Главная страница
Навигация по странице:

  • Қолқаның жоғарғы көтерілген бөлігі

  • Қолқа доғасының дөңес бетінен үш тамыр шығады

  • Иық-бас сабауы (плечеголовной ствол,truncus brachiocephalicus)

  • Жалпы ұйқы артериясы (общая сонная артерия,a.cortis communis)

  • Сыртқы ұйқы артериясы (наружная сонная артерия,a.corotis externa)

  • 1.Жоғарғы қалқанша артериясы

  • 3.Беттік артерия

  • 5.Төс-бұғана-емізік артериясы

  • 7.Жұтқыншақтың жоғары көтерілуші артериясы

  • Тұлғаның,қолдың артерия қан тамырлары.

  • Қолқаның төменге бағытталған бөлігінің артерия қан тамырлары.

  • 1.Ішкі тармақ

  • Аяқтың артерия қан тамырлары.

  • Орталық сегіз көз артериясы

  • Оң және сол жалпы мықын артериялары

  • Ішкі мықын артериясының тармақтары

  • Алдыңғы асық жілік артериясы

  • Артқы асық жілік артериясы

  • Ішкі табан артериясы

  • Жүрек анатомиясы. Жур.тамыр. кору органы (2). Жрек ан тамырлар жйесі


    Скачать 267 Kb.
    НазваниеЖрек ан тамырлар жйесі
    АнкорЖүрек анатомиясы
    Дата13.01.2022
    Размер267 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаЖур.тамыр. кору органы (2).doc
    ТипДокументы
    #330513
    страница2 из 4
    1   2   3   4

    Қолқа (аорта,аоrtae) жүректен басталатын ең үлкен артерия қан тамыры.Ол жүректің сол қарыншасынан басталады.Оның үш бөлігі бар:жоғарғы көтерілуші,доғасы және төменге бағытталған бөлігі.

    Қолқаның жоғарғы көтерілген бөлігі -қолқаның басталған бөлігі,ұзындығы-6см,алдыңғы көкірек аралықта өкпе сабауының артында орналасқан.Оның басталған жері кеңейген.Қолқаның жоғарғы көтерілген бөлігінен оң және сол тәждік немесе коронарлық артериялар шығады.Олар жүректің өзін қанмен қоректендіреді.Қолқа төстің сабының артында оның доға бөлігіне өтеді.

    Қолқаның доғасы арқаға және солға бағытталады.Қолқа доғасы сол жақтағы бас бронхты аттап өтіп IV кеуде омыртқасының тұсынан бастап " кеуде қолқасы" болып аталады.

    Қолқа доғасының дөңес бетінен үш тамыр шығады:

    1.Иық-бас сабауы;

    2.Сол жақтағы жалпы ұйқы артериясы;

    3.Сол жақтағы бұғана асты артериясы;

    Иық-бас сабауы (плечеголовной ствол,truncus brachiocephalicus)- қолқа доғасының

    оң жағынан басталады.Ол төс-бұғана буынынның тұсында оң жақтағы жалпы ұйқы артериясы және оң бұғана асты артериясы болып бөлінеді.

    Жалпы ұйқы артериясы (общая сонная артерия,a.cortis communis)-оң жақта иық-бас сабауынан,солда қолқаның доғасынан басталады,өңеш пен кеңірдектің бойымен жоғары көтеріледі.Қалқанша шеміршегінің жоғарғы тұсында ішкі ұйқы және сыртқы ұйқы артериясы болып екі тармаққа бөлінеді.

    Сыртқы ұйқы артериясы (наружная сонная артерия,a.corotis externa)-жоғары көтеріліп төменгі жақтың шетінде құлақ маңы безінен өтеді,көптеген тармақтарға бөлінеді.

    1.Жоғарғы қалқанша артериясы -қалқанша безін,мойынның бұлшық еттерін қанмен қоректендіреді.

    2.Тіл артериясы-тіл асты сүйегінің тұсында,жоғары және алдыға өтіп тіл асты және таңдай бездерін ,тілдің ішіне кіріп оны қанмен қоректендіреді.

    3.Беттік артерия-тіл артериясының жоғарысынан басталып төменгі жақ асты безін,жұмсақ таңдайды,беттің бұлшық еттерін қанмен қоректендіреді.

    4.Желке артериясы-артқа,жоғары көтріліп бастың желке бөлігін,мойынның бұлшық еттерін қанмен қоректендіреді.

    5.Төс-бұғана-емізік артериясы-төс-бұғана-емізік бұлшық етін қанмен қамтамсыз етеді.

    6.Құлақ асты артериясы-құлақ қалқанын,желкені қанмен қоректендіреді.

    7.Жұтқыншақтың жоғары көтерілуші артериясы-жұтқыншақты,таңдай безін қанмен қоректендіреді.

