп келеді. Мысалы: Жерсуы.Егіндік жерді жыртпастан бұрын берілетін су. Былтыр 80 гектар жерге жерсуынбердік (Алм. обл.). Желке суы (Алм. обл.). Егіннің екінші рет суарылуы. Семей облы- сында қайрақсуыдейді. Қайрақсуы.Егінді екінші рет суару. Егінге енді қайрақсуын жіберуім керек (Сем., Мақ.). Орақ суы. Егінді орудан 15-20 күндей бұрын жіберілетін су. Егін- ге орақ суынжіберіп келдік (Сем., Үрж.). Құлақ су (Сем., Үрж.). Бір байлам, яғни бір бөгеумен егіннің мөл- шерлі бір бөліміне жіберілетін су. Мұның басқа үлкенсудеген түрі бар. Бұл колхозға қарасты құлақ су бар, бірақ оны дұрыс пайда- ланбағандықтан су далаға кетіп жатыр («Қызыл жұлдыз», 23.06.40). Топырақсуы(Алм. обл.). Егіннің бірінші рет суарылуы. Баспақұлақсу.Бірнеше құлақ су. Бүгін егінге бір баспақұлақсу жібердік (Сем. обл.). Біриінсу.Жарты күндік су. Жердің өлшеміне байланысты төмендегі сөздер кездеседі: бір ке-сімжер(гектардың сегізден бір бөлігі), бірқосжер(1 гектарға жақын жер), бір қайтым жер (ширек гектар жер), бір танап жер, бірмойынжер т. б. Бау-бақша егісімен байланысты сөздер. Пашақ//башақ. Қауын- қарбыздың дəні. Аскелдінің пашағыірі болады (Гур., Маңғ.). Кешір (Түрікм., Ашх.). Сəбіз. Орынбор қазақтары сəбізді ешкіқұй-рық дейді. Пісте.Күнбағыс, семішке. Биыл пістенікөп ектік (Шымк., Са- рыағ.). Қызылорданың кейбір аудандарында айғабақ//айғабағардейді. Шалғам.Редиска. Біраз жерге шалғамсептім (Жамб., Шу). Парняк- терде шалғамегу аяқталды («ЛЖ», 1. 03. 64). Бəдірен.Қияр.Осы колхозда биыл бəдіреназ егілді (Шымк., Мақт.). Оңтүстік сөйленістерде қауын-қарбызға байланысты көптеген кə- сіби сөздер бар. Мысалы, қарбызсөзі оңтүстік аймақтарда дарбызтүрінде айтылады. Семей облысы Мақаншы, Үржар аудандарының тұрғындары қарбыздықауындейді де, қауынды діңкедейді. Қауын- ның мынандай түрлері бар: Күлəсəн//патсайықауын.Сары ала, үсті тор-тор болады. Торлама.Тəтті қауынның бір түрі. Əміре//шартылдақəміре.Іші қызыл, қабығы жұқа тəтті қауын. Қауыншек.Қақтаған қауын. Бұны қақдеп те атайды. Жеп көрдің бе алтындай қауыншекті, Жер шарына оның да даңқы жетті (Н. Беке- жанов). Əңгелек.Ерте пісетін қауынның кішкентай түрі. Дəукен атайдың əңгелегішығыпты деген сөз тарап кетті (Н. Серəлиев). Дəмбілше.Ертерек пісетін қауынның бір түрі. Аспай-саспай қи- мылдап, əлгі əкелген дəмбілшесінжарды (Қ. орда, Жал.). Қазақы//кемпірқауын.Түсі сары, кейде көкшіл, жұмсақ қауынның бір түрі. Бұлардан басқа қауынның басыбалды,күлəбі,ақнабат,ақұрық,қызылұрық сияқты түрлері кездеседі. Мақта шаруашылығына байланысты кəсіби сөздер. Шымкент облысының тұрғындары тілінде мынандай сөздер кездеседі: Бур.Қозаның ең алғашқы түйінінде қоза көсегін орап тұратын жа- пырақтар. Гүлше.