Кіріспе курсавой. Конфликт жне оны шешу жолдары
Скачать 35.71 Kb.
|
Кіріспе: Жұмыстың мақсаты: Конфликт және оның шешу жолдары........................................6 Жасөспірім шақтағы конфликт ерекшеліктері.........................16 Кіріспе: Адам жан дүниесінің қилы-қилы қыр сыры мен тіршілік әрекеті зерттейтін психология ғылымының сан салалы екендігі айқын. Жантану жайынжағы бірден-бір жетекші ғылым психология болғандықтан, оның қарастырар мәселелері қашан да маңызды. Психология сферасы өте кең және қызықты бүгінгі таңда да көптеген шешілмеген сұрақтар, жасырын феномендер және де түсініксіз құбылыстарға толы. Бұл жұмыста жасөспірімдердің арасында туған конфликтерді шешу кезіндегі гендірлік айырмашылықтар мәселесі қарастырылады. осы жерде а.б.боссарттың келесі сөздерін келтірген жөн болады: "қоғамда адамға өте аз көңіл аударады. Оған ол аз мөлшердегі көңілдің өзі өте кеш аударылады. Ол, тіпті адам болғанда, немесе толық жетілмеген, немесе дайын кезде адам емес..." жасөспірімге осындай мән берілуі өте қажет, себебі ол осы кезеңде дау, жан-жалға (конфликт) өте бейім, тез түскіш болып келеді. Осы жасының күшіне байланысты отбасының және мектеп өмірімен қанағаттанбайды, себебі ол олардың түсініктері мен нормаларынан есейіп кеткен, осы кезде олармен конфликтке түсе отырып, жасөспірімді ересектер қоғамы еріксіз түрде өзінің заңдылықтарымен, өзінің ерекше құрлымымен тартып тұрады және оған осы кезде өте қиын болады, оған жаңа жағдайларға бейімделу керек, өзін ересек ретінде қабылдауы керек, және өзін басқалар ересек тұлға ретінде қабылдауына жету керек. Жұмыстың мақсаты: Конфликт жағдайындағы жасөспірімдердің гендірлік айырмашылықтарын теория және эксперимент жүзінде зерттеу. Зерттеу пәні: жасөспірімдердің гендірлік ерекшеліктері. Өзектілігі: бұл тақырыптың өзектілігі көптеген факторларға негізделген. Біріншіден жасөспірімдер әр кезде, әр дәуірде актуалды болған. Осы кездегі баланың психологиялық ерекшелігіне арналған көптеген зерттеулер қызығушылық тудырады. Екіншіден жасөспірімдерде конфликт жиі кездеседі. Бұл жас уақытында жасөспірімдер өздерінің өсу, өзгеру ерекшелігіне байланысты конфликті болатынына көптеген адамдар келіседі. Конфликт жасөспірім шақтағы негізгі мәселе болып табылады. Қазіргі кезде бұқаралық ақпарат құралдарында жазып отырғандай жасөспірім арасындағы конфликт жиі кездеседі. Сонымен қатар біз жасөспірімнің топ арасындағы әрекетте агрессиясын байқаймыз. Тағы айта кететін жайт таңдап алынған тақырыптың ғылымда, практикада актуалдығы жасөспірімдерге негізделген адамдар арасындағы гендірлік ерекшелік. Біздің зерттеуіміз жасөспірімдердің конфликтік жағдайын шешу арқылы гендірлік ерекшелікті табуға бағытталған. Болжамдары: жасөспірімдер тобында шиеленісті шешу стилдерін таңдау олардың тұлғалық және гендірлік айырмашылықтарына байланысты Зерттеу міндеттері: 1. Конфликт және жасөспірімдер (гендер) мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау. Әдістемелер арқылы кіші және ересек жасөспірімдер тобына зерттеу жүргізу. Индивидуалдық мәліметтерді өңдеу және топтық көрсеткіштерді айқындау. Зерттеу міліметтерін сандық өңдеу және саналық таңдау Зерттеу болжамын дәлелдеу. Конфликт және оның шешу жолдары Конфликт латын тілінен аударылғанда кезде қақтығыс деген мағынаны білдіреді. Бұл оппоненттердің немесе субъектілердің ара қатынасындағы қарама-қарсы бағытталған мақсаттардың қызығушылықтардың, позициялардың ойлардың немесе көзқарастарының қақтығысуы. Кез-келген конфликтінің негізінде қандай да бірсылтаудағы қарама-қарсы бағыты бар жағдай жатыр немесе мақсаттарымен тілектерінің және қызығушылықтарының сәйкес келмеуі. Конфликт қиын шешілетін шиеленістер, қарама-қарсы қызығушылықтар түйіскен кезде пайда болады. Конфликт-жеке адам, әлеуметтік топ, социум деңгейіндегі қарама-қарсылық күресінің бейнесі. Сондықтан, конфликт лидерлік қатынастардың нормасы деп айту дұрыс.Жалпы конфликт дегеніміз-адамдар арасында олардың белгілі бір ойларының, мақсаттарының, мүдделерінің, құндылықтарының және тағы басқа ерекшеліктерінің сәйкес келу, келмеуінен туатын жағдай. "конфликт" ұғымы и.п.павловтың ғылыми мектебінен келген "эксперименталды невроз", "қиын күй" деген терминдермен функционалды туыстықта жатыр.Ресей ғалымдары а.я.анцупов және а.и.шипилов былай деп айтқан: "өмір-бұл күрес, ал күрес-бұл конфликт". конфликт" термині көптеген құбылыстарға таралған. Әлеуметтік конфликт барлық жағынан адамдармен байланысты. Әлеуметтік конфликтте аз дегенде екі қарама-қарсы жақ болу керек. Олардың әрекеттері өз қызығушылықтарына бағытталған, осыдан екі жақтық қақтығыс пайда болады. Сондықтан да барлық конфликтке адамдарды қоздыратын қысым тән.Әрбір конфликтте оның қатысушылары-конфликттантар болады. Оларда ерік, жігер, сана бар және өз әрекеттерінің мағынасын түсініп, оларға жауап бере алады. Әрбір қатысушы-субъект болып табылады, субъект бір немесе бірнеше адам болуы мүмкін. Қарсы субъекттер бір-біріне оппонент болады, олардан басқа да субъекттер болуы мүмкін.Бұлар бақылаушылар. Бақылаушылар екі жақ арасында бейбіт функцияны атқарады. Бірақ олар тез арада оппонент болып кетуі мүмкін. Конфликт даму үшін инцидент керек. Конфликт пәні әдетте белгілі. Кейде ұзаққа созылған конфликт кезінде оны бөліп қарастыру қиынға соғады, өйткені көптеген толықтырушы мәнжайлар көбейіп кетеді. Сонымен қатар мәні жоқ конфликттер де болады. Егер жағдай айқындалмаса,онда оппоненттер ерте әлде кеш бір-біріне зиян келтіреді.Біздің өмірімізде көп адамдар конфликтке түскен шығар. Кейде адам бір немесе бірнеше адамдармен инициатор да болып кетуі мүмкін, әлде аяқ астынан конфликтке түсіп қалуы мүмкін. Кейде еріксіз екі адамның арасына арбитр немесе бір жақты қорғаушы ретінде де боласын.Конфликтті біздің ғасырымызға дейінгі 6-5 ғасырларда қытай ойшылдары қарастырған. Олар, конфликт-жағымды (янь) мен жағымсыз (инь) жақтарының өзара әрекеті деп түсінген.Ал антик философ-диалектигі гераклит (б.ғ.д. 530-470ж) ойынша, өмірде барлығы соғыстан туады. "соғыс-барлық зат, нәрсе, құбылыстың әкесі. Ол біреулерін құдай деп бөлсе, кейбіреулерін адам, ал тағы біреулерін құлдар етіп жаратты" деген. Ал аристотель, адам және қоғам туралы айта келе, адамдарды билеуші және бағынушы деп екі түрге бөледі, аристотельдің ойынша, әлсіз адамдар тегіндік пен адамгершілікке ұмтылады. Орта ғасырда никколлор макиавелли (1469-1527) өзінің "государь" және "рассуждение о первой декаде тита ливия" атты еңбегінде ол күшті мемлекетті құру жайлы айтып кетеді. Өзінің еңбектерінде ол конфликт жайлы толық айтып кетеді. Ол конфликтте күйрету (разрушающий) жағын және жасампаз (созидательный) жағын бірдей көреді.Томас Гообс (1588-1679) 1651ж өзінің белгілі трактатын шығарды. Оның ойынша, қоғамның жаратымды күйі-ол "война всех против всех". Т. Гообс конфликттің үш негізгі себебін бөлді: біріншіден-бәсеке; екіншіден-себепсіздік; үшіншіден-атақ құмарлық.Қазіргі концепциаларға келетін болсақ, американдық социолог-теоретигі толкотт парсонс (1902-1979) конфликтті жағдай анализіне көп мән берді. Оның ойынша, конфликт-әлеуметтік анамалия, оны ауру сияқты жеңіп, меңгеріп алуға болады. Әлеуметтік тәртіптің қолдаушысы парсонс интеграция проблемасына көп көңіл бөлген. Парсонс позициясын "адамдық қарым-қатынас" мектебінің өкілдері де қолдады. Олардың айтуы бойынша, индустриалды дамыған қоғам әлеуметтік консенсус және гармонациялы жағдайға ұмтылу қажет.Осы мектептің белгілі өкілі, гарвард университетінің профессоры элтон мэйо (1880-1949) бойынша, конфликт-бұл қауіпті "әлеуметтік ауру", одан адам түрлі жағдайлармен қашу керек.Елуінші жылдары әлеуметтік конфликт "батыс мәдениет" құндылықтарына қарсы бағыт ретінде қарастыратын көзқарастар азая бастады. Осы жылдары әлеуметтік конфликттің жаңа концепциялары жазылған. Соның ішінде л.козер; р.дарендорф пен к.боулдинг. Американдық зерттеуші льюнс козер 1956ж "әлеуметтік конфликттің функциялары" атты кітапты жарыққа шығарды. Бұл кітапта "әлеуметтік топтар конфликті қарым-қатынассыз болмайды және ол қоғам жүйесін функциялауды" позитивті мәнге ие" деп жазылған.Конфликтке деген қызығушылық европада да болды. 1965ж рольф дарендорф германияда "таптық құрылым және таптық конфликт" атты жұмысты жазды. Оның ойынша, әр қоғамда дезинтеграция және конфликт болады: "барлық қоғамдық өмір-конфликт" деген.Американдық социолог және экономист, "конфликттің жалпы теориясы" атты кітаптың авторы кеннет боулдинг та, конфликтті теорияны тұтас ғылым ретінде құруға ұмтылды. "конфликт" термині физикалық, биологиялық және әлеуметтік құбылыстың анализінде кең қолданылады.Неміс социологы георг зиммель (1858-1918) "конфликт социологиясы" деген терминді алғаш енгізді. Ол әлеуметтік қарым-қатынас пен өзара әрекеттің "таза формасын" қолдануды сұрады.20 ғасырдың 20 жылдары роберт эзра парк (1864-1944), эрнест уотсон берджес (1886-1996), аббион вудбери смолл (1854-1926) әлеуметтік процесті төрт өзара байланысты аспектіде қарастырды: жарыс (соревнование), конфликт, ассимиляция және икемдену (приспособление). Бұл жерде конфликттер алдыңғы қатарда, өйткені жарыстан икемденуге содан кейін ассимиляцияға өтуде маңызы зор.Қазіргі батыс зерттеулерде екі негізгі бағыт бар; біріншісі, батыс еуропада кең тараған конфликтті зерттейтін институттардың іс-әрекетімен байланысты (франция, голландия, италия, испания); ал екіншісі ақш-та кең тараған дүниежүзілік зерттеу институттардың іс-әрекетімен байланысты. Осы институттардың өкілдері проблемаларына көп көңіл бөледі. Мысал ретінде, фишер мен у.юридің 1990 жылы шыққан "келісімге жол және ұтылусыз келіссөздер" атты кітабы.Конфликттің зерттеу әдістемелері: эксперимент, документтерді зерттеу, сұрақтама, бақылау және тағы басқа. Коннфликті дұрыс меңгеру үшін, оның шекараларын анықтап алу қажет. Оның үш аспектісі бар: кеңістік, уақыт ішкі жүйелік.Кеңістікті шекара-конфликт болып жатқан территориямен анықталады. Конфликттің нақты кеңістігін анықтау халықаралық қарым-қатынаста өте маңызды,уақыт шекарасы-бұл конфликттің мерзімі, яғни оның басы мен соңы. Конфликттің басы мінез-құлықтың объективті актісімен анықталады.Конфликт татуласумен, немесе керісінше бір жақты жоюмен аяқталуы мүмкін. ішкі жүйелік аспектіні қарайтын болсақ, әр конфликт белгілі бір жүйеде (мысалы жанұя, мемлекет, және тағы басқа) болады. Бұл ішкі жүйелік байланыс күрделі және әр түрлі. Конфликттің басталуы үш шартпен байланысты: 1. Бірінші қатысушы саналы және белсенді түрде конфликт инициаторына қарсы әрекет етеді; 2. Екінші қатысушы бұл әрекеттердің оған қарсы бағытталғанын ұғынады; 3. Үшінші қатысушы конфликт инициаторына қарсы жауап ретінде белсенді әрекеттер қолданады. Бұл мезеттен конфликт басталды деуге болады. Конфликт элементтері: Екі қатысушы немесе конфликттің екі жағы Жақтардың қызығушылығы мен құндылықтардың өзара сәйкессіздігі Қарама-қарсы жақтың қызығушылығын, жоспарын бұзуға бағытталған мінез-құлық Басқа жаққа әсер ету үшін күш қолдану Екі жақтардың мінез-құлығы, әрекеттерінің қарама-қайшылығы Сыртқы орта сипаты, үшінші қатысушының болуы Қатысушылардың өзіндік ерекшеліктері: агрессивтілік, авторитеттілік Конфликттік қатынастың стратегиясы мен тактикасы. Конфликт критерийлері: 1. Жақтардың өзара тәуелділігі, яғни бір адамның белсенділігі басқа адамның әрекетін анықтайды, ал бұл әрекет бірінші субъектінің жауап реакциясын тудырады. 2. Жағдайды конфликттік деп ұғыну, яғни екі жақ бір-бірінің әрекетін мақсатына жетудегі, әдейі жасалынған қастық деп бағалайды. Мінез-құлық стратегияларын таңдау: компромисске келу немесе рационалды шешім қабылдау.Конфликт адамдар үшін қандай ролде? Көп адамдар конфликтті жағымсыз құбылыс ретінде қабылдайды. Зерттеушілердің ойынша, өндірістерде конфликт үшін шамамен 15% жұмысшылар жұмыстан айырылды. Ал кейбір адамдар, конфликт-бұл пайдалы әлеуметтік құбылыс деген. Бұл бағытты аристотель, гоббс, гегель, маркс, вебер қолдады. Реалды өмір болу үшін түрлі көзқарастар, конфликттер, өзгерулер қиылысу қажет. Конфликт адамға еркіндік береді, онсыз еркіндік бола алмайды деген р.дарендорф. Л.козердің айтуы бойынша топ ішіндегі конфликт қарамақайшылықтарды шешеді. Конфликт даму кезінде бірнеше кезеңнен өтеді. Бұл кезеңдер міндетті және тиісті емес. Кезеңдердің ұзақтығы әр түрлі болса да, оның тізбегі бірдей,конфликт алдындағы жағдай, осы кезде конфликт кенеттен пайда болады, бірақ көбіне осы кезеңде қандай да бір алғышарттар болады. Бұл жағдайда латентті деп те айтады. Ол мына этаптардан тұрады. 1.Объективті проблеманы жағдайдың пайда болуы. 2.Жағдайды түсіну. 3.Конфликтті емес әдіспен жағдайды шешу. 4.Конфликт алдындағы жағдайдың пайда болуы. конфликт туындау үшін, бір жақ екінші жақтың қызығушылығына қысым жасайтын, әрекет ететін инцидент болуы керек осы кезеңнен бастап конфликт пайда болады, бұл екі жақтың алғашқы қақтығысуы. Егер конфликт алдындағы кезеңде конфликт эмоционалды болса, бұл кезеңде ол жарыққа шығады. Кейде, осы кезде конфликт басталып, тез аяқталып кетуі мүмкін. Ол мысалы, конфликтанттар инцидент кезінде өз конфликттерін шешеді. Ерекше жағдай-бұл "өткір конфликт", бұл конфликтте бір адам екінші адамға физикалық жазаға дейін қорқытады.Эскалация-бұл кезеңде конфликт табалдырықпен жүреді.Эскалация үздіксіз болуы мүмкін. Кульминация кезеңінде конфликтіге түсетін екі жақтың біреуі конфликтті одан ары қарай жасай берудің қажеті жоқ екенін түсініп, конфликтілі жағдай саналайды. 5. Конфликттің бітуі яғни белгілі шешімге келуі. "конфликт" типологиясы конфликт типологиясы түрлі сипаттамаларға байланысты жасалынуы мүмкін.типологияның мәні-нақты конфликттің ерекшелігіне сай, оған адекватты, яғни сәйкес шешім табу. А.в.мощенко өз классификациясын былай жасады: Қарама-қарсылықтың шиеленісуі деңгейіне байланысты соғыс, жанжал, араздық, ұрыс-керіс.Мәселелік-іс-әрекеттік белгісі бойынша мынадай конфликттерді бөлуге болады: басқарушылық, педагогикалық, өндірістік, экономикалық, саяси. Адамдардың конфликтке түсу деңгейіне байланысты: тұлғаіштік , тұлғааралық, тұлға және топ арасындағы, топаралық, коллектив аралық, партия аралық,мемлекет аралық.Егер конфликттер нақты дұрыс шешім қабылдауға және өзара қатынастарды дамытуға мүмкіндік берсе, оларды конструктивті конфликт деп атайды. Ал, эффективті қатынасқа және шешім қабылдауға кедергі жасайтын конфликттерді деструктивті конфликт дейміз. Конфликттің негізгі 5 типі бар, олар: 1)Тұлғаіштік 2)Тұлғааралық 3)Тұлға мен топ арасындағы 4)Топаралық 5)Әлеуметтік конфликт Тұлғаіштік конфликт: бұл жерде конфликт қатысушылары адамдар емес, жеке тұлғаның ішкі дүниесін құрайтын,әлеуметтік ортамен қарама-қарсылыққа ұшырайтын, түрлі психологиялық факторлар болып табылады: қажеттіліктер, мотив, құндылық, сезімдер және тағы басқа. Бұл мәселені психоаналитикалық тұрғыдан адамда конфликт кезінде тілектерінің соқтығысуы жүреді. "ол", "мен" ,"жоғары мен" сияқты психика құрылымдары бір-бірімен үнемі дауласады. "ол"-рахаттану принципіне бағынған алғашқы туа болатын құрылым. Ол сапасыз тілектер мен құмарлықтарда көрініс табады. "мен"-шынайылықтың принципіне негізделген саналы құрылым. "жоғары мен"-"әлеуметтік нормалар", талаптарға сәйкес шынайылық принципіне негізделген "цензуралық" құрылым Тұлғаіштік конфликт негізінен "ол" және "жоғары мен" құрылымдарының қақтығысынан туындайды. Оларды өткеру сублимация, проекция, рационализация, регрессия, т.