Главная страница
Навигация по странице:

  • Лекцияның мақсаты

  • Әлеуметтанулық зерттеу

  • Әлеуметтік зерттеулер

  • Социологиялық зерттеу

  • Зерттеудің түрлері мен бағыттары

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • Қосымша әдебиеттер

  • WEB сайттар тізімі

  • 3 лекция. Лекцияны жоспары леуметтанулы зерттеу дизайны. Зерттеу мселесі. Болжамдар. Айнымалылар. Іріктеу


    Скачать 47.36 Kb.
    НазваниеЛекцияны жоспары леуметтанулы зерттеу дизайны. Зерттеу мселесі. Болжамдар. Айнымалылар. Іріктеу
    Дата16.03.2022
    Размер47.36 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла3 лекция.docx
    ТипЛекция
    #399152

    Ф-ӘД-001/046


    3 Лекция тақырыбы: Әлеуметтанулық зерттеулер
    Лекцияның жоспары:

    1. Әлеуметтанулық зерттеу дизайны. Зерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар. Іріктеу.

    2. Ақпаратты жинау әдістері. Сапалық және сандық әдістер. Мәліметтерді талдау.

    Лекцияның мақсаты: Әлеуметтанулық зерттеулердің түрлерін анықтап түсіндіру

    Лекцияның мәтіні: Әлеуметтану - білім жүйесі ретінде әлеуметтік шынайылық фактілерін зерттеуге негізделеді. Әлеуметтанулық зерттеу - тәжірибеде қолдану үшін зерттелетін құбылыс жайлы шынайы деректер алу мақсатында әдіснамалық, әдістемелік және ұйымдастыру-техникалық процедуралардың логикалық кезеңдік жүйесі. Әлеуметтік зерттеулер — қоғамды біртұтас әлеуметтік-мәдени жүйе ретінде қарастыратын және бастапқы социологиялық ақпараттарды жинаудың, өңдеп, талдаудың айрықша әдістері мен тәсілдеріне сүйене жүргізілетін зерттеу түрі. Социологиялық зерттеу - нақты теориялық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін зерттелетін объекті жөнінде жаңа білім алуға мүмкіндік беретін теориялық және эмперикалық рәсімдер жүйесі.

    Социологиялық зерттеу мыналарға байланысты:

    1. Мақсаты және теориялық бағдары.

    2. Социологиялық зерттеудің екінші бір түрлері: материалды таңдау әдісі.

    3. Үшінші түрі зертеудің динамикасы мен статистикасынан анықталады.

    Нақты социологиялық зерттеу арнайы құжатқа - социологиялық зерттеу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

    Егер әлеуметтік мәселені белгілі  бір құралдармен шешуге болатын болса, онда бұл тәжірибелік мәселе болып табылады.

    Зерттеу барысындағы алғашқы қадам - зерттелетін проблеманы анықтау. Біз тақырыпты өз тәжірибеміз бен бақылауымызға байланысты таңдай аламыз. Мысалы, «афроамерикалықтар ақнәсілді америкалықтарға қарағанда, жұмыссыздық пен кедейлікке көбірек ұшырайды» деген тұжырымды алайық. Немесе осы тұжырымды негізге ала отырып, «мектеп пен жұмыстағы кемсітушілік салдарынан ақ нәсілді америкалықтарға қарағанда, афроамерикалықтар арасында жұмыссыздық пен кедейлік деңгейі жоғары» деген болжамнан бастауымызға болады. Қандай жағдайда да алдымен зерттегіміз келетін нәрсе жайлы көбірек білу үшін басқа ғалымдардың зерттеулерін шолудан бастау керек. Егер сол проблема бойынша жақсы зерттеулер жүргізілсе және кейбір проблемалар жөнінде теориялық түсіндірмелер жасалған болса, онда зерттеуден күтілетін нәтижені гипотеза түрінде сипаттауға болады. Гипотеза дегеніміз - теория дұрыс болған жағдайда шығатын қорытынды жайлы тұжырым. Гипотеза сынамалы болуы керек, яғни қандай да бір түсіндірменің дұрыс я бұрыстығын деректер арқылы анықтау жолдары болуы тиіс. Мысалы, «афроамерикалықтардан гөрі ақ нәсілділер жақсы жұмысқа лайық» деген пікірді сынап көру мүмкін емес, алайда «ақнәсілділер жақсы жұмысқа афроамерикалықтарға қарағанда көбірек орналасады» деген болжамды сынап көруге болады.

