Дип.-Бастауыш-сынып-оқушыларының-мазасыздану-ерекшеліктерінің-де. Мазмны Кіріспе і тарау. Мазасыздану феноменіні теориялы алануы
Скачать 0.82 Mb.
|
ІІ Тарау. Бастауыш мектеп балаларының өзара қарым – қатынас ерекшеліктері. 2.1 Өзара қарым – қатынастың стратегиясы мен оның біріккен әрекетке тиімді әсері. Біріккен іс - әрекетте тек жекелік психиканың әлеуметтік детерминациясы ғана емес, сонымен қатар жаңа әлеуметтік – психихологиялық білімдерді тудыратын, адам құлығының ішкі және сыртқы факторының арасындағы өзара күрделі іс - әрекетті де іске асырады. Біріккен іс-әрекет, жалпы біріншіден ортақ іс - әрекетке бірігіп жұмыла кірісу, екінші қоғамдық қатынаста берілетін біріккен іс - әрекеттегі қатысушылардың бір-біріне әсері. Мұндай өзара іс-әрекетті қарым – қатынас ретінде анықтауға болады. Өзара іс - әрекет немесе қарым – қатынас Б.Ф. Ломовтың сөзі бойынша: «ұйымдасқан ролді ойнап, біріккен іс - әрекетін сипаттау сияқты». Соңғы он жылдардағы шет елдердің әлеуметтік психикасында өзара іс -әрекет стилінің негізгі үш анықтамасын бөліп көрсетуге болады. Бірінші бағыттың зерттеушілері У.Шутц, Г.Триэндис, Б.Бас, Д.Коуэн жалпыға ортақ базистік бағдарламадағы жеке тұлғаның алғашқы тенденцияларын қарастырады, яғни жеке тұлға арасындағы қарым – қатынастағы белгілі бағдардағы субъект нені алуға тырысатынын анализдейді (зейін, қорғаныс, билік, махаббат, сәттілік т.б). Екінші бағытта зерттеушшілер Т.Лири, Дж, Виггинс, Д.Кислер, М. Ларр зейіндерінің негізін өзара іс-әрекет тәсілдеріне және нақты формаларына аударады. Яғни, жалпы жеке тұлға арасындағы стилді қарастыратын қарым – қатынастың тұрақты тенденцияларының жинағын анализдейді. Осыдан психологтар, жеке тұлға арасындағы қарым – қатынас мотивациясының екі түрін бөледі (басым болу – бағыну және махаббат жек көрушлік), олардың құлықтық сипатын суреттеп, әр стилдің тәсілдері мен формаларын нақтылайды. Үшінші бағыттың өкілдері М.Дюк, С.Новиуки және т.б жеке тұлға арасындағы қарым – қатынас стилі тек қана адамның жекелік диспозициясы немесе серігінің құлықтық формаларына ғана емес, сонымен қатар жағдайдың құрылымына да тәуелді. Серіктестікті қабылдаудың ерекшелігі, олардың жалпы немесе құрылымдық күтулері ситуация кезеңдері. Отандық әлеуметтік психологтар өзара іс - әрекет стилі анализінің негізі ретінде К.Левиннің үш компонентті классификациясын авторитарлы демократиялық және попустикалық стилдерін қолданады. (А.П.Егидес, А.Я. Никонова, Н.Н.Обозов және т.б). Зерттеушілердің бірнеше қатары субъект өзара іс-әрекет жағдайына бейімделу критерийлерін немесе В.И.Куницынның темпераменттер типологиясын қолданады. Соңғы жағдайдағы өзара іс -әрекет стилінің белгісі болып субъект әрекетінің арасындағы өзара байланыс, қарым – қатынас ситуациясы және нақты серіктес болып табылады (Т.Е. Аргентова). Үш компонентті классификация Біріккен әрекетке көбіне бір-біріне қарым – қатынастан қатынасушылардың келесідей құлықтық стратегиялары тән: 1) басқаларға көмек көрсету ретіндегі әрекет, ортақ мақсаттарға жетуге белсенді қабілеттілік таныту. 2) біріккен қызметте басқа қатысушылар мақсатына жетудегі кері іс - әрекет, олармен келісілмеген әрекет жасау. 3) өзара іс - әрекеттен бас тарту жағдайы, ортақ мақсатқа жету үшін талап етіп тұрса да серіктестіктермен өзара іс-әрекеттен қашу. А.