Главная страница
Навигация по странице:

  • Вариативтік компонент «Әдеп әліппесі»

  • 2021-2022 оқу жылы Түсінік хат

  • Мақсаты

  • Бағдарламаның мерзімі

  • Бұл таңдаудың басты мақсаты

  • Тақырыптық жұмыс жоспары

  • Барлығы 36 сағ Қолданылған әдебиеттер

  • вариативтік Таңшолпан21-22. Келісемін Бекітемін аралды


    Скачать 42.11 Kb.
    НазваниеКелісемін Бекітемін аралды
    Дата29.04.2022
    Размер42.11 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлавариативтік Таңшолпан21-22.docx
    ТипДокументы
    #504007



    Келісемін: Бекітемін Қаралды::___________

    Ырғыз ауданының білім «Нұр» балабақшасының Педагогикалық

    бөлімінің басшысы: Б.Қ.Аманжол меңгерушісі: А.Жұмабаева. Кеңес отырысында

    «___»_____________ 2021 ж «____»______________ 2021 ж Хаттама №

    «___»_____________ 2021ж

    Вариативтік компонент

    «Әдеп әліппесі»

    «Нұр» балабақшасының

    «Таңшолпан» ересек тобының

    тәрбиешісі: Б.Шынарбаева.

    «Нұр» балабақшасының

    меңгерушісі: А.Жұмабаева.


    2021-2022 оқу жылы
    Түсінік хат
    Қазіргі таңда мектепке дейінгі сәбилік жаста ерекше назар аударатын тәрбие түрі-сезім тәрбиесі. Сезім тәрбиесі алдымен қоршаған ортадағы болымысты қабылдау мен түйсікке негізделеді. Ең алдымен таным көзі-сезім арқылы қабылдауы,бала өз тәжірибесінен бақылап, көріп тануынан тұрады. Сезіну процессі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды.

    Баланың логикалық ойлау түсінігі ең алдымен , оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы, жас ерекшеліктеріне байланысты болып табылады.

    Сезімдік тәрбиемен басталып, математикамен жалғасатын бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, математикалық қарапайым ұғымдарды қалыптастырудың алғашқы баспалдағы деп ойлаймын. Ересек тобында сезімдік және құрастыру жұмыстарын орындау барысында баланың математикалық қарапайым ұғымдар жөніндегі түсініктері қалыптасады.Мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік эталондарды игеруі балабақшада тәрбиелеу мен білім бағдарламасында көрсетілген геометриялық пішіндермен, түстер мен танысудан басталады. Мұндай танысу негізінен көпшілік қабылдаған үлгілерден басталады да, тиімді іс –әрекеттердің көптеген түрлерін меңгеру үрдісінде өтеді. Тәрбиеші ақыл-ой, сезім тәрбиесінің міндеттерін ойын формасында қойып, оны ойынмен байланыстырады.
    Бағдарламаның мазмұны:Балалардың қабылдауы мен ұғымын дамыту үшін білімді меңгеру, дағдыны қалыптастыру ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде емес қызықты ойын әрекетінде (жасау және табу, жұмбақ айту, шешу, сурет салу, жарыста нәтижеге жету) іске асады. 
    Мақсаты:Математикалық қарпайым ұғымдарды қалыптастыру жұмыстарын тереңдете үйрету (балалардың сезімдік қабылдауына , түйсігінің дұыс бағытта қалыптасуына жағдай жасау).

    Міндеттері: -Балаларды бірыңғай заттарды сезімдік белгілеріне қарай (көлемі, пішіні, түсіне байланысты) топтауға үйрету;-Баланың қабылдау, ес, ойлау сияқты психикалық процестерін дамыту;
    Күтілетін нәтижелер:

    Нені білді: Заттардың қасиеттерін анықтау мақсатымен оларды тексере білуге және бес түсті (ақ, қара, қызыл, сары, көк) ажырата атай білуге үйренеді;

    Қандай түсініктерді игерді: Сезімдік тәрбиеде құрастыру жұмыстары арқылы үйренген сөздерін (киіз үй, ағаш тостаған, ағаш қасық, қоржын, сәукеле, тақия т.б ) толық меңгеру;

    Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Баланың өз бетімен жұмыс істеуі;
    Бағдарламаның мерзімі: Ересектер топта аптасына 1 рет, жылына 36 сағатқа,

    1 жылға құрылған.


