Главная страница
Навигация по странице:

  • 6.2 Автоматты басқару жүйесін функционалдаумен байланысты қосымша шығындар есебі

  • 6.3 ИТЖ мен қызмет көрсетушілердің еңбек жалақысы

  • 6.4 Автоматты басқару жүйесін енгізудің экономикалық тиімділігін есептеу

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • дипломная работа. ДП-конвейер. Конвейерлер туралы жалпы малматтар


    Скачать 1.78 Mb.
    НазваниеКонвейерлер туралы жалпы малматтар
    Анкордипломная работа
    Дата03.12.2021
    Размер1.78 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДП-конвейер.docx
    ТипДокументы
    #290476
    страница5 из 5
    1   2   3   4   5

    6 Экономикалық бөлім
    6.1 Техникалық- экономикалық негіздеу
    Жүргізілген экономикалық есептеулер нәтижесінде және математикалық моделін құрастыру нәтижесінде, сонымен қатар процесті тиімді басқару нәтижесінде гранит шығаратын кешеннің электр жетегінің жұмысының дұрыстығын көрсетеді. Сондықтан да кешеннің жұмыс айналымында өзіндік шығындар мен табыс көздері, сонымен қатар жұмысшылар жалақысы, құрал-жабдықтар саны мен бағасының тиімділігі қарқынды түрде уақытылы есептелініп тұрады. Солардың нәтижесіне қарап өндіріс орнының жұмыс деңгейін бағалаймыз.
    6.1.1 Кешендегі конвейрдің АЭЖ жүйесін зерттеу және дайындауға кеткен бір уақытты шығындарды есептеу

    Автоматтандыру жүйесін енгізуге кеткен шығындар келесі шығындардан пайда болады.

    - құрастырушылардың еңбек жалақысы;

    - автоматтандыру құралдарын сатып алуға, тасымалдауға және монтаждауға кеткен шығындар.
    6.1.2 Құрастырушылардың еңбек жалақысы

    Автоматты электр жетегі жүйесін құрастыру үшін келесі құрастырушылардың еңбек жалақысын есептеу қажет: жүйетехника-инженері, бағдарламалаушы-инженер, жобалаушы- инженер.

    Орташа құрастыру уақыт мерзімі- үш ай.

    Келесі орташа айлық жалақыны қабылдаймыз: жүйетехника- инженері 120000 тенге, бағдарламалаушы- инженері 80000 тенге, жобалаушы-инженері 100000 тенге.

    Құрастырушылардың орташа еңбек жалақысы келесіні құрайды:
    (120000+80000+100000)*3* 1,21 =1089000 тенге.
    Социалдық сақтандыру аударымы- 21%
    0,21*(1089000-0,1)=228689,979 тенге.
    1089000+228689,979 =1317689,979 тенге.
    6.1.3 Автоматтандыру құралдарын сатып алу, тасымалдау және монтаждау шығындары

    Автоматтандыру жүйесінің құны 6.1-ші кестеде келтірілген. Тасымалдауға кеткен шығын барлық құралдар құнының 5% құрайды және келесі түрде көрсетіледі:
    1790000*0,05=89500 тенге.
    Автоматтандыру жүйесін монтаждау құны құралдар құнының 2,5% құрайды, ол келесідей болады:
    1790000*0,025=44750 тенге.
    Автоматтандыру жүйесін енгізуге кеткен жалпы біркелкі шығыны келесіні құрайды:
    1317689,979+89500+44750=1451939,979 тенге.
    Құралдар құнын қоса есептегенде:
    1790000+1451939,979=3241939,979 тенге.
    6.2 Автоматты басқару жүйесін функционалдаумен байланысты қосымша шығындар есебі
    6.1 - кестеде көрсетілгендей құрылғы амортизациясының шығыны келесі түрде болады:

    - құралдарды бақылауға және қысымды реттеуге 15%, оның құрайтыны
    100000*0,15=15000тенге.
    - құралдарды бақылау және температураны реттеу 16,5%, оның құрайтыны:
    100000*0,165=16500 тенге.
    6.1кесте - Құралдардың құны

    Құрылғы атауы

    Саны

    Құралдың бірлік құны, теңге

    Жалпы құны, теңге

    Кернеу түрлендіргіш

    4 шт

    70000

    280000

    Электротехникалық құрылғылар

    14 шт

    100000

    1400000

    Күштік кабельдер

    10 рул.(100 м)

