Главная страница
Навигация по странице:

  • 2.2 «Қазақшетсақтандыру» компаниясының ақша қаражаттары мен инвестициясының бухгалтерлік есебі мен аудитін ұйымдастыру

  • «Қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша құралдарының аудиті».. Курсты жмыс Пн Аудит Таырып ыса мерзімді аржылы салымдар мен аша ралдарыны аудиті Топ уа 918, кндізгі блім Орындаан Мратхан Ж. Н. абылдаан Бердеш Г. М. Баасы Нр Слтан, 2021ж Мазмны Кіріспе


    Скачать 365.5 Kb.
    НазваниеКурсты жмыс Пн Аудит Таырып ыса мерзімді аржылы салымдар мен аша ралдарыны аудиті Топ уа 918, кндізгі блім Орындаан Мратхан Ж. Н. абылдаан Бердеш Г. М. Баасы Нр Слтан, 2021ж Мазмны Кіріспе
    Дата13.09.2021
    Размер365.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла«Қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша құралдарының аудиті»..doc
    ТипДокументы
    #231801
    страница2 из 4
    1   2   3   4

    2 Қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша құралдарының аудиті

    2.1 «Қазақшетсақтандыру» компаниясының шаруашылық қызметіне және есеп саясатына сипаттама

    «Қазақшетсақтандыру» шетелдік сақтандыру компаниясы Акционерлік Қоғамы (АҚ) Қазақстан Республикасының Президентінің 1994 жылғы 16 сәуірдегі №1658 Жарлығына сәйкес 1995 жылы құрылды. Үкімет атынан құрылтайшы болып Қаржы министрлігі болды, ол компанияның жарғылық капиталына 3 миллион теңге және 1 миллион долларын салды.

    «Қазақшетсақтандыру» АҚ қазақстандық сақтандыру нарығында көпжылдық мінсіз жұмыс тәжірибесіне ие заңды және жеке тұлғалардың барлық санатына сақтандыру қызметтерінің толық ауқымын және де қазақстандық пен шетелдік сақтандыру ұйымдарынан қайта сақтандырудағы қауіптерді қабылдау жөніндегі қызметтерді көрсетеді.

    Құрылған сәтінен бастап, «Қазақшетсақтандыру» АҚ алдыңғы қатарлы сақтандыру компанияларының арасында орнықты орын алған және бизнес жөніндегі сенімді серіктес орнықты беделіне ие болды. Табыс клиенттердің сеніміне және салиқалы капиталмен, сақтандыру ісінің барлық егжей-тегжейлерін терең білумен және кең таралған аймақтық желілермен қамтамасыз етілген айтарлықтай кепілдерге байланысты.

    «Қазақшетсақтандыру» АҚ экономиканың энергетикалық, мұнай-газдық және көліктік секторларының ең ірі ұйымдары үшін, шет елдік мемлекеттер мен компаниялардың өкілдіктері мен елшіліктері үшін сақтандыру қызметінің тұрақты жеткізушісі болып табылады. Көптеген жылдар бойы «Қазақшетсақтандыру» АҚ-ның акциялары ресми тізімге енгізілген және «Қазақстандық қор биржасы» АҚ KASE сауда алаңында жоғары «А» санаты бойынша айналымға түсуде. «Қазақшетсақтандыру» АҚ қызметкерлерінің біліктілігі көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін қамтамасыз етеді, жасалуының қажеттілігін нарық және клиенттердің сұранысы талап етіп отырған қазіргі заманға сай сақтандыру өнімдерін жасауға мүмкіндік береді. Сақтандыру келісім-шарттары бойынша компания қабылдайтын міндеттемелерді диверсификациялау үшін қауіптерді қайта сақтандырудың сапалы жүйесін жасайды.

    «Қазақшетсақтандыру» шетелдік компаниясы АҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалы Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылатын «Қазақшетсақтандыру» шетелдік сақтандыру компаниясы Акционерлік қоғамының оқшауланған бөлімшесі болып саналады.

    Филиал қызметінің мәні сақтандыру қызметін іске асыру болып табылады. Филиалдың қызмет мерзімі шектелмеген.

    Филиал заңды тұлға болып табылмайды, Қоғам орналасқан жерден тысқары жерде, Қоғам атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру бойынша операцияларды жүзеге асырады. Оған қоғам берген уәкілеттер шеңберінде әрекет етеді.

