Марат Оспанов атындағы БҚММУ №1 Акушерия және гинекология кафедрасы Гинекологиядағы нейроэндокриндік синдромдар Доцент Б.Ж.Каримова ДӘРІС ЖОСПАРЫ: - Етеккіралды синдром. Анықтамасы. Жиілігі. Клиникасы. Емі.
- Климактериялық синдром. Анықтамасы. Жиілігі. Клиникасы. Емі.
- Посткастрациялық синдром Анықтамасы. Клиникасы. Емі.
Етеккіралды синдром (ЕС) - етеккір циклінің екінші фазасында пайда болатын, етеккір басталысымен басылатын патологиялық психонейроэндокринді белгілердің жиынтығы. Етеккіралды синдромы 2-30% етеккірі бар жас, негізінен репродуктивті жастағы әйелдерде кездеседі. Бірақ менархе кезеңінде де көрінуі мүмкін. Синдромның ең ауыр түрі 35 жастан асқанда кездеседі. ПМС кездесу жиілігі: 19-29 жаста -20%; 30 жастан кейін - 47%; 40 жастан кейін - 55%. Патогенезі толық зерттелмеген. Бірқатар симптомдардың пайда болуын түсіндіретін әртүрлі гипотезалар көп, Әлбетте осы аурудың пайда болуы мен дамуының патофизиологиялық айқын негізделуі жоқ. Бірнеше теориялар ұсынылған: гормональды, сулы интоксикация, аллергиялық, вегетативті және т. б. Кең таралғаны гормональды теория, оған сәйкес етеккіралды синдром негізінде етеккір циклінің екінші фазасында эстрогендер мен прогестерондар қатынасының бұзылысы жатыр. Эстрогендердің көп болуы және прогестероның жетіспеушілігі, ісіну, диурездің азаюы, сүт бездерінің ұлғаюы, бас ауруы (бас ми ісігі есебінен), адинамия және шаршау тәрізді белгілердің дамуын тудырады. Прогестерон диурездің ұлғаюына әсер етеді, ал жетіспеушілігі ағзада сұйықтықтың ұсталып қалуына әкеледі, шаршағыштық сезіммен, адинамиямен көрінеді. Сулы интоксикация теориясына сәйкес науқастарда су-тұз алмасуы бұзылған, қалыпты етеккір циклінің ІІ фазасында ағзадағы аздаған су тұрып қалатыны белгілі. ЕС кезінде байқалатын дене салмағының патологиялық қосылуы 0,6-2,5кг жетуі мүмкін. Осы науқастарда байқалатын альдостерон экскрециясының ұлғаюы натрийдің ағзада тұрып қалуына әкеледі, ол ЕС–ге тән тін аралық ісікке әкеледі. Аллергиялық теорияны ЕС дамуын түсіндіруінде мағынасы аз емес. Терілік бөртпелер, қышу, аллергиялық вазомоторлы тұмаурату өзінің стероидты гормондарына жоғары сезімталдықпен негізделген. Етеккір циклінің ІІ сатысында вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі тонусының басымдылығы туралы мәліметтер негізінде ЕС патогенезінің вегетативті теориясы шығарылған. Сонымен, осы барлық теориялар патогенездің әртүрлі жақтарын толтырады, бірақ оны толық түсіндірмейді. ЕС дамуында шешуші рөлді гипоталамус-гипофизарлы жүйеге жатқызады. Осы жүйенің функциональды жағдайының бұзылысы стероидты гормондар, су-тұз және көмірсу алмасуының бұзылысына әкеледі, ол клиникалық көптеген синдромдармен көрінеді. Клиника: ЕС негізгі 4 вариантта өтеді: 1. Нервті-психикалық 2. Ісіну 3. Цефалгиялық 4. Криздік ЕС-ң нервті-психикалық түрінің клиникасы: тітіркенгіш, депрессия, жылауық, агрессивтілік, қолдарының уюы симптомдарымен көрінеді. Ісіну түрінің клиникасында сүт бездерінің қатаюы, ауырсынуы, бетінің, балтырының, қолының ісінуі болады. Ішінің ісінуі, тері қышуы кездеседі. Көптеген әйелдерде етеккірдің ІІ фазасында 500,0-700,0 мл-ға дейін суйықтықтың кідіруі болады. Цефалгиялық түрінде бас ауру, тітіркенгіштік, жүрек айну, құсу, бас айналу, иіс және дыбысқа сезімталдық күшеюі болады. Бас ауру самай аймағынан басталып, көз аймасына тарайды. Жүрек айну қусумен бірге жүреді. Бірақ ол кезде АҚҚ өзгермейді. ЕС-ң криздік түріндегі клиникалық көрінісі симпато-адреналдық криз түрінде өтеді. Олар АҚҚ жоғарылауымен, төс артындағы ауырсынумен, өлімнен қорқу сезімімен бірге жүреді. Криздер кезінде аяқ-қол бозғылт, салқын болады. Көп мөлшерде зәр кетумен аяқталады. Атипиялық – бронхиалды астма, аллергиялық реакция типі бойынша болады. Ауырдың ағымы және көрінісінің белсеңділігі клиникалық белгілердің саны мен ұзақтығына байланысты болады, сондықтан осыларға қарап жеңіл (етеккірге дейін 2-10 күн бұрын көрінетін 3-4 симптом оның ішінде 2 айқын және ауыр (5-12 симптомдар, етеккірге дейін 3-14 күн бұрын, кемінде 2-5 айқын) түрлерін ажыратады. Ауру ұзақ, созылмалы, жиі өршиді; жеңіл түрі кейін ауыр сатысына ауысады. Сонымен қатар ЕС-ң 3 дәрежесі бар: компенсациялық, субкомпенсациялық, декомпенсациялық. Компенсация сатысында симтомдар өршуі жоқ. Клиникада циклдің ІІ фазасы мен етеккірдің бірінші күнімен шектелген. Барлық жеңіл түрлері компенсация сатысына жатады. Субкомпенсация сатысында ауру белгілері жылдар өте тереңдейді, саны мен күші жағынан оның ауырлығы өршиді. Компенсация мен субкомпенсация сатысында етеккірдің бірінші фазасында әйел өзін сау санайды. Синдромның клиникалық көріністері көбінесе етеккір циклі ортасынан етеккір аяқталғанға дейін болады. Декомпенсация сатысы ауыр түрге жатады, етеккір басталысынан кейін де кейбір белгілері сақталады және әйел өзін толық сау сезінбейді. Емі. ЕС клиникалық көрінісінің әртүрлілігін, сонымен қатар ауру патогенезінің толық анық еместігін ескеріп, емді комплексті жүргізген жөн, оған психотерапия, транквилизаторлар (грандаксин, триоксазин, мепробромат, элениум, френолон, этапе- разин), А, В6, Е витаминдері, диуретиктер (аммоний хлориді, гипотиазид), калий препаратарымен қоса (калий хлориді, калий ацетаты, калийлік диета), жыныс гормондары (гиперэстрогенияда - етеккір циклінің ІІ фазасында прогестерон, гипоэстрогенияда - циклдік гормонотерапия) кіреді; гиперпролактинемияда – етеккір циклінің ІІ фазасында парлодел беріледі. ЕС-ның аллергиялық түрінде қосымша димедрол немесе супрастинді қабылдауға кеңес береді. Эндоназальды электрофорез В1 витаминімен, 0,25% новокаин ерітіндісімен №20, оптимальды 30 күн. Гипофиздің, гипоталамустың қызметін күшейтүге бағытталған. Шербак бойынша электрофорез 3% NaBr-мен етеккір циклінің ІІ фазасында беріледі. Массаж, мойын, бет, жаға зонасына, гальванизация. Орташа және ауыр ағымда верошпирон, стугерон (артериальды қан қысымын төмендетеді, калий сақтаушы әсері бар). Климактериялық синдром Бірақ, кейбір әйелдерде климакстың табиғи ағымын ауырлататын симптомдар қатары көрінеді. Бұл патологиялық симптомокомплекс климактериялық синдром деп аталады. Басқа да нейроэндокринді синдромдар тәрізді климактериялық синдром эндокринді -алмасу, вегетативті-тамырлық, нервтік-психикалық бұзылыстар түрінде көрінеді, ол климактериялық кезеңдегі 25-30% әйелдерде кездеседі, ұзақ ағымдылығы сирек емес (5-6 жыл және ұзақ). Климактериялық кезең фазалары: - Перименопауза - климактериялық симптомдардың басталған күнінен соңғы етеккіріне дейін – 45-48 жас аралығы
- Менопауза – етеккір тоқтағаннан кейінгі жыл.