    Айнымалы шамаларды түсіну. Проблеманың ауқымын зерттей алатындай етіп тарылту үшін ғалымдар адамдарға емес, айнымалы шамаларға зер салады. Айнымалы шамалар адамдар, топтар арасында әркелкі болып келеді. Егер афроамерикалықтар мен ақ нәсілділер арасындағы жұмыссыздық деңгейін талдағымыз келсе, нәсіл және жұмыссыздық деген екі айнымалы шама туралы ақпарат жинауымыз керек. Бұл айнымалы екі шаманың себеп-салдарлық байланысына болжам жасаған кезде, себеп - тәуелсіз айнымалы шама, ал салдар - тәуелді айнымалы шама болады. Біздің мысалда: нәсіл - тәуелсіз айнымалы шама, ал жұмыссыздық - тәуелді айнымалы шама, яғни біз жұмыссыздықтың нәсілге тәуелді екенін болжаймыз. Айнымалы шамаларды анықтау. Ерекшелікті сипаттап, гипотезаны тексеру үшін әрбір айнымалы шама дәл анықталуы тиіс. Мысалы, нәсілдер арасындағы жүмыссыздық деңгейінің айырмашылықтарын сипаттамас бұрын адамның жұмыссыз екеніне көз жеткізіп алуымыз керек. Айнымалы мәнді қалай өлшеуге болатынын анықтау процесі операцияландыру деп аталады, ал айнымалы мәнді пайдалану үшін қолданылатын нақты анықтама оның операциялық анықтамасы болып табылады.

    Әлеуметтік зерттеулер зерттеу қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Осы бағыт шеңберінде қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық салаларының түйіскен тұсында жатқан фактілер мен құбылыстар зерттеледі. Бүгінгі таңда маркетингтік және әлеуметтік зерттеулер жүргізу барысында әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінен бастап, тұрғындар өмірінің сапасы мен деңгейі (қалада, ауылда), жергілікті мәселелер мен ерекшеліктер жайлы түрлі ақпараттар қажет болады. Бұндай ақпарат жинаудың негізгі көзі әлеуметтік зерттеулер болып табылады. Елдегі әлеуметтік үрдістерді зерттеуге және талдауға және қоғамның әлеуметтік жүйесіндегі және қоғамдық сана құрылымындағы өзгерістерді зерттеуге бағытталған әлеуметтік зерттеу жобалары кешенді және көпжоспарлы сипатқа ие.

      Зерттеудің түрлері мен бағыттары:

    ЖАЛПЫ Әлеуметтiк ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ МІНДЕТІ: қоғамдық пікірді, болжамдарды, сенiмдерді, нанымдарды, құндылықтар мен қоғамдық өмірдің түрлі сұрақтары бойынша бағдарларды зерттеу. Тұрғындардың сапалы қызмет көрсетулерге, орын алып жатқан өзгерістер мен үрдістерге қанағаттану деңгейіне баға беру, Тұрғындардың ұлттық жобаларды, бағдарламаларды, идеяларды бағалауы. Экономикалық және демографиялық зерттеулер. Тұрғындарды немесе тұрғындардың жеке топтарын мәдени зерттеу.

    Эксперттік сұраулар - болжамдарды құрастыруға және оларды нақтылауға, әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің түсіндірулерін толықтыруға бағытталған.

    Эксперттерді іріктеу олардың біліктілік деңгейлері бойынша жүзеге асады, себебі эксперттер тобының саны мен ерекшеліктері статистикалық емес, сапалық ерекшеліктер бойынша бағаланады.

    Таңдаулы топ өкілдерін сұрау - қоғамдық пікір көшбасшыларының пікірін зерттеу, қоғамдық пікірді бақылау, ерекше мақсатты топтарды зерттеу, жобаларды әлеуметтік бағалау, әлеуметтік мәселелерді зерттеу, үй шаруашылықтарын әлеуметтік зерттеу, мемлекеттік және түрлі бағдарламалар шеңберінде бағалау және бақылау.

    Методология (гректің  = methodos – таным тәсілі немесе әрекет тәсілі; және гректің  = logos - ұғым; ой, зерде) - 1) танымның ғылыми әдісі туралы ілім; 2) нақты ғылым саласында қолданылатын әдістер жиынтығы. Осы анықтамалардан жалпы ғылым методологиясының, жеке алғанда социология ғылымының басты екі аспектісін қарастыруға болады.

    Бірінші аспект– методологияны ілім ретінде түсіну – ғылыми, ғылыми социологиялық зерттеуді қалай жүргізу керек екендігі жөніндегі түсініктің қалыптасу тарихын зерттеумен байланысты. Ғылым методологиясы зерттеу объектісі – ғылыми танудың «механизмін», «алгоритмін» білдіреді. Осы жерде мына сұраққа жауап берген жөн: ғылым – абстрактылы теориялық білімдерді, шындық туралы түсініктерді қолда бар білімдер арқылы өндіру процесі. Ал алынған білімдердегі нақтылы шындық екі нұсқасында: сипаттамалық және түсіндірмелік түрінде көрсетілуі мүмкін. Сипаттамалық таным, ең алдымен бір нәрсе шындығында қалай болады деген сұраққа жауап беру мақсатында құрылады. Ал, түсіндірмелік таным неге бір нәрсе солай болады деген сұраққа жауап береді.

