Главная страница
Навигация по странице:

  • Әріптік жүйе бойынша баға Балдардың сандық баламасы Пайыздық мазмұны %

  • 2.13.Аралық және емтихан бақылауының сұрақтары: 2.14. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар: 2.15. Глоссарий: Қашықтықтан білім беру

  • Қашықтықтан оқытудың ақпараттық технологиялары

  • Контент (ақпараттық толтыру)

  • Оқытудың кредиттік жүйесі

  • Пререквизиттер

  • Рейтингтік баға

  • Аралық бақылауды

  • Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы

  • Тьютор

  • 2.16. Пән/модуль бойынша глоссарий

  • Мамандыы 0304000 Стоматология Біліктілігі 0304023 Дантист Курс


    Скачать 77.52 Kb.
    НазваниеМамандыы 0304000 Стоматология Біліктілігі 0304023 Дантист Курс
    Дата21.09.2021
    Размер77.52 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаtolyk_alynbaly_plastinalyk_protez_zhasau_tehnikasy.docx
    ТипДокументы
    #234987
    страница4 из 4
    1   2   3   4

    Емтихан ведомосына пән бойынша қорытынды баға төменде келтірілген кестеге сәйкес балдардың сандық және әріптік эквивалентінде қойылады.

    Пән бойынша әріптік-баллдық-рейтингтік баға

    Әріптік жүйе бойынша баға

    Балдардың сандық баламасы

    Пайыздық мазмұны %

    Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

    А

    4,0

    95-100


    өте жақсы

    А-

    3,67

    90-94

    В+

    3,33

    85-89


    жақсы

    В

    3,0

    80-84

    В-

    2,67

    75-79

    С+

    2,33

    70-74



    қанағаттарлық

    С

    2,0

    65-69

    С-

    1,67

    60-64

    D+

    1,33

    55-59

    D

    1,0

    50-54

    F

    0

    0-49

    қанағаттанарлықсыз

    2.13.Аралық және емтихан бақылауының сұрақтары:

    2.14. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар:

    2.15. Глоссарий:

    Қашықтықтан білім беру - бұл білім алушылардың белгілі бір білім беру бағасына қол жеткізу және растау үшін қашықтықтан оқыту үрдісі іске асырылатын жүйе, ол одан әрі шығармашылық және (немесе) еңбек қызметінің негізіне айналады.

    Жеке оқу жоспары-жұмыс оқу жоспары негізінде жыл сайын білімгердің оқу жылына дербес жасаған құжаты, ол жазылған оқу пәндерінің тізбесін және кредиттер немесе академиялық сағаттар санын қамтиды; жеке оқу жоспары нақты білімгердің білім траекториясын көрсетеді.

    Қашықтықтан оқытудың ақпараттық технологиялары-оқу материалдарын электронды тасығыштарда жасау, беру және сақтау технологиясы; оқу үрдісін ұйымдастыру және ақпараттық - телекоммуникациялық технологиялары қолдану.

    Қорытынды бақылау-оқу жылының аяқталуы бойынша қорытынды аттестаттау кезеңінде оқу пәнін оқуды аяқтағаннан кейін өткізілетін білімгердің оқу жетістіктерін тексеру. Өткізу түрі емтихан болып табылады: ауызша, жазбаша, тестілеу.
    Кейс -1. Білімгерге өз бетінше жұмыс істеу үшін берілетін әр текті тасымалдағыштардағы оқу материалдарының жиынтығы (баспа, аудио-, бейне-, электронды материалдар). 2. Өзіндік талдау үшін білімгерге ұсынылатын нақты тәжірибелік жағдайдың сипаттамасы.
    Кейстік технология-қағаз, электрондық және өзге де тасымалдағыштарда оқу-әдістемелік материалдар жиынтықтарын (кейстерді) жинақтауға және оларды өз бетінше оқыту үшін білімгерге таратуға негізделген технология.

    Контент (ақпараттық толтыру) - мәтіндер, графика, мультимедиа және сайттың басқа да ақпараттық маңызды толтырылуы.

    Кредит (Credit, Credit-hour) - білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі. Бір кредит оқу жылы бойы бір апта бойы білім алушының аудиториялық жұмысының 1 академиялық сағатына тең. Дәрістік, тәжірибелік (семинарлық) және студиялық сабақтардың әрбір академиялық сағаты міндетті түрде білім алушының өзіндік жұмысының 2 сағатымен (СӨЖ) болады..

    Оқытудың кредиттік жүйесі-оқу үрдісін регламенттеу және кредит түрінде білім көлемін есепке алу аясында білім траекториясын таңдау, дараландыру негізінде білімді өздігінен білім алу, шығармашылық меңгеру деңгейін арттыруға бағытталған білім беру жүйесі.

    Пререквизиттер - оқытылатын пәнді меңгеру үшін қажетті пәндер, дағдылар мен білімдер жиынтығы.

    Постреквизиттер – меңгерілген білімді пайдалана алатын пәндер тізімі.

    Рейтингтік баға - әр тоқсан немесе жарты жылдықтың соңында, кредиттер санына қарай жылына 2-4 рет қойылатын білімгерлердің оқу жетістіктерін бағалау.

    Аралық бақылау-бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес өткізілетін білімгердің оқу жетістіктерін тексеру.

    Аралық бақылауды өткізу нысандары жазбаша бақылау жұмысы, тестілеу немесе коллоквиумды ауызша тыңдау , конференцияға қатысу болып табылады.

    Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)-оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген және тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар, жобалар және есептер түрінде бақыланатын, өз бетінше оқуға бөлінген тақырыптар тізімі бойынша білімгердің жұмысы.

    Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ) – бұл сабақ кестесінде көрсетілген оқытушының басшылығымен сыныптағы білімгердің жұмысы.Оқытушы мерзімді өткізу формаларын пәннің әдістемесінен, оның ерекшеліктері мен зерттеу мақсаттарын анықтайды. Бұл практикумдар, семинарлар, есептерді шешу, тестілеу, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттарды қорғау, шығарма жазу, жобаларды таныстыру, конференциялар мен т. б. болуы мүмкін.

    Силлабус-пәннің оқу бағдарламасы, оған оның сипаттамасы, мақсаты мен міндеттері, қысқаша мазмұны, әр сабақтың тақырыбы мен ұзақтығы, өзіндік жұмыс үшін тапсырмалар, кеңес беру уақыты, оқытушы талаптары, білімгердің жетістіктерін бағалау критерийлері, аралық және қорытынды бақылау сұрақтары және әдебиеттер тізімі кіреді.

    Ағымдағы бақылау ауызша, жазбаша, аралас сауалнамалардан, үй тапсырмаларын, тестілерді қорғау мен таныстырудан, пікірталастарға, форумдарға, дөңгелек үстелдерге қатысуды бағалаудан тұрады.

    Тьютор-оқу сабақтарын жүргізетін және нақты пәнді меңгеру бойынша оқушының кеңесшісі ретінде әрекет ететін оқытушы.

    Форум-пікір алмасуға арналған веб-бет, онда белгілі бір тақырып бойынша хабарламалар және оларға түсініктемелер орналастырылады. Форум-бұл сайттағы қарым-қатынас құралы.
    2.16. Пән/модуль бойынша глоссарий:
    1   2   3   4


    написать администратору сайта