Гүл шығара бастаған шанақ. Шанақ. Мақта талшығы жетіліп ашылғанға дейін ыстықтан қор- ғап тұратын қалқан. Бұл сөзбен байланысты шанақ байлау (шанақ салу), шанақ төгу(шанағы түсу) деген тіркестер қолданылады. Бұл сөз шанақтау бо- лып етістік тұлғасында да қолданылады. Мысалы: Қазір барлық жер- де жаппай шанақтап,гүлдей бастады («Оңтүстік Қаз.», 7.07.59). Қоза. Мақта өсімдігі. Қоза баптау – мақта өсімдігін күту. Қозакөшетімақта өсімдігінің түбі. Терім. Мақта теру. Ұстаздар басшылық етіп, терімде ұйымшыл- дық көрсетуде («Қызыл ту», 13.10.66). Шиіт. Мақта өсімдігінің тұқымы, дəні. Осы сөзбен байланысты төмендегі тіркестер қолданылады: тұқымшиіті(келесі жылы себі- лу үшін, суық түскенге дейін теріп алған мақта дəні). Қабықты шиіт(қабығы алынбаған мақта өсімдігінің тұқымы), ақ шиіт (түгі алын- баған түбітті шиіт). Бидай, жүгері, тары дақылдарымен байланысты кəсіби атау- лар. Бозтұмсық//бозмұрт.Тарының шала піскен кезі. Тарының жары пісіп, жары піспей тұрған кезін боз тұмсық дейміз (Орын., Ад.). Мəдек.Жүгерінің жеміс беретін сабағын біз мөдекдейміз (Сем., Үрж.). Ақпорми(Сем., Үрж.). Үлкен, толық болып шыққан жүгері. Борми(Сем., Үрж.). Нашар шыққан жүгері. «Коминтерн» колхозы бидайдың əрбір гектарынан 4, 64 центнер, бормидан7, 56 центнерден артық өнім алды («Қызыл жұлдыз», 24. 06. 56). Қобанбидай.Қатты бидай. Бұл күнде қобанбидайғақатты бидай деп есім берді (Орын., Ад.). Опайдау.Егін бастыру. Бəһөрібидай(Шымк., Ленг.). Көктемде егілетін бидайдың бір түрі. Қырқын.Бидайдың келтегі, шар басы. Қырқындыбұрышқа жи (Қарағ., Шет). Көкнайза(Сем., Мақ.). Қара бидай. Ақкөйлек.Бидайдың ішкі жұқа қабығы. Бидайдың ішінде ақкөй-лекдеген жұқа қабығы болады (Сем., Мақ.). Дүмбе(Сем., Мақ.). Күздік бидай. Мал шаруашылығына, жан-жануарлар дүниесіне байланысты атаулар. Тайөгіз. Тана. Тайынша. Бізде екі тайөгіз бар (Орал, Чап.). Биыл жайып семіртуге 118 бас сиыр бөлдік, олардың көпшілік тай-өгіздер («Екп. жол», 18.05.58). Мешіттен шетірек өзге ауылға шықса, тайөгіз бұқадай сүймендеп жүр (X.Есенжанов). Сиыр-сыбыр.Сиыр-миыр. Көзіңе жайылып жүрген сиыр-сыбыр көрінген жоқ па? (Гур., Маңғ.). Бірқырқар.(Орал, Жөн.). Күзге таман кеш туған кенже қозы. Тұқай. Тұяқ. Кейбіреуін тұқайымен қақты, енді біреуін жүнінен тартты («Еңбек туы», 25. 12. 57). Мойнақ.Адай жылқысының бір тұқымы. Əнеки, өңшең асыл көз мойнағы(X. Ерғалиев). Жандық//жəндік.Ұсақ мал. Біздің үйде жандықбар (Орал, Жымп.). Үйдің сəні сандық болар, қораның сəні жандық болар (Мақал, Қара- қалпақ қаз.). Шəңгер. Ерте туған лақ. Шəңгерді кейде қодыраң лақ деп те атай- ды (Орын., Ад.). Мада (Шымк., Сарыағ.). Есектің ұрғашысы. Кейбір жерде мəш// маш есек дейді. Əңгі. Есектің еркегі. Жалғыз əңгі есегіммен осы үйдің қыруар жұ- мысын тындырдым (Қ. орда, Шиелі). Қодық. Есектің бір жасқа дейінгі баласы. Есек қодығымен, шеңгел собығымен (Мақал, Шымк., Сарыағ.). Ашық-жабық.Семіз де емес, арық та емес, күйі орташа мал. Ашық-жабықмалымыз бар (Көкш., Щуч.). Көпек.Төбет ит. Сен ауылда жүрген көпекит, Мен қара кеуде қашаннан (Қашағанақын.Гурьев). Дағалай.Бір жылда екі лақтаған ешкінің екінші лағы. Ешкім екін- ші лақтап, міне дағалайыда өсіп қалды (Сем., Мақ.). Дүбəрəндік//декабріс(Қарағ., Шет). Күзде не қыста туған төл. Жожын.