Главная страница
Навигация по странице:

  • Капиллярлар торшасы

  • Коллатерал қан тамырлары,анастомоздар .

  • Қан тамырына жүйкенің әсері.

  • Үлкен және кіші қан айналым шеңбері.

  • Жүрек,оның құрлысы

  • Жүрек анатомиясы. Жур.тамыр. кору органы (2). Жрек ан тамырлар жйесі


    Скачать 267 Kb.
    НазваниеЖрек ан тамырлар жйесі
    АнкорЖүрек анатомиясы
    Дата13.01.2022
    Размер267 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаЖур.тамыр. кору органы (2).doc
    ТипДокументы
    #330513
    страница1 из 4
      1   2   3   4


    . VII ЖҮРЕК ҚАН ТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ.

    (Сердечно-сосудистая система,sistemacardiovasculare)

    Жүрек- қан тамырлар жүйесі денедегі ең күрделі жүйе.Оның құрамына жүрек,қан және лимфа тамырлары кіреді.Қан тамырлар жүйесі:

    -қан мен лимфаның денеде үздіксіз қозғалыста болуын қамтамасыз етеді;

    - мүшелердің арасындағы гуморальдық байланысты реттейді,ішкі секреция бездерінің сөлін немесе гормонын мүшелерге жеткізіп жалпы дененің қызметіне әсерін тигізеді;

    -оттегіні жасушаларға,олардан көмір қышқыл газын өкпеге тасымалдайды;

    -тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған улы заттарды сыртқа шығарады (мочевина,қандық азот т.б);

    -жылудың,су мен минералды тұздардың денедегі тұрақтылығын сақтайды;

    -қорғаныс қызметін атқарады;

    Тамырлар атқаратын қызметі мен морфологиялық құрылысына қарай қан айналу жүйесінің тамырлары және лимфа айналу жүйесінің тамырлары болып екі топқа бөлінеді.Олардың орталығы-жүрек.

    Қан айналу жүйесінің тамырлары атқаратын қызметіне,құрылысының ерекшелігіне қарап артерия,вена,капилляр қан тамырлары болып бөлінеді

    Артерия,вена,капилляр қан тамырларынан тұйық қан айналу шеңбері пайда болады.Қан айналу жүйесінің тамырларын зерттейтін ілім-ангиология.

    Артерия қан тамыры –қанды жүректен мүшелерге жеткізеді.Ең үлкен артерия қан тамыры қолқа(аорта),екіншісі-өкпе сабауы.Артериялар ірі,орта,майда және орналасуына байланысты мүшелердің сыртындағы және олардың ішіндегі артериялар болып бөлінеді.Мүшелердің сыртындағы артерия сол мүшені қанмен қамтамасыз етеді және сол мүшенің атымен аталады,мысалы бүйрек артериясы,көкбауыр артериясы.

    Мүшенің артериясы,оның ішінде артеолаларға дейін

    тармақталады,капиллярға жалғасады.Артерияның қабырғасы:ішкі,орталық және сыртқы-үш қабаттан тұрады.

    Ішкі қабаты (внутренняя оболочка,tunica intima)-эндотелий,эндотелий асты және серпімді жарғақты қабат.Серпімді жарғақ қабаты-артерия қан тамырына созылғыштық қасиет береді.

    Орталықтағы қабаты (средняя оболочка,tunica media) ,бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы мен серпімді талшықтардан тұрады.

    Сыртқы адвентация қабаты (наружная оболочка,tunica adventitia) құрамында жүйке жүйесі талшықтары мен өзінің қан тамыр бар борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады.

    Артерия қан тамырларының үш түрі бар:серпімді,аралас және бұлшық ет-серпімді қабырғалы.Жүрекке жақын артерия қан тамырларының қабырғаларында серпімді талшықтар көп және созылғыш келеді.Жүйке жүйесінің басқаруымен қан тамырдың қабырғалары тарылып немесе кеңейіп қанның жүруін реттеп отырады.Ал майда қан тамырдың қабырғасында бұлшық ет талшықтары көп.Олар жиырылған кезде тамыр тарылады,ал босағанда қан тамыры кеңейеді.

