«Қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша құралдарының аудиті».. Курсты жмыс Пн Аудит Таырып ыса мерзімді аржылы салымдар мен аша ралдарыны аудиті Топ уа 918, кндізгі блім Орындаан Мратхан Ж. Н. абылдаан Бердеш Г. М. Баасы Нр Слтан, 2021ж Мазмны Кіріспе
Скачать 365.5 Kb.
|
2.3 «Қазақшетсақтандыру» компаниясының қысқа мерзімді қаржылық салымдары мен ақша құралдарына аудит жүргізу әдістемесі және оның нәтижесі «Қазақшетсақтандыру» компаниясының аудитiн Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргiзуге құқықтық өкiлеттiгi бар аудиторлық ұйым жүргiзедi. «Қазақшетсақтандыру» компаниясы өз қызметiнiң аудитiн қатарынан жетi жылдан астам бiр аудиторлық ұйымда не қатарынан бес жылдан астам аудиторлық ұйымда жұмыс iстейтiн аудиторда жүргiзуге құқылы емес. Компанияның қаржылық есептiлiгiн тексеру туралы аудиторлық есеп коммерциялық құпия болып табылмайды. Аудиторлық ұйым жүргiзiлген аудит туралы аудиторлық есептiң көшiрмесiн, уәкiлеттi мемлекеттiк органға оның жазбаша сұратуы бойынша беруге мiндеттi. Сақтандыру компаниясының мiндеттi аудитiн жүргiзу кезiнде аудиторлық ұйым өзiне белгiлi болған: 1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына әкеп соқтырған; 2) пруденциялық нормативтердi және сақтауға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бұзуға әкеп соқтырған; 3) қаржылық есептiлiктiң кейбiр немесе барлық баптарын растаудан бас тартуға не оларды ескертпе жасай отырып растауға, сондай-ақ керi пiкiр бiлдiруге әкеп соқтырған шешiмдер туралы уәкiлеттi органға дереу хабарлауға мiндеттi. Компанияның өз құрылымында iшкi аудит қызметi (аудиторы) болуы мiндеттi, оның қызметi лицензиялауға жатпайды. қаржылық нәтижеге аудиторлық тексеру әдістемесін пайдалана отырып, «Қазақшетсақтандыру» АҚ-на жалпы аудиторлық тексеру жұмысы жүргізілген. Ол төмендегіше сипатталады. 2009 жылы сәуірде «Қазақшетсақтандыру» АҚ-ның ұсынылған қаржылық есептемесіне «Делойт» ЖШС-мен аудит жүргізілді. Ол 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша бухгалтерлік балансты, пайда және зиян жөніндегі есептемені, ақша және капитал өзгерісі жөнінде есептеме және есеп саясатының негізгі қағидаларының ашылуы мен басқалай ескертулерді қамтиды. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша компанияның қаржылық есептемесінің аудиті басқа аудиторлармен тексерілген және 2009 жылдың сәуірінде оң аудит қорытындысы жасалынған. Компания басшылығы осы қаржылық есептемені дайындауға және оның қаржылық есептеменің Халықаралық стандартына сәйкестігіне жауапкершілік алған. Бұл жауапкершілік қаржылық есептеменің дайындалуы мен дұрыс ұсынылуы үшін ішкі бақылау жүйесінің құрылуына, енгізілуіне, уақытында орындалып отырылуына, қаржылық қателіктердің жіберілмеуіне жауапкершілікті қамтыды. Аудит қаржылық есептемедегі сандық көрсеткіштерге және ескертулерге қатысты аудиторлық делелдемені алу үшін қажетті прцедураларды жүргізуді қамтыды. Аталмыш процедураларды таңдау ақша құралдарындағы қателіктер әсерінен қаржылық есептеменің мәнді ой пікірініңтәуекелділігін бағалауын қоса алғанда, аудитордың кәсіби ой пікіріненегізделді. Мұндай тәуекелділікті бағалау ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі жөнінде көзқарасты бейнелеу мақсатында емес, сол жағдайдағы қолданылатын аудиторлық процедураларды өңдеу мақсатында қаржылық есептемені дайындауға және сенімділігіне ішкі бақылау жүйесін қарастыруды қамтыды. Сонымен қатар, аудит қолданылатын есеп саясатының дұрыстығын бағалау және қаржылық есептеменің ұсынылуын бағалауды қамтыды. Iшкi аудит жүргiзу тәртiбi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптары ескерiле отырып, ұйымының тиiстi iшкi құжаттарында белгiлендi. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргiзу ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан да көп процентiн иеленетiн (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушылары, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар заңды тұлғалар үшiн мiндеттi. Компания аудиторлық есептi алғаннан кейiн он күн iшiнде оның көшiрмесiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа инвестициялық заңды тұлғаларға табыс етті. «Қазақшетсақтандыру» компаниясының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептiлiгiн аудиторлық ұйым растады. Аудит барысында сақтандырушыларды жалпы мәселе ретінде тек сақтану мекемелері үшін спецификалық операциялар, шаруашылықтың көптеген салаларының заңды тұлғаларының өзіне тән әрекеті тексерілді. Жалпы мәселеге есеп-төлем және кассалық операциялар, ақша құралдары мен қысқа мерзімді қаржы салымдарын тексеру жатады. Сақтандырушыға ұсынылған негізгі талаптарды ескере отырып, бірінші кезекте компанияның сақтандыру қызметін іске асыру құқығын растаушы Құжаттардың: жарғының, құрылтайшы шарттың, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензияның болуы мен заңға сәйкестігін тексерді. Аудит барысында сақтандыру шарттары есебі мен заңды дайындау, құрастырудың дұрыстығын бақылауға, сондай-ақ, қайта сақтандыру, сақтандыру, үстеме сақтандыру бойынша операцияларды жүзеге асыру мен есебінің дұрыстығына үлкен назар аударды. Сақтандырудың спецификасы сақтандыру мекемелерінде арнаулы резервтердің құрылу қажеттігіне сүйенді. Тексеру барысында қабылданған міндеттемелерге қалыптасқан сақтандыру резервтерінің сәйкестігі мен дәйектілігін, сақтандыру қадағалау органымен қаралған сақтандыру резервтерін инвестициялау шарттарын сақтауды орнықтыруға тура келді. Сақтандыру заңдарымен сақтандырудың төлемқабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен қамту бойынша қатаң талаптар орнатылған. Осымен байланысты аудитордан активтер мен міндеттерінің нормативтік қатынастарын, жеке тәуекел бойынша максималды жауапкершілік талап етулерін сақтауды тексеру ерекше назар аударуды талап етті. Қолданыстағы заңдарға сәйкес сақтандыру және қайта сақтандырушы компаниялар кейбір операцияларды шетелдік валютада іске асыра алды. Сол себепті аудит барысында шетелдік валютамен операция есебінің дұрыстығы мен іске асыру заңдылығы орнығуы тиіс. Сақтандырушылар кірістері мына үш элементтен құрастырылады: қолма-қол ақшалар, сақтандыру қызметінен түскен өзге де түсімдер және кірістер. Қолма-қол ақшаны анықтау кезінде жоғарыда көрсетілген кірістер сақтандыру төлемдерінің және қайта сақтандыруға берілген шарттар бойынша сақтандыру жарналары, сақтандыру резервтеріне аударумен азаяды. Атап көрсету керек, соңғысына тек сақтандыру шарттары бойынша болған сақтандыру жағдайлары емес, қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша да іске асырылған сақтандыру мекемелерінің шығындары жатады. Қолма-қол ақшаны қалыптастыратын кірістер тізбегінің арасында негізгі орынды әдетте, сақтандыру жарналары алады. Аудит барысында сақтандыру жарналарының есепшотқа аударылу және кассаға кірістеу заңдылығы орнығады (жарна төлейтін тұлғамен жасалған шарттың болуы, тексеріледі; түскен және шыққан сақтандыру жарналарының сәйкестігі, шарттың қолдану мерзімі және қаржылардың аударылу күндері және т.б.), сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша төлемдердің бухгалтерлік есепте көрінуінің дұрыстығы, сәйкесті кезеңдегі қаржылық нәтижелер жөніндегі есептегі сақтандыру жарналарының көрінуінің анықтығы; Сақтандыру қызметінен аталған түсімдердің ішінен жетекші орынды сақтандырушылардың қаражаттарын инвестициялаудан түскен кірістер алды. Барлық түсімдер толық көлемде басқа кірістер есебі шотында көрінеді. Инвестициялық кірістер көрінісінің толық көрінуінен басқа олардан төленетін салықтардың дұрыстығын тексеруге тура келеді. Кірістердің жекелеген түрлері олардың төлену көздерінен алынады, сонда басқалар сияқты тікелей сақтандыру мекемесіне тікелей салымның мөлшері (ставкасы) әртүрлі. Сол себепті тексеру барысында аудитор осы сәтке үңіле қарауы тиіс. «Қазақшетсақтандыру» компаниясының қаржылық есептемесіне «Делойт» ЖШС-мен жүргізілген аудит нәтижесінде мынадай қорытындыларға қол жеткізді. Компанияның бухгалтерлік балансын 4-кестеден көреміз. 4-кесте «Қазақшетсақтандыру» компаниясының бухгалтерлік балансы (мың,теңге)
Компанияның ақшалай құралдары 2007 жылы 127 799 мың теңгені құраса, 2008 жылы 190 167 мың теңгені құраған. Нәтижесінде компанияның ақша құралдары 62 368 мың теңге пайда тапқанын көрсетеді. Ал қысқа мерзімді қаржы салымдары 2007 жылы 123 339 мың теңгені құраса, 2008 жылы 139 837 мың теңгені құраған. Нәтижесінде компания инвестициясы 16 498 мың теңгеге өзгерді. Төмендегі 5-кестеден компания ақша құралдарының аудитінің нәтижесін көре аламыз. 5-кесте «Қазақшетсақтандыру» компаниясының ақша құралдары аудитінің нәтижесі
|