Жедел гастрит-WPS Office. Жедел гастрит
Скачать 233.5 Kb.
|
Жалпы шаралар: Ауру баланы мүмкіндігінше тез оңашалау- СЭС-ке жедел хабар беру, балалар мекемелеріндегі қарым-қатынастағы балаларға 21 күнге карантин тағайындау. ҚЫЗАМЫҚ Қызамық- вирустар шақыратын, тері қабатындағы бөртпелермен, мойнының лимфа түйіндерінің ісінуімен сипатталатын балалардың жұқпалы ауруы. Ұзақ жылдар бойы қызамық балалардың жұқпалы ауруларының ішіндегі ең жеңіл түрі деп саналып келді. Ауырған бала үшін бұл ауру онша қауіпті емес, өйткені көбінесе жеңіл түрде өтеді. Бірақ қызамық жатырдағы бала үшін өте қауіпті, қызамықтың қоздырғыштары жатырдағы баланың ағзаларын зақымдап, ол бала әр түрлі ағзаларының ақауларымен туылатынын толық дәлелденді.(туа біткен соқырлық, саңыраулық, жүрек ақаулары т.б.) Эпидемиологиясы. Қоздырғышы- вирустар, қоршаған ортаға төзімсіз. Аурудың көзі- ауру бала, қызамық жасырын кезеңінен басталып, бөртпелер шыққаннан кейін де 5 күнге дейін жұқпалы. Таралу жолдары: ең жиі жолы- ауа тамшы арқылы; тікелей қатынас арқылы сирек жағдайларда плацента арқылы. Патогенезі. Басқа ауа-тамшы арқылы тарайтын аурулардікіне ұқсас. Тыныс жолдарының шарашты қабаттары арқылы өткен вирус қанға, одан лимфа түйіндеріне өтіп, оларды және тыныс жолдарының эпителий жасушаларын зақымдайды. Клиникасы. Жасырын кезеңі 11-23 күнге созылады. Шығу алды (продромалды) кезеңі- өте қысқа, 1-2 күн. Бұл кезеңдегі белгілер: баланың мұрны бітеді, көзі қызарады, сирек жөтел пайда болады, дене қызуы субфебрильді болады. Бұл кезең көбінесе байқалмай өтеді. Бөртпелердің шығу кезеңі- қызамықтың ең көзге көрінер белгісі. Бөртпелер қызылшадағыдай белгілі ретпен, сатылап шықпайды. Бөртпелер макулопапулезді, бөлек-бөлек негізінен аяқ-қолдарының сыртқы, жазушы жақтарына, жамбасқа шығады. Бөртпелер 2-3 күннен солғындап, жоғала бастайды, орнында дақ қалмайды. Бөртпелерден басқа қызамық ауруына тән белгі- желке, мойын лимфа түйіндерінің 8-12 мм-ге дейін үлкейіп, ісінуі. Асқынулары: Қызамықтың асқынулары негізінен жүйке жүйесі тарапынан байқалады: энцефалит, энцефаломиелит, менингоэнцефалит және жатырдағы баланың жүйке жүйесі тарапынан байқалатын туылғанында бар ақаулары. Диагноз қоюға- эпидемилогиялық анамнез, клиникалық белгілер, иммунофлюресценция көмектеседі. Емдеу. Арнайы ем жүргізілмейді. Асқынбаған түрлерінде- симптомдық ем қолданылады. Ал асқынулар болса, міндетті түрде ауруханаға жатқызылып, синдромдар бойынша емделеді. Алдын алу. Қызамыққа қарсы арнайы алдын алу жүргізіледі, 12 айлығында ККП вакцинациясы. Ревакцинациясы 6 және 15 жасында. Жалпы шаралар: ауру балаларды бөртпе шыққанынан бастап 5 күнге, жүкті әйелдерді 18 күнге оңашалау. Көк жөтел Көк жөтел – жедел жұқпалы ауру, аурудың негізгі белгісі – спазмдық жөтел. Бұл ауруға – жас нәрестелер бірінші күннен бастап бейім. Қоздырғышы – Борде-Жангу таяқшасы. Сыртқы ортада тұрақсыз. Ол экзотоксин бөліп шығаруына байланысты тыныс жолдарының рецепторларын тітіркендіріп ұстамалы жөтелді болдырады, содан да баланың тамағын қарағанда да ұста3 0малы жөтел болуы мүмкін. Таралу жолы: ауа тамшы арқылы: Иммунитетті тұрақты. Қайталап ауырмайды. Аурудың кезеңдері: жасырын кезеңі – 3-15 күн; катаралды; спазмдық немесе қысылып жөтелу кезеңі; беті қайту кезеңі. Негізгі клиникалық белгілері: Ауру біртіндеп басталады, І кезеңде баланың қызуы аздап көтеріледі, аздап мұрны бітіп, жөтеліп дауысы қарлығуы мүмкін, аптаның аяғында жөтел күшейе бастайды. Бұл кезең ең жұқпалы кезең. Әрі қарай ұстамалы болады. Жөтел кезінде баланың түрі өзгереді – беті қызарып, ісініп, мойнының тамырлары білеуленіп кетеді, көзінен жас ағып, көзіне қан құйылады, тілі салақтап кетеді, тіл төменгі тісіне қажалып, тілдің асты ойылып кетеді. Жөтел қысқанда баланың дәреті шығып кетуі мүмкін. Содан соң қайта дем алғанда баланың кеудесі сырылдап ауа әзер өтеді (реприз) бұл жағдай көбінесе түн аралығында болады. Жөтелдің соңында бала ақшыл, жылтыр, көбіктелген қақырық тастайды, немесе құсумен аяқталады. Көк жөтелмен ауыратын балалардың жалпы жағдайы ауру ұстар аралығында – қалыпты жағдайда болады, тәбеті нашарлайды. Көк жөтелдің өтуі бойынша: жеңіл – 5-15 рет жөтел қайталанады; орташа – 15-24 рат; ауыр – 20-30 рет. Көк жөтелдің асқынулары: бронхит, отит, пневмония, тік ішектің шығып кетуі, кіндік, шат аралығында грыжа. ЖҚА – лейкопения, лимфоцитоз, ЭТЖ. Лабораториялық зерттеу: бактериологиялық зерттеу (тамағынан жағында алу, жөтел "пластинкалар" әдісін пайдалану). Емі: арнайы емі: көк жөтелге қарсы иммуноглобинді енгізу; антибактериальды ем (эритромицин, рулид); оттегін беру – кең қолданылады; симптоматикалық ем. Күтімі: Ауру туралы түсіндіру. Жекешелеу 30 күнге аурудың басынан. Маскалық режим. Бөлмені желдету кем дегенде 3-4 рет. Ылғалды уборка жасау 3-4 рет. Тамақты аз мөлшерде беру, жиі сұйық жылы түрінде (спазмдық жөтелді болдырмау үшін). Тыныштық сақтау (спазмдық жөтелді болдырмау үшін). Таза ауада ұйықтату. Инфекция, салқын тиюді болдырмау. Алдын алу: Арнайы; Арнайы емес Арнайы алдын алу: АКДС вакцинаны енгізу. V – 2, 3, 4 айлығында R – 18 айында 0,5 мл бұлшық етке. Арнайы емес: 3 жолмен жүргізіледі. науқаспен жұмыс істеу; қарым-қатынаста болған балалармен (әсіресе 7 жасқа дейінгі балалармен); жиі бөлмені желдету, көпшіліктің ішінде болмау "жөтел тәртібіне" үйрету, иммунитетін жоғарлату. Жұқпалы паротит. Жұқпалы паротит-вирусты этиологиялы жедел жұқпалы ауру шықшыттағы сілекей безінің ( астыңғы жақ немесе тіл асты безінің сирегірек),нерв жүйесінің және басқа бездердің (ұйқы безінің, гонадтардың және т.б.) дағдылы зақымдануымен сипатталады. Эпидемиологтясы: Инфекцияны ауру адам жұқтырады.Инфекция негізінен ауа-тамшы жолымен беріледі.Аурудың айналадағы заттар (ыдыс-аяқ, ойыншықтар және басқалар ) арқылы жұғуы сирек кездеседі. Жұқпалы паротитті жұқтыруға неғұрлым бейімділік 5 жастан 12 жасқа дейінгі балаларда байқалады.Емізулі балалар сирек ауырады.Жұқпалы паротитпен ауыру қысқы-көктемгі айларда көбейеді. Жұқпалы паротитке тән ерекшелік аурудың 3-5 жылдан кейін көбеюі болып табылады, мұның өзі бұл инфекция кезіндегі коллективтік иммунитеттің ауытқуларына байланысты. Клиникасы: Инкубациялық кезеңі орта есеппен 18-20 күнге созылады, кейде оның 11 күнге дейін қысқаруы немесе 23 күнге дейін ұзаруы мүмкін. Ауру жедел басталады, оған қоса дене қызуы 38-39 градусқа дейін көтеріледі, әдетте бір жағындағы, кейде екі жағындағы шықшыт бездерінің ісінгені байқалады.Ісік төменгі жақ тармағы мен емізікше өскіннің арасындағы ойықты толтырады.Кейде ісік едәуір улкейіп, құлақ қалқанының бөбежігі жоғарыкөтеріліп тұрады.Ісіктің ортасы созылмалы-тығыз, шет жақтары жұмсақ болады.Ісінген без басқанда аздап ауырады,оның бетіндегі тері өзгермей қалады.Екі жақтың безі зақымданғанда бет әлпеті өзгеріп кетеді.Шықшыт безі шошынумен бірге ауырады, ауру құлақ немесе мойын жаққа қарай таралып , шайнағанда және жұтқанда күшейе түседі.Шошынған бездің ісігі алғашқы 3-5 күнде ұлғайып, содан соң қайта бастайды,сөйтіп 8-10 күнде толық жойылады. Ұйқы безінің зақымдануы ( панкреатит) паротиттің айқын емес симптомдары жағдайында өтуі мүмкін, әдеттегі жағдайларда іштің қатты ,кейде айнала ауыруымен сипатталады.Лоқсу , құсу, тәбеттің нашарлауы,кейде іштің өтуі, қанда , несепте амилаза деңгейінің артуы байқалады. Шықшыт бездері алдын ала ұлғаймай-ақ бастапқы ( паротит жағдайында) орхит (ер балалар мен жас жігіттер енінің қабынуы) болған реттер мәлім. Ауру дене қызуының көтерілуімен, жалпы ауырумен , қалтыраумен,ең маңайының қатты ауруымен, аурудың шап жағы мен белдемеге тарауымен сипатталады.Ен ісіп ,едәуір үлкейіп кетеді, ауырады.Жүрісі бұзылады .Симтомдары 2-3 күн күшейеді, 3-5 күнде ауру бірте-бірте қайта бастайды.Аурудың ақыры жақсы , сауығумен аяқталады. Паротит кезінде сероздық менингит жиі байқалады, ол ауру күшейген кезде дамиды және менингит құбылыстарының жедел пайда болатын комплексімен бастың ауыруымен , қайталап құсуымен, желке бұлшық еттерінің сіресіп қалуымен, Керниг, Брудзинскйй симптмодарының расталуымен сипатталады.Менингиттің айқын аңғарылатын симптомдары 5-10 күн сақталады, сонан соң біртіндеп жойылады.Кейде қалдықтық құбылыстар ұзақ уақыт сақталады. Емдеуі: Жұқпалы паротитті емдеудің ерекше дәрі-дәрмектері жоқ.Барлық ем симптоматикалық негізде жүргізіледі.Аурудың барысы жеңіл болғанда тиісті режимді сақтау ғана қажет бала төсектен тұрмай , жиі ішуге, аузын натрий гидрокарбонатының 2 % ерітіндісімен шайып отыруға тиіс.Зақымданған бездердің тыныштығы сұйық немесе жартылай сұйық тағам ішу арқылы қамтамасыз етіледі.Ұлғайған бездердің үстін құрғақ жылы шүберекпен танып қою , соллюкс-лампамен қыздыру, УВЧ-терапия және ультракүлгін сәуле ұсынылады. Симптоматикалық дәрі-дәрмектер ретінде амидопирин ,ацетил-салицил қышқылы, анальгин және басқалар қолданылады.Барысы ауыр болған жағдайда глобулин енгізіледі ( бұлшық ет ішіне 3-6 мл) Менингит құбылыстары жұлын пункциясы мен тиісінше ем қолдану керек екенін көрсетеді. Алдын – алу: Паротиттің эпидемиялық таралуынан аурудың ең жеңіл өтетін түрінің өзімен де ауыратындардың бәрін тек мұқият оқшаулау арқылы сақтандыруға болады.Науқастарды үй жағдайында немесе ауруханада ертерек оқшаулау қайталап ауыру санын азайтады.Науқаспен жанасымы болған және бұрын бұл инфекциямен ауырмаған балалар 21 күнге бөлек ұсталуға тиіс.Мұндай балалардың жанасу кезеңі дәл анықталған жағдайда олар инкубацияның алғашқы 10 күнінде балалар мекемелеріне жіберіледі, олар науқаспен жанасқан кезінің 11 күні мен 21 күнінің аралығында ғана оқшауланады. Жұқпалы паротит ошағында қорытынды дезинфекция жүргізілмейді.Науқас аурудың 9-10 күніне дейін оқшауланады.Жұқпалы паротитке қарсы белсенді иммундандыру әдісі жасалған .Балаларды иммундандыру 15-18 айлық кезінде тері астына 0,5 мл вакцина немесе нақ сол препаратты тері ішіне 0,1 мл Дифтерия. Ұзақ адам баласына қауіп төндірген аурулардың бірі дифтерия. Өткен ғасырдағы атақты француз жазушысы Мопассан «Суда» деген әңгімесінде дифтериядан аса қиналып, яғни дифтерия жарғақшаларының жұтқыншақта тығылып, одан адамдардың тұншығып, өлетінін аса шеберлікпен жазған болатын. Әрине, Мопассан сол кезде етек алған ауруды бақылап содан алған әсерін ғана баяндаған болатын. Дифтериядан адам баласы көп зардап шекті. Бұл аурудың жалиы жағдайын XV—XVII ғасырлардағы Испания дәрігерлері жазған болатын. Дифтериядан адам түншығып өлетін болғандыктан оны гаротилло, яғни «қылғынушының тозағы» деп атады. Дифтерияны жіңішке, шында дөңгелекше дәншіктері бар, ерек-ше таяқша бактериялар қоздырады. Оны алғаш рет 1883 жылы ауру адамнан Клебс бөліп алған болатын. Ал 1894 жылы Леффлер таза микробты зерттеді. Дифтерия таяқшасы, тек адамда ғана ауру қоздырады. Табиғи жағдайда жануарлардың қайсысында бол-масын дифтерия байқалмайды. Дифтерия таяқшалары жіңішке, кейде түзу, кейде иілген, шетінде дәишіктері бар.Бактериялар қозғалмайды, жіпшелері жоқ, капсула және спора түзбейді. Грам әдісімен боялады. Кейде олар қосақтала орналасса, кейде латынның V, О, һ әріптеріне ұқсап, бірнешеуден жиналады. Дифтерия таяқшалары аэробтар, кейде олар факультативті анаэробтар да болып тіршілік етеді. Өсуі үшін қолайлы температура 36—37°. Барлык. қоректік ортада, әсіресе сарысуда, қаннан жасаған орталарда жақсы өніп-өседі. Олар глюкоза, мальтоза және галактозаны ыдырата алады. Онда газ түзілмейді де, орта қышқылданады. Дифтерия таяқшалары өскен кезде «у» түзеді. Оны алғаш рет 1888 жылы Ру мен Иерсен тапқан болатын. Дегенмен ол түрақсыз «у», 60°-қа қыздырғанда немесе сәулемен әсер еткенде ол «у» тез ыдырап кетеді.Дифтерия таяқшалары 30° суықта да тіршілігін жоймайды. Бірақ химиялық заттар бұл таяқшаны лезде өлтіріп жібереді. Бұл ауру, әсіресе жас балаларда көп байқалады. Сондықтан оларға алғашқы жылдың өзінде-ак вакцинаны егіп, иммунитет туғызады. Қазіргі кезде бұл аурумен күресудің біздің елімізде дә-йекті шаралары белгіленген. Сондықтан да дифтерия ауруы бізде жөнді байқалмайды. Дифтерия- шырышты қабықтар зақымданып, оларда ақшыл-сұрғылт қабықшалардың пайда болуымен және организмнің жалпы улануымен сипатталатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы- дифтерия таяқшасы (1884 жылы Леффлермен ашылған).Сыртқы ортада өте тұрақты-ойыншықтарда, ыдыс-аяқта, көрпе-жастықта көпке дейін сақталады. Өте улы экзотоксин бөліп шығарады. Эпидемиологиясы: 1.Ауру көзі-ауру адам және қоздырғыш тасымалдаушы адам. 2.Аурудың таралу жолдары- ауа-сілекей және қарым-қатынас. 3.Төзімділік (сезімталдық- 3-7 жасқа дейінгі балалар 4.Иммунитет-тұрақты, 5.Маусымдылық- күз. Патогенезі: Дифтерия таяқшасы ауыз қуысының көздің, мұрынның шырышты қабықтары және тері арқылы еніп, сол жерде өсіп-өнеді, бөлінгең экзотоксиндері ұлпалардың некрозын тудырады, фибринді қабықша пайда болады. Жіктелуі: 1.Ауыз қуысының дифтериясы 2. Мұрын қуысының дифтериясы. 3.Жұтқыншақ дифтериясы 4.Көз дифтериясы. 5. Құлақ дифтериясы. 6. Жыныс мүшелерінің дифтериясы. 7. Тері дифтериясы. 8. ЖТБ-ның кіндік дифтериясы. Клиникалық белгілері: Инкубациялық кезеңі 2-10 күн. Егілмеген балаларда ауыр өтеді. Ауыз қуысының дифтериясының 3 түрі бар: Топталған түрі- алғашқы күндері пайда болған қабықшалар жұқа, тор тәріздес, бірнеше күннен соң қалыңдап ақшыл түсті, шпательмен немесе тампонмен сүрткенде алынбайтын қабықшаларға айналады. Қабықшалар тек қана бадамша безінің аймағында ғана орналасады. Аралды түрінде қабықшалардың көлемі 3-4 мм, шеттері айқын, бірнеше болуы мүмкін. Қабыршақты түрінде қабықшалар бадамша безін түгел жауып тұрады. Бала мазасыз, жалпы жағдайы аса өзгермеген, тері түсі бозарған, тәбеті төмендеген, жұтынғанда ауырсыну белгілі бар. Жайылған түрі- қабықшалар жұмсақ таңдайдың, кіші тілдің үстіне жайылған. Бадамша бездері ісінген және қызарған, аздап улану белгілері пайда болады. Токсикалық түрі-балада улану белгілері айқын, ауыз қуысының және мойынның тері астының ісінуі пайда болады.Лимфа түйіндері үлкейеді. Бірінші күннен дене қызуы 39-41 С, бала әлсіз, басы қатты ауырады, тері түсі боз, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы, жүрек тондары нашар естіледі, тахикардия, жүректің шекарасы ұлғайған, қан қысымы төмендейді. Баланың іші ауырып, жиі құсады. Мойын клетчаткасының ісінуінің 3 дәрежесі бар: І дәрежесінде-ісіну мойынның жартысына дейін. ІІ дәрежесінде-ісіну бұғанаға дейін.ІІІ дәрежесінде-ісіну 2-3-ші қабырғаларға жетеді. Лимфа түйіндерінің үлкендігі кейде тауық жұмыртқасындай. Нағыз круп – дыбыс желбезектері астының ұлпалары ісініп, тыныс саңлауы тарылады. Улану белгілері орташа. Баланың жалпы жағдайы тыныс жолдарының бітелу дәрежесіне байланысты: Катаральды түрінде-дене қызуы 37,5-38 С, ауру баяу басталады, алғашында дауысы қарлығады, сонан соң сирек «ит үрген тәрізді» жөтел пайда болады. 