Главная страница
Навигация по странице:

  • ІІ Тарау. Бастауыш сынып жастағы балалардың құрбыларымен өзара іс - әрекет ерекшеліктері

  • Қорытынды............................................................................................................ 59

  • Зерттеудің мақсаты.

  • Зерттеудің пәні.

  • Негізгі жорамал төмендегі жанама жорамалдармен нақтыланады

  • Зерттеудің әдістері мен әдістемелері

  • Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі

  • Зерттеу кезеңдері .

  • Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

  • Зерттеудің теориялық маңызы

  • Зерттеудің практикалық құндылығы

  • Зерттеу жұмысының базасы

  • Зерттеу нәтижесінің сенімділігі мен дәлелділігі.

  • Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі.

  • І Тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы. 1.1 Мазасыздану мәселелерінің Отандық психологияда зерттелінуі.

  • Дип.-Бастауыш-сынып-оқушыларының-мазасыздану-ерекшеліктерінің-де. Мазмны Кіріспе і тарау. Мазасыздану феноменіні теориялы алануы


    Скачать 0.82 Mb.
    НазваниеМазмны Кіріспе і тарау. Мазасыздану феноменіні теориялы алануы
    Дата14.12.2020
    Размер0.82 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаДип.-Бастауыш-сынып-оқушыларының-мазасыздану-ерекшеліктерінің-де.doc
    ТипДокументы
    #160272
    страница1 из 13
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




    Мазмұны
    Кіріспе...................................................................................................................... 3
    І Тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы.
    1.1. Мазасыздану мәселелерінің Oтандық психологияда зерттелінуі................ 7

    1.2. Mазасыздану феноменін шет елдердің ғылыми мектептерінде қарастырылуы......................................................................................................... 11

    1.3. Мектептегі мазасыздану мәселелерін қарастыру......................................... 17
    ІІ Тарау. Бастауыш сынып жастағы балалардың құрбыларымен өзара

    іс - әрекет ерекшеліктері
    2.1. Өзара іс - әрекет стратегиялары және олардың біріккен әрекеттің белсенділігіне әсері.................................................................................................................... .…25

    2.2. Коммуникативті компeтенттілік................................................................... 31

    2.3. Коммуникативті компетенттіліктің байланыс және құрбылас топтағы

    орнына қанағаттанбауы......................................................................................... 37
    ІІІ Тарау. «Бала - бала» жүйесінің әсер етуімен мазасыздану деңгейін төмендетуге бағытталған, арнайы ұйымдасқан коррекциялық жаттығулардың, бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті үйренулерінің қалыптасуына әсер ететін эксперименттік зерттеулер.
    3.1. Бастауыш сынып жастағы балалардың мазасыздану деңгейінің көрінісіне бағытталған психодиагностикалық зерттеу (белгілеу эксперименті)............... 41

    3.2. Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі

    (қалыптастырушы эксперименті).......................................................................... 46

    3.3. Коррекциялық – дамытушылық жұмыстың анализі

    (бақылау эксперименті).......................................................................................... 56
    Қорытынды............................................................................................................ 59
    Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................. 61
    Қосымшалар........................................................................................................... 66

    Кіріспе
    Зерттеудің өзектілігі.

    Қазіргі кезде эмоциялық тұрақсыздықпен, сенбеушілікпен, жоғары алаңдаушылықпен ерекшеленетін мазасыз балалар саны едәуір көп ұлғайған. Мазасызданудың пайда болуы және орнығуы баланың жас кезеңіндегі қажеттіліктерінің қанағаттанбауымен байланысты. Мазасызданудың тұрақты бейнесі, көбіне жеткіншек жас кезеңінде көрініс табады. Ал, оған дейін, бұзылыстардың кең шеңберін өндіруші болып табылады.

    Мектептегі оқыту (жаңаны тану, алынған дағдылар мен үйренулерді тексеру) әрдайым балалардың мазасыздануының жоғарылауымен байланысты екенін психологтар байқады және де кейбір мазасыздану деңгейінің жоғары шегіне жетуі оқытуды белсендіріп, оны тиімді етеді. Мұндағы мазасыздану зейін , ес, интеллектуалдық қабілетті жасаушы фактор. Бірақ егер де мазасыздану деңгейі осы шегінен асып кетсе, адамды байбалам (паника) жаулайды. Сәтсіздікке ұрынбауға тырысып, ол қызметіне көңіл аудармай кетеді. Немесе нақты жағдайдағы жеттістікке жетуге түгелімен беріліп кеткендігі соншалық, басқа ситуацияларда ол жеңіліс табады. Осының барлығы сәтсіздік қорқынышын күшейтеді, мазасыздану жоғарылап, күнделікті кедергіге айналады.

