Главная страница
Навигация по странице:

  • Қазақстандағы тың жерлерді игеру.

  • Билікке қарсы тұру

  • Қазақстандағы тұтқын лагерлері

  • «Қазақ халқын мәңгүрттендіру»

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • Қазақ интеллегенциясына қатысты саяси репрессиялар - Қазақ ұлтын. Коммерциялы


    Скачать 36.3 Kb.
    НазваниеКоммерциялы
    Дата12.12.2021
    Размер36.3 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚазақ интеллегенциясына қатысты саяси репрессиялар - Қазақ ұлтын.docx
    ТипДокументы
    #300909

    Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам

    ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ

    АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
    Әлеуметтік пәндер кафедрасы


    2 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С

    Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
    Тақырып: Қазақ интеллегенциясына қатысты саяси репрессиялар - Қазақ ұлтының "мәңгүрттендірудің" басталуы: көлемі және ауыр салдары.

    Мамандығы 6В07109 -Аспап жасау
    Орындаған Уразов Самат Тобы ПСк-21-1

    (Аты-жөні)
    Тексерген

    (Аты-жөні, атағы, қызметі)
    «»2021ж.

    (бағасы) (қолы)

    Алматы, 2021

    Жоспар
    Кіріспе-------------------------------------------------------------------------3.


    1. Қазақстандағы үлкен террор --------------------------------------4-6.

    2. Билікке қарсы тұру --------------------------------------------------7-9.

    3. Қазақстандағы тұтқын лагерлері-------------------------------10-11.

    4. «Қазақ халқын мәңгүрттендіру»--------------------------------12-14.

    Қорытынды-------------------------------------------------------------------15.

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі----------------------------------------16.

    Кіріспе
    30-шы жылдардың соңғы үштен бірі жаппай сипатқа ие болған Саяси қуғын-сүргіннің жаңа толқынымен ерекшеленді. Сталиннің жеке басына табынушылықтың нығаюы және әр түрлі пікірлердің -шыдамсыздығы, ел дамуындағы барлық қиындықтарды "халық жауларының" нәтижесі деп жариялау әрекеттері билеуші режимге қарсы тұра алатын барлық дерлік ықпалды көшбасшылардың, яғни партиялық және кеңестік жұмысшылардың физикалық жойылуына әкелді.

    Eң алдымен семестрлік жұмысымда,қазақ интелегенциясының жаппай қаналуы туралы ақпарат жинадым.Олар қалай күресті,қалай өз өмірін қиды.Қазақ елі осы реформаға қарсы тұра білген елдердің қатарынан.Соншама қиыншылық күтетінін біле тұра,интелегенция іс-әрекеттері өз өмірлерін құрдымға жібергені туралы жазғанмын.

    Келесі тақырып,ол қазақ жұртын мәңгүрттендіру саясаты туралы.Бұл іс жөнінде саясат болып табылмаса да,журнал,газеттерде қазақ еліндегі түсінікті жою саясаты бар екені көрсетілген.Бұл шындықтар,аяз саясаттан кейін жария бола бастады.

    Бар күшін салып,фундаментті аман алып қалуға тырысқан, адамдар қаншама.СССР үкіметіне байқатпай,өз туған елінің дәстүрін сақтап келген отбасылар көп.Кейде бұл саясатты,орыстандыру саясаты деп те аталады.

    Қазақстандағы тың жерлерді игеру.

    Саясаттың құрбаны болған қаншама интелегенция майып болды.НКВД және ГУЛАГ капастарында ешкандай жазығы жоқ миллиондаған адамдар опат болды. Онын үстіне, көптеген халыктар мен этникалық топтардың өкілдері режимнің қыспағымен туған жерлерінен қуылып, солардың бір бөлігі баска аймактарға жер аударылса, ал енді бір бөлігі жер аудару кезіндегі адамгершілікке жатпайтын жағдайлардың салдарынан қаза тапты.

