Өзіндік жұмыс. Жоспары Кіріспе
Скачать 68.99 Kb.
|
1.2.ҒЫЛЫМ. 1946 жылы 1 маусымда Қазақ КСР FА-ның бірінші ғылыми сессиясының салтанатты ашылуы болды. ҚазКСР FА тұңғыш президенті болып, eciмі Қазақстан ғылымы тарихының жарқын беттерінде жазылған, көрнекті ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сайланды. Академияның алғашқы құрамы 14 академик, 16 корреспондент-мүшеден тұрды. ҚазКСР FA бірінші шақырылымының академиктері болып М.О. Әуезов, А. Бектұров, И.Г. Галузо, М .И. Горяев, А.Қ. Жұбанов, Н.Г. Кассин, I.K. Кеңесбаев, Н.В. Павлов, М.П. Русаков, Қ.И. Сәтбаев, Н.Т. Сауранбаев, Г. А. Тихов, В.Г. Фесенков; корреспондент-мүшелікке - Х.К. Аветисян, Н.О. Базанова, А.И. Безсонов, С.Н. Боголюбский, Р.А . Борукаев, А.В. Бричкин, A.M. Fаббасов, Қ. Жұмалиев, Ә.Х. Марғұлан, А.Ж. Машанов, К.М. Мыңбаев, А.П. Полосухин, В.И. Смирнов, А.Н. Сызғанов, Г.Н. Удинцев, М.И. Усанович сайланды. Республика ғылымының дамуы осы ғалымдардың ecімімен байланысты болды. ҚазКСР Ғылым академиясы жанынан төрт бөлімше: геология-география ғылымдары, техника жэне химия-технологиясы ғылымдары, физика-математика ғылымдары, биология жэне медицина ғылымдары, қоғамдық ғылымдар бөлімшесі ашылды. Бұл бөлімшелер, ол кезде 16 ҒЗИ, 9 секторды, республикалык астрономиялык обсерваторияны, ботаника бағын біріктірді. Ғалымдар ұжымы 900 адамнан, онын ішінде 57 доктор, 184 ғылым кандидаттарынан құралды. Соғыстан кейінгі кезеңде академияның ғылыми зерттеулерінің ішінен геологиялык жұмыстар елеулі орын алды. Қазақстанда геология ғылымының дамуына Қ.И. Сәтбаев мол үлес қосты. Жезқазған мыс кен алабының өркендеуі, республикадағы көптеген алуан түрлі кен орындарының ашылуы мен пайдаланылуы, әcipece Орталық және Солтүстік Қазақстандағы, Кенді Алтайдағы кен орындары оның ecімімен тікелей байланысты. Қ.И. Сәтбаев металлогендік ғылым негізін салушылардың бipi саналады, оның ерен еңбегінің арқасында пайдалы кен орындарының қай жерде қалай шоғырланғанын білуге, оның болжау картасын жасауға мүмкіндік туды. Ол геология ғылымының барлық саласында падалы кеннің таралуы мен шоғырлануы алдын ала анықтау үшін қолданылатын металлогения ғылымының рөлін көтерді. Қ.И. Сәтбаевпен бipre республиканың белгілі ғалымдары, академиктері Р.А. Борукаев, И.И. Бок, Ш .Е. Есенов, А.К. Қайымов, Е.Д. Шлыгин, Г.И. Щерба және басқа да ғалымдар жұмыс істеді. Соғыстан кейінгі жылдары республикада Қ.И. Сәтбаев үлкен мән ғылым саласының бipi астрономия болды. Қазақстанда астрономиялык зерттеудің басталуы 1941 жылы 21 қыркүйекте күннің толық тұтылуын бақылауға Мәскеу, Ленинградтан және басқа қалалардан экспедицияға келген ғалымдар қызметімен байланысты. Соғыс уақыты жағдайында осы экспедиция базасында институт ашу ұйғарылды. 1942 жылы КСРО ҚазFAБ бөлiмшeci жанынан Астрономия жене физика институты ашылды, оның ашылуына Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматыға келген ғалымдар Г.А. Тихов, В.Г. Фесенков, Б.А. Воронцов-Вельяминов және басқалар үлкен еңбек сіңірді. Институттың алғашқы жылдары айналысқан негізгі мәселелері атмосфералык оптика бойынша зодиак жарығы мен түнгі аспан сәуле таратуын зерттеу болды. 