Главная страница
Навигация по странице:

  • Мазмұны Кіріспе....................................................................................................................3

  • 2 Қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша құралдарының аудиті....................................................................................................................20

  • 3 Аудиторлық қызметті жетілдіру.................................................................43

  • Қорытынды........................................................................................................46

  • 1 Қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша құралдарының теориялық негіздері 1.1 Қысқа мерзімді қаржылық салымдар, олардың мәні, мағынасы, есебі және аудиті

  • 1.2 Ақша құралдарының мәні, мағынасы және есебі мен аудиті

  • «Қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша құралдарының аудиті».. Курсты жмыс Пн Аудит Таырып ыса мерзімді аржылы салымдар мен аша ралдарыны аудиті Топ уа 918, кндізгі блім Орындаан Мратхан Ж. Н. абылдаан Бердеш Г. М. Баасы Нр Слтан, 2021ж Мазмны Кіріспе


    Скачать 365.5 Kb.
    НазваниеКурсты жмыс Пн Аудит Таырып ыса мерзімді аржылы салымдар мен аша ралдарыны аудиті Топ уа 918, кндізгі блім Орындаан Мратхан Ж. Н. абылдаан Бердеш Г. М. Баасы Нр Слтан, 2021ж Мазмны Кіріспе
    Дата13.09.2021
    Размер365.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла«Қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша құралдарының аудиті»..doc
    ТипДокументы
    #231801
    страница1 из 4
      1   2   3   4

    Нұр – Сұлтан қаласының білім басқармасы

    Д. А.Қонаев атындағы Колледж

    Курстық жұмыс
    Пән: Аудит

    Тақырып: «Қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша құралдарының аудиті»

    Топ: УА 9–18, күндізгі бөлім

    Орындаған _______________________________________ Мұратхан Ж.Н.

    Қабылдаған ______________________________________ Бердеш Г.М.

    Бағасы ________________________


    Нұр – Сұлтан , 2021ж

    Мазмұны
    Кіріспе....................................................................................................................3

    1 Қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша құралдарының теориялық негіздері............................................................................................6

    1.1 Қысқа мерзімді қаржылық салымдар, олардың мәні, мағынасы, есебі және аудиті.............................................................................................................6

    1.2 Ақша құралдарының мәні, мағынасы және есебі мен аудиті....................10

    2 Қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша құралдарының аудиті....................................................................................................................20

    2.1 «Қазақшетсақтандыру» компаниясының шаруашылық қызметіне және есеп саясатына сипаттама...................................................................................20

    2.2 «Қазақшетсақтандыру» компаниясының ақша қаражаттары мен инвестициясының бухгалтерлік есебі мен аудитін ұйымдастыру..................29

    2.3 «Қазақшетсақтандыру» компаниясының қысқа мерзімді қаржылық салымдары мен ақша құралдарына аудит жүргізу әдістемесі және оның нәтижесі................................................................................................................34

    3 Аудиторлық қызметті жетілдіру.................................................................43

    3.1 Қаржы шаруашылық ұйымдары есебінің аудитін жетілдіруді арттыру.................................................................................................................43

    Қорытынды........................................................................................................46

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................49

    Кіріспе

    Бүгiнгi күнi Қазақстанның әрбiр азаматына оның экономикасының нарықтық жолға көшкенi мәлiм. Әрбiр мекеме өзiнiң жұмысы үшiн өзi жауап бередi және келешектегi дамуы үшiн шешiмдердi өзi қабылдайды. Ал нарықтық экономикада экономикалық қызметтiң негiзгi мәселелерiн шешу арқылы пайданың максималды мөлшерiн табу үшiн ресурстарды тиiмдi пайдалана бiлген мекеме әрқашан да алдыңғы орында болады.

    Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі ақша құралдары мен инвестиция арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек ақша құралдары негізінде ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.

    Нарықтық экономика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс-әрекеттің күтілетін нәтижесін қамтамасыз етуі тиіс.

    Қаржылық сипаттағы тиімді экономикалық шешімдер қабылдау бухгалтерлік есеп жүйесінде жазылып тіркелген, жинақталған ақпараттар негізінде іске асырылатындығына сай міндет пен қызмет атқарушы қаржыгерлер мен бухгалтерлер тағы да басқа жауапты адамдар сапалы және саналы жасалған бухгалтерлік есеп жүйесіндегі көрсеткіштерді зерттеп зерделей білуі керек.

    Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты.

    Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады.

    Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк, инвестор және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.

    Бүгінгі күні нарықтық қатынаста бәсекеге қабілетті кез келген кәсіпорынның ақша құралдарының жоғары көрсеткішке жетуі маңызды орын алады. Өз қызметінің әрі қарай ілгерілеуіне қаржылық инвесторларының да үлесінің көп болуы сол кәсіпорынға тікелей әсер етеді.

    Әр жылдың аудиторлық қорытындысы бойынша қаржы шаруашылық орындарының ақша құралдары мен қаржы салымдарының оң нәтижеге жетуі сол мекеме жұмысының жемісті болғандығын көрсетеді.

    Курстық жұмысымның тақырыбы- «Қысқа мерзімді қаржы салымдары мен ақша құралдарын аудиттеу».

    Курстық жұмыстың өзектілігі- қысқа мерзімді қаржы салымдары мен ақша құралдарына аудит жүргізудің теориялық мәні мен практикалық қызметін толықтай ашып көрсету.