    Филиалдың мүлкі мен қаражаттары Қоғамның жалпы балансында есепке алынады.

    Компанияның стратегиясы

    • «Қазақшетсақтандыру» - «Халық» тобының даму стратегиясындағы маңызды буын;

    • «Казақшетсақтандыру» - жоғары іскерлік беделі бар, өзінің капиталы мен адам ресурстарын тиімді пайдаланатын әмбебап сақтандыру компаниясы;

    • «Казақшетсақтандыру» - ҚР-ның әмбебап некэптивтік сақтандыру компанияларының арасындағы көшбасшы.

    Есептік саясаты. Есеп саясатын құру маңызды процедура болып табылады және ол қаржылық есептеме дайындауға әсер етеді. Шаруашылық субъектілері сияқты Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдары бухгалтерлік есепті жүргізеді.

    Есептік саясатты жүргізу барысында бухгалтерлік есеп стандартына сүйенеді. Бірдей объектілер бухгалтерлік есептің әр түрлі әдістерін пайдалануы мүмкін, сондықтан әрбір сақтандыру ұйымдары өз қаржылық жағдайларына байланысты өздеріне қажет және әрі пайдалы әдістерді таңдап алулары керек.

    Міне, осы таңдаулар арқылы бірнеше әдістер пайда болады. «Қазақшетсақтандыру» АҚ –да да өз ішінде мынадай келесі әдістері бар:

    а) есептік саясаттың жалпы жағдайы;

    б) есептік саясаттың нормативтік құқықтық базасы;

    в) есептік саясаттың таратылатын есептік кезеңдері;

    г) бағалау әдістері және қаржылық активтері мен міндеттемелерді тану;

    д) сақтандыру қызметінің табыстары мен шығыстарын тану тәртібі және басқа да табыспен шығыс баптарын ашу;

    е) сақтандыру ұйымдарының қолданатын есеп түрі (орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған);

    ж) қаржылық есеп беру консолидацияланған тәсілдері (егер, филиалдары немесе еншілес заңды тұлғалары болған жағдайда);

    з) компанияда қолданатын бухгалтерлік есеп принциптерін ұйымдастыру, оларды әрбір қаржылық есептеме баптарына пайдаланады.

    Егер де ағымдағы кезеңде есептік саясатта өзгеріс болса, оның болу себебін анықтап ашып көрсетеді. Егер де өзгерістер қаржылық және материалдық нәтижелерге әжептәуір әсер етсе, онда бұл нәтижеден болатын салдарларды ашып көрсетеді.

    Бұл есеп саясатынан басқа компанияда өз ішкі ережелері бар. Ол ереже әрбір операция түрлерін егжей – тегжейлі ашып көрсете алады.

    «Қазақшетсақтандыру» шетелдік компаниясы АҚ-ның сақтандыру қызметінің есебі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудиттің әдістемелік Департаментінің 1997 жылғы 19 қыркүйектегі №35 қаулысымен бекітілген «Сақтандыру ұйымдарының бухгалтерлік есебі жөніндегі» әдістемелік нұсқауға сәйкес жүргізеді.

    «Қазақшетсақтандыру» шетелдік компаниясы АҚ-ның сақтандыру қызметінен түскен табысы келесі элементтерден жасалынады: түсім, сақтандыру қызметінен түскен басқалай түсімдер және басқалай қызметтен түскен табыс.

    Сақтандырушының табысы келесілерден құралады: сақтандыру, қайта сақтандыру келісім–шарттарына сақтандыру салымдары; алдыңғы кезеңдерде төленген сақтандыру резервтерін қайтару сомасы; сақтандыру агенті, сақтандыру брокері, сюрвейер, апаттық комиссарының көрсеткен қызметі үшін комиссиондық сыйақылар; қайта сақтандыруға берілген келісім– шарт тантьемі мен комиссиондық сыйақылары; қайта сақтандыруға берілген келісім–шарт бойынша сақтандыру үлесін қайта сақтандырушылардың өтемі жатқызылады.

    Сақтандыру қызметінен түсетін басқалай түсімдерге келесілер жатады: сақтандыру резервтері мен басқалай қаржыларды жайғастырудан түскен табыстар; қайта сақтандыру тәуекелділігі бойынша төленген сыйақы депосынан түскен пайыздар сомасы; келтірілген залалға жауапты тұлғаға сақтанушының талабы бойынша алынған сома; сақтандыру қызметін жүргізуден түскен басқалай табыстар жатқызылады.

