Главная страница
Навигация по странице:

  • Көру мүшесі

  • Тығыз ақ қабықша

  • Кірпікті дене

  • Тор қабықша

  • Көз жас безі

  • Жүрек анатомиясы. Жур.тамыр. кору органы (2). Жрек ан тамырлар жйесі


    Скачать 267 Kb.
    НазваниеЖрек ан тамырлар жйесі
    АнкорЖүрек анатомиясы
    Дата13.01.2022
    Размер267 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаЖур.тамыр. кору органы (2).doc
    ТипДокументы
    #330513
    страница4 из 4
    1   2   3   4

    XI.СЕЗІМ МҮШЕЛЕРІ.

    (Органы чувств.Organa sensuum)

    Дененің барлық мүшелерінде рецепторлар (жүйке ұщтары) бар.Рецепторлар ішкі,сыртқы ортаның тітіркеністерін бірден қабылдайды.Денеің кейбір мүшелеріндегі рецепторлар тітркеністі тек сыртқы ортадан қабылдайды.Бұл рецепторлардың ерекшелігі олар нақты өзіне тән тітіркеністі ғана,мысалы көздің рецепторлары тек жарық сәулесін,құлақтағы дыбысты қабылдайды.Сыртқы ортаның тек өзіне тән тітіркеністерін қабылдайтын мүшелер-«сезім мүшелері» деп аталады.Сезім мүшелеріне көру мүшесі (көз),есіту,тепе-теңдік (құлақ),иіс (мұрын),дәм сезу (тіл),жанасуды сезу (тері) мүшелері жатады.Теріде ыстықты,суықты,ауырғанды,жанасудысезетін жүйке ұштары бар.

    Көру мүшесі (орган зрения,organum visus)көз.Көз (глаз,oculus)көз алмасынан және оны қоршаған қосымша мүшелерден тұрады.

    Қосымша мүшелерге көздің бұлшық еттері,қабақ,жас бездері кіреді.Көзді қоршаған қосымша мүшелер оны сыртқы ортаның зиянды әсерлерінен қорғайды.Қастың түктері маңдайдан аққан терденғ,қабақ пен кірпік шаң-тозаңнан сақтайды.Қабақ ішкі жағынан сілемейлі қабықша-коньюктивамен қапталған.Ол көз алмасына өтіп оның сыртқы бетініңбір бөлігін жауып тұрады.

    Көз алмасы (глазное яблоко,bulbus oculi) шар іспетті,алдынан аз ғана дөңестенген.Ол үш қабықтан және ішкі ядродан тұрады.Көз алмасының қабықтары.

    1.Сыртқы,тығыз ақ қабықша.

    2.Ортадағы тамырлы қабықша

    3.Тор қабықша

    Тығыз ақ қабықша көзді механикалық,химиялық зақымданудан,бөгде бөлшектер мен микробтардан сақтайды.Тығыз ақ қабықша екі бөліктен тұрады:1.Алдыңғы дөңес мөлдір қасаң қабық;2.Артқы ақ қабық

    Көздің алдыңғы мөлдір қасаң қабығы (роговица,cornea)-әйнек сияқты жарық сәулесін еркін өткізіп тұрады.Оның негізі дәнекер ұлпа,алдында көп қабатты жазық кілегеймен,артында-эндотелиймен қапталған.Қасаң қабықта қан тамырлары болмайды,жүйке ұшына өте бай.

    Мөлдір қасаң қабық көздің артқы бөлігіне өткенде ақ қасаң қабық-склераға (sclera) айналады.Склера піскен жұмыртқаның ағына ұқсас.Ақ мөлдір қасаң қабықтың склераға өткен жері шеті (лимба) деп аталады.Ақ қасаң қабықтың шетіне жақын жерінде домалақ пішінді қуыс бар.Оны «шлем өзегі» деп атайды.Склера қан тамырлары мен жүйке ұшына өте бай.

    Тамырлы қабық қан тамырына өте бай.Тамырлы қабық үш бөлімнен тұрады:1.Алдыңғы-нұрлы қабықша;2.Ортадағы-кірпікті дене;3.Артқы-меншікті-тамырлы қабық.

