7-15схтabлек. Лекция. Комбинациялы типті цифрлы рылылар. Екілік сумматорлар (осыштар). Бір разрядты сумматорлар (осыштар) Кп разрядты сумматорлар (осыштар). Арифметикалы логикалы рылылар
Скачать 0.85 Mb.
|
9.2Дешифраторлар-демультиплексорларБір кіріске түсетін ақпаратты N шығысқа басқарылатын коммутацияны іске асыратын функциональдық түйіншікті демультиплексор дейміз.Сонымен демультиплексор мультиплексордың іске асыратын операциясына кері операция. Демультиплексордің жалпылама сұлбасы 35 суретте көрсетілген. Жалпы жағдайда шығатын желілердің саны N адрестік кірістердің n санымен анықталады және N=2n тең. n=2 жағдай үшін демультиплексордің жұмыс істеуі 36,а суреттегі көрсетілген ақиқат кестесіне сәйкес іске асырлады. 35 Сурет. Демультиплексордің жалпылама сұлбасы 36суретАқиқаткестесі- а) және 4-канальдыдемультиплексордың функциональдық сұлбасы -б) Ақиқат кестесінен демультиплексордыңсипатама теңдеуін жазамыз: Бұл теңдеулерге сәйкес демультиплексордың функциональдық сұлбасы 36,б суретте келтірілген. Оның құрамында екі инвертор және төрт «ЖӘНЕ» элементі бар.Демультиплексора и дешифратора Ақиқат кестесін және функциональдық сұлбасын салыстыра отырып, олардың функциясының ұқсас екенін жеңіл көруге болады.Егер функция X=1тұрақты болса, онда мультиплексор дешифратордың функциясын орындайды.Дешифратор мен демультиплексордың микросхемалары ИЕ деген бірдей шартты белгісі бар, орындайтын функцияларының ұқсастығын еске ала отырып,оларды «Дешифратор-демультиплексор» деп атаймыз және дешифратормен демультиплексордың екеунің де функциясын орындай алады. Мысал үшін 37,а. суретте көрсетілген К155ИД4 микросхемасын қарастырайық. Бұл 4-каналды қосақталған дешифратор-демультиплексор. Әр бір секциясы бір ақапартық кірісі бар(D және Ē),бір рұқсат ететін кіріс,төрт шығыс және екі жалпы адрестік кіріс (a1, a0). 36,б суретте мүмкін қосу әдістері және жұмыс істеу режимі көрсетңлген. 37сурет.К155ИД4Микосұлбасысы а) және оның жұмыс істеу мүмкін режимдері б). МС тура және иверсті ақпараттық кірсі барлығы оларды қарапайым біріктірумен үшіншіа2 адресті разряд алуға мүмкіндік береді, ал екі инверсті кіріс, жалпы рұқсат кірісі 3:8 немесе демультиплексордің 1:8 ақпараттық кірісі. Жоғарда қарастырылған К155ИД3 дешифратордың микросхемасын 1:16форматты демультиплексор ретінде колдануға болады.Бұл жағдайда дешифрацияға рұқсат ететін кіріс негізгі ақпараттық кірісХ ретінде, ал кірістермен және шығыстар негізгі жүктелген мақсатыны байланысты қолдынылады. 10.Кодтарды салыстыру құрылғысы.Цифрлік компараторлар.Кодтарды түрлендіргіштер.ИндикаторларПреобразователикодов. Индикаторы. Кодтарды салыстыру құрылғысы-егерде кірісіне түскен екі саның кодтары бірдей болған жағдайда шығатын сигналды жасауға арналған құрылғы. Егерде А және В санының разрядтық коэффициентіері бірдей болса,яғни ai=bi=1 немесе ai=bi=0А және В тең болып саналады .Бұл теңдеулерді бір теңдеу түрінде бұлай жазуға болады . Бұл теңдік әр бір разряд үшін орындалатын болғандықтан, Y шығыс сигналын мына логикалық функция түрде жазуға болады: Мұнда n-разрядтар саны. 38 сурет. Кодтарды салыстыру құрылғысы: а)-құрылым сұлбасы; б)- бір разрядта салыстыратын сұлбаныңминималданған варианты; в) — бір разрдты компаратор; г)- 4-разрядты компаратордың шарты графикалық белгісі 38,а суретінде көрсетілген. Жоғарғыда көрсетілген теңдеудің негізінде құрылған, кодтрды салыстыру құрылғысының құрылғы сұлбасы 38,а. Егерде салыстыру нәтижесі барлық салыстыртын разрядтарда 1 тең болатын жағдайда ғана, шығатын сигнал Y=1 болады. Қарылып отырған сұлбаның кемшілігі оның кірістерінің көптігі, ал құрылғының жұмыс істеуіне A және В сандарының тек қана тура кодтары ғана емес және инверсті кодтары қажет болады. Логика алгебрасының заңдарының негізінде тек қана тура кодпен жұмыс істейтін құрылғылар. Осы теңдеудің негізінде іселгенбірразрядты салыстыру элементінің сұлбасы 38,б суретте көрсетілген. Бұл элементермен істелген функциональдық сұлбаның кірістерінің саны екі есе аз болады. Цифрлық компараторлар-екі санның тең екендігінің немесе қайсысының үлкен екендігін анықтайтынсалыстырудың универсаль құрылғысы болып саналады. Екі бір разрядты санды салыстыру қарапайым есебін карастырайық. Бұл жұмысты іске асыратын бір разрядты компаратордың сұлбасы 38,б суретте көрсетілген. Бұл сұлбаның жұмыс істеу принципін қарастырғанда мыныны: егер ai<bi, сонда ai = 0, алbi = 1 және керісінше екенін еске алу керек. Көп разрядты сандарды салыстыру үшін келесі алгоритм қолданылады. Басында үлкен разрядтарының мәні салыстырылады. Егер олар әр түрлі болса,онда бұларды салыстыру нәтижесін солар анықтайды. Егер олар тең болса, онда одан кейінгі кіші разрядтарды, тағысы басқалар. Цифрлық компараторлар жеке микросхема түрде шығарылады. Мысалы, К561ИП2 екі 4-разрядты санды теңсіздік таңбасымен анықтайды.38, г суретте оның ШГБ (шарты графикалық белгісі) келтірілген. Құрылғының екі салыстыратын санның разрядын өсіру қасиеті бар. Мысалы, 8-разрядты сандарды салыстыру үшін екі төртразрядты микросхемаларды қолдануға болады.Бұл мақсатта МС К561ИП2 үш қосымша кіріс қарастырылған:A > B, A = B және A > B, оларға кіші разрядты салыстыруды орындайтын микросхемалардың сәйкес шығыстары келтірілген. Егерде тек бір ғана микросхема қолдынылатын болса, онда A = B кірісіне лог. «1»,ал A < B және A > Bлог. «0» беру керек. |