Главная страница
Навигация по странице:

  • Қолдың вена қан тамырлары.

  • Қолдың беткейдегі вена қан тамырлары.

  • Қолдың тереңдегі вена қан тамырлары.

  • Кеуде қуысының вена қан тамырлары. Кеуде қуысының қабырғасы мен оның ішіндегі мүшелерден қан жартылай тақ және тақ веналарға жиналады.Жартылай тақ вена

  • Төменгі қуыс вена жүйесі. (нижняя полая вена,v.cava inferior)

  • Аяқтың лимфа бездері,тамырлары.

  • Кеуде қуысының лимфа тамырлары мен лимфа бездері.

  • Бас пен мойынның лимфа тамырлары мен бездері.

  • Қолдың лимфа тамырлары мен бездері.

  • Жүрек анатомиясы. Жур.тамыр. кору органы (2). Жрек ан тамырлар жйесі


    Скачать 267 Kb.
    НазваниеЖрек ан тамырлар жйесі
    АнкорЖүрек анатомиясы
    Дата13.01.2022
    Размер267 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаЖур.тамыр. кору органы (2).doc
    ТипДокументы
    #330513
    страница3 из 4
    1   2   3   4

    Бас пен мойынның вена қан тамырлары.

    Бас пен мойынның вена қан тамырлары негізінен үш:1.Ішкі мойынтұрық;2.Сыртқы мойынтұрық;3.Алдыңғы мойынтұрық вена қан тамырларына құйылады.Олардың ішіндегі негізгісі ішкі мойынтұрық вена.

    Ішкі мойынтұрық вена (внутренняя яремная вена,a.jugularis interna) қанды ми сауытынан жинайды.Ми сауытының негізінде мойынтұрық тесігінң айналасында пайда болып,осы тесік арқылы шығады.

    Бұл вена –екі тармақтан пайда болады.

    1.Ми сауыты ішіндегі веналарынан

    2.Ми сауытындағы веналарынан

    Ми сауытының ішіндегі веналар:

    -ми венасы (мозговые вены,v.v.cerebri) қанды үлкен ми сыңарларынан жинайды.

    -менингал вена-(менингиальные вены,v.v meningeae)қанды ми қабығынан жинайды;

    -ми сүйектерінің веналары (диплоичные вены) қанды мидың сүйегінен жинайды;

    -көз венасы (глазные вены,vv.ophthalmicae) қанды көз шарасынан,көз жас безінен,қабақтан,мұрын сыртынан,ми қуыстарынан жинайды.

    Ми қабаттарының қуыстары-(пазухи мозговой оболочки,sinus durae materis)-мидың қатты қабығынан пайда болған вена қан тамырлары.Олар:

    1.Жоғарғы сагиттал қуыс (верхний сагитальный синус,sinus sagitalis superior)-мидың қатты қабығының үлкен орақшасының бойымен төменгі сагитал қуысқа қосылады.

    2.Төменгі сагиттал қуыс (нижний сагитальный синус,sinus sagitalis inferior) мидың қатты қабығының үлкен орақ тәрізді өсіндісінің бойымен тік қуысқа келіп қосылады.

    3.Тік вена қуысы (прямой синус,sinus rectus) көлденең вена қуысына құяды.

    4.Кеуекті қуыс (пещеристый синус,sinus cavernosus)-сына сүйектің «түрік ер тоқымының» тұсында тасты және қима қуыстарына құяды.

    5.Көлденең қуыс (поперечный синус,sinus transversus) шүйде сүйегінің көлденң сайының бойымен,қима қуысқа құйылып,ішкі мойынтұрық венасына өтеді.

    Ішкі мойынтұрық венаға мойында бірнеше вена қан тамырлары қосылады.Олар:

    1.Бет венасы (лицевая вена,v.facialis) қанды маңдай,мұрын,ерін,шайнау және ымдау бұлшық етерінен,жұмсақ таңдайдан,таңдай бездерінен,жұтқыншақтың шырышты қабатынан,ауыз қуысынан жинайды.

    2.Төменгі жақ асты венасы (занижнечелюстная вена,v.zetromandibularis) қанды бастан,құлақ қалқанынан,құлақ маңы безінен,шайнау бұлшық еттерінен,төменгі жақтан,тістерден,мұрын қуысынан жинайды.

