Главная страница
Навигация по странице:

  • 2.3. Қазақстандағы XX ғасырдың 70-80- жылдардағы білім мен ғылым

  • Қорытынды

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • Өзіндік жұмыс. Жоспары Кіріспе


    Скачать 68.99 Kb.
    НазваниеЖоспары Кіріспе
    Дата02.11.2020
    Размер68.99 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаӨзіндік жұмыс.docx
    ТипДокументы
    #147544
    страница3 из 3
    1   2   3

    2.2. ТИЯНАҚСЫЗ РЕФОРМАЛАР МЕН ОНЫҢ САЛДАРЫ

    1962-1969 жылдар реформашылдық дүрбелең кезеңі деген атпен тарихта қалды. Бұл кезеңдегі реформа жүргізудегі жіберілген кемшіліктер: экономикалық байланыстар мен қатынастарды түбегейлі өзгерту жолдары көрсетілмеді. Проблемалар негізінен ұйымдық қайта құруға есептелген субъективтік әрекеттер жолымен шешілді.Қайта құрулар шалағай ойластырылып, тұрақсыздық, тұрмыс деңгейінің және әлеуметтік кепілдіктердің әлсіреу қаупін төндірді. 50-жылдардың ортасы мен 60-жылдардың ортасы -басты екі бағыт арасында текетірестік орын алды:1.Қоғамдық жүйені, оның бүкіл салалары мен құрылымдарын түбегейлі өзгерту.2.Қоғамдық құрылымдардың қатып-семуі, төрешілденуі, демократияны тежеу, 30-40 жылдардың идеологиялық бағдарларын сақтап қалу.

    Кеңестерді дамыту мен нығайту басты мәселеге айналды. Кеңес мемлекеті жалпыхалықтық мемлекетке ұласып, дамудың жаңа сатысына аяқ басты. Қоғамдағы осындай жаңа қоғамдық-саяси ахуал қалыптасқандығын құрамына шопандар, колхозшылар, жұмысшылар, техникалық зиялылар, ғылым мен өнер қайраткерлері, партия және шаруашылық басшылары енетін КСРО Жоғарғы Кеңесі айғақтады.

    1964 жылғы 14 қазан – КОКП ОК-нің пленумында партия мен ел басшылығы ауыстырылды. Н.С.Хрущевке тағылған айыптар:

    • Ұйымдық басшылық ұстанымдарын бұзды.

    • Халық шаруашылығын басқаруда волюнтаризмге жол берілді.

    • ҚХР-мен қарым-қатынасты нашарлатты.

    КОКП ОК-нің бірінші хатшылығына Л.И.Брежнев, Кеңес үкіметінің басшылығына А.Н.Косыгин сайланды.

    1964 жылғы қараша – КОКП ОК-нің пленумы, партия, кеңес, кәсіподақ ұйымдарының өндірістік ұстаным бойынша бөлінуін тоқтатып, аумақтық-өндірістік ұстаным бойынша бөлді.Н.С.Хрущев басшылығы кезінде енгізілген қайта құру, өзгерістер, жетілдірулер идеясы мұқият ойластырылған шешімдер саясатымен ауыстырылуға тиіс болды.

    60-жылдардың ортасындағы жүргізілген шаралар – соғыстан кейінгі кезең ішіндегі экономиканы қайта құруға бағытталған ең ірі ұмтылыс болды.

    1965 жылғы қыркүйекте өткен КОКП ОК-нің пленумы өнеркәсіпті дамытуға арналды. Оның міндеттері: Өнеркәсіпті салалық ұстаным бойынша басқару; Өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құру; Кәсіпорындар дербестігін арттыру; Шаруашылық есепті дамыту; Экономикалық ынталандыру мен материалдық мадақтауларды көбейту.

    1965 жж экономиканы басқарудағы енгізілген өзгеріс: Одақтық республикалық министрліктер құрылды. Бұл шаралар экономикадағы жағдайды көтеруге алғышарттар туғызды. КОКП ОК-нің 1965 жылғы қыркүйек пленумында экономикадағы әкімшілік айыпталып, өндіріс салалары бойынша одақтық, республикалық және жалпы одақтық министрліктер құру туралы шешім қабылданды.

    Сөйтіп, ХХ ғ. 70-жылдарының басында 60-шы жылдардың ортасында басталған экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланып және көп ұзамай реформаны жүргізу тоқтатылып, тарихымыздағы тоқырау кезеңі басталған болатын.

    «Тоқырау» кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамыды. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32% жұмсалды. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2 есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда 3 еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып, орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12%-ке жетті.

    Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылға дейін 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар іске қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен осы жылдарда КСРО-ның бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы қарқынды дами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведомстволар республиканың шикізат ресурстарын өздеріне тасып алып, аса зор пайда тапты. Бірақ, олар Қазақстан бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржы жұмсамады. Олар өз қарауындағы кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд. сом жалпы табыс алып отырса да, республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом немесе 1 проценттен аз қаржы аударды. Міне, осындай және тағы да басқа себептерге байланысты өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегі жекелеген экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар орындалмады.

    Бұл жылдарда жалпы өнім көрсеткішін өсіру ауыр өнеркәсіпте негізгі мақсатқа айналды. Күрделі құрылыста да жұмысты атқарудың ұзақ мерзімге созылуы салдарынан ұлттық байлықтың едәуір бөлігі істен шығып қалып жатты. Қымбатқа түсетін, жоғары ғылыми-техникалық көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз етпейтін өндіріс орындары салынды. Бірақ, осыған қарамастан республиканың басшылығы партияның кезекті съездерінде  ірі өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың, зауыттардың қатарға қосылғаны туралы зор жігерленген рухта есеп беріп отырды. Еңбекті, материал мен ақшаны көп жұмсаған кәсіпорын және оның басшыларының көрсеткіші жоғары бағаланды.

    Республика ілгерілеу қарқынынан айырыла бастады, шаруашылықтың барлық саласында іркіліс көбейіп, қиыншылықтар үсті-үстіне жинақталып, шиеленісе түсті, шешілмеген проблемалар көбейді. ІХ бесжылдықта жоспардың күрт төмендетілгеніне қарамастан өнеркәсіп көлемі 12,6%-ке орындалмады. Оныншы бесжылдық - 25%-ке, ал он бірінші – 3,6%-ке орындалған жоқ. Соның салдарынан қаралып отырған жылдарда ұлттық табыстың өсу қарқыны баяулап, 80-ші жылдардың бас кезінде экономикалық тоқырауға жақындатқан деңгейге дейін төмендеді. Мысалы, республика ұлттық табысын 60-70%-ке өсіру міндеті қойылса, ол іс жүзінде 36%-ке ғана орындалды. Республиканың көптеген шаруашылық қызметкерлері ұлттық байлықты молайту қамын ойламай, қайта белгілі бір салаға материал мен еңбекті, жұмыс уақытын көбірек жұмсап, оны қымбатырақ бағаға өткізуге әуестенді. Осының салдарынан өнімнің “жалпы саны” өскенімен, бірақ тауарлар жетіспеді. Қазақстан дамыған басқа елдерге қарағанда өнімнің бір өлшеміне шикізатты, энергияны, басқа да қуаттарды едәуір көп жұмсады.

    Өндірісті электірлендіру - ҒТП-ның басты бағыттарының бірі болды. Бұл саланың нәтижелері: Қарағандыдағы екінші МАЭС пен Бұқтырма су-электр станциясы техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің жоғары болуымен ерекшеленеді. 45 мың шақырымнан астам жоғары қуатты электр тасымалдау жүйелері салынды. Көмір өнеркәсібінде көмір өндіру процесі механикаландырылды. «Қарағандауголь» комбинатында механизмдерді автоматтандыру еңбек өнімділігін 6%-ға көтеруге және 2700 адамды босатуға мүмкіндік берді. Екібастұз көмір кесіндісінде озық технология қолданылып, қуатты экскаваторлар пайдаланылды. ҒТР жетістігі нәтижесінде Шымкенттегі М.И.Калинин атындағы зауытта жұмыс технологиясы жақсартылды. 1985 жыл – Ащысай полиметалл комбинатының жұмыскерлері мен ғалымдар тобы прогрестік технологиялық процестерді өндіріске енгізгені үшін Лениндік сыйлықтың иегерлері атанды. Бұрын болмаған өнеркәсіп салалары өркендеді: титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар өндірістері; Электротехникалық машина жасаудағы ірі кәсіпорындар пайда болды: Өскемен конденсатор зауыты, Кентау трансформатор зауыты, Семей кабель зауыты. Павлодар машина жасау зауыты трактор зауыты болып қайта құрылды.

    Бұл кезде Қазақстанда экономиканы дамытуда интенсивті жолға көшу және ғылыми-техникалық прогресті өрістетуге бағыт алынды. Қызықты идеялар мен ұсыныстар аз болған жоқ, жаңашылдар мен өнертапқыштардың саны көбейді, тек 1981-1985 жылдары жаңашыл ұсыныстар берген авторлардың саны 818,8 мың адамға жетті. Бірақ, олар өндіріске ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізу практикасында аз ықпал жасады.

