Главная страница

Жедел гастрит-WPS Office. Жедел гастрит


Скачать 233.5 Kb.
НазваниеЖедел гастрит
Дата25.05.2021
Размер233.5 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаЖедел гастрит-WPS Office.doc
ТипДокументы
#209496
страница3 из 6
1   2   3   4   5   6

Қан тамырларында склероздық өзгерістер ерте анықталады: бас миының қан тамырларының склерозға ұшыруына байланысты бала ұмытшақ,тез шаршағыш болады. Көздің тамырларының склерозы салдарынан-миопатия байқалады. Бүйректе- созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, жүректегі өзгерістер-жүректің тондары әлсірейді, жүректің шекарасы ұлғайып, шу естіледі. Қанда қанттың мөлшері жоғарылайды 16,65м.моль/л дейін, ал комаларда одан да жоғары, гипер кетонемия, гиперхолестеринемия. Зәрде глюкозурия, ацетонурия байқалады, зәрдің тығыздығы 1030-дан жоғарылайды.

Асқынулары:

1. Аурумен тікелей байланысты асқынулар: гипергликемиялық диабеттік кома, гипогликемиялық кома, диабеттік ангиопатиялар (ретино, нефро, артро, гастро, гепато, кардиопатялар).

2. Осы аурулармен байланысты емес, қорғаныш күштерінің төмендеуімен, инфекцияның қосылуымен байланысты аурулар: тері қабатының іріңді аурулары, стоматиттер, вульвовагинит, пиелонефрит т.б. аурулар п/б.

Гипергликемиялық кома. Себептері: диагноздың дер кезінде анықталмай қалуы; инсулин тағайындаудағы қателіктер; физикалқы, психикалық стресстер. Алдымен команың жақындағанын білдіретін белгілері білінеді: полидипсия, полиурия, әлсіздік, енжарлық, бас ауруы, тәбеттің төмендеуі, жүрек айнып құсу. Осы мерзімде балаға жедел көмек көрсетілмесе, бала комаға түседі-есін жоғалтады, көзінің қарашығы кішірейеді, рефлекстер әлсірейді, тері қабаты көгіс тартады, бұлшық етінің тонусы төмендейді. Куссмауль түріндегі дем алыс пайда болады, тахикардия, жоғарғы гипергликемия, глюкозурия болады, аузынана ацетоннның иісі шығып тұрады.

Гипогликемиялық кома. Себептері: организмге тағам арқылы қанттың аз мөлшерде түсуі, инсулиннің дозасының артып кетуі, инсулин алғаннан кейін немесе ашқарынға организмге көп күш түсу.

Гипогликемиялық кома тез басталады: бала қатты әлсіреп, терлеп кетеді, қатты қарны ашады, тахикардия, қан қысымы төмендейді, есін жоғалтып, құрысып-тырысу байқалады. Қанда гипогликемиялық қанттың мөлшері 5,5 м.моль/л-ден төмен болажы.

Гипергликемиялық комаға диагноз қою үшін мұқият анализ жинау: диабетке тән клиникалық белгілеріне, қанда гипергликемия, зәрде глюкозурияның болуына, зәрдің меншікті салмағының жоғарылауына көңіл аудару қажет. Қандағы қанттың мөлшерін тез анықтау үшін индикаторлық жолақ қағаздар-«Декстонол», «Декстострикс», «Глюкопрофиль», ал зәрдегі қантты анықтауға «Глюкотест», «Мультистикс».

Зәрдегі кетонды денелерді анықтауға «Кетостикс» қолданған ыңғайлы. Олар жоқ болған жағдайда қанттың мөлшері кәдімгі лабораториялық әдістермен анықталады.

Емдеу.

1.Диетотерапия-тамақ құнарлы болуымен қатар, майлар мен тез сіңірілетін қанттардың мөлшерін шектеу қажет, тамақтандыру жиілігі тәулігіне 5-6 рет. Баланың тамағында көбірек қанты аз көкөністер, сұлы, қарақұмық жармалары, сүт тағамдары жеткілікті болуы қажет.ет, балық, жұмыртқа шектелмейді, бірақ ет семіз болмағаны дұрыс. Белок мөлшері де шектелмейді.