Шошқаның торайы. Доңыз жожындыкөп табады (Тү- рікм., Таш.). Түйе шаруашылығымен көбірек айналысатын аудандарда түйе- мен байланысты көптеген сөздер бар. Көрт.Лөк пен кердеріден туған түйенің тұқымы. Түйе жаманы көрт,шөп жаманы – керт (Мақал, Гур., Маңғ.). Кердері(Гур., Маңғ.). Айыр түйе мен нар түйенің арасынан туған будан. Түйенің тəуір түрі. Жанпоз//жанбозы(Орал, Орда). Кердері түйенің бір түрі. Арғымақтан туған қазан ат, Шабуыл салса нанғысыз. Айырдан туған жанпозбар, Нарға жүгін салғысыз (Махамбет). Жарбай(Түрікм., Таш.). Нардың нашар түрі. Көбінесе нар мен бу- раның араласынан туады. Тастүйе(Түрікм., Таш.). Нар мен аруананың арасынан шыққан асыл тұқымды түйе. Қаймал(Гур., Маңғ.). Үш жастағы ұрғашы түйе. Жөгі//Жоң.Түйенің жаманы. Жоңтүйе адамды тістеп алады (Шымк., Сарыағ.). Өндіріс, шаруашылықтың əр саласындағы кəсіби сөздер қазақ тілі лексикасының толығу, баю жолдары арқылы қалыптасқан. Кəсіби сөздердің көпшілігі тілдің сөздік қоры негізінде сөз туды- ру тəсілдері арқылы байырғы сөздерден қалыптасқан. Мысалы, сөз тудыратын жұрнақтардың көмегімен жүйек(мақта, темекі, қызыл- ша т. б. егіндердің қатары, егілген жолы), ауыздама (суды шамалы жерге жайып тұратын шолақ арық), көтерме (ой жерде екі жақ то- пырағын көтеріп жасаған арық). Жалтырауық (шортан, жайын қабу үшін ақ қаңылтырдан балық тəрізді етіп жасаған құрал), жетек (сырыққа байланатын кендір ар- қан), жұтпа (үлкен қармақ), тоспай (иірімге құрылатын сүзекі ау), шөктірме(ауыр зат байланатын жіп) т. б. сөздер пайда болған. Бірігу тəсілі арқылы: нарқызыл (қызыл бидайдың тез пісетін түрі), қоянаяқ(тарының сорты), əбеқоңыр(бидайдың орташа шығымды- лығы), тұлықтас(астық бастыратын тас), қарашағырмақ(бекіре, шоқыр балықтарын аулаудың тəсілі), иінағаш (ау тоқитын ағаш ине), қаракөз,айнакөз,қызылкөз,қарабүрге,қызылқанат,қылышбалық(ба- лық атаулары) т. б. сөздер пайда болған. Тіркесу тəсілі арқылы: ақ балық, ақ сыла, құты балық (балық атаулары), қосалқықайық,парталқайық,қабаданқайық(қайық түрлері), үкі сүзу (мұз ойып, балық аулау), қайық жүгірту (қайық жалдап пайда табу), жылым айдау (жылым ауын тарту), балық бағу(балықпен кəсіп ету), қазына арық, бау арық, атыз арық, жанамаарық, қауын арық (арық түрлері), бір қайтым жер, бір қос жер, біратыз жер, бір мойын жер, бір сала жер (егіндік жер мөлшерлері), күдері су, бір иін су, баспа құлақ су, үлкен құлақ су (егістікке берілетін су мөлшері) т.б. атаулар қалыптасқан. Сөз мағынасының жаңаруы, өзгеруі арқылы жалпыхалықтық көп- теген сөздердің мағына жағынан дамуы нəтижесінде көп мағыналы сөздер туған: ауыз (арықтарға су жіберетін жер), қулау (судың арықты бұзып кетуі), челдеу//шелдеу (егіске жіберілген судың алдын қырнап ашып отыру), қарауыл (аудың жатқан жерін көрсететін белгі), құрсақ(жылым аудың балық жиналатын жері), сүзгі (балық сүзетін құрал), тас (бекіренің қатты шеміршегі), шөгеру (ау салу), өре (ау торының кере жазылған бойы) т.