Жедел гастрит-WPS Office. Жедел гастрит
Скачать 233.5 Kb.
|
Жедел гастрит Жедел гастрит- асқазанның шырышты қабығының қабынуы, мектеп жасына дейінгі балаларда жиірек, мектеп жасындағы балаларда сирегірек байқалады. Ауру ащы, қатты тамақ ішкенде, тамақты көп ішіп қойғанда, қышқыл, сілтілермен, ауыр металл тұздарымен уланғанда, тамақпен бірге микроорганизмдер мен олардың токсиндері (сальмонелла,патогенді ішек таяақшасы, стафилоккок және басқалар) түскенде бел алады: жедел гастрит кейбір жұқпалы аурулармен (қызылша, грипп) ауырғанда пайда болады. Клиникалық белгілері: ауру жедел тамақ ішкеннен кейін 6-12 сағаттан соң бел алады. Баланың іші, басы ауырады, әлсіздік болады, құсады, қызуы қалыпты болады немесе 38-39 , содан сон қортылмаған тамақты құсып тастайды. Баланы қарағанда терісі құқылданып, тілін ақ қабыршақ басып кетеді, іштің аздап кебінгені байқалады. Ауыр формасында: жүрек соғысы жиілейді-тахикардия байқалады, АҚҚ төмендейді. Ішін басып қарағанда-құрсақ үсті (эпигастрий) аймағында ауырсыну байқалады, олигоурия, протеинурия, цилиндрурия болады. Көбінесе таза сұйық сулы нәжіс түрінде энтерит құбылыстары қосылып, гастроэнтерит бел алады. Есінен жаңылып тырыспа ұстауы мүмкін. Дұрыс емдегенде жағдайы тез жақсарады. Ауру 5-7 күнге созылады. Емі:асқазанды натрий гидрокарбонатының 0,5- 1% ерітіндісімен, сілтілермен уланғанда – су қосылған қышқылдармен (лимон немесе сірке қышқылдарымен) натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісімен немесе қайнатылған сумен жуып тазартады. 18-24 сағат бойы су-шай диетасы қолданылады. Көп мөлшерде тәулігіне (1-1,5 литрге дейін) сұйық тамақ, шай,натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі, арасан су (боржом) 5% глюкоза ерітіндісі ішкізіледі. Қайтадан құсқан кезде көк тамырға –Рингер-Локк ерітіндісі, 5% глюкоза, гемодез, тамшылатып жіберіледі. Одан кейінгі күүндерге диета тағайындалады, шырышты қайнатпалар, майсыз сорпа, құрғақ нан мен шай, кисель, ұсақталған ботқа беріледі. Диета біртіндеп ұлғайтылады: айран, овош пюресі,сүзбе, ұсақтап туралған ет береді. Тәбеті қалпына келгеннен кейін баланы толымды тамаққа көшіреді, бірақ барлық тамақ тартылып, булап пісірген түрде беріледі. Дәр-дәрмектермен: кордиалин,кофеин,строфантин,коргликон, құсу тоқтамаған жағдайда – аминазин. Созылмалы гастрит– тамақты дұрыс ішпегенде, ас қорыту аппаратының басқа бөлімдері ауырғанда, ошақты инфекция да едәуір жиі кездеседі. Аурудың морфологиялық негізі асқазанның шырышты қабық эпителийіндегі дистрофиялық өзгерістерден тұрады. Этиологиясы: құрғақ, қатты тамақ ішкенде оны тез және жеткіліксіз шайнап жегенде. Клиникалық белгілері: эпигастрий мен оң жақ қабырға астының, кіндік айналасының, түгел ішінің ауыратынына шағымданады. Ауру көбінесе тамақтан кейін жиірек, ашқұрсақ кезде сирегірек пайда болады, немесе тамақ ішуге байланысты болмайды. Баланың тәбеті нашарлайды, жиі лоқсиды, сирегірке құсады. Тамақты нашар ішеді, терісі құрғақ, тілін ақ үлпек басып кетеді. Кейде құрсақ үстіндегі бұлшық еттің қатайғаны анықталады. Созылмалы гастрит көбінесе өт жолының ауруларымен, дуодениттен, созылмалы тонзилогендік интоксикациямен, ревмотизммен, пилонефритпен ұштасады. Гастродуоденит: асқазанның антралдық бөлімі мен ұлтабардың шырышты қабатының бір мезгілде қабынып зақымдануы. Аурулар- іші ауыратынына шағымданады. Ол тамақ ішкеннен кейін немесе ашқұрсақ кезде ауырады, ауру құрсақтың үстінгі жағынан оң жақ қабырға астынан және кіндік маңынан байқалады: ол жиі ауырады, кейде ұстамалы болады, құсу, лоқсу, бас ауруы, ашушаң болады, тәбеті нашарлайды. Балалар тамақты аз ішеді, терісінің түсі құқыл тартады. Науқасты тексергенде оң жақ құрсақ үстіндегі бұлщықеттің ауыратыны және өзінен-өзі қорғанып қатайғаны байқалады. Гастрит пен гастродуодениттің диагнозын көбінесе УЗИ арқылы білеміз,эндоскопия арқылы, рентгенологиялық тексерудің деректері бойынша, асқазан сөлін фракционды әдіспен тексеру, нәжісін жасырын қанға тексеру. Емі: диета – 1 ащы, қуырлған тағамдар, майлы, қамырдан пісірілген тағамдар, еруі қиын майлар беруге шек қойылады, ас тұзын шектейміз. Диета – сорпа, ботқа, кисель, түйіршіктелген ет, балық, овощ және жеміс пюресі, қатқан нан, жеміс шырыны, қайнатпа сүзбе, майсыз тамақты 5-6 рет ішеді. Медикаментозды ем: ацидил пеницилин, ретинавит В тобы, аскарбин, никотин қышқылдары, ауырған жағдайда – белладона, папаверин, но-шпа арасан сулары: смирнов,боржом,славянская. Алдын – алу: тамақтанудың ұтымды режимін сақтау қажет. Құрғақ тамақ ішуге, тамақты асығыс ішуге, тым тоя ішуге болмайды. Баланың тісін күтіп ұстауға, гигиена ережелерін сақтауға үйрету. Функциялық, психикалық жағынан көп күш түсірмей, ұйқының жеткілікті дәрежеде ұзақ болуын қамтамасыз ету керек. Асқазан мен ұлтабардың жаралы ауруы Бұл ауру созылмалы рецидивті ауру, асқазан мен ұлтабардың шырышты қабатының ойылуы. Этиологиясы: негізгі себебі болатын Holicobacter pylori. Аурудың дамуына: тұқым қуалаушылық, конуституциялық бейімдік, тамақтанудың және күн тәртібінің кемшіліктері, стресс, салицилаттардың көп мөлшерімен ұзақ емделуі, кейде тамақ аллергиясы себепші болады. Созылмалы инфекция ошақтары, нерв жүйесінің қозуы, бұл әсіресе жоғары мектеп оқушыларында жиі болады. Асқазан мен ұлтабардың жаралы ауруының патогенезі: Аурудың қоздырғышының шырышты қабатқа өтуі Шырыштың шығуы азаяды да – қабыну процессі дамиды Микроциркуляцияның және регенерация процесстерінің бұзылуына әкеледі Асқазан сөлінің шырышты қабатына әсері күшейеді Одан кейін шырышты қабатында – жара пайда болады. Клиникалық көрінісі: Клинико – эндоскопиялық жағдай бойынша 4 дәрежеде өтеді: Енді жараның болуы Эпителизацияның басталуы Ойылудың жазылуы Клинико- эндоскопиялық ремиссия Асқазанның жаралы ауруы балаларда асқазан сөлінің қышқылдығының қалыпты немесе жоғарлаған жайында болады, ал ұлтабардың жаралы ауруы тек жоғарлаған қышқылдығында дамиды. Балаларда жиі ұлтабардың жаралы ауруы кездеседі. Ол 4 дәрежеде өтеді. Дәрежесінде: эпигастрий аймағынан басталып ауырсыну болады, одан соң ішінің бәрі ауырады. Асқазанның жаралы ауруында - ауырсыну тамақ ішкеннен соң басталады, ал ұлтабардың жаралы ауруында - тамақ ішкенен соң 2-4 сағаттан кейін болады, ішінің ауыратыны көбінесе түнде болады және ашқұрсақ кезінде. Ауырсынуы – ұстамалы түрінде арқасына, эпигастрий бөлімдеріне және де оң иығына, жаурынына беріледі, құсу, лоқсу, кекіру байқалады, іштің қатуы болады. Тамақ ішкенен соң қысқа уақытқа басылғандай болады. Қарынын басып көргенде эпигастрийде ауырсыну байқалады. Дәрежесінде: ішінде ауырсыну, тамақ ішкеннен соң ауырсыну басылады. Түнгі ауырсыну жойылады. Дәрежесінде: ауырсыну азаяды, тамақ ішкеннен соң көпке дейін жойылады. Түнгі мезгілде ауырсыну эпигастрийде аздап болуы мүмкін. Дәрежеде: клиникалық белгілер болмайды. Балаларда ерекшеліктері көп ауырсыну болмайды, жаралардың бірнешесі болуы мүмкін. Асқынуы: қан ағу, ұлтабардың бас деформациясы көрші мүшелерге пенетрация мен перфорацияның болмауы. Диагнозы: эндоскопиялық және рентгенелогиялық әдіспен зерттейміз. Эндоскопиялық және рентгенелогиялық зерттеуде: «шұқырша» пайда болғанын, буыылтығының бұзылғанын анықтайды. Шұқыршаның түбінде сарғыш-сұрғылт немесе жасыл түсті ұлпаның болуы, айналасында қызыл түстес инфильтрацияның болуы. Емдеу: күн тәртібін сақтау, рационалды тамақтану, күніне 5-6рет тамақтануы. Аурудың қозуы кезінде төсек режимі. Диетотерапия: механикалық, химиялық, термиялық. Стол 1а, 1б, 1 1а- 5-10 күн бойы, 1б- 15-20 күн бойы 1стол- қозу кезеңнің аяағына дейін. Медикаментозды ем: Этиологиясына әсер ету Асқазан сөлінің шығуын азайту және оның әсерін төмендету Асқазан мен ұлтабардың шырышты қабатының қорғаныс қабілетін жоғарылату Симптоматикалық ем Жаралы аурудың қозуы кезінде: де-нол, метронидазол трихопол, фуразолидон , амоксациллин. Антисекреторлық әсері бар дәрілер: Блокаторлар: цимитидин, ранитидин, фамотидин Аменрозол М-холиноблокаторлар: гастроцин Асқазан сөлінің әсерін төмендететін, ол антацидтер: алмагел,фосфалюгель, гастал, малокс. Шырышты қабатының эпителизациясын жақсартатын препараттар: облепиха майы, «U» витамині, пентоксил, метилурацил Антиспастикалық препараттар: папаверин, но шпа. Сөлінің қышқылдығы жоғары ьолған жағдада миниральды сулар « смирновская» , « боржоми», « славянская» ішкенде 37-38 таиақтанар алдында 1-1,5 сағат бұрын, газсыз. Қышқылдығы төмен болған жағдайда: «подорожник шырыны», «плантаглюцид». Минеральды сулар « Ессентуки-4», «Нарзан», 30 2-3 мезгіл тамақтанар алдында 15-20 минут бұрын. Седативті препараттар: валерянка, бром препараттары, пустырник Фитотерапия: ромашка, шиповник, укроп дәні, валерян тамыры. ФЗТ: электросон, калий мен новокайнмен ионофорез, ултрозвук, ЛФК, массаж. Ауруханадан шықаннан соң 3-4 ай өткеннен кейін сан.