2. Күн тәртібінде (режим) –қантты диабетпен ауыратын мектеп жасындағы бала дене шынықтыру сабағында арнайы топқа қатынасады. Бала әсіресе инсулин алғаннан кейін және ашқарынға көп энергия жұмсалатын қимылдар жасамау керек.

3. Инсулинмен емдеу-жетіспейтін инсулиннің мөлшерін сырттан енгізу. Инсулин препараттарының әсер ету ұзақтығына байланысты 3түрі бар: а) қысқа уақытқа әсер ететін инсулиндер-жәй инсулин, суинсулин (шошқа инсулині), актрапид, инсулпан, коморан т.б. әсер ету ұзақтығы 8 сағат; б)ұзартылған уақытқа әсер ететін инсулиндер-суспензия цинк инсулин, аморфты немесе инсулин семиленте, бета инсулин, инсулонг, хамофан т.б. әсер ету ұзақтығы-10-14 сағат; в) ұзақ уақыт әсер ететін инсулиндер-суспензия цинк инсулин кристалды (ультраленте), ультралонг, ультратард-әрекет ұзақтығы 24-36 сағат.

4. Сонымен қатар, сульфаниламидті препараттар-диабинез, букарбан, диабетон және бигуанидтер-фенформин, адебид, глюкофаж тағайындалады. Инсулиннің тәуліктік қажетті дозасы тәуліктік зәрмен бөлініп шыққан қант мөлшеріне қарап есептеп табылады. 1ЕД инсулин 5гр. қантты сіңіру үшін жұмсалатын білеміз. Мысалы: бала 1тәулікте зәрмен бірге 60гр қант жоғалтады делік, оған тәулігіне 60:5=12 ЕД инсулин қажет екендігін табамыз.

Табылған инсулиннің тәуліктік дозасын 3 немесе 2 бөліп енгізу керек. Инсулинді енгізудегі тағы бір ерекшелік организмнің тәуліктің әр мезгілінде инсулинге қажеттілігі әр түрлі. Қант тәулік бойында зәрдің барлық порциясында бірдей мөлшерде шығарылады сондықтан инсулиннің таңертең, түсте, кешке тағайындалатын дозалары да әртүрлі болады. Сондықтан инсулиннің барлық тәуліктік дозасының ең көп бөлігі таңертеңгі, одан кейінгі дозасы түскі, ең аз мөлшері кешкі тамақтың алдында, 30минут бұрын тері астына егіледі.

Инсулинді егу ерекшеліктері:

Әр еккенде егу орны алмастырылып отырады

Енгізу алдында препаратты қалыпты дене қызуына дейін жылыту қажет

Ине үшкір болуы қажет

Препарат жай егілуі қажет

инсулиннен басқа витаминдер кешені, қорғаныш күштерін арттыратын дәрілер, кейде анаболикалық гормондар және симптомдық ем жүргізіледі.

Комадағы жедел жәрдем.

Гипергликемиялық комада: а)тез инсулин енгізу-алдымен тәуліктік дозаның ½ немесе 1/9 бөлігін көк тамырға струйно, одан кейін 3 сағаттың ішінде тағы 1/3 бөлігін көк тамырға тамшылатып, дегидратациялық сұйықтықтармен бірге қалған 1/3 дозасы тері астына егіледі. Одан әрі инсулиннің дозасы қандағы және зәрдегі қанттың мөлшеріне байланысты тамырға тамшылатып сұйықтықтар енгізу-0,9%-ды физиологиялық ерітінді, Рингер-Локк ерітіндісі,5 %-ды глюкоза ерітіндісін; в) витаминдер комплексі; құсу кезінде-асқазанды және ішекті шаю; жағдайына сәйкес симптомды ем жүргізу

Гипогликемиялық комада: жедел жәрдем команың дәрежесіне қарай жүргізіледі:

а) жеңілдеу түрінде, бала есін жоғалтпаған болса тез сіңетін, қантқа бай тағамдар, тәттілер жегізу-тәтті шәй, кисель, компот,бал, ботқалар, ақ нан т.б. Ауыр түрлерінде –көк тамрыға 20-40%ды глюкоза ерітіндісін сорғалатып немесе комадан шыққанша тамшылатып енгізу, ылғалдатылған оттегін беру, қан қысымын көтеретін дәрілер енгізу.