Л. Журавлев осы үш стратегияның түрлі үйлесімін өзара іс-әрекеттің ағымдық ситуациялары анықтайды. Егер диадалық өзара іс - әрекетті көрсеткіштік және кәдімгі нұсқа ретінде қарастырсақ, онда келесідей өзара іс - әрекет типтерінің әлеуметтік психологиялық қатарын бөліп көрсетуге болады: 1) екі партнердің бір-біріне деген үйлесімді өзара іс - әрекеті қызметтегі, әр қайсысының жекелік мақсатына және біріккен іс - әреттегі ортақ мақсаттарына жетуге белсенді қабілеттілік таныту; 2) қарсылық таныту – екі партнер да бір-біріне қарсы әрекет жасап әрқайсысының жекелік мақсатына жетуге кедергі келтіреді; 3) өзара іс - әрекеттен бас тарту – партнерлар белсенді өзара іс - әрекеттен қашуға тырысады; 4) бір жақтамалы келісім – біріккен әрекеттегі қатысушылардың басқаның мақсатына жетуіне белсенділік танытады, ал екінші онымен өзара іс-әрекеттен бас тартады; 5) бір жақтамалы қарсы әрекет – партнерлардың біреуі басқаның мақсатына жетуге кедергі келтіреді, ал екінші онымен өзара іс-әрекеттен бас тартады; 6) қарама – қарсы өзара іс - әрекет – партнердің біреуі екіншісіне көмектесуге тырысады. Ал екіншісі оған қарсылықты белсенді іс - әрекетке жүгінеді. 7) ымырлы өзара іс - әрекет - партнер да бір жағынан келісіп, бір жағынан бір-біріне қарама – қарсы іс - әрекет жасайды. Диадалық қарым – қатынас таралғанымен де, бәрібір ол тек қатынас жүйесінің элементі ғана. Бұл жүйеде бар формалар маңызды және мәнді. Өзара іс - әрекет астарында әдетте тек қана таңбаларымен алмасу ғана емес, және де топқа ортақ әрекет жасауға мүмкіндік беретін ортақ әрекеттер ұйымы. Қарым – қатынас барысында оны қатысушыларға тек қана ақпаратпен алмасуға ғана емес, және де әрекеттерді алмастыруды ұйымдастыру, ортақ қызметті жоспарлау, ортақ әрекеттің нормалары мен формаларын өңдеп шығаруға болады. Өзара іс - әрекет мотивтерінің әлеуметтік бірнеше түрлері бар (адам басқа адамдармен өзара іс - әрекетке, яғни солардың көмегімен түсетін мотивтер): Жалпы ұтыстың ұлғаюы (кооперация мотиві); Өзінің ұтысының ұлғаюы (индивидуализм); Салыстырмалы ұтыстың ұлғаюы; Басқаның ұтысының ұлғаюы (альтруизм); Басқаның ұтысының кемітілуі (агрессия); Ұтыстағы айырмашылықтардың кемітілуі (тепе – теңдік). Аталған мотивтерге орай өзара іс - әрекетті жүргізуші құлықтық стратегияларды анықтауға болады: 1) қызметтестік қатысушылардың өзара іс - әрекетіндегі өзіндік қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға бағытталған (бәсеке немесе кооперация мотивтері қалыптасады); 2) қарама – қарсы әрекет қарым – қатынаста партнерларының мақсаттарын ескермей өзіндік мақсатына бағдарлану (индивидуализм); 3) жағдайдағы тепе – теңдікке болай парнерларының мақсаттарына жетудегі жекеліктен компромис қалыптасады; 4) жол беру партнерлардың мақсаттарына жету үшін өзінің мақсаттарын құрбан ету (альтруизм); 5) қашу, яғни байланысудан кету, басқаның ұтысын шығару үшін өзінің мақсаттарын жоғалту. Өзара іс - әрекеттің бірінеше типтерін бөліп көрсетуге блады. Ең кең таралған болып дихотомдық бөліну есептелінеді: кооперация және бәсеке, келісім және конфликт бейімделу және оппозиция. Жеке тұлға арасындағы өзара іс - әрекетті сипаттайтын бірнеше теориялары бар. Оларға жатады: алмасу теориясы, символикалық интеракционизм, әсерлерді басқару теориясы, психоаналитикалық теория. Дж. Хаманның теориясына сәйкес адамдар бір – бірімен өзінің тәжірибесі негізінде өзара әрекет жасайды, мүмкін болатын сый ақы мен шығындарды салыстырады. Дж. Мидтің, Г.Блумердің символикалық интеракционизм теориясы тұрғысынан адамдар құлығы бір-біріне және қоршаған орта әлемінің заттарына қарым – қатынасынан адамдар құлығы оларға берілетін мәндерге байланысты анықталады. Э.Гофманның әсерлерді басқару теориясын, әлеуметтік өзара әрекет ситуациялары актерлар жақсы әсерді қолдап құрауға тырысатын, драммалық спектакльді еске алады. З.Фрейдтің психонализі шектеулігінде жеке тұлға арасындағы өзара қарым – қатынастар негізінен, өмірдің осы кезеңінде бастан кешкен конфликттермен және ерте балалық шақта меңгерілген бейнелермен анықталады. Алмасу, теориясына сәйкес біздің әрқайсысымыз біздің өзара іс - әрекетімізді тұрақты және жағымды ету үшін, сый ақы шығындарды теңестіруге тырысамыз, дамдар құлығы қазіргі сәтте оның әрекеті, өткен кезеңде қалай сый ақы берілді, не сонымен анықталады. Хомансқа сәйкес, оның теориясы көмегімен оның өзара іс - әрекеттің түрлі күрделі түрлері сипатталуы мүмкін. Лидерлік билік қатынасы т.с.с Ол әлеуметтік өзара іс - әрекеттің шығын және сыйақыны теңестіру тәсілдеріне негізделген, алмасудың қиын жүйесі ретінде қарастырады. Дж Мид адам ісін ақпаратты аламасуға негізделген әлеуметтік құлық ретінде қарастырады. Ол адамдар тек қана басқа адамдардың әрекетіне ғана емес сонымен қатар олардың алдағы ниеттеріне де жауап қатады деп есептеді. Дж Мид әрекеттің екі типін бөліп көрсетті: 1. болмашы ым-ишара (көзді жұму сияқты автоматты рефлекс). 2. пәнді ым ишара (ойланып істелмеген әрекеттермен байланысты және басқа адамның ниеті). Символикалық интеракционизм мәні адамдар арасындағы өзара іс - әрекет үздіксіз диалог ретінде қарастырылады. Ол процесс кезінде олар бақылайды, бір-бірінің ниеттерін түсініп және оларға жауап қатады. Интеракционистік концепцияның орталық идеясы мынада: жеке тұлға басқа жеке тұлғалармен өзара іс - әрекеттескенде қалыптасады. Э.Гофман әлеуметтік өзара іс - әрекеттегі әсерлерді басқару теориясын өңдеп шығарылды. Осы идеяға сәйкес адамдар басқа адамдарға жақсы әсер қалдыруға көмектесетін ситуацияларды өздері жасайды. Психоаналтикалық теорияға сәйкес адамдардың өзара іс - әрекеті процесі олардың балалық тәжірибесін өңдеп шығарады. З.Фрейд адамдар әлеуметтік топтарды құрады да лидерлеріне адалдық және табынушылық сезімін сезгендіктен сол топтарда қалып қалады деп есептеді. З.Фрейдтің пікірі бойынша ол былай түсіндіріледі: біз лидерлердің сапаларын бұрын балалық кездегі ата – аналарымыздың суреттеуіндегі құдіретті мықты тұлғалармен сәйкестендіреміз. Бұл сияқты ситуацияларда біз дамудың ерте кезеңіне «ораламыз». Мұндай «оралу» негізінен, өзара іс - әрекет ресми емес немесе ұйымдаспаған ситуацияларда болады. Қызметтегі контекске өзара іс - әрекеттің нақты формаларын қосқанда оны қызметті ұйымдастыру формасы ретінде қарастыруға болады. Біріккен әрекеттің, ұйымдастыру формаларының нақты мазмұны жалпы топтық қызмет процесінде қатысушылардың жекелік «салымдары» қатынасымен анықталады. Сонымен Л.М.Уманский біріккен қызметті ұйымдастырудың үш мүмкіндік болатын формаларын немесе модельдерін бөлді: 1. әр қатысушы басқаларға тәуелсіз жалпы жұмыстан өзінің бөлімін іздейді; 2. жалпы тапсырманы әр қатысушы орындайды. 3. әр қатысушының барлығымен бір уақыттағы өзара іс - әрекетті орын алады. Топтағы жақсы атмосфера мен біріккен іс - әрекеттің өнімді нәтижелері, көбіне өзара іс - әрекет стиліне тәуелді өзара байланыс тәсілдері немесе субъекттер қатынасындағы қатысушылардың контактысы (Горянин, 1996). Ресурстар және адам мүмкіндіктерінің сәтті жүзеге асырылуы сенімділіктегі қатынастың құрылуына септігін тигізетіні анық. Сол потенциалдар сенімділіктен айырылған партнерлар, арасындағы контакттың «қасарыспа», «әлсіздігіне» сілтейтін немесе ол да болмайтын қатынастар ашылмаған болып қалады. Осыған байланысты өзара іс - әрекеттің өнімді (продуктивный) және өнімсіз (непродуктивный) стилдері туралы айтуға болады. Өзара іс - әрекеттің өнімді стилі біріккен әрекеттің тиімді нәтижелеріне қол жеткізу және жекелік потенциалдарды ашу, өзара сенімділік қатынасының ұзаруына қабілеттілік танытатын партнерлар қатынасының жемісті тәсілі ретінде анықталады. Адам арасындағы мұндай стиль о бастан-ақ болмайды, ол қалыптасатыны белгілі. Өзара іс - әрекет қатысушылары өздерінің жекелік ерекшеліктерінен көбіне бір-біріне бейімделе алмайды, келісімге келе алмайды, тосқауларды жеңіп, сенімді қатынасты орната алмайды. Басқа жағдайда өзара іс - әрекет дамуының алғашқы кезеңдерінде біршама сенімділік пен тепе – теңдікке қол жеткізген соң, адамдар тиімді өзара іс - әрекетті сақтай алмайды. Екі жағдайды да біз өзара іс - әрекеттің өнімсіз стилдері деп айтуға болады – біріккен әрекетте ең жақсы нәтижелерге жетуге және жекелік потенциалдар реализациясын бөгеттейтін партнерлар қатынасының жеміссіз тәсілдері. Өзара іс - әрекеттің өнімсіз стилінің психокоррекциясы, адалдық әркеттің бірегейлігі ретінде жекеленуді идентификациялау механизмі арқылы іске асырылады және өзінен мынадай процесті сипаттайды: - рефлексияның дамуы – «ситуация үстіне шығу» қабілеттілігі және өзара іс - әрекеттің өнімсіз стилінің негізгі себептерін сапалы ұғыну; - өз-өзіне басқаларға және түгелімен әлемге сөзсіз сенімділікті дамыту. Өзара іс - әрекеттің өнімсіз стилінің психокоррекциясы жеке тұлғаның жекеленуіне және әлеуметтік динамиканың қайшылығын ұғынуға мүмкіндік беретін жауапкершілік және сенім рефлекция дамуының процесін сипаттайды, және де өзін жақсы ұстап өзін «әлеуметтік дұрыс» жетелеп жүруге трысу немесе жеке адамның өз ұстанымында тұрып қалу, өзді - өзімен болуға ұмтылу арасындағы конфликттерді жеңудің позитивті формаларын табу. Кернеу, үрей жағымсыз эмоцияларды уайымдау және проблемалары конфликтілік ситуациялардан, қатынас стратегиясынан қашу және әртүрлі формаларда көрінетін өзара іс - әрекеттің өнімсіз стилі негізделеді: - адам үшін жанұяның басқа референттік топтардың идентификациясымен құрылмаған эмоциональді толыққан жарлықтарын (өзін - өзі бағалаушылық әлемге сенімсіздік жалғыздыққа душар болу, басқаларды бағаламау); - өзара іс-әрекеттің қиын жағдайында күшейетін ішкі жағымсыз эмоциялардан туындайтын өзара қарым – қатынастағы қайшылық. Өзара іс - әрекет стилінің коррекция процесі жекелену идентификациясы механизмі арқылы іске асырылады да өзіне мынаны қосады: - рефлекцияның дамуы – «ситуация үстіне шығып» өзара іс - әрекеттің өнімсіз стилінің себептерін ұғыну, - бүкіл әлем, басқаларға өзіне-өзі сөзсіз сенімділікті дамыту; - жеке тұлға арасында кеңістікте және ішкі реакция аймағындағы шиеленіс ұмтылыстарын келісімге келтіру үшін – жауапкершілікті дамыту. Рефлекцияның дамуы, сенімдлік және жауапкершілік референттік тәжірибеде психологтың клиентпен қарым – қатынасында іске асырылады, мнаған мүмкіндік береді: контакттан құтылу стратегиялары және белгілі бір әлеуметтік шарттардың бұзылуы мүмкін ролін саналы ұғыну; өзара іс - әрекет ситуаияларын адекватты қабылдаудың бұрмалайтын құрылмаған шарттардың негізінде жатқан жағымсыз эмоциялардың үдемелі қарқынын төмендету; жауапкершілік және өзара сенімділік қатынасын сақтауға және орнатуға мүмкіндік беретін контактқа қатысты стратегияны иемдену. Жекеленуді – идентификациялау механизмі арқылы өзара іс - әрекет стилінің психокоррекциялық негізгі әдісінің бірегейлігінің бес негізгі блоктар моделімен ұсынуға болады: сенімділікті орнату; өзара іс - әрекеттің өнімсіз стилінің себептерін зерттеу; жеке тұлғаның ішкі реакциясы аймағындағы шиеленіс ұмтылыстарын келісімге келтіру және дифференциациялау; өзара іс - әрекеттің қалыпты (құрылмаған) стереотиптерін өзгерту. Осы орайда, өзара іс - әрекет жеке тұлғаның дамуында ерекше рол ойнайды, ал өзара іс - әрекетке кіре алушылық біріккен әрекеттегі тиімді нәтижелерге жетуге және жекелік потенциалдарының ашылуына, өзара сенімділік қатынасын орнатуға септігін тигізеді. Ал бұл, өзара іс - әрекет нәтижесінде жақсы болжам қолдану тенденцияларының қалыптасуына көмектесіп, және мазасызданудың жоғарғы деңгейінің пайда болуына әкелмейді. Бұл жерде сөзсіз, коммуникативті компенеттілік проблемасы көтеріледі. 2.2 Коммуникативті компетенттілік. Қарым – қатынастағыы компетенттіліктің амалдарын таңдау жолдары көбіне табиғатты түсінумен анықталады. Қарым – қатынастағы компетенттілік, сөзсіз, жаңа нұсқадағы жалпы адамзаттық сипаттамаға ие және де сонымен қатар, тарихи және мәдени негізделген сипаттамаға да ие. Сонымен, біздің қоғамымыздағы қарым – қатынасқа репрессивті бағыттылықтың басымдылығы, ондағы қарсы тұру, күрес стратегиялары, көбінесе революциялық, идеология мен практика әсерінен құрылды. Осы көзқарас тұрғысынан, қазіргі жағдайда компетентті қатынастың дамуы, бірнеше принциптік бағыттылықты ұсынады. Және бұл түсінікті де, әлеуметтік – психологиялық жағынан адам өмірінің мәнін қатынас ретінде анықтауға болады, өйткені адамның өмір әрекетінің барлық кеңістігі өзінің сипаты бойынша тұлғааралық. Адам әрдайым компанияда басқамен - шынайы партнермен ойланатын, таңдалған және т.б. Бұл көзқарас тұрғысынан, адам өмірі, тағдыры ретіндегі компетенттілік қарым – қатынас қазынасын асыруға бағалау өте қиын. Көптеген қарым – қатынас жағдайларында жаңа нұсқаны қараушы компоненттер, олар – қатысушылар, ситуациядағы тапсырма. Нұсқалық әдетте құраушылардың өзгеру сипатымен байланысты болып келеді, кім партнер, ситуация немесе тапсырма қандай және арасындағы байланыс қандай. Жалпы қарым – қатынастағы компетенттілік өзіндік психологиялық потенциялының, ситуация немесе тапсырма, партнер потенциалының адекватты дамуына бағытталған. Осылайша, коммуникативті компетенттілік даму тәжірибесі тұрғысынан, жұмысты – іскер немесе ролдік және ішкі жекелік сияқты қарым – қатынас – психологиялық шеттену, бұл Мен – Сіз контакт. Ішкі – жекелік қарым – қатынас үшін партнерлар арасындағы жақын психологиялық қашықтық тән, бұл Мен – Сен контакт. Бұл жерде әр адам жақын психологиялық мәртебеге ие болады, ал қарым – қатынас, тек сыртқы ақпарат емес, өзінің ішкі әлемін, өзін партнерға сеніп тапсыру туралы сөз болып жатқаннан кейін терең, шын мағынада сенімді бола бастайды. Қарым – қатынастағы компетенттілік түрлі психологиялық алыс та, жақын да дистанцияда контакт құрай алушылықты және дайындықты сипаттайды. Нағыз қарым – қатынас туралы стратегиялық анықтамаларға түрлі көзқарастармен жақындауға болады, олардың, біреуі бағдар ретінде баюды бөледі. Бұл жағдайда компетентті қарым – қатынастың дамуындағы негізгсі болып кең – байтақ, көп түрлі психологиялық позицияларды алуға бағытталышулық болып табылады. Барлық психологиялық аспаптарда ойнау сияқты, қызықтыра алушылық, бүкіл мүмкіншіліктерді пайдалана алушылық – психологиялық толығудың мүмкін болатын бір көрсеткіші. Қарым – қатынастағы мүмкін болатын позициялардың көптеген классификациясы бар. Мысалы, келесідей тізім белгілі: партнерға жоғарыдан икемделу, оған тепе – тең болып икемделу, төменнен икемделу және партнерға мүлдем жоламау позициясы. Әрине, аталған ұстанымдардың біреуі де біле – тұра жақсы немесе жаман болып танылмайды. Қарым – қатынас табиғатының психологиялық түсінігінде әр түрлі амалдар жолы болуы мүмкін: олардың ішіндегі төтенше сияқты бихевористік және гуманистік. Бірінші жағдайда қатысушылар потенцияланың көрсеткіші ретінде - құлықтық сипаттың байлағына көңіл бөлінеді, ал екіншісінде – үйлесімді, құнды гумандық қатысушылар потенциялы. Коммуникативті компетенттіліктің дамуы барысында, ал екінші жағдайда қатысушылардың гуманистік құндылығы сипатталады. Коммуникация - өзара түсіністіккке алып келетін екі жақты ақпарат алмасу процесі. Коммуникация латын тілінен аударғанда «ортақ, барлығымен бөлісетін» дегенді білдіреді, өзара түсінушілікке жетпесе, онда коммуникация болмайды. Коммуникация сәттілігіне көз жеткізу үшін, адамдар сізді қалай түсінді, сізді қалай қабылдады, мәселеге қалай қарайтыны туралы кері байланыстың болуы шарт. Коммуникативті компетентілік – басқа адамдармен қажетті контактіні орнатуға және жалғастыруға қабілеттілік. Жақсы коммуникация үшін тән: партнерлардың өзара түсініктілігіне жету, қарым қатынас пәні мен ситуациясында тиімді коммуникация құруға қажетті ресурстардың ішкі жүйесі ретінде қарастырылады. Жақсы емес коммуникация себептері мынадай болуы мүмкін: а) адамдар арасындағы жаман қатынас, егер адамның қатынасы дұшпандық қалыпта болса, онда оны өзіңіздің көзқарасыңыздың әділ екеніне сендіру өте қиын, б) әңгімелесушінің зейіні мен қызығушылығының болмауы, қызығушылық, адам ол ақпараттың өзі үшін маңызды екенін ұғынғанда туындайды. с) қажетті мөлшердегі фактілердің болмауынан қорытынды жасау әдеті. д) пікірін құрудағы қателіктер: сөздердің дұрыс емес таңдалуы, сенімділіктің әлсіз болуы және т.с.с. е) тактика мен стратегияның дұрыс емес таңдалуы. Қарым-қатынас түрлі деңгейде болуы мүмкін: үстіңгі, терең, конфликтілі. Үлкендер әлеміне еніп, балалар әлеуметпен көбірек өзара әрекетке түседі. Оларға, өздеріне қажетті ақпарат алуы үшін бейтаныс адамдармен қатынас жасауына тура келеді (мысалы, дүкен сатушыларымен, т.б.). Бұл жай қатынастың үстіңгі деңгейі болғанымен, жақсы коммуникативті дағдыларды қажет етеді. Досымен, ата-анасымен қатынастың терең деңгейі, басқаны және өзін жақсы түсінуді талап етеді. Мен бұл қатынастан нені қалаймын, өз позициямды түсінемін ба, қатынаста нені жібере аламын, ал неден бас тартамын. Конфликтілік ситуацияда балалардың жекелік ерекшеліктері одан да көп көріне бастайды. Мысалы, егер оның қарым-қатынасы Бала позициясынан құрылса (жауапкершіліксіз, сенімсіз), онда оның партнеры Ата-ана позициясын алады (өз қызығушылықтарын қысқартатын.), бұл кезде конфликт оның пайдасына шешілмейді. Конфликттің құрылымдық шешілуі әсер етеді: өзі туралы бейнесі, басқаны түсіну - өзін соның орнына қоюға қабілеттілік, ситуацияны жалпы түсіну. Коммуникативті компетентілік, әдетте, басқа адамдармен контактіні орнату және ұстап тұруға қабілеттілік деп түсінеді. Балалар үшін, көбіне, құрбыларымен қарым-қатынас аймағы маңызды болып келеді. Олар үшін маңыздысы: - ұнаған адамымен таныса алуы; - компанияда өзін еркін сезіну, өзіне маңызды нормалармен қызығушылықтарды бөлісу; - бұдан өзінің жекелігін жоғалтып жатпағанын сезіну, өзінің ойын және сезімдерін білдіре алуы. Жиі балалар кері байланысты бере алмайды, - балаларды бақылағанда, оларды белгісіз бір күш басқаратындай әсер қалыптасады. Балалар, олардың құлығын анықтайтын өз менінің түрлі бөлшектерін ұқпайды. Д.Мидтің ұсынған концепциясында, бала өзін басқа адамдардың көзімен көреді делінген. Басқа адамдардың дұрыс емес пікірі біртіндеп баланың ішкі жоспарына еніп, оның өзі туралы өзіндік бейнесіне айналады. Егер балаға кішкентайынан дұрыс құрметпен қарамаса, қолдамаса, ал мектепте «нашар оқисын» дей берсе, бала онымен іштей келісіп және болашақта осы бейнені «ақтауы» мүмкін (Бернс Э., 1989) /1/. Мен – концепциясын өңдеумен айналысатын Э. Эриксон, баланың сәби кезден-ақ базалық сенімін өңдеп шығару қаншалықты маңызды екенін айтады. Базалық сенім бұл тек қана өміріңізді сырттай қамтамасыз ететіндерге арқа сүйеу қабілеттілігі емес, бұл өзіне деген сеніушілік, бұл кім болғың келсе, сол боласың деген сезім. Бұл басқа адамдарға сенім, әлеуметке алда сабырлы, жақсы қарым-қатынас, балаға оның қолынан көп нәрсе келетінін ұғындыру (Эриксон Э., 