    «Нұр» балабақшасының ересек топ

    тәрбиешісіне

    «Сиқырлы логика әлемі» тақырыбында

    таңдау пәніне


    Пікір

    Алынған «Сиқырлы логика әлемі» бағдарламасы ересек тобы балаларының жас ерекшеліктеріне сәйкес, математикалық білім мен ұғымдар негізінде балалардың ақыл-ойқабілеттерін қалыптастыруға лайықталып құрылған.

    Бағдарлама мектепке дейінгі әсіресе кішкентайлар тобында ерекше назар аударатын тәрбие түрі – сезім тәрбиесіне байланысты алынған.

    Бағдарламада қызықты жаттығулар, шығармашылық тапсырмалар, жұмбақтар, өлеңдер, тақпақтар, логикалық ойлауға арналған тапсырмалардан топтамалар жасалған. Балабақшамыздың тәрбиешілері ЖаймаховаА.Б «Сиқырлы логика әлемі» вариативтік компонентіндегіалып отырған тақырыптары бала жасына сай және қызықты. «Өнерге баулуда-өнер»-демекші, бұл өте жақсы алынған таңдау.

    Әр түрлі қызықты материалдарды қолдану педагогикалық үрдістің тиімділігін арттырып, баланың ақыл-ойының дамуына үлкен ықпал ете отырып, балалардың ойлауына, есте сақтауына себеп болады.

    Бағдарламада балаларды бірыңғай заттарды сезімдік белгілеріне қарай (көлем, пішін, түсіне байланысты) топтау, әр түрлі заттарды бір сезімдік белгісі (түс, пішін, көлем) арқылы салыстыруға үйрету, сезімдік сапаларына қарайтыңдай білуге үйрету көзделген. Сезімдік материалмен жұмыс істеп, логикалық ойлауды үйренген соң бала еш қиындықсыз өзіне таныс ұғымдарды математикалық терминдерге айналдыра бастайды. Математикаға үйрену табиғи жүріп отырады.

    Сезімдік ерекшелігі әр түрлі іс-әрекетте бейнелеу өнерінде, құрастыру, түрлі құбылыстырды бақылау кезінде заттарды қасиеттеріне қарай білуге үйрету көзделген.

    Заттар мен құбылыстардың сезімдік ерекшеліктері мен сапаларын іс әрекет үстінде бекіту, түрлі пішіндегі көлем мен түсі әр түрлі ұлттық заттарды пайдаланып сезімдік үйрену жан-жақты қамтылған.

    Бағдарламаның мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне лайықты, түсінігіне қонымды, балалардың алған әсерін тек сезім тәрбиесінің мақсатында ғана емес, сонымен бірге адамгершілік жәнеэстетикалық тәрбиеге де пайдаланады. Осы бағдарламаны мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда, қолдануды ұсынамын.

    «Нұр» балабақшасының меңгерушісі: А.Жұмабаева.


    «Нұр» балабақшасының

    ересек топ

    тәрбиешісіне

    «Әдеп әліппесі »тақырыбында

    таңдау пәніне
    Пікір

    Жалпы орта білім беретін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартының негізі мен

    «Әдеп әліппесі» таңдауына сүйене отырып, оқу жоспарының вариативті бөлігіндегі компонентінің талабы негізінде бөбекжайдың ортаңғы тобына арналып жасалынған.