«Д» бақылау. Қантты диабетпен ауыратын балалар диспансерлік есепке алынып, эндокринолог және педиатрдың бақылауында болуы керек. Сонымен қатар, жылына 1рет окулист, невропатолог, дәрігердің кеңесінен өтіп тұрады, тексерулерден өтіп, асқынулардың алдын алып тұруы керек.

Алдын алу. Қауіп-қатер тобындағы балалар (егер жанұясында қантты диабетпен ауыратын адам болса) бақылауға алынып, эндокринологтың тексерісінен жылына 2рет өтіп тұруы қажет. Балаларды жұқпалы вирустық аурулардан сақтандыру, баланың рационында қанттың мөлшерінің қалыптан аспауын қадағалау керек.

Болжам. Қантты диабетпен сауығып кету өте сирек. Тиісті емдәм, дұрыс ем, дұрыс күн тәртібін сақтау арқылы клиникалық-лабораториялық ремиссияға жеткізуге болады.

Глоссарий:

1. Лейкоцитурия – зәрде лейкоциттердің санынының көбеюі.

2. Гипопротеинемия – қанда ақуыздардың мөлшерінің төмендеуі.

Скарлатина.

Скарлатина жалпы жағдайдың бұзылуымен, жұтқыншақта баспаның белгілерімен және қызғылт түсті түрінде нүкте тәріздес бөртпе пайда болуы сипатталатың жұқпалы ауру.

Қоздырғышы: гемолитикалық стрептококк, қоршаған ортада төзімді.

Эпидемиологиясы:

Аурудың көзі ауру адам және бактерия тасымалдаушы

Таралу жолы –ауа –сілекей жолы және заттар арқылы

Сезімталдық (төзімділік) -2 -7 аралығы

Маусымдылық –күз, қыс.

Иммунитет –тұрақты.

Клиникалық белгілері:

І   жасырын кезең 2-7 күн.

ІІ  бастапқы кезең – ауру жедел басталады: баланың денесінің қызуы күрт көтеріліп, басы ауырады, жүректің соғуы жиеленіп, әлсіздік пайда болады. Бала лоқсып құсады, жалпы жағдайының бұзылуымен қатар жұтынғанда тамағы ауырып, жұтқыншақтың кілегейлі қабығын қан кернейді «жалындап тұрған жұтқыншақ». Аурудың ұлғаюымен жұтқыншақта баспаның ауыр түрлері нығаяды. Баланың аузынан жағымсыз, сасық иіс пайда болады.

ІІІ – аурудың өрістеу кезеңі – аурудың екінші күнінде күлдің ең көріністі белгісі – талауаған тері қабатында қызыл нүкте тәріздес бөртпе пайда болады. бөртпе бетке, денеге, қол-аяқтарға тез жайылып, тек қана ауыз – мұрын үшбұрышын таза қалдырады. Күлдің бөртпесі дененің бүкір жағында, аяқ-қолдың ішкі бетінде, қолдың астында, шынтақтың иілісінде, тақымның шұңқырында, шаптың иілісінде ең қарқынды болады.

Аурудың жағдайы ауырлап, улану белгілері нығаяды. Дене қызуы 39-400С дейін көтеріледі. Аурудың тастапқы белгілері үдей түседі. Орталық нерв жүйесінің зақымдану белгілері пайда болуы мүмкін.

            Аурудың 4-5 күніне баланың тілі қабыршықтан тазалана бастап, «бүлдірген тәріздес тіл», деп аталады.

ІV – рекволесценттік кезең – дене қызуы біртіндеп төмендеп баланың жағдайы жақсарады, жұтқыншақтағы қабыну белгілері басылады, бөртпе бозарады.

Аурудың бірінші аптасының аяғында терінің қатпалары түлеуі басталады. Бұл түлеу әсіресе алақан мен табанда жақсы білінеді.

Жәншау 3 түрлі дәрежеде өтеді. Жеңіл, орташа, ауыр.