    Химия өнеркәсібі қуатты салаға айналды. Атырау химия зауытының алғашқы цехтары іске қосылды. 1963 жылы Балқаш кен-металлургия комбинатында және Шымкент қорғасын зауытында күкірт қышқылы цехтары жұмыс істеді. Қарағанды металлургия зауытында коксхимия өндірісі өркендеді. Маңғыстау - Одақтағы аса ірі мұнайлы аудандардың біріне айналды: 1965 жылы Өзен кен орнында алғашқы мұнай өндірілді. 1965 жылы мұнай шығару 3 млн. т-ға жетті. 1970 жылға қарай республика халық шаруашылығының мұнай өндіру мен химия салалары одақтық маңызға ие болды.

    Республика Одақтағы минералдық тыңайтқыштар өнеркәсібін дамытудан жетекші орынға шықты: Қаратау комбинаты – еліміздегі ең ірі фосфорлы шикізат өндіруші. Жамбыл суперфосфат зауыты өнім беруді бастады. 1963 жылы Ақтөбе хром қоспалары зауытының екінші кезегі іске қосылды.

    Жеңіл өнеркәсіп жаңа кәсіпорындармен толықтырылды: Алматы, Шымкент мақта-мата кәсіпорындары, Жезқазған, Семей, Ақтөбе трикотаж фабрикалары, Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 14 ірі фабрикасы мен комбинаты іске қосылды. Бірақ, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру еліміз бойынша орташа дәрежеден 2 есеге аз болды.

    Тамақ өнеркәсібінде 60-жылдардың екінші жартысында 40 кәсіпорын салынып, іске қосылды. Жамбыл, Теміртау азық-түлік кәсіпорындары т.б.

    60-жылдары күрделі құрылыс көлемінің едәуір өсуі құрылыс индустриясын жасауды талап етті: 1965 жылы Қарағанды, Ақтөбе, Семей, Өскемен, Шымкент цемент зауыттары іске қосылды. Әр облыс орталықтарында ірі панелді үйлер жасайтын комбинаттар салынды. Қарағанды, Семей, Шымкент асбест-цемент бұйымдары зауыттары өнімдерін шығара бастады.

    Республикада жаңа өнеркәсіптік аудандар, жаңа қалалар пайда болды: Қостанай облысындағы Рудный қаласы, 1966 жыл, 21 қазан –Алматы қаласын селден сақтау үшін Кіші Алматы шатқалында су тоғаны бағытталған жарылыс тәсілі арқылы салына бастады.

    1970 жылдары республикадағы халық шаруашылығының жалпы одақтық маңызға ие болған саласы мұнай өндіру мен химия болды.XX ғасырдың 70 жж. Қазақстан аумағында пайда болған ірі аумақтық-өндірістік кешен Маңғыстау болды.Осы кеңестік кезеңде Қазақстан аумағындағы Каспий теңізі жағасында әлемде тұңғыш рет атамдық су тұшыту қондырғысы салынды.

    1965 жылғы наурыз – КОКП ОК-нің пленумы тиімді аграрлық саясат әзірлеуге әрекет жасады. Онда ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу бағасын 2 есеге өсіру, жоспардан тыс сатылған өнім үшін үстеме ақы төлеу, табыс салығын алу шарттарын өзгерту, ауыл мұқтажына бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту. Сегізінші бесжылдықта республика ауыл шаруашылығына 7,1 млрд. Сом бөлінді. Материалдық-техникалық базаны нығайту: тракторлар -198 мың, комбайндар -10 мыңға көбейді.

    Тоқырау кезеңін қамтыған үш бесжылдық аралығында ауыл шаруашылығын 1965 жылдан басталған реформалау әрі жалғастырылды. Аграрлық салаға қаржыны көптеп бөлу, селоның әлеуметтік проблемаларын шешу, шаруашылық есепті енгізу, ауыл шаруашылық өнімдерінің сатып алу бағасын арттыру шаралары белгіленді. Осы бағытта тек 1971-1978 жж. ауыл шаруашылық саласына 58,2 млрд. сом бөлінді. Мұның нәтижесінде 1985 жылға дейін негізгі егін шаруашылығы жұмыстары - жер жырту, тұқым себу, дәнді дақылдарды жинау, мал шаруашылығы саласындағы жұмыстар 75-90%  техникаландырылды.

