Главная страница
Навигация по странице:

  • «ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ АКЦИОНЕРНОЕ ОБЩЕСТВО «НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ»

  • 6 КУРС ИНТЕРНДЕРІНЕ «ЖАЛПЫ ТЕРАПИЯ» МОДУЛІ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ ТЕСТТЕРІ

  • лтты медицина университеті акционерлік Оамы


    Скачать 72.73 Kb.
    Названиелтты медицина университеті акционерлік Оамы
    Дата24.05.2022
    Размер72.73 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаObschaya_terapia_kaz (1).docx
    ТипДокументы
    #547162





    «ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
    АКЦИОНЕРНОЕ ОБЩЕСТВО «НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ»



    №2 ішкі аурулар кафедрасы


    Тесттер

    Редакциясы: 1

    бетттің беті





    6 КУРС ИНТЕРНДЕРІНЕ «ЖАЛПЫ ТЕРАПИЯ» МОДУЛІ БОЙЫНША

    БАҚЫЛАУ ТЕСТТЕРІ
    1. 58 жастағы пневмония бойынша ем алып жатқан ер адамда, интоксикация және тыныс жетіспеушілік белгілері күшейді. Жағдайы ауыр, есі бұлыңғырланған, тері жабындылары боз, АҚҚ 80/40, тахикардия 130 1 мин., жіп тәрізді пульс, олигоурия. Қаннан алтын түсті стафиллококк табылды.

    Науқаста дамыған асқынудың ЕҢ мүмкін түрі?

    А) Өкпе абсцесі

    В) + Септикалық шок

    С) Инфекциялық эндокардит

    D) Жедел тыныс жеткіліксіздігі

    Е) Жедел респираторлы дистресс-синдром
    2. Науқас Д., 67 жаста, жоғары қызба, жаралы-некротикалық ангина, лимфоаденопатия, тез өршіген әлсіздік. Анамнезінен - ұзақ уақыттан бері рентген-лаборант болып жұмыс жасаған: Эр. 2,2 х 1012/л, Нв 62 г/л, ЦП 0,8, лейкоциттер 62,0 х 109/л, бласттар 86%, сегментоядролы – 12%, лимфоциттер – 15%, ЭТЖ 65 мм/сағ.

    Берілген диагноздардың қайсысы ЕҢ мүмкін?

    А) Тонзилогенді сепсис

    B) Созылмалы миелолейкоз

    С) Созылмалы лимфолейкоз

    D) + Жедел лейкоз

    Е) Миеломды ауру
    3. Науқас Д., 69 жаста, шағымы арықтау, дене қызбасы, оң және сол қабырға астында ауыру сезімі, сүйектерінде ауыру сезімі. Объективті: Жағдайы ауыр. Тері жабындылары боз. ЖСЖ 92 1 мин., гепатомегалия, спленомегалия. Лабораторлы тексеруде:- эр.-3,0х1012/л, НВ -100 г/л, лейк.- 82 х109/л, промиелоциттер -8%, миелоциттер- 6%, жас – 12%, т/я – 16%, с – 38%, э -7%, базофилдер- 3%, лимф.- 10%, тромбоциттер- 180х109/л, ЭТЖ-64 мм/сағ.

    Берілген миелограммадан қандай озгерістерді АСА күтуге болады?

    А) Жетілген лимфоциттер >40% миелограммада

    B) + Филадельфиялық хромосомалар

    С) Қан белоктарының электрофорезінде М-градиенттің табылуы

    D) Плазматикалық клеткалар > 25% миелограммада

    Е) Сүйек миының май тінімен жабылуы
    4. Ер адам 30 жаста, мынадай шағымдармен түсті: көп мөлшерде іріңді жағымсыз иісті қақырықпен қатты жөтел, дене қызбасы, әлсіздік, ентігу, кеуденің оң жақ бөлігінде ауыру сезімі. Бір апта бұрын суықтанудан кейін ауырған. Объективті: температура 38,50С. Бет гиперемиясы. Перкуссияда оң жақта жауырын астында 7-8 қабырға аралықта дыбыс тұйықталған, аускультацияда тыныс бронхиальды, ірі және орта көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.