б. механизімдері көмектеседі. Тұлғаішілік конфликттің нақты көрсеткіштері бар. Олар: Когнитивті көлем: өзіндік бағалаудың төмендеуі, шешім қабылдаудың кідіріп қалуы. Эмоционалды көлем: іс-әрекет сапасының төмендеуі, қарым-қатынастың негативтенуі эмоционалды болуы. Интегралды көрсеткіштер: адаптация механизмінің нашарлауы, стресстің күшеюі. Тұлғаіштік конфликтердің көріну формалары: Невростениялық: көңіл-күйдің, қабілетінің төмендеуі, ұйқының нашарлауы. Эйфория: жағдайға сәйкес емес қуаныш сезімінкөрсету "жас арқылы күлу". Проекция: басқаға негативті қасиеттерін ауыстыру, басқаларды сынау. Рационализм: сәйкес емес және әлеуметтік құпталмаған өз әрекеттерін сақтау. Тұлғаіштік конфликтерді шешу үшін, біріншіден, конфликтің фактысын орнату; екіншіден, бұндай конфликтің типін және себебін анықтау; үшіншіден, сәйкес шешу әдісін қолдану. Тұлғаіштік конфликтерді шешу әдістері: Тұлғаіштік конфликт әр адам өмірінде маңызды рөл атқарады, әсіресе шығармашылық адамда, ол шешуші болады. Адам уақыт өте деструктивті ішкі конфликтер тууына дайын болуы керек. Әрине, адам оларда болдырмауын тырысу керек, бірақ конфликт туындаса , тұлғаіштік конфликтен шығатын конструктивті әдіс табу қажет. Әйтпесе, тұлғаіштік конфликттің байсалды нәтижесі-суицид жүзеге асуы мүмкін. Тұлғааралық конфликт ең көп тараған конфликт типі және ол тұлғаіштік конфликпен тығыз байланысты. Бұл конфликт түрлі көзқарастар мен құндылықтарға немесе жеке тұлғалар арасында көрінуі мүмкін. Оған отбасы конфликтерін де жатқызуға болады: ерлі зайыпты, ата-ана, бала, ерлі зайыпты-туыстар арасындағы конфликтер. йымдарда тұлғааралық конфликт түрліше көрініс табады. Көптеген жетекшілер бұл конфликтің негізгі себебін мінездің сәйкес келмеуінен көреді. Шынында да, мінез-құлықтың, көзқарастардың ерекшелігі себебін, бір-бірімен қатынас орната алмайтын адамдар бар. Бірақ, бұл конфликтердің себебі-объективті. Көбінесе бұл-шектелген ресурстар үшін күрес: материалды тәсілдер, өндірістік аудандар, т.б. Тұлғааралық конфликтердің ерекшелігі мынада: Адамдардың қарама-қарсылығы, олардың жеке мотивтердің соқтығысуынан болады. Белгілі барлық себептер спектрі көрінеді: жалпы және жеке, объективті және субъективті. Тұлғааралық конфликт мінезді, темпераментті, интелектті және де басқа да индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерін тексеретін өзіндік полигон болып табылады. Конфликтке түскен субъектілердің барлық қатынастары және жоғары эмоционалдылығымен ерекшеленеді қоршағандардың қызығушылығын қамтиды.Конфликт тұлғалық және топтық қызығушылықтар негізінде туады. Оның туу себебі, топтың ойына қарсы шыққан жеке тұлға болуы мүмкін. Көптеген зерттеулердің нәтижесіне қарағанда өндірістік жағдайлардың конфликтісі-әлеуметтік факторлардан туындайтыны белгілі болды. "тұлға-топ" нұсқасындағы конфликтті шешудің 2 жолы бар. Олар: біріншісі, конфликтке түскен адам өз қателіктері мен кемшіліктерін мойындап, оларды түзейді. екіншісі, топ қызығушылықтарына сәйкес келмейтін жеке тұлға топтан шығып кетеді Топаралық конфликт: уайым арасында конфликттер туындайтын конфликт көптеген формалды және формалды емес топтардан тұрады. Мысалы, түрлі бөлімдердің жұмысшылары арасындағы конфликт. Топаралық конфликт мақсаттардың келіспеушілігінен, шектелген ресурстар үшін күрес (билік, байлық, территория, материалды ресурс), яғни реалды және әлеуметтік бәсекелестіктен туады. Әлеуметтік конфликт: өзара қатынас субъектілерінің бір-біріне қарама-қарсы келетін белгілі бір мақсаттарына бағытталған жағдай . Бұл конфликтте негізгі үш мезетті бөлуге болады: біріншіден, бұл әлеуметтік қарама-қарсылықтардың ең ақырғы жағдайы; екіншіден, әлеуметтік конфликт түрлі әлеуметтік бірлестіктердің, яғни класс, ұлт, мемлекет, әлеуметтік конфликт түрлі әлеуметтік бірлестіктердің, яғни класс, ұлт, мемлекет, әлеуметтік институт, әлеуметтік субъекттің соқтығысуынан көрінеді; үшіншіден, қарама-қарсы жақтар бір-біріне қайшы болатын қызығушылық немесе мақсаттарға ұмтылады. Конфликтінің түрлері. 1. Ашық және жабық конфликт 2. Мотивациялық конфликт 3. Коммуникация (қарым-қатынас) конфликті 4. Мақсатқа жету жолындағы конфликт 5. Статустық конфликт 6. Жеке және топтық конфликтілер 7. Таңдау конфликтісі 8. Аз мөлшердегі қатыгездікті таңдау конфликті 9. Қарама-қарсы қабылдау конфликті 10. Қажеттілік конфликтісі 11. Әлеуметтік норманың және қажеттілік конфликтісі. Конфликті шешудегі формалар мен критерилер, қорытындылар: конфликтологияда конфликті аяқтаудағы деңгейді конфликті шешу термині мен атау дәстүрлі болды. Алайда көптеген авторлар басқада түсініктерді енгізген. Мысалы: "өшу" (в.бойко, а.ковалев), "жеңу" (н.феденко, в.галицкий), "айқасу" (а.каменев), "өшіру" (а.рапопорт), "өзіндік шешім" (а.анцупов), "алыптастау" (р.аккоф, ф.эмери), "ретке салу" "(а.гозман) "және т.