    60-жылдың ортасынан бастап енгізілген колхозшылар еңбегіне кепілді ақы төлеу-маңызды әлеуметтік жетістік.60-ж7ж. 2-жартысында Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өсімі 28%-ға жетті. 1960 жылғы мал саны -36,4 млн. XX ғасырдың 70 жж. Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуына ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекеттің жоспарлы сатып алуы кедергі болды.

    Бұл кезде ауыл шаруашылығы секторының құрамында едәуір ұйымдық өзгерістер енгізіліп, колхоздардың есебінен совхоздардың саны көбейді. 1960 жылы республикада 879 совхоз бен 1355 колхоз болса, 1985 жылы колхоздар есебінен совхоздар саны 2140-қа өсіп, 388 колхоз қалды. Сөйтіп, меншіктің кооперативтік-колхоздық түрінің үлес салмағы едәуір төмендеді.

    КСРО мемлекеті 1966-1970 жж. сегізінші бесжылдық жылдарына өтті. Сегізінші бесжылдық кезінде халық шаруашылық кешеніне жоспарлы экономиканы енгізген уақыттан бері жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіліп, бұл кезең «алтын бесжылдық» деген атқа ие болды. 1970-1985 жж.арасында Қазақстан өнеркәсібінің 50% одақтық министрліктердің қарауында болды.

    1971-1985 жж тарихта «тоқырау» кезеңі деген атпен қалды. 1970-80 жж. Республика экономикасында тұтастай алғанда Одақтың халық шаруашылығына тән үйлесімділіктің барлығы көріне бастады.

    2.3. Қазақстандағы XX ғасырдың 70-80- жылдардағы білім мен ғылым

    1970-1985 жылдарда жоғары бiлiм беру жүйесi де бiршама өзгерiстерге ұшырады. Жоғары оқу орындарының саны 55, ал ондағы студенттер - 273,3 мың болды. Орта арнаулы оқу орындарының саны 246-ға жетiп, оларда 272,6 мың жастар бiлiм алды. Республика жоғары оқу орындарында көптеген бiлiктi мамандар, әлемге танымал ғалымдар еңбек еттi. Cтуденттер арасында ғылыми iзденiстер серпiндi дамыды. Бұл кезеңде студенттiк құрылыс отрядтары кең өрiс алды. Өндiрiстiк бағдарламаларды орындаумен қатар студенттер кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi қадағалаушы орындармен бiрлесiп, тәртiбi қиын жасөспiрiмдермен жұмыс жүргiздi.

    Өнеркәсiптiң қауырт дамуы, ауыл шаруашылығында бой көрсеткен интенсивтендiру бағыты ғылым-зерттеу жұмыстарына да серпiн бердi. 60-шы жылдардың аяқ шенiнде-ақ Қазақстан КСРО-ның iрi ғылыми орталықтарының бiрiне айналды. 1985 жылы республикада 40377 ғылыми қызметкер жұмыс iстедi. Олардың 864-i ғылым докторы, ал 650-i Ғылым Академиясының академиктерi, корреспондент-мүшелерi, профессорлар болды.

    Д.В.Сокольский мен У.М.Ахмедсафин тәрiздi аса көрнектi ғалымдардың есiмдерi республикадан тыс алыс шет елдерге танылған. Д.В.Сокольский катализаторларды элетрохимиялық әдiстермен зерттеу мәселесiн тұңғыш игерген болса, У.М.Ахмедсафин республикадағы гидрогеология және гидрофизика ғылымдары бойынша жаңашылдығымен әлемдік биікке жеткен ұйымдастырушысы болды. Қазақстан ғалымдары генетика мен микробиология саласында да табыстарға жеттi. Ғалымдардың бiр тобына, оның iшiнде қазақстандық ғалым М.А.Айтхожинге, өсiмдiк жасушаларындағы информсомоларды яғни жасуша iшiндегi бөлшектердiң жаңа тобын тапқаны үшiн КСРО-ның ең жоғарғы дәрежесі Лениндiк сыйлықтың атағы берiлдi. Сондай-ақ, елiмiзде Қазақ энциклопедиясының қазақ тiлiндегi басылымын шығару аяқталды.