- Постменопауза – менопаузадан басталып 65-69 жасқа дейін.
Патогенезі Бұл әйел ағзасындағы өтпелі кезеңде айтарлықтай өзгеріске ұшырайтын гипоталамо-гипофизарлы-аналық без жүйесі: - Гипоталамустың эстрогенге сезімталдық табалдырығы жоғарлайды
- ГнРГ цирхоральды ритмі жойылады
- ФСГ мен ЛГ 3-14 есеге дейін жоғарлайды
- Ингибин синтезі төмендейді
- Фолликулалардың гонадотропинг төзімділігі пайда болады
- Пременопауза кезеңінде: сары дене жетіспеушілігі→ановуляторлы цикл→фолликулалар қоры азаяды.
- Менопауза кезеңінде: аналық бездің циклді қызметінің жойылуы.
- Постменопауза кезеңде: прогестерон түзілмейді→эстроген секрециясы төмендейді→екеуінің қарым қатынасы бұзылады→тек қана эстрон белсенділігі сақталады.
- Осы нейроэндокринді өзгерістер репродуктивті мүшелердің инволюциясына әкеледі: жатырда→миометрийдегі атрофиялық процесстерге байланысты өзінің мөлшерінің 1/3 бөлігіне дейін семеді;
аналық безде→эхоқұрылым да, мөлшері де өзгеріп, кішірейеді. Климактериялық синдромдар жіктелуі: - І топ ерте белгілер:
- Вазомоторлық: ыстық лептің болуы, қалтырау, тершеңдік, бас ауруы, гипотензия немесе гипертензия, тахикардия
- Психоэмоциональды : қозғыштық, ұйқышылдық, әлсіздік, депрессия, ұмытшақтық
- ІІ топ орташа белгілері:
- Урогенитальды: қынаптың құрғауы, жыныстық қатынас кезінде ауырсыну, қышу, уретральды синдром, цисталгия, зәрін ұстай алмау.
- Тері және оның қосалқылары: құрғауы, тырнақ сынғыштығы, әжім пайда болуы, шашының түсуі.
- ІІІ топ белгілері:
- Зат алмасу бұзылыстары:
- остеопороз – бойы аласарады, 7-ші мойын омыртқа деңгейінде томпаюдың болуы (“вдовий горб”),
- атеросклероз – жүрек тамыр аурулары.