    Нұрлы қабықша (радушная оболочка,iris) ортадағы тесік-көз қарашығын қоршап тұрады.Оның түсі ашық көгілдір түстен,мөлдір қараға дейін болады.Нұрлы қабықшаның түстен,мөлдір қараға дейін болады.Нұрлы қабықшаның алдыңғы беті,көз қарашығына және кірпікті денеге қараған екі шеті бар.Кірпікті дененің шетіне жақын нұрлы қабықша мен ақ мөлдір қасаң қабықша аралығында үшбұрыш пайда болады.Осы жерде тарақша-байламы бар.Ол байламның ішінде нұрлы қасаң қабық қуысы бар.Нұрлы қабықтың дәнекер ұлпалы негізі алдында эндотелиймен,артында пигмент жасушаларымен қапталған.Көздің түсі осы пигмент жасушаларының мөлшеріне,орналасуына байланысты әртүрлі болады.Нұрлы қабықшадағы ет орналасуына байланысты әртүрлі болады.Нұрлы қабықшадағы ет орналасуына байланысты әртүрлі болады.Нұрлы қабықшадағы ет талшықтары көздің қарашығын тарылтып,кеңейтіп,көзге жарық сәулесінің түсуін реттеп тұрады.

    Кірпікті дене (ресничное тело,corpus ciliare) нұрлы қабықшаның жуандаған жері .Ол қарашықтың артында,көз бұршағын қоршап тұрады.Кірпікті дененің ішкі алдыңғы бөлігінде кірпікті дене меншікті тамырлы қабыққа өтеді.

    Меншікті тамырлы қабық (собственная сосудистая оболочка,choroidea)көздің ортаңғы қабатының көп бөлігі осы қабықтан тұрады.Ол сыртында көздің қасаң қабығына,ішкі бетінде тор қабыққа ақраған.Бұл қабық артерия,вена тамырларына бай.

    Тор қабықша (сетчатка,retina)құрылысы өте күрделі.Бұл қабықшада жарық сәулесінің тітркендіруі әсерінен қозу толқыны пайда болатын жүйке жасушалары бар.Олар көру рецепторлары.Күндізгі жарықты қабылдайтын қолбашалар мен ымырттағы жарықты қабылдайтын таяқша жүйке жасушалары.Көружүйкесі көз алмасының барлық қабықтарынан өтіп тор қабықшадан шығып миға барады.

    Тор қабықшадан көру жүйкесінің шығатын жерінде сопақша дөңес бар.Бұл дөңес «көру жүйкесінің» дискісі деп аталады.Бұл жерде жарық жасушалары болмайды,сондықтан ол жерді «соқыр нүкте» деп атайды.Тор қабықшаның ортасында,қарашықтың тура қарсысында «сары нүкте» бар.

    Тор қабықша 10қабаттан тұрады.Олардың ең маңыздысы жүйке жасушаларынан тұратын үшінші қабат.Жасушалар пішіні таяқша және қолбашаланып бөлінеді.Бұл жасушалардың аксондарынан көру жүйкесінің талшығы пайда болады.

    Көз алмасының ішкі ядорсына көз бұршағы,шыны сияқты дене және көз сұйықтығы жатады.

    Көз бұршағы (хрусталик,lens) тікелей қарашықтың артында орналасқан.Оның пішіні дөңес линзаға ұқсайды.Хрусталиктің ортасы қатты,шеті бостау болады.

    Шыны тәріздес дене (стекловидное тело,corpus vitreum) мөлдір,таза хрустальдей,көздің ішкі бөлігін толық толтырып тұрады.Көз бұршағы мен шыны тәріздес денеде жүйке талшықтары,қан тамырлары болмайды.

    Көз алмасының сұйықтығы (водянистая влага,humor aguosus)көздің алдыңғы және артқы қуысын толтырады.

    Көз бұршағынан,шыны тәріздес денеден,көз сұйықтығынан көздің оптика жүйесі пайда болады.Көзге түскен сәулені олар сындырып тор қабыққа түсіреді.

    Көздің алдыңғы қуысы алдында қасаң қабықпен,артында нұрлы қабықша және бұршақты денемен шектескен.Көздің артқы қуысының алдында нұрлы қабықша мен көз бұршағы,артында кірпікті дене бр.Көздің алдыңғы және артқы қуысының алдында нұрлы қабықша мен көз бұршағы,артында кірпікті дене бар.Көздің алдыңғы және артқы қуысының арасын нұрлы қабықша мен бұршақты дененің аралығындағы қуыс қосып тұрады.Көз алмасының сұйықтығы кірпікті дене мен нұрлы қабықшадағықан тамырлары айналымынан пайда болады.Ол мөлдір қасаң қабықты қоректендіріп көздің ішкі қысымының тұрақтылығын сақтап тұрады.Көз алмасының сұйықтығы ақ қасаң қабықтағы венаға ,одан көздің вена тамырларына қосылады.

    Көз өте күрделі оптикалық жүйе.Сәуле көзге түскеннен кейін көз бұршағында,шыны тәріздес денеде сынып,тор қабықта кескін пайда болады.

    Көздің қарашығы көзге түскен сәуленің күшіне байланысты кеңейіп,тарылады.Көзге жарқыраған сәуле түскенде қарашық тарылады.Қарңғыда қарашық кеңейеді.Қрашықтың тарылып,кеңеюі оның айналасындағы бырыңғай салалы бұлшық еттің қызметіне байланысты.Қрашықтың жарық сәуледен тарылуы,қараңғыда кеңеюі «қарашық рефлексі» деп аталады.

    Көз бұршағы қарашықтан өткен сәулені сындырып,шыны тәріздес дене арқылы тор қабыққа жеткізеді.Көз бұршағы алыстағы және жақындағы нәрселерді көру үшін дөңестеніп,жазықтанып пішінін өзгертіп тұрады.Көзге түскен сәуленің әсерінен тор қабықтағы қолбашалар мен таяқша рецепторларында қозу пайда болады.Тор қабықтағы қолбашалрдың саны 7мле,таяқшаоар шамамен 130млн.

    Көру жүйкесі көз алмасынан шығар жерінде екіге бөлінеді.Екі көздің жүйкелерінің ішкі жартылары айқасып,қарсыдағы көздің көру жүйкесінің сыртқы жартысымен қосылып бір көру жүйкесі пайда болады.Көзге түскен сәуле көру жүйесі арқылы көрудің қыртыс асты орталығы жоғарғы көру төмпешіктеріне ,одан бас мидың шүйде бөлігіндегі көрудің қыртыс орталығына барады.

    Көрудің бұзылуы әр түрлі болуы мүмкін.Көздің аса жиі кездесетін кемшілігі алысиан және жақыннан көре алмау болып табылады.Алыстан немесе жақыннан көре алмаушылық тума болуы мүмкін.Жақыннан көретін адамның көз алмасы сопақ болып келеді,сондықтан заттың бейнесі тор қабықшада емес оның алдында пайда болады.Алыстағы ңәрсе бұлдырап көрінеді.Жақыннан көргіштік (близорукость) мектеп жасындағы балаларда көп кездеседі.Бұған классқа жарықтың дұрыс түспеуі,оқу мен жазу кезінде оқушының партада отыруының дұрыс отырмауы себеп болады.

    Алыстан көргіштікке (дальнозоркость)көз бұршағы жазықтанады,нәрсенің бейнесі көздің торлы қабығының артында түйіседі.Бейне көмескіленіп көрінеді.Бейнені айқын көру үшін,дөңес шыны көзілдірік кию қажет.

    Көрудің бұзылуының ерекше түрі дальтонизм.Дальтонизммен ауырған адам бейненің түсін ажырата ламайды.Дальтонизмде көбіне адам жасыл мен қызыл түсті ажырата алмайды.

    Көздің қосалқы мүшелеріне көз алмасының бұлшық еттері,қабақ,қас,көз жас безі жатады.Көз алмасының бұлшық еттері:жоғарғы,төменгі,ішкергі,шеткі тік бұлшық еттер.Бұлшық еттер жиырылғанда көз алмасын,көздің қарашығын өзіне тартады.Көздің жоғарғы қиғаш еті жиырылғанда көз алмасы төменге және шетке қарап бұрылады.Төменгі қиғаш еттің жиырылуынан көз алмасы мен қарашық жоғарыға және шетке қозғалады.

    Көз алмасын сыртынан қабық жауып тұрады.Қабық пен көздің склерасының аралығында эпсклера қуысы болады.Ол көздің еркін қимылдауына мүмкіндік жасайды.Көз шарасы мен көз алмасының аралығында май ұлпасы бар.Ол көз алмасының амортизаторы қызметін атқарады.Майдың арасынан жүйке,қан тамырлар бұлшық еттер өтеді.

    Қабақ (веки,palpebrae) төменгі және жоғарғы болыр екіге бөлінеді.Олар көз алмасының алдыңғы жағын ашып-жабвады.Екі қабақтың біріккен жерінде көз бұрышы пайда болады.Көз аламсының бір-біріне қараған көз бұрышында қызғылттанып көз еті шығып тұрады.Оның төменінде «көз жасының көлі» деп аталатын ойық болады.Бұл жерге көз жасы жиналады.

    Қабақтардың еркін ұштарына кірпіктер бекіген.Жоғарғы қабақтың үстінде қас орналасқан.Қас көзді маңдайдан аққан терден,кірпікті шаң-тозаңнан қорғайды.

    Көз жас безі (слезная железа,glandula lacrimalis) көз шарасының осы аттас шұңқырында.Көздің жасын осы без шығарады.Көз жасы көз алмасының алдыңғы бөлігін жуып,көз жасының көліне жиналады.Көз жасы мұрын-көз жасы өзегі арқылы мұрын қуысына шығады.Көз жасы көзді жуып,оны құрғап кетуден сақтайды.Көз жасының бактериоцидтік қасиеті көзді түрлі аурулардан сақтайды.

    1   2   3   4


    написать администратору сайта