    Капиллярлар артерия қан тамырларын,вена қан тамырларымен байланыстыратын шаштың жуандығынан бірнеше есе жіңішке қан тамырлар.Каппилярлар терінің эпидермс қабатында,көздің қасң қабығында,бұршақ тәрізді денесінде,шашта,тырнақта,тістің эмалында,дентинінде болмайды.

    Капиллярлар торшасы-бір қабатты эндотелийден тұрады.Капилляр және ұлпа аралығында,ұлпаларда тіршілік әрекеті нәтижесінде зат алмасу,сіңіру,сүзілу процесстері үздіксіз жүріп жатады.

    Капиллярлар венулалармен жалғасады.

    Қазіргі заманғы көзқарас бойынша артериола-прекапилляр-капилляр-капиллярдан кейін венула қан тамырларындағы қан айналуы микроцеркуляция деп аталады.Микроцеркуляцияның нәтижесінде қан мен ұлпа аралығындағы зат алмасуы өтеді.Ұлпаға капилляр қабырғасы арқылы қоректік заттар,оттегі өтеді,ал ұлпадан капиллярға тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған заттар мен көмір қышқыл газы өтеді.

    Вена қан тамырлары арқылы қан мүшелерден жүрекке ағып келеді.Қан алдымен венулаларға ,одан ірі веналарға бірігеді.Денедегі барлық вена бірігіп жүрекке құяды.

    Вена қан тамырларының қабырғасы үш қабаттан тұрады.Бірақ олардың қабырғасы жұқа және серпімді талшықтары аз,ал ішкі қабатында қанды кері ағудан сақтайтын қақпалары болады.

    Коллатерал қан тамырлары,анастомоздар .

    Денедегі кейбір мүшені негізгі қан тамырымен бірге қосалқы қан тамырлары да қоректендіреді,оларды коллатералдар деп атайды.

    Кейбір мүшелердегі қан тамырлары тармақталып,бір-бірімен немесе көрші мүшенің қан тамырымен бірігеді.Қан тамырлардың бұлай бірігуі анастомоздар деп аталады.Анастомоздар артерия қан тамырлары арасында артерия,вена қан тамырлары,вена –артерия аралықтарында болады.Олар артерия-венозды,вена-венозды анастомоздар.Бұл жағдай саусақ ұшында,мұрында,құлақ қалқанында,жүректе,бас мида,бүйрек,көкбауыр,өкпе т.б ішкі мүшелерде кездеседі.

    Анастомаздардың,коллатералдардың ерекше маңызы бар.Мысалы,кейбір жағдайда негізгі қан тамырынан қан жүрмей қалса ағза анастомозадр,коллатерал қан тамырлары арқылы қанмен қоректенеді.

    Қан аайналу жүйесінде ерекше торлар да кездеседі.Жоғарыда айтылғандай артерия қан тамыры тармақталып капиллярға өтеді,одан веналар басталады.Ал бүйрек пен бауырда бұл жалпы жағдай сақталмай қан артериядан артерия,венадан вена қан тамырларына өтеді.

    Қан тамырына жүйкенің әсері.

    Қан тамырының қабырғасында тітіркенуді қабылдайтын жүйке ұштары-рецепторлар бар .(рецептор талшық емеспе?)Олар сезгіш және қимылдатқыш болып бөлінеді,кейбіреулері қан тамырларының қысым өзгерісін қабылдайды,енді бір рецепторлар қанның химиялық өзгерісіне тітіркенеді.Оларды прессорецепторлар және хемо-рецепторлар деп атайды.

    Қан тамырларында әсіресе қолқа доғасында,жалпы ұйқы артериясының тармақталған жерінде және жоғарғы,төменгі қуыс веналарында рецепторлар өте көп болады.Қан тамырларында рецепторлардың орналасқан жерлері тамырлардың «рефлекс арнасы» деп аталады.Қимылдатқыш жүйке талшықтарының ұштарықан тамырының бұлшық ет қабатында орналасқан.Олардың біреуі бұлшық етті жиырса,енді біреулері оны босатады.


    Үлкен және кіші қан айналым шеңбері.

