Главная страница
Навигация по странице:

  • Ойлау дағдыларының деңгейлері

  • Орындау уақыты 15 минут Тапсырма

  • Траектория нүктесі А В Биіктік h, м

  • Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор

  • Жалпы балл 15 «Энергия» бөлімі бойынша

  • Бағалау критерийі Оқу жетістігінің деңгейі

  • БЖБ 7 сынып физика. !22-ОШ_БЖБ_Физика_7-сын_қаз. Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар Физика 7сынып


    Скачать 5.61 Mb.
    НазваниеЖиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар Физика 7сынып
    АнкорБЖБ 7 сынып физика
    Дата24.05.2023
    Размер5.61 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла!22-ОШ_БЖБ_Физика_7-сын_қаз.docx
    ТипДокументы
    #1157360
    страница8 из 9
    1   2   3   4   5   6   7   8   9

    4-ТОҚСАН

    БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

    «Энергия» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


    Оқу мақсаттары

    7.2.3.2 - механикалық энергияның екі түрін ажырату

    7.2.3.3 - кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолдану

    7.2.3.4 - жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергиясының және серпімді дененің формуласын қолдану

    7.2.3.6 - механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану







    Бағалау критерийі

    Білім алушы

    • Кинетикалық және потенциалдық энергиялардың мысалдарын анықтайды

    • Кинетикалық энергия формуласын қолданады

    • Потенциалдық энергия формуласын қолданады

    • Энергияның бір түрден екінші түрге өтуін сипаттайды




    Ойлау дағдыларының

    деңгейлері

    Білу және түсіну

    Қолдану

    Жоғары деңгей дағдылары

    Орындау уақыты

    15 минут


    Тапсырма

      1. Кестеде мысалға келтірілген дене қандай энергияға ие болатынын анықтаңыз және сәйкес бағанға « » белгісін қойыңыз.




    Дене

    Жер бетімен салыстырғанда дененің потенциалдық энергиясы

    Серпімді деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы

    Дененің кинетикалық энергиясы

    Сығылған серіппе










    Жерде домалап бара жатқан доп










    Ауада ұшып жүрген диск










    Жел әсерінен иіліп тұрған ағаш бұтағы










    Гүлге қонып тұрған көбелек










    Аспанда ұшып жүрген тырна










    [6]


      1. Массасы 50 г тас жер бетінен 7 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды. Тастың қозғалыс траекториясы суреттегідей, максимал көтерілу биіктігі 2,5 м-ге тең. Ауа кедергісі ескерілмейді және g = 9,8 Н/кг.

    А) А, В нүктелеріндегі тастың энергиясын анықтап, кестені толтырыңыз.


    Траектория нүктесі

    А

    В

    Биіктік h, м

    0

    2,5






























    [6]

    b) Кестедегі мәліметтерді пайдаланып энергияның бір түрден екінші түрге өтуін сипаттаңыз.
    [3]
    Жалпы: [15]




    Бағалау критерийі

    Тапсырма №

    Дескриптор

    Балл

    Білім алушы

    Кинетикалық және потенциалдық энергияларды анықтайды


    1

    сығылған серіппенің энергиясын анықтайды

    1

    жерде домалап бара жатқан доптың энергиясын белгілейді

    1

    ауада ұшып жүрген дисктің энергиясын белгілейді

    1

    жел әсерінен иіліп тұрған ағаш бұтағының энергиясын белгілейді

    1

    гүлге қонып тұрған көбелектің энергиясын белгілейді

    1

    аспанда ұшып жүрген тырнаның энергиясын белгілейді

    1

    Кинетикалық энергия формуласын қолданады


    2 a

    А нүктесіндегі тастың кинетикалық энергиясын есептейді

    1

    А нүктесіндегі тастың потенциалдық энергиясын есептейді

    1

    А нүктесіндегі тастың толық энергиясын есептейді

    1

    Потенциалдық энергия формуласын қолданады


    В нүктесіндегі тастың кинетикалық энергиясын есептейді

    1

    В нүктесіндегі тастың потенциалдық энергиясын есептейді

    1

    В нүктесіндегі тастың толық энергиясын есептейді

    1

    Энергияның бір түрден екінші түрге өтуін сипаттайды

    2 b

    кинетикалық энергияның түрленуін сипаттайды

    1

    потенциалдық энергияның түрленуін сипаттайды

    1

    толық энергияның өзгермейтінін сипаттайды

    1

    Жалпы балл

    15


    «Энергия» бөлімі бойынша

    жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
    Білім алушының аты-жөні ____________________________


    Бағалау критерийі

    Оқу жетістігінің деңгейі

    Төмен

    Орташа

    Жоғары

    Кинетикалық және потенциалдық энергияларды анықтайды


    Кинетикалық және потенциалдық энергияларды анықтау қиындық туғызады

    Жер бетімен салыстырғанда дененің потенциалдық энергиясын / серпімді деформацияланған дененің потенциалдық энергиясын / дененің кинетикалық энергиясын анықтауда қателіктер жібереді



    Кинетикалық және потенциалдық энергияларды дұрыс анықтайды




    Кинетикалық энергия формуласын қолданады

    Кинетикалық энергия формуласын қолдану қиындық туғызады

    Тастың вертикаль қозғалысы барысында оның кинетикалық/ энергияcын есептеу кезінде қателіктер жібереді



    Кинетикалық энергия формулаларын дұрыс қолданады

    Потенциалдық энергия формуласын қолданады

    Потенциалдық энергия формуласын қолдану қиындық туғызады

    Тастың вертикаль қозғалысы барысында оның потенциалдық энергиясын есептеу кезінде қателіктер жібереді



    Потенциалдық энергия формулаларын дұрыс қолданады

    Энергияның бір түрден екінші түрге өтуін сипаттайды

    Энергияның бір түрден екінші түрге өтуін сипаттау қиындық туғызады

    Тастың вертикаль қозғалысы барысында оның кинетикалық/ потенциалдық/толық энергиясының өзгерісін сипаттау кезінде қателіктер жібереді


    Энергияның бір түрден екінші түрге өтуін дұрыс сипаттайды
    1   2   3   4   5   6   7   8   9


    написать администратору сайта