    Қоғамдық ғылымдар, көркем әдебиет ұдайы өктем билiк тарапынан қысым көрiп келдi. Әдебиеттiң, операның және бейнелеу өнерiнiң дамуында идеологиялық әсер iздерi айқын аңғарылады. Солай болғанымен әдебиет пен өнердiң үздiк өкiлдерi тамаша шығармалар туғыза бiлдi. Мәселен, Ғабит Мүсiрепов осы кезеңде өзiнiң ең маңдай алды шығармаларының бiрi - ”Ұлпан” повесiн жазды. Повестiң орыс тiлiндегi аудармасы 1976 жылы жарық көрдi. Қаламгер республика жазушылар арасында тұңғыш рет Социалистiк Еңбек Ерi атағын алды. Ғ.Мұстафин, И.Шухов, Ә.Тәжiбаев, Д.Снегин, О.Сүлейменов оқырмандарды жаңа туындылары мен қуантты. 80-жылдары Б.Момышұлы, Ә.Нұрпейiсов, Т.Ахтанов, I.Есенберлин, Ж.Молдағалиев, З.Сәмәди, Қ.Мырзалиев, И.Щеголихин, М.Шаханов және басқа қаламгерлер көркем әдебиеттегi елеулi туындылармен жұртшылық ықыласына ие болды.

    Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театры шығармашылығымен аса маңызды табыстарға жеттi. “Қан мен тер” драмасын қойғаны үшiн режиссер мен басты рөлдердi орындаушылар 1974 жылы КСРО Мемлекеттiк сыйлығына ие болды. М.Ю.Лермонтов атындағы республикалық орыс драма театры, ұйғыр музыкалық-драма және корей драма театрлары өз қойылымдарымен және актерлiк шеберлiгiмен көрермен қауымды қуанышқа бөледi.

    Қазақ циркi көпшiлiкке кеңiнен танымал болды. Сазгерлер Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, Н.Тлендиев, Ш.Қалдыаяқов, Ә.Еспаев, К.Күмiсбеков, Е.Хасанғалиев, Ә.Бейсеуов т.б. қазақ музыкасын тың шығармаларымен байытты. Бұл жылдар ұйғыр сазгерi Қ.Қожамияров үшiн де жемiстi болды. Әншiлер Е.Серкебаев пен Б.Төлегенова өнер сүйер қауымның ықыласына бөлендi. Осы кезеңде жас әншiлер Әлiбек Дiнiшев, Роза Рымбаева, Нағима Есқалиеваның, суретшiлер Үкi Әжиевтiң, Сахи Романовтың, Ерболат Төлепбаевтiң өнерлерi көпшiлiк қауымның ықыласына бөлендi.

    Қазақ киносының Ш.Айманов, М.Бегалин, С.Қожықов сияқты iрi қайраткерлерiнiң қатысуымен жасалған “Атаманның ақыры”, ”Қыз Жiбек”, ”Мәншүк туралы ән” атты тұлғалы көркем фильмдері экранға шықты. Қазақ мультипликациясы да өзiнiң табыстарымен танылды.

    Алматыда Мемлекеттiк өнер, Қазақ КСР, қазақ ұлт-аспаптары мұражайлары ашылды. Алматы, Ақмола, Ақтау қалаларының орталықтарында тамаша сәулеткерлiк ансамбльдер бой көтердi.

    Қорытынды

    Қорыта келгенде, 70-80-жылдары республика экономикасында тұтастай Одақтың халық шаруашылығына тән үйлесімсіздіктердің  бәрі көріне бастады. Бұл ең алдымен басқарудың әміршіл-әкімшілдік әдістерінің әбден орнығуы еді. Экономикалық ынталандыруды жоққа шығара отырып, қалыптасқан жүйе экономиканы экстенсивтік даму жолында ұзақ ұстап қалды. Мемлекеттік меншіктің іс жүзінде ведомстволық меншікке айналдырылуы өндіріс қызметкерлерін құрал-жабдықтарынан алыстатуға алып келді.Еңбекақы төлеу жүйесі еңбектің нәтижесімен байланыстырылмады. Кәсіпорындардың ешқандай дербестігі болған жоқ. Халық шаруашылығы иесіздіктен, жаңа техника мен технологияны нашар енгізуден үлкен зиян шегіп жатты.

    Экономикалық ведомстволар түріндегі орталықтың әміріне бағыну республикадағы жағдайды одан әрі қиындата түсті. 80-ші жылдардың ортасында республика экономикасы дағдарыс жағдайына ұшырады. 

    Пайдаланылған әдебиеттер

    1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) 4 том: Алматы, Атамұра, 2010 ж. баспа.

    2. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы (оқу құралы): Абдуллаев Н.А., 2019

    3. .Қазақстан тарихы Алматы, 2009 : Қ.С. Қаражан
    1   2   3


    написать администратору сайта