    Сыртқы ұйқы артериясы-төменгі жақтың буын өсіндісінекөтерілген жерінде соңғы екі артерияға тармақталады

    1.Жоғарғы жақ артериясы

    2.Самайдың беткейдегі артериясы

    Жоғарғы жақ артериясынан төменгі тістерге,төмегі жақтың альвеолярына,мидың қабығына,жоғарғы жақтың тістеріне,мұрын қуысының қабырғаларына,таңдайға,шайнау бұлшық еттеріне тармақтар шығады.
    Самайдың беткейдегі артериясы бастың барлығына мойынның бұлшық

    еттерін,терісін,мұрын қуысын,ауыз қуысын қанмен қамтамасыз етеді.

    Ішкі ұйқы артериясы (внутренняя сонная артерия,a.carotis internа) мойынмен жоғары көтеріліп,самай сүйегінің ұйқы тесігі арқылы ми сауытына кіреді.Бұл жерде ол «түрік ер тоқымының» бүйірінен мидың қатты қабығына өтіп,мидың негізіне бағытталады.Көру тесігінің тұсында одан көз артериясы шығады.Кейін ол мидың алдыңғы,ортадағы артерияларына,артқы дәнекер артериясына және алдыңғы түтік артериясына тармақталады.

    Ішкі ұйқы артериясының тармақтары:

    1.Көз артериясы көз саңылауы арқылы ми сауытынан шығып,көз шарасына бағытталады.Көз шарасындағы көру мүшелеріне ,көз жас безіне,көздің бұлшық еттеріне,маңдайдың терісіне тармақтар береді.Сонымен бірге мұрын қуысына тармақтар бөлініп,олар беттің қан тамырларымен қосылады.

    2.Мидың алдыңғы артериясы-мидың сүйелді денесін айналып,үлкен мидың жарты шарларының медиаль бетін қанмен қоректендіреді.Мидың оң және сол алдыңғы артерияларының арасын,алдыңғы дәнекер артериясы қосады.

    3.Мидың орталық артериясы үлкен мидың сайы арқылы өтіп,оның маңдай,төбе,самай бөліктерін қанмен қоректендіреді

    4.Алдыңғы түкті артерия үлкен мидың бүйірдегі қарыншаларына түктеленіп тармақталады.Кейін мидың тамыр өрімдерінің құрамына кіреді.

    Тұлғаның,қолдың артерия қан тамырлары.

    Бұғана асты артериясы (подключичная артерия,a.subclavia)-оң жақта иық-бас сабауынан,сол жақта қолқаның доғасынан басталады.Оң және сол бұғана асты артериясы бұғананынң астынан,өкпе қапшығының ұшының үстінен өтеді.Кейін алдыңғы және орта баспалдақ бұлшық еттерінің арасынан өтіп,I қабырғаны айналып,қолтық астына бағытталады.Қолтық астына өткеннен кейін қолтық асты артериясы болып аталады.Бұғана асты артериясынан мойынды,желкені,көкірек қуысының қабырғасын,жұлын мен бас,миды қанмен қоректендіретін тармақтар шығады.Бұғана асты аретиясының тармақтары:

    1.Омыртқа артериясы; 2.Ішкі кеуде артериясы.

    1.Омыртқа артериясы-бұғана асты артериясының ең ірі тармағы,VII мойын омыртқасының тұсынан басталады.Ол VI-I мойын омыртқаларының көлденең өсіндісіндегі тесік арқылы жоғары көтеріліп,шүйденің үлкен тесігі арқылы мисауытына кіреді.Омыртқа артериясы жоғары көтерілген жолында жұлынды,мойынның тереңдегі бұлшық еттерін қанмен қоректендіретін тармақтар шығады.Омыртқа артериясы шүйде сүйегінің үлкен тесігінен ми сауытына кіргеннен кейін,оң және сол жақтағы артериялар өзара қосылып негізгі артерия пайда болады.Негізгі артериядан көпір тұсында бірнеше тармақтар басталады:

    1.Менингал тармақтар-мидың қатты қабығын қанмен қамтамасыз етеді;

    2.Алдыңғы,артқы бас ми жұлын артериялары-бас миды,жұлынды қанмен қоректендіреді;

    3.Алдыңғы төменгі,алдыңғы жоғарғы мишық артериялары-мишықты қоректендіреді;

    4.Лабиринт артериясы-ішкі құлаққа барады;

    5.Көпір артериясы-варолий көпірін қанмен қоректендіреді;

    6,Артқы төменгі мишық артериясы-мишықты қанмен қоректендіреді;

    Артқы ми артерияс,алдыңғы және орталықтағы ми артерияларымен қосылуының нәтижесінде үлкен мидың негізінде артерия немесе виллизи қолқасы пайда болады.