    3.Жұтқыншақ венасы (глоточные вены,v.pharyngea) қанды жұтқыншақтың қабырғасынан жинайды.

    4.Тіл венасы (язычная вена,v.lingualis)-қанды тілден,тіл асты,төменгі жақ асты безінен,ауыз қуысының бұлшық еттерінен жинайды.Ішкі мойынтұрық венасы төс-бұғана буынының артында бұғана асты венасымен қосылып,иық-бас венасы пайда болады.
    Қолдың вена қан тамырлары.

    Қолдың веналары терінің астында вена торлары түрінде орналасқан.Олар беткейдегі және тереңдегі вена қан тамырларына жиналады.

    Қолдың беткейдегі вена қан тамырлары.

    Қолдың беткейдегі вена қан тамырлары терінің астында вена торлары түрінде орналасқан.Олар қолдың шеткі және ішкі,тері асты венасы болып бөлінеді.

    Қолдың беткейдегі шеткі венасы (латеральная подкожная вена руки,v.cephalica) қолдың сыртынан,алақаннан торланып басталып,білекке өтеді,одан екі басты бұлшық еттің сыртымен көтеріліп қолтық асты венасына қосылады.

    Қолдың беткейдегі ішкі венасы (медиальная подкожная вена руки,v.basilica) саусақ торларынан,қолдың сыртынан басталып,білектің артқы бұлшық еттерімен жоғары көтеріледі,шынтаққа жақындағанды қолдың алдыңғы бетіне өтеді.Шынтақ шұңқырында орталық веналармен қосылады.Кейін қардың ішкі шетімен жоғары көтеріліп,қардың ортасында қар венасына қосылады.
    Қолдың тереңдегі вена қан тамырлары.

    Қолдың тереңдегі вена қан тамырлары артерия қан тамырларымен қосарланып орналасқан.Олар саусақ венулары болып басталады.Олардан алақанның вена доғасы пайда болады.Алақан доғасынан вена шынтақ және шыбық веналары түрінде білектің артерия қан тамырларымен бірге жоғары көтеріледі.

    Шынтақ венасы (локтевая вена,v.ulnaris) және шыбық венасы (лучевая вена,v.radialis) жоғары көтерілген жолында білектің бұлшық еттерінен,сүйектен вена қан тамырлары қосылады.Шынтақ ойығында веналар қосылып екі иық веналары (плечевые вены,vv.brachialis) пайда болады.

    Иық веналарына иықтың бұлшық еттерінен,сүйектерден вена қан тамырлары қосылады.Олар қолтықтың шұңқырына өткенде «қолтық асты венасы»(подмышечная вена,v.axillaris) болып аталады.Бұған иық белдеуінің,иықтың,кеуде мен арқаның вена қан тамырлары қосылады.

    I-қабырғаның сыртында «қолтық асты венасына» мойынның көлденең венасы (поперечная шеи,v.transversa cervicis) және жауырын үсті венасы (надлопаточная,v.suprascapularis) қосылады.

    Қолдың тереңдегі веналарының барлығының ішкі қабатында қақпақшалар болады.Олар қанды кері ағудан сақтайды.I-ші қабырғаны иіп өтіп бұғана астына қарай бағытталады,осы жерден бастап оны «бұғана асты венасы» деп атайды.Бұғана асты венасы (подключичная вена,v.subclapia) аттас артерия қан тамырының алдында орналасқан.Ол төс-бұғана буынының артында ішкі мойынтұрық венамен қосылып,иық-бас венасы (плечеголовная вена,v.brachiocephalica) пайда болады.
    Кеуде қуысының вена қан тамырлары.

    Кеуде қуысының қабырғасы мен оның ішіндегі мүшелерден қан жартылай тақ және тақ веналарға жиналады.

    Жартылай тақ вена (полунепарная вена,v.hemiazygos) қолқаның сол жағында артқы омыртқа аралығында орналасқан.

    Оған 4-5 төменгі қабырға аралық веналар,өңештің ,бронхтардың медиастинал және қосымша жартылай тақ веналар қосылады.