    Курстық жұмыстың мақсаты- қысқа мерзімді қаржы салымдары мен ақша құралдарының теориясы мен тәжірибесін кәсіпорын қызметі арқылы көрсету.

    Курстық жұмыстың мазмұны негізгі үш бөлімнен тұрады:

    1 Қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша құралдарының теориялық негіздері

    1.1 Қысқа мерзімді қаржылық салымдар, олардың мәні, мағынасы,есебі және аудитінің теориясы

    1.2 Ақша құралдарының мәні, мағынасы және есебі мен аудитінің теориясы

    2 Қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша құралдарының аудиті

    2.1 «Қазақшетсақтандыру» компаниясының шаруашылық қызметіне және есеп саясатына сипаттама

    2.2 «Қазақшетсақтандыру» компаниясының ақша қаражаттары мен инвестициясының бухгалтерлік есебі мен аудитін ұйымдастыру

    2.3 «Қазақшетсақтандыру» компаниясының қысқа мерзімді қаржылық салымдары мен ақша құралдарына аудит жүргізу әдістемесі және оның нәтижесі

    3 Аудиторлық қызметті жетілдіру

    3.1 Қаржы шаруашылық ұйымдары есебінің аудитін жетілдіруді арттыру.

    Бірінші бөлімде ақша құралдары және қысқа мерзімді қаржы салымдары түсінігі, мәні мен мағынасы, есебі мен аудитіне теория жүзінде сипаттама берілген. Екінші бөлімде «Қазақшетсақтандыру» компаниясының есеп саясатына тоқталып, қаржы салымдары мен ақша құралдарын аудиттеуді «Қазақшетсақтандыру» компаниясының қаржылық операциясын қолдану арқылы жүргізген. Үшінші бөлімде қаржы шаруашылық ұймдары есебін аудиттеуді жетілдіру бағыттары көрсетілген. Соңында қорытындылап, пайдаланған ақпар көздері берілген.


    1 Қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша құралдарының теориялық негіздері

    1.1 Қысқа мерзімді қаржылық салымдар, олардың мәні, мағынасы, есебі және аудиті

    Кәсіпкерлік табысты, капитал өсімін немесе пайызын алу мақсатында әр түрлі экономика саласына капитал жұмсау жолымен іс жүзіне асырылатын жиынтық шығындарды қаржы салымдары (инвестиция) деп атаймыз.

    Басқа жақтағы тысқары ұйымдардың құнды қағаздарға, мемлекеттік және жергілікті қарыздардың пайыздық облигацияларына салымдар, сондай-ақ басқа заңды және жеке тұлғаларға берілген қарыздар қаржылық салымдар болып саналады.

    Қаржы салымдары жұмсау мерзімі бойынша төмендегідей бөлінеді:

    • қысқа мерзімді;

    • ұзақ мерзімді;

    • мерзімсіз қаржы салымдары.

    Қысқа мерзімді қаржы салымдары- бір жылға дейін иемдену мерзімі, бұл еркін ақшалай қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай өткізілетін бағалы қағаздардағы компанияның инвестициясы.

    Қаржы салымына (қаржылық инвестиция) кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды тұлғалардың құнды қағаздарын (акцияларды, облигацияларды және басқа да құнды қағаздарды сатып алуға, депозитке салған тағы да басқа) сатып алуға жұмсаған қаржылары жатқызылады.

    Өздерінен алынатын табысқа байланысты құнды қағаздар мынадай екі топқа бөлінеді:

    • қарыздық құнды (бағалы) қағаздар;

    • инвестициялық құнды (бағалы) қағаздар.

    Қарыздық құнды қағаздарқұнды қағаздың бұл түрі бойынша эмитент көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде (процентімен) тиісті қарыздарын өтеуге (төлеуге) міндетті. Қарыздық құнды (бағалы) қағаздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы да басқа бағалы қағаздар жатқызылады.

    Инвестициялық құнды қағаздарқұңды қағаздың бұл түрі иемденушіге активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Құнды қағаздардың бұл түріне акцияны жатқызуға болады.

    Қысқа мерзімді қаржы салымдарын нормативтік реттеу. Барлық ұйымдардағы бухгалтерлік есептің негізгі нормативтік құжаттары Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне, ҚР 1995 жылғы 26 желтоқсандағы (2007 жыл 28 ақпан түзетулер мен толықтырулар) «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңдарына сәйкес, 1998 жылғы 20 қараша (2006 жыл 5 мамыр түзетулер мен толықтырулар) «Аудиторлық қызмет туралы» және бухгалтерлік, аудиторлық (2006 жыл мамырдағы толықтырулар мен өзгертулер) стандартымен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік Бас шоттары, басқа да нормативтік және құқықтық актілер негізіне байланысты жүргізіледі. Бұл құжаттарды есеп саясаттарын жасағанда лицензиясы бар ұйымдары басшылыққа алады.

    Халықаралық және отандық стандарт бойынша қаржы салымдарының бухгалтерлік және аудиторлық есептері БЕС 8 «Қаржылық инвестиция есебі» және оған әдістемелік ұсыныс, БЕС 13 «Шоғырландырылған қаржылық есеп және еншілес серіктестіктегі инвестиция есебі» және әдістемелік ұсыныс, БЕС 14 «Тәуелді шаруашылық серіктестігіндегі инвестиция есебі» және оған әдістемелік ұсыныс, ХҚЕС 28 «Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар» бөлімдерінде қарастырылған.