    Бұғана асты артериясының екінші тармағы ішкі кеуде артериясы-I-VIII қабырғалардың шеміршегінің артында бұлшық еь-көкет артериясы мен жоғарғы баған артериясына тармақталады.

    1.Бұлшық ет-көкет артериясы айырша безді,кеңірдекті,бронхтарды,жүрек қабын,көкетті,кеуденің бұлшық еттерін,сүт безін,іштің бұлшық еттерін қанмен қоректендіреді.

    2.Жоғарғы баған артериясы-іштің алдыңғы қабырғасымен төмен бағытталып,іштің тік бұлшық етінің арасына кіріп,кіндіктің тұсында төменгі баған артериясымен қосылады.

    3.Қалқанша-мойын сабауы бұғана асты,артериясынан алдыңғы баспалдақ бұлшық етінің тұсынан басталып,одан бірнеше тармақ шығады.

    а) Төменгі қалқанша артериясы-қалқанша безіне барады;

    б) Өрлеме мойын артериясы-баспалдақ және мойын бұлшық еттерін қанмен қоректендіреді;

    в)Жауырын үсті артериясы-жауырынның артындағы бұлшық еттерді қоректендіреді;

    г)Беткейдегі мойын артериясы-арқа,мойын бұлшық еттеріне барады.

    4.Қабырға-мойын сабауы-бұғана асты артериясынан баспалдақ бұлшық етінің тұсында басталып тереңдегі мойын артериясы және өте жоғарғы қабырға аралық аретрия болып тармақталады;

    Төмендегі мойын артериясы бастың,мойынның тереңдегі бұлшық еттерін қанмен қоректендіреді.

    Өте жоғарғы қабырға аралық артерия I-II қабырға аралық бұлшық еттерін қанмен қамтамасыздандырады.

    5.Көлденең артерия бұғана асты артерисынан баспалдақ бұлшық етінің шеткі бұрышынан басталып,мойынның және арқаның жоғарғы бөлігіндегі бұлшық еттерді қанмен қоректендіреді.

    Қолтық асты артериясы (подмышечная артерия,a.axillaris)-бұғана асты аретриясының тікелей жалғасы.Ол бұғананың төменгі бетінен үлкен кеуде бұлшық етінің төменгі шетіне жетіп кейін қолтық асты артериясы болып жалғасады.Қолтық асты артериясы қолтық асты шұңқырында,осылармен аттас веналармен және иық жүйке өрімімен қатар орналасқан.Оның тармақтары иық белдеуін,иық буынының қапшығын,кеуде бұлшық еттерін жартылай қанмен қоректендіреді.Одан мынадай тармақтар таралады:

    1.Жоғарғы кеуде аретриясы қабырға аралық еттерді,кеуденің,үлкен,кіші бұлшық еттерін,сүт безін қанмен қоректендіреді;

    2.Төс акромиал артериясы-дельта тәрізді және үлкен,кіші кеуде бұлшық еттерін,иықтың бұлшық еттерін,терісін қанмен қоректендіреді;

    3.Кеуденің латеральды артериясы-алдыңғы тісті бұлшық етті,сүт безін,лимфа түйіндерін,қолтық асты шұңқырының май ұлпаларын қанмен қоректендіреді;

    4.Жауырын асты артериясы иық белдеуінің еттерін,иықты,арқаны қанмен қоректендіреді;

    5.Қар сүйегін алдынан және артынан ораушы артериялары иық буыны мен дельта тәрізді бұлшық етті қанмен қоректендіреді;

    Қолтық артериясының тікелей жалғасы қар артериясы (плечевая артeрия,a.brachialis).Ол екіқар венасымен қатар орналасқан екі басты бұлшық еттің ішкі жағында вена қан тамыры мен және осымен аттас жүйкемен қатар жатады.Шынтақ буыны тұсында шынтақ және шыбық артериясына тармақталады.Қар артериясынан қардың бұлшық еттерін,терісін, және шынтақты қанмен қоректендіретін тармақтар шығады.Оның ең ірі тармағы-қардың тереңдегі артериясы.Ол қар артериясынан қардың жоғарғы үштен бір бөлігінің тұсынан басталады.Кейін қар сүйегін артынан орап,қардың артқы топтағы бұлшық еттерін ,қар сүйегін қанмен қоректендіреді.Қардың тереңдегі артериясының тармақтары:

    1.Жоғарғы және төменгі коллатеральды шынтақ артериялары шынтақ буынын,оның терісін,қардың бұлшық еттері мен терісін,білекті жартылай қанмен қоректендіреді.Шыбық коллатеральды артериясымен орталық коллатеральды артериясы қардың артқы бұлшық еттерінің терісін қанмен қоректендіреді.

    Шынтақ артериясы (локтевая артерия,a.ulnaris) шынтақ сүйегі мен білектің беткейдегі және тереңдегі бұлшық еттерінің арасымен төмен түседі.Шынашақтың бұлшық етінің аралығымен алақанға өтеді.Алақанда шыбық артериясының беткейдегі тармақтарымен қосылып алақанның беткейдегіартериясы пайда болады.

    Шынтақ артериясы білекке бірнеше тармақтар береді.Шынтақ буынын шынтақтың қайтқан артериясы қанмен қоректендіреді.Жалпы сүйек аралық артерия шынтақ артериясынан басталып екіге тармақталады.

    1.Алдыңғы сүйек аралық артериясы-алақанның бұлшық етерін қанмен қоректендіреді.

    2.Артқы сүйек аралық артериясы білектің артқы топтағы бұлшық еттерін қанмен қоректендіреді.

    3.Алақан мен қол сыртының артериялары-алақан мен қолдың сыртын қанмен қоректендіреді.

    4.Алақанның терең артериясы шыбық артериясының тармақтарына қосылуының арқасында алақанның тереңдегі артерия доғасы пайда болады.

    Шыбық артериясы (лучевая артерия a.radialis) қар артериясының жалғасы,ол білекке дөңгелек бұлшық етпен қар шыбық етінің арасынан өтеді.Білектің үштен бір бөлігіне келгенде беткейге шығады,осы жерде бұл тамырдың соғуын анықтауға болады.Шыбық сүйегінің біздей сүйіршесі тұсында қолдың сыртында шығып,одан кейін алақан сүйектерінің арасымен алақанға өтеді.Алақанның терңдегі артерия доғасының құрылысына қатынасады.Доғадан саусақтарға тармақтар шығады.Олардың бір тармағы алақанның беткейдегі артерия доғасымен қосылады

    Шыбық артериясынан қардың ,білектің бұлшық еттерінің шынашақты қанмен қоректендіретін қан тамырлары шығады.Олар:

    1.Шыбықтың иірілген артериясы қардың,білектің бұлшық еттері мен шынтақ буынын қанмен қоректендіреді.

    2.Алақанның және қол сыртының білезік артериялары білезікті қанмен қоректендіреді .

    3.Беткейдегі алақан тармақтары шынтақ артериясының тармақтарымен қосылғанда алақанның беткейдегі доғасы пайда болады.

    Алақанның тереңдегі және беткейдегі артерия доғаларынан басқа шынтақ және білезік буындарында артерия қан тамырларының торлары пайда болады.Қол қимылдағанда коллатеральды жолдар,оның қан айналымын жақсартады.

    Алақанның терңдегі доғасы шынтақ артериясының тікелей жалғасы.Білезік буынының сыртқы және ішкі жағына торланып жатқан қан тамырлары шығады,олар бір-бірімен қосылып жатқан алақанның терңдегі артериясы,одан жалпы саусақ аралық артерия тарамдалады.

    Алақанның беткейдегі доғасы саусақты бүгуші бұлшық еттер шандырының астында орналасқан.Алақанның беткейдегі доғасы қар және шыбық артериясының беткейдегі тармақтарынан пайда болады.

    Бұл доғадан саусақ артериясы басталады.

    Саусақтарға тереңдегі алақан доғасынан алақан-саусақ артериясы тармақталадЫ.Сонымен әрбір саусақты 4 артерия қан тамыры қоректендіреді.Олар екі ірі алақан,екі ұсақ қол сыртының артериялары.Саусақтардың бүйіріндегі бетіне орналасып саусақтың ұшына дейін жетіп ,саусақ ұшында тор пайда болады.
    Қолқаның төменге бағытталған бөлігінің артерия қан тамырлары.

    Қолқаның доғасы арқаға және солға бағытталып,сол бронхтан өткенде оның төменге бағытталған бөлігіне өтеді.Қолқаның төменге бағытталған бөлігі кеуде және іш бөлігінен тұрады.Қолқаның көкетке дейінгі бөлігі-көкірек қолқасы болып аталады.

    Қолқаның көкірек бөлігі (грудная часть аорты,parts thoracica aortae).Көкірек қолқасы артқы көкірек аралығында,омыртқаға жанасып,тақ вена және кеуде лимфа ағымымен қатар жатады.Көкірек қолқасынан екі тармақ шығады:

    1.Ішкі тармақ

    2.Қабырғалық тармақ

    Ішкі тармақтардан бірнеше артериялар шығады

    1.Бронхиал тармақ-бронхтармен бірге өкпеге кіріп көптеген анастомаздар құрайды.Олар өкпені,кеңірдекті,бронхтарды қанмен қоректендіреді.