    Қосымша жартылай тақ веналар,жартылай тақ веналардың жоғарғы қабырға аралық вена қан тамырлары қосылады.

    Тақ вена (непарная вена,v.azygos)көкірек қолқасының оң жағында артқы көкірек аралықта.Тақ вена-оң жақтағы артқы қабырғааралық вена қан тамырларының қосылуынан пайда болады.Тақ және жартылай тақ веналар-белдің өрлеме веналарының жалғасы,іш қуысының артқы қабырғасында орналасқан.

    Төменгі қуыс вена жүйесі.

    (нижняя полая вена,v.cava inferior)

    Төменгі қуыс вена IV-V бел омыртқаларының тұсында оң және сол жақтағы жалпы мықын веналарының қосылуынан пайда болады,іш қуысының артқы қабырғасында іш қолқасынң оң жағында.

    Төменгі қуыс вена 12 елі ішектің,ұйқы безінің басының артынан жоғары көтеріліп шарбының түбінде,бауырдың аттас сайында орналасады.Оған осы жерде бауыр веналары құйылады.Кейін ол жоғары көтеріліп,көкеттің осы аттас тесігінен (отверствие нижней полой вены,foramen venae cavae) кеуде қуысына өтеді.Төменгі қуыс вена төменгі көкірек аралығы арқылы өтіп,жүрек қалтасына кіреді,сол жерде жүректің оң құлақшасына құйылады.

    Төменгі қуыс-вена жолында іш және кеуде қуысының қабырғалық және мүшелердің вена қан тамырларын қосып алады.

    Қабырғалық вена тамырлары:

    1.Бел веналары оң және сол жақтың әрқайсысынан төрт венадан қосылады.Олар қанды омыртқа жотасынан,арқаның терісі мен бұлшық еттерінен жинайды.

    2.Көкеттің төменгі веналары қанды көкеттің төменгі бетінен жинайды.

    Ішкі мүшелердің вена қан тамырлары қанды іш қуысындағы жұп мүшелерден жинайды.Бұл веналарға-аталық жыныс безінің венасы еркектерде,аналық жыныс безінің венасы әйелдерде қанды аталық немесе аналық жыныс безінен жинайды.

    Бүйрек венасы (почечная вена,v.renalis) қанды бүйректен,несеп ағардан,бүйрек үсті безенің венасы (надпочечниковые вены,v.renalis) бүйрек үсьі безінен жинайды.Бауыр веналары (печеночные вены,v.suprarenalis) қанды бауырдан жинайды.

    Іш қуысындағы тақ мүшелерден қан қақпа венасына құйылады.Қақпа венасындағы қан бауыр арқылы өтіп,содан кейін ғана төменгі қуыс венаға қосылады.Іш,жамбас қуысынан,аяқтан қан оң және сол жақтағы жалпы мықын венасына жиналады.

    Оң және сол жалпы мықын веналарының қосылуынан төменгі қуыс венаға пайда болады.Жалпы мықын веналары әрқайсысы оң және сол жақтағы ішкі және сыртқы веналарының қосылуынан пайда болады.

    Ішкі мықын венасы (внутреняя подвздошная вена,v.iliaca interna) жамбас қуысының қабырғасынан,мүшелерден қанды жинайды.Ішкі мықын венасы қабырғалық веналар мен ішкі мүшелердің (висцерал) вена қан тамырларының қосылуынан пайда болады.

    Қабырғалық (париетал) веналар:

    -жоғарғы және төменгі жамбас веналары (верхние и нижние ягодичные вены,vv.gluteae superior et inferior);

    -жапқыш вена (запиретальная вена,v.obturatoria);

    -сегізкөздің бүйіріндегі веналары (боковые крестцовые вены,v.sacralis lateralis)-қанды жамбас белдеуінен,санның,іштің бұлшық еттерінен жинайды.

    -ішкі мықын венасының висцерал тармақтары;

    -ішкі жыныс венасы (внутреняя половая вена,v.pudenda interna)қанды аралықтан,сыртқы жыныс мүшелерінен,зәр шығару түтігінен жинайды;

    Кейін жоғары және оңға бағытталып бауырдың қақпасынанбуырдың ішіне кіреді.Қақпа венасы баурғы кіргеннен кейін бөлектердің,одан сегменттердің келіп бөлікше аралығының веналарына тармақталады.Бөлікше аралық артерия және вена қан тамырлары бөлікшеніңішіне кіріп,көптеген капиллярлар торын құрайды.Капиллярлар торынан бөлікшенің орталық венасы,ал бөлікшелердің веналарының қосылуынан 3-4 бауыр венасы пайда болады.Сонымен қан барлық ас қорыту мүшелерінен қоректік заттарды алып,бауырға кіріп оның паренхимасынан өтеді,улы заттарды бауырда залалсыздандырып,кейін төменгі қуыс венаға бауыр венасы болып қосылады.

    1.Төменгі шажырақай венасы (нижняя брыжеечная вена,v.mesenterica interior) қанды тік ішектің жоғарғы бөлігінен,қима тоқ ішіектен төменге бағытталған тоқ ішектен жинайды.

    2.Жоғарғы шажырақай венасы (верхняя брыжеечная вена,v.mesenterica superior) қанды жіңішке ішектен,оның шарбысынан,соқыр ішек пен оның құртқа ұқсас өсікшесінен,тоқ ішектің,өрлеме,көлденең бөліктерінен жинайды.

    3.Көкбауыр венасы (селезеночная вена,v.lienalis) қанды көкбауырдан,асқазаннан,ұйқы безінен,12-елі ішектен,үлкен шарбы майынан жинайды.

    ЛИМФА ЖҮЙЕСІ.

    (лимфатическая система,systema lymphaticum)

    Лимфа жүйесі жүрек,қан тамырлар жүйесінің бір бөлігі.Лимфа жүйесі иммундық қызмет атқарады,фагацитозға,зат алмасуына қатынасады.Атқаратын қызметінң ерекшелігіне байланысты лимфа жүйесі иммундық қорғаушылар және лимфа тасушылар болып бөлінеді.Сонымен қатар лимфа қан тамырларымен ұлпалардың арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

    Денеде зат алмасуына байланысты лимфа мұйықтығы үздіксіз пайда болып тұрады.

    Лимфа түссіз сұйықтық.Құрамы қан плазмасының құрамына ұқсас бірақ өзіне тән ерекшеліктері бар.Лимфа сұйықтығының құрамында-0,1%-қант,3-4% ақуыз,0,9-минарлды тұзадар бар.Жасушалардан лимфоциттер көп болады.

    Зат алмасуынан пайда болған ұлпа сұйықтығы қанға толық сорылмай,майда лимфа капиллярларына өтеді.

    Лимфа тамырлары.Лимфа тасымалдаушы тамырлар лимфа капиллярларынан басталады.Лимфа капиллярлары дененің барлық мүшелерінде бар.Тек бас мида,жұлында,көздің қасаң қабығында,бұршақ тәріздес денесінде,ана құрсағындағы ұрықтың жолдасында,тістің дентині мен эмалінде,сіңірде,көкбауырда болмайды.Лимфа қан тамырлары-бір қабатты эндотелий түтікшелр.Олар мүшелерді торлайды.

    Лимфа қан тамырларына ұлпа сұйықтығынан су,түрлі бұзылған жасушалар сорылады.Лимфа тамырлары капиллярлардан басталады,одан лимфа тамырлары пайда болады.Лимфа тамырлары мүшенің ішіндегі және сыртындағы,беткейдегі,тереңдегі болып бөлінеді.Лимфа тамырларында лимфаны кері ағудан сақтайтын қақпақшалар болады.Мүшенің ішіндегі лимфа тамырларынан пайда болған лимфа торлары одан шығып,сол мүшеге жақын орналасқан лимфа түйіндеріне барады.Дененің барлық мүшелерінен лимфа тамырлары жиналып кеуде және оның оң жақтағы болып екі лимфа ағымына бөлінеді.Олар вена тамыр жүйесіне қосылады.

    Лимфа түйіндері,бездері (лимфатические узлы,nodi lymphatici)Көлемі-1-20мл қызғылт-сұр,түрлі пішіндегі лимфа бездері иммундық қорғаныс қызметін атқарады,лимфа ағымын реттейді.Олардың пішіні сопақ,домалақ,бұршақша болып келеді.Екі шеті бар:дөңес,батыңқы:Оның батыңқы шетіндегі қақпасы (ворота,hilus) арқылы артерия,вена қан тамырлары жүйке талшығы және алып шығушы лимфа тамыры өтеді.Безге лимфаны алып келуші тамырдың саны 4-6,олар бездіің бетіне келіп жанасады.

    Лимфа безі дәнекер ұлпалы қабықпен қапталған,қаьықтан бездің ішіне өсінделер (трабекулалар) кіреді.Олардың аралығында ретикуляр талшықтарымен бірге бездің ұлпасы (строма) пайда болады.Ретикуляр талшықтарда лимфоциттер көп болады.Бездіңекі қабаты бар:сыртқысы қыртысты,ішкісі милы.Олардың қуыстары лимфамен толған.Бездің қыртысты қабатында домалақ лимфоид түйіндер (фолликулалар) болады.Бездің ішіне қарай фолликулалардан жұмсақ жіпшелер тартылады.Фолликула жіпшелері мен бездің қабының және трабекулаларының аралығында боскеңістік синустар пайда болады.Бездің қапшығы мен фолликулаларының аралығындағы бос кеңістік шеткі,ал трабекулалар мен фолликулалар аралығындағы аралық,бездің қақпасында пайда болған «қуыс қақпа» немесе «орталық синус» деп аталады.

    Бездің синустарында лимфа сұйықтығы ағады.Синустардың қабырғасындафагацитоз қасиеті бар өте белсенді лимфоциттер болады.

    Лимфа бездерінен шыққан тамырлар бір-бірімен қосылып сол аймақтың ірі лимфа тамырлары пайда болады.Олар сол аймақтың лимфа бағаны деп аталады.Лимфа тамырларының қосылуынан бел,ішек,бұғана асты,мойынтұрық,бронх-көкірек аралық лимфа бағандары,ал денедегі барлық лимфа тамырларының қосылуынан кеуде лимфа ағымы мен оң лимфа ағымы пайда болады.Олар вена жүйесімен қосылады.

    Аяқтың лимфа бездері,тамырлары.

    Аяқтың лимфа тамырлары беткейдегі және тереңдегі болып бөлінеді.Беткейдегі лимфа тамырлары медиаль,латераль,артқы топқа бөлінеді.Беткейдегі медиаль топтағы лимфа тамырлары лимфаны аяқ басының,балтырдың,санның ішкі бетінің терісінен жинайды.Бұл тамырлардың лимфасы беткейдегі шат лимфа бездеріне құйылады.

    Латераль және артқы лимфа тамырлары аяқтың,балтырдың және санның артқы бетінің терісінен лимфаны жинап шаттың беткейдегі лимфа бездерінен барады.Беткейдегі лимфа бездерінен шыққан лимфа тамырлары шаттың тереңдегі лимфа бездеріне қосылады.Шаттың терңдегі лимфа бездерінен шыққан тамырлар сыртқы мықын лимфа бездеріне барады.

    Жамбастың лимфа бездері мен тамырлары орналасуына қарай ішкі,сыртқы болып бөлінеді.Париетал лимфа бездері сыртқы,ішкі жалпы болып топтасады.Олар лимфаны жамбас қуысының қабырғасынан жинайды.

    Висцерал лимфа бездері қуық,жатыр,қынап,тік ішек айналасында орналасқан.Оларға қуықтан,жатыр,қынап,тік ішектен лимфа тамырлары келіп қосылады.Жамбастың ішкі және сыртқы лимфа бездерінен шыққан тамырлар жалпы мықын лимфа бездеріне жиналып,одан бел лимфа бездеріне бағытталады.

    Іш қуысының лимфа бездері мен тамырлары ішкі және сыртқы болып бөлінеді.Сыртқы париетал лимфа бездері іш перденің артында,іш қолқасы мен төменгі қуыс венаның айналасына бел аймағында орналасқан.Бездер лимфа тамырларымен қосылып қалың тор құрайды.Бел лимфа бездерінен шыққан тамырлар қосылып оң және сол бел лимфа сабауы пайда болады.Оң және сол лимфа сабауынан кеуде лимфа ағымы басталады.