    10000

    100000

    Монтажды кабель

    3 рул. (100 м)

    6000

    18000

    Қорытынды

    31




    1790000


    - құралды бақылауға және деңгейді реттеу, шығынды реттеу, атқарушы механизмін реттеу мөлшер амортизациясы 15%, оның құрайтыны:
    (100000+70000)*0,15=25500 тенге.
    - шиналық модульге, блок қорегіне, кабелдер, дискретті және аналогты сигналдардың модульдері, микроконтроллерге амортизация мөлшері 20%, оның құрайтыны:
    (10000+6000+100000+70000)*0,2=37200тенге.
    Жалпы амортизациялық аударым:
    15000+16500+25500+37200=94200 тенге.
    Ағымдағы құралдарды жөндеуге кететін шығын- 3% өз құнынан, қосалқы бөліктерден- 2%, бұдан шығатыны:
    1790000*(0,03+0,02)=89500 тенге.
    Техникалық құралдардың электрэнергияны пайдалану комплекс қуаттылығының шығыны:
    Зз=J·Др·Цэ·Ки,(6.1)
    мұндағы J =15 кВт- пайдаланылатын қуат;

    Др=365*24=8760 сағат- автоматтандыру құрылғысының бір жылдық жұмыс уақытының фонды;

    Цэ=16,07 тенге - 1кВт энергияның құны;

    Ки=0,9 - қуатты пайдалану құралдарының коэфиценті.
    Зэ=15*8760*16,07 *0,9=1900438,2.
    6.3 ИТЖ мен қызмет көрсетушілердің еңбек жалақысы
    Тыңғылықты қызмет көрсетушілердің тиімді жұмыс уақытын үш мерзімді, күніне 8 сағат деп қабылдаймыз. 1-ші кезек 0-ден 8-ге дейін; 2-ші кезек 8-ден 16-ға дейін; 3-ші кезек 16-дан 24-ке дейін;Кезектен кейінгі демалыс уақыты- 48 сағат. Уақыт өңделмеген жағдайда, әр кезектің жұмыс уақыты қосымша уақыт күндерімен толықтырылады. Кезек жұмысының ұзақтығы- 6 сағат. Бұл әр кезектің жұмыс уақыты жылдық балансын сақтау үшін жасалатын шаралар. Демалыс күндегі жұмыс уақыты жұмыс жасау нормасына енгізілген.

    Қызмет көрсетушілердің жұмысқа келу уақыты:
    , (6.2)
    мұндағы А-обьект саны, А=1;

    Нкызмет- қызмет көрсету нормасы, Нобс=1;

    С-бригада саны, С=4;

    Ннакты= 1 * 1 *4=4 адам.
    Келу санынан тізімді санға көшу коэфицентін анықтаймыз:
    , (6.3)
    мұндағы Тк- күнтізбе уақыты, Тк=365 күн;
    ТЭф - жұмыс уақытының қолайлы фонды, Тэф= 284 күн;
    .

    Осыдан төмендегідей болады:
    (6.4)
    Кезекші слесарының негізгі еңбек жалақы фондын анықтап аламыз. Кезекке 5 адамнан шығады деп қабылдаймыз: 5 дәреже- 2 адам, тарифті баға Тст=80,5*8,2=660,1 тенге; 4 дәреже- 2 адам, тарифті баға Тст=7-2,8*8,2=596,96 тенге; 3 дәреже- 1 адам, тарифті баға Тст=65,6*8,2=537,92 тенге.

    Бригаданың жалпы күндізгі тарифты бағасы:
    Т эф = 660,1*2+596,96*2+537,92=3052,04 тенге.
    Осыдан кезекші слесарлар еңбек жалақысын фонды:
    Тэф= 3052,04*284=866779,36 тенге.
    Мереке күндері жұмыс жасағаны үшін қосымша төлем:
    Тмереке = 866779,36*0,0317=27476,91 тенге.
    Түнгі уақытта жұмыс жасағаны үшін қосымша төлем:
    Ттүн= 866779,36*0,047=40738,63 тенге.
    Планды орындағаны үшін қосымша жалақысы (20%):
    Т пл= 866779,36*0,2=173355,87 тенге.
    Кезекші слесарлар үшін негізгі еңбек жалақы фонды келесіні құрайды:
    Тнегфтүнмерекепл, (6.5)
    мұндағы Тот- кезекті демалыс төлемі:

    Тоб-қосымша жұмыстарды атқарғаны үшін қосымша төлем:


    Тқос=93663,45+3902,64=97566,09 тенге.
    Негізгі жалпы еңбек жалақы фонды аудандық коэфиценті 1,21 екендігін ескере отырып құрайды:
    Т'=Тнегқос=1108350,77+97566,09=1205916,86 тенге.