1996) /90/. Баланың жекелік ерекшелігі, өзі туралы түсінігі оның коммуникативтік процестеріне, басқа адамдармен өзара қарым-қатынасына әсер етеді. Балалардың коммуникативті компетентілігін жоғарылатумен айналысқанда, оларда сенімді құлық - дағдылары түсінігіндегі коммуникативті дағдылар қалыптасады: - ашық-жарқындылық, әділдік, сөзді тіке айту; - басқа адамды таңдай алу; - компромисті іздеуге қабілеттілік; - өз дегенінде тұра алу; - адамда үш: қабылданатын, сыйлы болатын, басқалар түсінетін қажеттіліктерін ескере отырып, контакттың бастапқы фазасын құра алуы. - «жоғарыдан және төменнен» қарым-қатынас қысымына қарағанда, партнерлық тәрбиені (Үлкен-Үлкен деген сияқты қарым-қатынас) қолдана отырып өз қызығушылықтары жайында айта алуы. Коммуникативті дағдыларды жақсы білетін адам, сол арқылы басқа адамды ренжітпей нақты түрде «жоқ» деп айта алады. Зерттеушілердің көрсеткеніндей, балаларға көбіне, әділ емес сын көздермен намысына тиетін қатынастар ситуациясы маңызды болып келеді. Мұндай ситуацияда балалар, немесе ренжитін сөздерді естіп үндемей тұрады, немесе, «өзін жындысын» деген сияқты жауаптар қатады. Басқа адамның не істейтінін білу үшін, оның «жанына» ену керек, қайғыларын сезініп, ол өзінің ситуациядағы орнын қалай көреді, соны байқау қажет. Басқаша айтқанда, ол адамның іс-әрекетін алдын-ала болжау үшін оның ролін түсіну қажет. Өкінішке орай, өмірде көптеген ата-аналар, үлкен аға-әпкелер өз балаларының проблемаларына, өмірді көрген, өздерінің ересек адамдар позициясымен қарайды, ал бұл түсініспеушілікке алып келеді (Шибутани, 1996) /88/. Басқа адамдармен құрылымдық қарым-қатынас дағдыларын дамыту үшін, коммуникативті компетенттілік деңгейін көтеру үшін психотерапияда ДЖ. Морено және оның шәкірттері өңдеп шығарған психодрамма әдісі кеңінен қолданылады (Рудестам, 1990). Психодраммалық әдіс, басқа қатысушылардың әрекеті көмегімен «менінің» түрлі жақтарын, жеке тұлғаның түрлі бөліктерінің көрінуін, ролдердің көптен алмасуы сияқты тренингтерді ұсынады. Мұндай жаттығулар балалардың бір кезде «сіңірген», меңгеріп алған көзқарастары мен жарлықтарын ойлануға мүмкіндік береді. Жиі кейбір жекелік қасиеттер санамыздан тыс біздің бір бөлшегімізге айналып, айналадағылармен өзара қарым-қатынаста әсер ете бастайды. Саналы түрде ұғыну, ал содан кейін балалардың кейбір жекелік өмір шарттарын өзгерту коммуникативті компетенттіліктің жоғарылауы септігін тигізеді. Е.Л. Доценко өз теориясында манипуляциялық психологияны қарастыра отырып, коммуникативті компетенттілікпен тығыз байланыстырады. Ол, коммуникативті копетенттілік – бұл адамға айлалы әрекет (манипуляция) жасай алу және басқалардан қорғана алу деп есептейді. Осыған байланысты, ол манипуляциядан қорғану және монипуляцияның әсер ету механизмдерін тыңғылықты қарастырады /26/. Әсер етудің манипуляциялық механизмдері келесідей параметрлерден тұрады: 1. Психологиялық әсер ету механизмдері. Контактіні ұстап қалу – әңгімелесушінің бірігуге деген қажеттілігі – жалғыз әсер етуші күш емес. Көп жағдайда тұрақты контактіні жалғыз ол ғана қамтамасыз етпейді. Контактіні ұстап қалудың басқа бастауы ол –қызығушылық, яғни манипулятор жағынан негізгі қызығушылығы, оған жетуге бекінген мақсаты болып табылады. Егер әңгімелесуші қаламаса, мезі болған жағдайда контактіні үзу мүмкін. Сондықтан бір жағынан әңгімелесушінің түрлі қызығушылықтары мен қажеттілігін, екінші жағынан, оның сылбырлығы мен қауіптенулерін ескеріп, рөлді ойнаса манипулятор оған көп уақытқа дейін әсер ету мүмкіндігін ұстап тұра алады. 