    Кәсіпорындар мен ұйымдардың қай саладағы болмасын өз қызметінің сонғы нәтижесінде негізгі мақсаты пайда табу екендігі кімге болса да белгілі. Осыған сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің бос тұрған яғни, уақытша пайдаланылмай тұрған ақшаларын айналысқа салса ғана оны тиімді пайдаланғаны болып табылады. Бұндай тәуекелге бел байлау кей уақыттарда кәсіпорындар мен ұйымдарға табыс әкелсе, екінші бір кезеңде шығынға ұшыратуы мүмкін. Осы айтылғандай шығынға ұшырамау үшін бухгалтерлік есеп жұмысын дұрыс жүргізіп, оның мәліметтерін уақтылы пайдалану керек. Нарықтық экономика жолымен жүретін әрбір кәсіпорындар мен ұйымдар үшін бұндай тәуекелге бару міндетті болып табылады. Міне, осы айтылғандарға сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы салымына табыс табу мақсатыңда басқа заңды тұлғаның шығарған құнды қағаздарын сатып алуға жұмсаған ақшалары жатқызылады. Құнды қағаздар сатылып алынған құны бойынша кіріске алынады. Ал кәсіпорындар мен ұйымдардың байланысын құру барысында құнды қағаздардардың сатылып алынған құны мен ағымдағы құны салыстырылып, екеуінің ең төменгісі алынады. Жалпы кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің қаржы салымы қатарына жатқызылатын активтері арқылы мынадай табыстар таба алады:

    а) пайыз, дивидендт және роялти түріндегі табыстар;

    ә) қаржы салымына жұмсалған қаржы көлемінде капиталдың артуы;

    б) инвестордың басқа да табыстары.

    Кәсіпорындар мен ұйымдар қысқа мерзімді қаржы салымдарын өзінің бухгалтерлік балансында ағымдағы құныбойынша бағалаған жағдайда (уақытта) күнделікті қор биржалары мен биржадан тыс жерлердегі қаржы салымдары құнының өзгерісін бақылап және оның нәтижесін бухгалтерлік есеп құжаттарына түзетіп жазып отыруы тиіс. Егер қаржы салымының, яғни инвестицияның қор биржаларындағы немесе биржадан тыс нарығындағы ағымдағы құны өссе оны кәсіпорындар мен ұйымдар есепті кезеңнің табысына жатқызады, ал керісінше қаржы салымының қор биржаларындағы немесе биржадан тыс нарығындағы ағымдағы құны кеміген жағдайда есепті кезеңнің шығынына жатқызады.

    Қысқа мерзімді қаржы салымдарын өзінің бухгалтерлік балансында сатып алужәне ағымдағықұнының ең төменгісі бойынша бағалаған жағдайда (уақытта) кәсіпорындар мен ұйымдар мынадай үш тұжырымды басшылыққа алады:

    а) баланстық құнды тұтастай жиынтық портфель негізінде анықтау;

    ә) баланстық құнды жиынтық портфель негізінде инвестиция түрлері бойынша, яғни сатып алу құны мен ағымдағы құнының ең аз (төменгі) құнын анықтау;

    б) баланстық құнды жеке инвестициялар негізінде анықтау.

    Айналымдық қаражат функционалдық аудитінің құрамдас бөлігі болып бағалы қағаздарға қысқа мерзімдік қаржы салымы мен басқа кәсіпорындарға берген қарызды бақылау және талдау саналады.

    Қысқа мерзімді қаржы инвестициялардың функционалдық аудит бағдарламасына келесі жағдайлармен басқару қызметтердің дұрыс орындалуын тексерулерді кіргізу керек:

    • бухгалтерлік баланста қысқа мерзімді қаржылық салымдарды көрсетуін;

    • қысқа мерзімді қаржы салымдарды бағалау мен қайта бағалауын;

    • бағалы қағаздарды алу жөніндегі бухгалтерлік жазбалар жүргізілуін;

    • бағалы қағаздардың сатып алу мен номиналды бағасы арасындағы айырманы есептеп шығаруын;

    • есепте қысқа мерзімді қаржы салымдарының істен (есептен) шығуын көрсетуін;

    • бағалы қағаздардың синтетикалық есебі мәліметтерінің аналитикалық есепке сәйкестігін.

    Егер қысқа мерзімді қаржы салымдар сатып алу мен ағымдағы ең аз бағамен есепке алынса, онда баланстық құн жеке инвестиция негізінде, жалпы алғанда инвестиция түрлері бойынша жиынтық қоржын негізінде анықталады. Қысқа мерзімді қаржы салымдарының ағымдағы құны өзгерісінен болған табыс немесе шығын сол орын алған есепті кезеңде танылады.

    Облигациялар аудитінде облигациялар шығару сәтінде эмиссия жобасында жарияланған олар бойынша пайыздар нарықта айналатын сол топтағы облигациялар жөнінде пайыздармен әрқашан үйлеспейтінін есте сақтау қажет. Бұған байланысты түсініктемелер мен ұғымдарды ажырата білуіміз қажет:

    • қарыздың барлық мерзімі бойы пайыз төлейтін облигацияны айналымға шығарарда кесімді белгіленген атаулы пайыздық мөлшерлеме;

    • тартымдылығы мен тәуекелдік дәрежесі бойынша шығарымның ұқсас шарттары бар облигациялар нарығында төленетін сомаға байланысты ағымдағы мөлшерлеме.

