ОСД стандарты казакша. мейірбике ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жиынтыы алматы аласы, 2011 мазмНЫ
Скачать 410.86 Kb.
|
«МЕЙІРБИКЕ ІСІ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ БОЙЫНША МЕЙІРБИКЕЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ Алматы қаласы, 2011 МАЗМҰНЫ І. Жұқпалық қауіпсіздік стр 6-16 Қолды әлеуметтік деңгейде тазарту - 6 Қолды гигиеналық деңгейде тазарту - 7 Қолды антисептикпен тазарту (спиртпен, хлоргексидинмен және т.б) - 8 Залалсыздандырылған қолғапты кию - 9 Қолғапты шешу - 10 Хлорамин ерітіндісін даярлау - 11 5% гипохлорит кальций негізгі (маточный) ерітіндісін даярлау - 12 Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту кезеңдері - 13 Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру - 13 Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу - 14 Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру - 15 Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу - 16 ІІ. Қабылдау бөлімшесі. Ауруханаға науқасты қабылдау Стр 17-21 Науқастың дене салмағын өлшеу Науқастың бойын өлшеу Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту Гигиеналық себезгіні (душты) жүргізу Гигиеналық бұлауды (ваннаны) жүргізу ІІІ. Қауіпсіз ауруханалық орта Стр 22-26 Науқасты Фаулер қалпына жатқызу Науқасты Симс қалпына жатқызу Науқасты ішімен жатқызу Науқасты арқасымен жатқызу Наукасты қырымен жаткызу ІV. Науқастың жеке бас тазылығы СТР 27-46 Науқасқа төсек-орын дайындау Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру (ұзынынан жасалатын әдіс) Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру (көлденең әдіс) Ішкі киімді ауыстыру Халі ауыр науқастың шашын күту Науқасты ылғалды сүрту Халі ауыр науқастың аяғын төсегінде жуу Қолдағы тырнақты қиып алу Аяқтағы тырнақты қиып алу Науқасты қырындыру Қолтық ойығындағы шашты қыру Қасағадағы шашты қыру Халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу Ер адамның жыныс мүшесін жуу Дәрет сауытын (судноны) беру Зәр қабылдағышты беру Көзді күту Мұрын қуысын күту Құлақты күту Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту V. Науқастың функциональды жағдайын бағалау СТР 47-51 Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу Кәржілік артериясынан тамыр соғуды аныктау Қан қысымын өлшеу Дем алу қозғалысының жиілігін есептеу Су балансын анықтау және есептеу VІ. Тамақтану және науқасты тамақтандыру Стр 52-56 Қалі ауыр науқасты тамақтандыру Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүнгісі арқылы тамақтандыру Гастростома. Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру Гастростоманы күту VІІ. Қарапайым физиотерапиялық әдістер. Сүлікпен емдеу. Оттегімен емдеу Стр 57-65 Жылытқышты қолдану Мұзды мұйықты қолдану Қыша қағаздарын қою Ыстық ылғалды компресті қою Салқын компресті қою Ылғалды қыздыру және дәрілік компрестерді қою Сүлікті қою Ылғалдатылған оттегін мұрын катетері арқылы беру Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру VІІІ. Дәрі дәрімектерді қолдану әдістері Стр 66-93 Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны қолдану Тұрындыны, экстракты (шырсөлді) қолдану Науқасқа ұнтақты қолдану Мұрынға дәрілік тамшыны тамызу Көзге тамшы тамызу Көз майын қаттастырып салу Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу Жеке ингаляторды қолдану Сеппе (ұнтақ) дәріні сыртқа қолдану Жабысқақ дәрілік пластырьді салу Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану Дәрілік ерітіндіні теріге майлау Майлы таңғышты орындау Теріге майды жағу Теріге майды сылап жағу Дәрілік ерітіндіні теріге сылап жағу Бір рет қолданылатын шприцті құрастыру Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу Флаконнан дәрілік ерітіндіні сорып алу Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелері Тері ішіне инъекцияны орындау Тері астына инъекцияны орындау Инсулинді енгізу Бұлшық етке инъекцияны орындау Көк тамырға иньекцияны