    Кезінде социология ғылымының негізін қалаушы О.Конт социологтар «неге емес, қалай?» деген сұраққа ғана жауап беруі тиіс деген өсиет қалдырған болатын. Сонда ғана социологиялық зерттеулер Конт кезінде шынайылықты ғылыми танудың үлгілері деп санаған жаратылыстану ғылымдарында істелініп жатқанға ұқсас болады деп есептеді ол. Конттың бұл талабы кейін тек социология ғана емес, сондай-ақ көптеген қоғамдық ғылымдар үшін ең басты талапқа айналды және осындай ұстаныммен шынайылықты қабылдау позитивизм принципі (талабы) деп аталды.

    Жалпы, социологиялық зерттеудің логикасы оның өткізілу кезеңдерімен анықталады. Социологиялық зерттеу кезеңдерінің көпшілік мақұлдаған жіктелімінЕ тоқталсам:

    1 кезең. Социологиялық сұрауға дайындалу:

    1. – Бағдарлама жасау (мақсаттар мен міндеттер қою, негізгі және жұмыс болжамдарын ұсыну, ұғымдардың операциялануы, репрезентативтілікті есептеу);

    1. – Эмпирикалық ақпарат жинау үшін құралдар жиынтығын (сауалнама) жасау.

    2кезең. Эмпирикалық ақпарат жинау:

    1. – сұрауды ұйымдастыру (сұхбат алушыларды іріктеп алу, сұрау учаскелерін бөлу, қаржы-техникалық мәселелерін шешу және т.б.);

    1. – сұрау жүргізу (респонденттерді іздеу, байланысқа шығу, сұхбат алу және т.б.).

    3 кезең. Социологиялық мәліметтерді өңдеу және түсініктеме беру:

    1. – алынған ақпаратты компьютерлік мәліметтер базасына енгізу (макет дайындау, сауалнамаларды енгізу);

    1. – сызықтық есептер мен әлеуметтік-демографиялық салалар бойынша есептерді өңдеу және шығару;

    4кезең. Алынған мәліметтерді талдау:

    1. – Алғашқы талдау жүргізу (сұрау нәтижесінде анықталған тәуелділіктерді тіркеу, кестелер, диаграммалар жасау және т.б.);

    1. – Мәліметтерді қайта талдау (салыстырмалы талдау, қосымша ақпарат тарту, жаңа болжамдар ұсыну);

    1. – Зерттеудің соңғы есебін дайындау;

    1. – Талдамалық қысқа хаттар, әр түрлі материалдар, мақалалар және т.б. жазу;

    Оқулықтың осы бөлімінде социологиялық зерттеу кезеңдерінің әрқайсысында жасалынатын социологтар қызметінің сипаттамасы берілген. Бұл тарауда кез келген социологиялық зерттеуді дайындаудың екі принциптік кезеңдері - оның бағдарламасын және зерттеудің іріктеу есебін жасау жөнінде айтылады.

    Социологиялық зерттеудің бағдарламасы


    Бағдарлама – эмпирикалық социологиялық зерттеудің негізгі құжаты. Социологияның теориясы мен методологиясы жөніндегі әдебиетте оның мынадай құрылымы көпшілік мақұлданған болып табылады:

    1. Зерттеу тақырыбын, проблемасын, пәні мен объектісін тұжырымдау;

    2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою.

    3. Негізгі ұғымдарды операциялық анықтау және эмпирикалық түсініктемелеу. Өлшем шамасын құру.

    4. Зерттеу болжамдарын ұсыну.

    5. Зерттеу жоспарлары.

    6. Бақылау бірлігін таңдау әдісін анықтау.

    7. Алғашқы эмпирикалық мәліметтерді жинау және талдау әдістерін сипаттау.

    Бағдарламаның бұл тарауларын жеке қарастырайық.

    1. Кез келген ғылыми зерттеу секілді социологиялық зерттеу проблемасы да қазіргі таңда аталмыш ғылымда не белгілі және не белгілі емес деген шектес «жерден» басталады. Өйткені, қандай да бір шамада белгілі нәрсе жөнінде қайтадан зерттеу жүргізудің мәні жоқ болса, тура сол сияқты, зерттеушіге белгісіз нәрсе оның қызығушылық нысаны бола алмайды. Демек, проблемалық жағдай белгілі бір бағытта – белгілі кезеңнен белгісіз кезеңге бара жатқан танымның кезекті кезеңінде қалыптасады. Сондықтан социологиялық проблеманы ғылыми тұрғыдан социология жөнінде базалық ғылыми атағы бар мамандар ғана анықтай алады (яғни алдыңғы тараудың соңында баяндалған алғашқы екі талапқа сәйкес келетіндер). Социология жөніндегі қазіргі методологиялық әдебиеттерде социология проблемаларын екі типке: ғылыми проблемаларға (олар жауаптары социолог-ғалымдарды ғана қызықтырмайтын социология ғылымының ішінде пайда болады) және тәжірибелік проблемаларға (мәселені шешу үшін социолог-зерттеушілер шақырылатын өмір тәжірибесінің әр түрлі салаларында пайда болады) бөлу жиі кездеседі.