    Іштің ішкі висцерал лимфа түйіндері бірнеше қатар болып,мүшеден басталатын лимфа тамырларының жолында орналасады.Лимфа бездері ірі қан тамырлары іш бағаны,бауыр,көк бауыр,асқазан,жоғары,төменгі шажырақай артерияларымен олардың тармақтарын бойлап орналасқан.

    Кеуде қуысының лимфа тамырлары мен лимфа бездері.Кеуде қуысының лимфа тамырлары мен бездері ішкі-«висцерал»,сыртқы-«париетал» болып бөлінеді.Ішкі тармақтар лимфаны кеуде қуысындағы мүшелерден,ал сыртқы париетал тармақтар кеуде қуысының алдыңғы,төменгі,артқы қабырғаларынан жинайды.

    Бас пен мойынның лимфа тамырлары мен бездері.Бастың лимфа тамырлары беткейдегі және тереңдегі болып бөлінеді.Беткейдегіге желке,емізікше лимфа бездері кіреді.Бастың тереңдегі бездеріне құлақ маңы безі,иек асты,төменгі жақ асты бездері кіреді.

    Мойынның лимфа бездері алдыңғы және латераль болып бөлінеді.Олардың әрқайсысы беткейде жіне тереңде орналасады.Мойынның алдыңғы беткейдегі лимфа бездері алдыңғы мойынтұрық венаны бойлап орналасқан.Алдыңғы тереңдегі лимфа бездері лимфаны жинаған мүшесінің атымен аталады.Олар көмекей алды,қалқанша,кеңірдек лимфа бездері.

    Мойынның алтераль тереңдегі бездеріне бұғана үсті,бұғана асты,жұтқыншақ арты бездері кіреді.Мойынның тереңдегі лимфа бездерінен шыққан тамырлар қосылып мойынтұрық лимфа сабауы пайда болады.Мойынтұрық лимфа сабауы сол жақта кеуде ағымына,оң жақтағысы оң лимфа ағымына құйылады.

    Қолдың лимфа тамырлары мен бездері.Қолдың лимфа тамырлары беткейдегі және тереңдегі,шынтақ және қолдық лимфа бездеріне жиналады.Қолдың беткейдегі лимфа тамырлры медиаль,латераль және ортадағы болып бөлінеді.Медиаль лимфа тамыры лимфаны қол басының,білектің,қардың,иықтың ішкі бетінен жинайды.Олардың бір бөлігі беткейдегі қолтық асты бездеріне,қалғаны беткейдегі шынтақ асты лимфа бездеріне құяды.Олардан шыққан лимфа тамырлары,қолтық асты орталық лимфа безіне құяды.

    Қолдың,білектің,қардың сыртынан жиналған лимфа тамырлары тереңдегі қолтық асты лимфа бездеріне құйылады.Қолдың орталықтағы лимфа тамырлары қолдың,білектің,алақан бетінен жинап,медиаль лимфа тамырларымен қосылады.Қолдың тереңдегі лимфа тамырлары сүйектен,бұлшықеттерден,шандырлардан,буындардан лимфаны жинап,тереңдегі артерия,вена қан тамырларымен бірге жоғары көтеріліп,шынтақтың тереңдегі лимфа бездеріне құйылады.

    Шынтақтың тереңдегі лимфа бездерінен шыққан тамырлар қолтықтың тереңдегі лимфа бездеріне барады.Қолтықтың тереңдегі лимфа бездерінен шыққан тамырлардан бұғана асты лимфа сабауы пайда болады.

    Оң бұғана асты лимфа сабауы оң лимфа ағымына,сол бұғана асты сабауы кеуде лимфа ағымына құйылады.

    Сонымен денедегі барлық лимфа тамырлары кеуде және оң жақтағы лимфа ағымына жиналады.

    Кеуде ағымы (грудной проток,ductus thoracicus) XII-кеуде,II-бел омыртқаларының тұсында оң және сол жақтағы бел сабауларының қосылуынан пайда болады.

