Главная страница
Навигация по странице:

  • Қысқа мерзімді қаржы салымдары 2007 жыл 2008 жыл

  • Көрсеткіш атауы (мың, теңге) Есептеу жолы Көрсеткіш мәні

  • 3 Аудиторлық қызметті жетілдіру 3.1 Қаржы шаруашылық ұйымдары есебінің аудитін жетілдіруді арттыру

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • «Қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша құралдарының аудиті».. Курсты жмыс Пн Аудит Таырып ыса мерзімді аржылы салымдар мен аша ралдарыны аудиті Топ уа 918, кндізгі блім Орындаан Мратхан Ж. Н. абылдаан Бердеш Г. М. Баасы Нр Слтан, 2021ж Мазмны Кіріспе


    Скачать 365.5 Kb.
    НазваниеКурсты жмыс Пн Аудит Таырып ыса мерзімді аржылы салымдар мен аша ралдарыны аудиті Топ уа 918, кндізгі блім Орындаан Мратхан Ж. Н. абылдаан Бердеш Г. М. Баасы Нр Слтан, 2021ж Мазмны Кіріспе
    Дата13.09.2021
    Размер365.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла«Қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша құралдарының аудиті»..doc
    ТипДокументы
    #231801
    страница4 из 4
    1   2   3   4


    Ал мына 6-кестеде қысқа мерзімді қаржы салымдарының аудиті көрсетілген.

    6-кесте

    «Қазақшетсақтандыру» компаниясының қысқа мерзімді қаржы салымдары аудитінің нәтижесі


    Қысқа мерзімді қаржы салымдары

    2007 жыл

    2008 жыл

    Негізгі құралдарды иелену

    (3 319)

    (3 981)

    Негізгі құралдардың түсімі

    (191)

    256

    Қолма қол сатуға арналған бағалы қағаздарды иелену

    (1 273)

    (16 652)

    Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздарды иелену

    -

    (156)

    Инвестициялық тұлғалардағы ақша құралдары

    (4 783)

    (20 533)


    Тексеру кезінде компанияның инвестициялық рентабельділік коэффициентін де анықтады.

    Инвестицияның рентабельділік коэффициенті баланстық пайданың барлық инвестициялық капиталға қатынасы арқылы анықталады:

    РКи=Рб/И (1)

    Мұндағы, Рб- баланстық пайда

    И - инвестициялық активтердің орташа құны

    Оның нәтижесі 7-кестеде көрініс алған.

    7-кесте

    «Қазақшетсақтандыру» компаниясының 2007-2008 жылдарға инвестициясының рентабельділік көрсеткіші


    Көрсеткіш атауы (мың, теңге)

    Есептеу жолы

    Көрсеткіш мәні

    2007 жыл

    2008 жыл

    Баланстық пайда

    Пб

    34 534

    47544

    Инвестиция

    И

    123 339

    139 837

    Инвестицияның рентабельділік коэф.

    РКи=Пб/И

    0,28

    0,34


    Бұл кесте бойынша талдау жасайтын болсақ, инвестицияның рентабельділік коэффициенті 2007 жылы 0,28-ге тең, бұл көрсеткіш 2008 жылы 0,34-ке жоғарылаған. Бұдан шығатын қорытынды, 1 теңге инвестиция жұмсау арқылы компанияның 28% және сәйкесінше 34% пайда алып отырғанын көреміз.

    2009 жылы сәуірде жүргізілген аудит нәтижесінде «Қазақшетсақтандыру» компаниясы өзінің тұрақтылығымен және белсенділігімен танылып, сақтандыру сферасында үшінші орынды иеленіп, көшбасшылар қатарына қосылды.

    3 Аудиторлық қызметті жетілдіру

    3.1 Қаржы шаруашылық ұйымдары есебінің аудитін жетілдіруді арттыру

    Нарықтық экономикасы дамыған елдерде қаржылық бақылау мемлекеттік, ведомстволық, аудиторлық- үш негізгі бағытта қарқында дамуда.