    Облигацияның әрбір эмиссия жүргізуші мекемесі ылғи да айналымға шығару уақытындағы атаулы пайыздық мөлшерлеме ағымдағымен сәйкес шығуына ұмтылады. Әдетте, облигацияны орналастырғанда атаулы пайыздық мөлшерлеме не нарықтан жоғары, не болмаса одан төмен болады. Сондықтан айналымға шығарылатын облигациялардың ағымдағы құны жарияланған атаулы құннан басқаша болады. Атаулы құн сатылым бағасынан жоғары болса, облигация сыйақымен шығарылады. Сыйақы көрсетілген бағадан және атаулы құннан жоғары өткізу құны арасындағы алынған айырма нәтижесіне тең.

    Ұзақ мерзімді қаржы салымдарын қысқа мерзімді салымына ауыстыру келесі тәсілдер арқылы жүргізіледі:

    • егер қысқа мерзімді қаржылық салымдар сату құны мен ағымдағы құнның ең аз бағасымен ескерілсе, сату құны мен баланстық құнның ең аз бағасымен. Бірақ инвестициялар бұрын қайта бағаланса, онда көшіру негізінде оларды қайта бағалау сомасы есептен шығарылуы тиіс;

    • баланстық құнмен, егер қысқа мерзімді қаржылық салымдар ағымдағы құнмен ескерілсе, бұрын жасалған қайта бағалау сомасы бұл салымдар бойынша кіріс деп танылады.

    1.2 Ақша құралдарының мәні, мағынасы және есебі мен аудиті

    Ақша құралдары тауарларды айырбастау құрал ретінде әрекет етеді, ол тауар өндірісімен үздіксіз байланыста болады. Ақша құралдары дамыған тауарлық шаруашылықтың ажырамас бөлігі болып табылады. Ақша қаражаттары тауарлар мен қызметтердің үлкен массасының қозғалысын, сонымен бірге қаржы-кредит жүйесі арқылы жеткізушілер мен тұтынушылар арасында ақша құралдарының қозғалысын туындатады.

    Ақша қаражаттарының мәні ақша жинақтарын қалыптастырудың механизмдерін құру және кеңейтуде, барлық қаржылық ресурстарды жұмылдыруда және оларды ұдайы өндірісте тиімді қолдану үшін инвесторларға беруде жатыр.

    Ақша құралдары тауарларды, қызметтерді, тауарлық-материалдық құндылықтарды шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерін құндық есепке алу және бақылау ретінде қолданылады.

    Ақша қаражаттарының нарықтық экономикадағы ролі еңбекақы, сыйақы түрінде еңбек шығындарын құндық өлшеу және бақылау ретінде, яғни еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемін, еңбектің саны мен сапасын бақылау құралы ретінде, сонымен бірге еңбек өнімділігін ынталандыру мен арттыру құралы ретінде айқындалады.

    Ақша құралдарын нормативтік реттеу. Халықаралық және отандық стандарт бойынша ақша құралдарының бухгалтерлік есебі жүргізу 4 БЕС «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп», 7 ХҚЕС «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер» қарастырылған.

    Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

    • ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;

    • кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;

    • есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.

    Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.

    Транзиттік экономика жағдайында функционалды аудиттің өте өзекті бағыты- ағымдағы активтің ең жылжымалы және толық өтімді элементтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысын тексеру болып табылады. Ақшалай операциялар қарқынды кең ауқымды сипаттама болып келеді. Дәл осы шағын деңгейде үлкен резервтер мен әртүрлі бұрмалаулар жасырынған.

    Ақшалай мен кассалық-банктік операцияларды жүргізу заңнамалық, жалпы мемлекеттік, ведомствалық және басқа нормативті актілермен жеткілікті түрде қатаң реттелген. Сондықтан төлеу циклі функционалды аудитін өткізуге дайындық кезінде қабылдаған заңдардың, стандарттардың, бухгалтерлік есептің, аудиттің, ақша қолданылуын, қаржылық бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру ережелерінің талаптарын мұқият оқып-білу қажет. Операциялық аудитор кәсіпорынның төлеу мен қозғалыс циклін есептеу мен бақылау жүргізудің сапалы жақтары туралы анық тұжырымдамаларын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты проблемалық сипаттағы көптеген заңдық, ұйымдастырушылық, әдіснамалық (методологиялық), қаржылық, есептік, экономикалық мәселелерді шешудің баламалы мүмкіндіктерін қарастырған жөн.

    Дегенмен, жалпы аудитте ақшалай операцияларды тексеру тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жалпы әдістер арқылы жасалса да, бұл операцияларды уақтылы және тиімді атқаруға ерекше көңіл аударатын төлеу циклінің функционалдық аудитінде бұлар, шынында, жеткіліксіз. Сондықтан ғылыми зерттеулердің күн талабына сай бағыты- ақшаны басқарудың функционалды аудитінің ерекше тәсілдерін анықтау мен ізденістерін талдау болып саналады.