    Сақтандыру операцияларымен қатысы жоқ басқалай қызметтен түскен табыстарға: негізгі қорларды, материалдық құндылықтарды және басқалай активтерді жүзеге асырудан түскен пайда; мүлікті жалға беруден түскен кіріс; алдыңғы кезеңде шығын ретінде саналған дебиторлық бережақты жабудан түскен сомалар; жабылған кредиторлық бережақ; заңмен тыйым салынбаған басқалай қызметтен түскен пайда жатқызылады.

    Тараптар үшін сақтандыру шарты егер шартта немесе заңда міндетті сақтандыру туралы басқа ештеңе қаралмаса сақтанушылардың төлеген сақтандыру төлемдерінен кейін, ал бөліп-бөліп төлеу бойынша бірінші сақтандыру жарнасын төлегеннен бастап күшіне кіреді.

    Бірінші болған сақтандыру оқиғасы бойынша сақтандырудың орнын толтыру төлемін төлеген сәттен бастап, егер шартта немесе заңда міндетті сақтандыру шарты өзінің күшін жояды.

    Сақтандыру мерзімі сақтандыру шартында көрсетілген уақытпен дәл келеді. Егер ол шартта немесе заңда міндетті сақтандыру туралы басқа ештеме қаралмаса ғана тура келеді.

    Сақтандыру шарты бойынша келісімде аталған төлеу жағдайына байланысты жүргізеді.

    Қазіргі күші бар сақтандыру келісім – шарты бойынша:

    -кейіннен келетін сақтандыру жарнасы (сыйақы)-табыс шоттарында оларды сақтандыру шартында көрсетілген жағдайға сәйкес төлеген күнгі төлеммен көрсетеді;

    -сақтандыру шартында көрсетілген жағдайға сәйкес өз уақытында төленген төлем (яғни, келісім-шартта көрсетілген мерзімде төлеген уақытпен сәйкес келген жағдай) көрсетіледі.

    «Қазақшетсақтандыру» шетелдік компаниясы АҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалындағы сақтандыру операцияларының қаржылық нәтижесі, яғни сақтандыру қызметі бойынша табыстар мен шығыстарды есепке алу үшін типтік шоттар жоспарындағы 6 «Табыстар» және 7«Шығыстар» бөлімінің тиісті шоттарында жүргізіледі. «Қазақшетсақтандыру» шетелдік компаниясы АҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалы өз қызметі барысында бухгалтерлік есебін жүргізу үшін Қазақстан Республикасы субъектілерінің бухгалтерлік есебін жүргізудегі бекітілген типтік шоттар жоспары негізінде жұмыс шоттар жоспарын өңдеп бекітеді. Жұмыс шоттар жоспары типтік шоттарға аралық шоттар ашу арқылы жасалынған. Жұмыс шоттар жоспары бойынша табыстарды есепке алу үшін төмендегідей шоттар қолданылады:

    6110 – сақтандыру қызметінен алынған табыс

    6110. 41- сақтандырудан түскен табыс

    6110. 42- сақтандыру төлемдерін қайтарумен байланысты табыс

    6110. 43- қайта сақтандыру келісім шарты бойынша комиссиялық табыс

    6110. 44- регресс тәуекелділігінен түскен табыс

    6110. 411- қайта сақтандыруға қабылданудан түскен табыс

    6110. 412- қайта сақтандыруға беруден алынған табыс.

    6110 бөлімшеге ашылған шоттардың кредитіндегі қалдық сақтандыру сыйақыларының алынған жалпы сомасының көлемін көрсетеді. Жыл аяғында 6110– «сақтандыру қызметінен алынған табыс» бөлімшесінің шоттары жабылып, қалдығы 5410 «Жиынтық табыс (зиян)» шотына апарылып, жабылады.

    Шығыстарды есепке алу үшін мына шоттар қолданылады:

    7010.41- еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резервін қалыптастыру

    бойынша шығыстар

    7010.42- орын алған, бірақ мəлімделмеген шығындардың резервін

    қалыптастыру бойынша шығыстар

    7010.45- мəлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резервін

    қалыптастыру бойынша шығыстар

    7010.46- қосымша резервтерді қалыптастыру бойынша шығыстар

    7010.47- сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша шығыстар

    7010.48- қайта сақтандыруға беру бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша шығыстар

    7010.49- шағым талапты реттеу бойынша шығыстар

    7010.50- қайта сақтандыруға қабылдау бойынша комиссиялық жарнаны төлеу бойынша шығыстар

    7010.481- қайта сақтандыруға қабылдау бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша шығыстар.