    ИТР-дың және басқару жүйесін қызмет көрсетуші жылдық еңбекақы фонды, құрамында: инженері, инженер-есепшінің еңбек жалақысы 150 000 тенге, кезекші оператор (4 адам) айлық жалақысы 200 000 тенге, аудандық коэфиценті 1,21 ескере отырып құрайды:

    Тжылдық= 12*(200000+200000+800000)* 1,21=17424000 тенге.
    Жылдық жалпы еңбек жалақы фондының құрайтыны:
    Тжыл.жалпы = Тжалпыжылдық= 3902,64+17424000=17427902,64 тенге,

    Тжыл.жалпы - тан социалды сақтандыруға аударым- 11%,

    Тсоц.сақтан = 0,11* (17427902,64-0,1*17427902,64) =1725362,36 тенге,

    Т ФЭ/ 7=17424902,64+1725362,36=19153265 тенге.
    Автоматты басқару жүйесін пайдалану үшін кеткен қосымша шығындар 6.2-ші кестеде келтірілген.
    6.2 кесте- қосымша шығындар

    Шығындар

    Сумма,теңге

    Құралдар амортизациясы

    94200

    Жөндеу мен қосымша бөлшектер шығындары

    1451939,979

    Электр энергия шығыны

    1900438,2

    Қызмет көрсетушілердің еңбек жалақысы

    19153265

    Жалпы шығын

    22599843,2


    6.4 Автоматты басқару жүйесін енгізудің экономикалық тиімділігін есептеу
    Кешенде дайындау процесіне автоматты басқару жүйесін енгізгенде; тауар өнімі 0,33%-ке өсетіні байқалады және сонымен қатар флюс шығыны азаятынын көреміз. Жылына гранит шығарылуы 74100 тонна. 0,33% өскен жағдайда, гранит шығару өнімі 74345 тоннаны құрайды. Өсім 245 тоннаны құрайды.
    6.4 кесте- Тауар өнімнің өсу негізінде пайда өсімі

    Тауар өнімінің түрі

    Көлем ұлғаюы,т/жыл

    1 тонна құны, теңге

    Барлық көлем құны,теңге

    Гранит

    10000 м3

    40000

    40000000

    Мрамор

    10000м2

    4000

    4000000

    Пайда өсімі







    44000000

    Гранит өнімінің шығарылуы жылына 6730 тонна. 0,33% өскен жағдайда гранит өнімін шығару 6752 тонна құрайды, өсім 22 тоннаны құрайды.
    Жылдық экономикалық тиімділік:
    Э = (Пө – ЭР )- Ен * Кқос, (6.6)
    мұндағы ЭР -қосымша пайдаланған шығын;

    Ен - 0,15 нормативті тиімділік коэфициенті;

    Кқос - біркелкі шығындар.
    Э = (44000000 – 22599843,2) – 0,15 * 94200 = 21386091тенге.
    Құнны өтелу уақыты:
    Тқө = Кқос / (Э –Эр), (6.7)
    Тқө =1790000 / (22599843,2-21386091) ≈ 1,78.
    Келтірілген есептеулер нәтижесінде келесі тұжырымдар шығаруға болады: автоматты басқару жүйесін тек ғана тауар өнімінің өсуін ғана емес, сонымен қатар флюсшығынының төмендеуі және өте аз уақытта өз құнын өтейді. Сонымен қатар қызмет көрсетуші персоналы қысқартатынын және техниканы еңгізудің сенімділігін ескерту қажет.


    Қорытынды

    Ленталы конвейер - өндірістің барлық салаларында сусымалы жүктерді тасымалдауға кеңінен қолданылатын электромеханикалық құрылғы. Оған олардың өнімділігі жоғары, тасымалдау қашықтығының ұзын болуы, конструкциясының қарапайымдығы мен жұмыс істеу сенімділігінің жоғары болуы себеп болды.

