Главная страница
Навигация по странице:

  • 1 Конвейерлер туралы жалпы мағлұматтар 1.1 Конвейерлердің арналымы, түрлері және құрылысы

  • 1.2 Конвейерлердің жұмыс істеу жағдайлары, режимдері және жүктемелері

  • дипломная работа. ДП-конвейер. Конвейерлер туралы жалпы малматтар


    Скачать 1.78 Mb.
    НазваниеКонвейерлер туралы жалпы малматтар
    Анкордипломная работа
    Дата03.12.2021
    Размер1.78 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДП-конвейер.docx
    ТипДокументы
    #290476
    страница1 из 5
      1   2   3   4   5

    Мазмұны




    Кіріспе

    10

    1

    Конвейерлер туралы жалпы мағлұматтар

    11

    1.1

    Конвейерлердің арналымы, түрлері және құрылысы

    11

    1.2

    Конвейерлердің жұмыс істеу жағдайлары, режимдері және жүктемелері

    14

    1.3

    Конвейерлердің электр жетектеріне және басқару жүйелеріне қойылатын талаптар

    16

    1.4

    Конвейерлік қондырғылардың реттелмейтін электр жетектері

    17

    1.5

    Конвейерлік қондырғылардың реттелетін электр жетектері

    18

    2

    Конвейердің электр жетегінің қозғалтқышын таңдау және оның параметрлерін есептеу

    20

    2.1

    Есептеуге қажет бастапқы деректер және конвейердің типін таңдау

    20

    2.2

    Жүктемелерді, инерцияның моменттерін есептеу және конвейердің электрқозғалтқыш таңдау

    21

    2.3

    Электрқозғалтқыштың және оның орынбасу сұлбасының параметрлерін есептеу

    25

    2.4

    Жүргізіп жіберу кедергілерін есептеу және олардың сыртқы қосылу сұлбасын құру

    30

    3

    Фазалы роторлы қозғалтқышы бар электр жетегіндегі механикалық өтпелі үрдістерді есептеу

    34

    4

    Конвейердің электр жетегінің энергетикалық параметрлерін есептеу және жетекті басқару сұлбасын құрастыру

    43

    4.1

    Электр энергиясының шығынын, орташа тәуліктік ПӘК-і мен қуат коэффициентін есептеу

    43

    4.2

    Ленталы конвейердің электр жетегін басқарушы контроллер арқылы басқару

    45

    4.3

    Электр жетегінің компьютерлік моделін құру және өтпелі үрдістерді зерттеу

    47

    5

    Өміртіршілік қауіпсіздігі

    52

    5.1

    Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау

    52

    5.2

    Микроклимат шарттарын қамтамасыз ету

    53

    5.3

    Өрт қауіпсіздігі

    54

    5.4

    Цехтің жарылу қауіптілігі категориясын анықтау

    54

    6

    Экономикалық бөлім

    59

    6.1

    Техникалық- экономикалық негіздеу

    59

    6.2

    Автоматты басқару жүйесін функционалдаумен байланысты қосымша шығындар есебі

    60

    6.3

    ИТЖ мен қызмет көрсетушілердің еңбек жалақысы

    62

    6.4

    Автоматты басқару жүйесін енгізудің экономикалық тиімділігін есептеу


    64




    Қорытынды

    66




    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

    67


    Кіріспе
    Ленталы конвейер - өндірістің барлық салаларында кеңінен қолданыс тапқан электромеханикалық құрылғы. Олар құю цехтарында, электрстанцияларында, көмір мен кен өндірісінде жер асты және жер үстінде көмір, руда, кокс тасымалдау үшін, құрылыста материалдар, құм мен тас тасымалдау үшін, агроөнеркәсіпте астық тасымалдау үшін негізгі транспорт болып табылады.

    Бұл конвейерлердің кең тарауына олардың өнімділігі жоғары болуы, тасымалдау қашықтығының ұзын (бір конвейер үшін 3-4 км, ал бірнеше конвейерлер жүйесі үшін 100 км дейін) болуы, сонымен қатар, конструкциясының қарапайымдығы мен жұмыс істеу сенімділігінің жоғары болуы себеп болды.

    Конвейерлік қондырғылардың жұмыс режимдері олардың ұзақ уақыт бойы үздіксіз жұмыс жасауымен анықталады. Бұл жағдай тартушы жетектің электрқозғалтқышын таңдауға ықпалын тигізеді.

    Конвейерлік қондырғылардың электр жетектері үшін жүргізіп жіберу үрдісі өте аыр үрдіс болып саналады. Осыған орай, конвейерлерде артық жүктелу қабілеті үлкен, жүргізіп жіберу тогы айтарлықтай жоғары болатын жетектік электрқозғалтқыштарды қолдану қажеттігі туындайды.