    Ақшалай ағымның төлем мен қозғалысы циклі функционалды аудитінде экономикалық талдау, бақылау мен статистиканың классикалық әдістерімен қатар, сарапшылық бағалау, жай және күрделі пайыз есептеулері, дисконттау, интегралды, сараланған (дифференциалды) және матрицалық тәсілдер, желілік, желілік емес және өсіңкі бағдарламалау және т.б. кеңінен қолданылуы керек. Жергілікті аудиттің арнайы әдіс тәсілдерінің көмегімен ақшаны басқару мен құнды қағаздардың тиімділігін арттыру мен ұйымдастыруды жақсартудың әртүрлі резервтерін ашуға болады. Мәселен, инкассация мен төлемді тездету, флоутты, электронды ақша аударуды, сейф жүйесін, репо мәмілесін, бақылау шегі теориясын және т.б. ең көп шамаға молайту сияқты тәсілдерді дұрыс және уақтылы қолдану нақты ақша мен құнды қағаздарды шапшаң және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

    Операциондық аударма төлем мен ақша қозғалысы циклінің жергілікті аудитін өткізгенде мыналарды анықтайды:

    • касса- банк құжаттарын жасап, өңдейтін адамдардың сапалы және сандық құралы;

    • бұл жұмыс учаскесі қызметкерлері кімге есеп береді;

    • касса-банк және басқа ақшалай операциялардың дұрыстығын кім, қашан және қалай тексереді?

    • Кәсіпорында кассадағы ақшаның бар-жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізуге арналған тұрақты жұмыс істейтін комиссияны тағайындау туралы басшының бұйрығы бар ма?

    • Бұл бұйрық орындала ма, кассаны кенеттен тексеру актілері бар ма және олардың мазмұны қандай?

    • Аналитикалық және синтетикалық есеп, шаруашылық бақылау мен ақшалай операцияларды жедел қолдау жолға қалай қойылған?

    Ақша құралдарымен, әсіресе оның жылжымалы бөлігі- қолма-қол ақшамен (еңбекақы бергенде, өндірістік шығыстарды төлегенде, есеп берілетін соманы беру мен пайдалануда және т.б.) жасалатын операциялар- міндетті тұтастай тексеруді талап етеді. Ықтимал бұрмалаулар мен қызмет бабын теріс пайдалану- касса-банк операцияларын бақылаудың маңызды міндеті.

    Іс-тәжірибе кездесетін, жасалу тәсілдері бойынша касса-банк операцияларының атқарылуы мен шот төлемдері процесіндегі қызмет бабын теріс пайдалану мен бұрмалаулар былайша жіктеледі:

    1. ресімделген құжаттармен және қолхаттармен жасырылған және ештеңемен жасырылмаған ақшалай қаражатты тікелей ұрлау;

    2. банктен, әр түрлі тұлғалар мен ұйымдардан кірістік ордерлер бойынша, басқа ұйымдардан сенімхат бойынша түскен ақшаны кіріске алмау және иемдену;

    3. кассадағы ақшаны есептеп шығару, бір құжатты қайтадан пайдалану, кассалық құжаттар мен есептерде жиынтықты дұрыс есептемеу;

    4. ақшаның жалған құжаттар бойынша негізсіз есептен шығару сомасын көбейтіп, заңды ресімделген құжаттардағы жалғандық;

    5. әртүрлі тұлғалар мен ұйымдарға заңды есептелген соманы сіңіріп кету, соның ішінде еңбекақыны, депонентті соманы негізсіз иелену;

    6. контрагенттермен және халықпен дайын өнім, тауар үшін қолма-қол ақшамен есеп айырысу, бақылаушы кассалық ақпараттарды қолданбай жұмыс орындау мен қызмет көрсету және т.с.с.

    Мұндай бұрмалаулар мен теріс пайдаланулар кассирді дұрыс іріктемеу, кассаны жиі тексермеу, ішкі бақылаудың нашарлығы және т.с.с. салдарынан болады.

    Төлем циклінің функционалды аудитінің күрделі учаскелерінің бірі- кассалық операцияларды тексеру. Ең алдымен кассадағы кассалық операцияларды кім және қалай атқаратынын білу керек. Тексерудің қорытындылары аудитор, бас бухгалтер және кассир қол қоятын акт жасаумен ресімделеді. Ақшалай құралдардың немесе ақшалай құжаттың және басқа құндылықтардың артық шығуы немес кем шығуы анықталған жағдайда кассирден жазбаша түсініктеме алу керек. Ақша құралдарының көп жетіспеуі табылғанда, аудитор кәсіпорын басшысына кассирді тексеру анықталғанша міндеттерінен шектеу туралы мәселе қояды.

    Жол-жөнекей ақша есебі аудитінде бухгалтерлік есепке саналатын сомалардың шынайылығын, контрагенттер аударған, алайда тексерілетін кәсіпорынның есеп шотына есепті айда түспеген сомалардың қалайша көрсетілуін тапсыру керек.

    Бұрмалаулар мен теріс пайдаланулардың алдын алу үшін мыналар талап етіледі:

    • банктегі есепшот бойынша жазбаларды көшірмелерге тіркелген негіздемелермен үнемі салыстыру;

    • жабдықтаушылармен құжаттарды қарама-қарсы тексеру өткізіп, құжаттарды ресімдеуге талапты арттыру;

    • дебиторлармен және кридиторлармен, қызметкерлермен және басқа контрагенттермен есеп айырысуларды қайта тексеруді жүйелі жүргізу.

    Төлем циклін аудиторлық тексеру мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін сараптау іс тәжірибесін талдау есептеуді жүргізудегі типтік бұрмалаулар туралы тұжырым жасауға және олардың ақшасын басқаруда ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді.

    1. ақшаның есеп шот бойынша қозғалысын төлеу циклін тексеру үшін кәсіпорын банк көшірмелері мен бастапқы құжаттардың мәліметтерін салыстыруы қажет. Сонымен бірге көшірмелердің өңделетіндігін, құжаттардың нөмірленетінін, ақшаны есептен шығару толық, жеткілікті расталғанын тексеру керек.