б. берілген түсініктерден ең кең тараған түрі конфликтің шешілуін неше түрлі жолдармен шешу. Конфликті шешудің негізгі формалары: шешу, өшу, шектеу, басқа конфликтіге ауытқу. Конфликттің шешілуі-бұл бірге жүретін әрекет, қақтығысқа әкелген мәселелердің аяқталуын тездету. Конфликттің шешілуі екі жақтың да белсенділігін талап етеді, олар кнфликтің себебін жоюға тырысу керек. Конфликтіні шешу үшін, оппонент өзгеруі керек немесе біреуі өз ойын өзгертіп, өз позициясынан түсуі керек. Конфликт, жиі екі адамның бір-біріне деген суық қарым-қатынасынан пайда болады. конфликті бақылау, ол конфликтті шешуден ерекшеленеді, ол екі жақтан басқа үшінші жақта өз қызметін көрсетеді. Оның әрекеті екі жақты жақтауы немесе бір оппонентті ғана қолдау болып табылады. Басшы мен оның жұмысшылары арасындағы конфликттің 62% шешіледі. Ал 38% бұл конфликттер шешілмей, кейде өршіп кетеді. 6% конфликт өшеді, 15% басқа мәселеге ауысып, өршей түседі, 17% ұйымдастырушылық жолмен түседі конфликттің өшуі-бұл уақытша конфликттің тоқтатылуы. Конфликт бұл жерде"ашық" формадан "жабық" формаға ауысады. Конфликттің өшуі мынадай жағдайларда болады. Күрестегі мотивацияның жоғалуы (конфликт объектісі өз актуалдығын жоғалтады) Мотивтің басқа керек жұмысқа бірден ауысуы. Ресурстардың әлсіреп, күреске күштің қалмауы. конфликтті шектеудегі негізгі түсінік конфликттің негізгі элементтері ликвидацияланады (шектен тыс қалады). Шектеудің құрылымсыздығына байланысты көптеген жағдайлар бар. Олар конфликтке үлкен ықпал етеді. Конфликтті шектеу келесі тәсілдерге байланысты: Конфликт тудырған адамның біреуін басқа жұмысқа ауыстыру. Бір оппонентті ұзақ уақыттың демалысқа жіберу (командировкаға біреуін немесе екі жақтыда жіберу) Конфликтті тудырған объектіні алып алу (балалар ұрысып қалған ойыншықты анасы алып алады). Басқа конфликтіге өршу даму екі жақ арасындағы жаңа мәселенің туындауынан болады. конфликттің шығуы шығыны күрестің қорытындысы болып қарастырылады. Бұл конфликттің шығыны: Бір немесе жақтыда шеттету. Конфликтті оның өршуін білу барысында тоқтату. Бір жақтың жеңісі. Конфликтті тудырған объектіні бөліп алу (симметриялық немесе ассиметриялық) Бір объектті екеуінің де қолдану мүмкіндігі, тіл табысу. Объектті қолдану ережесін құрып, тіл табысу. Бір жақтың екінші жаққа компенсация төлеуі. Объектке деген екі жақтың немқұрайлығы. Объектілердің альтернативті анықталуы, ал екі жақтың да қызығушылығын басады [5, 180б]. конфликтті шешу критериінің сұрағы өте маңызды. М.дойча американ конфликтологының ойынша конфликтінің шешімімен қорытындысы мен қанағаттануы. Ал в.м.афонькова келесі критерилерді анықтады: байланыстың, әрекеттің тоқтатылуы, травмалық факторларды шектеу, бір конфликтіге түскен жақтың беделі, индивидтің позициясын өзгерту, болашақта индивидтің белсенділігін, әрекетін арттыру. конфликттің құрылымдық шешілуінің критериі: қарама-қайшылықтардың шешілу деңгейі болып табылады. Қайшылықтардың толық шешілуі болашақтағы қатынастардың жақсы болуына мүмкіндік береді. Айта кететінтағы бір жайт әрқашанда оң жақ жеңіске жетуі тиіс. Ақиқатты жақтау, әділдік жеңісі ұйымдастырудың әлеуметтік психологиялық климатына жақсы әсер етеді. Дұрыс емес жақтың да өзіндік қызығушылығы барын ұмытпау керек. Егерде оларды басып, ашу келтірсек жаңа конфликттің тууына алып келеді [6, 52б]. конфликтінің алдын-алу: Адамдармен қарым-қатынас барысында жанжалдан қашқақтаудың көптеген ережелері бар. Олардың ішіндегілер: 1. Егер адамды өзіңнің жауыңа айналдырғың келмесе, оның ойлау қабілеті мен дарындылығына ешқашан күмән келтірме. 2. Адамда өзіне-өзі деген сенімін нығайту керек. 3. Адамдармен сөйлесу барысында қарама-қарсы пікірлеріңіз болған жағдайда, сөзді бұдан бастамаңыз. Адам қорғанысқа дайын болу мүмкін де, барлық қарсы сөздер агрессияның күшүюіне әкелуі мүмкін. Немесе адамның жақсы көңіл-күйін сіздің қарсы сұрақтарыңыз бұзып, конфликт туындауы мүмкін. 4. Адамды сендіруге ұмтыла отырып, оған өз пікірін айтуға мүмкіндік беру керек. Әрине, бұл үлкен шыдамдылықты талап етеді, бірақ өте эффективті. Бұл ережелер сәтті болу үшін, ол принципке айналуы керек. Кейде манипулятор-адамдар кездеседі. Олар саналы түрде манипуляцияны өз пайдасы үшін қолданды. келесі сөз, бұрын болған конфликтердің қайталануынан қалай қашқақтау керек екендігі туралы болады, әсіресе типтік. Бұндай жағдайларда өткен эпизоттарды пайдаланған жөн. Оны зерттеп, оппоненттер арасындағы қақтығыстар себебін анықтау, және әрине, оны жоюға немесе жұмсартуға тырысу керек. Егер себебіне әсер ете алмайтын жағдай болса, онда жағдайды өзгерту керек. Сонымен қатар конфликтінің алдын-алуды "іскерлік ойын" арқылы жүргізуге болады. Бұл келісідей жүзеге асырылады; ойын қатысушылары топтарға бөлініп, өздерін мүдделі тұлғалар рөлінде қабылдайды және олардың мүмкіндік реакциясын модельдейді. Бұндай тактика президент де толльдің қауыпсіздік қызметі арқылы сәтті қолданылды. Жасөспірім шақтағы конфликт ерекшеліктері Жас өспірімдік шақ-тұлға қалыптасуының дағдарысты кезеңдерінің бірі. Ол көптеген спецификалық ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл-сана, іс-әрекет және қарым-қатынас жүйелі сферасындағы өте маңызды қайта жасаулар кезеңі. Бұл кезең-адамның жылдам өсуімен және де жасөспірімнің психофизиологиялық ерекшеліктеріне әсер ететін, жыныстық жетілу процесіндегі организмнің қалыптасуымен сипатталады. Жаңа психологиялық және тұлғалық қасиеттердің қалыптасуының негізін әр түрлі іс-әрекет барысындағы қарым-қатынасты құрайды, яғни-оқу, өндірістік іс-әрекет және шығармашылық жұмыстар т.