Главная страница
Навигация по странице:

  • ӘН ана - Серік

  • Әйелге

  • әйел

  • СЦенарый. лемні сиы йелге!! Кешті барысы


    Скачать 18.54 Kb.
    Названиелемні сиы йелге!! Кешті барысы
    Дата30.11.2022
    Размер18.54 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСЦенарый.docx
    ТипДокументы
    #821023

    Әлемнің сиы Әйелге!!

    Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.

    Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады.

    Талғат:

    Ана
    Сен бақыттысың,
    Жыламағын!
    Жай түсіп жатқанда да құламадың
    Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
    Сондықтан жыламағын, жыламағын!
    Бармын ғой
    Тірімін ғой,
    Қасыңдамын.
    Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
    Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
    Байырғы берекеңді қашырмағын.

    Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
    Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
    Екі жыр жазсам саған бірін арнап
    «Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

    Тәңірім кеше көрсін кесірімді
    Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
    Ана,
    Сен бақыттысың, тербете бер
    Құба талдан иілген бесігімді…

    Ән Талғат анаға сәлем

    Серік

    Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі құтты болсын!!

    Сенен өскен балалар,
    Батырлар мен даналар.
    Құттықтаймыз мейраммен,
    Құрметті, жан аналар!

    Мұрат кіші

    Наши дорогие женщины, девушки, прекрасные леди! Поздравляем вас от всего нашего коллектива с этим прекрасным праздником — Международным женским днем 8 Марта! Пусть в вашей жизни всегда цветут самые прекрасные сады, в душе живет весна, и мир будет полным ярких эмоций и впечатлений. Будьте здоровы, счастливы и любимы. Без вас наша школа превратится в скучный, темный и неуютный мир, поэтому мы искренне рады, что вы с нами. С праздником!
    С весенним праздником, коллеги,
    Сердечно поздравляем вас!
    И пусть сияет ярче солнца
    Нам блеск прекрасных ваших глаз.

    Желаем вам любви и счастья,
    А что касается забот,
    Пусть с ними будет в жизни вашей
    До точности наоборот.

    Живите долго и спокойно,
    Цветите краше всех цветов,
    И пусть весной у вас на сердце
    Не будет лютых холодов!
    Ғазизбек

    Ана десем шешек ашып жанары,
    Өмірімнің бастау алар ажары.
    Ана деген тіршілікке пана боп,
    Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, !!!

    Шалқып, тасып әніміз
    Жадырасын жанымыз,
    Ана, сені құттықтап,
    Әндетеміз бәріміз.


    ӘН ана - Серік

    Арулар - асыл жандар!
    Шуақ боп шашылғандар,
    Қуат боп тасынғандар,
    Құшақ боп ашылғандар,
    Арулар -- асыл жандар!
    Арулар - асыл жарлар!
    Арулар - әрбір үйдің шаңырағы,
    Әрбір үйге от болып жағылады.
    Әрбір үйде таң болып атты-дағы,
    Әрбір үйге сәуле боп жамырады.
    Жимайды-ау бір шашылған шуақтарын,
    Саясына келеді-ау, шуақтағың.
    Жамандыққа қиярсың қалай ғана,
    Жайнаған бір-бір үйдің шырақтарын.
    Арулар - асыл жарлар, сағыныштар,
    Өтініштер, құшақтар, жалыныштар...
    Жек көрсе олар жүрегін мұз жасайды,
    Жақсы көрсе балқытып, жанына ұстар.
    Арулар - аяулылар, ардақтылар,
    Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
    Арулар - тіршілікке күре тамыр,
    Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.


    ӘН- Қыздарай –Талғат

    Ханшайымымау - Ғазизбек
    Көрініс ........................Алдараспан!

    Талғат

    Қай жерде, мейлі, қай елде
    Әлемнің мәні – Әйелде.
    Шын мықты болсаң оныңды
    Әйелге барып дәлелде!

    Әйелсіз айтпан әнді мен,
    Әйелмен дәмді әңгімем
    Сүйкімді болсаң шынымен
    Әйелің сүйсін алдымен!


    Мұрат ағай
    Әйелге мәлім көп сырың,
    Сүрінсең – әйел деп сүрін
    Халыққа сыйлы болмайсың
    Әйелге болсаң жексұрын.

    Әйелсіз қонды бақ қашан,
    Әйел деп түстік отқа сан.
    Әлемнің тілін таппайсың
    Әйелдің тілін таппасаң!


    Ғазизбек

    Болмасын әйел назалы,
    Болмасын әйел жазалы.
    Кеудесін қаққан талайдың
    Әйелден болған ажалы!


    Әйелден ыстық от бар ма?
    Сол үшін түстік көкпарға.
    Қарғағың келсе біреуді
    Әйелің өлсін деп қарға!

    Мұрат кіші
    Әйелмен құның өлшенер,
    Құдайдан кейін – сол шебер.
    Бақытты сен де болмайсың
    Әйелің сорлы болса егер!




    Сырыңды соған ашасың,
    Шөліңді содан басасың.
    Адамның күні әйелмен,
    Әйелдер мәңгі жасасын!
    Еске алу- Серік

    Сөз талғат
    Ән Анаға сағыныш-Ғазизбек Талгат

    Ана туралы жыр

    Түнгі Сыр- Серік


    Гүл силайық әйелге!! барлығымыз


    написать администратору сайта