    Аудит- салыстырмалы түрде біздің еліміздің акционерлік қоғамдардың, серіктестіктер мен басқа да шаруашылық субъектілерінің қызметін тәуелсіз қаржылық бақылаудың жаңа бағыты. Аудит- бақылаудың шығармашылық дамуы. Қаржылық бақылаудың нысандары мен түрлерін толтырып отырады.

    Аудит қаржылық көрсеткіштердің анықтығын бақылаудан басқа, ғылыми негізде рационалды кіріс көздерін кеңейту мақсатында ұсыныстар мен кепілдемелер жасаумен айналысады. Осыған сүйене отырып, көптеген авторлардың ойынша, аудит- келісімшарт негізінде, шаруашылық ішіндегі бақылау мен бухгалтерлік есеп жағдайына тексеру жүргізілетін, операциялардың заңға сәйкес жүзеге асырылуын қадағалайтын, рационалды емес шығыстарды болдырмау, ресурстарды тиімді пайдалану мен кірісті жоғарылату мақсатындағы эксперттік консультация берумен айналысатын ерекше бизнес сараптамасы.

    Аудиторлық бақылау әлемдік практикада кең қолданылады. Мұндай бақылаудың негізгі ерекшелігі- кәсіпорынның, мемлекеттің, есеп пен есеп беру анықтығын қамтамасыз етуші аудитордың арасындағы өзара мүдделі қарым-қатынас. Аудитор өз қызметінде заңға, этикалық принциптерге және өз ынтасына жетекшілік етеді. Қазіргі кездегі аудиторлық бизнестегі қатаң бәсекелестік этикалық принциптер мен кәсіби стандарттардың ара қатынасы бақылау мен ревизиялардың сапалы өтуіне экономикалық тұрғыда әсер етеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілер өздеріне басқа мекемелерден тәуелсіз аудиторды таңдай алады, өз кезегінде мемлекет бюджет қаражатын жұмсамай-ақ, бухгалтерлік есеп берудің анықтығын, яғни салық салудың дұрыс жүргізілуін бақылауды қамтамасыз етеді.

    Нарықтық қатынастардың алға қарай дамуы, меншік түрлерінің көптігі, шаруашылық жүргізуші субъектілерінің толық дербестігі ведомстволық қадағалаудың қысқаруы мен аудиторлық бақылаудың қолдану салаларының кеңеюіне алып келеді. Бұл тек тиімді, сапалы және өз уақытында жүргізіліп отырған тексерулерге ғана байланысты емес, сонымен қатар зерттеліп отырған объектінің қызметін жақсартуға бағытталған нақты кепілдемелер жасау дайындығына да байланысты. Кез келген қызмет жасаудың жаңа саласы сияқты аудит те концептуалдық негіздер, методикалық пен ұйымдастырушылық нысандарды қажет етеді.

    Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтің жетілдіруіне Ант берген бухгалтерлердің американ институты (АІСРА), Өкілетті қоғамдық бухгалтерлердің ассоциациясы (ААРА), Аудиторлық тәжірибе бойынша кеңес (АРС), Ант берген бухгалтерлердің ассоциациясы (АССА), Шотландияның Ант берген бухгалтерлер институты (ІСАS) сияқты халықаралық мамандандырылған ұйымдар өз көмегін тигізуде.

    Сонымен бірге басқарушылық аудит пен басқа да сыртқы бақылау нысандары кәсіпорын иелері атқаратын тікелей, яғни, ішкі немесе шаруашылық ішіндегі бақылауды ұйымдастыру шараларын, т.б. міндеттерді ығыстырмау керек. Ішкі аудиторлар ішкі есеп беру бақылауын, сыртқы аудиторлар сол сияқты сыртқы қаржылық есеп беру бақылауын қамтамасыз етеді. Ішкі аудиторлардың кәсіби әлемінде жалпыға танымал көшбасшылары- Ішкі аудиторлар институты (ІІА) болып табылады, оның 100-дан аса елдерде қызмет жасайтын он мыңға жуық мүшесі бар.