    ЕҢ мүмкін болатын диагноз?

    А) Атипиялық пневмония

    B) Өкпе туберкулезі

    С) + Өкпе абсцесі

    D) Өкпе саркоидозы

    Е) Бронхоэктаз ауруы
    5. Клиникаға 40 жастағы науқас мынандай шағымдармен түсті: жағымсыз иісті іріңді қақырықпен жөтел, температура 39о, айқын әлсіздік. Анамнезінен: 2 аптадан бері ауырады, өз бетінше емделген.Перкуторлы сол жақта жауырыннан төмен тимпаникалық дыбыспен дыбыстың тұйықталуы, аускультативті тыныс әлсіреген, амфорикалық тыныс естіледі. Қан анализінде айқын лейкоцитоз, нейтрофилдердің токсикалық түйіршіктенуі, ЭТЖ-38 мм/сағ. Болжама диагноз: ауруханадан тыс пневмония, абсцеспен асқынған.

    Кеуде қуысының рентгенограммасында қандай өзерістер ЕҢ мүмкін?

    А) Өкпе суретінің күшеюі

    B)+ Өкпе суретінің күшеюі, дөңгелек көлеңке, ішінде сұйықтық деңгейі бар

    С) Оң жақта жоғарғы бөлікте дөңгелек көлеңке, түбірге жол анықталады

    D) Көптеген деструктивті ошақтар

    Е) Деформация, өкпе түбірінің тарамдалуы, кеңеюі
    6. 42 жастағы науқас ауруханаға мынандай шағымдармен түсті: күшейген ентігу, кеуденің оң жақ бөлігінде ауыру сезімі, ТЖ 32 1 мин, цианоз, тахикардия 120 1 мин, АҚҚ 110/60 мм сын.бағ. Рентгенде: оң жақ плевра қуысында II қабырғадан төмен көлеңке, кеуде аралық ағзалардың сау жаққа ығысуы. Дәрігер туберкулездік плеврит деп ойлайды.

    Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістері ЕҢ тән?

    А) Бронхография

    В) + Плевральды пункция

    С) Компьютерлі томография

    D) Плевра қуыстарының УДЗ

    Е) Туберкулез микобактериясына қақырықты тексеру
    7. 46 жастағы науқас, мынандай шағымдармен түсті: тыныштық күйде ентігу, аз мөлшерде іріңді қақырықпен жөтел. 15 жылдан бері созылмалы обструктивті бронхитпен ауырады. Жағдайы ауыр, диффузды цианоз, аяқтарында ісіну. Өкпе перкуссиясында – қораптық дыбыс, тыныс қатаң, құрғақ ысқырықты сырылдар, төменгі бөліктерде ылғалды сырылдар. ТЖ– 36 1 мин. Эпигастральды пульсация. Мойын веналары ісінген. Жүрек тондары тұйықталған, өкпе артериясында II тонның акценті. Іші асцит есебінен үлкейген. Бауыры қабырға доғасынан 4-5см-ге үлкейген. Қан анализінде:эритроциттер - 6,0х1011/л, Hb - 170 г/л, лейкоциттер - 12,2х109/л, таяқшаядролы- 10 %, ЭТЖ - 7 мм/с.Электрокардиография: ритм синусты, ЖСЖ – 100 1 мин, үшкір Pтісі II, III, avF тіркемелерде, R тісі жоғарылаған V1, V2, терең S тісі сол жақ кеуде тіркемелерінде.

    Жүйелі терапия үшін қандай топ дәрілері ЕҢ тиімді?

