ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ Аллергология жауап. жедел медициналы Жрдем кафедрасы бекітемін Жедел медициналы жрдем кафедрасыны мегерушісі, м.. к доцент м а
Скачать 42.62 Kb.
|
Ф-ОБ-012/062-1 ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ «ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ» КАФЕДРАСЫ «БЕКІТЕМІН» Жедел медициналық жәрдем кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к доцент м.а _______________К.С.Бабаева «___» ___________ 2021 ж. «Аллергология» пәнінен 5В130100 – «Жалпы медицина» мамандығы бойынша Емтихан сұрақтарының тізімі Түркістан, 2021ж 1-деңгей Есте сақтау Аллергиялық реакциялардың даму механизмінде эозинофильдер мен Ig E нің маңызы Аллергиялық реакциялардың даму механизмінде цитокиндердің рөлі Аллергиялық реакциялардың даму механизмінде комплемент жүйесінің маңызы Аллергиялық реакциялардың даму механизмінде гистаминнің рөлі Аллергия: анықтамасы, этиологиясы, аллергиялық аурулардың жіктелуі, даму кезеңдері мен механизмдері. Аллергендердің түрлері және жіктелуі. Аллергиялық реакциялардың иммунды, патохимиялық, патофизиологиялық кезеңдерінің даму механизмі Қабыну медиаторлары және олардың түрлері,қызметі І тип аллергиялық реакцияның патогенезі және осы типке жататын аллергиялық аурулар ІІ тип аллергиялық реакцияның патогенезі және осы типке жататын аллергиялық аурулар ІІІ тип аллергиялық реакцияның патогенезі және осы типке жататын аллергиялық аурулар ІV тип аллергиялық реакцияның патогенезі және осы типке жататын аллергиялық аурулар Аллергологиялық анамнез жинау. Аллергологиялық науқасты физикалдық тексеру. Аллергиялық ауруларды емдеудің элиминациялық әдістері. Скарификациялық сынаманы жүргізу және көрсеткіштер Назальдық және конюктивальді провакациялық сынамаларды жүргізу әдісі және көрсеткіштер Ингаляциялық және сублингвальді провакациялық сынамаларды жүргізу әдісі және көрсеткіштер Тері апликациялық сынама жүргізу және көрсеткіштер Тері ішілік сынама жасау және көрсеткіштер Н рецепторлар жіктелуі және орналасуы 2-деңгей Түсіну Поллиноздар этиологиясы, иммунды патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы, емі. Инсектті аллергия этиологиясы, иммунды патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы, емі. Есекжем этиологиясы, иммунды патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы, емі. Квинке ісінуі этиологиясы, иммунды патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы, емі. Тағамдық аллергия этиологиясы, иммунды патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы, емі. Аллергиялық ринит этиологиясы, иммунды патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы, емі. Бронх демікпесі этиологиясы, иммунды патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы, емі. Фотодерматит этиологиясы, иммунды патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы, емі. Стивенс Джонс синдромы этиологиясы, иммунды патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы, емі. Лайелл синдромы этиологиясы, иммунды патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы, емі. Экзема этиологиясы, иммунды патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы, емі. Жанаспалы дерматит этиологиясы, иммунды патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы, емі. Дәрілік аллергия этиологиясы, иммунды патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы, емі. Анафилактикалық шок этиологиясы, иммунды патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы, емі. Сарысу ауруы этиологиясы, иммунды патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы, емі. Атопиялық дерматит этиологиясы, иммунды патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы, емі. Аллергиялық ауруларда кортикостероидтардың әсер ету механизмі Антигистаминді препараттардың І топ жататын дәрілер әсер ету механизмі, қарсы көрсеткіштер Антигистаминді препараттардың ІІ топ жататын дәрілер әсер ету механизмі, қарсы көрсеткіштер АСИТ әсер ету механизмі және тағайындауға көрсеткіштер 3-деңгей Қолдану Науқас С 60жаста, соңғы 3жылда суыққа шыққанда, физикалық күш түскенде, цитрусты жемістерді көп жегеннен кеиін пайда болатын экспираторлы ентігуге, алыстан естілетін сырылдың пайда болуын айтады. Аллергоанамнез теріс. Мұрын жолдарының бітелуін де байқаған. Өкпе аускультациясында құрғақ сырылдар естіледі. Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенологиялық зерттеуінде патология анықталмады. Бронхолитиктермен сынама жасағанда дем шығару көлемі 20% құрады. ЭКГ-да ЭхоКГ патологиясы анықталған жоқ. Тері сынақтары теріс. Сұрақ: 1. Болжам диагноз қойыңыз. 2. Тексеру жоспарын құрыңыз. 3. Ем тағайындаңыз. Жауап: Бронх астма Емі: Бронхдилитатор: бетта адренорецепторлар агонист қыс әс Ауыр дәрежесінде: беттның ұзақ әсер ететіні кортикостеройттар Өте ауыр: ішке егеді кортикостеройдтарды Сулфат магния и оксигенотерапия Науқас К, 42 жаста,күнделікті таңертең және кешкісін ұстама тәрізді қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, дем шығарудың қиындауына, тұншығу ұстамасына, аздаған физикалық күш түскенде ентігуге, мұрнының бітелуіне шағымданады. Науқастың әпкесінде поллинозды риносинусит, анасында цитрусты жемістерге есекжем түріндегі аллергияық реакциялар бар. Науқас тоқыма кәсіпорнында тоқымашы болып жұмыс істейді, жүнмен үнемі байланыста болады. Соңғы жылдары ол жиі жедел респираторлық инфекциялармен ауырған - жылына 2-3 рет. Ампициллинді қабылдағанда аллергиялық реакция - мұрын бітелуімен көрінеді, лакримация; цитрустық жемістер мен құлпынайға – есекжем түріндегі аллергия. Екі жыл бұрын оған полипті риносинусит диагнозы қойылып, мұрынға полипотомия жасалған. Бір жыл бұрын жіті респираторлық инфекциямен қайта ауырғаннан кейін ұстамалы жөтел ұзақ уақыт бойы сақталған. Жағдайы көктемде нашарлап, сәуірде тұншығу ұстамасы алғаш рет дамып, эуфиллинді көктамыр ішіне енгізу арқылы ұстаманы басты. Кейіннен пациент антигистаминді препараттарды , эуфиллинді өз бетінше қабылдап симптомды емделіп жүрді. Соңғы ЖРВИ-ден кейін қайтадан жағдайы нашарлады. Күндізгі уақытта ұстамаларының жиілігі күрт өсті, түнгі ұстамалар пайда болды. Тексеру және терапияны таңдау үшін науқас емханаға жатқызылды. Түскен кезде жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. ТАЖ – 22 рет минутына, қол терісінде – экзематозды бөртпелер. Мұрынмен тыныс алу өте қиын. Диффузды цианоз байқалады. Өкпе перкуссиясында – қорапты дыбыс, аускультацияда өкпенің бүкіл бетінде көп мөлшерде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Жүрек соғу жиілігі - минутына 96 рет. АҚ - 110/70 мм сын.бағ. Жалпы қан анализінде: гемоглобин – 120 г/л, эритроциттер – 4,5 млн., түсті көрсеткіш – 0,79, лейкоциттер – 8,0 мың, сегментті/ядролы – 63%, лимфоциттер – 21%, эозинофилдер – 13%, моноциттер – 3%, ЭТЖ –- 10 мм/сағ. Қақырық анализінде: консистенциясы тұтқыр, шырышты, лейкоциттер - 1-5 көру аймағында, эозинофилдер - 20-40-60, эритрициттер жоқ, Куршман спиральдары - 1-3., Шарко-Лейден кристалдары - 5-7; Дем шығару көлемі – 55. Кеуде қуысы мүшелерін рентгендік зерттеуде: ошақты және инфильтративті өзгерістер анықталмады, диафрагма күмбезінің тегістелуі, өкпе тінінің ауалылығының жоғарылауы, бронх қабырғаларының қалыңдауы байқалады. Сұрақтар: 1. Науқастың шағымдары негізінде қандай негізгі синдромды тұжырымдауға болады? 2. Алдын ала диагнозды тұжырымдаңыз. 3. Жедел көмек көрсету алгоритмін құрыңыз. 4. Бұл науқасқа болашақта қандай тексеру қажет? Жауап: Бронхиальный астма Синдромдары: жедел тыныс жеткіліксіздігі, геморрагический синдром Науқас С., 17 жаста, жедел жәрдем бригадасына ес-түссіз күйде жеткізілді. Достарының айтуынша, саябақта араны шаққаннан кейін бір минуттан кейін науқаста қатты әлсіздік, бозару, тырысулар, содан кейін есін жоғалту пайда болды. Жедел жәрдем бригадасына тері астына 0,5 мл 0,1% эпинефрин, 16 мг дексаметазон көк тамырға енгізілді. Науқас есін жиған жоқ, АҚ 40/0 мм с.б.б., пульс жіп тәрізді. Науқастың жағдайының ауырлығына байланысты аллергоанамнез сұрау мүмкін болмады. Тексеру кезінде жағдайы өте ауыр. Науқас ес-түссіз. Терісі бозғылт, еріні цианозы, акроцианозды, ылғалды. Тыныс алуы жиі, беткей, тыныс алу жиілігі – 30 рет 1 мин. Өкпе аускультациясында әлсіреген везикулярлы тыныс естіледі. Жүрек тондары әлсіреген, аритмия. Аритмиялық пульс, 150 соққы/мин, жіп тәрізді; АҚ – 30/0 мм сын.бағ. Тыныс алу актісіне іші қатысады. Беткей пальпацияда іші жұмсақ. Мойын аймағында сол жақта жәндік шаққанның ізі байқалады. Қан анализі: Hb – 160 г/л, лейкоциттер – 8000, эозинофилдер – 6%, таяқша-ядролы нейтрофилдер – 4%, сегменттелген нейтрофилдер – 62%, лимфоциттер – 22%, моноциттер – 6%, ЭТЖ – 14 мм/сағ. Қанның газ құрамы p02 - 55 мм; pCO2 - 45 мм. Сұрақтар: 1. Алдын ала диагнозды тұжырымдаңыз. 2. Осы патологияның ауырлығын сипаттаңыз. 3. Қажетті диагностикалық және емдеу шараларының жоспарын атаңыз. Болжамы қандай? 4. Дифференциалды диагностика жүргізіңіз 5. Анафилактикалық шоктың даму механизмі қандай? Геморрагиялық және церебральді типі анафилаңтикалық шоктың түрі Изопротеренол тахикардияны басады Адреналин дексометазон преднизолон (3 кубик 30 мг) Антигистаминдік препараттарды енгіземіз Эфинефрин Кристалойдтар каллойдтар саламыз Науқас К., 23 жаста, студент, жедел жәрдем бригадасымен реанимацияға жеткізілді. Бір сағатқа жуық бұрын науқасқа новокаинмен жергілікті анестезиямен тіс жұлу операциясы жасалған. Препаратты енгізгеннен кейін 5-7 минуттан кейін науқас ентігуді, бетінде ісінулердің пайда болуын, ішкі мазасыздық сезімін, әлсіздікті сезінген. Науқасқа дереу стоматологиялық кабинетте 0,5 мл 0,1% эпинефрин ерітіндісі және 16 мг дексаметазон көктамыр ішіне енгізілді, бірақ науқаста ентігу, мазасыздық, әлсіздік жалғаса берді. Науқастың айтуынша, ол осы уақытқа дейін мұндай жағдайдың болмағанын айтады. Науқаста балалық шақта жануарлармен – мысықпен, итпен, жылқымен байланысқанда тері бөртпесі түріндегі аллергиялық реакциялар және шаңға аллергиялық ринит түріндегі реакциялар болғанына байланысты науқасты аллерголог дәрігердің бақылауында болған. Жасы ұлғайған сайын аллергенмен байланыста болған аллергиялық көріністердің қарқындылығы төмендеген, пациент бұдан былай дәрігерлердің бақылауында болмаған, емделмеген; Науқас 3 ай бұрын тұрмыстық химия дүкеніне сатушы болып жаңа жұмысқа орналасқан. Бір айдан кейін науқаста құрғақ жөтел пайда болған, ол біртіндеп күшейіп, терісінде дақты бөртпелер пайда болған. Ол 7 күн бойы антигистаминді өз бетімен қабылдап - тері бөртпелерінің регрессиясы түрінде біршама оң әсер еткен. Отбасылық анамнезі: әкесі – бронх демікпесі, анасы созылмалы есекжеммен ауырады. Қарап тексергенде: науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Құлағында шуыл, жөтел. Дене қызуы 36,7°С. Арқа жағында, кеудесінде, иығында есекжемдік бөртпе элементтері бар, ерін, бет ісінуі, кішігірім акроцианоз. Шулы дем шығарумен тыныс алу, ысқырықты сырылдар алыстан естіледі. Кеуде қуысы нормостеникалық, тыныс алу актісіне көмекші бұлшықеттер қатысады. ТАЖ - 26 соққы/мин. Салыстырмалы перкуссияда – өкпелік дыбыс қорапты. Өкпе аускультациясында – дем шығару дем алуға қарағанда 2 есе дерлік ұзағырақ, көп мөлшерде құрғақ, шашыраңқы сырылдар естіледі. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульс – 130 соққы/мин,. АҚ – 90/60 мм сын.бағ. Жалпы қан анализі: Hb – 130 г/л, лейкоциттер – 7800, эозинофилдер – 10%, таяқша тәрізді нейтрофилдер. Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы: өкпе өрістері мөлдір, ауасы жоғары, түбірі құрылымды. Сұрақтар: 1. Алдын ала диагнозды тұжырымдаңыз 2. Анафилактикалық шок кезіндегі патологиялық реакциялардың даму механизмдері қандай? 3. Анафилактикалық шоктың берілген ауырлық дәрежесіне тән белгілерді атаңыз. 4. Шокқа қарсы шаралардың жоспарын жасаңыз. 5. Анафилактикалық шок кезінде глюкокортикостероидтарды қандай мақсатпен тағайындайды? Үш айынан 2,5 жасқа дейін 8 жасар қыз бала, бала кезіндегі экземамен ауырған. Жұмыртқамен скарификационды талдау (+++), жұмыртқамен арандату сынағы – оң . Ұзақ уақытқа созылған ремиссия фонында балаға апельсин және шоколад берілді, оны қолданғаннан кейін қатты қышумен тері бөртпесі пайда болды. Бірақ бұл өнімдерді қабылдауды тоқтатқандада жағдайы жақсармады.Ауруханаға түскен кезде дене және аяқ-қол терісі құрғақ, қабыршақтанған. Жоғарғы және төменгі аяқ-қолдардың бүгілген беттерінде, білезік буындарының аймағында папулезді біріктірілген бөртпе, лихенификация, жарықтар көрінеді. Кеуде және арқаның жоғарғы бөлігінің терісінде – папулезді бөртпе, сызат іздері. Қан анализі: гемоглобин – 120 г/л, эритроциттер – 4,0х1012/л, түстік көрсеткіш – 0,9, лейкоциттер – 8,2х109/л, эозинофилдер – 12%, нейтрофильдер – 2%, сегменттелген – 47%, моноцит – 34%. - 5%,ЭТЖ - 6 мм/сағ. Қан сарысуындағы IgE жалпы деңгейі 220 ЕД/мл (норма 70 ЕД/мл). Сұрақтар. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай? Ем тағайындаңыз Науқас А., 5 жаста, анасының сөзінше мұрыннан сулы, көп мөлшердегі бөлініске, түшкіруге, мұрын, көз және құлақ аймағындағы қышынуға, мұрынмен тыныс алудың бұзылуына шағымданады. Осындай жағдай мамыр айында байқалады. Өмір анамнезі: екінші қалыпты жүктіліктегі бала, жедел босану. Туған кездегі дене салмағы 3250 г, ұзындығы 49 см.3 жасқа дейін, диетаны бұзған асқынған атопиялық дерматит. Анасы бронх демікпесі, әкесі шөп безгегімен ауырады. Терісі таза және құрғақ. Көздері қызарған беті ісінген, аузы сәл ашылған, еріндері құрғақ, жарылған, мұрын ісінген, қабақтары ауырады. Мұрын арқылы тыныс алу қиын, шырышты көп бөлінді. ТАЖ минутына -24рет минутына. Кеуде қуысы ісінбеген, аускультацияда, везикулярлы тыныс, сырылдар естілмейді. Жүрек тондары ырғақты, ЖСЖ 80 рет минутына. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Жалпы қан анализі: Нb - 128 г/л, эр - 4,5х1012/л, лейкоз - 6,8х109/л, p/i - 2%, с/і –37%, л –48%, е - 15% , м. - 8%, ЭТЖ - 6 мм/сағ. Жалпы зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы 1012, лейкоциттер-1- 2 көру аймағында, эритроциттер – жоқ. Биохимиялық қан анализі: жалпы белок - 70 г/л, альбумин -58%, глобулиндер: альфа-10%, бета-12%, гамма-18%. Мұрынның шырышты қабатынан цитологиялық талдау: эпителий. 7-10 көру аймағында. Сұрақтар: 1. Алдын ала диагнозды қойыңыз? 2. қосымша дигностика әдістерін атаңыз 3. Науқастың өршу кезеңіндегі емдеу жоспарын құрыңыз. Науқас Е., 25 жаста, жас ағуға, көзінің қызаруына, мұрыннан су ағуына, мұрыннан көп мөлшерде шырыш тәрізді бөліністерге, дене қызуының 37,6 градусқа дейін көтерілуіне, тез шаршағыштыққа, ашушаңдыққа, ұйқысыздық шағымдарымен дәрігерге қаралды. Анамнезінде: жыл сайын соңғы 3 жылда жоғарыдағы шағымдар көктемде пайда болады. Қанды туыстардан – өз тәтем (ана жағынан) бала кезінен экзогенді бронх демікпесімен ауырады (триггерлер қайың, терек). Сұрақтар: 1. Алдын ала диагнозды тұжырымдаңыз. 2. Қандай зерттеулер диагнозды нақтылауға көмектеседі? 3. Аурудың өршуі кезінде науқасқа қандай дәрілерді ұсынар едіңіз? Қыз бала, 11 жаста, еріндерінің ісінуіне, ауыздың қышуына, жұтынудың қиындауына, тамағында бөгде заттың пайда болуына шағымданады. Симптомдары түймедақ тұнбасымен шаюдан кейін 15-20 минуттан кейін жедел дамыды. ЖРВИ белгілері 2 күн ішінде пайда болған. Анамнезінде 2 жыл бойы маусым айында елден шыққанда ринорея және түшкіру. Аллергологпен кеңескен жоқ. Тұқым қуалаушылық: Әкесі маусымдық аллергиялық ринитпен ауырады. Сұрақтар: 1. Алдын ала диагнозды тұжырымдаңыз. 2. Жедел көмек көрсету алгоритмін құрыңыз. 3. Алдын алу шараларын анықтаңыз. Ұл бала, 7 жаста, қатты қышумен, қабақтың, еріннің ісінуімен, мазасызданумен, дене қызуының 37,3 дейін көтерілуімен жүретін тері бөртпелеріне шағымданады. Жоғарыда аталған шағымдар кешкі астан кейін 30 минуттан кейін жедел түрде пайда болды. Балық, картоп пюресі, шай ішкен. Нәрестелік шақта экссудативті-катаральды диатез көріністері байқалған.Анасында атопиялық бронх демікпесі бар.Қарап тексергенде дене және аяқ терісінде бөртпенің есекжемдік элементтері, бетінің ісінуі байқалады. Сұрақтар: 1. Алдын ала диагнозды тұжырымдаңыз. 2. Жедел көмек көрсету алгоритмін құрыңыз. 3 Алдын алу шараларын анықтаңыз. Науқас Д., 54 жаста, тұншығу ұстамаларына, қиын қақырықты жөтелге, күш түскенде ентігуге, дистанциялық сырылдарға шағымданды. Шабуылдар тәулігіне 3-4 ретке дейін қайталанады, беродуалмен жеңілдетіледі. Ерте көктемде (наурызда) және күзде, көгалдандыру кезінде шіріген жапырақтармен байланыста жағдайы нашарлайды. 20 жылдай бронх демікпесімен ауырады. Базисті ем ретінде – серетид 50/250 мкг тәулігіне 2 доза қабылдайды. Бұрын ол ескі ағаш үйде ұзақ уақыт тұрған аурудың алғашқы белгілері де сол кезден пайда болған. Сұрақтар: 1. Болжам диагнозды тұжырымдаңыз. 2. Диагностика әдістерін атаңыз. 3. АСИТ-тті тағайындаудың мақсаты. Науқас Д., 19 жаста, шілденің ортасынан тамызға дейінгі аралықта түшкіруге, ринореяға, көзінің қышуына, құрғақ жөтелге шағымданып келді. Қала сыртында құрғақ және ыстық ауа райында, жаңбырдан кейін және үй ішінде жақсырақ сезінеді. 3-4 жыл бойы ауырады, өз бетінше жақсы әсер ететін антигистаминді қабылдады. Халва мен күнбағыс майын қолданғанда тамақ ауруы, жөтел, ауыздың қышуы пайда болады Сұрақтар: 1. Болжам диагнозды тұжырымдаңыз. 2. Диагностика әдістерін атаңыз. 3. Алдын алу шараларын анықтаңыз. 5. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз Науқас З., 32 жаста, сәуір айының аяғынан маусым айына дейін мұрынның бітелуіне, түшкіруге, шырышты сипаттағы мұрынның бөлінуіне, көзінің қышуына, құрғақ жөтелге шағымданады. Жылдың кез келген уақытында пәтерді тазалау кезінде осындай белгілер пайда болады. Науқас 2004 жылдан бері өзін ауру санайды. Симптомдары босанғаннан кейін пайда болған. Алма, шие, шабдалы жеу ауыз қуысының, құлақтың, көздің қышынуын тудыртады.Тұқым қуалаушылық аурулары жоқ. Кәсіби анамнез: бояу шығаратын цехта жұмыс істейді. Сұрақтар: 1. Болжам диагнозды тұжырымдаңыз. 2. Науқасты тексерудің кезеңдері. 3. Емдеу тактикасын анықтаңыз. 4. Алдын алу шараларын анықтаңыз. 5. Болу мүмкін асқынуларды атаңыз. Науқас Ж, 25 жаста, студент мұрынның бітелуіне, түшкіруге, шырышты сипаттағы көп мөлшердегі мұрыннан бөлінділерге, аздаған жеңіл қақырықты бөлінетін ұстамалы жөтелге шағымданып келді. Түнде ауа жетіспеушілігінен, кеуде қуысының қысылуынан оянады, дем шығару қиынға соғады, кеудедегі ысқырықты және көпіршікті сырылдарды естиді. Жоғарыдағы шағымдар шамамен 4 ай бұрын пайда болған. Үйде өзін нашар сезінеді, университетте жақсырақ. Үйінде мысық шамамен 1 жылдан бері тұрады. Балалық шақта 7 жасқа дейін аллергологта Ds: Атопиялық дерматитпен ауырған.Тұқым қуалаушылық: анасы аллергиялық ринитпен ауырады. Сұрақтар: 1. Болжам диагнозды тұжырымдаңыз. 2.Тұншығу ұстамасының алдын алу. 4. Қажетті диагностика әдістері. 5. Ем тағайындаңыз? Науқас, 40 жаста, жарақаттан кейін (төменгі аяғындағы терең сызат) 3 мл сіреспеге қарсы сарысу енгізілді. 9 күннен кейін есекжемдік бөртпе пайда болды, температура 38,5, буындардағы ауырсыну, аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалды. Сұрақтар: 1. Болжам диагнозды тұжырымдаңыз. 2. Емдеу тактикасын анықтаңыз. 3 Алдын алу шараларын анықтаңыз. 5. Бұл аурудың болжамы қандай? Науқас 26 жаста, бас ауруына байланысты таңертең спазмалгон таблеткасын қабылдады. 4 сағаттан кейін теріде көпіршікті сипатта бөртпе пайда болды, қабақтың және жоғарғы еріннің ісінуі байқалды. Анамнезінде балалық шақта аспирин қабылдау кезіндегі есекжем болған. АҚ-120/180сын.бағ, Ps – 72 рет. Сұрақтар: 1. Болжам диагнозды қойыңыз. 2. Жедел көмек көрсету алгоритмін құрыңыз. 3. Қажетті тексеру әдістерін жоспарлаңыз. Тіс дәрігерінің кабинетінде ультракаин енгізгеннен кейін терінің күрт бозаруы, мазасыздық, суық тер, тыныс алудың қиындауы, бас айналу, жүрек соғысы сияқты белгілер пайда болды. АҚ - 60/20 мм рт.ст..Пульс минутына 90рет. Сұрақтар: 1.Болжам диагноз қойыңыз. 2. Емдеу тактикасын анықтаңыз. 3. Қажетті диагностика шараларын жоспарлаңыз. 4. Алдын алу шараларын анықтаңыз. Бала, 20 жаста, 8 жылдан бері атопиялық дерматитпен ауырады. Күзгі-қысқы кезеңде аурудың өршуі байқалады. Балаға гипоаллергенді диета тағайындалды, бірақ диетаны ұстану оң нәтижеге әкелмеді. Климаттың өзгеруімен ғана жағдайының жақсаруы байқалады (теңізде). Сұрақтар: 1. Болжам диагнозды тұжырымдаңыз. 2. Сенсибилизацияның мүмкін спектрін анықтаңыз. 3. Неліктен тағайындалған диетаның оң әсері болмады? 4. Қажетті зерттеу әдістерін атаңыз. Науқас Қ. тұншығу ұстамасына, жөтелге, мұрын бітелуіне, көзінің қышуына шағымдарымен аллергологқа жүгінді. Ауруды қорадағы жұмыспен байланыстырады. Үш жыл бойы өзін аурумын деп есептейді. Анамнезінде бала кезінен аллергиялық ринит, ол жасөспірімдік жасқа дейін жануарлармен (мысықтар, иттер, қойлар) байланыста болған. Қазіргі уақытта демалыс кезеңінде жағдайы айтарлықтай жақсарғанын атап өтті. Сұрақтар: 1. Болжам диагнозды тұжырымдаңыз. 2. Қандай сараптама жүргізу керек? 3. Емдеу жоспарын жасаңыз. 4. Алдын алу шараларын анықтаңыз. 15 жасар қыз балада 2 сағат бұрын жаңғақ қосылған шоколад жегеннен кейін терінің қатты қышуы, жалпы есекжемдік бөртпелер, қабақтың және үстіңгі ерні мен қолының ісінуі пайда болды. Уақытында, асфиксиясыз туылған. Екі айлық жасынан бастап жасанды тамақтандыруға ауыстырылған. Нәрестелік кезеңде аллергиялық диатездің тері көріністері байқалды. Ол жасына қарай өсіп, дамыды. Анда-санда суық тиюмен ауыратын. Қыздың әкесі бронх демікпесімен ауырады. Науқас ауруханаға жатқызылды. Сұрақтар:Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай? Емдеу режимін ұсыныңыз. Бала О., 14 жаста, дәрігерге мұрыннан бөліну және түшкіру шағымдарына байланысты қаралды.Ауру анамнезінде: бала 2 жыл бұрын ауырған, сәуір айында көзінің қатты қышуы және күйуі, жас ағу, жарықтан қорқу, конъюнктива гиперемиясы. Кейінірек сипатталған клиникалық көріністерге мұрын және мұрын-жұтқыншақ аймағындағы қышу, мұрынның бітелуі және ентігу қосылды. Антигистаминдер, гормоналды жақпа және жергілікті тамшылар жеңілдік берген. Маусым айының ортасында аурудың белгілері тоқтады. Отбасы анамнезінен баланың анасы экземамен ауырғаны белгілі, науқастың өзі 3 жасқа дейін балалық экземамен ауырған. Сұрақтар:1. Болжам диагнозды тұжырымдаңыз. 2. Қандай сараптама жүргізу керек? 3. Емдеу жоспарын жасаңыз. 4. Алдын алу шараларын анықтаңыз. |