    Мазасыз балалар үшін оқу жылдарының қаншалықты ауыр өтетінін, ата – аналар да, мұғалім де жақсы біледі. Ал мектептік кезең негізгі және балалық шақтың негізін қалаушы: бұл тұлғалық қалыптасу уақыты, өмірлік жолды таңдау, әлеуметтік нормалар мен ережелерді иемдену, бойға сіңіру. Егер де оқушы уайымының себебі өз - өзіне сенімсіздік болса, онда жеке тұлға да «күмәншіл» болып қалыптасады. Мамандық таңдау бұл адам үшін өзін сәтсіздікке ұшырауға сақтану бағытына негізделген, құрдастары және мұғалімдермен қатынас жасау – қуаныш емес, ауыртпашылық..., және де мазасыздық бойын алып тұрған оқушының интеллектуалдық дамуы, оның ойлау бірегейлінімен, құмарлығымен, шығармашылық қабілеттерінің дамуымен сәйкес келмейді, өйткені шығармашыл адам - ол ерікті және тәуелділікке бел буатын адам. Ол жаңа қалыптаспаған көзқарас пен шешімді ұсынуға қорықпайды, өз жолымен жүргісі келеді, көпшіліктің мақұлдағанына қарсы келеді. Ал мазасызданғыш адамдар - қашаннан қабылданған, ескірген, бірақ көптеп тексерілген өмір нұсқаларының құлы.

    Әр жас кезеңдері үшін, мазасызданудың тұрақты көрінісі немесе шынайы қатерсіз – ақ, көптеген балаларда жоғары үрейді тудыратын белгілі бір аймақтар, ақиқат объекттер болады. Бала өзінің күшінен, қабілеттілігінен күмандана бастайды. Бірақ мазасыздану сабақтағы әрекет қана емес, жекелеген құрылымды да бұза бастайды. Сондықтан жоғарылаған мазасызданудың пайда болуы себептерін білу, бастауыш сынып жастағы балалардың адекватты құлығының қалыптасуы және мазасызданудың төмендеуіне септігін тигізетін, корекциялық – дамытушылық жұмысты жасап шығаруға және уақытында жүргізілуге әкеледі.

    Зерттеудің мақсаты. Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздану ерекшеліктерінің деңгейін анықтау.

    Зерттеудің обьектісі. Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздану деңгейінің көрінісі.

    Зерттеудің пәні. Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының пайда болу себептері.

    Зерттеудің негізгі жорамалы. Бастауыш сынып жастағы балардың жоғары мазасыздануының белгілі бір себептерін анықтау – бастауыш сынып жастағы балалардың мінез-құлығыдағы мазасыздануларының төмендеуіне әкелетін, бағытталған коррекциялық - дамытуышылық бағдарламаны жүргізуге септігін тигізеді.

    Негізгі жорамал төмендегі жанама жорамалдармен нақтыланады:

    - қарастырылып отырған мәселе бойынша теориялық бастауларды талдау және жүйелеу.

    - бастауыш сынып жастағы балалардың мазасыздану деңгейінің көріну ерекшеліктерін зерттеу және жоғары мазасызданудың себебін орнату;

    - бастауыш сынып жастағы оқушылардың мазасыздануының төмендеуіне бағытталған, арнайы ұйымдастырылған коррекциялық - дамытушылық жаттығулардың әсер етуін қарастыру.

    Зерттеудің әдістері мен әдістемелері :

    - Тейлордың «Мектептегі мазасыздану деңгейін анықтауға арналған әдістемесі»;

    - Филлипстің «Оқушылардың мектепке мазасыздану деңгейін анықтау тесті»;

    - сыныптағы оқушылардың өзара қарым-қатынасын анықтауға арналған социометрия әдісі;

    - белгілеу эксперименті ( екінші сынып оқушыларымен коррекциялық - дамытушылық жаттығулар формасында және педагогикалық ұжыммен жұмыс);

    - мазасыздану деңгейінің көрінісіне бағытталған құрылымдық және бақылау эксперименттерінің және де жүргізілген коррекциялық- дамытушылық жаттығулардан кейінгі алынған нәтижелерді белгілеу.

    - зерттеу әдістері мен әдістемелері зерттеуге қойылған мақсаттарды шешу мен болжамдарды тексеруде бір – бірін толықтауышы және бірін – бірі тексеруші әдістері қолданылды: мазасыздану деңгейін анықтау мәселесі бойынша еліміздегі және шет елдердегі әдебиеттерге теориялық талдау әдісі зерттеудің ұйымдастырушылық әдісі ретінде салыстырмалы әдіс, мазасыздану деңгейін анықтауға арналған әдістері.

    Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі қарастырылып отырған мәселеге байланысты теориялық бастауларды жүйелеу мүмкіндігі жасалынды, бастауыш сынып жастағы құрбы топтарындағы мәртебелік орындарына қанағаттанбауы мен мазасыздану арасындағы байланыс анықталды. Бастауыш сынып жастағы балалар қылығындағы мазасызданудың төмендеуіне әсер ететін, жалпы білім беру сабақтар жүйесіне қосылған коррекциялық - дамытушылық жаттығулар жүйесін құру талпынысы жасалынды.

    Зерттеуге әдістемелік өзек болған еңбектер – А.М Прихожан, Р.С.Немов, Л.А.Китаев - Смык, А.В. Петровский, Г.Г. Аракелов, Н.Е. Лысенко, Е.Е. Шотт, М.З. Нейаерк, В.А. Бакеев, А. Адлер, Э.Фромм.

    Зерттеу кезеңдері.

    Бірінші кезең – ізденіс кезеңінде зерттеу проблемасы бойынша педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді жинақтау және оларды оқып-үйрену ,зерттеу мәселесінің қазіргі кездегі хал-ахуалын анықтау істері жүргізілді, оқу-әдістемелік әдебиеттерге теориялық - әдіснамалық талдау жасалды, архив материалдарын жинастыру, қорытындылау.

    Екінші кезеңде -тақырып бойынша деректі материалдар жинау жалғастырылды. Жинақталған материалдарға құрылымдық талдау жүргізілді.

    Үшінші кезеңде -алынған материалдары сұрыптап өңделді. Мазсыздану деңгейін төмендетудің динамикасы көрсетілді.

    Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

    - бастауыш сынып жастағы балалардың мазасыздану деңгейінің ерекшелігін зерттейтін арнайы бейімделген әдістемелер қолданысқа негізделді;

    - бастауыш сынып жастағы балалардың мазасыздану деңгейінің төмендеуіне бағытталған коррекциялық - дамытушылық бағдарламаның әсері анықталды;

    - бастауыш сынып жастағы балалардың мазасыздануы мен құрбы топтарындағы өз орнына қанағаттанбаушылық арасындағы байланыстың бар екені орнатылды.

    Зерттеудің теориялық маңызы.

    «Мазасыздануы бар бала» ғылыми ұғымның мәнін аша отырып, оның дамуы мен қалыптасуының механизмдері сипатталынды. Зерттеу барысында алынған мәліметтер бастауыш мектеп жасындағы балардың мазасыздану дейңгейін төмендетуге байланысты психологиялық білімнің теориялық ұғымдарын толықтарыды, зерттеу мәселесіне байланысты жас ерекшеліктер және педагогикалық - психологиялық мәні мен мазмұнын ашады. Қазақ шәкірттерінің мазасыздануы мен құрбы топтарында өзінің орнына қанағаттанбаушылық арасындағы тәуелділік көрсетілді.

    Зерттеудің практикалық құндылығы.

    Зерттеуден алынған нәтижелерді психологиялық тәжірибеде қолдану «Бастауыш сынып оқушыларының, мазасыздану деңгейін төмендетудің психологиялық негізі» тақырыбында дайындалған арнайы бағдарламасын жоғары оқу орындарындағы педагогикалық мамандықтарға әсересе психолог студенттеріне қолдануға болады.

    Зерттеу жұмысының базасы.

    Зерттеудің ғылыми тәжірибе - эксперименттік базасы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №65 гуманитарлық- эстетикалық гимназия- мектебінің бірінші, екінші және үшінші сынып оқушылары алынды.

    Зерттеу нәтижесінің сенімділігі мен дәлелділігі.

    Балаларда мазасыздану деңгейін төмендету мәселесі бойынша теориялық талдаудың тереңдігі және көлемімен, эксперименттік – психологияның әдістемелер жиынтығын таңдауды негіздеумен, алынған мәліметтердің сандық және саналық талдау жүйесімен қамтамасыз етілді

    Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Зерттеу жұмысы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған 95 әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.Жұмыстың жалпы көлемі 74 бет.

    І Тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы.
    1.1 Мазасыздану мәселелерінің Отандық психологияда зерттелінуі.

    Психологиялық әдебиеттерде, мазасыздану түсінігінің түрлі анықтамаларын кездестіруге болады, бірақ зерттеушілердің көпшілігі оны ситуативтік құбылыс және өтпелі күй мен оның динамикасын білдіретін жекелік мінез ретінде қарастыруды жөн көреді.

    Сонымен, А.М.Прихожан: «Мазасыздану – бұл төніп келе жатқан қауіпті алдын ала сезінумен, сәтсіздікті күтумен байланысты, эмоционалдық дискомфортты уайымдау» - дейді (Макшанцева 1998)/.

    Мазасыздануды эмоционалдық күй ретінде және жекелік кескін немесе темпераменттің тұрақты қасиеті ретінде де айырып көрсетеді.

    Р.С. Немовтың анықтамасы бойынша: «Мазасыздану - әлеуметтік құрылымдағы жағдайда қорқыныш пен үрейді сезіну, жоғарғы алаңдаушылық күйіне әкелетін адамның тұрақты немесе ситуативті көрініс табатын қасиеті».

    Л.А. Китаев-Смык, өз кезегінде мынаны белгілейді, «психологиялық зерттеулерде мазасызданудың екі түрінің анықтамасы соңғы жылдары кеңінен тарала бастады». «Мінездің мазасыздануы» және ситуативтік мазасыздану, Спилбергтің ұсынуымен.

    А.В.Петровскийдің анықтамасы бойынша: «Мазасыздану – үрейдің реакциясының туындауының төменгі сатысын сипаттайтын индивидтін қатерді уайымдауға бейім болуы жекелік ерекшеліктердің негізгі параметрінің бірі. Мазасыздану, әдетте, жүйкелік психикалық және ауыр соматикалық ауруларда жоғары болады, сонымен қатар психотравма салдарын өткізіп жатқан сау адамдарда көптеген топ мүшелерінде жекелік сәтсіздіктің субъективті көрінісінің бұзылуы». Мазасызданудың қазіргі зерттеулері жеке тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатын, жекелік мазасыздану және нақты сыртқы ситуациямен байланысқан ситуативтік мазасызданудың айырмашылықтарына бағытталған және де жеке тұлға және оны қоршаған ортаның өзара әрекеті ретіндегі мазасыздану анализінің әдістерін өңдеуге бағытталған (Петровекий, 1990).

    Г.Г. Аракелов, Н.Е.Лысенко, Е.Е. Шотт, өз кезектерінде мынаны айтады, мазасыздану – бұл кез – келген адамның тұрақты қасиеті, шектеулі уақыттағы адамның анықталған күйі ретінде суреттелетін көп мәнді психологиялық термин. Соңғы жылдардағы әдебиеттер анализінде мазасыздану түрліше көзқараста қарастырылған. Онда адамға әртүрлі стрестерден әсер етуден туындайтын, қиын өзара когнитивтік, аффективтік және құлықтық реакция нәтижесінен пайда болатын жоғары мазасыздану туралы айтылған.

    Мазасыздану - жеке тұлғаның кескіні сияқты, күнделікті үрей эмоциясымен, эмоционалды қозу сезімінің жоғарылауымен қаланатын, адам миының генетикалық детерминистік қасиетімен байланысты (Аракелов, 1997).

    Зерттеулерде жеткіншектердің тартылыс деңгейінде М.З. Неймарк анықтады: олардың сәттілікке тартылуына қанағаттанбаудан келіп шыққан, агрессия, қорқыныш, алаңдаушылық түрінде кері эмоциялық күй. Соған қоса, мазасыздану түріндегі эмоционалды сәтсіздік өздерін жоғары бағалайтын балаларда байқалады. Олар «ең жақсы» оқушы болуға немесе ұжымда ең жақсы орында болуға, және де белгілі салада жоғары тартылыстарға үміттенеді, бірақ олардың өз тартылыстарына шынайы мүмкіншілігі болады (Неймарк, 1963).

