Мамандыы 0304000 Стоматология Біліктілігі 0304023 Дантист Курс
Скачать 77.52 Kb.
|
ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК ГКП на ПХВ «Талдыкорганский высший медицинский колледж» СИЛЛАБУС Пәні: «Толық алынбалы пластиналық протез жасау техникасы» Мамандығы: 0304000 «Стоматология» Біліктілігі: 0304023 «Дантист» Курс: III Семестр: 5 Бақылау түрі: емтихан – 6 сағат Барлығы 90/ 3 сағат/кредит KZ Аудиториялық сабақтар 4 сағат СӨЖ 20 сағат ОСӨЖ 5 сағат Симуляциялар 20 сағат Клиника 35 сағат Талдықорған - 2020 ж. Силлабусты құрастырған оқытушы: 1. Оразбекова Манчук Сатыпалдиновна 0304000 «Стоматология» мамандығының 030402 3 «Дантист» біліктілігі бойынша оқу-жұмыс бағдарламасы негізінде жасалған. №3 циклдық әдістемелік комиссия отырысында қаралды. № _1_хаттама 28. 08. 2020 ж. №3 ЦӘК төрайымы Махатаева Айнаш Жусиппековна (қолы ) (аты-жөні) Колледж Әдістемелік кеңес отырысында қаралып келісілді, № _1_хаттама 28. 08. 2020 ж. Колледж әдіскері Дуванбекова Гүлім Садыковна (қолы ) (аты-жөні) 1. Оқытушы туралы мәлімет
2. БАҒДАРЛАМА 2.1 Кіріспе Оқу пәні бағдарламасы негізгі кәсіптік білім беру бағдарламасының бөлігі болып табылады. Силлабус медициналық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 0304000 «Стоматология» мамандығына құрастырылған. 2.2 Пәннің саясаты оқу үрдісін кезекті және мақсатқа бағытталған түрде жүзеге асыруға негізделген. Оқытушылардың студенттерге қойылатын талаптары медициналық колледжде оқудың жалпы қағидаларына сәйкес негізделіп жасалған: Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде, үнемі қатысу. Дәріске міндетті түрде қатысу. Рейтинг есептеген кезде жіберілген әрбір дәріс (1 сағаттық) 1 балл шегеріледі. Орындау түрі әркелкі болатын СӨЖ-ң 4 түрін міндетті орындау. Студент СӨЖ-н тақырыптық жоспарға сәйкес сол тарау бойынша аралық бақылауға дейін 1 апта бұрын тапсыру керек. Аралық бақылауды тақырыптық жоспарға сәйкес тапсыруы тиіс. Аралық бақылау теория бойынша сұрақтарға жауап беруден және тәжірибелік дағдыларды (зертханалық жұмыстарды орындау және безендіру) тапсырудан тұрады. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу (зертханалық жұмыстарды конспектілеу, теориялық материалды дайындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу, зертханалық жұмыстарды өз бетінше орындау). Жіберген сабақты өтеу жіберілген сабақ саны көрсетілген оқу бөлімінің рұқсат қағазы болғанда ғана жүргізіледі. Студент сабаққа кешікпей келуі тиіс. Сабаққа таза, үтіктелген ақ халатпен келуі керек. Оқытушылар құрамымен, оқу-көмекші құрамның қызметкерлерімен және студенттермен құрмет тұтарлық қарым-қатынаста болу. Топтағы талас тудырған мәселелерді колледждің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен ашық түрде талқылау. Колледж мүлкіне: жиһазға, құралдарға, гүлдерге, химиялық ыдыстарға және т.б. жанашырлықпен қарау. 2.3 Пәнді оқытудың мақсаты: Қала және ауыл тұрғындарына медициналық жәрдем көрсетуді ұйымдастыру мәселелерінде, күнделікті өмірде, кәсіптік қызметінде шиеленістерді шеше білуде, этика – деонтология принциптер негізінде қарым-қатынас қалыптастыру дағдыларын меңгеруде, алынатын протездерді дайындау бойынша тіс техникалық өндірісін ұйымдастыруда құзырлы бола білетін маман дайындау. 2.4 Пәнді оқытудың міндеттері: Білім алушылар тіс технигінің жұмыс орнын ұйымдастыруды, тіс техникалық зертханадағы жабдықтар мен құралдарды қолданып алынбалы протездің бірнеше түрін дайындай білуді, пластмассаны полимеризациялауды, протезді соңғы рет өңдеуді, протезді тапсыру шарттарын білуі тиіс. Бұл бағдарлама бойынша білім алушылар техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды, тіс техникалық зертханасының жұмысын ұйымдастыруды, көшірме үлгі алуды, үлгісін құюды, протезді мүсіндеуді, оны механикалық және электрохимиялық жолдармен өңдеуді, жасанды тістерді орналастыруды, балауызды пластмассаға ауыстыруды, протезді соңғы рет өңдеуден өткізуді және жылтыратуды үйренеді. 2.5 Пәнді оқытудың соңғы нәтижелері: Студент білуі тиіс: - медициналық этика-деонтология негіздерін; - өз құзыреттілігі шеңберіндегі манипуляциялар мен емшаралар өткізу мақсаттары мен алгоритмдерін; - жаңа экономикалық талаптарға байланысты медициналық ұйымдардың жұмыстарын ұйымдастыруды; - қазіргі уақыттағы ақпараттық технологиялар негізін білуде; - стоматологиялық жәрдем көрсету жүйесі туралы; - салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздерін. Жасай алуы тиіс: - күнделікті өмірде, кәсіптік қызметінде алған білімдерін қолдана отырып шиеленістерді шешуді; - этика-деонтология принциптер негізінде пациенттермен, олардың туыстарымен, әріптестермен қарым-қатынас қалыптастыру дағдыларын; - тіс технигінің жұмыс орнын ұйымдастыруды; - тіс техникалық зертханадағы жабдықтармен, құралдармен жұмысты; - алынбалы протез дайындауды; - әр түрлі шұғыл жағдайлар кезінде медициналық алғашқы жәрдем көрсете білуде, жүрек-өкпе реанимациясы әдістерін. Дағдыларды игеруі тиіс: - тіс технигінің жұмыс орнын ұйымдастыру; - тіс техникалық зертханадағы жабдықтар мен құралдарды қолданып алынбалы протездің бірнеше түрін дайындай білу; - көшірме үлгі алу, үлгі құю, протезді мүсіндеу, жасанды тістерді орналастыру, балауызды пластмассаға ауыстыру, протезді соңғы рет өңдеуден өткізу және жылтырату, протезді тапсыру шарттарын; 2.6 Пререквизиттер: анатомия, тіс техникалық материалтану, бейнелеу өнері 2.7 Постреквизиттер: Бюгельді протездер дайындау техникасы, Ортодонтиялық конструкция-ларды дайындау техникасының негіздері, Жақ – бет протездерін дайындау техникасының негіздері 2.8 Пәннің қысқаша мазмұны Пән тіс технигінің жұмыс орнын ұйымдастыру, тіс техникалық зертханадағы қажетті жабдықтар мен құралдар туралы, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды, тіс техникалық зертханасының жұмысын ұйымдастыруды, толық алынбалы протезді дайындаудың клиникалық және зертханалық кезеңдері туралы оқытады. Пәндердің сағатын бөлу
2.8.1 Аудиторлық сабақтың тақырыптық жоспары
2.8.2 Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарының (СӨЖ) тақырыптық жоспары
2.8.3 Оқытушылар мен студенттердің өзіндік жұмысының (ОСӨЖ) тақырыптық жоспары
|