    Оған лимфа аяқтан,жамбас қуысындағы,іш қуысындағы мүшелерден жиналады.Кеуде лимфа ағымы кеңейіп басталады,ұзындығы 20-40см.Іш қуысынан кеуде қуысына көк еттің қолқа тесігі арқылы қолқамен бірге көтеріледі.V-III мойын омыртқаларының тұсында солға бұрылып,мойынға шығады,доғаша иіліп жоғарғы қуыс венаға қосылады.Кеуде ағымының мойын бөлігіне бронх-аралық,қолтық асты,мойынтұрық сабаулары құйылады.Бронх-аралық сабауы лимфаны кеуде қуысының сол жақтағы қабырғасынан,сол жақтағы мүшелерінен жинайды.Сол жақтағы қолтық асты лимфа сабауына сол қолдың лимфа тамырлары құйылады.Мойынтұрық лимфа сабауы бастан,мойыннан лимфаны жинайды.Кеуде ағымынң ұзына бойында лимфаны кері ағудан сақтайтын 7-9 қақпақшалар бар.Кеуде лимфа ағымының қабырғасыүш қабаттан тұрады:ішкі,ортадағы,сыртқы қабаты.Ортадағы қабатында бұлшық ет жақсы дамыған,оның жиырылп,босаңсуынан қабатында тамырдың бойымен жылжиды.

    Оң қолдың,бастың,мойынның,кеуде қуысынң оң жағынан лимфа,оң лимфа ағымына жиналады.Оның ұзындығы-1,0-1,5см.Оң лимфа ағымы оң бұғана асты,мойынтұрық және оң бронх-аралық сабауларынан пайда болады.Оң лимфа ағымы жоғарғы қуыс венаның оң жақтағы бұрышынан қосылады.

    Көк бауыр,талақ (селезенка lien,splen) іш қуысында,сол жақта,көкеттің астында орналасқан түсі қоңыр-қызыл түсті мүше.Салмағы (140-200г) мен пішіні қанға толуына байланысты болады.Дені сау адамның көкбауыры сипағанда білінбейді.Көкбауырдың атқаратын қызметі:

    1) Иммундық жүйеге кіреді;

    2) Қан жасап шығарушы мүше;

    3) Қорғаныс қызметін атқарады;

    4) Күні жеткен эритроциттер өледі;

    5) Қан (депосы) қоймасы.

    Көкбауырда антидене пайда болады.

    Көкбауырда антидене пайда болады.,бөгде денелерді қармап алу қасиеті (фагацитоза) бар.Сонымен бірге көкбауырда лимфациттер пайда болып,эриторциттер өледі.Көкбауырда өте көп қан тамырлар бар,олар толғанда көк бауыр «депо» қызметін атқарады.Өлген эриторциттерді макрофагтар қармап алып,вена тамыры арқылы бауырға алып келеді.

    Көк бауырдың дөңес және ойыс екі беті бар.Дөңес беті көкетке,ойыс беті асқазан,сол бүйрек үсті безі,тоқ ішектің сол иірімі және ұйқы безінің ұшымен шектескен.Көкбауырдың ойыс бетінде қақпасы бар.Қақпа арқылы көк бауырға қан тамырлары,жүйке кіреді.Көк бауыр асқазан-көк бауыр,көк ет көк бауыр байламдары арқылы бір орында тұрады,сыртынан фиброзды қабық қаптаған.Осы қабықтан шыққан өсінділер көк бауырдың ішіне кіреді.Көк бауырдың заты пульпалардан тұрады.Олар ақ және қызыл болып екіге бөлінеді.Көк бауырдың ақ пульпасы кесілгенде ақшыл-сұр түсті лимфа түйіндерінен тұрады.Лимфа түйіндеріне Т және В лимоциттер,лимфобластар,макрофагтар және басқа жасушалар болады.Осы түйіндерде Т және В лимфоциттер дамып,жетіледі.Лимфа түйінінен жан-жағында капиллярларға тармақталған орталық артерия өтеді.

    Көк бауырдың негізі (75-80%) қызыл пульпадан тұрады.Қызыл пульпада негізінен ретикуляр ұлпа болады.Ретикуляр ұлпада эритроциттер,лимфоциттер,макрофагтар және вена қуыстар болады.Эриторциттер көптігінен пульпа қызыл түсті болады.

    Көк бауырдың паренхимасы-борпылдақ және қан тамырлары өте көп болады.
    1   2   3   4


    написать администратору сайта