    А) β2-адреноблокаторлар

    В) Жүрек гликозидтері

    С) + Кальций каналдарының антагонистері

    D) Антибиотиктер

    Е) Анаболикалық стероидтар
    8. 66 жастағы науқаста бірнеше айдан бері себепсізден ентігу күшеюде. Объективті: акроцианоз, тыныштық күйде ентігу. Перкусияда – перкуторлы дыбыстың қысқаруы, екі жақтан жауырын асты аймақтарында. Аускультацияда тыныс әлсіреген, крепитация естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ритм дұрыс, 2-тонның акценті өкпе артериясында. Рентгенде – «ара ұясы тәрізді өкпе». ЭКГ оң жақ қарынша гипертрофия белгілері.

    ЕҢ тиімді ем қайсысы болуы мүмкін?

    А) + Преднизолон

    В) Мегапим

    С) Вентолин

    D) Атровент

    Е) Кетотифен

    9. 65 жастағы науқаста бірнеше айдан бері ентігу күшеюде. Анамнезінде аса ештеме жоқ. Қарағанда акроцианоз, саусақтары барабан таяқшасы тәріздес. Аускультацияда өкпеде тыныс әлсіреген, крепитацияға ұқсайтын сырылдар естіледі. Перкуссияда екі жақтан жауырыннан төмен дыбыстың қысқаруы. Жүрек тондары тұйықталған, ритм дұрыс, өкпе артериясныда 2-тонның акценті.Рентгенде-төменгі бөліктерде өкпе суретінің торлануы, өкпе артериясының конусы айқындалып тұр. ЭКГ оң жақ қарынша гипертрофия белгілері.

    Қандай ем ЕҢ тиімді?

    А) +Глюкокортикостероидтар

    В) Антибиотиктер

    С) Бета 2 -агонистер

    D) Муколитиктер

    Е) М-холинолитиктер
    10. 40 жаста науқас, шағымы- унемі мазалайтын ентігу, терең дем ала алмайды, құрғақ жөтел. Біртіндеп ентігу күшея бастады. Объективті: диффузный цианоз сұр түсті. ТЖ – 30 1 мин. Саусақтары барабан таяқшасы, тырнақтары сағат шынысындай. Аускультацияда крепитация. Рентгенограммада: өкпе суретінің дөрекі тармақталуы, дөңгелек кистозды өзгерістер диаметрі 0,5-2 см («ара ұясы тәрізді өкпе»)

    Қандай диагноз ЕҢ мүмкін?

    А) Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

    В) +Идиопатиялық фиброзирлеуші альвеолит

    С) Жедел бронхит

    D) Экссудативті плеврит

    Е) Өкпе саркоидозы
    11. 44 жастағы науқас, шағымы- шырышты-іріңді қақырықпен жөтел, кеуденің оң жағында ауыру сезімі, тыныс алғанда күшея түседі, дене температурасының 38,5 градусқа жоғарылауы.

    Анамнезі: 5 күн бұрын суықтанудан кейін ауырған. Пневмония диагнозы қойылды, и гентамицин 80 мг 2 рет және қақырық шығаратын дәрілер тағайындалды. Объективті: аускультацияда оң жақта жауырыннан төмен ылғалды майда көпіршікті сырылдар естіледі, перкуторлы дыбыстың тұйықталуы осы аймақта. Қандай ем осы жағдайда ЕҢ тиімді?

    А) Гентамицинмен емді жалғастыру

    В) Гентамицин дозасын жоғарылату;

    С) Гентамацинді тетрациклинмен ауыстыру;

    D) Емге тетрациклин қосу;