    Ғылым пәні көптеген оқулықтарда немесе осы ғылым жөніндегі барлық әдебиетте баяндалатыны мәлім. Социолог-зерттеушінің нақ базалық социологиялық (пәндік) білімі басқаларға, мысалы, тиісті базалық білімі бар инженер қажет болатын құрылыс жұмыстарында кездесетін инженерлік проблемаларға қарағанда социологиялық проблеманың өзіне тән ерекшелігін түсінуге көмектеседі. (Соңғы жағдайда инженердің социологиялық проблеманың мәні жөнінде нақтылы ештене айта алмайтындай, социолог та еш нәрсе түсінбейді). Социологтың мұндай базалық білімі зерттелетін социологиялық проблеманың пәндік саласының мазмұнын анықтайды. Социологтың социология пәнін білуі проблемалық жағдайдың мазмұнын айқын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл социологқа зерттегісі келетін және зерттеу соңында қол жеткізуге тура келетін аталмыш проблемалық жағдайдағы белгілі нәрсені түсінуге мүмкіндік береді.

    Социологиялық зерттеудің объектісі проблемалық жағдай орын алған әлеуметтік шындықтың бөлігі болып саналады.

    2.Социологиялық зерттеудің мақсаттары проблемалық жағдайды шешу болып табылады. Егер социологиялық зерттеу теориялық проблеманы шешуге бағытталған болса, онда зерттеудің нәтижесі әлеуметтік шындықтың бұрын мән бермеген аспектілерін тану болады. Ал егер зерттеу тәжірибелік сипаттағы проблемаларды шешуге бағытталса, онда оның мақсаты проблемалық жағдайдан арылуға әкелетін тәжірибелік қадамдар қабылдау жөніндегі ұсыныстар болады.

    Социологиялық зерттеулердің міндеттері нәтижесінде социолог әлеуметтік қайшылықтардан арылу (тәжірибелік проблема кезінде) бойынша қорытынды білімді (теориялық проблема кезінде) немесе ұсынысты жасай алатын зерттеу әрекеттерінің орындалуы болып табылады.

    3. Социологиялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін анықтау барысында проблемалық жағдайдың мазмұнды құрылымының анықталуына әкелетін негізгі ұғымдарды айқындау және түсініктемелеу сияқты социологиялық зерттеу бағдарламасының мазмұнды аспектісі қалыптасады.

    Мынадай мысал келтірейік: қайсы бір жоғары оқу орнында студенттердің үлгерімін көтеру мүлдем қолдан келмейді дейік. Жоғары оқу орнының басшылығы бұл проблеманы шешу үшін социологтарды көмекке шақырады. Мұндай жағдай проблеманың іс-тәжірибе саласынан туындауына жатады. Бұл жерде социологтардың әрекеттері келесідей. Олар басшылықпен бірге «Студенттердің үлгерім деңгейін көтеру» деген Лекцияны анықтай алады. Зерттеу тақырыбында проблемалық жағдайдың өзі жасырылған – аталмыш оқу орнында үлгерім төмен және оны көтеру үшін оның басшылығы не істеу керек екенін білмейді, социологтар да бұл мәселе бойынша нақтылы ұсыныстар беруге әзірге дайын емес. Мұндай жағдайда социологиялық зерттеудің мақсаты осы оқу орнындағы студенттердің үлгерім деңгейін көтеруге әкелетін ұсыныстар жасау болады. Зерттеудің міндеті социологиялық зерттеудің нақтылы әдістерін пайдаланумен белгілі бір кезең аралығында осы зерттеуді жүргізу болып табылады.

    Социологтар оқу орнындағы оқу процесінің құрылымын, соның ішінде - студенттер үлгерімін көтеру жолдары мен төмендеуінің себептерін анықтауға көмектесетін көптеген социологиялық, педагогикалық және өзге де әдебиеттерді зерттеуге кіріседі. Оқу орнындағы студенттердің үлгерім табиғатын анықтауға көмектесетін бүкіл ғылыми білім осы зерттеуде пәндік саланы білдіреді. Негізгі бөлігінің үлгерімі төмен осы оқу орны студенттері аталмыш зерттеудің объектісі болып табылады.

    Жақыннан қарағанда «үлгерім» ұғымының өзі себептік-салдарлық байланыстардың аса көп бөлігінен тұратын күрделі процесс екені белгілі болады. Оларға мыналар жатқызылуы мүмкін: студенттердің болашақ кәсібіне деген қызығушылығы, әр түрлі пәндердің оқытылу стилі мен әдісі, кітапханада кітап қорының және оқу залдарында жеткілікті орындардың болуы, сабақ кестесі, тіпті қысқы және жазғы уақыттарында оқу орны ғимаратындағы бір қалыпты төмен немесе жоғары температуралық режимі де студенттер ықыластылығының, ауыршандылығының себебі болуы мүмкін. Олардың барлығы да студенттердің үлгерім деңгейінің жоғарлауына немесе төмендеуіне әсер етуі мүмкін.