    Үлкен қан айналым шеңбері жүректің сол жақтағы қарыншасынан қолқа болып басталады,одан артерия қан тамыры түрінде денеге қанды тарқатады.Вена қан тамыры арқылы қанды денеден жинап жоғары және төменгі қуыс вена болып оң жақтағы құлақшаға құяды.Сол қарыншадан қолқа болып басталып,оң құлақшаға қуыс веналар түрінде құятын қан айналуының тұйық жүйесін «үлкен қан айналым шеңбері» деп атайды.«Кіші қан қан айналым шеңбері»,оң қарыншадан қан өкпе сабауына өтеді.Өкпе сабауы екі өкпе артериясы болып өкпенің қақпасы арқылы оған кіреді.Өкпе артериялары,артериолаларғңа одан капиллярларға тармақталып оттегіге байып екі өкпеден 0анды жинап,өкпе вена қан тамырлары деп аталып,қанды жүректің сол құлақшасына құяды.Жүрекпен өкпенің арасындағы қан айналу жүйесі кіші қан айналыс шеңбері деп аталады.

    Жүрек,оның құрлысы

    Жүрек (сердце,cor)-ырғақты жиырылуы мен босаңсуы нәтижесінде қанды венадан тартып алып,артерия қан тамырына айдайды.Жүрек кеуде қуысының сол жағындағы алдыңғы,төменгі көкірек аралықта орналасқан.Жүректің пішіні конусқа ұқсайды.Конустың ұшы төменге,солға-алға,ал табаны жоғары-артқа,оңға қараған.

    Жүректің үш беті бар:1.Алдыңғы-төс-қабырға беті;2.Төменгі-көкетке қараған;3.Бүйірдегі-аралық беті;Жүректің төс-қабырға беті дөңестеу,төстің денесі мен шеміршектеріне жанасып тұрады,ал көкет беті тегіс,көкет сіңір орталығында жүрек қабымен бірігеді.Әр адамның жүрегі өзінің жұдырығының көлеміндей болады.Адамның жүрегінің оң жақ және сол жақ бөлігі болады.Олардың ортасында ет пердесі бар.Оң жақта жоғарыда –оң құлақша,төменінде-оң қарынша.Олардың аралығында құлақша-қарынша тесігі бр.Екеуінің арасында да құлақшақарынша тесігі бар.Оң жақтағы құлақша мен қарыншадан вена қаны ағады.Оң қарыншадан өкпе сабауы (өкпе артериясы) басталады.

    Сол жақтағы құлақша мен қарыншадан өкпенден оттегіге байыған артерия қаны ағады.Сол қарыншадан қолқа (аорта) басталады.

    Оң құлақша (правое предсердиеatrium dextrum)-артында кеңейген,алдында тарылған құлақша.Оң құлақша мен сол құлақшаның аралығындағы пердеде шұңқыр бар.Ананың құрсағында бұл жерде ашық тесік болады.Бала туғанда тыныс алуымен бұл тесік жабылып,орнында шұңқыр қалады.Оң құлақшаға екі қуыс вена құяды.Оң құлақша мен қарыншаның арасында тесік бар,тесікті үш жақтаулы қақпақша жауып тұрады.Бұл арқылы қанқұлақшадан қарыншаға өтеді.

    Оң қарынша ( правый желудочек,ventriculus dexter) сол қарыншадан ет пердесімен бөлінген.Оның қуысы екі бөліктен тұрады.1.Артқы-қарынша бостығы.2.Артерия түтігі.Артерия түтігі жоғарысында өкпе сабауымен жалғасады.Оң қарынша қуысының ішкі бетінде үш бұлшық ет өсіндісі-емізік бұлшық еттері орналасқан.Олардан жақтаулы қақпақшаларға сіңір талшықтары тартылған.

    Сол құлақша (левое предсердие,atrium sinister) оң құлақшаға ұқсап арты кеңейген алды тарылған.Кеңейген бөлігіне төрт өкпе венасы құяды.Бұл веналар арқылы жүрекке артерия қаны құйылады.

    Құлақша-қарынша тесігі арқылы қан құлақшадан қарыншаға өтеді,ал оны екі жақтаулы қақпақшаға жауып тұрады.

    Сол қарынша (левый желудочек,ventriculus sinister ) ішкі қабырғасында екі емізікше бұлшық ет,сіңір талшықтары бар қуыс.Қуыстың алдыңғы,жоғарғы бөлігінен қолқа тесігі ашылады.Оны жарты ай тәріздес қақпалар жауып тұрады.

