Главная страница
Навигация по странице:

  • I. ЕЛДІҢ СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

  • 1.1. МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ

  • Өзіндік жұмыс. Жоспары Кіріспе


    Скачать 68.99 Kb.
    НазваниеЖоспары Кіріспе
    Дата02.11.2020
    Размер68.99 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаӨзіндік жұмыс.docx
    ТипДокументы
    #147544
    страница1 из 3
      1   2   3

    Өзіндік жұмыс №5 ҚАЗАҚСТАН СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕ

    Жоспары:

    Кіріспе

    І-тарау: Елдің соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық жағдайы

    1.1. Соғыстан кейінгі мәдениет, білім мен ғылым.Театр

    1.2. Ғылым

    1.3. Білім

    ІІ-тарау: XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан

    2.1.«Хрущев жылымығының » әлеуметтік-экономикалық сипаты

    2.2. Тиянақсыз реформалар мен оның салдары

    2.3.Қазақстандағы XX ғасырдың 70-80- жылдардағы білім мен ғылым

    Қорытынды

    Пайдаланылған әдебиеттер

    Кіріспе

    Соғыс аяқталғаннан соң қатаң бір орталыққа бағындырылған экономиканың тиімділігі бұрынғыдан да тұрақты идеологиялық сипатқа ие болды. Жеңіске жетудегі таңдаған даму моделінің дұрыстығын тілге тиек ете отырып, сталиндік партиялық-мемлекеттік насихат әміршіл-әкімшілік жүйенің мызғымастығын бұқара санасына үстемелей енгізе түсті.
    Алайда төтенше жағдайда болмаса, жұмылдырушылық қабілеті тұрғысынан соңғысы, өзінің онсыз да шектеулі куатын жоғалтатыны, яғни бір қысталаң шақта ғана (соғыс т.б.) қызмет жасай алатыны барған сайын айқындала түсті. Сондықтан да соғыс аяқталған алғашқы жылдардың өзінде жағымсыз тенденциялардың бой көрсете бастауы тегін еместі.
    Мұның әсері 1946 жылы ауыл шаруашылығында орын алған табиғат апаты әрі соғыс зардабы салдарынан терендей түсті. Ғаламат қуаңшылық,1891 мен 1921 жылғыдан да асып түсіп, сол жылдың көктемі мен жазында Молдавия, Украина, Орталық қара топырақты облыстарды, Төменгі Поволжье, Примор өлкесін және кең-байтақ еліміздің басқа да өңірін қамтыды. Күйіп кеткен егістің жалпы ауданы 4,3 млн гектарды құрады. Жүз мыңдаған гектар жердің егісі тұқымға кеткен егіннің есесін де толтыра алмады. Еліміз бойынша егістің орташа шығымы 4 ц/га-дан сәл ғана асты (Қазақстан бойынша - 5 ц). Егісті дестелеп ору барысында соғыстан бұрынғымен салыстырғанда Орталық қара топырақты облыстар мен Поволжье ғана астық жинау 17,9%-ды, Украина мен Солтүстік Кавказда - 30,6%-ды, Сібір мен Қиыр Шығыс аудандарында - 54,1%-ды, (жағдайы біршама тәуір Қазакстанда - 97%-ды) құрады. Еліміз бойынша соғысқа дейінгі

    жиналатын астық деңгейінің 36,9%-ы ғана қамбаға түсті.
    Әдеттегіше, мемлекеттің жазаға тарту науқаны көп күттірмеді. 1932- 1933 жылдардағы аштықтағы «бес масақ» ісі бойынша шаруаларды жаппай «отырғызу» тәжірибесіне сүйене отырып қатал билік жаппай алдын алу шараларын қолға алды. 1946 жылдың екінші жартысында (аштық акиқатқа айналған соң) КСРО Министрлер Кеңесі мен БК(б)П ОК «Астықты сақтауды қамтамасыз ету, оны талан-таражға салуға, ұрлыққа және ысырап