Асқынуы:

Миокардит – аурудың өрістеу кезеңінде «жәушан жүрек» деген синдром пайда болуы мүмкін. Жүректің көлемі ұлғайып, соғуы әлсіз, біркелкі емес, күңгірт, жиырылу кезеңінде сырылып естіледі, қан қысымы төмендейді. Баланың жәушаннан жазылуымен бұл синдром жойылады.

Отит

Нефрит

Димфаденит

Диагноз қою:

1.      Эпидемиологиялық анамнез.

2.      ауруға тән клиникалық белгілер.

3.      Бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеу.

Емдеу:

Ауруханада тек қана ауыр немесе асқынған түрлері емделеді.

Балаға 5-7 күн төсек режимі тағайындалады.

Диета жасына сәйкес, витаминдерге бай, көбіне сұйық жылы түрде.

Антибактериялық ем: пенициллин тобы, тетрациклин.

Детоксикалық ем.

Симптоматикалық ем.

Күтімі:

Күтім өтеізгенде баланың ауыз қуыс күтіміне ерекше көңіл бөлу керек. Фурациллин немесе 2 % натрий гидрокарбинаттың ерітіндісімен шайдыру, ал кішкене балалардың ауыз қуысын резеңке баллонгинпен шаю керек. Еркін, мұрынының астын майлап тұру керек. Бөлменің, төсек-орын, ішкі киім тазалығын қадағалау керек.

Алдын алу - әдейленген алдың алу жоқ. Сондықтан әдейленбеген шаралар өткізіледі.

Ауырған бала 10 күнге оңашалады.

2. СЭС-ға № 58 форма бойынша хабар береді

3.Аурумен қарым-қатынаста болған балаларға 7 күнге карантин тағайындалады.

4.Инфекция ошағында дезинфекция өткізіледі.

5.Санитарлық –ағарту жұмысы.

6.Әлсіз жиі ауыратын балаларға –глобулин егіледі.

7.Балалардың ауруға төзімділігін көтеру шаралары.

ЖЕЛ ШЕШЕК

Желшешек- тері қабатында көпіршікті бөртпелер пайда болуымен сипатталатын, балалардың өте жұқпалы ауруы.

Эпидемиологиясы. Қоздырғышы вирус, сыртқы ортада өте төзімсіз, әсіресе күн сәулесімен жоғары температурада. Вирус өте ұшпалы, өте тез тарайды, ауа арқылы ауру бала жатырған бөлмеден басқа бөлмелерге, басқа қабаттарға дейін жетіп, балаларға жұғуы мүмкін. Аурудың көзі- ауру бала. Ауа- тамшы арқылы тарайды. Кейде плацента арқылы өтуі мүмкін. Жұқпалылық мерзімі- бөртпелер қабыршақтармен жабылғанға дейін созылады.

Патогенезі. Вирус тыныс жолдарының шырышты қабаты арқылы еніп, сол жерде өсіп- өнеді, тіндерді зақымдайды. Вирус одан арқылы қанға өтіп, қан арқылы барлық ағзаларға тарайды, оларды зақымдайды. Зақымданған жерде көпіршікті бөртпелер пайда болады. Ең жиі тері қабаты мен ішкі ағазалардың шырышты қабаттары зақымданады.

Клиникасы. Аурудың жасырын кезеңі 2-3 апта. Жел шешек алғашында баланың жалпы жағдайының өзгеру белгілерімен басталады; дене қызуы көтеріледі, тәбеті төмендейді, басы ауырып, ұйқысы бұзылады. Осы кезде баланың бетінде, шаштарының арасында, денесінде бөртпелер пайда болады. Бөртпелер бастапқыда макуло-папулезді болса, тез арада (кейде бірнеше сағаттың ішінде) везикулалар іші мөлдір сұйықтыққа толы көпіршікті бөртпелерге айналады.Бұл көпіршіктердің ішіндегі сұйықтық кейіннен өзгеріп, іріңді көпіршіктерге айналуы мүмкін. Бірақ олардың айналасындағы тері қабаты өзгермейді, сөйтіп 1-2 күннің ішінде көпіршіктер құрғап, қабыршақтармен жабылады. Қабыршақтар құрғап түскенен кейін орнында дақ қалмайды. Желшешек ауруында бөртпелер қабыршақтанып жатса, осы кезде кейбір бөртпелер жаңадан шығып жатады. Бұл жағдайды бөртпелердің полиморфизмі деп атайды. Бұл белгі желшешекке тән симтом. Бөртпелер қатты қышып, бала мазасызданады. Ауру бала бөртпелерді қасып микроб түсірсе, енсе, бөртпелер жараға айналады. Мұндай жағдайда олардың жазылуы ұзаққа созылуы мүмкін және бөртпелердің орнында тыртықтар қалады. Бөртпелердің шығуы 2-3 күннен 7-8 күнге созылуы мүмкін.