    Өз кезегінде, осы себептер тобының әрқайсысы қосымша айқындауды қажет етеді. Мысалы, студенттердің болашақ мамандығына деген қызығушылығы ол мамандықтың беделінің (көпшіліктің пікірінше ол мамандықтың қажеттілігінің) төмендеуіне, аталмыш мамандық бойынша мамандардың тым көп болуына, болашақ мамандар жұмыс істейтін кәсіпорындардың жабылуына және т.б. байланысты болады. Оқу орнында пәндерді оқыту әдісі мен стилі жөніндегі мәселе, өз кезегінде көптеген теориялық және эмпирикалық сәттерге бөлінеді. Социологтарға осының барлығын анықтап, аталмыш зерттеуде қолданылатын анықтамалардың нұсқаларын өз үшін айқындауға тура келеді. Осындай теориялық-методологиялық дайындықтың аяқталысымен социологтар осы зерттеуде қолданылатын негізгі ұғымдардың операциялық анықтамасын жүзеге асырады.

    Іс жүзінде, осындай алдын ала анықтаудан кейін де аталмыш оқу орнында зерттеуді бастау әлі мүмкін емес. Өйткені, теориялық жағынан түсінікті ережелерді студенттерден бірден сұрауға болмайды. Мысалы, «оқыту әдісі қандай» деген сұраққа бір мағыналы жауапты қалай алуға болады? Сондықтан «оқыту әдісі» ұғымының мазмұнын оны «лекциялық-монологтық», «лекциялық-диалогтық», «проблемалық лекция» және т.б. сияқты құрамдас сәттеріне «бөлуге» тура келеді. Жалпы алғанда, ұғымдардың мазмұны әрбір респонденттің бір мағыналы түсінетін деңгейіне жеткен кезде, ұғымды операцииялық анықтау эмпирикалық түсініктемелеу деңгейіне жеткізілді деп айта аламыз. Сонда зерттелетін өмір сәттерінің мәні мен мазмұны социологтар түсінетіндей мағынада әркімге түсінікті болады.

    Алайда оқыту әдісінің әрбір көрсетілген аспектісі тәжірибе жүзінде әр түрлі дәрежеде көрініс беруі мүмкін. Мысалы, студент мына лектор өзінің лекциясын «лекциялық-диалогтық» әдісте оқиды деп ойлауы мүмкін, бірақ бұл белгі аталмыш оқытушыға «өте күшті емес», жәй ғана «күшті» дәрежеде тән. Респондент пікіріндегі тіпті осындай кішкене өзгешілікті дәл тіркеу үшін өлшемнің дәл шамасын жасау қажет. Өлшем шамалары шамамен былайша құрылады: «өте күшті - күшті - орташа - әлсіз - өте әлсіз» - «бағалай алмаймын» немесе «өте жиі - жиі - орташа - сирек - өте сирек - бағалай алмаймын» немесе «өте жоғары - жоғары - орташа - төмен - өте төмен - бағалай алмаймын» және т.с.с.

    Бұл деңгейде студенттердің оқытушы мен студент арасындағы өзара қарым-қатынасының лекция сияқты ерекше формасы арқылы орын алатын оқыту әдісінің жүзеге асырылуының сапасы туралы түсінігіндегі оқу орнындағы білім беру жөніндегі габитус мазмұнының құлдырауы жүреді.

    Алдын ала операциялық анықталған ұғымның мазмұны, сөйтіп өзінің барынша айқындалған өлшем шамасымен бірге эмпирикалық түсініктемелеуге ие болады. Социологиялық зертеудің болашақ құралдары (әдістері) өлшемдерінің жасалуының осы кезеңі бағдарламада өзгермеліліктің немесе өлшем шамасының (бірлігінің) орнауы деп аталады. Олар өлшенетін әлеуметтік құбылыстардың индикаторларына айналады.

    Бағдарламада ұқсас негізде тиісті ұғымдар мен логикалық тұжырымдардың эмпирикалық түсініктемелеулері арқылы зерттеудің пәндік-объектілік саласының барлық жақтары ретімен орналасады. Мұндай алдын ала логикалық-методологиялық жете ұғыну аяқталған соң социологтар алдында зерттеу объектісінің жүйесі мен құрылымының логикалық үлгісі көрініс береді. Сол кезде далалық жағдайда, яғни социологиялық эмпирикалық зерттеу, өлшем жүргізілетін нақтылы әлеуметтік ортаға шығу алдында болатын құбылыстың өзгеше «картасы» көріне бастайды. Социологиялық зерттеу бағдарламасының жасалуының мұндай кезеңі проблемалық жағдайдың «логикалық үлгісін» құру деп аталады. Зерттеу бағдарламасын құрудың осы кезеңін орындай отырып, социологтар барынша өзінің білімі мен тәжірибесін пайдаланады. Осындай жұмыс барысында аталмыш социологиялық зерттеудің тұжырымдамасы қалыптасады.

    4. Жоғарыда атап кеткеніміздей, әрбір проблемалық жағдайдың екі белгілі және белгісіз жақтары бар. Егер зерттелетін жағдайдың барлық белгілі жақтары операциялық анықталған ұғымдар жүйесіне және көрсеткіштердің эмпирикалық түсініктемелеуіне, сондай-ақ олардың өлшем шамаларына орналастырылса, оның белгісіз жақтары зерттеу болжамдары түрінде белгіленеді. Яғни, болжамдар социологтың білімі мен тәжірибесі негізінде құрылатын және проблеманы шешуге бағытталатын болжамдар болып табылады. Бірақ зерттеу басында ешкім осы болжамдардың ақиқат екенін айта алмайды.