    Е) + Гентамицинді азитромицинге ауыстыру;
    12. 28 жастағы науқас, шағымы- жалпы әлсіздік, дене қалтырауы, дене температурасы 38,0-38,5°С, жүрек соғуы, арықтау. Анамнезінде ангина, сұлулық салонында жиі болады – татуаж, педикюр. Қарағанда: аяқтарында майда нүктелі геморрагиялық бөртпелер, терісі боз, қалқанша безі аздап үлкейген, мойын веналарының пульсациясы, пульс биік, жылдам, 112 1 мин, АҚҚ–140/50 мм.сын.бағ.Жүрек тондары тұйықталған, аорта мен Боткин нүктесінде протодиастоликалық шум. Қан анализінде: эритр. – 2,8*1012/л, Нв. – 86 г/л, лейк. – 10,1*109/л, ЭТЖ – 60 мм/сағ.ЖЗА – белок – 1,32 г/%, лейк. – 3-4, эритр. өзг. – 15-20, цилиндр гиал. – 2-4 к/а. ЭхоКГ тағайындалды.

    Диагнозды нақтылау үшін ЕҢ қажетті?

    А) Аорта қақпақшасында регургитация дәрежесін анықтау

    В) +Аорта қақпақшасында вегетацияны анықтау

    С) Сол жақ қарыншаның систоликалық дисфункциясын анықтау

    D) Қарыншалар қуысының көлемін анықтау

    Е) Миокардтың жиырылу қабілетін анықтау
    13.18 жаста жүкті әйел 28 апта, жедел жәрдеммен мына шағымдармен келді- дене температурасы 39◦С, әлсіздік. Анамнезінен: жедел ауырған, 3күннен бері қызба, парацетамол, бисептол ішті, әсері жоқ. Қарағанда интоксикация белгілері, t 39,5◦С, ісінулер жоқ, АҚҚ 110/70 мм сын бағ, зәр шығаруы өзгеріссіз. Лабораторлы: ЖҚА: Нв 120 г/л, лейкоциттер 12 тыс, с 72%, л 20, м 8%, ЭТЖ 40 мм/с; ЖЗА: мөлдір емес, белок 0,066%, лейкоциттер – көп, бактерии +++. Жасалған антибактериальды емге қарамастан жағдайы нашарлады, интоксикация белгілері күшейді.

    Науқаста қандай жағдай дамуы ЕҢ тән?

    А) + Уросепсис

    В) Зәр шығару жолдарының асқынбаған инфекциясы

    С) Пневмония қосылуы

    D) ЖРВИ қосылуы

    Е) Зәр шығару жолдарының рецидивті инфекциясы
    14. 25 жаста әйел адам, шағымы-жалпы әлсідздік, қалтырау, дене температурасы 38,0°С, жүрек соғуы, арықтау. Анамнезінде ангина, сұлулық салонында жиі болады – татуаж, педикюр. Қарағанда: аяқтарында майда нүктелі геморрагиялық бөртпелер, терісі боз, қалқанша безі аздап үлкейген, мойын веналарының пульсациясы, пульс биік, жылдам, 112 1 мин, АҚҚ–140/50 мм.сын.бағ.Жүрек тондары тұйықталған, аорта мен Боткин нүктесінде протодиастоликалық шум. Қан анализінде: эритр. – 2,8*1012/л, Нв. – 86 г/л, лейк. – 10,1*109/л, ЭТЖ – 60 мм/сағ.ЖЗА – белок – 1,32 г/%, лейк. – 3-4, эритр. өзг. – 15-20, цилиндр гиал. – 2-4 к/а.

    Қандай лабораторлы зерттеулерді жүргізу ЕҢ тиімді?

    А) Жалпы белок және белок фракциялары

    В) ТТГ, Т3св., Т4св, АТПО

    С) АСЛ-О, АСК, АСГ

    D) Волчанка клеткалары

    Е) +Гемокультура
    15. 25 жаста әйел адам, шағымы-жалпы әлсідздік, қалтырау, дене температурасы 38,0°С, жүрек соғуы, арықтау. Анамнезінде ангина, сұлулық салонында жиі болады – татуаж, педикюр. Қарағанда: аяқтарында майда нүктелі геморрагиялық бөртпелер, терісі боз, қалқанша безі аздап үлкейген, мойын веналарының пульсациясы, пульс биік, жылдам, 112 1 мин, АҚҚ–140/50 мм.сын.бағ.Жүрек тондары тұйықталған, аорта мен Боткин нүктесінде протодиастоликалық шум. Қан анализінде: эритр. – 2,8*1012/л, Нв. – 86 г/л, лейк. – 10,1*109/л, ЭТЖ – 60 мм/сағ.ЖЗА – белок – 1,32 г/%, лейк. – 3-4, эритр. өзг. – 15-20, цилиндр гиал. – 2-4 к/а.