    2021-2022 оқу жылында жалпы оқу жоспары негізінде оқушы компаненті бойынша «Әдеп әліппесі» курсы ересек топтардың жас ерекшеліктеріне сай, оларды қызықтыратындай етіп, аптасына 1сағат, барлығы 36 сағат негізделіп құрастырылған. Ұсынылып отырған «Байқампаздар әлемі» ересек тобына арналған арнаулы курс бағдарламасы тәрбиеленушінің тұлғалық дамуын қамтамасыз етіп, қоршаған орта заттары мен құбылыстары арасындағы байланыстар мен заңдылықтарды түсіну мен игеруіне қажетті барлық танымдық қалыптасушы процестерді дамытып, оларды іс-әрекетте қолдана алуын шыңдайтын бірден бір себепші таңдау.
    Бұл таңдаудың басты мақсаты - тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізгі «Әдеп әліппесі» таңдауы материалын терең меңгеруге және қабілеті бар тәрбиеленушілердің қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді. Балалардың эстетикалық көзқарасы мен талғамын дамытудың бірден-бір жолы көркемөнер болып табылады. Бұл сабақтың құрылымы жас ерекшеліктеріне, балабақша деңгейіне, жеке ынтасы мен талаптарының артуына қарай құрылып отыр. Түрлі өнерге үйретудің әдіс тәсілдері мен жолдары ұсынылған.

    Құрылған бағдарлама балалардың эстетикалық сезімдерін, көркемдік талғамдарын, өнердегі әсемдікті сезінуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелейді.

    Бұл таңдау тәрбиеленушілерге өз бетінше жұмыс атқаруына және оқу материалдарын жаңа технологияларды пайдалана отырып, жұмыс жасауына.болады деп ойлаймын

    «Нұр» балабақшасының II санатты тәрбиеші: Д.Ескалиева.


    Тақырыптық жұмыс жоспары


    р/с

    Тақырыбы

    Бағдарламалық мазмұны

    Сағаты

    1

    «Суретпен жұмыс»


    Суреттегі заттарды салыстыру,олардың айырмашылықтарын таба білу

    1

    2

    «Таныс фигураларды ата»

    Балалардың көз зердесін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

    1

    3

    «Заттардың орналасуы»

    Заттарды түр – түсіне қарай ажыратуға, санауға үйрету, ретімен орналастыру.

    1

    4

    Заттарды көлеміне қарай топтастыру;


    Топ бөлмесіндегі заттарды бір-бірімен салыстырып отырып көлемдері әр түрлі және бірыңғай заттарды үлкен, кіші екі топқа бөлуге үйрету. Бір пішіндегі көлемі екі түрлі дөңгелектерді ажырата білуге үйрету көлемді ажыратуды меңгерту;

    1

    5

    Түстері бойынша топтау;


    Түстері әр түрлі, біркелкі заттарды екі топқа бөліп таптау (ағаш, қасық, кесе) үйрету. Сезімдік сапаларды бекіту. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен жаңылтпаш жаттата отырып, тілін дамыту;

    1

    6

    Бас киімдер


    Жыл мезгілдеріне байланысты қандай киім киетіндеріне тоқтала отырып , пішіні әр түрлі тақияларды түстеріне сәйкес топтауға үйрету. Оларды күнделікті қолданылатын заттар мен байланыстыра айта білуді меңгерту, тақырыпқа қатысты жұмбақтар үйретіп сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге үйрету,тақияның суретін жапсыру;

    1

    7

    «Көңілді санамақтар»

    Жылдам санау дағдыларын ұштау.

    1

    8

    Кеселер


    Екі түсті ойыншық кеселерді түстеріне сәйкес топтау. Халық ауыз әдебиеті үлгілерімен жаңылтпаш жаттата отырып, тілін дамыту, кесекнің неден жасалғанын , не үшін пайдаланатынын түсіндіру. Басқа заттармен салыстыра отырып, көлемін, пішінін, ажырата білуге үйрету, ұқсас заттардың ішінен кесені табуға оның атын дұрыс айтуға жаттықтыру, тақырып бойынша сезімдік сапаларын бекіту;

    1

    9

    Пішініне сәйкес, көлемді табу;



    Берілген төрт заттан пішініне сәйкес екі затты таңдап ала білуді меңгерту ( қоржын, жатық, сәукеле, камзол). Заттарды пішініне қарай сәйкес топтауға үйрету. Заттарды не үшін пайдаланатның түсіндіру.