    Нарық экономикасы шарттарына сәйкес, шаруашылық қызмет ақша өлшеуішін, яғни қаржылық критерий қолданумен қорытылады. Сондықтан да экономикалық бақылау жүйесінде қаржылық бақылау қалыптасты. Бұл бақылаудың мазмұнына макро-микроэкономика саласындағы өндірістік қатынастар мен өндірістік күштер кіреді.

    Макроэкономика саласында мемлекеттік қаржылы-экономикалық бақылауды Президент немесе Парламент қарамағындағы Шоттық палата жүзеге асырады. Оның объектілері болып мемлекеттік бюджет, мемлекеттік атқарушылық және сот билігі жоғарғы органдарының сметалары, ірі ауқымды бағдарламалардағы шетел валюталық кредиттері мен инвестициялары, т.б.

    Бақылау-ревизиялық ақпараттарды жүзеге асыратын қаржылы-шаруашылық бақылауды микроэкономикалық деңгейде мемлекеттік қаржы бақылауының мекемеаралық органдары, министрлік пен ведомстволардың, корпороциялар мен компаниялардың, түрлі меншік пен капитал нысандары бар ұйымдар мен мекемелері жүзеге асырды.

    ТМД елдері аймағында тәуелсіз аудит институтын құрудың төртінші әрекеті жемісті болды. Қазақстанда, Белоруссияда, Ресейде, Өзбекстанда, Украина мен т.б. елдерде аудиторлық қызметті реттеу туралы нормативтік-құқықтық актілері қабылданды.

    Халықаралық тәжірибеге назар аударатын болсақ, аудитордың қызметі арнайы екі нормативті-құқықтық топтарға бағынады:

    • мемлекеттің заңды актілеріне, ең алдымен, аудиторлық қызмет туралы заңға;

    • аудиторлық стандарттар мен этикалық нормаларға.

    Бұл тәжірибені еліміздің аудиторлық ұйымдары мен аудиторлары қолдану арқылы аудит қызметінің одан әрі жетілуіне көп көмегін тигізетіні сөзсіз.

    Дамыған елдерде аудиторлық бақылау сыртқы қаржылық бақылаудың алдыңғы нысаны болып табылады, өйткені әртүрлі салалар арасындағы трансұлттық консерндер, ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, бірлескен ұйымдар, коммерциялық банктер, сақтандырушы компаниялар, кооперативтер, жеке және қоғамдық ұйымдар үшін ведомстволық бақылау өте тиімсіз.

    Біздің еліміздегі аудиторлық қызметті жетілдіру мақсатында көптеген қоғамдық істер жүргізіліп келеді. Алдағы уақытта аудит қызметін жетілдіруді дамыту үшін, нарық экономикасы дамыған елдерде қаржылық бақылау органдарының ұйымдастырушылық құрылысында қолданылатын схеманы іс жүзінде пайдалануды ұсынамын:

    1. мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы парламент немесе прзидентке бағынатын- Шоттық палата немесе Бас аудитор аппараты. Бұл органға мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлімін жалпы бақылау жүктелген;

    2. мемлекеттік кіріс бөлімін қадағалайтын, үкімет немесе министрлікке бағынатын- салық ведомствосы;

    3. бюджет арқылы қаржыландырылатын министрліктер мен ведомстволардағы соған сәйкес министрге немесе ведомство басшысына бағынатын бақылау- ревизиялық бөлімшелер. Бұл бөлімшелерге бюджеттік, арнайы, басқа да қорлардың дұрыс жұмсалуының нақты бақылауы жүктелген;

    4. есеп беру мәліметтерінің, баланстардың анықтығын, жүргізілетін операциялардың заңдылығын тексерумен айналысатын және кеңестік қызмет мемлекеттік жеке және қоғамдық құрылымдардың ұйымдарға жүктелген жауапкершілігін көрсетуді келісімшарт арқылы жүзеге асыратын тәуелсіз аудиторлық бақылау.