    7210.01- еңбек ақы бойынша шығысдар

    7210.02- қызметтік іссапар шығысдары

    7210.03- өкілеттік шығыстар

    7210.04- инкассациялық шығыстар

    7210.05- жарнама шығыстары

    7210.06- аудиттік шығыстар

    7210.07- жал бойынша шығыстар

    7210.08- жөндеу шығыстары

    7210.09- көлікпен қызмет көрсету бойынша шығыстар

    7210.10- негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы

    7210.11- әлеуметтік салық бойынша шығыстар

    7210.12- жер салығы бойынша шығыстар

    7210.13- мүлік салығы бойынша шығыстар

    7210.14- көлік құралдарына салық бойынша шығыстар

    7210.15- басқалай салықтар бойынша шығыстар

    7210.16- бағалы қағаздар бойынша провизия резервін қалыптастыру бойынша шығыстар

    7210.17- салымды орналастыру бойынша провизия резервін қалыптастыру бойынша шығыстар

    7210.18- басқалай дебиторлық берешектер бойынша провизия резервін қалыптастыру бойынша шығыстар

    7210.41- қайта сақтандыру бойынша комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар

    7210.42- кепілдік сақтандыру төлемі қорына міндетті жарнаны төлеу бойынша шығыстар

    7210.44- сақтандыру брокерлерінің қызметін төлеу бойынша шығыстар

    7210.45- актуар қызметін төлеу бойынша шығыстар

    7210.46- басқалай шығыстар

    7010, 7210-бөлімше шоттарының дебетінде сақтандыру оқиғалары нәтижесінде төленетін сақтандыру төлемдерінің сомалары және тез арада сақтандыру келісім шартын бұзған жағдайдағы сақтанушыға төленетін сома бейнеленеді, ал кредитінде сол сомалардың көбеюі бейнеленеді.

    Жыл аяғында 7010, 7210-бөлімше шоттарының бөлімшесінің шоттары жабылып, қалдығы 5410 «Жиынтық табыс (зиян)» шотына апарылып, жабылады.

    Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша тиесілі сақтандыру сыйлықақысының сомасы осы шарт күшіне енген күннен бастап кіріс ретінде танылады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты күшіне енген күннен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында көрсетілген сақтандыру сыйлықақысына тиісті шоттардың дебеті (бұдан əрі – Дт) жəне кредиті (бұдан əрі – Кт) бойынша мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

    Дт 1280 41 «Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары», 1280 42 «Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары»

    Кт 6280 41 «Сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер».

    Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы есептелген сақтандыру сыйлықақысын нақты алған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

    Дт 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1030 «Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты»

    Кт 1280 41 «Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары», 1280 42 «Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру cыйлықақылары» .

    Сақтандыру ұйымдары сақтандыру агенттері мен сақтандыру брокерлерінен алған қызмет көрсетулер бойынша делдалдық қызмет үшін

    комиссиялық сыйақы төлеген кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

    1) сақтандыру агентіне немесе сақтандыру брокеріне алдын ала комиссиялық сыйақы төлеу жүзеге асырылған кезде: есептелген комиссиялық сыйақы сомасына:

    Дт 1610 01 «Берілген қысқа мерзімді аванстар» (жеке қосалқы шот)

    Кт 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1030 «Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты»;

    • комиссиялық сыйақыны шығыстар шоттарына жатқызу кезінде, есептелген шығыстар сомасына:

    Дт 7010 48 «Сақтандыру брокерлерінің қызметтеріне ақы төлеу

    бойынша шығыстар» (жеке қосалқы шот)

    Кт 1610 01 «Берілген қысқа мерзімді аванстар» (жеке қосалқы шот);

    2) сақтандыру агенті мен сақтандыру брокерінің қызметі үшін комиссиялық сыйақы есептеген кезде:

    • есептелген комиссиялық сыйақы сомасы:

    Дт 7470 48 «Сақтандыру брокерлерінің қызметтеріне ақы төлеу

    бойынша шығыстар» (жеке қосалқы шот)

    Кт 3390 41 «Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі бойынша

    делдалдармен есеп айырысу»;

    • комиссиялық сыйақыны нақты төлеу жүзеге асырылған кезде:

    Дт 3390 41 «Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі бойынша

    делдалдармен есеп айырысу»

    Кт 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1030 «Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты».

    Жоғарыдағы жүргізілген операцияларға байланысты кірістер мен шығыстардың негізінде сақтандыру компаниясының «табыстар мен шығындар жөніндегі есептемесі» құрылады.

    Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары табыстар мен шығыстар жөніндегі есептемесінде көрсетулері керек:

    • сақтандырушыларға (қайта сақтандырушыларға) төленген немесе төленуге жататын сомаларды шегеріп тастағаннан кейінгі сыйақы түріндегі сақтандыру табысы;

    • сақтандырушылардан (қайта сақтандырушылардан) алынған немесе алынуға тиіс орнын толтыру сомасын шығарып тастағаннан кейінгі келісім шарт бойынша төленген сақтандыру шығыстары;

    • сақтандырушылардан (қайта сақтандырушылардан) алынған немесе алынатын комиссиялық соманы шегергеннен кейінгі комиссиялық сыйақылар;

    • сақтандырушылардың (қайта сақтандырушылардың) сақтандыру резервіндегі үлес сомасын шегергеннен кейінгі келісім шарт бойынша сақтандыру резервінің көбеюі (азаюы).

    Сақтанушылардың негізгі қаржылық қызметі сақтандыру төлемдері (сыйақы) болып табылады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының келісім шарт бойынша сақтандырылған төлемдері (сыйақысы) табыс болып табылады. Оларды типтік шоттар жоспарындағы 6280 «Басқа да кірістер» шотына ашылған «Сақтандыру компанияларының қызметтерінен түскен кіріс» аралық шотында көрсетулері керек.

    Жаңадан жасалынған сақтандыру келісім шарты бойынша сақтандыру сыйақысы:

    • бір жолғы сақтандыру төлемдері (сыйақы);

    • бастапқы сақтандыру жарнасы (сыйақы) түрінде сақтандыру келісім

    шарты жасалған күннен бастап табыс ретінде күшіне енеді.

    Сақтандыру компаниялары сақтандырудан басқа әкімшілік– шаруашылық операцияларын және инвестициялық қызметтер жүргізе алады. Сақтандыру ұйымдары негізгі емес қызмет операцияларының табыстарын 6280 «Басқа да кірістер» шотына ашылған «сақтандыру компанияларының негізгі емес қызметтен түскен кірісі» аралық шоттарына ашылған талдамалық шоттарда жүргізеді.

    Инвестициялық табыстарға мыналар кіруі керек:

    • сыйақы және дивиденд түріндегі табыс;

    • активтердің құны қайтымсыз төмендеуіне байланысты шығыстарды

    қоса есептегендегі жүзеге аспаған табыс;

    • жүзеге асқан табыс және/немесе шығыс.

    Комиссиондық – бұл сақтандыру ұйымдарының сақтандыру келісім шарттарын жүзеге асырған тұлғаларға, сақтандыру агенттеріне немесе сақтандыру брокерлеріне қайта сақтандырушы ұйымның комиссиондық түрде алынған соманы шегеріп тастағаннан кейінгі сома. Инвестицияға байланысты төлеген немесе сатып алынған комиссиондық бөлек қаралады.

    2.2 «Қазақшетсақтандыру» компаниясының ақша қаражаттары мен инвестициясының бухгалтерлік есебі мен аудитін ұйымдастыру

    Компанияның қысқа мерзімді қаржы салымдарына тексеру жүргізу төмендегі бағдарлама бойынша жүзеге асады.

    Әрбір шаруашылық субъект есеп саясатында инвестицияларды қайта бағалау мерзімділігі мен оны өткізудің себебі- биржадағы нарықтық құны немесе Бақылау комиссиясымен анықталатын әділетті құн бойынша бағалануын белгілейді. Қаржылық салымдардың қайта бағалануы есепте келесідей бухгалтерлік жазумен көрсетіледі:

    Д-т 1120 «Қысқа мерзімді қаржы активтер», 1130 «Қысқа мерзімді инвестициялар», 1140 «Сатуға арналған қысқа мерзімді инвестицислар». К-т 5320 «Қайта бағалау бойынша резервтер»- инвестициялардың бастапқы құнның өсу сомасына;

    Д-т 5320 «Қайта бағалау бойынша резервтер» К-т 1120 «Қысқа мерзімді қаржы активтері», 1130 «Қысқа мерзімді қаржы салымдары», 1140 «Сатуға арналған қаржылық салымдар»- қаржылық салымдардың ағымдағы құнының төмендеу сомасына азаюы сол қаржылық салымдарды алдында болған бағалаудың есебінен жүзеге асырылады.

    Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнның өзгерісінен пайда болатын табыс немесе зиян 1100 «Қысқа мерзімді инвестициялар» шоттар бөлімінің дебеті (кредиті) мен 6160 «Қаржыландырудың өзге де табыстары» шоттар корреспонденциясында қолданылады.

    Сонымен қатар, қайта бағалаудан түсетін табыстар сомасы өзіндік капиталды ұлғайтады, ал қайта бағаланған қаржылық инвестициялардың шығуы табысқа жатқызылады. Бағалы қағаздарды сату және өтеудің кезінде аудитор олардың құнының 1100 «Қысқа мерзімді инвестициялар» шоттар бөлімінің кредиті мен 7410 «Активтердің есептен шығуы бойынша шығындар» дебеті есептен шығарылуын есепке алу керек.

    Бағалы қағаздардың есептен шығарылғанда қайта бағалау сомасы 5320 «Қайта бағалау бойынша резервтер» шотының дебетінен, 5410 «Есепті кезеңнің табысы» шотына немесе 6210 «Активтердің есептен шығарылуынан табыстар» шоттарының кредитіне жатқызылады.

    Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың есептен шығарылу барысында сатудан алынған табыс пен шығындарды алып тастағандағы баланстық құнның арасындағы айырма табыс немесе шығын ретінде есептеледі. Компанияның есеп саясатына сәйкес қайта бағалаудың сомасы табысқа немесе тартылмаған қорға жатқызылады.
    1-кесте

    Инвестицияны аудиторлық тексеру бағдарламасы


    Аудит процедуралары

    Ақпарат көздері

    Инвестиция баланста көрсетудің дұрыстығын тексеру

    Баланс, Бас кітап


    Инвестицияның аналитикалық және синтетикалық есеп мәліметтерінің сәйкестігін тексеру

    Бас кітап, 12 журнал-ордер, бастапқы құжаттар

    Қаржылық инвестицияларды жіктеудің дұрыстығын тексеру

    Бастапқы құжаттар

    Бағалы қағаздардың бар екендігі мен сақталу орнын анықтау

    Бағалы қағаздар есеп кітабы, акционерлер реестрі, сату-сатып алу актісі, төлем тапсырмалары, акциялар, сертификаттар, облигациялар, куәліктер, жүкқұжаттар және т.б.

    Инвестиция құнын бағалау дұрыстығын тексеру

    Келісімшарттар, сатып алу актілері, төлем тапсырмалары, жүкқұжаттар

    Бағалы қағаздар алу жөніндегі бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын тексеру

    1,2,3,4,6,7,8 журнал-ордерлер, Бас кітап

    Бағалы қағаздарды сату мен номиналды құны арасындағы айырманы есептен шығарудың дұрыстығын тексеру

    1,2,3,4,6,7,8 журнал-ордерлер, Бас кітап

    Қаржылық инвестициялардың істен шығуын есепте көрсетудің дұрыстығын тексеру

    12 журнал-ордер, Бас кітап

    Басқа заңды тұлғаларға кәсіпорынның қарыз беру заңдылығын тексеру

    Келісімшарттар, есеп айырысу- төлем құжаттар


    Кәсіпорынның кассадағы ақша қозғалысын анықтап, оларды кіріске және шығысқа алудың уақтылығы мен толықтығын мынадай кестені (2-кесте) тіркеуді қолдана отырып, техникалық және мазмұнды қателерді табу үшін бухгалтерлік есепте операциялардың көрсетілуі дұрыстығын тексеру керек:

    2-кесте


    Операция мазмұны

    Кассалық ордер

    Бухгалтердің мәліметтері бойынша

    Аудитордың мәліметтері бойынша



    күні

    сома

    Шоттың

    Д-ті

    Шоттың

    К-ті

    Шоттың

    Д-ті

    Шоттың

    К-ті

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8


    Ақша құралдары мен олардың баламаларының төлемі мен қозғалыс циклі функционалды аудитін өткізу бағдарламасы төмендегі 3-кестеде көрсетілген
    3-кесте

    Шаруашылық субъектісінің төлем мен ақша құралдарының аудиті циклінің бағдарламасы


    Аудит процедуралары

    Ақпарат көздері, бағалаудың критерийлері мен тәсілдері

    1

    2

    Ақшалай операцияларды атқаратын (кассир, бухгалтер және т.б.) құрамын зерттеу

    Кадр бөлімінің мәліметтері, білім мен біліктілік туралы кәуліктер, жұмыс өтімі, зияткерлік және іскерлік қасиеттері және т.б.