б. осы жасқа тән табиғилық-ержетудің көрінісі, өзіндік сананың, өзіндік бағалаудың дамуы, өз тұлғасына, өз мүмкіншіліктеріне, қабілеттеріне деген қызығушылық. Жасөспірімдік кезеңді классикалық зерттеу көптеген атақты психологияның еңбектерінде көрініс береді. л.с.выготскийдің айтуы бойынша жасөспірімдік кезеңде (14-18жас) өмірдегі ең негізгі екі өзгеріс жүзеге асады, яғни-ол-органикалық, жыныстық жетілу және өз менінің мәдени қырының ашылуы, тұлғалық негіздің, қалыптасуы, өз көзқарасының негізделуі жасөспіріммен ұғынылған. Белсенділік пен қабілеттіліктің жүйесі ретінде, өмірлік жоспардың пайда болуы-мәдени даму психикасын аяқтайды. в.штерн бойынша жасөспірімдік шақ-бала ойыны мен ересек адамның жауапкершілікті іс-әрекетінің аралық кезеңі деп сипатталады. э.эриксон бойынша-жасөспірімдік шақта жеткіншектер (11-20) өмірден өз орнын анықтау, уақытша перспективалардың дамуы, кім болам? "қандай болам"? Деген сұрақтарды өзіндік анықтаулар, өзін белсенді түрде іздеу, тұлға аралық қарым-қатынас формасындағы жыныстық поляризация және жүріс-тұрыс , өз қатарларының арасында лидерлік рольді өзіне алу деген сияқты әлеуметтік-психологиялық позицияларды анықтауға ұмтылды. и.с.кон жасөспірімдік шақты-жасөспірімнің тұлғасының мотивация сферасының дамуына зейін аудара отырып, ересек мектеп кезеңі деп анықтайды.Жасөспірімдердің дамуы мен оларды тәрбиелеудегі ең күрделіде шиілініскен проблемалардың қатарына дағдарыс, қиындық конфликт жатады.Оның өзіне тән тарихының қысқаша мазмұны мынадай. Жасөспірімдік кезең ғылыми тұрғыда зерттеле басталысымен с.холлдың алғашқы фундаменталды зерттеуінен кейін жас жеткіншек образдық сипаттамасында бейнеленген "ашу мен шабуыл", өршелену мен қатаю кезеңі ретінде осы жасөспірімдік кезеңге критикалық деген ат берілді. Біздің ғасырдың алғашқы ширегінде ғылымда жасөспірім шақтағы критикалық дамудың биологиялық шарты жайлы көзқарас билік алып тұрды. Бұл көзқарастың негізін салғандар с.холл мен з.фрейд болды. Осы психосексуалды дамудың сатылары туралы теорияда жасөспірім шақтың бас кезіндегі эдипова жағдайының екінші рет пайда болуы универсалды және генетикалық алдын-ала анықталу құбылысы ретінде қарастырылады. Дегенмен био-генетикалық универсализм теориясының пайда болған әртүрлі вариацияларымен қатар жеке тұлғаның кейбір жақтары, мысалы, қызығушылығы жасөспірімнің әлеуметтік жағдай идеалына тәуелділігін ашатын жекеленген проблемаларды зерттеу нәтижелері жинақталды. Мұндай бағыт совет психологиясының қалыптасу кезіндегі алғашқы кезеңде бірқатар зерттеулерге тән, олар "жұмысшы жеткіншек", "шаруа баласы" т.б. секілді еңбектердің атауларында жиі бейнеленеді.Германияда з.фрейд теориясына қарсы болған э.шпрангер жасөспірімге "аралық класс" деген сипаттама берді, жалпы ол жастық этика, дін, ғылым, өнер т.б. түрінде өмір сүретін "жеке адамның мәдениетке өсуі", белгілі бір "қоғамдық өмір формасының кезеңі деп есептеді. А.буземан жұмысшы және интеллигентік ортада өскен жасөспірімдердің, өзіндік сана дамуын зерттей отырып, өзіндік баға мен өзіндік сана критериінің даму деңгейі әлеуметтік ортаға тікелей тәуелді болатыны жайлы қорытындыға келді. Осыған ұқсас жұмыстар жасөспірімнің бірқатар ерекшеліктерінің әлеуметтік себептерін түсіндіру үшін біртіндеп ірге тасы қаланғанымен, бұл жұмыстар өзінің дербес сипатына қарай жасөспірім кезеңіндегі қиын (критикалық тоқырау) мінездің биологиялық салдары жайлы, көз қарастарға елеулі қозғалыс сала алмады.Био-генетикалық универсализм теориясына 20-30 жылдары америкада боаз мектебінің этнографтары (антропологтары) қатты соққы берді.Олар қоғам тарапынан болатын әсерге қандай шамада адам еріксіз көнетінін, оның бойында нені "табиғат" нені "мәдениет" анықтайтынын яғни өмір мен дамудың нақты қоғамдық-тарихи жағдайларымен анықталатынын айқындау мақсатында "анайы" деп аталатын (примитивный) цивилизациямен айналысты. Боас шәкірттері мен басқа этнографтары жинақтаған материалдарды салыстырып әрі жалпылау төмендегідей маңызды қорытындыға әкелді, атап айтсақ: 1. Жасөспірімдік кезеңнің ұзақтығы әр түрлі кейбір анайы цивилизациядағы тайпаларды бірнеше ай , өнеркәсіп жоғары дамыған қоғамдарда білім алудың жалғасуымен ата-анаға материалды тәуелділіктің сақталуына байланысты, балалық шақтың формальды аяқталмауы себепті 4 жылға дейін созылады. 2. Жасөспірімнің дамуы мен ерекшеліктерінің жалпы бейнесі екі шекті жағдайда әртүрлі болуы мүмкін: критикалық даму бейнесімен қатар сәйкестік (гармониялық) конфликтсыз дамуы да болады. М.мид жасөспірімдік шақтың спецификалық қиындықсыз өтуі жайлы алғашқы мәліметтерді берген. М.мидтің болмай қоймайтын конфликт пен кризис (дағдарыс) жайлы көзқарасты жоққа шығарған материалдарды ғалымдардың назарын жаңа проблемаларға аударды. Р.