    2.Өңеш тармағы-өңешті қанмен қоректендіреді.

    3.Медиастиналь тармақ-көкірек аралықта орналасқан мүшелерді қанмен қоректендіреді.

    4.Перикардиал тармақтар-перикардты (жүрек қабы) қанмен қоректендіреді.

    Қабырғалық тармақтар.

    1.Жоғарғы көкет артериясы көкеттің жоғарғы бетін қанмен қоректендіреді.

    2.Артқы қабырға аралық тармақ III-XII қабырғалар аралығындағы артерия қан тамырлары,бұлардың әрқайсысы медиаль,латераль тері артерияларына тармақталады.Олар қабырға аралық бұлшық етті,іштің тік бұлшық етін,сүт безін қанмен қоректендіреді.Арқаның артериялары оның бұлшық еттерін,терісін,жұлынды қанмен қоректендіреді.Көкірек қолқасы көк еттен өткеннен кейін іш қолқасы болып аталады.

    Іш қолқасы (брюшная часть аорты,pars abdomimalis aortae) омыртқа жотасының алдыңғы бетінде орналасқан.Оның оң жағынан төменгі қуыс вена өтеді.Іш қолқасы екіге тармақталады.

    1.Ішкі мүшелер тармақтары (внутренностные ветви брюшной аорты)

    2.Іш қуысының қабырғасын қанмен қоректендіретін артерия қан тамырлары (пристеночные ветви брюшной аорты)

    Іш қолқасының ішкі мүшелерге тармақталған артерия қан тамыр жұп және тақ болып бөлінеді.Тақ тармақтар:

    1.Іш бағаны (чревный ствол,truncus coeliacus);

    2.Жоғарғы шажырақай артериясы (верхняя брыжеечная аретрия,a.mesenterica superior)

    3.Төменгі шажырақай артериясы (нижняя брыжеечная артерия a.mesenterica inferior)

    1.Іш бағаны (чревный ствол,truncus coeliacus)-іш қолқасынан XII кеуде омыртқасының тұсынан шығады,өте қысқа.Одан үш тармақ басталады.

    А.Сол жақтағы асқазан артериясы асқазанның кіші иірімін қанмен қоректендіріп,оң асқазан артериясымен қосылады.

    Б.Жалпы бауыр артериясынан (общая печеночная артерия) бірнеше тармақтар шығады:

    -асқазан-он екі елі ішек артериясы (гастродуоденальная артерия) асқазанды,он екі елі ішекті,ұйқы безінің басын қанмен қоректендіреді;

    -жоғарғы ұйқы безі-он екі елі ішек артериясы (верхняя панкреато-дуоденальная артерия) ұйқы безін он екі елі ішекті қанмен қоректендіреді;

    -бауырдың меншікті артериясының (собственно печеночная артерия) оң жағынан асқазан артериясы шығады,асқазанды қанмен қоректендіреді.Бауырдың меншікті артериясы өт қабына тармақ шығарады,кейін қақпа венасымен бірге бауырдың қақпасы арқылы оның ішіне кіреді.Бауырдың ішінде оң және сол бөлік артерияларына,кейін сегменттердің,бөлікшелердің және бөлікше аралық артерияларға тармақталып,бауырды қанмен қоректендіреді.Сонымен қатар іш бағанынан іш қуысының жоғарғы бөлігіндегі тақ мүшелерді:асқазанды,бауырды,өт қапшығын,көк бауырды,ұйқы безін,он екі елі ішекті қанмен қоректендіретін тармақтар шығады.

    Оң жақтағы асқазан артериясы 3тармаққа бөлінеді:алдыңғы және артқы гастродуоденаль артериялар.Олар асқазан асты безін,он екі елі ішекті,ал оң асқазан шарбы артериясы үлкен шарбы мен асқазанды қанмен қоректендіреді.

    Көкбауыр артериясы (селезночная артерия,a.lienalis) ұйқы безінің денесін жағалап өтіп,тармақтарға бөлінеді,көкбауырдың қақпасы арқылы паренхимасына кіріп,оны қанмен қоректендіреді.Көкбауыр артериясынан асқазанды,шарбыны,ұйқы безін қоректендіретін қысқа қан тамырлары шығады.Олар қысқа асқазан артериясы,асқазан-шарбы артериясы,осылармен аттас мүшелерді қанмен қоректендіреді.

    II Жоғарғы шажырақай артериясы ыерхняя (брыжечная артерия,a.mesenterica superior) іш қолқасынан XIIкеуде,I-ші бел омыртқасының тұсында іш бағаны артериясының төменінен басталып,төменге және оңға қарап бағытталады.Ол ұйқы безінің денесімен,12 елі ішектің төменгі бөлігінің арасынан өтіп,денесімен ,12 елі ішектің төменгі бөлігінің арасынан өтіп,жіңішке ішектің шажырақай майының арасына кіріп,оң жақтағы мықын шұңқырына жетеді.Өзінің өткен жолдында тармақтар шығады:

    1.Төменгі 12елі ішек ұйқы безі артериясы ұйқы безімен 12елі ішекті қанмен қоректендіреді.