    Отандық психологтар, баладағы адекватты емес өзін жоғары бағалау, дұрыс емес тәрбие нәтижесінде, ересектердің бала жетістіктерін жоғары бағалаудан, яғни мақтау, оның жетістіктерін асыра сілтеуден деп есептейді.

    Айналадағылардың берген жоғары бағасы және соған негізделінген өзін - өзі бағалаушылық баланы толығымен қанағаттандырады. Жаңа талаптар және қиындықтармен соқтығысқанда оның тұрақсыздығы байқалады. Бірақ бала бар күшімен өзінің жоғары бағасын сақтап қалуға тырысады, өйткені ол өзін құрметтеуге өзіне деген жақсы қатынасты қамтамасыз етеді. Дегенмен де, бұл баланың әрдайым қолынан келе бермейді. Сыныптағы құрбыларының арасында қалаулы орынға ие болуға оның кері сапалары мен мінез бітістері әсер етіп жеткізбеуі мүмкін, ал оқудағы жоғары жетістіктер деңгейіне жетуге оның толық емес білім сапасы септігін тигізеді. Осылайша жоғарғы ұмтылыстар мен шынайы мүмкіндіктер арасындағы қайшылық күрделі эмоционалды күйге әкелуі мүмкін.

    Қажеттіліктерді қанағаттандырмаудан бала санасына сәтсіздік сенімсіздік және өзін сыйлауды жоғалтуды мойындауды жібермейтін қорғаныс механизмі өңделеді. Ол өзінің сәтсіздіктерінің себептерін басқа адамдардан іздеуге тырысады: ата –ана, мұғалім, достары. Сәтсіздік себептері өзінде екенін мойындаудан бас тартып жетіспеушіліктерін айтқандардың барлығымен конфликтіге түсіп, сескену, қапа болу, ашуланшақтықты байқатады.

    М.С. Неймарк «оны адекватты емес деп айтады» - өзіндік әлсіздіктерінен өзін қорғайтын мықты эмоционалды қорғаныс, кез-келген тәсілдерімен санасына өзіне сенбеушілікті жібермеу, шындықты итермелеу, барлығына және бәріне қарсы сескену және ашу- ыза. Бұл күй өмірлік болып, айлап, жылдап созылуы мүмкін.

    Өзіне сенімділіктің қатты қажеттілігіне бола қызығуларының өзіне ғана бағытталуына әкеледі. Мұндай күй баланың үрейленуді уайымдамауды туғызбай қоймайды. Алғашында үрей баланың алдында тұрған шынайы қиындықтардан туындап, содан соң баланың әлемге, адамдарға, өзінің мүмкіндіктеріне, өзіне деген қатынасының адекватты емес болуынан ол тұрақты кескінге ие болады. Мұның бәрі балаға кері әсерін тигізіп, бала кез-келген жағдайдан сәтсіздікті күтеді, бұдан шынайы үрей мазасыздануға айналады.

    Аффект жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуына кедергі болады, сондықтан оны жеңу өте маңызды екенін Т.В. Драгунов, Л.С. Славина, Е.С. Макслак, М.С. Неймарк атап өткен.

    Бұл авторлардың жұмыстарында, адекватты емес аффектті жеңу өте қиын екені көрсетілген. Басты міндет бұл бала мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін сәйкестендіруге әкелу, немесе оның шынайы мүмкіндіктерін өзіндік бағалау деңгейіне көтеруге көмектесу, немесе өзіндік бағалауын түсіру. Бірақ ең шынайы жолы – бұл баланың қызығушылықтары мен ұмтылыстарын баланың шамасы жететін, жетістікке жетіп өзіне дәлелдей алатын салаға қарай аудару болып табылады.

    Сонымен балалардағы күрделі эмоционалды уайымдаулар адекватты емес аффектпен байланысты екенін, Славинаның аффективті құлықтағы балаларды зерттеген зерттеулерінде көрсетіледі.

    Бұған қоса, отандық психологтардың зерттеулерінде көрсетілгендей, балалар құлығын қиындықтарға әкелетін кері уайымдаулар тума агрессивтік инстингтердің салдары болып табылмайды.

    Бұл зертеулерді мазасыздануды түсіну үшін теориялық база ретінде қарастыруға болады: бала өміріндегі белгілі бір жағымсыз жағдайлардан тындайтын шынайы үрейдің нәтижесі ретінде оның қызметі мен қтынасы барысында туындайтын білімі ретінде. Басқаша айтқанда бұл биологиялық емес әлеуметтік құбылыс.