    Конвейердің жұмысын талдаған кезде оның қатаң тартушы органы және параметрлері оның өнбойына таратылған электромеханикалық жүйе деп қарастыру керек. Динамикалық жүктемені шектеу және лентаның барабанмен жақсы жапсарласуын қамтамасыз ету үшін электр жетегі жүргізіп жіберу кезінде үдеуді белгілі бір деңгейде шектеуі және тербелмелі динамикалық жүктемені жоюы керек.

    Әдетте, өнімділігі үлкен емес қысқа конвейерлерде жүргізіп жіберу моменті үлкейтілген, қысқаша тұйықталған роторлы немесе роторы қосарланған «ақтиін» тор тәріздес болатын асинхрондық қозғалтқыштар қолданылады.

    Дипломдық жобада берілген тапсырмаға сәйкес ленталы конвейердің типі таңдалып, оның жетегіне керек тарту күші мен қуат анықталған. Таңдалған конвейердің қозғалтқышы ретінде қуаты есептік қуатқа сәйкес келетін фзазалы роторлы электрқозғалтқыш таңдалып алынды. Оның орынбасу сұлбасының параметрлері анықталып, табиғи механикалық сипаттамасы тұрғызылды. Фазалы роторлы қозғалтқышты үшсатылы жүргізіп жіберу қарастырылып, әр сатының кедергілері анықталды. Жүргізіп жіберу кезіндегі механикалық өтпелі үрдістер есептелінді. MаtLаb бағдарламасында фазалы роторлы қозғалтқыштың моделі құрастырылып, онда өтпелі үрдістер зерттелді.

    Жобада өмір тіршілік қауіпсіздігі шаралары және ұсынылған электр жетегінің экономикалық көрсеткіштері қарастырылған.

    1 Конвейерлер туралы жалпы мағлұматтар

    1.1 Конвейерлердің арналымы, түрлері және құрылысы
    Конвейер горизонтал немесе көлбеу жазықтықта әртүрлі сусымалы және дара жүктерді тасымалдау үшін , сонымен қатар, ағындық өндірісте өнімдерді бір цехтан екінші цехқа тасымалдау үшін қолданады. Олар өндірістің барлық салаларында қолданыс тапты: құю цехтарында, электрстанцияларында, көмір мен кен өндірісінде жер асты және жер үстінде көмір, руда, кокс тасымалдау үшін, құрылыста материалдар, құм мен тас тасымалдау үшін, агроөнеркәсіпте дән тасымалдау үшін негізгі транспорт болып табылады.

    Конвейерлердің кең тарауына олардың өнімділігі жоғары (30000 т/сағ дейін) болуы, тасымалдау қашықтығының ұзын ( бір конвейер үшін 3-4 км, ал бірнеше конвейерлер жүйесі үшін 100 км дейін ) болуы, конструкциясының қарапайымдығы мен жұмыс істеу сенімділігінің жоғары болуы себеп болды.

    Конвейер таситын сусымалы заттарға шатқал және өзен құмы, құрылыс қиыршық тастары, шымтезек, топырақ, керамзит, әктас, көмір, ыс, астық және басқадай толып жатқан құрылыста, өнкәсіпте, кен өндіру орындарында қолданылатын, кесектелген,түйіршіктелген және тозаң түрінде кездесетін заттар жатады.

    Конвейерлерді әртүрлі белгілері мен құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты бірнеше топтарға бөледі.

    Нысанның орналасу бағытына байланысты:

    - көлбеу;

    - горизонталь;

    - тік;

    - қисық.

    Жүктің сипатына байланысты:

    - сусымалы заттарға арналған;

    - саналатын дара заттарға арналған.

    Конвейердің орналасуына байланысты:

    - жерде орналасқан;

    - аспалы.

    Тарту органының түріне байланысты:

    - ленталық;

    - шынжырлық;

    - күрекішелі;

    - шөмішті;

    - таспалы.

    Тарту органы болмайтын конвейерлердің түрлері:

    -гравитациялық;

    - инерциялық;

    - бұрандалы.

    Тасымалданатын көлемі үлкен сусымалы заттарды тасымалдаудың ең жеңіл түрі – конвейерлерді қолдану.

    Таспалы конвейерлер дара жүктерді масымалдауға арналған.

    Күрекшелі конвейерлер құбырдағы немесе науадағы жүктерді қалақшалар көмегімен қозғалтуға арналған. Күрекшелердің жазық беті үйкелістен тез тозатындықтан ұнтақталған материалдарды тасымалдауға қолданбайды. Олардың өнімділігі 50…150т/сағ.

    Науадан, аспадан және жүретін метал дискіден тұратын аспалы конвейерде тасымалданатын жүк науаға салынады.

    Шөмішті конвейерлерде жүктер шөміштерге салынады.

    Пневматикалық конвейерлерде үлкен құбыр ішіндегі жүкті тасымалдау үшін ауа ағыны қолданылады.

    Жүкті қисық бағыт бойынша тасымалдау үшін бірі біріне тіркелген бірнеше конвейерлерден тұратын тіркемелі (құрамалы) конвейерлер қолданылады.

    Сусымалы заттарды тасымалдау үшін жиі қолданылатын конвейерлер - ленталы конвейер (1.1 сурет). Бұл конвейерлерде жүк тасымалдаушы орган ретінде ленталар қолданылады (1.2 сурет).

    1.1 сурет - Сусымалы заттарды тасымалдауға арналған ленталы конвейердің жалпы көрінісі


    1 - лента; 2 - жетекші барабан; 3- электрқозғалтқыш; 4 - редуктор.

    1.2 сурет - Ленталы конвейердің жалпы көрінісі
    Өндірісте кең тараған ленталы конвейерлердің бір түрі - ООО «Металлист» шығаратын, көлемдік салмағы 2000 т/мі дейінгі сумалы материалдарды (құм, гравий, щебень, көмір, ыс, және т.б.) горизонтал немесе көлбеу жазықтықта тасымалдауға арналған ЛК типті конвейерлер [2]. Бұл конвейерлер рамада 1, мотор-редуктордан 2, тасымалдаушы лентадан 3, жетекші тарту барабанынан 4, жетекші емес барабаннан 5, жоғарғы науа тәріздес, салмақ түсетін роликтер-тіреуіштерден 6, төменгі, кері қайтар жақтағы жалпақ роликтер-тіреуіштерден 7 және дефлекторлық роликтерден 8 тұрады (1.3 сурет).

    1.3 сурет - ЛК-500(800) типті ленталы конвейердің сұлбасы
    Жетекші тарту барабаны 4 тарту күшін лентаға беруге арналған. Жоғарғы науа тәріздес, салмақ түсетін роликтер-тіреуіштер 6 конвейердің жұмыстық тармағын ұстап тұруға арналған. Бұл роликтер-тіреуіштер конвейер бойымен әрбір 1,4 м сайын орналасқан.

    Төменгі роликтер-тіреуіштер 7 конвейердің жүк түспейтін, бос тармағын ұстап тұрады, олар 2,4 метр сайын орналасады.

    Дефлекторлық роликтер 8 лентаның көлденең ығысуынан қорғайды.

    Беріктігі жоғары, қабырғалары 16 мм көпқабатты конвейерлік лента сусымалы және кесек заттарды конвейердің көлбеу бұрышы айтарлықтай үлкен болған кезде де тасымалдауға мүмкіндік береді. 1 кестеде ЛК типті конвейерлердің техникалық параметрлері келтірілген [2].
    1.1 кесте- ЛК типті конвейерлердің техникалық параметрлері

    Параметрлер

    ЛК-500 

    ЛК-600

    ЛК-800

    ЛК-1000

    ЛК-1400

    Өнімділігі, куб.м./сағ

    до 143

    до 240

    до 420

    до 750

    до 3600

    Тасымалдаушы лентаның ені

    500

    600

    800

    1000

    1400

    Конвейердің ұзындығы (барабандардың өстерінің арасындағы), м

    30 дейін

    30 дейін

    50 дейін

    50 дейін

    50 дейін

    Тасымалдаушы лентаның қозғалысының жылдамдығы, м/с

    1,3

    1,3

    1,4

    1,5

    до 4

    1 метр лентаға түсетін жүктеме, кг

    200 дейін

    240 дейін

    300 дейін

    300 дейін

    -

    Угол наклона Ггоризонтқа көлбеу бұрышы, град.

    35 дейін

    35 дейін

    35 дейін

    35 дейін

    35 дейін

    Конвейердің жүктік тармағының роликтер-тіреуіштерінің арақашықтығы, м

    1,4

    1,4

    1,4

    1,4

    1,2

    Электрқозғалтқыштың қуаты, кВт

    4-5,5

    4-7,5

    5,5-15

    7,5-18

    от 18

    Максимал айналдырушы момент, Н•м

    273-650

    -

    650-704

    -

    -

    1.2 Конвейерлердің жұмыс істеу жағдайлары, режимдері және жүктемелері

    Ашық тау-кен өндірісіне қатысты үздіксіз жұмыс жасайтын комплекстер мен кен байыту фабрикаларында конвейерлік қондырғылар тасымалдаушы транспорт ретінде кеңінен қолданылады.

    Көмір шахталары мен рудниктерде конвейерлік қондырғылар пайдалы қазбалы заттарды жер астында қазылған үңгірлер (забой, штольня) бойымен тасымалдап, жер бетіне шығару үшін қолданылады. Минерал-шикізат кәсіпорындарында негізінен ленталы және қалақты конвейерлер қолданылады. Олардың өнімділігі мен жұмыс істеу жағдайлары әр түрлі болуы мүмкін. Бұл олардың электр жетегін таңдауға өз әсерін тигізеді.