    Социологиялық зерттеулердегі болжамдар ақиқат «жатқан жақты» көрсететіндей бағдар беруші рөлін атқарады. Мұндай бағдарсыз қайсы бір жаққа жылжу мүмкін емес. Сонымен, жалпы зерттеу белгіліден белгісізге қарай жүреді, ал болжамдар олардың арасындағы өзінше бір «көпірлер-бағдарлар» болып табылады. Алдын ала айқындалған, бір мағыналы анықталған, эмпирикалық түсініктемеленген ұғымдар, көрсеткіштер, шамалар бұл аспектіде осы «көпірдің» «құрылыс материалдары» ретінде қызмет етеді.

    Болжамдардың маңыздылығы мынада, олар көрсеткіштер мен индикаторлардың бүкіл жүйесін белгілі бір түрде құруға көмектеседі, сондай-ақ, эмпирикалық мәліметтерді өңдеуді белгілі бір тәртіппен бағыттайды, оларды социологиялық зерттеудің қойылған мақсаттарына қызмет етуге бағындырады. Сонымен, бүкіл зерттеудің мақсатына жетуді қамтамасыз ететін бастапқыда қойылған міндеттер аяқталады.

    Болжамдар негізгі және екінші дәрежедегі, сапалы немесе сандық, сипаттамалық немесе түсіндірмелік және т.б. болуы мүмкін. Болжамдарға мынадай талаптар қойылады: 1) олар теория мен ғылымның белгілі, тексерілген заңдарына қайшы келмеуі тиіс; 2) оларды зерттеудің соңында ақиқаттылығын тексеруге болатындай құрастыру қажет .

    5. Социологиялық зерттеу жоспары оның ұйымдастыру негізін білдіреді. Оларға мынадай уақыт және жұмыс кезеңдері жатады:

    1. зерттеу тақырыбының, проблемасының, болжамының анықталуы;

    1. Лекция тың мәніне, зерттеу объектісінің проблемасы мен табиғатына қатысты әдебиеттерді, әр түрлі ақпарат көздерін зерделеу;

    – алғашқы бақылау, тәжірибелі сарапшылармен сұхбат жүргізу, алғашқы құжаттарды зерттеу негізіндегі зерттеу объектісінің алғашқы сипаттамасы;

    1. – негізгі зерттеуді жүргізу;

    – алғашқы зерттеу қорытындыларын өңдеу және есеп құру;

    Әдебиеттерде социологиялық зерттеу жоспарларын жіктеудің өзге де түрлері бар. Оларда, атап айтқанда, жоспар-барлау немесе формулятивті жоспар, сипаттамалық немесе дескриптивті жоспар, эксперименттік-тәжірибелік жоспар, талдамалық-эксперименттік жоспар, қайталау-салыстыру зерттеу жоспары сияқты түрлері келтіріледі. Социологиялық зерттеу жоспарларының осы түрлері, біздің ойымызша, олар бір Лекция бойынша және бір проблеманы шешумен байланысты жүргізілуіне қарамастан, зерттеудің мүлдем әр түрлі типінің жоспарлары болып табылады. Социологиялық зерттеудің мұндай көп кезеңдік типін, біздің білуімізше, академиялық мүмкіндіктер негізінде көп жылдар аралығында және үлкен зерттеу топтарымен жүргізуге болады. Ал көпшілік жағдайда, зерттеудің мұндай кезеңдерін немесе жоспарларын бір ғана социологиялық зерттеу шеңберінде жүзеге асыру мүмкін емес. Зерттеудің осы тым бөлшектенген кезеңдерін, мүмкін болғанша, бір зерттеу барысында ескеруге тырысу, ол басқа жағдай.

    Социологиялық зерттеу жоспарының ерекше бөлімдеріне мыналар жатады:

    а) белгілі бір уақыт аралығында оның әр түрлі кезеңдерінің орындалуының жұмыс жоспар-кестесі: әдебиеттерді зерттеуге және бағдарламаның өзін құруға қажетті уақыт; зерттеу құралының алғашқы нұсқаларын жасау және сапасын тексеру (пилотаждық зерттеу); далалық зерттеудің негізгі кезеңі; алғашқы эмпирикалық мәліметтерді өңдеуге және есеп жасауға қажет уақыт;

    ә) штаттың еңбек ақысын төлеуді қаржылық-сметалық жоспарлау; қызмет бабындағы тапсырмаға бөлінген ақша мен транспорт шығындары; материалдарды көбейтуге, қажетті құрал-жабдықтарды алуға, өңдеу бағдарламасын және эмпирикалық мәліметтердің алғашқы бөлігін өңдеуге, есеп жасауға, жергілікті мамандармен зерттеу қорытындыларын ұжымдық түрде талқылауға, материалдарды сақтауға және т.с.с. жұмсалатын шығындар.