курортты емдеу. Друскиненкай, Ессентуки, Юрмалада. Алдын алу: 1 біріншілік алдын алу: Физикалық, эмоциялық күш түсірмеу Ошақты инфекциялары емдеу Глисты инвазияны, ішек инфекцияларды емдеу II. екіншілік алдын алу: күзде және көктемде рецидивтің алдын алу емі ӨТ ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ. Дискинезиялар. Себептері: тамақтану тәртібінің бұзылуы, ерте жастан ащы, майлы тамақтарға құмар болу, өткір жұқпалы аурулардың әсері, психикалық стресстер, тұқым қуалаушылық. Клиникасы. Клиникалық 2 түрі бар: гипотониялық және гипертониялық. Гипотониялық түрінде өт қалтасының бұлшық ет қабатының тонусының төмендеуімен байланысты жиырылуы әлсіз болады да, өт ұлтабарға құйылмай, өт қабатына жиналып, тұрып қалады. Белгелері: оң қабырғасының асты сыздап ауырады, бала тез шаршағыш болады, дене қызуы қалыпта болады. Холецисто – эхографияда – үлкейген өт қалтасы көрінеді. Гипертониялық түрі - өт қалтасының жиырылуы жоғары, оң қабырғаның асты мен кіндік айналасы шаншып ауырады, жүрегі айниды, дене қызуы көтерілмейді. Холецисто – эхографияда кішірілген өт қалтасы көрінеді. Өтті биохимиялық тексеріске алғанда билирутин, холестерин, өт қышқылдарының мөлшерінің азайғаны анықталады. Гельминтоздар Гельминтоздар – бұл ауруды құрт паразиттері гельминттер шақырады. Эпидемиологиялық гельминтоздар негізгі 3 топқа бөлінеді: Биогельминтоздар – қоздырғышы адамға жануарлардан жұғады, олардың ағзаларында гельминттердің жұмыртқалары мен личинкалары дамиды тениоз Геогельминтоздар – паразиттік құрттардың жұмыртқалары мен личинкалары аскаридоз, трихоцефалез, сыртқы ортада дамиды. Қарым-қатынас гельминтоздары қоздырғышы ауру адамнан немесе оны қоршаған заттардан жұғады энтеробиоз Гельминттер 3 негізгі класқа бөлінеді: Дөңгелек құрттар (нематоды ) Лента тәрізді құрттар ( цестоды ) Сорушылар (трематозы ) Балаларда ең жиі дөңгелек құрттар ауруды шақырады: аскаридоз, трихоцефалез, энтеробиоз. АСКАРИДОЗ Аскаридалар - (дөңгелек құрттар) қоздырғыштар болып есептеледі. Аскариданың ұзындығы 25-40см. Гельминттер аш ішекте өмір сүреді. Өмір сүрудің ұзақтығы 1 жылдай. Ұрғашысы ішекте бірнеше тәулікге дейін 200.000 жұмыртқа салады. Олар сыртқы ортада толық пісіп жетіледі. Жұғу механизмі фекальді- оральды факторлардың таралуы: жеміс-жидек, көкөністер, кір қол. Патогенезі: гельминттің жұмыртқалары сыртқы ортада, жақсы жағдайда толық піседі. Жұмыртқаның қабығы ішекте еріп, одан личинкалар шығып ішектің қабырғасын тесіп, көктамырға өтіп одан қан арқылы өкпеге тарайды. Личинкалар эпителий арқылы жоғарғы тыныс алу жолдарына еніп, одан жұтқыншаққа сосын қайтадан екіншілік жұтылады. Екіншілік аш ішекке түскеннен кейін үлкен гельминттерге айналады. Жұмыртқаны жұтқаннан соң 75-90 күн өткеннен кейін аскаридалар үлкен болады. Клиника. Аскариданың циклдық