    Конвейерлік қондырғылардың жұмыс режимдері олардың ұзақ уақыт бойы үздіксіз жұмыс жасауымен (жүк тиеу, тасымалдау, түсіру) анықталады. Бұл жағдай тартушы жетектің электрқозғалтқышын таңдауға ықпалын тигізеді. Конвейердің үздіксіз жұмыс істеуіне байланысты жүргізіп жіберу және тоқтату үрдістері сирек орын алады, сондықтан олар оның өнімділігіне әсер етпейді. Сондықтан жүргізіп жіберу уақытын ұзарту арқылы кинематикалық шыншырдағы динамикалық жүктемені айтарлықтай азайтуға болады. Конвейердің электр жетегі бір бағытта қозғалатындықтан оны басқару үшін қарапайым сұлбаны, яғни реверсивті емес сұлбаны қолдануға болады [3,4].

    Конвейерлік қондырғылардың электр жетектері үшін жүргізіп жіберу үрдісі өте ауыр үрдіс болып саналады. Бұл апаттық жағдай нәтижесінде тоқтап қалған және толық жүк тиелген конвейерді жүргізіп жіберу қажеттілігімен байланысты. Осыған орай, конвейерлерде артық жүктелу қабілеті үлкен, жүргізіп жіберу тогы айтарлықтай жоғары болатын жетектік электрқозғалтқыштарды қолдану қажеттігі туындайды.

    Конвейердің жүк салынатын тармағының біркелкі емес жүктелуі электр жетегінің статикалық жүктемесіне өз әсерін тигізеді. Статикалық жүктеменің төмендеуі конвейердің толықтай жүктелмеуіне (пайдаланбауына) әкеліп соғады, электр жетегінің энергетикалық көрсеткіштерін төмендетеді. Энергияның үлкен бөлігі тартушы органды қозғалтуға жұмсалады, пайдалы жүкті тасымалдауға жұмсалатын меншікті энергия мөлшері артады.

    Конвейерлердің электр жетектерінің энергетикалық көрсеткіштерін жақсартуға жүк ағынына байланысты тартушы органның жылдамдығын реттеу арқылы (яғни конвейердің толық жүктелуін қамтамасыз ету арқылы) қол жеткізуге болады.

    Конвейердің мұндай жұмыс режимін қалыптастыру тек реттелетін электр жетекті қолдану арқылы мүмкін болады.

    Горизонтал конвейер қозғалған кезде оның жетегі айналысқа түскен элементтердегі, роликтер мен тартушы орган жанасқан орындардағы үйкеліс күштері туындаған статикалық жүктемені жеңуі тиіс. Бұл жүктемелер конвейердің қозғалтқышының қажетті қуатын анықтайды.

    Көлбеу конвейерлік қондырғыларда үйкеліс күштеріне тасымалданатын жүк пен тартушы органның салмақтарынан туындайтын күштер қосылады. Бұлар жүкті жоғары көтеру кезінде қозғалысқа кедергіні көбейтеді, төмен түсіру кезінде азайтады. Соңғы жағдайда электр жетек тежеу режимінде де жұмыс жасалуы қарастырылуы керек [3,4].

    Жүргізіп жіберу және тежеу режимдері кезінде тарту күшінің қосымша динамикалық құраушылары Fд пайда болады, олар қозғалған бөліктердің массасына және конвейердің үдеуіне байланысты.

    Толық тарту күші (F=Fс+Fд) конвейердің жетегінің қажетті артық жүктелу қабілетін анықтайды.

    Ленталы конвейерлерде қозғалтқыш тудырған тартушы күш тартушы органға лента мен жетекші барабан арасындағы үйкеліс арқылы беріледі. Бұл жағдайда берілетін күш мөлшері тартушы органның (лентаның) барабанды қамту бұрышына, олар арасындағы үйкеліс коэффициентіне байланысты.

    Конвейердің жұмысын талдаған кезде оның қатаң тартушы органы және параметрлері ( қозғалысқа түскен жүк пен тартушы орган массасы, кедергілік күштер) оның өнбойына таратылған электромеханикалық жүйе деп қарастыру керек.

    Қуатты конвейерлерде қажетті тарту күші бір барабан арқылы беріле алмаған жағдайда екі барабанды көпқозғалтқышты жетектер қолданылады. Бұл жағдайда барабандардың қозғалтқыштарын біркелкі жүктеу мәселесі туындайды. Бұл мәселені шешу реттелетін электр жетегін қолдану арқылы мүмкін болады.
      1   2   3   4   5


    написать администратору сайта