Главная страница
Навигация по странице:

  • Киім-кешекке байланысты атаулар.

  • Азық-түлік, тағам атаулары.

  • Кəсіби сөздер.

  • Жалпыхалықтық

  • Диалектілік сипаттағы кəсіби сөздер.

  • Балық

  • Ау, құрал-сайман атаулары.

  • диалект сөздік. й рылысына, й шаруашылыына, бйымдара байла


    Скачать 74.04 Kb.
    Названией рылысына, й шаруашылыына, бйымдара байла
    Дата09.02.2022
    Размер74.04 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файладиалект сөздік.docx
    ТипДокументы
    #356505
    страница2 из 4
    1   2   3   4

    Салт, əдет-ғұрыпқа, ойын аттарына байланысты сөздер.


    Тəріп.Əдет-ғұрып. Біздің тəрібіміздемұндай жоқ (Қарақалпақ қаз.).

    Дəп.Дəстүр, əдет-ғұрып. Мұндай дəпбіздің елде де бар (Гур.,

    Маңғ.).

    Азат омыртқа//аян омыртқа (Алм.). Мал сойған кісінің ақысы есебінде берілетін ет.

    Асар//уме.Адамдардың топтасып көмек, жəрдем беруі. Асарғакөп адам шақырдым (Қ. орда, Сыр.). Өзбек тілінде хашар.Батыс қазақтары мұны уме дейді. Мен умеге жақындарымды ғана шақыр- дым (Ақт., Қараб.). Бұл сөз кейде «жəрдем» сөзінің синонимі ретінде де қолданылады. Мысалы, Егіс уақытында қаладан умеге көп адам келеді (Ақт., Қараб.).

    Шөп шапқам жоқ өзіме, Өткіздім байдың үмесін.

    Əй, Мырқымбай, қайтейін,

    Бай деумен-ақ жүдейсің (Б.Майлин).

    Есім қосу. Жиын-тойда ат қойып ойнайтын ойын түрі. Есім қос-қанда ойынды басқарушы отырғандарға түгел есім қойып шығады (Орын., Ад.).

    Мəлкітотай.(Орын., Ад.). Əйгелек, қол үзбек. Ойынның бір түрі.

    Шатыраш.Дойбы. Шатыраштыжөнді ойнай алмаймын (Орын.,

    Ад.).

    Күн райына, табиғатқа, уақыт мезгіліне байланысты сөздер.


    Жам.Теңіздің терең, өзек жері. Тымық күндері де жамныңбеті толқып жатады (Гур., Маңғ.).

    Желауыз.Оңтүстік-батыстан соғатын теңіз желі. Желауызжиі соғып тұрады (Гур., Маңғ.).

    Қышын.Солтүстіктен соғатын теңіз желі. Оның күшті түрін қарақышындейміз (Гур., Маңғ.).

    Айлақ.Шығанақ, теңіздің қолтығы (ор. бухта.). Кеме айлаққаке- ліп тоқтады (Гур., Маңғ.).

    Чат//шат.(Сем., Үрж.). Тау ішіндегі терең сай.

    Ақбайтал.Үскірік, боран. Қыста ақбайталкүндерінде суық бо- лады (Көкш., Еңб.).

    Шұбарлыжер.Ағашты, бұтақты жер. Шұбарлыжергеқар көп тоқтайды (Көкш., Щуч.).

    Долы.Бұршақ. Жемісімізді долыжауып, ұрып тастады (Шымк., Ленг.).

    Шабыр.Қырқалы, ойлы-қырлы жер. Білемін, оның үйі шабыр-дыңішінде еді (Қарағ., Шет).

    Жарын.Келесі жыл, келер жыл. Қайрақбай бізге жарынкелем деп отыр (Ақт., Жүр.). Бұдан да бітік өседі, Еккен тарың жарынғы(Н.Байғанин).

    Киім-кешекке байланысты атаулар. Бөйтік. Теріден тігілген аяқ киім. Бөйтігіңдіки де, жылқыға бар (Моңғ., қаз.).

    Көбенте чапан. Мақталы шапан. Зақыдан (базардан) көбенге ча- пан алдым (Монғ. қаз.). Моңғолша көбенте мақталы деген сөз.

    Зодық. (Моңғ.қаз.). Балуандардың киімдері. Моңғол тілінен енген сөз.

    Аяққап. Аяқкиім. Магазиндерден іздеп отырып, өзіме аяққап та- уып алдым (Түрікм., Таш.). Түрікменше аяққап.