    Диагнозды қоюға қандай қадамдар ЕҢ қажетті?

    А) Кеуде қуысының рентгенографиясы

    В) Қалқанша безінің УДЗ

    С) КТ кеуде ағзаларының

    D) +ЭхоКГ

    Е) ЭКГ
    16. Пневмонияны емдеудің 5-ші күнінде дене температурасы бірден 39о-қа көтерілді, қалтырау, қатты терледі.Қан анализінде: анемия, лейкоцитоз солға ығысқан, нейтрофилдердің токсикалық түйіршектенуі, ЭТЖ- 40 мм/сағ. Р-граммада: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде көптеген деструктивті ошақтар.Қақырықтың бак.себіндісінде: Strepococcus pneumonia.

    Пневмонияның ЕҢ мүмкін дамыған қандай асқынуы?

    А) Бронхоэктаздар

    В) Плеврит

    С) Өкпенің буллезді эмфиземасы

    D) ӨАТЭ-ТЭЛА

    Е) +Өкпе гангренасы
    17.25 жаста әйел, шағымы-құрғақ жөтел, оң жақ бүйірде ауыру сезімі. Анамнезінде: 3 күн бұрын аяқ астынан қалтырау дамыды, қызба 38,9 о С.Объективті: оң жақ кеуде қуысы тыныс алудан қалыс қалады.Перкуторлы: 3-ші қабырға аралықта алдыңғы жақтан және жауырын аралықтың ортасынан тұйық дыбыс, тыныс осы аймақта естілмейді. Жүректің сол жақ шекарасы 1,5см солға ығысқан.

    Қандай диагноз ЕҢ мүмкін ?

    А) ӨСОА өршуі

    В) Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде жедел абсцесс

    С) + Оң жақтық экссудативті плеврит

    D) Оң жақтық пневмоторакс

    Е) Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде бронхоэктаздар
    18. 46-жаста науқас, наркологиялық диспансерден ауысты, созылмалы алкоголизмнен емделген, пневмонияға байланысты.Рентгенде-жоғарғы және ортаңғы бөліктерде гомогенді көлеңке, деструкция ошақтары байқалады. Гемоглобин 95 г/л. Қақырықта стафилококк, метициллинге тұрақты.

    Қандай антибиотикті тағайындау ЕҢ тиімді?

    А) Гентамицин

    В) Клиндамицин

    С) Эритромицин

    D) + Ванкомицин

    Е) Ампициллин
    19. 32 жастағы науқас, шағымы-жалпы әлсіздік, шаршағыштық, тершеңдік, кеуденің оң жақ бөлігінде ауыру сезімі, тыныс алғанда өрши түседі, дене температурасы 38 о С. Анамнезінен 2 аптадан бері ауырады. Объективті: ТЖ - 26, пульс- 100. Кеуденің оң жақ бөлігі тыныс алудан қалыс қалады. Оң жақта жауырыннан төмен дыбыстың тұйықталуы, дауыс дірілінің әлсіреуі. Аускультацияда тыныс осы аймақта әлсіреген. Жүрек шекаралары солға ығысқан.

    ЖҚА: лейк. – 12,5х109/л, т/я-13%, лимф. - 13%, ЭТЖ- 38 мм/с.

    Қандай ем тактикасы ЕҢ тиімді?