    1

    10

    Құрақ көрпе құрастыру;


    Берілген геометриялық пішінгедерден көрпеше құрастыра білуге үйрету; Үшбұрыштарды, дөңгелектерді, төртбұрыштарды орынымен қоя білуге үйрету. Өз бетінше шығармашылық пен әрекет етуге жаттықтыру;

    1

    11

    Көлем, пішін, кеңістік;


    Ауыл мен қаланы салыстыра отырып, математикалық ұіымдарын жетілдіру. Санау, көлем, пішін, кеңістікті бағдарлау туралы ұіымдарын бекіту. Құрылыс материалдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Геометриялық пішіндермен таныстырып, ойын жүйелі жеткізе білуге, байланыстырып сөйлеуге үйрету;

    1

    12

    Кеңістікті бағдарлау;


    Математикалық қарапайым түсініктерді , жануарлармен байланыстыра түсіндіру. Тұрған орыннан оң сол алдында, артында, қасында, жанында, орналасқан жануарлардың кеңістіктегі орны дұрыс айтып беруге жаттықтыру. Жұмбақ, жаңылтпаштарды, пайдалана отырып,сөздік қорын молайту, тіл байлығын жетілдіру;

    1

    13

    Үйлер мен жалаулар


    Балалардың назарын әр түрлі затқа сәйкес түстерді пайдалана білуге аудару, заттық құрамы мен бейнесіне сәйкес түстерді ажырата білулерін бекіту. Отанына дегене сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;

    1

    14

    Мұнара құрастыру;


    Балаларды текшенің үстіне текшені дұрыс қоя білуге оның үстіне кірпіш қоюға үйрету; құрап отырған мұнара екенін түсіндіріп, балалардың сөздік қорын дамыту, белсенділігін арттыру;

    1

    15

    Санау


    Балабақша үйінің орналасуына қарай кеңістікті бағдарлау. Заттарды 5-ке дейін санауға үйрету. Топтағы заттардың саны тең, емес тігін анықтау. Тапсырманы зейін қойып тыңдауға, тыңғылықты орындауға үйрету. Дөңгелекпен үшбұрышты ажырата білуге дағдыландыру. 5-ке дейінгі сандарға жұмбақ, жаңылтпаш, санамақтар, айтып тілін дамыту, көркемдік талғамын қалыптастыру, бейнелеуде іскерлік дағдылардына машықтандыру;

    1

    16

    Ыдыстар;


    Күнделікті отбасында пайданылатын ыдыс-аяқтарды түстеріне және көлеміне қарай екі топқа бөліп топтау. (Ағаш қасықтар)сезімдік сапаларын бекіту. Ағаш қасықтың сапасын ажыратып, оны басқа заттармен салыстырып, қатты, жұмсақ заттарды сипап сезу, ұстап көру арқылы ажырата білуге үйрету. Түсті айыра білуін бекіту, байланыстырып сөйлеуге үйрету;

    1

    17

    «Түлкі мен ешкі»


    Балаларға ертегі кейіпкерлеріне сәйкес пішінді түстеріне қарай таңдап ала білуге оны ертегі мазмұнына сай қойып мозайкамен жұмыс істеуге үйрету. Өз беттерімен жұмыс істеу қабілетіне арттыру. Жануарларға деген қамқорлық сезімін тәрбиелеу

    1

    18

    « Бесік жыры»

    Қуыршақты бөлеп, көрсете отырып, бесік жырын үйрету. Бесіктің түсін пішінің айыру;

    1

    19

    Ойыншықтарды топтау;


    Топ бөлмесіндегі түстері әр түрлі ойыншықтарды (заттарды) түстеріне қарай топтауға, бөліп салыстыра, ажырата білуге үйрету. Сөздік қорларын дамыту, байланыстырып сөйлеуге, өздеріне байланысты кеңістікте бағдарлама білуге жетілдіру;

    1

    20

    Көпір;


    Заттардың пішініне сәйкес құрлыс материалдарын дұрыс пайдалана білуге үйрету. Әрбір геометриялық пішіндердің түсін атап, одан көпір құрастыру. «Көпір» өлеңін мәнерлеп айттып беріп, оның не үшін керек екенін түсіндіру. Өлең мазмұнындағы қораз үй құсы екенін ұғындыру. Тілін дамытып байланыстырып сөйлеуге үйрету;