    Социологиялық зерттеудің жетілген бағдарламасына (В.А.Ядов) қойылатын талаптар жалпы алғанда, айтарлықтай бұрыннан жасалынған және оны барлығы бірыңғай деп мақұлдаған. Оларға оның сапаларына қажеттілік, эксплициттілік, логикалық жүйелілік, икемділік сияқты талаптарының сақталынуы жатады. Бағдарламаның қажеттілігі сенімді түрде оның орындылығы, ғылым, сол сияқты тәжірибе үшін жүзеге асырылуының объективті қажеттілігі көрінетін Лекция ты негіздеудің, бағдарламаны анықтаудың және т.б. бүкіл мәтінінен көрінуі тиіс. Бағдарламаның эксплициттілігі барлық құрамдас сәттерінің өзара дәйектілігінен көрініс береді. Егер бағдарлама құрылымында эксплициттілік бар болса, онда зерттеудің қатысушылары зерттеудегі рөлдері мен орнын анық әрі айқын біледі. Бағдарлама құрылымының дәйектілігі бағдарламаның құрамдас бөліктерінің айқын өзара түсініктемелеуінен, байланыстылығынан тұрады. Бағдарламаның икемділігі оның жүйелілігі арқылы көрінеді. Яғни, бағдарламаның бір бөлігіне өзгеріс енгізілсе, онда ол оның басқа бөліктерінде көрініс береді және соңғылары аса қиындықсыз бейімделе бастайды.

    Осы тараудың басында берілген бағдарлама құрылымының 6 және 7 тармақтары бүкіл социологиялық зерттеудің дербес және тыңғылықты бөліктері болғандықтан, олар осы бөлімнің келесі жеке тараулары ретінде көрсетілген.

    Жалпы алғанда, егер бүкіл бағдарламаның мағыналық құрылысын бейнелі түрде қысқаша қайталасақ, онда бүкіл бағдарламаны симфониялық шығарманың партитурасымен салыстыруға болады, бұл жерде проблема - баршаның, тәжірибешілердің де, орындаушылардың да назарын өзіне аудартатын аккордтық кіріспе; зерттеудің мақсаты мен болжамдары - қайталанып, бейімделіп, зерттеудің тұтастығы мен аяқталуына әкелетін арқаулар; операциялық ұғымдар - әрқайсысы керек уақытта және қажетті рөлдерде әрекетке кірісетін оркестрдің жекелеген құралдарының бір бөлігі; эмпирикалық түсініктемелеулер - нақтылау, зерттеуші мен респондент арасындағы өзара түсінуінде қажет ететін байланысты қамтамасыз етіп, барша үшін түсінікті болатын орындаудың жеке эпизодтарына ырғақ пен бейімділік беру.

    Социологиялық зерттеудің іріктеуін құрау.

    Іріктеу жиынтығы


    Іріктеу жиынтығын есептеу. Біздің ойымызша, ең алдымен қарастырылатын мәселе бойынша негізгі ұғымдық аппаратын анықтап алу қажет.

    Жиынтық – оларға қатысты қорытындылар жасағымыз келетін адамдардың, ұйымдардың, бізді қызықтыратын оқиғалардың кез келген тобы .

    Іріктеу – талдау үшін белгіленген жағдайлар (объектілер) жиынтығының кез келген тобы.

    Жалпы жиынтық – талдаудың соңғы нәтижелері жобаланатын зерттеудің бүкіл объектісі. Іріктеудің негізделгендігі жалпы жиынтық туралы толық ақпаратқа ие болуды білдіреді. Олар статистикалық жинақтар, әр түрлі облыстық бөлімшелердің (жұмыспен қамту орталығы) мәліметтері болуы мүмкін. Қоғамдық пікір мониторингінің жалпы жиынтығын республиканың барлық кәмелетке толған халқы құрайды.

    Мысал:»N» қаласында 100 мың адам тұрады. Зерттеудің жалпы жиынтығын анықтау үшін қалалықтардың жалпы санынан 18 жастан кіші адам санын алып тастау қажет. Алынған сан аталмыш зерттеудің жалпы жиынтығы болып табылады. Есеп мына формула бойынша жүргізіледі:, N = B - C, мұнда N - жалпы жиынтық, B - халықтың жалпы саны, ал C - 18 жасқа дейінгі халық. Сонда, мынаны аламыз: 100 000 - 35 000 = 65000. Сонымен, жалпы жиынтық 65 000 адам құрайды.

    Іріктеу жиынтығы – дәлме-дәл ереже бойынша таңдап алынған жалпы жиынтық элементтерінің белгілі бір саны. Зерттеу кезінде ол жалпы жиынтықтың ықшам үлгісін білдіреді, яғни іріктеу жиынтығының құрылымы зерттелетін негізгі сапалы сипаттамалар мен бақылау белгілері бойынша жалпы жиынтық құрылымына сәйкес келуі тиіс.

    Іріктеу көлемі зерттеудің талдамалық міндеттерімен, ал оның репрезентативтілігі – бағдарламаның мақсатымен анықталады (8).