дамуының 2 кезеңі болады: миграциялық және ішектік. Миграциялық кезеңде- аскариданың личинкалары организмге механикалық және сенбилизациялық әсер етеді. Теріде аллергиялық бөртпелер, жөтел пайда болады. Кеуде қуысы ауырсынады. Бронхиттер, пневмониялар, өкпеде эозинофильді инфильтраттар. Субфебрильді температура болуы мүмкін. Ішектік кезең – асқазан – ішек формасы ретінде көрініс беруі мүмкін (сілекей ағу, лоқсу, кіндік аймағында толғақ тәрізді ауырсыну ) ең жиі тамақтан соң болады. Сондықтан балалар лоқсудан, құсудан, ауырсынудан қорқатындықтан тамақтанудан бас тартады және салмақты жоғалтып, азады. Гипотониялық кезеңде – әлсіздік, АҚҚ төмендейді. Неврологиялық кезеңде- бас айналу, бас ауру, қорқыныш түстер, вегето.қан. тамырлардың бұзылуы. Ішекте аскаридалар көп жиналуынан ішектің түйілуі дамиды. Перифериялық қанда анемия, эозинофилия, этж-ң жоғарылауы анықталады. Диагнозды клиникалық симптомдарға қарай және нәжісте аскариданың жұмыртқасы табылғаннан кейін қойылады. Емі: Миграциялық кезеңде – димедрол, кальций хлор, кальций глюканат. Арнайы терапияға антигельминтоздарға қарсы заттар тағайындалады: комбрантин, пиперазин, фенасол, декарис, асқабақ дәні. Оттегі терапиясы. Алдын алу. Барлық елді тексеру аскоридоздармен табылғандарды емдеу. Жыл сайын мектепке дейінгі балаларды, кіші кластағы балаларды, көкөніс , шаруашылықпен айналысатындарды, көкөніс дүкенде істейтіндерді тексеруден өткізу. Үлкен су құбырларын санитарлық тазалаудан өткізу. Жеке бас гигиенасын сақтау, жеміс-жидектерді қайнаған су ішу. Энтеробиоз Энтеробиоз- ұсақ жұмыр құрттар – острицалар туғызатын ауру: ұрғашысының ұзындығы -12см, еркегінің ұзындығы -3-4см. Острицалар аш ішекпен тоқ ішектің төменгі бөлігінде өсіп-өнеді, ұрғашылары перианалдық қатпарларға жұмыртқа салады, жұмыртқалар 5-6 сағат ішінде өсіп-жетіледі. Острицалар перианалдық аймақты қышытады, қыз балаларда ол вульвовагинитке себеп болуы мүмкін. Балаларда острица жұмыртқаларын кір қолымен аузына салады – ол үнемі осылай жұғып отырады, острицалар 20-30 күн тіршілік етеді. Соның салдарынан ауру ұзаққа созылады. Острицалардың жұмыртқасы айналадағы ортада тіршілік қабілетін 15 тәулікке дейін сақтайды, төсек орынға, ойыншықтарға ұрық салады,шанға араласып жүреді, организмге шаңды ауамен түсуі мүмкін. Энтеробиоз өте жұғымтал, дүние жүзінің барлық елдерінде таралған. Клиникалық көрінісі: іш ауырады, перианалдық аймақ қышып, ұйқы бұзылады, тәбет нашарлайды, ашушаң болады, кейде жалқақ араласқан сұйық нәжіс шығады. Острицаның жұмыртқалары перианалдық қырындыдан табылады. Емдеу: жұғудан сақтандыратын санитарлық- гигиеналық шараларды міндетті түрде жүргізе отырып дәрі қолданады. Баланың тырнақтарын тазалап алып тастап, түрсишең ұйқтату, іш киімін күн сайын ауыстырып тұру, жуып, үтіктеп тұру керек. Бөлме ішін ылғал шүберекпен сүртіп отырады. Кейде ауру бүкіл тобасы мүшелеріне жұғады, сондықтан