    Жүректің қабырғасы үш қабаттан тұрады.Ішкі қабаты-эндокард,ортадағысы миокард,сыртқысы-эпикард.Эндокард қабаты іштен қаптаған эндотелий мен дәнекер ұлпалы эндотелий асты қабатынан пайда болған.

    Бұлшық ет қабаты миокард көлденң жолақты бұлшық ет ұлпасынан тұрады.

    Құлақшалардың бұлшық ет қабаты қарыншалардыкіне қарағанда жұқалау және екі қабаттан тұрады.Олар беткейдегі тереңдегі бұлшық еттер.Ал қарыншалардың бұлшық еті қалың үш қабаты бар.

    Миокардтағы бұлшық еттің ішінде ерекше қызмет атқаратын өткізгіш жүйенің бұлшық еттері болады.

    Эпикард –сыртқы қабаты миокардпен біріккен,жүрек қабының ішкі (висцераль) қабаты.Эпикард жүрекке келетін,шығатын қан тамырларының қабырғасы арқылы перикардқа өтеді.Эпикардпен перикардтың аралығында қуыс бар.Онда жүректі үйкелістен сақтайтыназ ғана сір сұйықтығы болады.

    Жүрек қақпақшалары ( клапаны сердца) Жүректің эндокард қабатының өсінділерінен оның екі және үш жақтаулы қақпақшалары пайда болады..Олар құлақша мен қарынша арасындағы тесікті жабады.Оң құлақша мен оң қарыншаның аралығында үш жақтаулы қақпақша бар.Олардың негізігі қызметі қанды қарыншадан кері ағудан сақтайды.

    Өкпе сабауы мен қолқаның жүректен басталатын тесігінде жарты ай тәріздес қақпақшалар бар.Олар тамырлардаен қанды қарыншаға қарай кері ағудан сақтайды.

    Жүректің қақпақшалары тесіктерді толық жаппауы мүмкін.Бұл жағдайда жүрек ақауы пайда болады.

    Жүректің шекарасын анықтаудың үлкен маңызы бар.Жүректің ұшын кеуде қуысының алдынан сол жақтағы V қабырға аралығынан,ал жоғарғы шекарасын III қабырғаның жоғарғы шетінен ,оң жақтағы шекарасын-төстен 2-3см оң жақта III-V қабырғалардың аралығынан анықтауға болады.Жүректің шекарасын бармақпен ұру(перкуссия) арқылы анықтайды.

    Жүрек 3 әптелік ұрықтың мойын бөлігінен түтік түрінде эндокард мезенхимасынан миокард пен эпикард экзодермасынан пайда бола бастайды.Кейін түтіктің бір шеті кеңейіп вена қуысы,екінші шетінен артерия сабауы шығады.Түтіктен алдымен екі қуыс :бір қарынша,бір құлақша пайда болады.Жүректің дамуы сатысында үш,кейін төрт қуыс:екі құлақша,екі қарынша пайда болады.

    Жүректің қызметі.

    Тамырлардағы қан бір бағытта сол құлақшадан сол қарыншаға,одан үлкен қан айналым

    Шеңберіне,оң құлақшадан оң қарыншаға одан кіші қан айналым шеңберіне қарай ағады.Жүректің вена қан тамырларынан қанды сорып алып,артерия қан тамырларына айдауы,оның құлақшалары мен қарыншаларының ырғақты түрде рет-ретімен жиырылып,босаңсуы нәтижесінде пайда болады.

    Жүректің жиырылу кезеңі систола,босңсуы диастола деп аталады.Дені сау адамның жүрегі 1 минутта 60-90 рет жиырылып,босаңсиды.Жүректің систоласы мен диастоласының және оның керісінше алмасып отыруы жүрек қызметінің циклі деп аталады.Жүректің бір циклының ұзақтығы 0,8 сек және үш фазадан тұрады.

    1.Құлақшалардың систоласы (жиырылуы)-0,1 сек;

    2.Қарыншалардың систоласы-0,3 сек;

    3.Жалпы үзіліс (пауза)-0,4 сек.