б. Кəсіби сөздерде басқа да мағыналық құбылыстар кездеседі. Бір- сыпыра кəсіби сөздер жалпыхалықтық сөздерге омоним болып ке- леді: қаза(аудың бір түрі), самал(мұз оятын құрал), жылым(теңізде балық аулайтын ау), бал (кішкене арық). Белгілі кəсіпке байланысты синоним ретінде қолданылып жүрген сөздер де бар. Мысалы, Досқа- раев аудың балық жиналатын жерін құрсақдеп те, қоржын,мат-ня деп те, ау салу, ау тарту үшін жағадағы қолайлы орынды рет деп те, майлықдеп те атайтынын жəне көксеркені тісті, торды кереге,қайықты ыдыс, ау салуды ау төгу, ау жабу, ау шөгеру, қайықтың ішіндегі көлденең ағашты азна, отыра деп атайтынын анықтаған. Бірсыпыра кəсіби сөздер басқа ұлт тілдерінің əсерімен жасалып қалыптасқан. Арал, Каспий балықшыларының тілінде орыс сөзінің əсерімен прогон(мұз астында ауды айдайтын ағаш), шөмейке(шемая балық), көшкі(кошка, якорь), ақан(ахан, охан – ау түрі), шан(балық тұздайтын үлкен бөшке), мойке(мойка – балық жуатын ыдыс), багор(ұзын сапты қармақ темір), бояқ(боек – қалқы), бөднек(неводник – желкенмен жүретін қайық), путен(путина – балық аулау маусы- мы) т.б. сөздер пайда болған. Диқаншылар тілінде: рош(рожь – қара би- дай), обрат(обработка), қанау(канава – бас арық) т.б. сөздер жасалған. Парсы, тəжік, өзбек, ұйғыр тілдерінен: уат(кішкене арық), нам(ылғал), белкүрек(күрек), пахта(мақта), шиіт(мақтаның тұқымы), қоза(мақта өсімдігі), жоя(атыз, қауын-қарбыз егетін жер), пал(мақта, қызылша түптерінің жиегі), өстен(бас арық, канал), чөнек (ұсақ арықшалар) т.б. сөздер енген. Кəсіби сөздер ұлттық əдеби тіл лексикасының дамып жетілуіне, толығып отыруына үлес қосады. Мəселен, тек ауылшаруашылығы саласында қазіргі кезде əдеби тілге еніп, бүкілхалықтық сипат алып кеткен кəсіби сөздер аз емес. Мысалы: дақыл, қозапая, шиіт, танап,жүйек,құлпынай,мұрап,сақман,көлтабандапсуару,шөгінді,оттық,көшет, күнбағыс, айқабақ, бақ, бағбан т.б. бір кезде шағын ортада ғана белгілі кəсіби сөздер болатын. Осындай сөздердің термин болып кеткені аз емес. Қазақ тілінің өз сөздерінен термин жасауда кəсіби сөздердің зор мəні бар. Кəсіби сөздер терминдік лексиканы қалыптастыруда негізгі арналардың бірі болып табылады. Мұның өзі кəсіби сөздер мен тер- миндер сипатындағы жақындыққа байланысты. Термин ретінде қа- лыптасып кеткен кəсіби сөздер де белгілі бір ұғымның нақты, дəл мағынасын анықтайды. Ұлттық тілде олардың мағынасын дəл беретін баламалары жоқ. Мысалы, жылым, танап, қозапая, дақыл сөздерін басқаша атауға, басқа сөзбен ауыстыруға болмайды. Бұдан екеуінің арасында айырма жоқ деп қарамау керек. Ұлттық тілдегі кəсіби сөздердің бəрі бірдей ғылыми термин болып қалыптаса бермейді. Олардың ішінен тек баспасөз арқылы əдеби тілге еніп, ғылыми ұғымдарды білдіру талабына сай келетіндері ғана термин бола алады. Терминдер ғылыми негізде, ал кəсіби сөздер халықтық негізде əртүр- лі кəсіптің дамуымен байланысты қалыптасады. |