орындау Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып құю үшін бір рет қолданылатын жүйені құрастыру Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып енгізуді орындау ІХ. Пункциялар Стр 94-98 Науқасты және медициналық құрал-саймандарды плевра қуысын тесуге (торакоцентезге, плевроцентезге) дайындау Науқасты және медициналық құрал-саймандарды ішті тесуге (лапароцентезге) даярлау Науқасты және медициналық құрал-саймандарды жұлын (люмбальды) пункциясына дайындау Науқасты және медициналық құрал- саймандарды төс сүйек пункциясына дайындау Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге даярлау Х. Клизмалар. Жел шығаратын түтік Стр 99-105 Тазарту клизмасын қою Сифон клизмасын қою Резеңке алмұрт тәрізді баллонша көмегімен босату (майлы, тұзды, дәрілік) клизмаларын қою Жел шығаратын түтікті қою Майлы клизманы қою Дәрілік клизманы қою Тұзды (гипертониялық) клизманы кою ХІ. Құықты катетерлеу Стр 106-107 Әйелдердің қуығын катетерлеу Қуықты жуу ХІІ. Лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістерін науқасты дайындау Стр 108-141 Лабораториялық анализге саусақтан қан алу Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау Атиптік жасушаларға қақырықты жинау Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау Жұтқыншақтан жағынды алу Мұрын қуысынан жағынды алу Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау Нечипоренко әдісімен зәрді жинау Зимницкий байқауына зәрді жинау Диастазаға зәрді жинау Қантты анықтауға зәрді жинау Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтау Розин байқауын жүргізу Билирубинді ұзынша-сопақ тестімен анықтау Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (әйелдерге) Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (еркектерге) Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу Іш құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті көректі ортасы бар Петри табақшасына алу Бактериологиялық зертеуге «ашық нәжістен» нәжісті шыны түтікке (пробиркаға) алу Бактериологиялық зерттеуге тікелей тік ішектен нәжісті алу Науқасты бронхоскопияға даярлау Науқасты фиброгастродуоденоскопияға даярлау Науқасты колоноскопияға даярлау Науқасты ректороманоскопияға даярлау Науқасты цистоскопияға даярлау Науқасты ультрадыбыстық зерттеулерге дайындау Науқасты бронхографияға дайындау Асқазан және он екі елі ішекті рентгенологиялық зерттеуге науқасты дайындау Науқасты ирригоскопияға дайындау Науқасты көк тамырлық (экскреторлық) пиелографияға дайындау ХІІІ. Сүнгілі манипуляциялар Стр 142-145 Асқазанды жуу Науқасты дайындау және асказанғы фракциялық әдіспен жіңішке сүңгімен сүнгілеуді жүргізу Науқасты дайындау және ұлтабарға сүнгілеуді жүргізу Құсқан науқасқа алғашқы көмек ХІV. Өкпе-жүрек реанимациясы Стр 146-152 Қолды әлеуметтік деңгейде тазарту Мақсаты: науқастармен және қоршаған орта объектілерімен жанасу нәтижесінде медициналық қызметкерлердің қол терісі ластанғанда, транзиторлы микрофлора мен ласты жою, науқас пен қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қолдану көрсетілімдері: тамақты үлестіру алдында, науқасты тамақтандырғанда, әжетханаға барғаннан кейін, науқасқа күтім жүргізер алдында және жүргізгеннен кейін, егер науқастың биологиялық сұйықтықтарымен қолдары ластанбағанда. Дайындаңыз: бір рет қолданылатын мөлшерлегіштегі сұйық сабынды, секундтық тілі бар сағатты, қағаз орамалдарды. Іс-әрекет алгоритмі: Саусақтардан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз, қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз. Қағаз салфеткалары көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын (35-400С) реттеңіз, ал шүмекте орналасқан микроорганизмдермен қолдың жанасуын қорғайды. Ағынды судың астында қолыңызды білектің 2/3 бөлігіне дейін 30 секунд бойы сабындап жуыңыз, қолдың саусақтарына, саусақ аралық аймағына, көңіл бөліңіз, содан кейін әрбір қолдың сыртқы бетін және алақанның, үлкен саусақтардың негізін айналмалы қозғалыспен жуыңыз (осы уақыт қолды әлеуметтік деңгейде тазартуға жеткілікті, егер қол терісінің беті мұқият сабындалса және теріде лас аймақ қалдырылмаса). Сабынды көбікті кетіру үшін ағынды судың астында қолынызды шайыңыз (қолыңызды саусақтарымен жоғары қаратып ұстаңыз, жуғышқа тигізбей су шынтақтан жуғышқа ағуы қажет, қолдың саусақтары өте таза болуы керек). Екінші қолды жууды осындай ізбе-ізділікпен қайталаңыз. Шынтақ шүмекті шынтақ қимылымен жабыңыз. Қолыңызды қағаз сүлгімен кептіріңіз. Егер шынтақ шүмегіболмаса, қағаз сүлгіні қолдана отырып, шүмекті жабыңыз. қолды Гигиеналық деңгейде ТАЗАРТу Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқастың және медициналық қызметкерлердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қолдану көрсетілімдері: инвазивті емшараларды орындар алдында және орындаған соң, қолғаптарды кию алдында және шешкеннен соң, организмнің биологиялық сұйыктықтарымен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін, иммунитеті төмендеген науқасқа күтім жүргізер алдында. Дайындаңыз: бір рет қолдануға арналған мөлшерлегіштегі сұйық сабынды, 70% этил спиртін, секундік тілі бар сағатты, жылы ағынды суды, қағаз сүлгіні, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: Қолдың саусақтарынан сақинаны, жүзік, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз. Қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз. Қағаз салфеткалар көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын 35-400С реттеңіз. Ол шүмекте орналасқан микроорганизмдермен қолдың жанасуын қорғайды. Жылы судың жайлы орташа ағымы астында қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін жігерлі сабындап, келесі ізбе-ізділікпен жуыңыз: алақанды алақанмен; сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанымен және керісінше; алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында; оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше; үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен үйкелеңіз; сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, он алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше. Әрбір іс-қимыл 5 реттен кем емес 10 секунд бойы қайталанады. Қолыңызды ағынды жылы судың астында сабын толық кеткенше шайыңыз. Қолыңызды шынтақ деңгейінен жоғары ұстаңыз (осы қалыпта су таза зонадан ласқа қарай ағады). Шүмекті қолыңыздың оң немесе сол шынтағымен жабыңыз. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз. Егерде шынтақ краны болмаса, онда кранды қағаз сүлгі көмегімен жабыңыз. Ескерту: қолды гигиеналық деңгейде жууға қажетті жағдай болмағанда, оларды антисептик көмегімен тазартуға болады; құрғақ қолдарға 3-5 мл антисептикалық затты жағып және оны қол терісіне кеуіп кеткенше ысқылаңыз. Қолды тазартканнан кейін сүртудің қажеті жоқ! Сонымен қатар әсер ету уақытын сақтау маңызды – қолдар антисептикпен 15 секундтан кем емес уақыт ылғалды болып тұруы керек; тері бетін тазартқанда «тазадан ласқа» принципі сақталады; жуылған қолды басқа заттарға тигізуге болмайды. Қолды антисептикпен тазарту Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқасқа және медициналық қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қолдану көрсетілімдері: иньекция, операция катетерлеу жасар алдында. Қарсы көрсетілімдері: қолда және денеде іріндердің, теріде сызаттан және жарақа ттың, тері ауруларының болуы. Дайындаңыз: 70% этил спиртін және т.