Желшешек 3 дәрежеде өтеді: жеңіл, орта және ауыр. Аурудың дәрежесі баланың дене қызуының деңгейімен және бөртпелердің санымен байланысты анықталады.

Асқынулары: энцефалит, круп, лимфоаденит, пиодермия, абсцесс, флегмона сияқты іріңді асқынулар болады.

Диагноз кою. Ол үшін эпидемиологиялық анамнезге, клиникалық белгілеріне қарап- полиморфты бөртпелер т.б. қойылады.

Емдеу. Аурудың емі негізінен үй жағдайында жүргізіледі. Ауруханада тек аурудың асқынулары мен ауыр түрлері емделеді.

Емдеу принциптері:

Баланың жеке басының, киім-кешегінің, төсек орнының, бөлменің тазалығын қатаң сақтау;

Бөртпелерді 5 % перманганат калий % бриллиант жасылы, 1% метил көгімен жеке-жеке күйдіріп тұру;

Симптоматикалық ем жүргізу; аурудың асқынған түрлерінде жергілікті еммен қатар синдромдар бойынша жалпы ем тағайындау.

Бала ауырып тәуір болған соң өмірлік иммунитет қалады.

ҚЫЗЫЛША

Қызылша- қоздырғышы вирус, жоғары дене қызуымен, тыныс жолдарының шырышты қабаттарының қабынуымен, тері және шырышты қабаттарына бөртпелердің шығуымен сипатталатын балалардың өте жұқпалы ауруы.

Ертеректе қызылша ауруы тек жиі кездесіп қоймай, бала өмірі үшін өте қауіпті аурудың бірі еді. Оның асқынуларынан кейін балалар өлімі көп болатын. Соңғы 30-40 жыл ішінде ауруға қарсы жалпы және арнайы шаралар жүргізудің арқасында аурудың саны азайып қана қоймай, өлім көрсеткіші де төмендейді. Ал соңғы 1-2 жылда бұл ауру қайтадан «басын көтере» бастады. Бұның себебі, алдын ала егу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізбеу салдарынан иммунитет деңгейінің төмендеуі деп атауға болады.

Эпидемиологиясы. Аурудың қоздырғыштары- миковирустар, сыртқы ортаға өте төзімсіз, тез тарағыш, өте жұқпалы. Аурудың көзі ауру бала, ауырғанынан бастап бөртпе шығу кезеңінің 5-ші күніне дейін, асқынулар кезінде 10-шы күнге дейін жұқпалы болып есептеледі. Таралу жолдары- ауа-сілекей арқылы. Ауырып өткеннен кейін иммунитет тұрақты.

Патогенезі. Вирус бала организміне тері және жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаттары арқылы еніп, сол жерлердің қабынуына алып келеді. Вирустар қанға өтіп, барлық ағзаларға таралады және оларды қабындырады, қызметін бұзады.

Клиникалық көрінісі. Қызылшаның клиниасы сатылап, бірнеше кезеңде өтеді.

1.Жасырын кезең- 7-17 күн, алдын алу үшін егілген балаларда 21 күнге дейін созылады.