    Кеңестік тоталитарлык үстемдік пен онын жүйесі халықтын санасын одан сайын бұрмалап, адастырып жіберді. Біреудін сыртынан сөз тасуға орын берілді. Қолдарына камшы ұстаған патша шабармандарынын орнына шолақ белсенділер, кедейлер комитетінін мүшелері және сол тектес «кайраткерлер» пайда болды. Мылтыкты адам заманның бас тұлғасына айналды.Жұрт ешкімге сенбестен, іштей тынды.Бұкара халыктын коғамдык санасын, біріншіден, ен алдымен интеллектуалдарды нысанаға алып жою жолымен, екіншіден, бүкіл майдан бойынша кең ауқымдағы идеологиялык шабуылдың көмегімен улауға кол жеткізді. ХХ ғасырдын бас кезінде калыптаскан казақ интеллигенциясынын бетке шығарлары патшалық режим тұсында-ақ куғын-сүргінге ұшырады. Революция және азаматтык карсы түру кезенінде казак интеллигенциясы, онын ен озык бөлігі баррикадалардан тыс калды, кейінірек, 20-жылдарда онын көптеген өкілдері Ф.И. Голошекинге, оның әлеуметтік эксперименттеріне батыл карсы шығып, содан ең бірінші болып куғын-сүргінге ұшырады.

    Осы өз ауқымдары бойынша тарихта бұрын-соңды болып көрмеген қылмыстардың өршуіне Қазан төңкерісі мен КСРО-дағы Азамат соғысы түрткі болды. Кеңес өкіметі орнап, орныққаннан кейін пролетариат диктатурасының мемлекеті өзінің саяси және таптық карсыластарын жаппай кудалай бастады. Соның салдарынан бұрынғы Ресей империясының мындаған азаматтары эмиграцияға кетті. Тарихи отанын революция және Азамат соғысы кезеңінде, сондай-ақ 20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың бас кезінде күштеп ұжымдастыру кезінде тастап кетуге мәжбүр болған Қазакстан азаматтары да солардын катарына жатады. Сондыктан Қазакстандағы саяси куғын-сүргіннің тарихын бүкіл КСРО ауқымында болған окиғалармен сабактастықта қарау кажет.

    Тоталитарлык режимнің күшеюіне карай ұлт-азаттык козғалысқа катысушыларға, сондай-ак Ресей империясының шет аймактарында төңкеріс қарсаңында және төңкеріс кезінде үгіт жүргізген саяси партияларға карсы қуғын-сүргін саясаты да өрши түсті. Осы саясат КСРО-нын бүкіл билік құрған кезінде БК(б)П КОКП іс-әрекеттері бағдарламасының аркауы болды. Ұлт-азаттык козғалысқа катысушыларды және осы идеяны таратушыларды кудалау одан әрі Кенес мемлекеті тыныс-тіршілігінің ажырамас бөлігіне айналды. Ол әсіресе РК(б)П ОК-нін ұлттык республикалар мен облыстардың жауапты қызметкерлерінің катысуымен 1923 жылы Мәскеуде өткен

    ТУ кеңесінен кейін катан сипат алды. Кеңеске катысушылар большевиктердін ұлттык саясатына карсылардың және ең бастысы, «жергілікті кадрлардың» «ұлтшылдык» көзкарасын, сондай-ак КСРО Түркі халыктарынын конференциясын құру жөніндегі жымыскы идеялардын кателіктерін айыптауға баса назар аударды.

    Татарстанның белгілі коғам және мемлекет кайраткері, сол кезге карай тұтқындалған Сұлтанғалиевпен байланыс жасағаны үшін айыпталған Т. Рысқұлов өткір сынға алынды.

    Кеңестің корытындылары мен елдегі әлеуметтік-экономикалык реформалардың бұдан былайғы барысы КСРО республикаларындағы ұлттык интеллигенция өкілдерінін түбіне жетіп тынды.!

    Тұрар Рысқұлов

    20-жылдардың соңында елде әлеуметтік-экономикалык жағдайдын шиеленісуіне және тыныс-тіршілікті камтамасыз етудін дәстүрлі калыптаскан құрылымдарын түбірімен өзгертуге байланысты большевизмге баламалы партиялар мен козғалыстардын, солардын ішінде ГУ Бүкіл-украиндық Раланын, «Иттихат-ва-Тараккидін», «Шура-исламидің» кезінде Орта Азия, Татарстан, Башкұртстан республикасында және баска да аймақтарда әрекет жүргізген өкілдері тұтқынға алынып, куғынға түсті.Тарихи аренада «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінін пайда болуына байланысты казак халқының ұлт-азаттық коэғалысы жаңа сатыға көтерілгені белгілі. Алайда Қазак ұлттык автономиясын кұру жөніндегі бастапкы идеялар Кенес өкіметінін женісіне байланысты түбегейлі өзгерістерге ұшырап, алдағы окиғалардын барысын көп жыл бұрын белгілеп берді.