бенедикт этнографиялық материалдарды балалықтан есею шаққа өтуі екі типтен тұратын теория ретінде жалпылады: үздіксіз және баланың жас кезінде үйренгені мен, ересек адам ролін атқаруға қажетті көз-қарасы мен іс-әрекеті тәсілі арасындағы алшақтық.өтпелі кезеңнің бірінші типі балалар мен ересектер үшін маңызды бірқатар нормалар мен талаптардың сәйкес келуі жағдайында кейбір үндіс және басқа тайпаларда кездеседі. Бұндай жағдайларда даму баяу өтеді де, бала ересектердің іс-әрекет тәсілін бірте-бірте үйреніп біледі және ересектер статусына қойылатын талаптарды орындауға дайын болып шығады. Өтудің екінші типі балалармен ересектерге қойылатын нормалар мен талаптардың елеулі алшақтығы орын алады деп есептейді. Р.бенедикт м.мид те осы жайында айтқан болатын. Жоғарыда аталған жағдайларда есеюге өту сыртқы және ішкі конфликтілермен қатар жүреді де ол спецификалық нәтижеге ие болады. Яғни формалды есеюге қолы жеткен кезде ересек адам ролін атқаруға дайын болмайды. Р.бенедиктің негізгі тұжырымы былай айтылады: "баланың есеюі табиғи факт болып табылса да, осы өтпелі шақ іске асатын жол бір қоғамнан екіге айналып және осы дербес мәдени көпірлердің бірде-біреуі "есеюге" апаратын "табиғи" соқпақ жол ретінде қарастырыла алмайды. Осылайша этнографтар зерттеулерінен шығатын қорытынды, бала өмірінің нақты әлеуметтік жағдайы жасөспірім шақтың ұзақтығын, конфликт, дағдарыс, қиындықтардың болуын немесе болмауын балалықтан есеюге өтудің өзіндік сипатын анықтайды [21, 112б]. л.с.выгодский жасөспірім шақтағы негізгі ерекшеліктер мен басты қарама-қайшылық ретінде дамудың үш нүктесінің жыныстық жалпы органикалық және әлеуметтік-сәйкес келмеуі жайында гипотеза ұсынды. Кейбір психологтар жасөспірімдік уақыт толығымен дағдарыс жағдайында өтеді десе, кейбіреулері бұл кезеңнің тек бас кезінде ғана, дағдарыс болады деп есептеді және ерекше негативті фазаларды бөле отырып оның ұзақтығын жуықпен: қыз балаларда 13 жас шамасында (ш.бюлер бойынша) ал ер балаларда бір жарым жылға дейін бұл уақыт жасөспірімнің жаныстық есеюі кезіндегі алғашқы кардинальды өзгеріске сәйкес келеді деп көрсетті. Негативті фазаларға тән құбылыста: бір жағынан, баланың бұрынғы қызығушылығының бұзылуы, екінші жақтан, ересек адамдармен қарым-қатынастың қирауы, осыған байланысты туатын қырсықтық, қыңырлық, тұйықтылық, қызбалық, негатизм, жұмысқа қырсыздық, ызақорлық, оңашалануға бейімділік [19, 75б]. қазіргі уақыттағы совет психологтарының жасөспірімдерді тәрбиелеудегі қиындықтарға байланысты пікірлерді жалпы алғанда бірдей және оны былайша айтуға болады: жасөспірім кезеңдегі конфликт пен қиындықтардың болуы міндетті емес, олар дұрыс берілмеген тәрбиеден туады, деген мен жиі байқалады. Мұндай көзқарас педагогикалық практикалар негізінде қалыптасты және жеткіншектермен тығыз байланыста болған кездегі қиындықтардың ересек адамдардың оларға деген қарым-қатынасына тәуелдігін ашатын бірқатар зерттеулерден шықты. Жасөспірім тұлғасындағы орталық құрылым өзінің енді бала емес екендігі жайлы жасөспірім көзқарасы пайда болу формасында өзіндік сана дамуындағы сапалы алға жылжумен байланысты екендігі айтылған. Есеюге ұмтылу мен өзін ересекпін деп санау осы көзқарастың іс-әрекет жағы болып табылады. Дәл осы специкалық жаңа құрылымды біз жасөспірім шақтың басындағы психологиялық критериі деп есептейміз. Бұл "есею сезімі" деп шартты түрде аталады, бірақ бұл термин жеткіншектің өзіне қатысты қарым-қатынастың барлық спецификасын ашып бермейді, жасөспірімдерде өзін бала қатарына жатқызуға қарсы болу және балалармен салыстырғанда өзін көбіне ересекпін деп пайымдау өте жоғары бірақ, есеюге ұмтылу мен қоршаған ортаның өзін ересек деп мойындау қажеттілігі бар болғанмен, нағыз, яғни толық есеюді сезіну болмайды. Есеюдің нақты деңгейі мен жасөспірім тілеген есею арасындағы алшақтық біртіндеп азаяды, бірақ ол жасөспірім шақтың соңына дейін сақталып қалады және осы алшақтық үлкендер өнегесін меңгеруге бағышталған, жасөспірімнің әлеуметтік белсенділігінің спецификалық стимулы ретінде көзге түседі. Жасөспірім дамуының әртүрлі вариантына талдау-жасау "есею сезімін" туғызатын бірнеше мүмкін болатын көздерді бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. Оның бірінші көзі-бұл дене дамуындағы елеулі алға жылжушылдық пен жыныстық жетілудің бас кезі жасөспірім үшін бұл қатты сезіліп тұрған өзгерістер объективті. "есею сезімі" баланың өздігінен айтарлықтай іс-қимыл жасау және ересектердің оған бала ретінде емес, ересек адам ретінде қарым-қатынаста болуы жағдайында пайда болады. Өзін көп үлкенмін деп есептейтін жасөспірім достары оған өзіне тең қарым-қатынас жасаған кезде де жеткіншекте "есею сезімі" пайда болады. Олар ересектер өнегесі бойынша олармен қатар тұрады да солардың деңгейіне жетуге ұмтылады. Ақыры, жеткіншек өзі мен өзінен ересек санайтын адам арасындағы нақты бір ұқсастықты табады да, соның нәтижесінде өзінің ересектігін сезінуі қалыптасуы мүмкін. Өзін ересек сезіну жыныстық жетілу және дене дамуының алға жылжуына дейін пайда болуы мүмкін. Яғни шыққан тегі