1950 жылы Астрономия жене физика институты өз алдына жеке үш институтқа — Астрофизикалық институт, Физика-техникалық институт (кейін - Ядролық физика институты) жене Қазақ КСР ҒА Президиумы жанындағы астроботаника секторына бөлінді. Астрофизикалық институттың басшысы 14 жыл қатарынан академик В.Г. Фесенков болды. Оның басшылығымен Алматыға таяу жерден астро номиялық обсерватория салынды (1946—1952 жылдар). Институт қызмет- керлері атмосфера қабатын анықтаудың жаңа тәсілін icкe асырды, оның оптикалық тұрактылық критерийі белгіленді, көру сәулесі бағытындағы атмосферада болатын су буынын қаншалықты екендігін анықтау тәсілі, күндізгі аспанды спектрлік және поляризациялық зерттеу жүзеге асырылды. 1946 жылы ҚазКСР ҒА Қоғамдық ғылымдар бөлімшесі құрамына: Тіл және әдебиет институты, Тарих, археология және этнография институты мен үш сектор - өнертану, құқық жене экономика кірді. 1952 жылы бөлімше құрамында ВАСХНИЛ-дың ауыл шаруашылығы экономикасы институтының қазақ бөлімі мен ҚазКСР ҒА Экономика секторы базасында Экономика институты құрылды. 1953 жылы бұрыннан бар Философия секторы базасында Философия және құқықтану институты құрылып, философия және құқықтану ғылымы проблемаларымен шұғылдана бастады. Философия және құқықтану инс титутының тұңғыш директоры Қазақ КСР ҒA-ның академигі С.З. Зиманов болды. Философия және құқықтану проблемаларын зерттеумен К. Бейсембиев, Т.В. Нечитайло, Ғ. Сапарғалиев, М.А. Биндер, В.А. Ким, А.Е. Еренов, Н.А. Мұсабаева, М.А. Ваксберг, М.Т. Имашев және т.б. ғалымдар айналысты. Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті қабылдаған: «ҚазКСР ҒA Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» (1947), «Қазақ кеңес әдебиетінің жағдайы мен дамуы туралы» (1948) қаулылары мен «Правдада» жарияланған «Қазақ стан тарихын маркстік-лениндік тұрғыдан зерделейік» (1950) мақаласынан кейін «халық жауларын, «идеологиялық қарсыластарды», «ұлтшылдарды» әшкерелеу науқанының жаңа қарқынмен басталғанын айтып кеттік. Жазықсыз айыптауға ұшырағанның бipi бeлгiлi жазушы, ғалым әрі қоғам қайраткері М.О. Әуезов болды, оған ұлтшылдығы, «орысқа қарсы, арандатушы -консерваторлық, патриархалды өткен заманғы пантүркілік көзқарасты» уағыздағаны үшін айып тағылды. Тарих ғылымы қалыптасудың өте ауыр жолынан өтті. Оның қалыптасуына Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанға эвакуациямен келген танымал тарихшы-ғалымдар: академиктер Б. Д. Греков, А.М. Панкратова, Н.М. Дружинин, С.В. Юшков; профессорлар М.П. Вяткин, М.П. Ким және басқалар үлкен ықпал етті. Олардың тікелей жәрдемімен қазақ тарихшы ғалымдарының тұтас бip әулеті қалыптасты. Институтта ғалымдар Ә.Х. Марғұлан, С.Н. Покровский, Е.Б. Бекмаханов, А.Н. Нүсіпбеков, Г.Ф. Дахшлейгер, Б.С. Сулейменов және т.б. еңбек етті. Олар «Қазақ КСР тарихын» жазуға атсалысты, оның бipiнші басылымы 1943 жылы жарық көрді. Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін аралықты қамтитын «Қазақ КСР тарихының» баспадан шығуы Қазақстан тарихнамасындағы елеулі оқиға болды. Алайда кейбір ғалымдар, оның ішінде С.К. Бушуев, А.В. Ефимов, Е.В. Тарле бар, жұмыс ұлтшылдық көзқараспен, әcipece — Е. Бекмаханов жазған К. Қасымов көтерілісі туралы тарау сол рухта жазылған деп керсетті. Е. Бекмахановқа жабылған бұл жала оның «XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» монографиясы жарыққа шыққаннан кейін үдей түсті. Республиканың қуғын-сүргінге ұшыраған белгілі қайраткерлері сатқындар әрі халық жаулары деп танылды, олардың сіңірген еңбектері түгелдей жоққа шығарылды, аттары тарихтан мүлде сызылып, қызметі туралы ауызға алынбады. Солай бола тұра, соғыстан кейінгі жылдары бip жағынан кеңес ғалымдары біркатар ғылым бағыттары математика жене механика, квантты электроника, қатты денелер физикасы, ядролық энергетика, химия және жер туралы ғылым, космосты игеру бойынша дүниежүзі ғылымының алдыңғы сапына шықты. Екінші жағынан И . Сталинге табынушылық бүкіл мәдениетке әсер еткені секілді, ғылымға да үлкен нұқсан келтірді.Соның салдарынан кейінгі онжылдық мұғдарында ғылымның қоғамдык дәрежесі және ғылыми кызметтің беделі төмендеді. Сонымен, токырау жылдарында кеңес ғылымының басты салаларының бірқатарында артта қалу байқалған,«қуып жету» бағытында даму бел алды. Әcipece ғьлым мен ғылыми-техникалық прогресті анықтайтын фундаменталды түбегейлі зерттеудің жағдайы қиын болды. Мұнда ұдайы кедергі келтіріп келген факторлар ескіден мұра болып қалған басшылықтың әміршіл-әкімшілік тәсілі белгі беріп отырды, ғылымға өзінің даму логикасынан шықпайтын бағыттарды әкеп таңу жиі байқалды. Kерісінше, зерттеудің болашағы зор көптеген жаңа салалары дер кезінде қолдау таппады немесе тіпті тыйым салынды, генетика осыған мысал бола алды. 1.3.БІЛІМ 1946 жылдың басына дейін республикада 24 жоғары оку орны. оның ішінде Қазақтың С.М. Киров атындағы мемлекеттік университеті (1934 жылы ашылған), Қазақтын Абай атындағы педагогикалық институты (1928), Қазақтың тау-кен-металлургиялық институты, кейіннен В.И. Ленин атындағы политехникалық (1934), Қазақтың ауыл шаруашылық (1930), мал дәрігерлік (1929) институттары және т.б. болды. 1946- 1960 жылдары Қарағанды политехникалық, Өскемен құрылыс-жол, Целиноград ауыл шаруашылық, Семей мал дәрігерлік, Қарағанды және Ақтөбе медицина институттары және бірнеше педагогикалық жоғары оқу орындары ашылды. Жоғары білім берудің ірі орталығы Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университеті саналды. Соғыстан кейінгі жылдардағы университеттің даму тарихы біраз киындықтарды басынан өткерді, олар: кафедраларда оқытушылардың жетіспеуі, оку аудиторияларының аздығы, лабораториялардың, сондай-ақ қажетті әдебиеттердің болмауы, материалдық қордың (базаның), әсіресе биология және химия факультеттерінде аздығы түрінде көрініс тапты. 1946-1947 оқу жылында профессорлық-оқытушылар құрамы штаты небары 147 адамнан тұрды. Оқытушылық және ғылыми-зерттеушілік жұмысты жолға кою үшін республиканын белгілі ғалымдары тартылды. Жоғары оку орындарында, негізінен ҚазКСР ҒА-ның 63 ғылыми қызметкерлері қосымша жұмыс істеді. Университетте ірі ғалымдар, мысалы, Қазақ КСРҒА-ның толық мүшелері М.О. Әуезов, Қ.И.Сәтбаев және басқалар дәріс оқыды. Осы жылдары университеттің профессорлық-оқытушы ұжымынынң негізгі ұйтқысы калыптасты. Жетекші кафедраларды техника ғылымдарының докторы, профессор А.Б. Бектұров, филология ғылымдарының докторы, профессор І.К. Кеңесбаев; тарих ғылымдарының докторы, профессор С.Н. Покровский; физика-математика ғылымдарының докторы, профессор К.П. Персидский және басқалар басқарды. Соғыстан кейінгі алғашкы жылдары 5 факультетте 27 кафедра, онда 17 мамандық бойынша кадрлар даярланды. 2.1.«ХРУЩЕВ ЖЫЛЫМЫҒЫНЫҢ» ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТЫ 1953-1964 жылдары КОКП ОК-нің бірінші хатшысы және Министрлер Кеңесінің төрағасы Н.С.Хрущев тұсында ауыл шаруашылығының қатаң басшылығынан, орталық жоспарлауды колхоздар мен совхоздардың тәуелсіздігімен ұштастыруға бағытталған талпынушылық байқалды.Н.Хрушев ел өміріне өзгеріс енгізуді аграрлық сектордан бастады.Оның негізі 1953 жылы КОКП ОК-нің қырқүйек Пленумының шешімдері болып табылады. Ұлттық табыс ауылдық жерлердің пайдасына бөліне бастады, салық саясаты өзгерді, ауыл шаруашылық өндірісін сатып алу және дайындау бағалары көтерілді. Сталиндік қатаң бақылаудан бас тарту көп ұзамай-ақ өз нәтижесін бере бастады. Бірақта бұл кезеңдегі аграрлық саясат тұрақты болмады. 1954 жылдан бастап тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған дамуын қамтамасыз ету үмітімен Қазақстанға тікелей қатысты тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды. Қазақстан басшылығы бұл бастаманы қолдай қоймады. Осыған байланысты, 1954 жылы 11 ақпанда өткен Қазақстан КП ОК-нің Пленумында бірінші хатшы Ж.Шаяхметов, 2-ші хатшы Л.И.Афонов босатылып, олардың орнына орталықтан жіберілген Р.К.Понаморенко және Л.И.Брежнев сайланды. Жергілікті жердің қазақ басшылары сынға ұшырап, үш айдың ішінде тың өлкесіндегі алты облыстың 1-ші хатшылары ауыстырылды. 1954 жылғы қаңтар-наурыз-КОКП Орталық Комитетінің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады.1954 жылы Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Еділ бойы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 100 млн.-1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді.Қазақстандағы тың жерлерді игеретін облыстар:Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар .Бұрыңғы Кеңестер Одағы, оның ішінде Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны 3 кезеңнен тұрды.1) 1954-1955 жж. 2) 1956-1958 жж. 3) 1959-1965 жж. Тың игеру жылдарында негізінен солтүстік обылыстарда жүздеген совхоз орталықтары салынды. Әміршіл-әкімшіл басшылыққа совхоздар тиімді болғандықтан, тың игерудің алғашқы жылында ғана 300 жаңа совхоз ұйымдастырылса, 1955 жылдың соңына қарай олардың саны 631-ге жетті. Ал 1958 жылдың ақпан айынан бастап колхоздар совхоздарға, МТС-тар жөндеу станцияларына айналдыра бастады. Тың игерудің тек алғашқы кезеңінде республикаға өзге республикалардан 640 мың адам көшіріліп әкелініп, Қазақстанда 18 млн. га. тың жер, немесе бұрынғы Одақтағы жыртылған жерлердің 60,6% игеріліп, республикадағы егістік көлемі 22,4 млн. гектарға жетті. Осының арқасында 1956 жылы Қазақстан алғаш рет миллиард пұт астық алып, Ленин орденімен марапатталды. Қазақстанның әр азаматына өндірілетін астық 2 мың кг. жетті. Оның үстінде тың астығы сапалы болғандықтан негізінен экспортқа шығарыла бастады. Орталық басшылық 1956 жылдың ақпан айында өткен КОКП-ның ХХ съезінде Қазақ КСР-нің алдына жаңа міндет – астық өндіруді 5 есе арттыру міндетін қойды. Осыған сай 60-шы жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жыртылған тың және тыңайған жер көлемі 25 млн. гектарға жетті. Тың игеру жылдарындағы қоныс аудару саясаты елдегі демографиялық жағдайды одан әрі күрделендіріп, бұрынғы Кеңестер Одағының Европалық бөлігі үшін де, Қазақстан үшін де тиімсіз сипатта болды. Өйткені, сол кездің өзінде-ақ Одақтың европалық бөлігінде жылдан жылға селолық жерлерде тұрғындар саны азайып, ал біздің республикамызда керісінше, өсіп отырған болатын. Осы ерекшеліктер ескерілмей, онсызда саны кеміп отырған европалық аудандардан тек 1954-1962 жылдары ғана Қазақстанға 2 млн. астам адам көшіріліп әкелінді. Осының нәтижесінде бір жағынан Ресейдің, Украинаның және т.б. республикалардың бірқатар аудандарында мыңдаған селолар бос қалды. Екінші жағынан 20-30-шы жылдары жергілікті тұрғындарға қарсы бағытталған қуғын-сүргін салдарынан күрт кеміген қазақ халқы, енді тыңгерлердің көптеп келуіне байланысты, 1959 жылы санақ бойынша үлестік салмағы 30%-ке дейін төмендеп кетті. Сөйтіп, Кеңестік Республикалар ішінде Қазақстанда ғана қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған ұлт болды. Тың игеру жылдарында жаппай қоныс аудару науқаны рухани, ізеттілік саласына да үлкен зиян алып келді. Қазақ тіліндегі мектептер саны 700-ге кеміп, қазақ тілінде шығарылатын әдебиеттердің, баспасөздің саны күрт төмендеп кетті. 3 мыңнан астам елді мекеннің аты өзгертіліп, тарихи ұлттық санаға шек қойылды. Тарихта бұрын болып көрмеген көлемді жерді жырту орны толмас экологиялық апаттарға, мал жайылымының күрт қысқаруына алып келді. Тың игерудің алғашқы жылдарында жердің құнарлы бет қыртысы (гомусы) шаң-боранға ұшырап ұшып кетуі салдарынан 18 млн. га астам жер эррозияға ұшырады. Қалыңдығы 1 см. қара топырақтың (гомус) қалыптасуы үшін, кем дегенде 2-3 ғасыр уақыт керек еді. Жайылым азаюы салдарынан ұсақ мал өсіру қарқыны 3 есе азайды, жылқы 1916 жылы 4 340 мың болса, 1961 жылы - 1158 мыңға дейін, ал түйе 1928 жылғы санынан 8 есе кеміді. Бесжылдықты мерзімінен бұрын орындау жолында социалистік жарыс кеңінен қанат жайып, әсіресе, қара металлургия саласы үлкен табыстарға жетті. Түсті металлургия саласында Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты салынып, ол алғашқы мырышты бере бастады. Алты жаңа көмір шахтасы, Қаратон және Мұнайлы кәсіпшіліктері қатарға қосылып, мұнай өндіру соғысқа дейінгі деңгеймен салыстырғанда 52% артты. Электр қуатын өндіру 1945 жылмен салыстырғанда 2,3 есе өсті. Жеңіл өнеркәсіп саласында Петропавлдағы тігін фабрикасы, Жамбылдағы,Қызылордадағы, Павлодардағы тері заводтары өз өнімдерін бере бастады. Осыған қарамастан тұтыну тауарлары халықтың сұранысын қанағаттандыра алмады. 50-ші жылдардың екінші жартысынан кейінгі жылдардағы Қазақстанның индустриялық дамуының негізгі бағыттары 1956 жылы өткен КОКП-ның ХХ съезінде қабылданған халық шаруашылығын дамытудың 6-шы бесжылдық, 1959 жылы ХХІ съезде қабылданған 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық жоспарлармен белгіленді. 60-шы жылдардың өзінде ғана 700-дей кәсіпорын қатарға қосылды. Оның ішінде Жезқазған байыту комбинаты, Өскемен су-электр станциясы, Бұқтырма су-электр станциясының бірінші кезегі, Қарағанды 2-жылу электр станциясы, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты, Павлодар трактор зауыты, Алматы мақта-мата комбинаты, Жамбыл былғары аяқ-киім комбинаты және т.б. болды. «Қазақсельмаш» зауыты ауылшаруашылық машиналары бөлшектерін шығаруға мамандандырылып, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы жұмыстардың механизацияландырылуын қамтамасыз ететін жаңа машиналар мен жабдықтар шығара бастады. Кеңестік өнеркәсіп ауыр индустрия мен қорғаныс комплексінің басым дамуына негізделгендіктен, Қазақстанда да әскери өнеркәсіп комплекстері көптеп құрылды. Соның ішінде қазақ жерінде орналасқан ядролық сынақ полигондары халықтың қасіретіне айналды. 1947 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің шешімімен №2 оқу полигоны деп аталған Семей атом полигоны салынды.1949 жылы Семей ядролық полигонында алғашқы жарылыс болды. Осы полигонда 1949-1963-ші жылдар аралығында әуеде 113 ядролық заряд сыналды. 1966 жылдан бастап Каспий маңындағы Азғыр полигонында ядролық қару сынала басталды. 1963 жылға дейін полигонда ашық ауада 113 жарылыс жасалса, 1964 жылы жер астына көшіріліп, 1989 жылға дейін 343 сынақ жасалды.1962 жылы Қазақстанда радиацияға ұшыраған адамдардың денсаулығын медициналық тексеруден өткізу басталды. 1950 жылдың басында Байқоңыр ғарыш айлағы салынды. Бұл құрылыс ауданы 6717 шаршы шақырым жерде орналасты. Ракета ұшқандағы жарылыстан 4,6 млн. га жерге жанармай шашырап, зиянды жанармай ауа қабаттарын, жердегі су, жайылым шөптерді уландырды. Космодром көп мөлшерде су жұмсайтындықтан, Сырдария өзенінің деңгейі жылдан-жылға азая түсті. 1961 жылы 12 сәуірде тұңғыш ғарышкер Ю.А.Гагарин Қазақстан жерінен Байқоңырдан ғарышқа ұшты.Хрушев тұсында жеңіл және тамақ өндіріс салаларына тежеу жасалынып, шикізат пен отын өндірілетін салалар жедел қарқынмен дамығандықтан, халықтың материалдық жағдайы төмен қалпында қала берді. Республикада 200-дей жаңа өндіріс орындары салынды. Қазақстаннан орталыққа шикізат жіберу үшін темір жол құрылысы жедел қарқынмен дамып, 1953 жылы Мойынты - Шу темір жол торабы пайдалануға берілді. Сібір, Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны байланыстарған Павлодар темір жолы ашылды. Ал Қазақстанның мұнайлы аудандарын игеруге байланысты Батыс Қазақстанда Мақат-Ақтау, Ақтау-Жетібай-Өзен, Атырау-Астрахань, Бейнеу-Қоңырат секілді темір жол жүйелері салынды. Халық шаруашылығын дамытуда темір жол транспортымен бірге республикада автомобиль, құбыр, әуе, су жолдары да негізгі рөл атқарды. Алматыда, Қостанайда, Павлодарда, Ақтөбеде жаңа ірі автомобиль жөндеу зауыттары қайта құрылды. Республикада 60-шы жылдары құбыр транспорты Маңғыстау түбегінің мұнай байлығын игеруге байланысты Өзен-Жетібай-Шевченко, Өзен-Атырау-Куйбышев мұнай құбырлары іске қосылды. Транспорттағы бұл нәтижелерге қарамастан Қазақстанда сол уақытта жол қатынасымен қамтылудың жеткіліксіздігі байқалды.Жергілікті ұлт өкілдерінен маман жұмысшы кадрларын даярлауға қамқорлық жасалмағандықтан, 1957-1973 жылдар жұмысшылар арасында қазақтардың алатын үлесі 17,4%-тен, 11,7%-ке дейін төмендеді. 60-шы жылдары халық шаруашылығын әміршіл-әкімшілдік, бюрократтық жолмен басшылық жасаудың тиімсіз екендігі сезіліп, елдің сол кездегі басшылығы оны қайта қарауға талпыныс жасады. 1959 жылы түсті металлургияның барлық кәсіпорындары Қазақстанның қарамағына берілді.Кеңес үкіметі кезінде ауыл шаруашылығының тиімсіздігінің негізгі себебі: шаруалардың өз еңбектерінің нәтижесінен шеттетілуі. 60 жылдардың ортасында Қазақстанда шаруашылық есепті енгізу қолға алынды.1954-1964 жылдар тарихта «жылымық жылдары» деген атаумен қалды. |