    1929-1930 жылдарда, КСРО республикаларында ұлт-азаттык козғалыстарының бұрынғы басшылары мен қатысушыларына қарсы жүргізілген алғашқы қуғын-сүргін кезеңінде, Қазакстанда Алаш козғалысына катысушылар, соның ішінде А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев,

    Ж. Аймауытов, М. Тынышбаев, Ж. Ақбаев және т.б. тұтқындалды және әр түрлі мерзімге сотталды. ОГПУ үштігінін бұларға такқан айыптарының катарында - Кенес өкіметінін саясатына карсы әрекет жасау; Шығыс Бұхарала басмашылықты басқарған, кейін эмиграцияға кеткен Заки Валидовпен байланыс орнату; Ферғанадағы басмашылармен карым-катынаста болу; жауапты қызметкерлерге катысты ланкестік әрекеттер жасау үшін жастардын жауынгерлік топтарын жасактау; жастардан әскери кадрлар даярлау; байлармен тығыз ынтымактасу максатында «Алқа» үйірмелерін ұйымдастыру; коныстандыру (жерге орналастыру) наукандары мен іс-шараларына нұксан келтіру; Кеңес өкіметіне карсы үгіт-насихат жүргізу және тағы басқалары бар.

    Ұжымдастыру мен одан кейінгі 1931-1933 ашаршылық жылдарында казак халкынын жартысына жуығы және Қазакстанға коныстанған 200 мыңдай халык каза тапты немесе отанынан тыс жерлерге көшірілді.Толык емес деректер бойынша, республикадағы ашаршылықтың кұрбандары 2 млн 200 мыннан аса адамды құрады.

    Билікке қарсы тұру

    Партия рөлінің өсуі, онын әскерилендірілген тәртіп тұрғысында қалыптасуы, партияға мүше көпшіліктің еркін тұншыктыру, жаппай террор мен зорлык-зомбылык партия мен мемлекетте бонапартшылдық тәртіпті орнықтыруға алып келді. Осындай жағдайларда барлык буындағы басшы қызметкерлердің басым көпшілігі жоғарылан бұйырылатын саясатты басшұлғып орындауды ғана білді. Алайда болып жаткан окиғаларға бейжай қарамайтын адамдар да болды. 20-жылдардың екінші жартысында наразылық білдіріп, дауыс көтерген кайраткерлерлін катарына С. Сәдуакасов,Ы. Мұстамбаев, Ж. Сұлтанбеков, олан сәл кейінірек Н. Нұрмаков, 3. Төреғожин, А. Асылбеков, М.Ғатауллин, Ғ. Мүсірепов сынды азаматтар және т.б. жатады."

    Жергілікті партия, кеңес, шаруашылык басшыларының өлке эконо-микасының отаршылдык құрылымын, ең алдымен индустрияланлырудың барысын қайта карау туралы орынды ұсыныстарын (С. Сәдуакасов, Ж. Мынбаев және т.б.) БК(б)П хатшылары Ф. Голошекин, И. Құрамысов және солардын жақтастары жергілікті ұлтшылдыктың карсылык білдіруі деп айыптады, ал кейбір білікті экономистердің индустрияландыру каркынынын өндіргіш күштердін даму денгейіне, колда бар енбек ресурстарына сәйкес келуі кажеттілігі туралы ой-пікірлері ұлы державалык шовинизмнің көрінісі леп жазғырылды.

    Қазакстанда 1937-1938 жылдарда сотталған және атылған, «халық жаулары» аталған адамдардын істері айғактағандай, оңшыл оппортунистер мен троцкистердін, сондай-ақ буржуазиялык ұлтшылдардың қызметіне қатысқандары туралы айыптаудан басқа, оларға көбіне, экономикадағы, әсіресе 30-жылдардың бас кезіндегі ауыл шаруашылығындағы сәтсіздіктер кінә етіп тағылды. Мәселен, 1938 жылы бұрынғы Алматы облыстық комитеті мен калалык БК(б)П комитетінін бірінші хатшысы Ж. Сәдуакасовка, жазушы С. Сейфуллинге, Халык ағарту комиссариатынынң төрағасы Т. Жүргеновке және басқаларына Каракұмда,Ырғыз, Сарысу және т.б. аудандарда «көтерілісті ұйымдастыру» айыбы тағылды. Әрине, осындай айыптаулардың ақылға сыймайтыны күмән тудырмайды. Іс жүзінде, айып тағу үшін басқа себептер негіздеме болды,солардын ең бастысы экономикадағы сәтсіздіктер үшін жауапкершілікті баскаларға аудара салу әрекеті еді.Инлустрияландыру, республика халқының дәстүрлі салтын түбегейлі өзгерту, табиғи ресурстарды игеру - осылардың барлығы халыктың өнеркәсіп жабдығын, материалдарды жеткізуге, шаруашылық және мәдени істі жүргізуге тікелей атсалысуы негізінде жүзеге асырылды.

    1928 жылы Л. Троцкийдің, кейінірек П. Серебряковтын, Г. Пятаковтың және баска да көрнекті оппозиционерлердін Қазакстанға жер аударылулары «ішкі жаулардын» іс-: әрекеттерін жіті кадағалаған режимге БК(б)П саясатына наразы жергілікті кызметкерлерді солармен одақтасты деп айыптауға ілік болды. Сонын нәтижесінде казакстандык кызметкерлердің бір бөлігіне троцкийшілдермен және оншылдармен байланыс жасағандары жөнінде айып тағылып, қуғын-сүргінге ұшырады.

    Осы ауыртпалық 1927-1928 жылдары ен алдымен Жер шаруашылығы халық комиссары Ж.Сұлтанбековтің, Сырдария губаткомынын төрағасы Ы. Мұстамбаевтың және басқалардын басына түсті.

    30-жылдарлын орта шеніне карай орталыкта және ұлттық респуоликаларда «Троцкийшіл-зиновьевшіл оппозициямен» және «оншыл оппортунистермен» күрестің күшеюі, көпшілігі жаза мерзімін өтеп шыккан ұлт-азаттык козғалыстын өкілдеріне, сондай-ак жергілікті партия-кенес және шаруашылық қызметкерлеріне карсы куғын-сүргін түрінде көрініс тапты.

    Артынша куғын-сүргін өрті өршіп, калын ел ішін шарпыды, оған БК(б)П ОК-нін 1936 жылғы желтоксандағы, содан кейін 1937 жылғы акпан-наурыздағы пленумдарының шешімдері серпін берді.

    Жоғарыда айтылғандай, 1928 жылдың соңында жалған айыптаумен «буржуазиялық ұлтшылдар» аталатындардың катарынан 44 адам, «Алаш-орданын» бұрынғы кайраткерлері, солардың ішінде А. Байтұрсынов,М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Х. Ғаббасов және баскалары тұтқындалды. Ж. Аймауытов, Х. Ғаббасов, А. Байділдин, Д. Әлілов, Ғ. Бірімжанов ату жазасына кесіліп, калғандарына әр түрлі мерзімдерге түрмеге қамау үкімі шығарылды. Олардың кейбіреулері лагерьлерде (М. Дулатов және т.б.) кайтыс болып, қалғандары (А. Байтұрсынов,М. Жұмабаев) жазаны өтегеннен кейін, 1937 жылы «Алашорданын» кызметіне катыскандары үшін жауапкершілікке екінші қайтара тартылып, 1937-1938 жылдарда атылды. Ұлттык интеллигенцияның М. Тынышбаев,Х. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ж. Ақбаев бастаған келесі бір тобы (40 адамға жуык)

    1930 жылы қыркүйек-қазан айларында тұтқындалды.

    Артынша солардың 15-1(М.Тынышбаев, Ж. Ақбаев, Х. Досмұхамедов) тұтқындалды.


    Қазақстандағы тұтқын лагерлері

    Қазакстан аумағында 1931 жылы кұрылған Қарағанды лагері (Карлаг) болды. Әр жылдарда саяси айыппен куғындалған мыңдаған тұтқындар ГУЛАГ-тың осы алып лагері аркылы өтті. Қазакстан аумағында Қарлагтан баска Степной, Песчаный, Луговой, Дальний деп аталатын лагерьлер де жұмысістеді. Ақмола облысынын аумағында касіретімен белгілі болған АЛЖИР- Отанын сатқан опасыздар әйелдерінін Акмола лагері ашылды,онда КСРО бойынша, сонын ішінде Қазакстандағы да белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің әйелдері мен кыздары қамау мерзімдерін өтеді.

    Солардың арасында КСРО НКВД Қарағанды еңбекпен түзеу лагері (Қарлаг) манызды орын алды. Оны кұру тарихы 1930 жылға барып тіреледі;Халық Комиссарлары Кенесі өзінің 1930 жылғы 13 мамырдағы жабық отырысында қаулы қабылдады, қаулыда ол Жер шаруашылығы халык комиссариатының корытындысы мен Лагерьлердің қазақ баскармасының «Акмола және Қарқаралы округтарынан» (Қоянды жәрменкесінің жерінен баска), «Көлемі 110 000 га түтас жер алабын мерзімсіз және өтеусіз пайдалануға кесіп беру туралы» өтінішімен келісті. Содан кейін ОГПУ Қарағанды еңбекпен түзеу жеке лагерінің 1931 жылғы 19 желтоқсандағы бұйрығымен Қазак енбекпен түзеу лагерінің «Гигант» кеншарындағы жана бөлімшесі ОГПУ-дың Карағанды енбекпен түзеу жеке лагері болып қайта құрылды (Қарлаг ОГПУ), ол ГУЛАГ-ка тікелей бағынатын болды. Лагерь басқармасы Долинское селосына орналасты.

    Карлаг лагерінде тұтқында болғандар туралы ақпарат

    Қарлаг бөлімшелеріндегі лагерь зираттарынын орындары бүгінде сақталмаған. Спасскідегі зираттың бір бөлігі біршама аман күйде. Долинкадағы тұтқындарды жерлеген зираттың жұрнағы да калмаған. Бұрынғы бөлімшелердегі зираттардың орындарын кейінірек жаппай дерлік коқыс тастайтын жерлерге айналдырған. Зираттардың бір бөлігі су коймаларын салу кезінде су астында қалған.

    Карлагта өлген адамдарды «жалпы ережелер» бойынша жерлеген:

    1. бірнеше мәйітке бір шұңқыр, кейбіреулерін мүлде жалаңаш, әр шұңқырға

    2. бесеуден үш қабат етіп көміп, аяғының бас бармағына нөмір жазылған

    3. қанылтыр байлайды. Мәйіттердің әрбір кабаты топырақпен көміледі. Моланың бір бұрышына нөмір жазылған ағаш када орнатылады. Осы нөмір тұтқынның өлімактісінде көрсетіледі. Сөйтіп әрбір мола-шұңқырға 15 мәйіттен жерленеді. Бұл бұрынғы «халық жауы», жаза мерзімін Қарлагта өтеген адамдар.

    А.Б. Бергтің айғағы.

    Қарлагта жазасын өтеп аман калғандардың, сондай-ақ тікенек сымның ар жағында күзет жүргізгендердің осы уақытка дейін Қарағандыда тұрып жатқандары да бар. Егер алғашқылары өткен өмірлері туралы шын ықыласпен әңгіме айтса, екіншілері кездесуден де, естелік айтудан да жалтарады. Жан түршігерлік касірет бүкіл халыкты жаппай шарпыса да, билік басындағылар шындыктын сыртка шыкпауы және аламларлын санасын дүрліктірмеуі үшін жасырудың бар амалын карастырып бакты. Ашаршылыктын шеңгелінен, террор мен кудалаулан аман калған адамдар наразылығын білдіруге құқылы емес еді. Азаматтардың, басшы қызметкерлердін, солардын ішінде ен биік лауазымдағы Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, О. Исаев сиякты аламдардың барлық мәлімдемелері мен баяндау жазбалары «құпия папкаларға» хатталып, биліктін пікірлері тиісті түрде ресімделіп отырды.

    «Қазақ халқын мәңгүрттендіру»

    Ресми болжамдар бойынша, «колхоз құрылысында партияның бағытын бұрмалаушылыққа» жол берген жергілікті кадрлар барлығына айыпты болып шыкты, кейбір дұшпандык элементтердін осыны дереу «пайдаланғандығы» айтылды. Опат болуға шақ тұрған халықтын орынды наразылығы,жүгенсіздік пен озбырлыкка карсы тұруы, шаруалардын толкулары мен көтерілістері «Ауыл шаруашылығын» сопиалистік қайта құру жөніндегі Кенес өкіметінін шараларына карсы әрекет жасауға кедей-кепшік пен орташа бұқараны айтактайтын жәңе оларды контрреволюциялык бандитті бұзакылыктарға итермелейтін, байлардың үгітінің нәтижесі» деп түсіндірілді. Социализмнен басқа жаркын да бакытты болашакка апаратын жол-жоқ екені туралы пікір бұқара халықтын санасына жаппай күштеп сіңдірді.«Қанаушы тапты экспроприациялау» психологиясы, зорлык-зомбылык саясаты жаңа дүниені кұрулын әмбебап әдістері ретінде женіске жетті.

    Бұрын артта калған халықтардын социалистік революция жағдайында дамуының капиталистік емес жолы, елдің коғамдык-саяси, экономикалык, мәдени өмірінін барлык салаларын камтитын революциялық процесті алға тартты. Лениндік кағида бойынша - бұл тек қысқа ғана емес, сонымен бірге ең алдымен жедел даму жолы, мұндай даму кезінде дамыған да, сондай-ак артта калған халыктар да социализмге біртұтас майданмен жүреді,социалистік коғам орнату барысында экономика мен мәдениеттің денгейі тенестіріледі деп түсіндірілді.

    Өз дамуында кенже калған баска халыктар сиякты казақ халқынын социалистік коғамға өтуі уакыты мен мазмұны бойынша, өзінін мәні жағынан социализмге бірте-бірте, жоспарлы, белгілі бір шамада жедел өтуді камтамасыз етуі тиіс жаңа экономикалық саясатка ауысумен сәйкес келді. Алайда большевиктердің «алға озып кеткен Орталық Ресейге жетуі үшін ұлы орыс халқынан басқа халыктарға көмектесу керек» деген ұзақ мерзімді перспективалык бағдарламасы көбіне бос киял ғана болып калды. Ең алдымен, өнеркәсіптік дамудын «орташа-осал» деңгейі ұлттык шеткері жерлердін экономикалық дамудағы сілкінісін камтамасыз етуге дәрменсіз еді.

    Қазақ мәңгүрттікті тәңіріден өзі тілеп алған жоқ, оған Ресей империясының миссионерлік, нәсілшіл шовинистік саясатты ұстануы себеп болды. Тіпті, Ұлы Отан соғысы кезіндегі қайталанбас ерлік жасаған қан майдандағы жауынгерлер ерлігін бағалаудағы әділетсіздіктің өзі-ақ ұлт саясатындағы екіжүзді ұсқынсыз сұрқын көрсетіп берді. Бұл қасіреттің түпкі саяси тамырын танып, аспай-саспай ғасырлар бойы мемлекеттік деңгейде толассыз жүргізілген отаршылдық саяси айла-тәсілдердің бұралаң жолдарын танып әшкерелеуде зор мағына жатыр. Отаршылдық саясатты іркіліссіз әшкерелеу әрекетіне бару Ресейді, немесе орыс халқын жек көруде емес, ұлттық сананы оятып, мәңгүрттіктен арылуда жатыр. Ресей империясының патшалық, кеңестік дәуірдегі бүркемеленген алдамшы ұлт саясаты астарындағы евроцентристік кертартпа дүниетанымын ғылыми тұрғыдан терең танып білу әрекеті ғана бізді құлдық сана құрсауынан шығара алмақ.

    Қазақ жерін Ресей империясы жетілген қарудың күшімен 150 жыл уақыт ішінде әрең жаулап, тұтас қаратты. Ал,Түркістандағы Бұхара, Хиуа, Қоқан хандығының тұрақты әскері, мылтық, зеңбірекпен қаруланған күштері әрі мықты қамал қорғандары болса, да екі-үш жылға төтеп бере алмай отарланып, бодандықтың ноқтасын киіп шыға келді.Қазақтар мен өзбек хандықтарын жаулап алудағы ерекшелікті орыс тарихшылары тарапынан айтылған шыншыл пікірден-ақ танып білсе болғандай. Ресей отаршылдары қазақ жерін бір жарым ғасыр бойы жаулағанда, олар отты қарумен, тұрақты армиямен қаруланса да әр жердегі қазақ батырларының қол бастаған жанкешті қарсылығына ұшырап, алға жылжи алмай келді.Мұның басты себебін орыс тарихшысы Аничков қазақтардың еліне, жеріне деген махаббатынан туындаған ұлттық санасының жоғары деңгейде болуында деп атап көрсетті. Ал, өзбек хандығының қарсыласуы тез арада тойтарылып, екі-үш жыл арасында жеңіліс табуы оларда ұлттық сананың жоқтығын көрсетті.

    Oсы себептерді ескере отырып, патша үкіметі түрік халықтарының ішінде алдымен қазақтарды ерекше қыспаққа алып, жер бетінен сыпырып тастау әрекетінен тайынбады.1865 жылғы наурыз айында Александр патша ерекше мәні бар мәселеге өз қолымен жазатын транскриптінде қазақтарды шоқындырып, орыстандыру туралы саяси құжатқа ресми түрде қол қойды. Бұл байлам жергілікті билік арқылы құпия түрде біртіндеп, асықпай жүзеге асыруға бағыт алды. Қазақтарды шоқындырып, орыстандыру мәселесі Святой Синодқа тапсырылып, миссионерлік саясат үшін мемлекет тарапынан орасан зор қаржы бөлінді.Святой Синод қазақтарды православие дініне шоқындырып,орыстандыру мәселесін миссионер ғалымдардың қолына тапсырды. Осы себепті Кіші жүзді шоқындырудың басына профессор Ильминскийді, Орта жүзді орыстандырудың басына профессор Алекторовты, түркістандықтар мен Ұлыжүз қазақтарын шоқындырып орыстандырудың басына атақты профессор Остроумовты қойды.

    Қазақтарды шоқындыру арқылы орыстандыру мәселесі жүзеге аспаса, оларды жер бетінен жойып жіберу мақсаты ашық айтыла бастады. Мысалы, патша үкіметінің ерекше істерді жүзеге асыратын чиновнигі, шоқынды Балкашин Жетісу, Семей губернасын аралап, жарамды жерлерді орталықтан келген қара шекпендерге беру үшін зорлыққа басқанда, оған Потанин қарсылық пікірін білдірді. Сонда Потанинның қарсылығына Балкашин: «Империяға жер керек, қазақтар қайда кетсе онда кетсін» деп ашығын айтқан болатын.

    Осы адам ату лимитіне сүйенген Қазақстанның Ішкі істер басқармасы қазақ халқының ұйтқысы мен қаймағы болған зиялы тобының көзін жою, Голошекин мақсатын жүзеге асыру мақсатында бір жыл ішінде жүз мыңға жуық сауатты, зиялы азматтарды атып өлтіруі арқылы негізгі мақсатқа жетсе, осының алдында ғана халықты қолдан жасаған жасанды ашаршылыққа ұрындырған еді. Қалғандарын мәңгүрттендіріп, рухани құлдыққа айналдырудың жолын да ерте бастан қарастырды.

    Қорытынды
    Кейінгі жылдарда Казакстан Республикасынын 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси куғын-сүргін кұрбандарын актау туралы» Заңын іске асыруда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалымдары үлкен жұмыс аткарды. «Әділет» тарихи оку-ағарту коғамының басқармас белсенділерімен бірге және республика ҰКК басшылығынын белсенді колдауымен ғылыми конференциялар мен семинарлар өткізіліп,сталиндік кезеннін жаппай куғын-сүргін құрбандарын тізімдері алынды. Кейбір күжаттардын «құпия» белгісі алынып тасталды және баспасөзде жарияланды, солардын ішінде жаппай саяси куғын-сүргін жүргізу үшін негіздеме болған БК(б)П ОК-нің және бұрынғы өлкелік комитет пен Қазакстан Компартиясы ОК-нін қаулылары да бар.1995 жылы акпанда «Казакстандағы күштеп үжымдастыру және саяси куғын-сүргін» тақырыбына ғылыми-практикалык конференция өткізілді.

    1996 жылы казанда конференцияның материалдары мен саяси куғын-сүргін құрбандарынын естеліктері «Народ не безмолвствует» («Халык үнсіз калмайды») деген атпен жеке кітап болып шықты. 1996 жылы «Әділет» коғамы тоталитарлык режимнін саяси куғын-сүргінінің тарихына арналған бірқатар дөңгелек үстелдер мен семинарлар және корытынды ғылыми-теориялык конференция өткізілді.

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


    • Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) бес томдық.

    Алматы: «Атамұра.2010»

    • e-history.kz

    • https://elim.kz/article/397/

    • https://antisovetsky.blogspot.com/2017/05/blog-post_31.html


    написать администратору сайта