    1

    21

    Дастархан әзірлеу;


    Әр түрлі төртбұрыш қағазды дастархан ретінде пайдаланып қызыл, жасыл, ақ, күлгін, және сары қағаздан немесе картоннан қиып үлкенді –кішілі тостағандар табақтар жасату, қағаздан қиылған бауырсақтардың түсін, пішінің ажыратып дастархан

    1

    22

    «Алма» тақырыбына сурет

    Балалардың тақырыпқа сәйкес түстерді таңдап ала білуін бекіту. Алма пішінін дұрыс бейнелесі білуін, қылқаламмен жұмыс істей білу техникасын меңгерту;

    1

    23

    Затты көлемі мен пішініне сәйкес таңдап алу


    Қазақтың ұлттық әшекей бұйымдарымен таныстыру. Олардың әрқайсысының көлемі мен пішініне назар аудара отырып, оны не үшін пайдаланатынын түсіндіру. Осыған сәйкес төрт заттан біреуі, тапсырма бойынша, таңдап ала білуді меңгерту;

    1

    24

    Көлемі әртүрлі білезіктер мен сақиналарды топтау

    Көлемі әртүрлі білезіктер мен сақиналарды көлеміне сәйкес топтай білуге үйрету. Сезімдік сапаларды іс әрекетте бекіту;

    1

    25

    « Әр түрлі торсықтарды түстеріне қарай орналастыру»

    Әр түрлі торсықтарды түстеріне қарай тақтайшаға орналастыра білуді түстерді ажырата білуді меңгеру;


    1

    26

    Оюларды сәйкес түсті тайақшаларға орналастыру

    Оюларды орналастырғанда үнемі айырбастау арқылы түстеріне қарай тақтауға әр түрлі заттарды түсіне қарай ажырата білуге үйрету. Балалардың 5 түрлі түсі ажырата білуін бекіту. Салыстыруға үйрету;

    1

    27

    Еркін тақырып


    Балалардың салатын суретіне сай түстердің дұрыс таңдай білуін, жалпы түстер туралы білімін бекіту;

    1

    28

    Матадан немесе оюдан сырмақ текемет құрастыру


    Балалардың мата қиындыларынан немесе оюлардан сырмақ, текемет түрлерін құрастыра білуге үйрету. Халық өнеріне деген қызығушылығын тәрбиелеу

    1

    29

    Кемпірқосақ

    тақырыбына сурет салу


    Бейнелеу өнерінде заттардың қасиеттеріне сәйкес түстерді ажырата білуге, оны дұрыс пайдалана білуге үйрету; Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу


    1

    30

    Кілем құрастыру


    Заттарды түр-түсіне қасиеттеріне қарай, қолданылатын ортасына қарай ажыратуға, дейін қоюға тәрбиелеу. Түс – әр түрлі заттардың белгісу ретінде пайдалананылатынын. Түр – талғам екенін түсіндіру, көру, сезу мәдениетін байыту;

    1

    31

    Тауық пен балапандар

    Балалардың мозайкамен жұмыс істей білуін бекітіп, әр түсті мозайканы әр затқа сәйкес алып, оны орналастыра білуін бекіту.

    1

    32

    «Екі лақ» ертегісі


    Балаларға пішіні әр түрлі, бірнеше түсті мозайканы таңдап алуға, оны ертегі кейіпкерлеріне сәйкес мозайкамен белгілей білуге үйрету. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

    1

    33

    Жаңбыр жауды


    Серуен сәттерінде табиғат құбылыстарын түсіндіру арқылы балалардың танымдық білімін тереңдете түсуімен қатар тілін дамыту, сезімін ояту, аспан, қолшатыр, күн, бұлт т.б. сөздерін түсіндіру.

    1

    34

    «Көшеде сақ бол»

    +

    .Балалрды үлгі бойынша бес түспен таныстыру.

    Сөздік:Қызыл, қара, сары, жасыл, көк, трактор, машина, бағдаршам.

