Главная страница
Навигация по странице:

  • Барлық сағат саны: 2 0

  • Барлық сағат саны: 35 2.9 Әдебиеттер

  • Қосымша әдебиеттер: 1.А.М.Маженова, Н.Қ.Сейітмәмбетов «Стоматологиялық ортопедия»2.10 Оқыту және сабақ беру әдістері.

  • Дәрістер

  • Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы

  • Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы

  • 2.11 Бағалаудың критерийлері және ережелері Ағымдық бақылау: «Толық алынбалы пластиналық протез жасау техникасы» пәні бойынша студенттердің бағалау критерийлері

  • А 100 %

  • «Толық алынбалы пластиналық протез жасау техникасы» пәні бойынша студенттің тәжірибелік дағдыларын бағалау критерийлері 100%

  • Мамандыы 0304000 Стоматология Біліктілігі 0304023 Дантист Курс


    Скачать 77.52 Kb.
    НазваниеМамандыы 0304000 Стоматология Біліктілігі 0304023 Дантист Курс
    Дата21.09.2021
    Размер77.52 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаtolyk_alynbaly_plastinalyk_protez_zhasau_tehnikasy.docx
    ТипДокументы
    #234987
    страница2 из 4
    1   2   3   4


    2.8.4 Симуляциялық сабақтың тақырыптық жоспары

    р/с

    Тақырыптары

    Қысқаша мазмұны

    Сағат саны

    1

    Толық алынбалы протездерді дайындаудың клиникалық – зертханалық кезеңдері.

    Анатомиялық және фунциональды көшірме үлгісін алу.

    - тіссіз жақсүйек фантомынан анатомиялық және фунциональды көшірме үлгісін алу;

    - көшірме үлгі бойынша ғаныштан үлгі құю, толық алынбалы протез шекарасын сызу;

    - жоғарғы және төменгі жақсүйектерінің анатомиялық құрылымдары, өтпелі қатпардың топографиясы бойынша толық алынбалы протез негізінің шекарасын анықтау.

    6

    2

    Тіс қатарының толық кемістігі кезінде орталық окклюзияны анықтау, жасанды тістерді орналастыру әдісі.

    - балауыздан негіз бен (тістүйіс үлгісімен) окклюзиялық білікті дайындау, оларға қойылатын талаптар;

    - орталық окклюзияны анықтау реті мен орталық окклюзияға бекіту әдістемесі, ориентир сызықтарды жүргізу, олардың маңызы;

    - тіс гарнитурасынан тіс таңдау;

    - тіс орналастыратын білікті балауызды негізде дайындау;

    - жоғарғы және төменгі жақсүйектердің альвеолды қыры мен тіс сауыты қатынасы бойынша пластмассалық жасанды тістерді орналастыру.

    6

    3

    Балауызды құрылымды полимерлеу тәртібі.

    - протез негізін алғашқы және соңғы рет үлгілеудің маңызы;

    - протез негізінің барлық беткейін біркелкі қалыңдықта үлгілеу, әрбір жасанды тіске табиғи түр беру;

    - балауыздық құрылымды астаушаға ғаныштау;

    - полимерлеу үдерісі.

    6

    4

    Толық алынбалы пластиналық протезді өңдеу техникасы.

    - қырнайтын материалдар, құрамы және қасиеті, оны қолдану;

    - протезді өңдеу, тегістеу және жылтырату;

    - протездің сапасына қойылатын талаптар.

    2




    Барлық сағат саны:




    20


    2.8.5 Клиникалық сабақтың тақырыптық жоспары

    р/с

    Тақырыптары

    Қысқаша мазмұны

    Сағат саны

    1

    Ортопедиялық науқасты тексеру әдістері, ауыз қуысын тексеру ерекшеліктері.

    • ортопедиялық науқасты тексеру әдістері, негізгі және қосымша тексеру әдістері;

    • альвеолды өсіндінің атрофия дәрежесін анықтау.

    8

    2

    Жоғарғы және төменгі жақсүйектерге арналған Гербст сынамалары


    • балауыздан және пластмассадан Гербст сынамаларын қолдана отырып жеке қасықтар дайындау;

    • жеке қасықпен функционалды көшірме үлгі алу.

    8

    3

    Тіс қатарларының толық кемістігі кезінде жасанды тістерді орналастыру

    - бет-әлпетіне қарап тіс гарнитурасын таңдау;

    - протетикалық жазықтықты қалыптастыру;

    - Васильев әдісі бойынша тістерді орналастыру принциптері;

    8

    4

    Полимерлеуге дайындау.