    2.Ащы ішек артериясы 15-20 артериялардан тұрады,олар жіңішек ішектің,ащы ішек және оның мықын бөлігін қанмен қоректендіретін тік артериялар олар бір-бірімен қосылып «ішек артерия доғасы» пайда болады.

    3.Мықын-оң жақ тоқ ішек артериясы ішекті оның құртқа ұқсас өсікшесін,аш ішектің мықын бөлігін,өрлеме тоқ ішекті қанмен қоректендіреді.

    4.Оң жақ тоқ ішек артериясы өрлеме тоқ ішекті қанмен қоректендіреді.

    5.Орталық тоқ ішек артериясы өрлеме тоқ ішектің жоғарғы бөлігін,көлденң тоқ ішекті қанмен қоректендіреді.

    Орталық тоқ ішектің оң жақтағы артериялары оң жақ тоқ ішек артерияларымен,ал сол жақтағылары тоқ ішектің бойымен бағытталып,сол жақтағы тоқ ішек артериясымен қосылғанда анастомоздар пайда болады.

    III Төменгі шажырақай артериясы (нижняя брыжеечная артерия,a.mesenterica inferior) іш қолқасынан Iiбел омыртқасының тұсында,жоғарғы шажырақай артериясының төмегі жағынан басталады.Шарбының сыртымен солға және төменге бағытталып,үш тармаққа бөлінеді:

    1.Сол жақ тоқ ішек артериясы-көлденең тоқ ішектің сол бөлігін,төменге бағытталған тоқ ішекті қанмен қоректендіреді.

    2.Қима артериясы-қима тәрізді ішекті қанмен қоректендіреді.

    3.Жоғарғы тік ішек артериясы-тік ішектің жоғарғы және орта бөліктерін қанмен қамтамсыз етеді.Жоғарғы тік ішек артериясы кіші астаудағы ішкі мықын артериясының тармақтарымен қосылғанда анастомоздар пайда болады.

    Іш қолқасының тақ артерия қан тамырларынан басқа,осы қуыстағы жұп мүшелерді қанмен қоректендіретін,жұп тамырлар басталады.

    Олар:

    А.Орталық бүйрек үсті артериясы іш қолқасынан I бел омыртқасының тұсында басталады,бүйрек үсті безін қанмен қоректендіреді.

    Б.Бүйрек артериясы-I-II бел омыртқасының тұсынан басталып,бүйректің қақпасынан кіріп,оны қанмен қоректендіреді.

    В.Ен (яичковая артерия) немесе аналық без яичниковая артерия артериясы қолқадан бүйрек артериясынан төменіректен басталады.Олар жыныс бездерін қанмен қоректендіреді .Ерлерде шәует жолының құрамында шат өзегі арқылы,умаға өтіп аталық безді,оның қосымшасын қанмен қоректендіреді.Ал әйелдерде бұл артерия жіңішкерек,жатырдың жалпақ байламының ішімен жатырға,оның түтігіне барады.

    Іш қолқасының қабырғалық (париетал) артерия қан тамырлары:

    1.Төменгі көкет артериясы көк еттің төменгі бетін қанмен қоректендіреді.

    2.Бел артериялары-4 жұп болып іштің,арқаның бұлшық еттері терісін,жұлынды қанмен қоректендіреді.

    Аяқтың артерия қан тамырлары.

    Іш қолқасы IV бел омыртқасының тұсында оң және сол жалпы мықын артериялары болып екіге тармақталады.Ал іш қолқасының кіші астау үшін жалғасы орталық сегіз көз артериясы.

    Орталық сегіз көз артериясы(срединная крестцовая артерия)-іш қолқасының екі мықын артериясына бөлінген жерінен басталып сегіз көз,құйымшақ аймағындағы бұлшық еттерді қанмен қоректендіреді.

    Оң және сол жалпы мықын артериялары.(правая и левая общие подвздошные артерии,a.iliaca communis) іш қолқасының тікелей жалғасы,сегізкөз-мықын буынының тұсында ішкі және сыртқы мықын артерияларына тармақталады.

    Ішкі мықын артериясы (внутренняя подвздошная артерия,a.iliaca interna)-белдің бұлшық етінің бойымен төменге бағытталып кішіастауға кіреді,оның қабырғасын,ондағы мүшелерді қанмен қоректендіретін алдыңғы және артқы тармақтар шығады.