    Конвейерлік қондырғылардың электр жетектері үшін жүргізіп жіберу үрдісі өте ауыр үрдіс болып саналады. Динамикалық жүктемені шектеу және лентаның барабанмен жақсы жапсарласуын қамтамасыз ету үшін электр жетегі жүргізіп жіберу кезінде үдеуді белгілі бір деңгейде шектеуі және тербелмелі динамикалық жүктемені жоюы керек. Осыған орай, конвейерлерде артық жүктелу қабілеті үлкен, жүргізіп жіберу тогы айтарлықтай жоғары болатын жетектік электрқозғалтқыштарды қолдану қажеттігі туындайды.

    Дипломдық жобада сусымалы жүктерге арналған ленталы конвейердің электр жетегін жаңарту қарастырылған.

    Жобада берілген тапсырмаға сәйкес ЛК-800 типті ленталы конвейердің таңдалып, оның жетегіне керек тарту күші мен қуат анықталған. Таңдалған конвейердің қозғалтқышы ретінде қуаты есептік қуатқа сәйкес келетін 4АK200M8У3 типті фазалы роторлы электрқозғалтқыш таңдалып алынды. Оның орынбасу сұлбасының параметрлері анықталып, табиғи механикалық сипаттамасы тұрғызылды.

    Фазалы роторлы қозғалтқышты үшсатылы жүргізіп жіберу сұлбасы қарастырылып, әр сатының кедергілері анықталды. Қозғалтқышты жүргізіп жіберу кезіндегі механикалық өтпелі үрдістер есептелінді.

    Ұсынылған электр жетегінің энергетикалық көрсеткіштері анықталды. Фазалы роторлы қозғалтқышы бар электр жетегін басқару сұлбасы құрастырылды.

    MаtLаb бағдарламасында фазалы роторлы қозғалтқыштың моделі құрастырылып, онда әр түрлі режимдер кезіндегі өтпелі үрдістер зерттелді.

    Алынған нәтижелерді талдау қозғалтқышты үш сатылы жүргізіп жіберу кезінде бұрыштық жылдамдықтың бірқалыпты жайлап өзгеретіндігін және іске қосқан сәттегі жүргізіп жіберу моментінің мәні де төмен болатындығын көрсетеді, яғни бұл жағдайда конвейердің электр жетегіне қойылатын талаптар орындалатындығын дәлелденді.

    Жобада конвейер қолданылатын насан үшін жарылыс қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі шаралары қарастырылған.

    Экономикалық бөлімде күрделі және эксплуатациялық шығындар есептелініп, ұсынылған электр жетегінің экономикалық көрсеткіштері анықталды.

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


    1. Вайнсон А.А. Подъемно-транспортные машины: Учебник для вузов- 4-е изд., перераб. и доп. - М.: Машиностроение, 1989. - 536 с.

    2. httр://www.mеtаllіst-tulа.ru/рroduсtіon/lеnt_konvееr.htm

    3. Костюк В.С., Волкова Л.П., Фащиленко В.Н. Регулируемый электропривод шахтных установок: Учебное пособие. - М.: МГИ, 1984. - 65 с.

    4. Ляхомский А.В., Фащиленко В.Н. Автоматизированный электропривод горных машин и установок. Часть 1: Автоматизированный электропривод механизмов циклического действия: Учебное пособие / Под ред. А.В.Ляхомского. - Издательство «Горная книга», 2014. - 476 С.

    5. Ляхомский А.В., Фащиленко В.Н. Управление электромеханическими системами горных машин. - М.: Издательство Московского государственного горного университета, 2004. - 296 с.

    6. Шеховцев П.В. Расчет и проектирование ОУ и электроустановок промышленных механизмов / М.:ФОРУМ, 2010.-352 с.

    7. Москаленко В.В. Автоматизированный электропривод. М.:1986.- 416 с.

    8. М.Г. Чиликин, М.М. Соколов, В. М. Терехов, А.В. Шинянский Основы автоматизированного электропривода. Учеб. пособие для вузов. М., «Энергия», 1974. - 568 с.

    9. Герман - Галкин С.Г. Компьютерное моделирование полупроводниковых систем в MАTLАB 6.0: Учебн. пособие. - СПб.: КОРОНА принт, 2001. - 320 с.

    10. Түзелбаев Б.И. Сала экономикасы: оқу құралы - Алматы, 2007.

    11. Хакімжанов Т.Е. Еңбек қорғау. Жоғары оқу орындары үшін оқу құралы. - Алматы: «ЭВЕРО», 2008 - 240 б.



    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта