Жедел гастрит-WPS Office. Жедел гастрит
Скачать 233.5 Kb.
|
Коллапс Коллапс – өткір тамыр жетіспеушілігінің ауыр түрі. Коллапс көп мөлшерде қан жоғалту немесе тамыр жүйесінде қанның бөлінудің бұзылуының нәтижесі болып саналады (қанның басым бөлігі перифериялық тамырда және ішкі мүшелерде жиналады), соның себебінен қан қысымы күрт төмендейді. Клиникасы: Жағдайының аяқ астынан төмендеуі, есін жоғалту; Тері қабатының бозаруы; Суық жабысқақ тер; Пульс жіп тәріздес жиі; Қан қысымы төмен. Шұғыл көмек Баланы қатты тегіс жерге бас жағын төмен орналастырып немесе аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу. Қысып тұрған киімдерін шешу. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету. Келесі препараттарды енгізу: Мезатон – көк тамырға тамшылатып 0,1 мл/ жасына 5% глюкоза ерітіндісінде немесе Норадреналин – 0,2% ерітінді көк тамырға тамшылатып; 12 айға дейін – 0,05 мл (бір реттік дозасы); 1-6 жас – 0,1-0,2 мл; 6 жастан жоғары – 0,3-0,4 мл немесе Адреналин – 0,1% ерітінді тері астында, бұлшық етке немесе көк тамырға, бір реттік дозасы 6 айға дейін 0,1 мл; 1 жасқа дейін 0,15 мл; 1-6 жас – 0,2-0,5; 6 жастан жоғары – 0,5-0,7. Қан қысымын бақылап отырып көк тамырға тамшылатып қан алмастыратындар енгізу. Құсу Себептері: Ұшыну; Улану; Ас қорыту жүйесінің аурулары; ОЖЖ аурулары. Шұғыл көмек Баланың жоғары көтеріп, басын бір жақ жанына бұрып жатқызу. Қысып тұрған киімдерін шешу. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету. Дәрігердің тағайындауы бойынша баланың асқазанын шаю. Келесі препараттарды енгізу (әр препаратты алдында енгізілген препараттың тиімсіз болуына енгізеді): per os – новокаин 0,25 % -1 шай қасық, -1 дес. қас. -1 ас қас., жасына сәйкес; бұлшық етке – церукал -1 мг/кг (1мл=5мг) немесе прозерин -0,1 мл/жасына; қайталап үзіліссіз құсу болғанда – аминазин бұлшық етке 0,1 мл/ жасына. Құсудан кейін: аузын қайнаған сумен шаю; су – шай үзілісін сақтау 2-4 сағатқа; керек жағдай – құсықтың зертханаға зерттеуге жіберу. Құсудың себебін анықтау және жоюға тырысу. Метеоризм Метеоризм – ішекте жиналған газдардың себебінен іштің кебуі. Жедел көмек алгоритмі: 1. Баланы арқасына жатқызып, денесінің төменгі бөлігін киімінен босату. 2. Таза ауаның болуына қамтамасыз ету. 3. Сағат тілінің бағытымен баланың ішін жайлап сипалау. 4. Шара тиімсіз болған жағдайда – жел шығарып түтікше қою. 5. Шара тиімсіз болған жағдайда келесі препараттарды енгізу(әр келесі енгізілетін препарат алдында енгізілген препарат тиімсіз болғанда енгізіледі): а) карболен рег os(белсендірілген көмір) немесе смекта – 1мк/кг(1мл=5мг) б) бұлшық етке – церукал немесе прозерин – 0,1 мл/жасына. 6. Газдың пайда болуына ықпал ететін тағамдарды алып тастау – сүт, қара нан, көкқністер, газдалған сусындар және т.б. Мұрыннан қан кету Мұрыннан қан кету – лейкозда, геморрагиялық диатездерде кездеседі. Жедел көмек алгоритмі 1.Баланың басын төмен қарай түсіріп отырғызу. 2.Қысып тұрған тар киімін босату. 3.Таза ауаның болуын қамтамасыз ету. 4.Тыныштық жағдай жасау. 5.Қан ағып жатқан жақтың мұрын қанатын мұрын қырына басып ұстау. 6.Кеңірсек маңына, желке тұсына мұзды мұйық, аяқтарына жылытқыш қою. 7.Қан кетіп жатқан мұрын қуысына тампон қою:3%су асқын тотығымен, немесе суық сумен; мұрын қабырғасына орамалға мұз кесектерін қою. 8.Бұлшық етке енгізу. -витамин К- жасына сәйкес дозада: -10%Са глюканат – 1мл/жасына 9.Шара тиімсіз болған жағдайда артқы тампонада жасау қажет. 10.Қан кетудің себебін анықтау жіне қою Глоссарий: Коллапс – өткір тамыр жетіспеушілігінің ауыр түрі Метеоризм – ішекте жиналған газдардың себебінен іштің кебуі. Естен тану – өткір тамыр жетіспеушілігі, ми қан айналымының бұзылуымен және қысқа мерзімді есін жоғалтумен сипатталады. Анафилактикалық шок – ол аллергеннің әсерінен бірнеше минуттан соң болатын жедел аллергиялық реакция Құрысулар – дене және аяқ-қолдарының түр-сипатының өзгерісін тудыратын еріктен тыс болатын бұлшық еттердің жиырлуы Гипертермия – бұл компенсаторлық қорғаныш реакциясы, екінші белгісі соған байланысты ағзаның иммундық жауабы ауруға қарсы күшейеді |