    Мазасыздану мәселесі басқа да аспектті қамтиды – психофизиологиялық алаңдаушылық пен үрейді зерттеудің екінші бағыты осы кездегі күйдің деңгейіне негізделетін, жеке тұлғаның физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін зертеу жолымен бағытталуда.

    Көптеген авторлар, үрейленуді қатты психологиялық қысымдағы күй – «стресстің» құрамды бөлігі деп есептейді. Стресс күйін зерттеген, отандық психологтар, оның анықтмасына түрлі дәлелдеулер енгізді.

    Сонымен, А.А. Суворова лабораториялық жағдайда алынған стресті зерттеді. Ол стресті, адамға қиын және жағымсыз эксперимент жағдайында туындайтын, күй ретінде анықтайды.

    В.С. Мерлин стресті «өте қиын ситуацияда» туындатын жүйкелік қысым емес психологиялық деп табады. «Стресс» түсінігінің түрлі талқылауында барлық авторлар мынамен келіседі, стресс - бұл өте қиын ситуацияларда туындайтын қатты қысымдағы жүйке-жүйесі. Стрессті мазасызданумен сәйкестендіруге болмайды, өйткені стресс әр уақытта да шынайы қиындықтардан негізделген, ал мазасыздану олар болмаған кезде де көрінуі мүмкін. Күші жағынан да стресс пен мазасыздану күйлері түрліше. Егер стресс –жүйке - жүйесінің өте қатты қысымы болса, ал мазасыздану үшін мұндай қысымның күші тән емес.

    Осыдан стресс кезіндегі үрейді қатер немесе сәтсіздікті күтуден, оны алдын ала сезінуден туындайды деп есептеуге болады. Күй ретіндегі мазасыздану - сәтсізідікті күтушілік. Бірақ үрей субъект сәтсіздікті кімнен күтуіне байланысты соған тәуелді әртүрлі болуы мүмкін: өзінен (өзінің шамасы жетпеуінен) объективті жағдайлардан немесе басқа адамдардан.

    Авторлар фрустрация, стресс кезіндегі үрей, алаңдаушылық, салбыраңқылық, қорқыныш, сенімсіздік түрінде көрінетін субъектің эмоциональді сәтсіздіктерін атап өтетіндігі маңызды факт болып табылады. Бірақ бұл үрей шынайы қиындықтармен байланысып негізделген. Сонымен И.В. Имедадзе үрейді фрустрацияны алдын ала сезінумен тікелей байланыстырады.

    Осыдан кез-келген түсініктегі стресс пен фрусктрация өзіне үрейді қосады.

    Жүке – жүйесі қасиетінің физиологиялық қасиеті тұрғысынан алып қарасақ, біз үрейге бағытталушылық түсінігін отандық психологтардан табамыз. Сонымен, И.П.Павловтың лабораториясында сыртқы қоздырғыштар әсерінен ең алдымен әлсіз типте, содан соң қозғыш және ең азы жақсы қимылдайтын мықты тұрақты типтегі жануарларда болатыны анықталған.

    Б.М. Тепловтың берілгеніне қарасақ, үрей күйі жүйке жүйесі күшіне байланысты. В.Д. Небылиц жүйке жүйесінің әлсіз типтегі мазасызданудың одан да жоғары деңгейін зерттеулерінде ұсынады.

    Мазасызданудың симптомокомплексі мәсілісін қарастырған В.С. Мерлиннің жұмыстарына тоқталған да жөн. Мазасызданудың В.В. Белоус екі жолмен тексерді – физиологиялық және психологиялық.

    Мазасыздануды сендірудің психологиялық механизмдерін зерттеуге қолданатын, А.В.Петровскийдің жетегіндегі В.А.Бакеевтің зерттеуі ерекше қызықты болып табылады (Бакеев 1970). Зерттелінушілердің мазасыздану деңгейлері В.В.Белоусовтың қолданған әдістерімен өлшенеді. Осыдан мынадай қорытынды шығаруға болады: эмоциональді уайымдау, жаны жай таппау, жайсыздық және мазасызданудың көрінісі ретінде қарастырылатын алдағы сәттілікке сенімсіздік, бұның бәрі құлықтың кері формаларының негізі болып табылады.
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


    написать администратору сайта