бойынша толығымен әлеуметтік болады [14, 69б]. жеткіншектің өзін бала емес неғұрлым ересек сезінудің маңызды зардаптары бар, себебі: біздің қоғамда балалар мен ересектер әртүрлі екі топ құрады және олардың міндеттері, құқықтары мен артықшылықтары әртүрлі, ересектердің бір-бірімен және ересектердің балалармен қарым-қатынасы әртүрлі нормалар негізінде құрылады, оның ішінде көптеген нормалар мен талаптар балалардың өз бетінше іс-қимыл жасауға дайын еместігін, оның бағыныштылығы, тең хұқылы емес жағдайын айқындайды. Жеткіншекте өзінің балалық шекараны аттап өткендігі жайлы көзқарастың пайда болуы оның бір нормадан екіншіге, яғни "балалық" нормадан "ересектер" нормасына қайта бағдарлануын, сонымен қатар тек ересектер қоғамында болатын іс-әрекет тәсілі, құндылықтар, әртүрлі нормаларды меңгерудегі зор алғырлығымен көзге түсетін спецификалық әлеуметтік белсенділікті анықтайды. Әртүрлі есею өнегесін меңгеру үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынас кезінде тура пайдалану немесе еліктеу арқылы өзіндік тәрбие және өз бетінше білім алу жолымен практика жүзінде іске асады. Жеткіншектің ересек адамға теңесуі үлкендерге сырттай ұқсас болуға ұмтылуы, олардың өмірі мен іс-әрекетіне әр жақтан араласуы, олардың ерекшеліктерін, қасиеттерін іскерлік пен айрықша құқықтарын, оның ішінде бәрінен бұрын балалармен салыстырғандағы көзге көрініп тұрған өзгеше белгілерімен артықшылықтарын иемденген кездерде байқалады [15, 121б]. жеткіншектің ересек адамға теңесуі үлкендер қасиетін меңгеруге тырысуынан көрінеді. Ербалалар өзіндік тәрбие өз бойында "нағыз ер адамға тән" қасиеттерді дамыта бастайды. (күш-батылдық, ерік-жігер, табандылық т.б.) осы үшін олар әртүрлі жаттығулар жасап, спортпен шұғылданады. Осылайша, жас жеткіншектің жаңа құқықтарға талабы үлкендермен қарым-қатынастың барлық сферасында бой алады да, ол ересектермен жасөспірім арасындағы конфликт себебінде және жеткіншектер ренішінде анық байқалады. Жасөспірімнің қарсылық көрсетуі немесе ұзақ уақытқа созылуы мүмкін, және одан шығу жолдары әртүрлі, бірақ соңғы нәтиже-ол бала кездегі нормалар негізінен бөлек қарым-қатынастың жаңа түрі қалыптасады. біздің ұйғаруымыз бойынша жасөспірім шақтағы дамудың әлеуметтік жағдайының қайта құрылуы, дәлірек айтсақ, балалық шақтағы бала мен ересек адам арасындағы қарым-қатынас түрі ересек адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынастарына тән сапалы жаңа түрге бірте бірте ауысуы тұжырымдалады. Бұл ауысу әдетте жасөспірімдік шақтың шегінен тыс болады, бірақ кординалды ілгері дамушылық дәл осы кезеңге сәйкес, дәлірек айтсақ, осы ауысу бала мен орта арасындағы бұрынғыға ұқсамайтын басқа, яғни жеткіншек пен үлкендер арасындағы әлеуметтік өзара әсердің жаңа тәсілдерінің қалыптасу процесі негізінде жасалатын "қайталанбас" қарым-қатынастың тууын көрсетеді. жасөспірім шақ-балалық дәуреннен есеюге өту кезеңі болғандықтан баланы дәл осы уақытта әлеуметтік тұрғыда ересек болуға, яғни оның әлеуметтік есеюінің қалыптасуын біртіндеп үйрету керек. Бұл кезеңдегі тәрбиенің мәні мынада: жеткіншекті іс-әрекет жасауға, ойлауға, әртүрлі тапсырмалар мен міндеттерді ересектер берген талап деңгейіне сәйкес біртіндеп оқытып-үйрету, сонымен қатар ересек адам іс-әрекетімен қарым қатынас нормалары бойынша адамдармен қарым-қатынаста болуға үйрету. жасөспірімде "есею сезімі" пайда болған кезде ол қарым-қатынас ауысуының индикаторы болады, ал үлкеннің оған қарым-қатынасы балалық шақпен салыстырғанда өзгермей қалады. Жасөспірім мен ересек адам арасындағы қарым-қатынас динамикасындағы әртүрлі бейнелеуге сәйкес конфликт дамуының мүмкін болатын үш нұсқасы бар. 1-нұсқа қарама-қайшылықтың тереңдеуі мен, кең әрі ұзаққа созылатын тенденциясы бар, конфликтілердің дамуы мен сипатталады. Оның бірінші түйіні жасөспірімнің өз бетінше іс-әрекет жасау, сенім мен өзін силауды талап етуін негізсіз деп қараған, ересек адамның қарама-қайшылықты көзқарасынан пайда болады. 2-нұсқа мынадай жағдайда болады: конфликт туғызатын қарама-қайшылық бар, бірақ ол эпизодты түрде байқалады, себебі ересек адам өзінің спецификалық іс-әрекетімен бұл қарама-қайшылықты жауып отырады: жасөспірім қысымымен өз көзқарасына қарамастан бұрын рұқсат бермегеннің бәріне еркіндік береді, сондықтан соқтығысу азаяды, бірақ оның болу мүмкіндігі үлкеннің жасөспірімге деген қарым-қатынасының өзгермеуіне байланысты үнемі байқалып тұрады. Жасөспірім үшін қолы жететін және мүмкін болатын шамаларға тиісті осындай анықталмағандық жиі кездеседі, ол ұзақ уақыт сақталып әрі жасөспірімнің мақсаттары мен ұмтылысы кезіндегі есеюдің дамуына қолайлы жағдай жасайды, себебі үлкеннің шегінісін жасөспірім өз талап-тілегін жүзеге асыру үшін қажетті құрал ретінде үлкенге қарсы пайдаланылады. 3-нұсқа ересек адам уақыт өтуіне қарай жасөспірімдерді бала емес үлкен адам деп қабылдап соған сәйкес қарым-қатынасты өзгерткен жағдайда көрініс табады. Сондықтан олардың арасындағы қиындықты туғызатын қарама-қайшылық азаяды, қарым-қатынастың алғашқы бейнесі өзгеріп, конфликт азая бастайды немесе мүлде жойылады. |