олардың энтеробиозын тексеріп, бір мезгілде емдеу қажет. Пиперазин мен арасына 7күн салып, 3-5 күндік 2-3 цикл түрінде емделеді. Сондай-ақ нафтамон, дитиазанин, тазартылған күкірт тағайындалады. Дәрі-дәрмек беріп емдегенде түнге қарай натрий гидрокорбанатының ерітіндісімен тазартқыш клизма жасайды, танертенгісін және кешкісін баланың құйрығын жылы сумен сабындап жуып отырады. Оттегі терапиясы - көтен ішекке оттегі жіберу де қолданылады. Энтеробиоздың күтімі Мақсаты: аутоинвазия процесінен және ауру адамнан жұғатынын ескерту. Мейірбикелік араласудағы жоспары Негізі. Науқасқа және оның туыстарына ауруын ескерту Баланы және оның туыстары осы мақсатты біледі. 2.Баланың тырнағын қадағалау Аутоинвазия профилактикасы 3.Баланы күнделікті кешкісін және ертеңгісін жуындыру Перианальдағы гельминттерді механикалық жою және аутоинвазиялық профилактика және қоршаған ортаға таралудан сақтану 4.Түнге қарай жабысқан іш киім кигізіп, таңертенгісін ауыстыру Аутоинвазия профилактикасы 5.Баланың және туыстарының жеке бас гигиенасын қадағалау. Жеке гигиеналық заттарын индивидуалды қадағалау сүлгі, мочалка, төсек жайма Өзіңе жұғудың және басқа адамдарға жұғудың профилактикасы 6.Баланың ұйқысын жеке төсегінде міндетті түрде қадағалау. төсек жаймалары мен іш киімдерін күнделікті үтіктеп тұру. Қоршаған ортаға жұғатынын түсіндіру. Энтеребиоз емдеу алгоритімі Емнің түрі Әсері Жұғудан сақтандыратын санитарлық- гигиеналық шараларды міндетті түрді жүргізе отырып дәрі қолдану. Кейде ауру бүкіл отбасы мүшелеріне жұғады, сондықтан оларды энтеребиозға тексеріп, бір мезгілде емдеу қажет. Гигиеналық тазалық сақтау, баланы жеке төсекке жатқызу , киімдерін және төсек орнын күнде үтіктеп ауыстырып отыру. Арнайы емі: Пиперазинмен бір апта емделеді. Вермокс 1 рет, 7 күннен кейін анализін қайталап тексереміз, құрт табылса қайта ем тағайындайды. Натрий гидрокорбанатының ерітіндісімен тазартқыш клизма жасап, оттегі терапиясын жібереді. Тазалық сақтау, алдын-алу шаралары болып табылады. Гигиеналық күтім. Дәрі-дәрмек қолданудан іш ауру қояады, перианальдық аймақ қышымайды, ұйқысы, тәбеті түзеледі, нәжісі қалпына келеді. Трихоцефалез Трихоцефалезді жұмыр құрт- власоглав туғызады. Еркегінің ұзындығы 30-40мм, ұрғашының ұзындығы 35-55мм. Жуылмаған овощ, жеміс жегенде жұғады. Власоглавтың шаш сияқты, жіңішке сколексі басы болады, сол арқылы аш ішектің шырышты қабығына еніп алады. Власоглав тоқ ішекте, көбінесе соқыр ішекте өсіп-өнеді, қанмен қоректенеді. Жұмыртқалары сыртқа нәжіспен бірге шығады, айналадағы ортада 1-3 ай ішінде өсіп жетіледі. Адамның ішінде личинкадан 30-35 күнде үлкен власоглав өсіп шығады, паразит 5 жылға дейін тіршілік етеді. Клиникалық көрінісі: іш ауырып, тәбеті нашарлайды, әлсіздік, лоқсу, құсу, бас ауру тән, кейде жалқық пен қан араласып, сұйық нәжіс шығады, қанда – анемия, эозинофилдік лейкоцитоз, СОЭ жоғарылайды. |