    Жорап.Нəски, шұлық. Тонадағы сүр жорабымдыжудың ба? (Түрікм., Таш.).

    Бөстек. (Қарағ., Шет). Жабағыдан жасалған бір кісілік көрпеше. Біздің бұрынғы ескі-құсқы бөстектерғана шашылып жатыр (Б.Соқпақбаев).

    Бестақа.(Гур., Маңғ.). Өкшесі аласа етік.

    Жалбай. Тымақ сыртынан киетін жалаң қабат бас киім. Жалбайы-мыз қалып қойды (Орын., Ад.). Бөркімнің сыртынан жалбайымды ки- месем, бүгін күн суық екен (Қост., Жанг.).

    Жадағай.Астарсыз жұқа шапан. Ол шыли жадағай киетін

    (Шымк., Арыс).

    Тайжақы//құлынжарғақ//дақа. Құлынның не тайдың терісінен іс- телген сырт киім. Бұрын тайжақыныкөбінесе құлын терісінен жасап

    киетін (Шымк., Арыс). Төрдегі екі терезенің аралығындағы қабырға- да жаннат қаптал ішік, қара құлынжарғақілулі тұр (С. Мұқанов).

    Бұлардан басқа киім-кешекке байланысты төмендегі сөздерді атауға болады: жапатай (елтірі құлақшын), мөкі (кебістің түрі), шеп-шер//шəпшер(шарық тəрізді аяқкиім), байтаба(жүннен тоқылған шұлғау), екше(кимешек), бөкіс(киіз қонышты етік) т. б.

    Азық-түлік, тағам атаулары. Қорықтық. Қойшылардың қызған тас салып пісірген сүті. Жолда қойшылардан қорықтық істеп ішіп, жырғап алдық (Моңғол қаз.).

    Бодық.Малды сойып, терісіне орап, жерошақтағы күйдірілген құмға көміп пісірген ет. Далада істеген бодық қандай тəтті болды (Моңғ. қаз.).

    Ұрпақ.Еттің нанына себілетін ұн. Қамыр илегенде себетін ұнды

    ұрпақдейміз (Шымк., Сарыағ.).

    Ұша.Қойдың сүбемен, құйрықпен тұтас алынған бел омыртқасы.

    Біреудің төсін жесең, өзіңнің ұшаңдысайла (Мақал, Гур., Маңғ.).

    Құлақ нан. Етке салатын нан. Етке салатын нанды біз құлақ нандейміз (Көкш., Щуч.). Оңтүстікте қамыр,батыста етнаны,солтүстікте жұқа нан дейді. Орда (Орал облысы) қазақтарының тілінде Түрік- менстандағы қазақтар ішінде күртік.

    Əсел.Бал. Біздің жақта керек болса, əселде табылады (Шымк.,

    Сарыағ.).

    Келімдəрі. Қызыл бұрыш. Кежеге келімдəрі сап ішкенде жақсы бо- лар еді (Алм., Кег.).

    Пендір.Брынза. Колхоздарда пендіржасайды (Түрікм., Таш.).

    Төңкерме (Көкш., Щуч.). Ұн мен майды араластырып қуырып іс- тейтін майлы, тəтті тамақ. Мұны кейде тастампай деп те атайды.

    Тураған. Еттен қалған қамырды майдалап турап, сорпа құйып, тұз- дықтап беретін тамақ. Мен турағандыжасамаймын (Шымк., Сарыағ.). Кейбір жерде бұны нарын дейді. Қызылорданың кейбір аудандарында турамадейді.

    Жылытпа.Кешегіден қалған ас. Жылытпаныжеп кетейік (Қ.орда,

    Сыр.).

    Курпы//курпі.Ұнның кебегі. Ұнның курпісіжиналып қалды (Орал,

    Жымп.). Курпісіаз шықты, бидай майда тартылыпты (Орын., Ад.).

    Қазақ сөйленістерінде нанның төмендегі түрлері кездеседі: қазан-жаппай//қазанжаппа.Қазанға жауып пісірілген нан. Ас жақсысы қазанжаппай, сөз жақсысы – лөббөй (Мақал, Ақт., Караб). Қаттама.Жұқа нанның арасына қаймақ салып, майға пісірген нан. Мейман келді ғой, қаттама пісір (Алм., Шел.). Кісе нан (Гур., Маңғ.). Ішіне туралған ет салынып, табаға пісірілген нан. Загара.Жүгері, тары

    ұнынан істелген нан. Там басында дағара, дағара толған загара (Қа- рақалпақ қаз.). Көмпек (Түрікм., Таш.). Ашытып пісірілген бөлке нан. Маңғыстауда өтпек дейді.

    Кəсіби сөздер. Кəсіби сөздер жергілікті жерде əр алуан кəсіптің, өндірістің туып дамуымен қалыптасады, соларға байланысты зат- тардың, өндіріс, еңбек құралдарының, еңбек өнімінің, процесінің атауларын білдіреді. Мұндай сөздер белгілі кəсіппен шұғылданған адамдардың арасында қолданылады да, көбінесе солардың өздеріне ғана түсінікті болады. Мəселен, Арал, Каспий балықшылары тіліндегі шола(балықтың азаюы), ұйық(балықтың бір жерге шоғырлануы), əттік(қармақтың тілі), балберкі(қалтқы) т.б. сөздерді балықпен кəсіп етпейтін басқа жердің адамдары білмейді де түсінбейді. Диқан- шылыққа байланысты көптеген сөздерді бəрі білгенімен, егін-жай кəсібі жақсы дамыған оңтүстік аудандардағы бəдірең (қияр), əбінауат(үлкен сары қауын), оман арық (үлкен арық), қитақ (атыздың іші), жадау (үлкенарық) т.б. сөздерді əркім біле бермейді. Əрине, белгілі кəсіп, шаруашылықпен байланысты сөздердің бəрін де халыққа тү- сініксіз деп қарамау керек. Олардың ішінде ежелден жалпыхалықтық болып, тіпті негізгі сөздік қорға еніп кеткендері де аз емес. Мысалы, шорқан, қармақ, алабұға, жайын сөздері ешкімге де жат емес. Ал кəсіби сөздер жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, белгілі кəсіппен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын, со- ларға түсінікті сөздер мен сөз тіркестері.

    Қазақ тілінде кəсіби сөздердің түрі мол. Олардың бірқатары əр- түрлі шағын кəсіпке, ұсақ мамандыққа (балташылық, өрімшілік, зер- герлік, тоқымашылық т.б.) байланысты. Мұндай сөздер жергілікті халық тілінде қай жерде болсын кездеседі. Мəселен, Маңғыстауда зергерлікке, ою-өрнек түріне байланысты қас(зергерлік бұйымдарға салынатын жарқырауық тас), сабақ(бауы қысқа сырға), сірке(затты мəнерлеу үшін салынатын түртпе бедер), бауырдақ(былғары бұйымға салынатын əшекей) т.б. сөздер бар. Түрікмен қазақтарында кілем тоқуға байланысты ашық(кілем жиегіндегі мəнер), арқа(кілемнің тақыр жағы), топырақ(түкті кілемнің шетіндегі жалпақтағы 4-5 елі- дей тақыр жері), басылық(кілем тоқып жатқанда екі жағына салына- тын жіп, тоқылып біткен соң алынып тасталады) т.б. сөздер кездеседі. Кəсіби сөздердің енді бірқатары ірі кəсіпшілдік, өндірістік сипат- тағы сөздер. Олардың неғұрлым айқын сараланып, молырақ кезде- сетін түрлері егіншілік, диқаншылық (астық, бау-бақша, күріш, мақ- та, темекі т.б.), балық кəсібі, тау-кен өндірісі, мал жəне аңшылық шаруашылықтарына байланысты. Мысалы, балықшылардың тілінде қиратпа(жайын аулауда пайдаланылатын шанышқы), қортпа(бе-

    луга, қызыл балықтың бір түрі), шоқыр (севрюга), нарел (ұзын сырық ағаш), аламан ау (майшабақ аулайтын ау), басқал (қайыққа мінетін орын), безеге (үлкен балықтың жұлыны), торман (ұсақ сазан), қазабасу (бұрын ау құру мағынасында айтылған), көңгей (жіңішке кендір жіп), инелік (ағаштан жасалған ау жамайтын құрал), бөген (қайықтың ішіндегі керме ағашы), шіпшік(аудың арқанын жерге бекітетін қазық), шашал(мұз үстінде балық аулайтын құрал) т.б. сөздер.

    Кəсіби сөздер тілімізде таралу жағынан да, əдеби тілге қатысы жағынан да біркелкі емес. Мысалы, күнбағыс//күнбағар, дақыл, жү-гері,қияр,қарбыз,жүзім,алмұртсияқты сөздер жалпыхалықтық сипат алып, əдеби тілден мықтап орын алса, борми//порми, бəдірең,көмбекнансияқты сөздер жалпыхалықтық сипат ала алмай, белгілі бір шағын аймақта ғана қолданылып жүр. Осыған орай кəсіби сөздер- ді топқа бөлуге болады: 1) Жалпыхалықтық сипаттағы кəсіби сөздер.