    Құлақша систоласында қан құлақшадан жақтаулы тесіктер арқылы қарыншаға қарай өтеді.Құлақша систоласында жарты ай тәріздес қақпашалар жабық болғандықтан,қан жоғарғы және төменгі қуыс веналарға кері өте алмайды.

    Құлақшаның систоласы аяқталысымен қарынша систоласы басталады.Қарыншалар систоласы екі сатыдан тұрады:1.Жиырылу сатысы;2.Қанды айдау сатысы

    Жиырылу сатысында қарыншалардың бұлшық еті қатты жиырылып,қарыншадағы қысым көтеріледі,жақтаулы қақпашалар жабылады,сіңір жіпшелері қатаяды.Қарыншаның ішіндегі қысым қолқа ме өкпе сабауынан жоғары болғанда жарты ай тәріздес қақпақшалар ашылып,қанды қарыншадан қолқа мен өкпе саьауына айдап шығу сатысы басталады.

    Қарыншалардың систоласы олардың диастоласымен алмасады.Қарыншалар диастоласында жарты ай тәріздес қақпашалар жабылады.Қолқа мен өкпе сабауындағы қысым қарыншалардағы қысымынан жоғары болғандықтан жарты ай тәріздес қақпашалар жабылады.Бұл кезде жақтаулы қақпашалар ашылады,жалпы үзіліс фазасы басталып жүрек тыныш жағдайда болады.Осы кезде ірі қан тамырларынан құлақшаларға қан келіп құйылады.Жалпы үзілістен кейін құлақшалардың систоласы басталады.

    Жаңа туған нәрестенің жүрегі минутына 140-160 рет,ал 6-7 жастағы баланың жүрегі-95-100рет,12 жаста жүрек 80-90рет.ал ересек адамның жүрегі-60-90рет жиырылып,босаңсиды.

    Минутына 70рет соққан ересек адамның жүрегінің бір циклының ұзақтығы 0,8сек-қа тең болады.Оның 0,1сек құлақшаның систоласы,0,3сек-қарынша систоласы.0,4 сек жалпы үзіліске жұмасалады.Жүректің жиырылуы (систоласы) нәтижесінде қан тамырларға айдап шығарылған қанның мөлшері жүрек соғуының көлемі немесе жүректің систолалық көлемі деп аталады.

    Жүректің систолалық көлемі 60-70 мл тең,ал спортпен шыныққан адамның жүрегі бір жиырылғанында қан тамырларға 200мл жуық қанды айдайды.

    Жүректің бір минуттағы барлық систолалық көлемінң жиынтығы жүректің минуттық көлемі деп аталады.Мысалы: жүрегі 1 минутта 70ре соғатын адамның жүрегінің минуттық көлемі (60мл х 70рет=4200) 4200мл тең болады.

    Жүректің дыбыстары.

    Жүрек қызметінің нәтижесінде систолалық және диастолалық дыбыстары пайда болады.Систолалалық дыбыстың пайда болу себептері:

    1. Құлақша-қарынша аралығындағы жақтаулы қақпашаның жабылу тербелісінен ;

    2. Қарыншалар бұлшық еттерінің изометриялық жиырылу тербелісінен;

    3. Сіңір жіпшелерінің қатайған тербелісінен.

    Диастолалық немесе II дыбыс қарыншалар диастоласы-қолқа мен өкпе сабауындағы жарты ай тәріздес қақпашаның жабылуынан пайда болады.

    Кеуде қуысының алдыңғы қабырғасының белгілі нүктелерінен жүрек дыбысын естуге болады.

    Сол жақтағы құлақша-қарынша арасындағы екі жақтаулы қақпашаның дыбысын,сол жақтағы бесінші қабырға аралығынан бұғана орталық сызығынан 1,0-1,5см ішкері,ал үш жақтаулы қақпашаның дыбысын төстің семсершесінің денесніе қосылған жерінен естуге болады.

    Оң жақтағы екінші қабырға аралығының тұсында төс сүйегінің оң жақтағы шетінен қолқаның жарты ай тәріздес қақпашасының дыбысын естуге болады.

    Қан қысымы.