б. антисептиктерді залалсыздандырылған мақта шариктерін, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: Қолыңызға гигиеналық деңгейде тазарту жүргізіңіз (стандартты қара). Қолыңызды спиртпен ылғалдандырылған мақта шариктерімен тазартыңыз: тырнақ ұясын, тырнақ жанындағы валикті айналмалы қозғалыспен, саусақтардың ішкі беттерін жоғарыдан төмен қарай қимылмен, сосын қолдың алақан бөлігін. Қолданылған мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Залалсыздандырылған қолғапты кию Мақсаты: науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Науқастармен немесе олардың бөліністерімен жанасқанда қолғап кәсіптік жұқтырудың қауіп-қатерін төмендетеді. Қолғап транзиторлы қоздырғыштармен қызметкерлердің қолының ластану қауіп-қатерін және кейіннен олардың науқастарға таралуын төмендетеді. Қолғап медицина қызметкерлерінің қолының резиденттік флорасының бір бөлігі болып табылатын микробтарды науқастарға жұқтыру қауіп-қатерін төмендетеді. Қолдану көрсетілімдері: инвазивтік емшараларды орындағанда, кез келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, науқастың және медициналық қызметкерлердің терісінің бүтіндігі бұзылғанда, эндоскопиялық зерттеулер және манипуляциялар кезінде, клинико-диагностикалық, бактериологиялық зертханаларда науқастардан алынған материалдармен жұмыс істегенде, инъекциялар жасағанда, науқасты күту кезінде. Дайындаңыз: залалсыздандырылған ораудағы қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, антисептикпен қолыңызды өңдеңіз. Залалсыздандырылған қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін жазыңыз. Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен алыңыз. Саусақтарыңыз қолғаптың кайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек. Оң қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз. Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргізіңіз, киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы, сол жақ қолғаптың 1-ші саусағы жағына бағытталған болуы керек. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік ұстаңыз. Сол қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз. Сол қолдың саүсақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз. Сол қолғаптың қайырмасын жазыңыз, оны жеңге қарай тартып, сосын оң жаққа 2-ші және 3-ші саусақтар көмегімен қолғаптын бүгілген шетінің астына қарай тартыңыз. Ескерту: егер бір қолғаптың бүтіндігі бұзылса, онда екі қолғапты да ауыстыру қажет, өйткені бір қолғапты екінші қолғапты ластамай шешу мүмкін емес. Қолғапты шешу Іс-әрекет алгоритмі: Оң қолдың саусақтарымен сол қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса, отырып қайырма жасаңыз. Сол қолдың саусақтарымен оң қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса, отырып қайырма жасаңыз. Сол қолдағы қолғапты, оны теріс айналдыра отырып, шешіңіз. Сол қолдан шешкен қолғапты оң қолмен қайырмасынан ұстаңыз. Сол қолмен оң қолдың қолғабын қайырмасының ішкі жағынан ұстаңыз. Оң қолдағы қолғапты, оны теріс айналдыра отырып, шешіңіз. Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Ескерту: бір рет қолданылатын қолғап зарарсыздандырудан кейін жойылады, ал көп рет қолданылатын қолғаптар медицинада қолданылатын бұымдардан өңделеді. Хлорамин ерітіндісін даярлау Мақсаты: аурухана ішілік жұқпалы аурулардың алдын алу. Қолдану көрсетілімдері: санитарлы-эпидемиологиялық тәртіпті сақтау бойынша директивті құжаттарға сәйкес, бөлмені, жиһазды және күтім заттарын, медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін қолдану. Дайындаңыз: құрғақ ұнтақ хлораминді, таңбаланған эмальды ыдысты қақпағымен, жылы суды, ағаш қалақшаны, резеңке қолғапты, масканы, алжапқышты. Іс-әрекет алгоритмі: Өзіңізге масканы, алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз. Ыдысқа азырақ мөлшерде суды құйыңыз. Ыдысқа өлшенген құрғак хлорамин ұнтағын салыңыз (жұмысшы ерітіндідегі белсенді хлор қоюлық дәріжесіне сәйкес). Суды үстінен құйыңыз (жұмысшы ерітіндіні даярлауға қажетті). Ағаш қалақшамен ерітіндіні толық ергенге дейін араластырыңыз. Даярланған хлорамин ерітіндісі бар ыдысты қақпақпен жабыңыз. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты және бирканы (таңба салатын клеенканы) таңбалаңыз, қоюлық дәрежесін, ерітіндінің атын, ерітіндіні даярлағанның аты жөнін, биркаға ерітіндінің даярлаған уақытын көрсетіңіз. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа бирканы бекітіңіз. Дем пердесін, алжапқышты, қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. |