    2) Диалектілік сипаттағы кəсіби сөздер.

    Жалпыхалықтық сипаттағы кəсіби сөздер. Бұл топқа əдеби тілде норма болып қалыптасқан, жалпыхалықтық сипатта қолданы- лып жүрген жүгері, қияр, қарбыз, сəбіз, жүзім, дақыл, бидай, арпа,сулы,мақта,бекіре, шортансияқты сөздер жатады.

    Диалектілік сипаттағы кəсіби сөздер. Бұл топқа жалпы халық- тың қолдануынан орын ала алмай жүрген, бірақ əдеби тілді байытуға аса қажетті сөздермен қатар əдеби тілде баламасы бар, сол себепті əдеби тілдің лексикасына кіре алмайтын кəсіби сөздер жатады. Мы- салы, жалпыхалықтық дəрежеге жете алмай жүрген, бірақ əдеби тілдің лексикасына аса қажетті сөздер тобына анар (гранат), жиде(ұсақ сарғыштау жеміс), морда(балық аулайтын құрал), шанақ(мақта өсімдігінің қалқаны) сияқты сөздер жатады. Ал əдеби тілде баламасы бар, əдеби тілдің лексикасын шұбарлайтын сөздер тобы- на чаңбыр (шалғам), аскелді (асқабақ), көмбеқонақ (жүгері), бəдірең(қияр), борми//порми (жүгері) сияқты сөздер жатады. Кəсіби сөздердің көпшілігінің əдеби тілде баламалары жоқ. Олардың басым көпшілігі əлі де болса əдеби тіл дəрежесіне, жалпыхалықтық қолданылу дə- режесіне дейін көтеріле алмай келеді. Ал бұлар əдеби лексикамыз- ды байыта түсетін, тілімізге аса қажетті сөздер, «Кен асылы жер- де, сөз асылы елде» деген. Осындай кəсіби сөздерді жиып-теріп көркем шығарма, газет-журналдарда молырақ пайдаланып, əртүрлі сөздіктерге енгізіп, оларды уағыздап, көпшілік қауымның игілігіне айналдыруымыз керек.

    Балық шаруашылығына байланысты кəсіби сөздер. Балық атаулары. Торта. Қаракез балық (вобла). Ақ балық түстес кішкене балық.

    Қаяз. Сүген (усач). Еті ірі тікенді, үстінде қабыршағы, аузының төменгі екі жағында мұрты бар, түсі көкшіл, ақ шұбар, үлкен балық. Еті дəмді.

    Табан (лещ). Денесі жалпақ, іші шығыңқы, терісі қабыршақты, қы- зыл қанат кіші балық.

    Қызылқанат (красноперка). Торта тəріздес кіші денелі, ұсақ қа- быршақты, тікенді балық.

    Асман.Таулы жерлердің өзен, көлдерінде болатын мұртты балық.

    Карбол//гарбол.Сазанның ең кішісі, салмағы 100-150 гр. Шалқарда

    қарабурге,Аралда мөңке,Каспийде тормандейді.

    Таутан. Сазан. Іле бойындағы балықшылар таутан деп сазанды айтады. Балқаш балықшылары таутан деп алабұғаны айтады.

    Ау, құрал-сайман атаулары. Аламан. Майшабақ аулайтын аудың бір түрі. Торының кеңдігі 8 мм, үсті толған қалтқы, астында табан- дығы бар, оның астына шығыршық арқылы арқан өткізіледі.

    Тоспай. Жазғытұрым иірімде балық ұстайтын сүзекі. Тоспайдың аузы шеңбер тəріздес дөңгелек, талдан иіліп жасалады.

    Итерқұл. Балықтарды аударыстыратын құрал. Шан, мөйкідегі ба- лықтарды итерқұлмен араластырады.

    Əттік. Қармақтың тілі. Əттік жақсы болса, түскен балық қазан- дық қой (Каспий).

    Балберкі. Төрт бұрышты, екі жақ шетінде жіп өткізуге қолайлы тесігі бар, көлденеңі 10-15 см, ені 7-8 см ағаш қалтқы. Құмсыз жер болмас, балберкісізау болмас (Мақал).

    Морда.Ау құралының бір түрі. Жас талдан тоқып жасайды.
    1   2   3   4


    написать администратору сайта