    А) Санационды бронхоскопия

    В) + Плевральды пункция

    С) Постуральды дренаж

    D) Пенициллин қатары антибиотиктерін енгізу

    Е) Ингаляция b2-адреностимуляторлармен және холинолитиктермен
    20.45 жаста ер адам, шағымы-дене қызбасы субфебрильді, қалтырау, жүрек аймағында ауырлық сезімі, бұлшықеттерінің ауырсынуы.Қарағанда алдыңғы кеуде аймақтың шығыңқы болуы, жүрек ұшының қағуы сезілмейді, жүрек шекаралары кеңейген барлық жаққа, жүрек тондары тұйықталған.Рентгенде жүрек контурлары тегістелген.ЭхоКГ –жүрек айналасында "бос" аймақтар кездеседі, жүрек циклінің екі фазасында да.

    ЕҢ болжамалы диагноз?

    А) констриктивті перикардит

    В) + экссудативті перикардит

    С) фибринозды перикардит

    D) панцирлі жүрек

    Е) перикард қуысының тампонадасы
    21. 38 жаста әйел адам, шағымы-дене қызбасы, қалтырау, әлсіздік. Об-ті: терісі боз, мойын веналарының пульсациясы, жүрек шекаралары кеңейген солға және төмен, Боткина-Эрба нүктесінде диастоликалық шу, АҚҚ–160/40мм.сын.бағ. Болжама диагноз - инфекциялық эндокардит.

    Төмендегілердің қайсысы диагнозды дәлелдеуге ЕҢ қажетті?

    А) анемия, лейкоцитоз

    В) ЭТЖ жоғарылауы, нейтрофилдердің токсикалық түйіршіктенуі

    С) гиперферментемия

    D) гипергаммаглобулинемия

    Е)+ гемокультура оң
    22.48 жаста науқас, инфекциялық эндокардит бойынша емделуде. Фебрильді лихорадка 2 аптадан бері, жедел аорта жетіспеушілігі фонында жүрек жетіспеушілік белгілері өршуде, қақпақшаларда вегетация 10мм артық көбейіп жатыр, өкпе артериясның майда тармақтарының тромбоэмболиясы.

    ЕҢ рациональды тактика:

    А) Антибиотиктерді ауыстыру

    В) Иммуномодуляторлар қосу

    С) Антибиотиктер дозасын жоғарылату

    D) Қанның лазерлі емдеуін тағайындау

    Е) + Оперативті ем
    23. 29 жаста науқас, наркоман, шағымы-лихорадка, қалтырау, жөтел, денеде бөртпелер. Объективті: температура 380С. Алақан, саусақ, табан терісінде-ауру сезімді қызыл түйіндер. Өкпеде төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар. Жүрек ұшында– систоликалық шу. ЖҚА: эритроциттер- 2,3•1012/л, Нв - 82 г/л, лейкоциттер – 13,1•109/л, ЭТЖ- 60 мм/сағ.

    Диагнозды дәлелдеуге ЕҢ мәліметті зерттеу әдісі?

    А)+ ЭХОКГ

    В) Коронароангиография

    С) Миокардтың сцинтиграфиясы

    D) ЧПЭС

    Е) Рентгенография кеуде қуысының
    24. Ер адамда фебрильді лихорадка, қалтырау, қан түкіру, буындарында, бел аймақта ауыру сезімі. Анамнезінде - фурункулез. Қарағанда: тері жабындылары кофе түстес, аяқтарында – петехиальды бөртпелер, саусақтары барабан таяқшасы, тырнақтары шыны тәріздес. ЖҚА: эр.- 2,9 мың., Нв – 92 г/л, лейк – 22 мың., ЭТЖ – 46 мм/сағ, диспротеинемия, протеинурия. Рентгенограммада – оң өкпеде клиновидті көлеңке.

    Диагнозды дәлелдеуге ЕҢ мәліметті зерттеу?