    Аудиторлықтан басқа да сыртқы бақылау мен басқа нысандар ведомстволық пен ішкі шаруашылық бақылау түрлері төмендемеуі және кері әсер етпеуі қажет. Нарық экономикасының дамуымен кәсіби басқарушылық аудит пен қоғамдық бақылаудың мәні демократиялық және тәуелсіз сипатқа ие болып өсе береді.

    Қорытынды

    Өнеркәсібі дамыған батыс елдерінің халықаралық іс-тәжірибесі экономиканың тепе-теңдігін қамтамасыз етуде және өндірістік, ғылыми-техникалық және қаржылық әлеуетті ұтымды пайдалануда нарықтық тетіктердің тиімді екендігін дәлелдеді. Нарық жағдайында тәуелсіз тауар өндіруші болып шығатын шаруашылық жүргізетін субъект экономиканың басты буыны болып табылады. Нарық кәсіпорынды өзінің шаруашылық қызметін басқарудың жаңа әдістері мен жүйелерін игеруге батыл әрекет жасауға ынталандырады.

    Белгіленген мақсатқа жету- бизнестің тиімділігін арттыру- транзиттік экономикалық жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектілерінің іс-қызметін қаржы экономикалық талдау мен бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет, ішкі бақылау жүйелерін реформалаудың қалаушы принциптері мен тұжырымдамаларына негізделуі тиіс.

    Нарықтық экономикасы бар жетекші елдердің озық халықаралық іс-тәжірибесінің теориялық тұжырымдамасы мен жинақтап қорытылуын жете зерттеу материалдық өндіріс саласындағы бизнестің тиімділігін арттыру мен дамудың мынадай негізгі бағыттарын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

    • ұлттық экономиканы басқарудағы нарықтық механизмнің тәсілдерін, тетіктерін және құралдарын терең игеру;

    • ғылыми-техникалық прогрестің, озық техниканы және өнім дайындау, жұмыс орындау және қызмет көрсетудің қор сақтайтын технологиясын кеңінен енгізу;

    • менеджментті, бухгалтерлік есепті, экономикалық талдауды, ішкі бақылауды және клиент бизнесінің кәсіби аудиті әдіснамасын жетілдіру;

    • бизнестің ұйымдастырушылық, диагностикалық, функционалдық және арнайы аудитінің құқықтық және ақпараттық базасын жақсарту;

    • шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық байланыстарын оңтайландыру, табыстылықты және қаржылық тұрақтылықты арттыру.

    Қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша құралдары тақырыбын талдай келе, төмендегідей қорытынды жасаймын:

    Қысқа мерзімді қаржы салымдары- бір жылға дейін иемдену мерзімі, бұл еркін ақшалай қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай өткізілетін бағалы қағаздардағы компанияның инвестициясы. Қаржы салымына (қаржылық инвестиция) кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды тұлғалардың құнды қағаздарын (акцияларды, облигацияларды және басқа да құнды қағаздарды сатып алуға, депозитке салған тағы да басқа) сатып алуға жұмсаған қаржылары жатқызылады.

    Кәсіпорындар мен ұйымдар қысқа мерзімді қаржы салымдарын өзінің бухгалтерлік балансында ағымдағы құныбойынша бағалаған жағдайда (уақытта) күнделікті қор биржалары мен биржадан тыс жерлердегі қаржы салымдары құнының өзгерісін бақылап және оның нәтижесін бухгалтерлік есеп құжаттарына түзетіп жазып отыруы тиіс.