    - протез негізін алғашқы және соңғы рет үлгілеу;

    - протез негізін барлық беткейін біркелкі қалыңдықта үлгілеу, әрбір жасанды тіске табиғи түр беру;

    - балауыздық құрылымды астаушаға ғаныштау, полимерлеу тәртібі.

    8

    5

    Протезді науқасқа тапсыру

    - протездерді өңдеу, тегістеу және жылтырату;

    - протездің сапасына қойылатын талаптар;

    - адаптация кезеңіндегі ақыл-кеңестер.

    3




    Барлық сағат саны:




    35


    2.9 Әдебиеттер

    Негізгі әдебиеттер:

    1.Расулов М.М. «Тіс протездерінің техникасы» аудармасы С.Рузуддинов, Ж.Тосбай

    2. В.Ю.Курляндский « Ортопедическая стоматология»

    3. В.М. Копейкин « Зубопротезная техника» 2002.

    4.К.Д.Алтынбеков О.М.Мирзабеков «Тіс протезін жасау технологиясы»

    Қосымша әдебиеттер:

    1.А.М.Маженова, Н.Қ.Сейітмәмбетов «Стоматологиялық ортопедия»

    2.10 Оқыту және сабақ беру әдістері.

    Пәнді тиімді оқытудың келесі әдістері ұсынылады:

    Дәрістер: шолу және тақырыптық, дәрістерде техникалық оқу құралдары мен дәріскердің студенттермен «кері байланысы» қолданылады.

    Тәжірибелік сабақтар: оқу топтарындағы тәжірибелік сабақтар оқытушымен бірге сабақтың сұрақтарын талдау, тақырыптың материалын меңгерілуін бақылау (сұрақтарға жауап, жағдайлық есептер мен тесттік тапсырмаларды шешу, жаттығуларды орындау) түрінде өткізіледі.

    Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы: метаболикалық картасымен жұмыс, кесте мен сызбаны толтыру, шағын топта жұмыс (зертханалық жұмыс). Компьютерлік технология және онлайн режимінде ғаламтор сыныбында жұмысты қамтиды.

    Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы: студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы әдебиеттермен, мәліметтердің электрондық базаларымен және компьютерлік оқыту бағдарламаларымен жұмыс, жағдайлық есептерді құрастыру және шешу, тесттік тапсырмаларды орындау, конспект жазу немесе оқу мәтінін кванттау (негізгі тұстарын айқындау арқылы әр түрлі тест формаларын дайындау, үш тілде - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде глоссарий дайындауды қамтиды.

    2.11 Бағалаудың критерийлері және ережелері

    Ағымдық бақылау: «Толық алынбалы пластиналық протез жасау техникасы» пәні бойынша студенттердің бағалау критерийлері

    А 100 % - барлық сұрақтарға толық негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып, қатесіз жауап бергенде.

    А 95% - Студент сабақ тақырыбын терең түсініп, қисынды (логикалық) ойлау қабілетін көрсеткенде. Материалдың баяндалуы қойылған сұраққа толық сәйкес келгенде, нақты мысалдармен келтірілген теориялық фактілердің бәрін қамтығанда. Студент дәлелді қорытынды жасай алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен, дұрыс орындағанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық, қатесіз жауап беріп, барлық формулалар мен реакцияларды дұрыс жазғанда.

    А- -90%Студент, жалпы алғанда, материалды білетінін көрсетіп, қисынды (логикалық) ойлау қабілетін білдірген, бірақ қосалқы түсініктерді баяндағанда болмашы қате жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете білгенде. Материалдың баяндалуы қойылған сұраққа сәйкес келгенде, теориялық материалды дұрыс таңдап алынған мысалдармен бекіте алғанда. Студент дәлелді қорытынды жасай алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен әрі дұрыс орындағанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық, қатесіз жауап беріп, барлық формулалар мен реакцияларды дұрыс жазғанда. Формула жазғанда 1-2 болмашы қате жіберуге рұқсат етіледі.

    В+ 85% Студент тақырып материалын біліп, жауап бергенде 2-3 болмашы қате жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете білгенде, қисынды (логикалық) ойлай алғанда және өз білімінің дәлелі ретінде дұрыс мысалдар келтіре алғанда, дәлелді қорытынды жасай алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен әрі дұрыс орындағанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына берген жауабында болмашы қате болғанда, формула жазғанда 2-3 болмашы қате жібергенімен, барлық формулалар мен реакцияларды дұрыс жазғанда.

    80% Студент тақырып материалын білетінін көрсете алғанда, дегенмен жауап бергенде 3-4 болмашы қателіктер жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете алғанда, қисынды ойлай алатынын көрсете білгенде және тақырыпқа сәйкес мысалдарды дұрыс келтіріп, дәлелді қорытынды жасай алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен әрі дұрыс орындағанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермесе де, негізгі түсініктерді келтіріп, формула жазғанда 3-4 болмашы қате жібергенімен, формулалар мен реакциялардың көпшілігін дұрыс жазғанда.

    75% Студент тақырып материалын білетінін көрсете алғанда, дегенмен жауап бергенде біраз қателіктер жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете алғанда, дұрыс ойлай алатынын көрсете білгенде және тақырыпқа сәйкес мысалдарды дұрыс келтіріп, дәлелді қорытынды жасай алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен әрі дұрыс орындағанда. Тапсырмаларды орындау барысында 1-2 болмашы қате жібергенде. Зертханалық жұмыстарды дұрыс орындап, жұмыс хаттамаларын жазып, жұмыс бойынша дұрыс қорытынды жасай білгенде. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермегенде, дегенмен, негізгі түсініктерді келтіріп, формулалар мен реакциялардың көпшілігін дұрыс жазғанда, формула жазғанда 4-5 болмашы қате жібергенде.

    70% сабақ тақырыбы бойынша студенттің білім тереңдігі таяз, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, дегенмен сұрақты жалпы түсінгенін көрсете алғанда және ары қарай бағдарламалық материалды меңгеруге қажет дағдыны білгенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе, дегенмен педагогтың қойған бірнеше қосымша сұрақтарынан кейін қателерін түзете алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен орындағанда, оның 80%-ға жуығы ғана дұрыс орындалғанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермегенде, дегенмен, негізгі түсініктерді келтіріп, формулалар мен реакциялардың көпшілігінде (50-60%) қате жібергенде.

    65% сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, дегенмен сұрақты жалпы түсінгенін көрсете алғанда және бағдарламалық материалды ары қарай меңгеруге қажет білімі жететін болса. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе, дегенмен педагогтың қойған бірнеше қосымша сұрақтарынан кейін қателерін түзете алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен орындап, оның 70%-ға жуығы ғана дұрыс орындалғанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермегенде, дегенмен, негізгі түсініктерді келтіріп, формулалар мен реакциялардың көпшілігі қатемен жазылғанда. Реакция теңдеулері сөзбен жазылғанда.

    60% сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе, дегенмен педагогтың қойған бірнеше қосымша сұрақтарынан кейін қателерін түзете алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен орындап, оның 50%-ға жуығы ғана дұрыс орындалса. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермегенде, формулалар мен реакциялар қате жазылғанда. Реакция теңдеулері сөзбен жазылғанда.

    55% Студент сабақ тақырыбындағы материалды толық игермегенде, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе. Тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен орындауға тырысқанымен, оның 25%-ға жуығы ғана дұрыс орындалғанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермегенде, формулаларды жаза алмағанда, реакци теңдеуін жазуға деген талпыну болғанда.

    50% Студент сабақ тақырыбындағы материалды толық игермегенде, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе. Тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен орындауға тырысқанымен, оның 10%-ға жуығы ғана дұрыс орындалғанда. Бағдарламалық бақылаудың ең болмағанда 1 сұрағына толық жауап бермегенде.

    45% Студент сабақта болды. Оқу материалының басым бөлігін немесе маңызды бөлімін білмеді немесе түсінбеді, түсініктерге анықтама беруде, терминологияны қолдануда қате жібергенде, оқытушының қойған бірнеше жетекші сұрақтарына кейін де жауап бермегенде. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) орындамағанда. Бағдарламалық бақылау сұрақтарына жауап бермегенде.
    «Толық алынбалы пластиналық протез жасау техникасы» пәні бойынша студенттің тәжірибелік дағдыларын бағалау критерийлері

    100% - Берілген жағдайлық есептерді толық интерпретациялағанда және зертханалық жұмыстарды сапалы түрде орындап, қатесіз жауап бергенде.

    95% - Студент клиникалық-теориялық жағдайды толық талдай алды, диета немесе жеке препараттарды (витаминдерді, витаминтәрізді заттарды, ферменттерді және гормондарды) тағайындағанда ұсыныстар бере алды. Студент өз бетімен және сапалы түрде зертханалық жұмысты орындап, дұрыс нәтиже алды және оларды бағалай алды, тәжірибе хаттамасын дұрыс толтырып, зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жасады. Өзіне берілген тапсырма бойынша клиникалық тұрғыдан ойлана алатынын, теорияны тәжірибемен байланыстыра алатынын көрсетті, сонымен қатар қосымша ғылыми әдебиеттен алған мәліметтерді қолданды.

    90% Студент клиникалық-теориялық жағдайды толық талдай алды, диета немесе жеке препараттарды (дәрумендерді, дәрумен тәрізді заттарды, ферменттерді және гормондарды) тағайындағанда ұсыныстар бере алды. Студент өз бетімен және сапалы түрде зертханалық жұмысты орындап, дұрыс нәтиже алды және оларды бағалай алды, тәжірибе хаттамасын дұрыс толтырып, зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жасады. Өзіне берілген тапсырма бойынша клиникалық тұрғыдан ойлана алатынын, теорияны тәжірибемен байланыстыра алатынын көрсетті, дегенмен тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды.

    85% Студент клиникалық-теориялық жағдайды толық талдай алды, диета немесе жеке препараттарды (дәрумендерді, дәрумен заттарды, ферменттерді және гормондарды) тағайындағанда ұсыныстар бере алды. Студент өз бетімен және сапалы түрде зертханалық жұмысты орындап, дұрыс нәтиже алды және оларды бағалай алды, тәжірибе хаттамасын дұрыс толтырып, зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жасады. Өзіне берілген тапсырма бойынша клиникалық тұрғыдан ойлана алатынын, теорияны тәжірибемен байланыстыра алатынын көрсетті, дегенмен тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды.

    80% Студент клиникалық-теориялық жағдайды толық талдай алмады, диета немесе жеке препараттарды (дәрумендерді, дәрумен заттарды, ферменттерді және гормондарды) тағайындағанда кейбір ұсыныстарды ғана бере алды. Студент өз бетімен зертханалық жұмысты орындап, оқытушының ескертулерінен кейін дұрыс нәтиже алды және оларды бағалай алды, тәжірибе хаттамасын дұрыс толтырды, зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жасағанда қателесті. Өзіне берілген тапсырма бойынша клиникалық тұрғыдан ойлана алатынын көрсетті, дегенмен тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды.

    75% Студент клиникалық-теориялық жағдайды толық талдай алмады, ұсыныстар бергенде қиналады, студент зертханалық жұмысты басқа студенттердің көмегімен орындады, оқытушының ескертулерінен кейін дұрыс нәтиже алды және оларды бағалауда қиналды, тәжірибе хаттамасын толтыруда ескертулер болды, зертханалық жұмыс бойынша толық қорытынды жасамады. Өзіне берілген тапсырма бойынша тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды.

    70% Студент клиникалық-теориялық жағдайды қате талдады, ұсыныстар бергенде қиналады немесе ұсыныстар айта алмады, студент зертханалық жұмысты басқа студенттердің көмегімен орындады, оқытушының ескертулерінен кейін дұрыс нәтиже алды және оларды бағалауда қиналды, тәжірибе хаттамасын толтыруда ескертулер болды. Зертханалық жұмыс бойынша қорытындыны оқытушы көмегімен жасады, өзіне берілген тапсырма бойынша тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды. Теорияның тәжірибемен және клиникамен өзара байланысы жоқ дерлік.

    65% Студент клиникалық-теориялық жағдайды қате талдады, ұсыныстар бергенде қиналады немесе ұсыныстар айта алмады, студент зертханалық жұмысты басқа студенттердің көмегімен орындады, жұмыс жасау барысында оқытушыдан ескерту алды, алынған нәтижелерінің кейбіреуі қате болды және оларды бағалауда қиналды, тәжірибе хаттамасын толтыруда ескертулер мен қателер болды. Зертханалық жұмыс бойынша қорытындыны оқытушы көмегімен жасады, өзіне берілген тапсырма бойынша тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды. Теорияның тәжірибемен және клиникамен өзара байланысы жоқ.
    1   2   3   4


    написать администратору сайта