    Ішкі мықын артериясының тармақтары:

    1.Кіндік артериясы-несеп ағар түтігін,қуықтың жоғарғы бөлігін қанмен қамтамасыз етеді,одан шәует қауақшасын,оның жолдарын,ұрық безінің қосымшасын қанмен қоректендіретін тармақтар шығады.

    2.Жатыр артериясы-жатырды,оның қынабын,түтікті,аналық жыныс безінқанмен қоректендірді.

    Орталық тік артериясы-тік ішектің төменгі бөлігін,қуық алды безін,шәует қауақшаларын қанмен қоректендіріп,жоғарғы және орталық тік ішек артерияларының тармақтарымен қосылады,анастомоздар құрайды.

    4.Ішкі жыныс артериясы кіші астаудан шығып,отырықшы сүйектің кішкене тесігі арқылы отырықшы-тік ішек шұңқырына өтеді.Ол уманы,сыртқы жыныс мүшелерін,несеп шығарушы түтікті,жыныс аралығының бұлшық етін,тік ішектің төменгі бөлігін қанмен қоректендіреді.

    Ішкі мықын артериясынан кіші астаудың қабырғасына төмендегі тармақтар шығады.

    1.Мықын-бел артериясы үлкен бел бұлшық етінің артқы шетімен өтіп,арқаның бел бөліміндегі және іштің бұлшық етін қанмен қоректендіреді.

    2.Мықын латераль артериялары құйымшақты,жұлынды,арқаның және іштің төменгі бөліміндегі бұлшық етерді,құйымшақ аймағының терісін қанмен қоректендіреді.

    3.Жоғарғы және төменгі бөксе аретриясы кіші астауданалмұртша бұлшық ет (надгрушевидное) тесігі арқылы шығып,бөксенің үлкен,орта,кіші бұлшық еттерін санның,жыныс аралығының,жамбастың бұлшық етттерін жартылай және жамбас-сан буынын,бөксенің терісін қанмен қоректендіреді.

    4.Жапқыш артериясы кіші астаудың бүйір қабырғасымен жапқыш тесігіне барады,сол тесік арқылы санға шығады.

    Бұл қан тамырдан жамбастың,санның бұлшық еттерін,ұршық буынын,отырықшы сүйекті жыныс аралығын,сыртқы жыныс мүшелерін қанмен қоректендіретін тармақтар шығады.

    Сыртқы мықын артериясы (наружная подвздошная,a.iliaca externa) аяқты қанмен қоректендіретін тармақтар шығаратын ең ірі қан тамыр.

    Ол жамбастың үлкен бұлшық етінің шетімен шат байламына дейін жетеді.Одан жамбас пен іштің бұлшық еттерін қанмен қоректендіреді және сыртқы жыныс мүшесіне тармақтар шығады.Оның негізгі тармақтары:

    1.Төменгі баған үсті артериясы-іш қуысының алдыңғы қабырғасының артымен бағытталып,іштің тік бұлшық етін қанмен қоректендіреді.

    2.Мықын сүйегін ораушы,терең артерия-мықын сүйегінің қырын бойлап ,жамбастың бұлшық етін қанмен қоректендіреді.

    Сыртқы мықын артериясы-шат байламының астынанөткеннен кейін сан артериясы деп аталады.

    Сан артериясы (бедреная артерия,a.femoralis)-манды бүгуші және санды жақындатушы бұлшық еттердің арасымен,саннан төменге бағытталады.Тақымға келгенде беткейге шығады.Сан артериясы жолында бірнеше тармақтар шығарады.

    1.Беткейдегі баған үсті артериясы жоғарыға,іштің алдыңғы қабырғасына көтеріліп оның тереісін,қиғаш бұлшық етін қанмен қоректендіреді.

    2.Мықын сүйегін ораушы беткейдегі артерия-шаттың бұлшық етін,терісін және лимфа бездерін қанмен қамтамасыз етеді.

    3.Сыртқы жыныс артериялары шат аймағын,еркекте уманы,әйелде жыныс еріндерін қанмен қоректендіреді.

    4.Шат артериясы-шаттың терісін,лимфа түйіндерін қанмен қоректендіреді.

    5.Төменге бағытталған тізе артериясы-тізенің буынын қанмен қоректендіреді.

    6.Тереңдегі сан артериясы шат өзегінен 3-4см төменде сан артериясынан басталады,медиаль және латераль артерияларға тармақталады.

    Тереңдегі сан артериясының медиаль және латераль тармақтары жамбас белдеуін,санның бұлшық еттерін,терісін қанмен қоректендіреді.Ал санның тереңдегі артериялары санның артқы бетіне өтіп,санды бүгуші бұлшық еттерді,ұршық буынын,сан сүйегін қанмен қоректендіреді.

    Сан артериясының тікелей жалғасы тақым артериясы.

    Тақым артериясы (подколенная артерия,a.poplitea) тақымның шұңқырында орналасқан.Балтырдың қамбалаға ұқсас бұлшық етінің шетінде артқы және алдыңғы асық жілік артериясына тармақталады.

    Алдыңғы асық жілік артериясы (передняя большеберцовая артерия,a.tibialis anterior) балтырдың асық жілігі мен оның шыбығының арасынан балтырдың алдыңғы бетіне өтіп,бұлшық еттердің арасымен төменге бағытталады.Ол балтыр-табан буынның тұсында аяқ үстінің артериясына жалғасады.Алдыңғы асық жілік артериясы өзінің жолында тізі буынына,балтырдың асық жілік артериясы өзінің жолында тізе буынына балтырдың алдыңғы топтағы бұлшық еттеріне,балтыр тобық буынына тармақтар шығарады.

    Аяқ үсті артериясы аяқ басының үстіндегі терісін,майда бұлшық етттерін қанмен қамтамасыз етіп,аяқтың үстінде «табан алды артерия доғасына» айналады.

    Артқы асық жілік артериясы (задняя большеберцовая артерия,a.tibialis posterior)-балтырдың артқы топтағы бұлшық еттерінң арасымен төменге бағытталып,өкше сіңірінің ішкі медиаль тұсынан өтіп,табанның медиаль және латераль табан артериялары болып тармақталады.Артқы асық жілік артериясы балтыр сүйегіне,бұлшық еттерге,тізе,балтыр-тобық буынына тармақтар шығарады.

    Бұл артерияның ең үлкен тармағы асық жілік шыбығының артериясы.Ол осы жілікті,оның бұлшық етін және балтыр-тобық буынын қанмен қоректендіреді.

    Ішкі және сыртқы табан артериялары аяқ басы сыртқы және ішкі шетімен өтіп,табан сүйектерін,терісін,бұлшық еттерін қанмен қоректендіреді.

    Ішкі табан артериясы (медиальная подошвенная артериях,a.plantaris medialis)-аяқ ьасының ішкі бетімен табанға өтіп,бақайларға тармақтар шығарады.

    Сыртқы табан артериясы (латеральная подошвенная артерия,a.plantaris lateralis) табанның сыртқы бетінің бұлшық еттерін,терісін қанмен қоректендіреді,аяқ басының сыртқы артериясымен қосылып,табанның тереңдегі артерия доғасына (глубокая подошвенная дуга)

    айналады.Бұл доғадан төрт табан тармақтары,ал олардың әрқайсысынан бақайларды қанмен қоректендіретін тармақтар шығады.

    ҮЛКЕН ҚАН АЙНАЛЫС ШЕҢБЕРІНІҢ

    ВЕНА ҚАН ТАМЫРЛАРЫ.

    Денедегі қан-үлкен қан айналыс шеңберінің вена қан тамырларына жиналып,жүректің оң құлақшасына құяды.Дененің жоғарғы бөлігінен қан жоғарғы қуыс венаға,төменгі бөлігінен төменгі қуыс венаға жиналады.Олардың ішінде қақпа венасының орны өзгеше.

    Жоғарғы қуыс вена (верхняя полая вена,vena cava superior) қысқы,жуан,вена қан тамыры.Ол қолқаның көкірек бөлігінің оң жағында орналасқан.I-ші қабырғаның төске біріккен буынынң тұсында оң және сол иық-бас веналарының қосылуынан пайда болады.Оған оң қулақшаға бағытталған жолында тақ венасы қосылады.

    Жүректің меншікті веналары бұл венларға қосылмастан тікелей жүректің оң құлақшасына құяды.Жүректің вена қан тамырлары:

    1.Жүректің үлкен вена қан тамыры қанды жүректің ұшынан,оң және сол қарыншалардың алдыңғы бетінен жинайды.

    2.Жүректің орталық венасы қанды жүректің артқы бетінен жинайды.

    3.Жүректің кіші венасы оң қарыншаның артқы бетінен жинайды.

    4.Сол қарыншаның артқы венасы сол қарыншаның артқы бетінен жинайды.

    5.Сол құлақшаның қиғаш венасы қанды сол құлақшаның артқы бетінен жинайды.Жүректің барлық веналарынан жиналған қан тәждік венаға барып құяды.Тәждік вена қуысы жүректің артқы бетінде тәждік сайда орналасқан.Ол жүректің оң құлақшасына төменгі қуыс вена мен құлақша аралық перденің арасына ашылады.Оң және сол иық-бас венасы:оң және сол бұғана асты венасы мен ішкі мойынтұрық венасының қосылуынан пайда болады.
    1   2   3   4


    написать администратору сайта