2.Бастапқы кезең- катаральды (продромалды) деп аталып 4-5 күнге созылады. Дене қызуы көтеріледі, катаралды, іріңді ринит, конъюнктивит, ларингит, фарингиттердің белгілері пайда болады. Осы кезеңде ерте диагноз қою үшін Бельский-Филатов-Коплик симптомының маңызы зор. Мұнда баланың ұртының шырышты қабатында, кіші азу тістерінің қарсысында ақжарма тәріздес бөртпе пайда болып, 3-4 күнге дейін сақталады. Баланың таңдайында қызыл түстес дақтар- энантемалар байқалады. Бала өте мазасыз, ұйқысы бұзылып, тәбеті төмендейді, кейде құсып, іші өтуі де мүмкін.

3.Бөртпе шығу кезеңі- аталған катаралды белгілер анықтала, күшейе түседі. Дене қызуы өте жоғарылап, баланың жалпы жағдайы нашарлайды. Осы кезеңнің бірінші күні бөртпелер баланың маңдайына, құлағының артына, бетінде макуло-папулезді бөртпелер пайда болады.

Бөртпелердің арасындағы тері қабаты өзгермейді, бірақ бөртпелер бір-бірімен қосылып, тұтасып кетеді. 2-ші күні бөртпелер денеге, 3-ші күні аяқ-қолдарына жайылады. 3 күн өткен соң бөртпелер солғын тартып, келесі 4-ші, жазылу кезеңі басталады.

4.Жазылу кезеңі- бұл кезеңде баланың жалпы жағдайы дұрыстала бастайды, тері қабатындағы бөртпелер солғындай келе, орнында қошқыл қоңыр түсті дақтар қалады. Кейде тері қабатында ұсақ түлеу байқалады. Осы кезеңде бала шаршағыш, ұйқышыл келеді, организмнің қорғаныш күштері қатты әлсірейді. Сол себепті қызылшадан кейін әр түрлі аурулармен асқыну жиі болады: өкпенің қабынуы, ларингит, отит, энцефалит, артрит т.б. Ауырлығы бойынша қызылша 3 дәреже өтеді: жеңіл, орташа және ауыр түрде өтеді. Ағымы бойынша: типті және атипті түрде. Атипті түрінде клиникалық белгілер әлсіз білінеді, жасырын кезеңі ұзағырақ, бөртпелердің шығу сатысы сақталмайды, дене қызуы өте жоғары болмайды, асқынулар өте сирек кездеседі.

Диагноз қою. Бұл үшін эпидемиологиялық анамнезге, осы ауруға тән клиникалық белгілерге сүйенеміз. Мысалы, катаралды кезеңде- Бельский- Филатов- Коплик белгісіне, бөртпе шығу кезеңінде бөртпелердің ерекшеліктеріне, сатылап шығуына қарап анықтауға болады. Лабораториялық тексерулер кезінде тыныс жолдарынан вирусологиялық зерттеуге жағында алынады.

Емдеу. Ауру бала негізінен үй жағдайында емделеді. 2 жасқа дейінгі балалар ,аурудың ауыр, асқынған түрлерінде, үйдің эпидемиологиялық жағдайы төмен болса бала емханада, арнайы бокстарда емделеді.

Емдеу ұстанымдары: таза ауамен қамтамасыз ету, тез сіңетін, витаминдерге бай, жасына сәйкес тағам түрлерін тағайындау, балаға өте жақсы гигиеналық күтім ұйымдастыру.

Симптомдық ем жүргізу: жөтелге қарсы, ыстық түсіретін, антигистаминді дәрілер тағайындалады. Ал антибиотиктер 2 жасқа дейінгі балаларға және асқынулар кезінде тағайындалады. Қызылшаның алдын алуы арнайы және жалпы шаралардан тұрады.

Арнайы шаралар- ККП вакцинасын егу- күнтізбеге сәйкес 12 айлығында, қайта егу 6-7 жасында 0,5 мл бұлшық етке немесе тері астына жасалады. Егер бала жақын арада гамма-глобулин, қан, плазма, гормондар қабылдаған болса, екпе 6 апта өткеннен кейін жүргізіледі. Бұрын қызылшамен ауырмаған, егу алмаған балалар, аурумен қарым-қатынаста болса, тез арада егілуі керек. Егу жұмыстарын жүргізуге болмайтын жағдайда белсенсіз иммунитет туғызу үшін 1,5-3 мл гамма глобулин егіледі.
1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта