Главная страница
Навигация по странице:

  • Ойлау дағдыларының Деңгейлері

  • Орындау уақыты 20 минут Тапсырма

  • Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор

  • Жалпы балл 11 «Тығыздық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

  • Бағалау критерийі Оқу жетістігінің деңгейі Төмен

  • БЖБ 7 сынып физика. !22-ОШ_БЖБ_Физика_7-сын_қаз. Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар Физика 7сынып


    Скачать 5.61 Mb.
    НазваниеЖиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар Физика 7сынып
    АнкорБЖБ 7 сынып физика
    Дата24.05.2023
    Размер5.61 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла!22-ОШ_БЖБ_Физика_7-сын_қаз.docx
    ТипДокументы
    #1157360
    страница4 из 9
    1   2   3   4   5   6   7   8   9

    2-ТОҚСАН

    БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

    «Тығыздық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



    Оқу мақсаттары


    7.2.2.12 - әртүрлі пішіндегі қатты дененің немесе сұйықтың көлемін өлшеу үшін өлшеуіш цилиндрді (мензурка) қолдану

    7.2.2.13 - тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру

    7.2.2.15 – тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану







    Бағалау критерийі

    Білім алушы

    • Мензуркамен сұйықтың көлемін өлшейді

    • Денелердің көлемі мен массаларын біле отырып, заттардың тығыздығын анықтайды

    • Заттың тығыздығын анықтайтын формуласын қолданып есептер шығарады

    Ойлау дағдыларының

    Деңгейлері


    Білу және түсіну

    Қолдану

    Жоғары деңгей дағдылары


    Орындау уақыты

    20 минут


    Тапсырма

    1. Мензуркаларға қарап тапсырманы орындаңыз.  




    1. Қай мензуркаға ең көп сұйықтық құюға болады?____

    2. Қай мензуркамен сұйықтықтың көлемін ең аз қателікпен өлшеуге болады? ____

    3. Қай мензуркамен ыдыстағы кофе көлемін дәлірек өлшеуге болады?_______

    4. 1 литрлік ыдыстағы су көлемін қай мензурканың көмегімен тез өлшеуге болады? ___

    5. 1-ші мензуркадағы сұйықтықтың көлемін анықтаңыз_______

    [5]

    2. Блоктардың қайсысының тығыздығы үлкен? Өсу ретімен орналастырыңыз.

    1

    2

    3

    4

    5

    6




















    [4]

    3. Алюминий текше көлемі 550 см3 болғанда массасы 1100 г болады. Бұл текше тұтас па, әлде қуысы бар ма? Жауабыңызды негіздеңіз. (Алюминий тығыздығы 2700 кг/м3)

    [2]
    Жалпы: [11]



    Бағалау критерийі

    Тапсырма №

    Дескриптор

    Балл

    Білім алушы

    Мензуркамен сұйықтың көлемін өлшейді

    1

    сыйымдылығы үлкен мензурканы анықтайды

    1

    өлшеу қателігі аз мензурканы анықтайды

    1

    өлшеу дәлдігі жоғары мензурканы анықтайды

    1

    берілген су көлемін тез/жылдам өлшеуге болатын мензурканы анықтайды

    1

    мензуркадағы сұйықтың көлемін анықтайды

    1

    Денелердің көлемі мен массаларын біле отырып, заттардың тығыздығын анықтайды


    2

    заттың тығыздығын анықтайтын формуланы біледі

    1

    әр блоктың тығыздығын анықтайды

    1

    блоктардың көлемдерін анықтайды (ХБЖ – ға келтіреді)

    1

    блоктардың тығыздығын өсу ретімен орналастырады

    1

    Заттың тығыздығын анықтайтын формуласын қолданып есептер шығарады

    3

    шамаларды ХБЖ-не келтіреді

    1

    алынған нәтиже мен алюминийдің тығыздықтарын салыстыру арқылы жауабын табады

    1

    Жалпы балл

    11

    «Тығыздық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

    ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
    Білім алушының аты-жөні ___________________________________________



    Бағалау критерийі

    Оқу жетістігінің деңгейі

    Төмен

    Орташа

    Жоғары

    Мензуркамен сұйықтың көлемін өлшейді

    Мензуркамен сұйықтың көлемін өлшеу қиындық туғызады




    Сыйымдылығы үлкен/ өлшеу қателігі аз мензурканы/ өлшеу дәлдігі жоғары мензурканы/ берілген су көлемін тез өлшеуге болатын мензурканы / мензуркадағы сұйықтың көлемін анықтау кезінде қателіктер жібереді


    Мензурканың көмегімен сұйықтың көлемін дұрыс өлшейді




    Денелердің көлемі мен массаларын біле отырып, заттардың тығыздығын анықтайды


    Денелердің көлемі мен массаларын біле отырып, заттардың тығыздығын анықтауда

    қиындық туғызады


    Блоктарды тығыздығына қарай ретпен орналастыру кезінде қателіктер жібереді

    Денелердің көлемі мен массаларын біле отырып, заттардың тығыздығын дұрыс анықтайды


    Заттың тығыздығын анықтайтын формуласын қолданып есептер шығарады

    Заттың тығыздығын есептеу формуласын қолданып, есептер шығару қиындық туғызады

    Дененің тығыздығын анықтайтын формуланы қолданады, алынған нәтижені алюминийдің тығыздығымен салыстыру кезінде қателіктер жібереді


    Заттың тығыздығын есептеу формуласын дұрыс қолданып, есептер шығарады
    1   2   3   4   5   6   7   8   9


    написать администратору сайта