Главная страница
Навигация по странице:

  • «Физика – табиғат туралы ғылым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4 Оқушының аты-жөні___________________________ 7

  • «Тығыздық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 15 «Денелердің өзара әрекеттесуі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 18

  • «Қысым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 22 «Жұмыс және қуат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 27

  • «Энергия» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 30 «Күш моменті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 34 «Жер және Ғарыш» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 39

  • БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

  • Ойлау дағдыларының деңгейлері Білу және түсіну Орындау уақыты

  • Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор

  • Жалпы балл 8 «Физика – табиғат туралы ғылым» бөлімі бойынша

  • Бағалау критерийі Оқу жетістігінің деңгейі

  • БЖБ 7 сынып физика. !22-ОШ_БЖБ_Физика_7-сын_қаз. Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар Физика 7сынып


    Скачать 5.61 Mb.
    НазваниеЖиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар Физика 7сынып
    АнкорБЖБ 7 сынып физика
    Дата24.05.2023
    Размер5.61 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла!22-ОШ_БЖБ_Физика_7-сын_қаз.docx
    ТипДокументы
    #1157360
    страница1 из 9
      1   2   3   4   5   6   7   8   9


    Жиынтық бағалауға арналған

    әдістемелік ұсыныстар
    Физика
    7-сынып

    Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып білім алушының «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 7-сынып «Физика» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

    Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

    Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

    Әдістемелік ұсыныс негізгі орта білім беру мектебі мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
    Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
     


    Мазмұны


    «Физика – табиғат туралы ғылым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4

    Оқушының аты-жөні___________________________ 7

    «Физикалық шамалар мен өлшеулер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 7

    «Кинематика негіздері. Механикалық қозғалыс» 11

    бөлімі бойынша жиынтық бағалау 11

    2-ТОҚСАН 15

    БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 15

    «Тығыздық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 15

    «Денелердің өзара әрекеттесуі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 18

    3-ТОҚСАН 22

    БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 22

    «Қысым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 22

    «Жұмыс және қуат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 27

    4-ТОҚСАН 30

    БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 30

    «Энергия» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 30

    «Күш моменті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 34

    «Жер және Ғарыш» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 39


    Оқушының аты-жөні________________________

    БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

    «Физика – табиғат туралы ғылым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



    Оқу мақсаттары


    7.1.1.1 - физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру

    7.1.1.2 - табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажырату







    Бағалау критерийі

    Білім алушы

    • Физикалық құбылыстарды ажыратады

    • Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін анықтайды

    Ойлау дағдыларының

    деңгейлері


    Білу және түсіну

    Орындау уақыты

    10 минут


    Тапсырма
    1. Құбылыстарды түрлеріне қарай топтарға бөліп, кестеге еңгізіңіз:

    Доптың домалауы, қорғасынның балқуы, күн күркірегенінің естілуі, қар еруі, жұлдыздар жарқырауы, судың қайнауы, таң атуы, жаңғырық, сағат маятнигінің тербелуі, бұлттар қозғалысы, көгершіннің ұшуы, найзағай жарқылдауы, электр шамының жануы.


    механикалық

    электрлік

    дыбыстық

    жылулық

    магниттік

    жарықтық

















    [6]

    2. Төменде көрсетілген физикалық құбылыстардың қайсысын зерттеу кезінде эксперимент әдісін қолдану жеңілірек болады?

    1. Найзағай

    2. Күн тұтылуы

    3. Поляр шұғыласы

    4. Қағаз ұшағының ұшуы

    [1]

    3. Кемпірқосақ пен найзағайды зерттеу кезінде ғылыми әдістің қандай түрін қолданасыз?

    1. Тәжірибе

    2. Бақылау

    3. Модельдеу

    4. Сауалнама жүргізу

    [1]
    Жалпы: [8]



    Бағалау критерийі

    Тапсырма №

    Дескриптор

    Балл

    Білім алушы

    Физикалық құбылыстар түрлерін ажыратады

    1

    механиқалық құбылыстарды таңдайды

    1

    электрлік құбылыстарды таңдайды

    1

    дыбыстық құбылыстарды таңдайды

    1

    жылу құбылыстарын таңдайды

    1

    магниттік құбылыстарды таңдайды

    1

    жарық құбылыстарын таңдайды

    1

    Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажыратады

    2

    физикалық құбылысқа ғылыми әдісті таңдай алады

    1

    3

    ғылыми әдісті анықтайды

    1

    Жалпы балл

    8

    «Физика – табиғат туралы ғылым» бөлімі бойынша

    жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
    Білім алушының аты-жөні ___________________________________________


    Бағалау критерийі

    Оқу жетістігінің деңгейі

    Төмен

    Орташа

    Жоғары

    Физикалық құбылыстар түрлерін біледі және оларды ажырата алады

    Физикалық құбылыстардың түрлерін ажырату қиындық туғызады

    Механикалық/электрлік/ дыбыстық/жылу/магниттік/жарық құбылыстарын ажырату кезінде қателіктер жібереді

    Физикалық құбылыстардың түрлерін дұрыс ажыратады

    Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажырата алады

    Ғылыми әдістерді ажырату қиындық туғызады


    Ғылыми әдістерді анықтау кезінде қателіктер жібереді



    Ғылыми әдістерді дұрыс ажырата алады
      1   2   3   4   5   6   7   8   9


    написать администратору сайта