    Ақша алу, сақтау және қолдану үшін әдістемелік, нормативті және материалдық базамен қамтамасыз етуді тексеру

    Заңнамалық актілердің, стандарттардың, нормалардың, ережелердің, нұсқаулықтың, құжат бланкілерінің, касса, сейф бөлімдерінің, күзет дабылдамасының және т.б. бар-жоқтығы

    Операцияларды құжаттық ресімдеу мен ақшаны басқару жағдайын алдын ала шолудың дұрыстығын тексеру

    Кірістік және шығыстық кассалық ордерлерді тіркеу журналы, ақшалай қаражаттың қозғалысы есебі кітабы, бастапқы құжаттар және т.б.

    Ақша қозғалысы жөніндегі операцияларды көрсетудің дұрыстығын, толықтығын, дәлдігін тексеру

    Төлем тапсырмалары мен талаптары, журнал-ордерлер, тізімдемелер, сенімхаттар, вексельдер, бланк көшірмелері, чек түбіртектері және т.б.

    Касса мен кассалық операцияларды, ақшаны, құнды қағаздарды және қатаң есептегі бланкілерді түгендеу


    Кәсіпорын басшысының тұрақты жұмыс істейтін комиссия мен кассирді тағайындау туралы бұйрықтар, жеке материалдық жауапкершілік туралы шарт, касаны түгендеу актісі, кірістік және шығыстық ордерлер (КО-1; КО-2), кассалық құжаттарды тіркеу журналы (КО-3), касса кітабы (КО-4), кассир қабылдаған және берген ақша есебінің кітабы (КО-5), аванс есебі, журнал-ордер 1,1 тізімдеме Бас кітабы, 1010-1070, 1110-1150 шоттары және т.б.


    Ақшаның сақталуы мен мақсатты пайдаланылуын тексеру

    Касса-банк операцияларын атқару мен есеп сақтау шарттарын айқындау үшін тексеру, байқау және тестілеу

    Банк операцияларын, құжаттардың түгелдігі мен анықтығын тексеру

    Ақшаны есептен шығару, кассалық және қаржылық тәртіпті сақтауды тексеру

    Инкассо қолданудағы, есеп айырысудың аккредитивтік және чектік түрлерінің, құрылымдық бөлімшенің ағымдағы басқа шоттарын ашудың дұрыстығы мен заңдылығын тексеру

    Банк көшірмелері мен бастапқы құжаттар, оларға тіркелген аккредитивтер, чек кітапшалары, пошта аударымдарының түбіртектері, 1-3 журнал-ордерлер; 1,2,3, журнал-ордерлеріне тізімдемелер.

    Жолдағы ақша сомасының шынайылығы, өнімді және басқа іс-әрекетті, жұмысты және көрсетілген қызметті өткізуден түскен түсімнің түгелдігін тексеру

    3 журнал-ордерге бір тізімдеме 1030 «Жолдағы ақша» шоты бойынша Бас кітап, шот фактуралар, тауарлық-көліктік жүкқұжаттар, қабылдау-тапсыру актілері және басқа бастапқы құжаттар

    Баланс көрсеткіштерінің Бас кітап мәліметтеріне сәйкестігін тексеру

    Баланс, шоттар бойынша Бас кітап

    Ақша қозғалысының синтетикалық және аналитикалық есебін жүргізу дұрыстығын тексеру

    Бас кітап,1-4 журнал-ордерлер, 1-3 журнал-ордерлердің тізімдемелірі, касса кітабы және ақша қозғалысы туралы басқа құжаттар

    Қысқа мерзімді инвестициялар бойынша операциялардың дұрыстығын тексеру

    Акциялар, облигациялар, депозиттік сертификаттар, депозиттер, бондар, қазынашылық вексельдер, опциондар, варианттар, фьючерстік мәмілелер.

    1   2   3   4


    написать администратору сайта