Е.М.Вихляева жіктелуі қазіргі кезге дейін практикалық жоспар бойынша ыңғайлы жіктелуіне жатады. Климактериялық синдромның ауырлығы «құйылу» санына байланысты анықталады. Егер құйылу тәулігіне 10 рет болса жалпы жағдайы қанағаттанарлық болып және жұмысқа жарандылығы сақталса жеңіл түріне жатқызылады. Орташа ауырлықта – құйылу саны 10-20, жалпы жағдайдың төмендеуі, жұмысқа қабілеттің төмен болуы, бас ауыру, жүрек тұсында ауырғандық. Климактериялық синдромның ауыр түрінде «құйылу» өте жиі, 20-дан жоғары тәулігіне, олар басқа симптомдармен бірге байқалып, еңбекке қабілетінің толық немесе біртіндеп жойылуы болады. Клиникалық симптомдар 3-5 жыл арасында байқалады. Емі: емдеуге синдромның орташа және ауыр түрлері көрсетілген. Аурудың жеңіл түрінде барлық клиникалық көріністер қайтымды болады. Терапияны таңдағанда аурудың ағымын, жүйке жүесінің ерекшелігін еске алу керек. Аралас ем психотерапиядан, медикаментозды және жалпы әлдендіргіш заттардан тұрады (емдік гимнастика, дұрыс тамақтану, еңбек және демалыс тәртібі, санаторлы-курорттық ем, витаминотерапия). КС бар науқастарды бір уақытта терапевт, невропатолог, гинеколог емдеу керек. Негізгі патогенетикалық емі - орын толтырушы гормональды терапия (ОТГТ) Орын толтырушы гормональды терапияның негізгі принциптері: 1. Табиғи эстрогендерді қолдану (эстрадиол валерат, 17ß-эстрадиол). 2. Эстрогендерді аз дозада қолдану. 3. Эстрогендер мен бірге прогестагендерді қолдану (эндометрийдің гиперпластикалық процестерін алдын алу мақсатында). 4. ОТГТ әйел жасына байланысты тағайындау қажет. 5. Егер жасы 65 жастан жоғары болса: ОТГТ 2 есе аз қолданылады. 70 жастан жоғары әйелдерге ОТГТ қолдануы тиімсіз. 6. Бауыр,асқазан – ішек, жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары, гипертензиясы, анамнезінде тромбофлетиті бар әйелдерге ОТГТ парентеральды жол арқылы тағайындалғаны жөн (пластырь, гель түрінде). 7. ОТГТ ұзақтығы гормонотерапияның мақсатына байланысты (1-2 жыл немесе 5 жыл). 8. ОТГТ пайдалуныдың тиімді мезгілі – пременопауза және постменопаузаның алғашқы 5 жылы. - Егер әйелде жатыры аланып тасталған болса, таза эстрогендермен монотерапия (премарин, гормоплекс, овестин, прогинова, эстрофем, эстримакс;
трансдермальды системалар: дивигель, климара, дерместрил, эстрожель) – циклді түрде 3-4 апта қолданып, 5-7 күн үзіліс, немесе үздіксіз қолданылады. - Егер жатыры сақталса - эстроген + гестаген құрамалы терапия қолданылады (моно-, екі-, үшфазалы):
- Егер етеккірі болса: циклді түрде тағайындалады, яғни 21 күн қолданып, 7 күн демалады (екіфазалы: дивина, фемостон 1/10, климонорм, цикло-прогинова, климен; үшфазалы: дивисек, трисеквенс).
- Егер етеккірі болмаса (постменопаузада 2 жылдан кейін): үздіксіз қолданылады (монофазалы - климодиен, анжелик, клиогест, паузогест, ливиал, индивина, дивитрен, фемостон 1/5).
Орын толтырушы гормональды терапияға абсолютті қарсы көрсеткіштер: - эстроген тәуелді қатерлі ісіктер: сүт безінің, эндометрийдің қатерлі ісіктері; - жедел тромбоэмболиялық аурулар; - бауыр және бүйректің жетіспеушілігі; - жедел тромбофлебит; - меланома, менингиома; - себебі анықталмаған жатырлық қан кетулер; - қант диабетінің ауыр түрі. Тағайындау алдында келесі тексерулерді міндетті түрде жасау керек: - жалпы қарау (бойы, салмағы, қан қысымы); - гинекологиялық қарау; - кіші жамбас мүшелерін УДЗ, қынаптық датчик көмегімен зерттеу және эндометрийдің қалыңдығын анықтау; - липидограмма (егер анықтауға мүмкіншілік болмаса - жалпы холестерин