    2. сол уақытта қолма-қол емес ақшалай қаражаттың қозғалысы бойынша операцияларды көрсетудің ұсынылған тәртібінен айырмашылықтарды айқындау қажет.

    3. тағы бір өрескел қате ақшаны кәсіпорын кассасына кіріске алмау. Тексеру кезінде аудитор бар ақшаның қозғалысын талдауы, іс-жүзінде жасалған төлемді дебиторлық борышты өтеу сомасы мен касса есебіне алынған сома арасындағы айырмашылықты анықтауы керек. Түсімді банкке тапсырудың мерзімділігін мұқият зерттеп, бақылау және оның әр түрлі қажеттіліктерге шығыс жағдайларын анықтау қерек.

    4. тексерудің жеке объектісі- нақты мақсаттарға, сонымен бірге еңбекақы төлеуге, іссапар шығыстарын жабуға, шаруашылық қажеттіліктерге және т.б. чек кітапшасы бойынша банктен алынған ақша қозғалысы.

    5. Кассалық тәртіпті сақтау мен төлем циклі функционалды аудит бағдарламасын түп-түгел орындау үшін тестілеу өткізуге болады. Сұрақтар тізбесін тексеруші аудит кәсіпорындағы нақтылы жағдай мен көлем циклі функционалды аудитінің қойған мақсаттарына сәйкес қалыптастырады. Тестілеу ішкі бақылаудың жағдайын анықтауға, ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге, бухгалтерлік есепте кассалық операцияларды түгел және анық сенімді көрсету үшін талдауға мүмкіндік береді.

    Мұндайда төлеу циклі мен ақша басқарудың тиімділігін бағалаудың балдық, индекстік немесе процедуралық тәсілдері қолданылуы мүмкін.

    Кәсіпорынның кассадағы ақша қозғалысын ішкі бақылаудың болмауы немесе жеткіліксіздігін білдіретін белгілері мыналар:

    • кассадағы ақшаны толықтай парақтап, қайта санау мен басқа құндылықтарды тексеретін кенеттен болатын ревизияның кәсіпорында жолға қойылмауы;

    • кәсіпорында тексерудің мерзімділігін белгілейтін басшы бұйрығының жоқтығы;

    • кассаға ревизияны немқұрайды өткізудің болуы- ревизия өткізетін комиссияға тұрақты тек бір адамдардың ғана тағайындалуы, банкнотты парақтап қайта санауды айғақтайтын, ревизия комиссиясы актісіне тіркелетін жұмыс жазбаларының болмауы және т.б.

    • кәсіпорынның басшысы өкімінде көрсетілмеген бас бухгалтер мен кәсіпорын басшысын жанай өтіп, басқа адамдарға кірістік және шығыстық құжаттарға қол қою құқығын беру;

    • кассир ауысқанда кассаға ревизияны сырт көзге ғана өткізу;

    • штатта кассирдің болмауы, бұл функциялар кәсіпорын басшысының жазбаша өкімінсіз есеп қызметкерлеріне жүктелсе;

    • кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттың жоқтығы;

    • мұндай процедура болу үшін әдеттегідей екендігін дәлелдейтін кассирдің кассаны ревизиялауға дайындығының болмауы.

    Касса мен кассалық операциялардың аудиті негізінде 3 бағыт бойынша өтеді: қолма-қол ақшаны түгендеу, оларды түгел және уақтылы кіріске алуды тексеру, ақшаны шығыстарға есептеп шығарудың дұрыстығын тексеру.

    Жалпы алғанда касса мен кассалық операцияларды тексергенде мына әдіснаманы қолдануға болады: кассаны түгендеу кассирдің тексеру орнына келгенде бірден өткізіледі. Оны өткізуге дейін аудитор мыналарды анықтауы тиіс: кәсіпорында басшының кассадағы ақшаның бар-жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізу үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия туралы бұйрығы бар ма, бұл бұйрық орындала ма? Кассаны кенеттен тексеру актілері бар ма және олардың мазмұны қандай, тексерілетін кәсіпорынға бір кассир немесе бірнеше кассир қызмет көрсете ме, кассир тек тексерілетін кәсіпорында ғана жұмыс істей ме немесе өз міндеттерін басқа ұйымға қызмет етумен қоса атқара ма, кассирді тағайындау туралы бұйрық және кәсіпорын әкімшілігі кассирмен жасасқан материалдық жауапкершілік туралы шарт бар ма, кассир кассалық операцияларды жүргізу ережелерімен танысты ма?

    Касса тексеруді жүзеге асырғанда аудитор мынандай шарттарды сақтауға міндетті: тексеру құрамында кәсіпорын кассирі мен бас бухгалтері міндетті түрде кіруге тиісті, кәсіпорын басшысы тағайындаған тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелерінің қатысуымен жүргізіледі; кассаны тексеру кезінде кассаға бөгде кісілерге кіруге рұқсат етілмейді және кассадан тыс операциялар тоқтатылады.

    Кассаны тексеру мүмкін болмағанда немесе бірнеше касса болғанда олардың барлығын аудитор мөрмен жабады. Кілт кассирде қалады, ал мөр аудиторда болады. Бұл бір кассадағы ақшаның жетіспеушілігін басқа кассадағы бар ақша есебінен орын жабу мүмкіндігін болдырмау мақсатымен жасалады.