    Артерия мен вена (көк тамыр) қан тамырларындағы қысым айырмашылығынан,жүректің ырғақты жиырылп босаңсуынан,қан тамырларда жылжиды.Әрбір систоласында жүрек қанды белгілі бір мөлшерде артерия қан тамырларына айдайды.

    Артерия қан қысымына әсер етуші факторлар:

    1. Жүректің систолалаық көлемі-артериолалар мен капиллярлардың қарсылық көрсеткіші;

    2. Қан тамырлар айналымындағы қанның мөлшері;

    3. Қанның жабысқақ қасиеті

    Жүректің ырғақты қызметінің нәтижесінде артерия қан тамырларындағы қанның қысымы тербеліп,өзгеріп тұрады.Қарыншалардың систоласында артерия қан қысымы көтеріледі.,ал диастолада төмендейді.Қарыншалар систоласында артерия қан қысымының шегіне жетіп жоғары көтерілуі,артерия қан тамырларының " систолалық қысымы" деп аталады.

    Қарыншалар диастоласында артерия қан тамырлары қысымының төмен түсуі диастолалық қысым деп аталады.Систолалық және диастолалық қысымының мөлшері адамның жасына байланысты өзгереді.

    Дені сау ересек адамның артерия қан тамырының систолалық қысымы 100-120мм,диастолалалық қысым 70-80мм сынап бағанысына тең болады.Кәрі дамада артерия қан тамырының қабырғасындағы өзгерістерге байланысты систолалық қысым көтеріледі.

    Систолалық және диастолалық қысым арасындағы айырмашылық «тамыр қысымы» депаталады.Ол 40-55мм сынап бағанасына тең болады. (120-70=50)
    Артерия қан қысымын өлшеу.

    Артерия қан қысымы екі әдіспен өлшенеді.Артерия қан тамырларының жүрекке қараған ұшына шыны канюля немесе ине кіргізіледі.Оны резина түтік арқылы сынап манометрі бар өлшеу аспабына жалғайды.Артерия қан тамырларының қысымын бұл әдіспен тек үлкен операцияларда ғана өлшейді.

    Жұмыс жағдайында артерия қан қысымын оны сыртынан қысу арқылы өлшейді.Артерия қан қысымын иық артериясынан Рива-Роччи сфигмомонометрімен «Коротков әдісінде» өлшейді.

    Қуыс резина манжетті қолдың қарына қысып орайды.Манжетке ауаны айдағанда ол қар артериясын қысады.Манжетпен артерияны қысқанда артерия қан тамырларындағы қысым жүректің қарыншаларындағы қысымнан жоғаы болып,қанның жылжуы тоқтайды.Манжеттегі ауаны жайлап шығарғанда манжеттегі қысым жүректің систолалық қысымынан төмендеп,қар артериясының қысылған бөлігінен қан шынтақ артериясына күшпен ағады. Осы кезде фолендоскоппен тамырдағы дыбысты естуге болады.Манжеттегі ауаны шығара бастағанда шынтақ артериясынан бірінше есітілген дыбыс,аретрияның систолалық қысымына сәйкес болады.Кейін манжеттегі ауаны шығара берсе дыбыс алдымен күшейеді,кейін естілмей қалады.Шынтақ аретриясында дыбыстың жоғалуы диастолалық қысым болып есептеледі.

    Пульс (лат.pulsus-түрткі,соққы) деп жүректің ырғақты жиырылып босаңсуы нәтижесінде артерия қан тамырлары қабырғасының ырғақты тербелісін айтады.Жүрек қанды қолқаға айдаған кезде ,қолқаның қысым көтеріледі.Қолқада көтерілген қан қысым толқынды түрге барлық артерия қан тамырларына қыл тамырларға дейін жетеді.Артерия қан тамырындағы

    Бұл тербелісті шынтақ сүйегінің үстінде орналасқан артерия қан тамырынан анықтауға болады.Пульсті шекеде –самай,қолда,шынтақ,аяқта-аяқ басының үстіндегі артериялардың соғуынан анықтауға болады.

    Тамырдың соғуының ырғағына,оның күшіне,тездігіне қарай жүректің қызметін білуге болады.

    Үлкен қан айналыс шеңберінің артерия қан тамырлары.
      1   2   3   4


    написать администратору сайта