деңгейін анықтау); - гемостазиограмма (егер анықтауға мүмкіншілік болмаса - протромбин индексін анықтау); -онкоцитология; І. Орын толтырушы гормональды терапия. ІІ. Кальцитонин препараттары: миокальцик. ІІІ. Бифосфонаттар препараттары: ксидифон, фосамакс. + кальций препараттары: кальций Д3, идеос, Д витамині. Урогенитальды бұзылыстарда: Овестин схема бойынша, хирургиялық ем (TVT, TOT). Посткастрациялық синдром Посткастрациялық синдром аналық бездер қызметінің бір уақытта өшуі нәтижесінде дамиды (алып тастау немесе гамма, рентген сәулелер әсерінен кейін фолликулярлы аппараттың өлуі салдарынан) және репродуктивті жастағы әйелдер вазомоторлы, нервтік-психикалық және зат алмасу бұзылыстары түрінде көрінеді. Посткастрациялық синдром аналық бездер қызметінің жедел өшуінен кейін 50-85% әйелдерде дамиды және де ол кастрациядан кейін 2-4 аптадан 2-3 айға дейінгі кезеңде алғашқы көріністері байқалуы мүмкін. Жас әйелдерде бұл синдром үлкен жастағы әйелдерге қарағанда кеш дамиды. Операциядан кейін бірінші жыл бойы көптеген науқастарда бұл көріністер жойылады, ал 25% әйелдерде 2-5 жыл бойы жалғасады. Клиника. Синдром әртүрлі көрінуі мүмкін және бірқатар факторларға байланысты: науқастың жасына, ағзаның бейімделу мүмкіншіліктеріне, қосымша немесе бұрын бастан кешкен ауруларына, психоэмоциональды сфера жағдайына және т.б. Әсіресе жас кезінде кастрацияға ұшыраған әйелдерде бұл синдром ауыр өтеді. Терлеу, бас аурулары, жүректің шалыс соғуы, жүрек аймағындағы ауырсынулар, бастың айналуы, талма жағдайлары түрінде вегетативті-тамырлы бұзылыстар өте жиі байқалады. Терлеу - кастрациялық синдромға тән және тұрақты белгі. Жиілігі тәулігіне 1-ден 30-ға дейін. Терлеу бас ауру мен бас айналу ұстамаларымен қатар жүруі мүмкін. Бас ауру (тұрақты немесе ұстама тәрізді) - жиі белгілердің бірі. Ауырғандық негізінен шүйде немесе самай аймақтарында болады. Басқа симптомдардан кастрациядан кейін дамитын тән - қантамырларының атеросклерозы мен тромбозының көрінісімен негізделген жүрек аймағындағы ауырсыну мен гипертонияны атау керек. Ең айқын өзгерістер жыныс жүйесінде байқалады: сүт бездерінің кішіреюі, қасаға мен қолтық асты түктерінің жиі түсуі, етеккірдің болмауы, жатыр өлшемінің кішіреюі, қынаптың құрғақтығы, оның қыртыстарының тегістелуі, жыныстық құштарлықтың (либидо) төмендеуі және т.б. Емі. Комплексті және компенсация мен бейімделу, сонымен қатар бүйрек үсті бездер қыртысының стероидты қызметін күшейтуге жауапты бас миы бөлімдерінің функциональды жағдайын қалыптастыруға бағытталған болуы керек. Посткастрациялық синдром емін жалпы әлдендіргіш пен седативті терапиядан (емдік дене шынықтыру, су процедуралар, ультракөлгін сәулелендіру, бром ерітіндісімен мойын-бет ионогальванизациясы) бастайды. Транквилизаторлар мен нейролептиктер (мепротан, диазепам, триоксазин және т.б) тағайындалады. В1, В6, С, РР витаминдерін 2% новокаин ерітіндісімен қоса қолданады. Ем курсы 25 күн. Кастрациялық синдромы бар әйелдерге ұзақ мезгілді циклдік орын толтырушы гормонотерапия (эстроген және гестагендерді енгізу) көрсетілген, нысана - мүшелердің (жатыр) гормондарды енгізгенге адекватты жауаптық реакциясы сақталған болуы керек. Эстроген-гестагенді препараттарды қолдану мүмкін, бірақ емді ¼ немесе ½ таблеткадан бастаған жөн, себебі осы науқастар бұл заттарға өте сезімтал. Ем 2 апта жалғасады, сосын 2 апта үзіліс жасалады. Кейін синтетикалық прогестиндер мөлшері азайтылады, ал үзілістер 3-4 айға дейін созылады. Назарларынызға рахмет! |