    Кассир түгендеу комиссиясының қатысуымен соңғы күндердегі кассалық операциялар жөнінде есеп жасайды. Кассалық кітап бойынша ақша қалдығын шығарады. Барлық кірістік және шығыстық құжаттар касса есебінде кіргізілгені, кассаны түгендеу сәтінде кіріске алынбағаны және есептен шықпаған ақшалай қаражат жоқ екендігі жайлы қолхат береді. Бұл қолхат кассаны түгендеу актісі түрінің тақырыпты бөліміне кіреді.

    Касса есебіне бас бухгалтер қол қояды және тиісті шоттар мен бухгалтерлік регистрде ақша құралдары туралы операцияларды көрсету үшін бухгалтерияға беріледі.

    Кассадағы бар ақшаға жекелеген түрде немесе банктік орауда тұрғанына қарамастан түгел қайта санау жүргізіледі.

    Мұндай міндетті процедура кассаға сақталатын, ақшалай құндылықтар мен басқа да құндылықтар бойынша жүргізіледі.

    Ақша мен құндылықтар екі мәрте саналады: алдымен кассир, сосын комиссияның басқа мүшесі санайды. Аудитордың өзі бұл аудиторлық процедуралардың дұрыс өтуіне бақылау жасауы тиіс. Ақшалай қаражаттар атаулы құн бойынша ескеріледі.

    Ақшалай құжаттар аудитінде мыналарды: бұл құжаттар іс жүзінде бар екендігін, билеттер мен жолдамалар кімдерге арналған және қандай қаражат есебі дұрыстығын тексеру қажет. Олардың есебі ақшалай қаражат қозғалысы жөніндегі кітапта жазылуы тиіс. Ақшалай құжаттардың түсуі мен есептен шығарылуы кассалық кірістік және шығыстық кассалық құжаттармен ресімделуі тиіс. Осылайша кассир ақша жөніндегі сияқты ақшалай құжаттар қозғалысы бойынша да есеп жасайды және оны бас бухгалтерге тапсырады.

    Түгендеу жүргізу кезеңінде кассада ішінара төленген тізімдемелері болуы мүмкін. Аудитор бас бухгалтер мен кассирге оларды белгіленген тәртіп бойынша жабуды, оларға кірістік ордер ресімдеуді және кассирге оны есепке енгізуді ұсынуы тиіс. Егер кассаны тексеру еңбекақы беру кезеңімен тұспа-тұс келсе, тізімдеме бойынша көптеген адамдарға әлі төленбесе, бұл тізімдемелер кассир есебіне кірмеуі мүмкін. Кассалық есепке енбеген, ішінара төленген шығыстық құжаттар ретінде актіге жазылады. Мұндай жағдайда әрбір төлем ведомысында еңбекақының реттік нөмірі бойынша және оның жалпы сомасы көрсетіледі. Көрсетілген жазба кассирдің бас бухгалтердің және аудитордың қолдарымен расталады.

    Тиісті тәртіппен ресімделмеген кассалық шығыс ордерлері мен ведомстары, сондай-ақ әртүрлі адамдардың қолхаттары ақтаушы құжаттар ретінде есепке алынбайды және кассадағы бар қалдыққа кіргізілмейді.

    Тиісті тәртіппен ресімделмеген кассалық шығыс ордерлері мен ведомостары, сондай-ақ адамдардың қолхаттары ақтаушы құжаттар ретінде есепке алынбайды және кассадағы бар қалдыққа кіргізілмейді. Мұндай құжаттар табылғанда аудитор кассаны тексеру актісінде ақша кімнің өкімімен, қашан, қандай мақсаттарға және қандай сомада берілгенін көрсетумен бұл бұрмалауды атап өтеді. Кассада бар барлық ақша мен басқа құндылықтар осы кәсіпорынға тиісілі деп саналады, өйткені кассада басқа субъектілердің ақшасы мен басқа құндылықтарын сақтауға тыйым салынады.

    Ақша құралдары мен құндылықтарды санау аяқталған соң алынған сома бухгалтерлік есепте жазылып қойылған қалдық жайлы мәліметтермен салыстырылады.

    Ақшалай қаражатты тексеру жасайтын аудитор бір мезгілде касса бөлмесі ақша сақтауды қамтамасыз ету, техникалық нығайту мен күзет-өрт дабылы құралдарымен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сай болуын тексереді. Мұндай анықталған бұрмалаулар түгендеу актісінде көрсетіледі.

    Іс жүзінде ақшаның және олардың баламалары бар болуын тексеру қорытындылары комиссияның барлық мүшелері қол қоятын түгендеу актісімен ресімделеді. Ол үш данада жасалады: бір данасы кәсіпорын бухгалтериясына беріледі, екіншісі кассирде қалады, үшіншісі аудиторда сақталады. Ай соңында актіде есептелген барлық ақшалай қаражат сенімді сақталуда тұр деген кассирдің қолхаты келтіріледі.

    Кем шығу табылған жағдайда аудитор кассирден кем шығудың пайда болу себептеріне жазбаша түсіндірме жазуды сұрайды. Елеулі кем шығу немесе қызметті теріс пайдалану анықталғанда аудитор бұл жайында кәсіпорын басшысын хабардар етеді және кассирді дереу тексеру аяқталғанша қызметтен босату және істі тергеу органдарына беруді ұсынады.