    жасауға жол бермеу шаралары туралы» (27 маусым) және «Мемлекет астығының сақталуын қамтамасыз ету туралы«(25 қазан) («колхоздың» емес, «мемлекет» деген анықтаманы ескеру керек) қаулылар қабылдады. 1946 жылдың күзінің өзінде астық ұрлағаны үшін 55369 адам, онымен қоса 1932 жылғы 7 тамыздағы бұлтартпас заң бойынша 1146 адам сотталып, оның 37-сі ату жазасына кесілді.
    Астық дайындауда «жігерсіздігі» және мемлекеттік тапсырысты орындамағаны үшін көптеген колхоз бастықтары сотталды. 1946 жылдың екінші жартысында Қазақстанда астық науқаны кезінде 317 ауыл шаруашылығы артелі басқармасының бастықтары, ауылдық кеңес пен колхоз белсендісінен 308 адам тұтқындалып, колхоз өндірісінің дамуына бұрынғыдан бетер кері ықпалын тигізді.
    1947 жылы 4 маусымда, яғни ашаршылықтың әбден асқынып тұрған шағында, 1932 жылдың 7 тамызындағы заңнан әлдеқайда қатал, ғаламат екі заң қабылданды (коғамдық меншікті ұрлау туралы).“ «Мемлекеттік және қоғамдық мүлікті ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту» жарлығы бойынша сот жазасын 5-тен 8 жылға дейін лагерьде өткеру, ал «Азаматтардың жеке меншігін корғауды күшейту туралы» екінші жарлықта-10-нан 15 жылға дейін соттау қарастырылды. 4 маусымдағы жарлық КСРО Министрлер Кенесінің құпия бұйрығы бойынша өндірістегі ұсақ ұрлық-қарлыққада қолданылды. Ұсақ ұрлық үшін жұмысшылар мен қызметкерлер бұрынғыша (1940 жылдың 10 тамызындағы жарлық) бір жылға емес, 7-10 жылға сотталды. Формалды түрде ұрылар мен қаскүнем жегіштерге арналған бұл жарлықтардың қолданылу ауқымы аштық қысып, не бір жансебіл әрекетке барған қарапайым адамдарды да қамтыды, оны ешбір қылмыстық әрекет аясына сыйғызу мүмкін емес еді.
    Қазақстанда соғыстан кейінгі бірінші бесжылдыкта (1946-1950) жылдық орташа астық түсімі, статистиканың көрсетуінше, 1913 жылғымен ден- 4) деңгейлес келді (5,6 ц/га). Жылдық ішкі астық өнімі 1928 жылдағыдан төмен, ал мемлекеттік сатып алудың мөлшері 1941 жылмен салыстырғанда кемшін соқты.
    Республика мал шаруашылығы ауыр жағдайда күн кешті. 1951 жылы мұнда небары 4,5 млн сиыр (1928 жылы - 6,5 млн), 1,5 млн жылкы (3,5 млн), 127 мың түйе (1 млн) болды. Тек қой басының өсімталдығы арқасында 1951 жылы оның санын 1928 жылғы деңгейге, 18 036 мыңға жеткізуге мүмкін болды.
    I. ЕЛДІҢ СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ӘЛЕУМЕТТІК-

    ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

    Соғыстан кейінгі бесжылдыкты карастырғанда 1946--1950 жылдары біршама ілгерілеушлік байқалғанын, яғни оның жалпы алғанда қалыпқа келтіру әсері болғанын, тіпті халық шаруашылығының одан әрі дамуына ептеген жылы лептен хабардар еткенін айтпай кетуге болмайды.
    Мәселен, соғыстан кейінгі жылдары халық шаруашылығындағы ілгерілеу деңгейі жөніндегі түсінігіміз, ЖЭС-тің тарихи мәнін еске алғанда түбегейлі өзгерері ақиқат. Азамат соғысы күйзелісінен бейбіт өмірге аяқ басу тәжірибесі, соғыс коммунизмінің тауарсыз күн көру утопиясынан шаруашылыктың радикалды жана формасына ауысу бағытын ұстану «шаруаға иелік көзбен қарау» үрдісіндегі шаруашылық мүддесін тұтас қамтитын құрылымға көшу, жеке меншік пен нарықтык катынастың артықшылығын пайдалану, экономиканың жедел қалыпқа келу әлуетін толық игеруге, оны одан әрі үдемелі дамыту режиміне енгізуге мүмкіндік тудыратынын көрсетіп берді.
    Алайда осынау оң тәжірибе соғыстан кейінгі жылдары қатаң әміршіл-әкімшілік жүйеге, экстенсивті жоспарлау-бөлу тәсіліне, ауыл шаруашылығында мәжбүрлеу, қысымға алу әдісіне ден қойған большевиктік басшылық тарапынан қолдау таппады.
    Соғыстан кейінгі дамудың қылаң берген «он құбылыстар» тәжірибесі Екінші дүниежүзілік соғыста күл-талқан болып жеңілген елдер - Германия, Жапониямен салыстырғанның өзінде әлдеқайда кері кете бастады. Күйреген шаруашылықты қалпына келтіру (оның тез қарқын алуын «экономикалық гүлденуге» ұластыру) шаруашылық саясатын реформаторлық жолмен нарыққа қарай қайта бағыттау арқылы қамтамасыз етілді. КСРО-да бұл саясат нәтижесіз аяқталды, өйткені ешқандай реформа туралы сөз қозғалмағанды. Халық шаруашылығын қалпына келтіру,ең бастысы, Отан ырысын еселеуге қаһармандық әрі табандылықпен енбек еткен халықтың болашаққа деген сенімі мен отаншылдығының арқасында жүзеге асырылды.
    Сырт карағанда жап-жақсы көрінген соғыстан кейінгі бесжылдықтар көрсеткіштерінің арғы жағында жан-жағынан жазалау тәртібімен қыспаққа алынған колхозшылардың азапты ауыр еңбегі, халықты жайлаған кедейлік пен аштық, бала мен әйелдерді аюандықпен ауыр жұмысқа салу, өлім-жітімнің көптігі, халықты шаршап-шалдықтыруды ең жоғарғы шегіне жеткізу, түрмелердегі миллиондаған адамдарды қүлдыққа салу үрдісі

    жатты.

    Сайып келгенлде, соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығын қалпына келтіріп, дамытудың нәтижелеріне баға бергенде мынаны айту қажет: бұл үрдістер бұкараның бойындағы күш-жігерін, халықтың табиғатына тән- аса зор еңбек-ынтасын, тапқырлығын тұншықтырып қөзгермес жүйе аясында өнеркәсіпті дамыту стратегиясы да қатар бой көтерді. Оның өзегінде сол баяғы индустрияландыру жылдары алынған идеология жатты. Сол тұста, сырттан төніп тұрған қауіпті асыра бағалаған Сталин, басымдылық мақсатында қорғаныс кешендерін және ауыр индустрияны («А» тобы) барынша дамытуды алға қойды. Ал жалпы тұтыну тауарын өндіруге («Б» тобы) шын мәнінде тосқауыл қойылды, оған өз кезінде кеңес көсемінің «революция шығынсыз болмайды», әлеуметтік жағдайды өркендету жаркын болашақтың ісі деген тұжырымы негіз етіп алынды.

    Соғыстан кейін де жалғасқан «Б» тобын өндіруді екінші кезекке ығыстыру, елдің ресурсын барынша әскери-өнеркәсіп кешендерін дамытуға жұмылдыру және ауыр өндіріс құралдарын көптеп шығару «жаңа империалистік агрессия» төндіріп отырған қауіптен шығу жолымен ақталды. Елдің ішкі және сыртқы саяси бағытына тек қана қолдау көрсету, мақтау-мадақтауды талап еткен Кеңес басшылығы халықтың қалыпты өмір сүру деңгейін

    қамтамасыз етудің орнына, әскери шерулердегі айбынды техникамен, көз

    қуанатын өндіріс пейзаждарымен және коммунизм құрылыстарының таңғажайып қарқынымен мақтана білуді, онсыз жауға төтеп беру мүмкін еместігін ұсынды, ал жана жаудың бейнесін идеология машинасы сомдай бастады. Бір сөзбен айтқанда, жеке адамның карапайым мұктажын өтеуге бағытталған, тоқырай бастаған өнеркәсіпті құрылымдық тұрғыда қайта құрудың орнына, ел көңілге конбас мөлшерде болат, шойын, қорғасын, көмір өндірумен шұғылданып, зорыға түсті. Осынау саясаттың ең айқын