    Қысқа мерзімді қаржы инвестициялардың функционалдық аудит бағдарламасына келесі жағдайлармен басқару қызметтердің дұрыс орындалуын тексерулерді кіргізу керек:

    • бухгалтерлік баланста қысқа мерзімді қаржылық салымдарды көрсетуін;

    • қысқа мерзімді қаржы салымдарды бағалау мен қайта бағалауын;

    • бағалы қағаздарды алу жөніндегі бухгалтерлік жазбалар жүргізілуін;

    • бағалы қағаздардың сатып алу мен номиналды бағасы арасындағы айырманы есептеп шығаруын;

    • есепте қысқа мерзімді қаржы салымдарының істен (есептен) шығуын көрсетуін;

    • бағалы қағаздардың синтетикалық есебі мәліметтерінің аналитикалық есепке сәйкестігін.

    Ақша құралдары тауарларды айырбастау құрал ретінде әрекет етеді, ол тауар өндірісімен үздіксіз байланыста болады. Ақша құралдары дамыған тауарлық шаруашылықтың ажырамас бөлігі болып табылады. Ақша қаражаттары тауарлар мен қызметтердің үлкен массасының қозғалысын, сонымен бірге қаржы-кредит жүйесі арқылы жеткізушілер мен тұтынушылар арасында ақша құралдарының қозғалысын туындатады.

    Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

    • ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;

    • кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;

    • есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.

    Транзиттік экономика жағдайында функционалды аудиттің өте өзекті бағыты- ағымдағы активтің ең жылжымалы және толық өтімді элементтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысын тексеру болып табылады. Ақша құралдары аудитінде экономикалық талдау, бақылау мен статистиканың классикалық әдістерімен қатар, сарапшылық бағалау, жай және күрделі пайыз есептеулері, дисконттау, интегралды, сараланған (дифференциалды) және матрицалық тәсілдер, желілік, желілік емес және өсіңкі бағдарламалау және т.б. кеңінен қолданылады.


    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


    1. Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 1995 жыл 26 желтоқсандағы (2007 жылғы 28 ақпан түзетулер мен толықтырулар) Заңы;

    2. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы (2006 жыл 5 мамыр түзетулер мен толықтырулар)Заңы;

    3. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» 1998 ж. 10.07 №281 I Заңы;

    4. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі. Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Департаменті. Бухгалтерлік есептің стандарттары мен әдістемелік ұсынымдары\\ Алматы\\ «ЬЕМ» баспасы, 2003 ж;

    5. Халықаралық аудит стандарттары (2006 жыл түзетулер мен толықтырулар);

    6. Сақтандыру қызметтерінің өзгерістері туралы заңнама;

    7. Абленов Д.О.\\ «Аудит негіздері»\\ оқулық, Алматы, «Экономика», 2005 ж;

    8. Абленов Д.О.\\ «Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі»\\ оқу құралы, Алматы, «Экономика», 2007 ж;

    9. Әбдішүкіров Р.С.\\ «Кәсіпкерлік қызметте бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру»\\ оқу құралы, Алматы, 2006 ж;

    10. Әбдішүкіров Р.С.\\ «Бухгалтерлік есеп»\\ оқу құралы, Алматы, 2008 ж;

    11. Баймұханова С.Б.\\ «Қаржылық есеп»\\ оқулық, Алматы, «Экономика», 2007 ж;

    12. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г.\\ «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау\\ Алматы, «Экономика», 2001 ж;

    13. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Қ.А.\\ «Бухгалтерлік есеп теориясы, негіздері»\\ Алматы, «Экономика», 2006 ж;

    14. Мырзалиев Б.С., Сәтмырзаев А.А.\\ «Бухгалтерлік есеп теориясы»\\, Алматы, 2008 ж;

    15. Сейітқасымов Ғ.С.\\ «Ақша, несие, банктер»\\ Алматы, «Экономика», 2005 ж;

    16. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есепті жүргізудің типтік шоттар жоспары;

    17. «Қазақшетсақтандыру» компаниясынан алынған ақпараттар, 2007-2008 жылдық есебінің мәліметтері;

    18. Интернет желісінен алынған мәліметтер.



    1   2   3   4


    написать администратору сайта