    Ақшаны жалған құжатсыз тікелей ұрлау ісі кассаны тексергенде кассадағы барды түгендеу жолымен анықталады. Кейде ол шын мәнінде кассир, не болмаса басқа лауазымды қызмет адамы жасаған ысырапты жасыратын лауазымды қызмет адамының қолхатымен бүркемеленеді. Сондай-ақ қылмыстың ең қарапайым түрі болып саналатын қаражатты қымқырудың бүркемеленбегендері де болуы мүмкін. Ақшаның кем шығуы бөгде адамдардың кассаны бұзу арқылы ақшаны ысырап қылу мен ұрлауы салдарынан ғана болмауы мүмкін, ол басқа заңсыз операцияларды уақытша заңсыз қарызға ала тұруымен де байланысты болуы ықтимал. Мұндай бұрмалаулар мен қызметті теріс пайдаланулар кассирді дұрыс таңдамау, кассаны жүйелі түрде тексеру мен ішкі бақылаудың нашарлығының салдары болып табылады.

    Ақшаны касса бойынша кіріске алмау алынған соманы тікелей шығыстарға есептеп шығармаумен немесе кірістік операцияларды жасырумен байланысты. Есеп шоттан алынған ақшаны кассаға кіріске алмау жағдайлары өте жиі кездеседі.

    Аудитор банктен чек бойынша алынған ақшаны кіріске алудың толықтығы мен уақыттылығы чек түбіртектерінде жазылған ұқсас сомамен, банк көшірмелерімен және кірістік кассалық ордерлермен салыстыру жолымен тексерілуі тиіс. Кейбір аудиторлар банктен алынған қолма-қол ақшаны кіріске алудың түгелдігін тек қана чек түбіртектері бойынша тексергенде қате жібереді. Мұны сондай-ақ банк көшірмелері бойынша да тексеру қажет. Егер көшірмелерде тазартып өшіру, түзеу іздері бар болса, сондай-ақ қалдықтар айырмасында банктен ағымдағы немесе есеп шоттан көшірмелер алып, тексерілетін кәсіпорынның бухгалтериясындағы жазбаларды көшірме мәліметтерімен салыстыру керек. Қатаң есептегі құжат деп саналатын банктегі шоттан көшірме мұқият бақылауды талап етеді. Сондықтан есеп көшірме мазмұнына байланысты болатын кассир мен басқа тұлғаларға көшірме алуды сеніп тапсырауға болмайды. Кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес кәсіпорында қолма-қол ақшаны қабылдау, кәсіпорын басшысының жазбаша өкімімен бұған уәкілетті адам мен бухгалтер қол қойған кірістік кассалық ордерлер бойынша ғана жасалады.

    Көрсетілген қызметті өтеу, борыштың орнын жабу, материалдарға төлем, пәтер ақысын төлеу және т.с.с. тәртібімен кірістік ордерлер бойынша алынған ақшаны кіріске алмау қызметкерлердің және басқа адамдардың өтелмеген берешегін талдау мен тексеру арқылы ашылады. Есеп шоттардағы төленген соманы иемдену нәтижесінде ешқандай берешекті мойындамайтын тұлғалардың өтелмеген берешек сомасы қалуы мүмкін. Мұндай адамдар мен есепті жүйелі түрде салыстыру мен олардан бұл жайлы сұрау оңды нәтижелер бере алады. Сондай-ақ кірістік құжаттарды төленген құжаттармен салыстыру де есептерді бақылаудың ықпалды тәсілі болып табылады. Кірістік ордер бойынша алынған ақшаны иемденудің жеңілдететін жағдайлар тұрғысынан алғанда, кассалық ордерлерді төлеушінің қолына төленгенге дейін тіркеудің болмауы немесе толық еместігін, уақтылы салыстырмау мен борышты өндірмеу екендігін баса айту қажет. Белгілі бір нөмір берілетін кассалық ордерлерді тіркеу журналында кірістік және шығыстық ордерлерді дұрыс тіркеу, бухгалтерияға төленбеген кірістік ордерлерді қайтару бақылау жазбалардың анық сенімділігін арттырады және қызметті теріс пайдалануды болдырмайды.

    Басқа кәсіпорындардан алынған ақшаны иемденуді болдырмау ең алдымен, барлық мүмкін жағдайларда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу ісін талап етеді. Тәжірибе көрсеткендей, бұл ережені бұрмалау қызметті теріс пайдалануды туындатады.

    Кассалық тәртіпті бұрмалау жағдайлары байқалғанда ол міндетті түрде тексерілуі тиісті. Сонымен бірге, едәуір сомадағы қолма-қол ақша алған немесе салған кәсіпорындармен есептесулерді салыстырған жөн.

    Басқа кәсіпорындардан ақшалай сома алуға арналған сенімхаттарды тіркеуді және сенімхаттарды іс жүзінде қолдануды тексеру де қызметті теріс пайдаланудың бір жолы болып саналады.

    Ақшалай қаражат аудитінде банктік операцияларын тексеру көп назар аударуды талап етеді. Қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес кәсіпорындар өзінің ақшалай қаражатын қызмет көрсететін банк мекемелерінде сақтауға міндетті. Банк мекемелерімен есеп айырысу ағымдағы, корреспонденттік, жинақ шоттарында ақша сақтауға, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер алумен, оларды өтеумен және қайта ресімдеумен, шоттарда жаңылыс жазулар жөніндегі талап тілекпен байланысты туындайды. Кәсіпорындар арасындағы банк мекемелері арқылы есеп айырысулар есептесудің қолма-қол ақшасыз түрі бойынша атқарылады.
      1   2   3   4


    написать администратору сайта