    Іріктеу көлемі – бұл респонденттердің белгіленген жалпы саны. Зерттеу іріктеуі репрезентативтілік принципіне сәйкес болуы тиіс.

    Сипатты есептеу


    Іріктеудің сипаттылығы – бұл зерттелетін құрамның көрсетілген өлшемдерінің (белгілерінің) жалпы жиынтықтағы пропорцияға сәйкестілігі.

    Мысалы, іріктеу жиынтығының көлемі мына формуламен анықталады: V=N*0,001; мұнда V - іріктеу көлемі, N - жалпы жиынтық, ал жалпы жиынтықтағы зерттелетін белгінің үлесі - 0,001-ге тең. Сонда, 65 000*0,001=65 болады. Сонымен, зерттеудің іріктеу жиынтығы 65 адам құрайды.

    Іріктеу саны зерттелетін объектінің біркелкілігі немесе әр тектілігі деңгейіне байланысты. Мәселен, біздің қарастырып отырған мысалымызда зерттелетін объект («N» қаласының кәмелетке толған халқы) айтарлықтай біркелкі (бір үлкен емес елді мекенде тұру) және зерттеу мақсаты (халықтың қалалық билік органдарының қызметіне көзқарасын анықтау) іріктеудің аз көлемімен (65 адам) шектелуге мүмкіндік береді. Зерттеу көп мақсатты болған жағдайда, іріктеу ұлғаюы мүмкін. Сонда зерттелетін белгінің үлесі 0,002-ге дейін ұлғаяды (мысалы, 65 000*0,002 =130).

    Қоғамдық пікірдің көп мақсатты мониторингі түрінде қарқынды социологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу кезінде (мысалы, әлеуметтік-экономикалық проблемалар немесе қоғамдық-саяси жағдай зерттеледі) зерттелетін объект (республиканың кәмелетке толған халқы) айтарлықтай әр текті болады (14 облыс, Астана және Алматы қалалары), сондықтан іріктеу жиынтығының көлемі едәуір - 2000 адам болады. Осы жағдайда іріктеу жиынтығының өсуі мақсатқа лайықты емес, өйткені ол «қайталанған» респонденттердің себебіне айналуы мүмкін. Ал қайталанбайтын квоталық іріктеуді пайдалануда оған жол берілмейді.

    Аймақтарда сұрау жүргізу кезінде сұхбат алушының іріктеу жиынтығын бұзуы республика бойынша сұраудың жалпы қорытындыларында көрініс береді.

    Қоғамдық пікір мониторингін ұйымдастыру үшін қайталанбайтын іріктеудің квоталық және кездейсоқ деген екі негізгі әдістерінің бірін пайдаланған жөн.

    Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері


    Квоталық іріктеу әдісі респонденттердің іріктеп таңдалуы (жынысы, ұлты, жасы, білімі, әлеуметтік-кәсіби мәртебесі) жүретін бірнеше белгілер (мысалы, бес белгі) бойынша анықтауды қажет етеді. Бұл әдіс зерттеу басталғанға дейін жалпы жиынтық элементтерінің бақылау белгілері туралы статистикалық мәліметтер болған жағдайда қолданылады. Қайсы бір бақылау белгілері туралы мәліметтер квота ретінде, ал олардың жеке сандық мағыналары – квота өлшемдері ретінде алға шығады.

    Квоталық іріктеу кезінде респонденттер сұхбат алушымен квота өлшемдерінің сақталуымен мақсатты түрде іріктеп таңдалады.

    Мысал:»N» қаласы халқының билік органына көзқарасын тексеру бойынша зерттеуде іріктеу және жалпы жиынтық құрылымдарының 5 белгісі: жынысы, жасы, білім деңгейі, ұлты, әлеуметтік-кәсіби жағдайы бойынша сәйкес болуы белгіленеді. Осы белгілер бойынша қала халқының жалпы жиынтықтағы бөлінуі белгілі (статистикалық мәліметтер негізінде) және пайызбен көрсетілген.

    Іріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы

    Іріктеу жиынтығы элементтерінің қажетті белгілер бойынша бөлінуінің құрылымы оның пайыздық тұрғыдағы жалпы жиынтық элементтерінің бөлінуі құрылымына тепе-тең, мөлшерлес болатындай құрылуы тиіс.
    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
    Негізгі әдебиеттер:

    1. Бринкерхоф Д, Уейтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, 9-басылым. Алматы, 2018.- 464 б.

    2. Ритцер Д., Степницки Д. Әлеуметтану теориясы.10-басылым. Алматы, 2018. – 856  б.

    3. А.Т: Омарова. Әлеуметтік жұмыстың этикалық негіздері. 2018ж.

    Қосымша әдебиеттер:

    1. Симұқанова Г. Әлеуметтану(көрнекі әдістемелік сызбалар кешені). Алматы, 2017

    2.Г.Б. Дайрабаева. Гендерлік әлеуметтану.2015 ж.

    WEB сайттар тізімі

    1. www.kisi.kz

    2. www.centras.kz

    3. www.akorda.kz


    написать администратору сайта