    1

    35

    Балық аулау


    Балаларғы балық және су туралы түсінік беру, балықтың көлемін, сыртқы пішінін, түстерін ажырата білуге үйрету, судың сұйық зат екенін балалардың қолын салдырып, сезімдеріне жеткізу. Суды өмірдегі маңызын түсіндіру.

    1

    36

    «Ойнай

    отырып,

    ойла»

    Көзбен көру арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.

    1




    Барлығы




    36сағ


    Қолданылған әдебиеттер:



    1. Г.И.Долженко. «Қызықты математика», «Аруна» баспасы-2004.

    2. М.Сәтімбекова, Ә.Өмірова, Ж.Сердалиева. «Сәбилердің сезімін тәрбиелеу». 2006.

    3. Типовые методические рекомендации к программе детского сада (Обучение началом математики).

    4. Л.С.Метлина. «Математика в детском саду». Москва «Просвещение». 1984.

    5. Житникова Л.М. «Учите детей запоминать». Москва «Просвещение».

    1978.

    1. «Содержание и методы умственного воспитания дошкольников». Москва «Педагогика». 1980.

    2. «М.Монтессоридің педагогикалық жүйесін енгізу». Құрастырғандар: Ж.Мақатова, Б. Иманбекова... «Алматы»,2013.

    3. Э.Г.Пилюгина «Занятия по сенсорному воспитанию». Москва «Просвещение». 1988.

    4. Л.А. Венгер, Э.Г.Пилюгина, Н.Б.Венгер «Воспитание сенсорной культуры ребенка». Москва «Просвещение». 1988.



    Барлығыбет

    Бауланып тігілген.

    «Нұр» балабақшасының меңгерушісі

    А.Жұмабаева


    ПІКІР


    Шебер қолдар бағдаламасы өнер мен білім беру ісін бір - бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету.
    Бұл бағдарламаны жасауда балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты 4-5 жастағы балаларға арналған. Жоспарланған жұмыстың түрлері: әңгімелесу, талдау, теориялық, машықтық, жеке, топтық, технологиялық нұсқау карталар, үлгі суреттер арқылы орындалуы жүзеге асырылады. Балалар өздерінің бағдарламаға сай жасаған туындыларының нәтижесін көрмеде көруі.
    Бағдарламаны жүзеге асырудың қорытынды түрі балабақшаларға көрмеге жұмыстарды шығару. Қажетті қажетсіз заттармен жұмыс жасау үйретіледі. Бағдарлама түрлі әдіс - тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
    Балалардың өздігінен ізденіп, ұмыт болып бара жатқан өнерді қайта жандандырып, оның шығу тарихын, қалай пайда болғанын түсініп ғана қоймай, оларды өз қолдарымен жасап, сәндік - қолданбалы өнерді қайта жаңартуға, оған жаңа мазмұн беруге баулу.
    Баланың бойындағы қабілет пен дарынды зерттеу және дамыту арқылы, тиянақтылыққа, табандылыққа тәрбиелей отырып бастаған ісін аяқтап шығуға дағдылануға үйренеді.
    Баланың бейнелі ойлау, өз ойындағыны нобай, сурет, сұлба, сызбалар мен жазықтыққа шығара білу қабілеттерін қалыптастыру.
    Бұйым жасаудың тиімді әдіс - тәсілдерін, технологиясын пайдалануды игерту арқылы балалардың шеберлігін арттыру болып табылады.


    «Нұр» балабақшасының I санатты тәрбиеші: Б.О. Шынарбаева.


    Барлығыбет

    Бауланып тігілген.

    «Нұр» балабақшасының меңгерушісі

    А.Жұмабаева

    Барлығыбет

    Бауланып тігілген.

    «Нұр» балабақшасының меңгерушісі

    А.Жұмабаева

    Барлығыбет

    Бауланып тігілген.

    «Нұр» балабақшасының меңгерушісі

    А.Жұмабаева

    Барлығыбет

    Бауланып тігілген.

    «Нұр» балабақшасының меңгерушісі

    А.Жұмабаева

    Барлығыбет

    Бауланып тігілген.

    «Нұр» балабақшасының меңгерушісі

    А.Жұмабаева


    написать администратору сайта