2. Монипуляциялық әсер ету процестері және түрлері: Бағытталған манипуляциялық әсер ету келесідей амалдарды қолданады. - негізгі әрекет етуші агент - бейне; - ояту тәсілдері – мотивті тікелей активтендіру, провокация, қызығушылықты ояту; - нысаналар – қалаулар, қызығушылықтар; - шартты – бағытталған манипуляциялық әсер етулер. Негізгі әрекет етуші агент - әлеуметтік сызбалар: сценарилер, ережелер, нормалар. Нысаналар - әрекеттің басты бейнесі. Автоматизмдер - әлеуметтік берілген және жекелік меңгерілген өмір бағдарламасы: - нақты бағытталған манипуляциялық эсер етуге кіреді. негізгі әрекет етуші агент - әрекетің операциялық сызбанұсқалары, олардың әдеттері, әрекеті орындаудың логикасы. Ояту тәсілдері – түрткі, тездетуді болдыру. Нысаналар - әрекет тәсілдері, әрекет құрылымы. Автоматизмдер – аяқтауға тырысу: - жеке тұлға құрылымына бағытталған монипулятивтік әсер етулерге тән: Негізгі әсер етуші агент – шешім қабылдау. Ояту тәсілдері – ішкі конфликтің актуализациясы. Нысана – құрылым мотивациясы. Автоматизмдер – дұрыс емес азап шегілген таңдау үшін жауапкершілікті алу. Монипуляциядан қорғану үшін келесідей параметрлер жатады: 1. Психологиялық қорғаныстардың түрлері. - жеке тұлға арасындағы және жеке тұлға ішіндегі қорғаныстар. Жеке тұлға ішіндегі қорғаныстар бөлек армандар, қалаулар, таңдаулар, пікір, өзін бағалаушылық, өзіне сенімділік сезімі сияқты, жекелік өзбеттілік құрылымдар жетелейтін ішкі жеке тұлғаның күрес жағдайында пайда болады. Әр осындай құрылымдар өзіндік спецификалық ұмтылыстарға ие, олар сәйкес келмейді және бір-біріне қарсыласады. Олардың әрқайсысы адамның сыртқы құлығының қалыптасуына немесе оның ішкі әлемінің белгілі бір ерекшеліктерінің қалыптасуына үлесін қосады. Бұл әсерде кәдімгі бәсекелестік жүріп жатады. Дәл осы кезде психологиялық қорғаныстың қажеттілігі туындайды. Жеке тұлға арасындағы қорғаныс та күрес шартында туындайды. Бірақ ол адамдар арасындағы күрес. Қарым-қатынастағы адамдардың қалаулары сай келмегендіктен, олардың арасында, әрине, қайшылық туындайды. Осы қайшылықтар ерекше күшті, ал оны шешу талпынысы тиімді болмаған жағдайда конфликт пайда болады. Күрес қатты конфликтке айналмағанда да, өзара қорғанысқа ұмтылуды тудырады. - Базалық қорғаныс шарттары. Кету – арақашықтықтары ұзарту, контактіні үзу. Қорғаныстың көрінісі әңгіме тақырыбын қауіпсіз, өршітіп алмайтындай етіп ауыстыру. Көшу – дистанцияны ұзарту, ашуды жою. Басқару – оның сипатына әсер ету, әсер етуді бақылау. Нұсқалары: жылау, шағымдану, солқылдаған дуыс екпіні. Тынышталу – субъет туралы қорғаныс ақпаратын бақылау. Көрінуі: бүркелену (маскировка), өтірік айту, сезімдерді жасыру, өзін көрсетпеу үшін әрекеттерінен бас тарту. Ақиқатты елемеу (игнорирование) – бұрмаланып қабылдау. Коммуникативті компетенттіліктің қалыптасуына әсер ететін белсенді шарттар мен факторларға жатады: 1) қоршаған орта; 2) әлеуметтік-экономикалық жағдай; 3) өмірдің детерминантты ситуациялары Сонымен, коммуникативті компетентілікке жатады: Әрекеттік шығармашылық сипаты, жеке тәжірибе, жекелік ынта ықылас және кең кәсіптік коммуникабельділік; Адамның потенциялды мүмкіндіктерінің қалыптасуы, қызмет бабында да, күнделікті өмірде де; Әрекетке, қажеттіліктерге, жекелік мүмкіндіктер мен функциялар, тағайындалған мақсттарға сай болу. Сонымен, коммуникативті компетенттілік – бұл белгілі мақсаттарға қол жеткізу үшін бағытталған өзара іс-әрекет стратегияларын өзгертуге мүмкіншілікті саналы түрде ұғыну. Өзара іс-әрекет процесінің жақсаруына әкелетін механизмдерді қолдана отырып, бір стратегиядан екінші стратегияға тез ауыса алу қабілеттілігі. Өзі туралы бейнесі, басқа адаммен қарым- қатынасына әсері. Коммуникативті дағдысы бар балалар, ашық-жарқын, әділ, басқа адамды тыңдай алады, компромисті іздеуге қабілетті. |