    А) бронхоскопия

    В) сцинтиграфия

    С) + эхокардиография

    D) рентгенография буындарға

    Е) компьютерлі томография өкпеге
    25. Әйел адам анамнезінде стрептококты инфекция. Қарағанда саусақтары барабан таяқщасы, тырнақтары шыны тәріздес, коньюктивада Лукин дақтары. ЖСЖ -100. Аускультативті- ІІ қабырға аралықта оң жақта және Боткин нүктесінде диастоликалық шум. ЭхоКГ: аорта қақпақшасында вегетация көлемі1,5 мм, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы

    Емге қай дәрілерді қосқан ЕҢ тиімді?

    А) Нитраттар

    В) Метаболиктер

    С) +Антибиотиктер

    D) Антиоксиданттар

    Е) Антикоагулянттар
    26. Әйел адам 30 жаста, созылмалы жүректің ревматикалық ауруы, ақауымен ем алып жатыр, ортопноэ, айқын акроцианоз, мерцательді аритмия, пульс дефициті 30 1 минутта, пансистоликалық шу, қолтық аймағына беріледі, өкпенің төменгі бүйір бөліктерінде ылғалды сырылдар, гепатомегалия, асцит, аяқтарында ісінулер.

    Қандай топ дәрілерін ЕҢ бірінші тағайындаған дұрыс?

    А) +ілмектік диуретиктер к/т

    В) спиронолактон антогнистері

    С) жүрек гликозидтері

    D) АПФ ингибиторлары

    Е) бета-адреноблокаторлар
    27. Әйел адам 56 жаста, ӨСОА-мен ауырады, шағымы-жүрек аймағында қағулар, ентігу, аяқтарында айқын ісінулер.Қарағанда жүрек жетіспеушілік белгілері анықталды, СЖЖ IIБ 3 ФК3 сай келеді. ЭКГ- жүрекщелер фибрилляциясы 125 1 мин.

    Осы жағдайда қай дәріні тағайындаған ЕҢ дұрысы?

    А) +Верапамил

    В) Физиотенз

    С) Коринфар

    D) Амиодарон

    Е) Фозикард

    28. Ер адам 35 жаста, 2 жылдан бері бронх астмасымен ауырады. Тұншығу ұстамалары беротекпен басылады, гормонға тәуелді. ПСВ - 66%. Қарағанда – ентігу тыныштықта, аускультацияда – барлық өкпе алаңдарында ысқырықты сырылдар. Соңғы бір сағатта беротекті 3 рет қолданды.

    Науқасты жүргізу тактикасының ЕҢ дұрысы?

    А) эуфиллин к/т

    В) теофиллин per os

    С) +преднизолон к/т

    D) вентолин небулайзермен

    Е) беротекті қолдануды жалғастыру

    29. Ер адам 36 жаста, аудандық ауруханаға түсті, шағымы-ентігу, құрғақ жөтел, кеуде артында дискомфорт, жалпы әлсіздік. Анамнезінде: бала кезінде «воронка тәрізді кеудеге» байланысты операция жасалған .18 жасынан 1 қорап темекі шегеді. Аускультацияда: қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар барлық өкпе бөлігінде. Спирография: СТҚ-ФВД бзылуы - рестрикция II дәрежесі, обструкция III дәр.

    Қандай ем тактикасы ЕҢ дұрысы?

    А) b-блокаторлар

    В) темір препараттары

    С) +Ингаляция беродуалмен

    D) Жүрек гликозидтері

    Е) Антибиотикотерапия
    30. 65жастағы ер адам, 3 жыл бұрын жедел миокард инфаркты болған, біртіндеп ентігу күшейіп жатыр. Плеврада сұйықтық анықталды, қызба жоқ, қан анализінде өзгерістер жоқ.

    Аталған өзерістердің ЕҢ мүмкін себебі?

    А) +ркілістік жүрек жетіспеушілігі

    В) жүйелі қызыл жегі

    С) постинфарктық синдром

    D) өкпе туберкулезі

    Е) өкпе инфаркты


    написать администратору сайта