    көрінісіне Қазакстанның өнеркәсібін жатқызуға болады.
    Республикала осы тұста Қарағанды металлургия зауытын (оны Қазақстан Магниткасы деп атады) салу жұмысы колға алынды, Өскеменде қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін бере бастады, Балқаш мыс корыту зауытынынң өндірістік қуаты ұлғайтылды, Жезқазғанда аса ірі мыс қорыту комбинаты кешендері салына бастады, Қарағанды мен Екібастұз кеніштері көмірі кеңінен пайдаланылды.
    Осы аталмыш жылдары, Қазақстан КСРО әскери-өнеркәсіп кешенінің аса ірі буынына айналды. Әскери өндіріс инфрақұрылымын кең ауқымда дамытумен қатар, мұнда Семейдің жанынан атом полигонын, Балқаш маңынан -- зымыран полигонын, сәл кейінірек -- Байқоңыр ғарыш айлағын салу ісі қолға алынды.
    Тұтыну заттарын өндіруге келетін болсақ, оның ауқымы республикада өте төмен деңгейде еді. Мысалы, 1950 жылы ұлан-ғайыр Қазақстанда небары 65 женіл өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істеді, оның дені төңкерістен бұрынғы тарих куәсі еді. Мақта мен жүн, былғарыны мол өндірушінің бірі бола отырып, республиканың одақ көлеміндегі мақта-мата (0,1%) мен жүннен тоқылған мата (1,4%), былғары аяқ киім (1,7%) өндірудегі үлес салмағы

    керісінше мүлде төмен болды. Осы жағдай «Б» тобындағы барлық салаға

    тән сипат еді.
    Бір-біріне кереғар таптаурынға карамастан, мына жайтты ескерген

    жөн, соғыстан кейінгі жылдары тауарды карточкамен беру жүйесі жойылып,ақша реформасы жасалғанмен (1947 жылы), соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда, тіпті

    Ж ЭС кезеңін айтпағаннынң өзінде, халықтың өмір сүру деңгейі төмендей түсті. Оның үстіне есеп-қисаптын көрсетуі бойынша, карточка жойылып және айқын кәмпескелеу сипатында жүзеге асқан ақша реформасы жүргізілгеннен кейін де, 1940 жылмен салыстырғанда бөлшек саудадағы баға үш есе жоғары болды. Жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы 1950 жылы соғысқа дейінгі деңгейден екі есеге тарта артты (орташа жалақы есебімен), яғни 1948-1954 жылдарлағы бағаның төмендеуі оның жалпы деңгейін 2,2 есеге түсірді, сол себепті, 1940 жылғы деңгейге жете алмады.
    Солай бола тұра, 1940 жылғы бөлшек сауда индексі 1928 жылғы деңгейден 6,4 есе асып түсті. Осы жылдар аралығында жалақы мөлшері де осы шамада өсті, яғни соғысқа дейінгі он екі жылда сатып алу мүмкіндігі де сол бұрынғы денгейінде қалды.
    Бұдан басқа да еске алатын жайт, 1948- 1954 жылдардағы бағаның төмендеуі, халықтан мемлекеттік займ түрінде мәжбүрлеу жолымен акша жинау және жалақы мөлшерінің мүлде төмен деңгейі арқасында жүзеге асырылды. Дүкендерде сол кезде іздеп таптырмайтын азық-түлік түрлерінің (балық уылдырығынан бастап, экзотикалық кальмарға дейін) сыймай тұруы, ал қант пен нанның құрып кетуі түсінікті жайт еді, 1950 жылы Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері 62 рубльді құрады.
    Ауыл тұрғындарының халі мүлде ауырлай түсті. Олардың енбекақысының мөлшері колхоз кірісі деңгейімен белгіленді, ол болмашы ғана сомадан тұрды. Олай болмаса басқа жок, себебі ауыл шаруашылығы өнімін мемлекеттің сатып алу бағасы өте төмен еді, мысалы, астык өндіру саласында жұмсалған шығынның мемлекет тарапынан сегізден бірі ғана, ал мал шаруашылығында одан да аз төленді. 1946 жылы Қазақстанда бір колхоздың беретін кірісі 143 мын рубльді, ал 1950 жылы 170 мыңға жуық рубльді құрады (сол кездегі бағамен). Сонлыктан ауыл тұрғынының бесжылдықтың соңына қарай (1950 жылы) орташа жалақысы әрең-әрең 40 рубльге жуықтады. Ал жалақыны өнімдей төлеуге келетін болсақ, колхоздардың 60%-ы ғана бір еңбеккүнге 1 кг-дай бидай, ал қалғандары одан да төмен төледі.
    Осылайша, мемлекет халықты азап пен ас ішін жарымас тіршілікке душар ете түсті, ұлттың рухани дамуын ғана емес, оның табиғи генетикалық тегін де аздырды.
    1.1. МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ

    Кеңестік кезеңдегі мәдениет тарихынын айрықша ерекшелік оның дамуында партия мен мемлекет рөлінің аса басымдығы болды. Коммунистік партия мемлекеттік жэне қоғамдық ұйымдар арқылы халыққа білім беруді, мәдени-ағарту жұмыстарын, әдебиет пен өнерді бағыттап және бақылап отырды, еңбекшілерді марксистік-лениндік идеология рухында, идеялық-саяси тұрғыда тәрбиелеу жұмысын жүргізді.

    Соғыстан кейінгі кезеңдегі қоғамдық-саяси дамудың ондағы басты сипаты идеология рөлінің ерекше күшеюі болып табылды. Партияның идеологиялық кызметі еңбекшілерді саяси үгіттеу жене саяси тербиенің кешенді шараларымен ғана шектелмеді, ол біртіндеп бүкіл рухани мәдениет билігін өз қолына алды. Кеңес медениетінің идеологиялық негізін бекітуге, оның ішінде әдебиет пен өнердің идеялық-саяси деңгейін арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Мәдениетке ic жүзінде осылайша басшылық жасауда, мемлекет жене партия органдары оның кейбір жекелеген өкілдері тарапынан дөрекі, көпшілік жағдайда надандық мінез таныту мәдениетті дамытудың табиғи үрдісіне жатқызылды. Соғыстан кейінгі жылдары қолға алынған «формализммен» күрес амалы одан әpi жалғасты. Ол әдебиет, музыка, бейнелеу өнерін қамтыды.

    Көркем шығармашылыққа саяси бақылауды күшейту орталық партия комитетінің 40-жылдардың екінші жартысы — 50-жылдардың басында әдебиет пен өнер мәселелері көpiнic тапты. Онда мәдениет қызметкерлерінің - композиторлар, драматургтер, кино мен театр қайраткерлерінің атына негізсіз сындар айтылды. Қазақстан КП ОК-нің әдебиет пен өнер мәселелері бойынша 40-жылдардың соңында қабылданған қаулыларында мәдениет басшылығы тарапынан әкімшілік бағалау ісінде тым қатты кетушілік фактілері болғаны тек 1958 жылы ғана мойындалды. Алайда партия тарапынан көркем шығармашылыққа бұйрық-әкімшілік басшылық жасау принципінің дұрыстығына ешбір күмән келтірілмеді.

    Кеңестік режим барлық халықтарға жене бүкіл мәдениет атаулыға өмір сүрудің баршаға ортақ: «мәдениеттің мазмұны социалистік, формасы ұлттық болуға тиіс» деген үлгісі мен қалыбын таңды. Бip қалыпқа түсірудің терең тамыр жайғаны соншалық, кейбір халықтар өзінің этникалық және мәдени төркінінен көз жазып, «кеңес халқының» бет-бейнесіз біp бөлігіне айналды. Өз мәдениеті тамырынан, тіпті өз ана тілінен айырылды. Қуғындау жүйесі барша жеке ерекшелікті, барлық өзгешелікті, қарсылық көрсеткен, ырыққа көнбеген немесе қырағы бақылау мен қақпақылдауға кедергі болғанның бәрін басып-жаныштады және көзін жойды.

    ТЕАТР.

    Одақ қаулыларына сәйкес, Қазақстан КП OK-i Қазақ академиялық драма театрының репертуарын қайта қарауды, «оны идеологиялық тұрғыда зиянды және көркемік сапасы төмен пьесалардан тазартуды» талап етті. Ол шығармашылық қызметкерлерді «кеңестік шындықтың күрескерлік тақырыптарына» толыққанды драмалық және сахналық туындылар жазуға шақырды. Бұл міндеттер партия шешімдерінің бірқатарында, оның ішінде, Қазақстан КП OK-нің 1949 жылдың 18 қазанындағы «Республика театр өнерінің жағдайы және оны одан әрі дамытудың міндеттерінде » және Қазақстан КП OK-нің VIII Пленумы 0арарында көрініc тапты. Ол партияның ұлттық саясатты жүргізудегі қол жеткізген «республикадағы социалистік түбегейлі өзгерістерді баяндауға » тапсырма берді.

    Алайда соған қарамастан театр соғыстан кейінгі жылдары қазақ халқының ағартушылары - Абай мен Шоқан, Ақан cepi, Майра Шамсутдинова секілді халық ақыны мен әншісіне арналған бірқатар тартымды спектакьлдер көрсетті.

    1949 жылы 28 желтоқсанда Ш. Айманов пен Республикалық орыс драма театрының бас режиссері Я.С. Штейн қойған «Абай» спектаклі үлкен шығармашылық табыс болды. Спектакльдің үлкен жетістікке жетуіне сахна майталмандары К. Бадыров (Абай), Қ. Куанышбаев (Құнанбай), Р. Қойшыбаева (Зере), Е. Өмірзақов ( Дәркембай), С. Қожамқұлов (Майбасар), сондай-ақ Ш. Айманов, X. Бөкеева (автор сөзін оқушылар) атсалысты.

    Театр ұжымы қазақ драматургиясымен, оның белгілі қайраткерлері Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Ғабит Mүcipeпов, Сәбит Мұқанов, Әбділда Тәжібаев, Әлжаппар Өбішев және т.б. тығыз байланыс орнатты. Алайда тұтас алғанда репертуарды белгілеудегі аса қырағылық танытып, идеологиялық цензура (бақылау), театр өнерінің халықтың көркем эстетикалық сұранысынан қол үзуі, қазақ халкының өзіндік ерекшелігіне мән бермеу театр мен көрермен арасынын алшақтауына алып келді.

    Кеңестік кезеңдегі қазақ музыкасын зерттеудің көшбасында республика музыка мәдениетінің аса ipi қайраткерлері тұрды. Соның бipi «Қазақ халқының 1000 әні », «Қазақ халқының 500 ән мен күйі» (1931) жинақтарын шығарған белгілі фольклоршы А.В. Затаевич болды. Осы басылымдарға жазған алғы cөзi мен түсініктемелерінде қазақ музыка мәдениетінің көптеген мәceлeлepi жөнінен құнды пікірлер айтты.

    Қазақстан музыка өнерінің ұлы қайраткері, ғалым әрі композитор, ҚазКСР ҒА академигі, профессор А. Қ. Жұбановтың халық композиторларының шығармашылық стиль ерекшелігі, әншілер мен аспапта ойнаушылардың мектебі, олардың жеке орындау шеберлігінің мәнері тақырыбына арналған «Ғасырлар пернесі» (1958), «Замана бұлбұлдары» (1967) монографиялары ұлттық музыканы тереңдете зерттеуде қол жеткен аса ipi табыс болды. Қазақстан музыкалық фольклоры мен қазақтың кәсіби музыкасын зерттеуге белгілі музыкатанушы ҚазКСР FА-ның корреспондент- мүшесі Б.Г.Ерзакович үлкен үлес қосты.

    Кәсіби музыка мәдениетінің қалыптасуына 1939 жылы Қазақстан Композиторлар одағының ұйымдастыру комитетін құру оң ықпал етті. Оның мүшелері Ахмет Жұбанов, Евгений Брусиловский, Борис Ерзакович, Латиф Хамиди, сондай-ақ Дина Нұрпейісова, Кенен Әзipбаев, Манарбек Ержановтар болды. 1941 жылы Мұқан Төлебаев одаққа мүшелікке өтті. Республикадағы музыка өнepi мәceлeлepiн шешуге осы композиторлар атсалысты.

    Ұлттық әдебиет пен драма театрының қалыптасуы ұлттық операның құрылуына жеткізді Қазақстандағы тұңғыш операны дүниеге әкелуде F. Mүcipeпов, Б. Майлин, М. Әуезов, С . Мұқанов сынды ipi жазушылар үлкен рөл атқарды, олар драмалық туындылардың авторы болумен қатар, опера либреттоларын да өздері жазды. Олар: А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» (М. Әуезовтің либреттосы), Е. Брусиловский мен М. Төлебаевтың «Амангелді» (F. Mүсіреповтың либреттосы), М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» (Қ. Жұмалиевтің либреттосы) опералары.

    Қазақ өнерінің соғыстан кейінгі жылдарда жеткен ipi жетістігі М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы болды. Оның либреттосын «Біржан-

    1953 жылы Е.Г. Брусиловскийдщ «Дударай» операсы дүниеге келді. Операның негізгі тақырыбы - орыс пен қазақ халқының достығы. 1956 жылы 15 шілдеде композитор Кұдыс Қожамияровтың «Назугум» атты тұңғыш ұйғыр операсының (Қадыр Хасановтың либреттосы) премьерасы өттi.

    Соғыстан кейінгі жылдарда тұңғыш оркестрлік шығармалар М. Төлебаевтың «Қазақ увертюрасы» (1945) жене «Лирикалық биі» (1947) дүниеге келді. Осы жылдары В. Великановтың «Қазақ симфониясы» (1947), «Бейбітшілік жолымен» (1952) атты ipi циклдік шығармалары жарық көрді.

    Композиторларға «шындық көріністеріне терең бойламай, үстіртін кету, ал симфониялық музыкада замандастар бейнесінің, тың игерушілердің қаһармандығы мен еңбектегі ерлік романтикасы әлі көрініс таппағаны» ескертілді.

    1948 жылы Е. Брусиловскийдің фортепиано мен оркестрге арналған концерті (фортепиано тілімен айтқанда «көсіліп ойнау» идеясының өзі фортепианоны соқпалы аспапқа айналдыру деп түсіндірілді) сынға ұшырады. Сол себептен концерт 10 жыл бойына жарық көрмей, орындалмай жатты.

    Қазақстан композиторлары шығармашылығында әлі де болса программалық музыкаға көбірек ықылас қою аңғарылды. Олар жазған жаңа туындылардың идеялық бағытын оның атынан да көруге болатын еді. Олар: Ғ. Жұбанованың «Ленині», Е. Рахмадиевтің «Толғауы», Қ. Қожамияровтың «Ленин партиясы», С. Мұхамеджановтың «Дауыл» симфониясы, Е. Рахмадиевтің «Айстан» кантатасы. Соғыстан кейінгі жылдарда пайда болған, қайшылықсыз жылтырақ шығармаларға, негізінен күнделікті өзекті мәтінге жазылған кантаталар мен арияларға зор мән берілді, бұл үрдіс біраз уақыт бойы сақталынды. Ол жылдары бұл мәселе өте тұрпайы түсіндipiлдi: кез келген музыкалық шығарма тыңдаушысына бірден түсінікті болуға тиіс; егер шығарма бірден түсінікті болмаса, бірден қабылданбаса, онда ол халыққа қaжeтciз деп танылды. Мұндай музыканың авторына халыққа жат және формализмі үшін айып тағылды.

    Соғыстан кейінгі жылдары қаһармандық-патриоттық үрдістегі әндер, марштар, сондай-ақ тың туралы әндер кең етек алды.

    Республика музыка мәдениетін дамыту үшін белгіленген алғышарттар- орындаушылардың тұрақты ұжымын құру -мысалы, симфония оркестрі, хор капелласы, ән-би ансамблі сияқтылар, - оның ipi формалары: симфониялық және вокалдық хор музыкасының дамуына жол ашты.

    Сонымен, мәдениеттің барлық деңгейі, бүкіл кеңістігi мен салаларында алуан қырлы мәдениеттің ұлттық түрін қалыптастыру, оны жалғыз ғана социалистік үлгінің аясында дамыту үрдісі жүріп жатты. Идеологиялық тұрғыда: халықтардың мәдениетінің жетілу түрі ұлттық және мазмұны жағынан социалистік деген қағидадан көрініс тапты. Тоталитарлық режимнің мәдени саясатының мәні осы айтылған қағидадан анық көрінетін еді. Сырттай байқалатын жұпынылықтың астында терең шындық- көп ұлтты тоталитарлық мемлекеттен ұлттық мәдениеттің нақты жағдайының шындығы жасырынып жатқан болатын. Социализм табиғатының ақиқат заңдылығы, толып жатқан мақалалар мен монографияларда дәлелденгендей, ұлттардың гүлденуі мен жақындасуы деп танылды. Мәдениеттің түрі ұлттық, мазмұны социалистік ұраны ұлттық мәдениетті жоюға бағытталды.
      1   2   3


    написать администратору сайта