2-3 күнге созылады. Стенозды түрінде-дауысы мүлдем жоғалады, жөтелі дыбыссыз, улану белгілері өсіп, гипоксия дамиды. 2-3 күнге созылады. Асфиксиялық түрінде-бала мзасыз, цианоз, тахикардия, жүрек тондары өте нашар естіледі, терісі ылғалды. Кейде ұйқышыл, қоршаған ортаға енжар. Пульсі жіп тәріздес, тыныс алуы сирек, қан қысымы төмен, бұлшық еттерінің құрысып-тырысуы мүмкін. Брадикардия дамып жүрегі мүлдем тоқтауы мүмкін. Асқынулары: инфекциялық-токсикалық шок, миокардит, токсикалық нефроз, перифериялық парездер мен параличтер. Диагноз қою: 1 Эпид. Анамнез. 2.Клиникалық белгілері. 3.Лабораториялық зерттеулер-бактериоскопиялық, бактериологиялық, серологиялық. Емі: Ауруханаға жатқызып төсек режимін тағайындау, ұйқысын жақсарту. Диета-жасына сай, жақсы қорытылатын сұйық тағамдар беру керек. Негізгі ем-дифтерияға қарсы антитоксинді сарысуды Безредко тәсілімен егу: әуелі тері ішіне сарысудың 1:100 ерітіндісін 0,1 мл мөлшерінде енгізу, 20 минуттан соң тері астына 0,1 мл таза сарысуды енгізу, 30 минуттан кейін сарысу дозасы бұлшық етке түгел егіледі. Сарысудың дозасы аурудың дәрежесіне байланысты. Детоксикалық ем. Симптомдық ем. Витаминдер комплексі. Гармондар. Антибактериальдық ем. Дифтерияның ауыр түрінде-интубация немесе трхеостомия. Күтімі: Палатада эпидемияға қарсы режимді мұқият сақтау. Жеке бас гигиенасын қадағалау. Баланың қан қысымын, жүрек соғысын бақылау. Баланы тамқтандыра білу-зонд арқылы, қасық арқылы. Трахеостомиялық түтіктің күтімін өткізу. Алдын-алуы: баланың 2;3;4; 18 айлығында вакцинация, 6-7 жасында және 12 жасында ревакцинация 0,5 мл бұлшық етке. Ошақтағы шаралар: Ауру баланы мейлінше ерте оңашалау. СЭС-ке №58 формамен хабар беру. Қарым-қатынаста болған балаларға 7-8 күн карантин тағайындап, 2 рет бактериологиялық зерттеу өткізу. Аурудан жазылған баланы 2 рет бактериологиялық зерттеуде теріс нәтижемен шығару. Инфекция ошағында дезинфекция жүргізу. Санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу. Бактерия тасымалдаушыларға 7 күн тетрациклин тағайындау. Менингококкты жұқпалы аурулар. Менингококкты жұқпалы аурулар менингококкпен шакырылады – (Neisseria meningitidis ). Жас балаларда жиі кездеседі. Біздің елде бірен саран кездеседі. Бірнеше серологиялық түрлері бар. Сыртқы ортада төзімсіз, тез өледі. Әсіресе төменгі температурада тез өледі. Антибиотикка сезімтал. Өлгенде эндотоксин бөледі. Ауру көзі – ауру адам, қоздырғыш тасмалдаушы. Таралу жолы – ауу – сілекей тамшылары арқылы. Мезгілі қыс, көктем айлары. Патогенез: Қоздырғыш жоғарғы тыныс жолдары арқылы еніп, осы аймақта қабыну процессі басталады – менингококкты назофаренгит – тұмауға ұқсас. Егер қоздырғыш лимфаға енсе, лимфа арқылы мидың жұмсақ қабатына жетіп, оны қабындырады. Осы жағдайда менингококкты менингит пайда болады. Ал қоздырғыш қанға енсе менингококты менингококемия пайда болады – менингококты сепсис. Егерде миы ісінсе , тыныс алу орталығының салдарынан ауру өліп кету мүмкін. |